Ббк 4. Б д 19 Пікір жазған : Қ. Ахметова- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; С. Қ. Мырзарахимова



бет14/15
Дата16.11.2023
өлшемі268 Kb.
#124268
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ар-ождан
Бұл істеген істеріне жауапкершілікпен қарайтын бір ғана жан иесі бар. Ол – ... Өйткені, оның дана ақылы, ұшқыр сана сезімі және кісілігі оған ...жүктейді. Міне, ол осы тұрғыдан алғанда ғана өзін жан-жануарлардан бөлектеп... үстемдігін көрсете алады.
Адам өзінің әрбір... осы жауапкершілік сезімі арқылы дұрыс орындауға тырысып бағады. Әлдебір жасаған... іштей күйініп, дұрыс істеріне сүйсінеді. Тіпті кейде орынсыз істері үшін өзін-өзі іштей жәбірлеп, екінші олай жасамауға сөз береді.
Иә, адамның ішінде оны... осындай бір құдіретті күш бар екені рас. Ол – ар-ождан.
Міне, кісі адамдармен... жасағанда өзінде осындай жауапкершілікті, яғни,.. - ...сезіну керек.
(«Әдептілік қағидалары» кітабынан)
Көп нүктенің орнына қоятын сөздер мен сөз тіркестері:
...қарым-қатынас, жазалайтын, оқыс қылықтарына, ар-ожданды, әрекетін, жауапкершілік, табиғаттағы, адам, ғаламда.
8-ТАРАУ
Сөз әсерлігі
Қазақ тілі – өзінің өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді, қысылтаяң қатал жағдайға қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып, адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын ең әсерлі, ең әдемі шешен тіл.
Б.Момышұлы
...Егер де сөйлеуші адамның сөзі көпшілік қауымды ұйытып, тыңдауышының айызын қандырса, сөзі әсерлі, қызықты, тартымды болды дейміз. Солай бола тұрса да әр сөзді сазына келтіріп, жігерлендіріп айта білу де әрбір тыңдаушыға жақсы әсер етіп, сол сөзге назар аударып мән беруге жетелейді. Ой мен сезімге бірдей әсер етіп жатқан мұндай сөздерді тыңдай беруден де ешкім жалықпайды. Сондықтан орфоэпиялық норманы қатаң сақтап, сол негізде сөйлесе, сөз мәнеріне, табиғатына көңіл бөлсе, даусы ашық, түсінікті, жігерлі болса – сөз әсерсіз, ойсыз болмайды. Әсерлі сөйлеудің тілге тікелей байланысты шарттарының бірі – сөзді сазына, нақышына, мақымына сай айта білу. Әрбір сөзге, әрбір тілге тән дыбыстық заңдылық болады, тыңдауышының құлағына түрпідей тиіп жалықтырып жіберетіндері де бар. Яғни, қазақ тіліндегі үндестік заңын қатаң сақтап, сол жүйені бұзбай сөйлесек әрбір сөздің сазына, ритмикалық-методикалық ерекшелігіне де ешбір сызат түспейді. Мысалы: құлын-құлұн, бұрын-бұрұн, көңіл-көңүл, орын-орұн, досжаран-дошшаран, он қабат-онғабат, мен келдім-меңгелдім т.б. (Соңғы сыңары сөздің орфоэпиялық нормасы).
Сонымен сөзді сазына келтіріп, нақыш өрнегін сақтап айту, сөйлейтін сөзіне, тыңдаушысына селқос қарамау, әдеби номаларын сақтап сөйлеуді мақсат ету – сөз әсерлігінің ең негізгі шарттары. Кейде әдеби шығармаларда деректі ұғымдағы сөздерді әдеттегідей бәрімізге үйреншікті, қарапайым үлгіде қолданатын болсақ, әрбір сөздің не сөйлемнің ешбір әсері болмайды. Мысалы: Жел соқты, қар жауып, боран болды деген сөйлемнің айтылуы кім-кімге болса да таңсық емес. Шығарма тілі де бастан-аяқ осындай дағдыла сүрлеуден шықпай, үйреншікті қолданысқа құрылса, ешкімді қызықтырмайтындығы, әсерсіз болатындығы айдан анық. «Тіл тартымсыз», «сөз бедерсіз» деген үлкен мін тағылып, ондай шығарманың сыналып жататындығы белгілі. Сөз шеберлерінің қолданысында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа топ болады. Мұндай тосын қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады.
«Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Ақ дала меңіреу болып түнеруде. Қайғылы сары бел боран әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп жата берді» (М.Ә.)
Сол сияқты мына үзіндіге көңіл бөлейік: Ай сүттей жарық. Ауыл адамдарының бәрі тегіс ұйқыда. Қыбырлаған жан жоқ. Тек қана күйіс қайырған малдың даусы ғана есітледі (студенттің шығарма жұмыстарынан). Осы бір көріністі көркем әдеби шығармада жазушының қалай суреттеп бергеніне назар аударайық. «Қазіргі жарық түннің тыныштығының ортасында көкөзек ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұманмен бусанып, тыныс алған сияқты. Өзек бойына шашырап қонған ақ шұбар ауылдар әр жерде тарғақтың, үйрек-қаздың ұядағы жұмыртқасындай болып, өзінше бір жарастықпен дөңгеленіп, үрмелей отыр еді, ауылдардың көпшілігі жатқан. Түңліктері жабылған ақ үйлер ай сәулесі түсіп шаңқиып, қара үйлер тұнжырай қарауытып, түн тыныштығына бойсұнып қалқығандай. Қотандағы мал тегіс жатқан, тегіс қалқыған ұйқыда» (М.Ә.).
Әдеттегі тіл жұмсауымызда «асау жел», «қайғылы сара белборан», «ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұман», «ай сәулесі түсіп маңқиып» деген сөз тізбектерін қолдана бермейміз. Алайда, жансызға жан бітіру, сөзді тосын қолдану құр мақсат емес.
Алайда тұрақты сөз тізбектерін шамадан тыс, бірінен кейін бірін бастырмалата қолданудың әсері басқаша болуға тиіс. Негізінде басы артық бейнелі қолданыс оқушы ойын алаңдатып, көркем шығармаға деген ықыласын төмендетеді. Өйткені, үсті-үстіне, іргелес қолданылған тұрақты тізбектердің бояуы шымқай, жылтыры басым болған сайын өзара «бәсекелесіп» біріне-бірі бөгесін болады. Басқаша айтқанда, тіл көркемдігіне кері әсерін тигізеді. Мысалы:
«Жанымызды шүберекке түйіп, қанымызды торсыққа құйып, басты оққа байлап, қыз асылатын мойнымызды қылышқа тосып, тәуекел деп, жалаңдаған қылыш, жасанған жаумен жамыраған қойдай араластық та кеттік» (журналдан).
Осындағы «жасанған жаумен жамыраған қойдай араластық та кеттік» тәрізді қолданыс қой қоралап, көгеннен қозы ағытып көрген қазаққа сүйсінер сурет бола қояр ма екен? Шындыққа жүгінсек, қой емес, жамырайтын қозы ғой. Көгеннен ағытылған қозылар өрістен қайтқан енелерімен жапа-тармағай еміреніп, табысып жатпай ма? Олай болса, жалаңдаған қылыш, жасанған жаумен сарбаздардың қоян-қолтық айқасын автордың жамыраған қой арқылы бейнелеймін деуі құр әурешілігі сияқты.
Кейде кейбір әңгіме, повестерді оқып отырғанда «сыңғырлаған күлкі», «қозғалматынын тау» «таза ауа» ,өзгеріссіз өмір» тәрізді дағдылы тіркес, даын теңдеулердіңшектен тыс кеңінен қолданылуы тіл шеберлігін таныта бериейді. Болмысты өз көзімен көріп, оны өзіндік тіл өнерімен жеткізе білу жазушының дүниетанымын, ой-өрісін, стильдік ерекшелңгңн, эстетикалық тағлымын көрсетіп қана қоймай, көркем сөз шебері аталуынын мықты бір дәлелі де бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет