Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет183/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   269
Дəндердің  ылғалдылығы.  Су,  ылғал-микробтар  денесінің 

80-96%  мөлшерлі  болып  келген  бөлінбес  бір  бөлігі  болып 

табылады.  Ылғал  микроорганизмдер  тіршілігі  үшін  аса  қажетті 



 

380


 

фактор,  олардың  тіршілігіне  дем  береді.  Ал  оның  тапшылығы 

микроорганизмдердің  өсіп-өнуін  тежейді,  тоқтатады.  Қоршаған 

орта  ылғалдылығы  неғұрлым  жоғары  болса,  торшық  пен  орта 

арасындағы зат алмасу соғұрлым жедел жүреді, микробтар тез əрі 

жақсы  өсіп-өнеді.  Ылғалдың  дамуы  үшін  қажетті  төменгі  шекті 

мөлшеріне  қарай  микроорганизмдер  гидрофиттер,  мезофиттер, 

ксерофиттер болып бөлінеді. 

Гидрофиттер  ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы 100% 

жəне оның ең төменгі мөлшері 90% ортада жақсы жетіледі. 

Мезофиттер үшін салыстырмалы ылғалдылықтың ең төменгі 

шегі 80-90%. 

Ксерофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-95%, ал 

оның ең төменгі мөлшері 70-79% болған жағдайда өсіп жетіледі. 

Сапрофиттер тобындағы ылғалды жақсы көретін микробтар –

бактериялар,  көптеген  ашытқылар  жəне  актиномицеттер. 

Саңырауқұлақтар  арасында  да  гидрофиттер,  мезофиттер, 

ксерофиттер  болады.  Кəдімгі  ксерофиттер  олар – Aspergilus 

glaucus, Asp.Candidus, Asp.Restrictus. 

Мезофиттер – Aspergilus-тің  өзге  түрлері, Penicillium-нің 

кейбір түрлері, Mucor ales, Alternaria, Cladosporium-ның көбі, т.б. 

Гидрофиттерге  бактериялар  мен  зең  саңырауқұлақтарының 

көптеген  түрлері, Penicillium-нің  кейбір  түрлері,  фитопатогенді 

саңырауқұлақтардың көп бөлігі жатады. 

Дəндер  мен  оны  өңдеуден  алынатын  өнімдерді  сақтау 

кезіндегі  микроорганизмдер  тіршілігімен  көптеген  зерттеушілер 

айналысты.  Дəндер  мен  тұқымның  микробтар  тіршілік  ете 

алатындай ең төменгі ылғалдылығы шекті деңгейде немесе одан 

0,5-1,0%  төмен  болуға  тиіс.  Астықтағы  микроорганизмдердің 

ылғалдылығы  шекті  мөлшерден  де  төмен,  яғни  ол  дəндердегі 

заттарға тығыз байланысты жəне микробтардың оны пайдалануға 

мүмкіншілігі жоқ уақытта да дами алатын мысалдары да белгілі. 

Мұндай  жағдайдың  жаңа  жиналған  астық  қорында  болуы  əбден 

ықтимал,  өйткені  астықтың  жекелеген  бөліктерінде  ылғал 

біркелкі  болмайды.  Тіпті,  жеке  дəндердің  ылғалдылығы  əртүрлі 

болып келеді. 

Орта ылғалдылығы жоғары болған жағдайда споралар бір күн 

ішінде-ақ өнеді. Ал ылғалдылық төмен (шекті мөлшерге жақын) 




 

381


 

болған  кезде,  оның  өніп-өсуі  ұзаққа  созылады  (бірнеше  айға, 

жылға жəне одан да көп уақытқа). 

Атмосферадағы  ылғалдылық  ең  шекті  деңгейден  де  төмен 

болғанда  зең  саңырауқұлақтар  споралары  біртіндеп  өледі  жəне 

бұл  температура  төмен  болғаннан  гөрі  жоғары  болған  жағдайда 

тезірек  жүзеге  асады.  Мысалы,  Asp.repens  жəне  басқа  да  кейбір 

ксерофиттер  споралары  ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы 

60%  жəне  температурасы 25

о

С  болған  кезде  бір  жыл  ішінде 



жойылады. 

Егер  дəндердің  ылғалдылығы  ең  шекті  төменгі  мөлшерден 

жоғары  болса,  онда  температура  қолайлы  болған  кезде 

саңырауқұлақ жаппай өсіп, дəндер сапасының нашарлауына əкеп 

соқтырады. 

Микроорганизмдер 

дəндер 

мен 


тұқым 

қабығының 

дымқылдығына сезімтал болып келеді. Дəндерде тамшы түріндегі 

ылғал пайда болысымен-ақ (мысалы, судың булануы жəне будың 

суға айналуы) саңырауқұлақ споралары тез өніп, бактериялар мен 

зең  саңырауқұлақтар  жедел  өседі.  Əртүрлі  жағдайда  ылғал 

тартқан  дəндердің  құрғақ  дəндерге  қарағанда,  сақтауға  көп 

шыдамайтыны сондықтан. 

Сонымен,  астықтың  ылғалдылығы  жəне  ондағы  ылғалдың 

біркелкі  немесе  əркелкі  болуы  микроорганизмдердің  өсуінің 

бірден-бір шарты болып табылады. Дəндердің ылғалдылығын ең 

төменгі  деңгейге  дейін  кеміту,  сонымен  бірге  дəндерде  тамшы 

түріндегі 

ылғалдың 

пайда 

болуына 


жол 

бермеу 


микроорганизмдерден  қорғайтын  ең  сенімді  жол  болып 

табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет