Ббк 4. Б д 19 Пікір жазған : Қ. Ахметова- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; С. Қ. Мырзарахимова



бет11/15
Дата16.11.2023
өлшемі268 Kb.
#124268
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Даупаев китабы

7-ТАРАУ
Сөз байлығы

Тіл байлығы – елдің елдігін, жұрттылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, дәстүрінің мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері.


Сөздік қоры мол, әдеби тілі жатық, өз ойын анық та көркем түрде жеткізе білетін адамды – сөз байлығы мол, тіл оралымды, жан-жақты жетіліп, дамыған деп айтуымызға болады. Сөзді орынсыз қайталау тілдің коммуникациялық қызметін күрт төмендетеді, ойды дәлме-дәл, мазмұнды жеткізуге кедергі болады. Аз сөзбен көп мағына беру принципі бұзылады. Кейде белгілі бір мәтінде, не бір әдеби шығарманы оқып отырған кезде сол автордың сөздік қоры қаншалықты мол немесе қаншалықты кедей екенін түсініп отырамыз. Сөздік орынды қолдана білу жөнінде профессор Қ.Жұбанов былай дейді: «Қиюын тауып қаламасаң, байлауын тауып ұстатпасаң, сөз бөлшектері де сөгіліп кетеді. Ондай сөгіліп кеткен сөз – сөз болмай шығады немесе адамға арнап салған үйің құстың күркесі болып шыққандай керекті сөз болмай, басқа бір сөз болып шығады».
Ой айқындығының қамқоршысы болғысы келген кісі сөзді саралап талғап, әдемі сөз оралымдарын дәл қолдана, жеткізе білу керек. Кейбір зерттеушілер белгілі бір жазушының тілі жайында сөз қозғай қалса, «қаламгер тілге бай, халық тіл байлығын мейлінше мол пайдаланған» тәрізді тұжырымдарды жиі қолданатынын байқаймыз. Мұның барлығы да жалпылама түрде жай айтыла салған ойлар сияқты. Әйтсе де, әрбір жазушының қанша сөз қолданғанын, қандай тұлғалармен қаншалықты түрлендіре түскенін нақтылап, санап шыққан ешкім жоқ. Мұндайда болжаммен қорытынды жасаудан гөрі нақтылы дерекке табан тіреу тиімдірек екендігі белгілі. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясының сөз шұрайы, тіл кестесі келісті, өрнекті сөз адамдарына мейлінше бай туынды екендігі әлдеқашан мәлім болған. Жазушы «Абай жолында» 16983 сөз қолданған. Орыс халқының белгілі ақыны А.С.Пушкин сөз шығармашылығында 21197, В.Шекспир 15000 сөзді қажетіне жарата білген.
«Абай жолы» эпопеясында бір және екі рет қолданылған сөз саны 8698. Пушкин шығармаларындағы мұндай сөздердің саны 9301. Бұл – тіл байлығы деп аталатын коммуникациялық сапаның обьективті құбылыс екендігін көрсетеді. Бұл айтылған әңгімелерге қарағанда, тіл байлығы тек лексикамен ұштасып жатады деуге болмайды, тіл байлығы ана тілінің синтаксистік, морфологиялық жүйелерін де қамтиды. Тілдің морфологиялық, синтаксистік амал-тәсілдерін, лексикалық қазынасы бір-бірімен астаса, ынтымақтаса, тіл табыса келіп, тіл байлығын құрайды.
Тілдегі сөздер аспан әлеміндегі жұлдыздар тәрізді. Жарығы бар, көмескісі бар, қас-қағым сәтте пайда болып, қас пен көздің арасында ғайып болатын келтелері де бар. Қазақ тіліндегі сөздердің саны қанша? Оның дәл санын ешкім айта алмайды. Ешбір тілде сөздің санын математикалық дәлдікпен айту мүмкін емес. Бірақ тіліміздегі сөздердің мыңдап, жүз мыңдап саналатыны белгілі. Оның үстіне кейбір сөздердің 20-30-дан астам мағынасы бар. Сөздің контексттегі мағынасын түп-түгел қамтыған сөздік лингвистика тарихында әлі жасала қойған жоқ. Кейде тілді теңіздей терең деу оның осындай сарқылмас байлығына байланысты айтылса керек. Тілімізде әлі де болса көпшілік қауымға бейтаныс мынадай сөздер кездеседі. Жеке айтыла қалар болса, оны әркім тура мағынасында түсінеді. Мысалы: Ақыр – малға шөп салатын орын, зәңгі – басқыш, баспалдақ; сыпыра – дастархан, еспекті – икемді, мазалырақ – аздап, жағабыз – дарынды, өнерлі; мәлік – балықтың мәлігі, жас өскіні.
Шындығында, көркем сөз зергерінің қаламына ілінгенше мұндай сөздердің талайымызға бейтаныс болғандығы рас. «Теңіз суының тұзы көбейген сайын балықтың ұрығы – уылдырығы мен жас ұрпағы мәлігіне бірден-бір қырғын апат» (Ғ.М.).
Әдеби тіл мүддесіне аса қажет, бірақ жеткілікті тіл аясынан шыға алмай немесе бір мағынада ғана жұмсалып жүрген сөздер қаншама?! Сондай сөздердің бірі - «қарындас». «Қарындас» сөзінің осы күнгі әдеби және актив мағынасы – ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны және ер адамға байланысты айтылғандығы жасы кіші әйелдің атауы. Бұл сөздің түпкі көне түркі жазба нұсқаларында көрсетілген мағынасы «туысқан адам, бір жұрттың адамы». Қазақ тілінде де бұл сөз бұрын жалпы «туысқандар, руластар, аға-інілер» деген ұғымда кеңірек қолданылған. Мысалы, Асанқайғының: Ол күнде қарындастан қайырым кетер, - дегенінде де, Шалкиіздің: Жайыңды білген қарындас. Ол қарындас әлі жолдас, - дегенінде де бұл сөз әйел жынысты адам туралы емес, жалпы туысқан жақын туралы айтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет