Ббк 4. Б д 19 Пікір жазған : Қ. Ахметова- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; С. Қ. Мырзарахимова


-ТАРАУ Ауызша сөйлеу мәдениеті мен дыбыс тілінің



бет2/15
Дата16.11.2023
өлшемі268 Kb.
#124268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Даупаев китабы

2-ТАРАУ
Ауызша сөйлеу мәдениеті мен дыбыс тілінің
тікелей байланыстылығы Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты, яғни, сөздер қалай дыбысталса сөйлеген кезде де әрбір сөздің дұрыс айтылуына мән беруіміз керек. Өйткені, қазақ тілі – өз табиғатында үнді, әуезді тіл. Әрбір сөзбен сөйлеу, не мәтінді мәнерлеп, сөздің нақышына келтіріп айту – ауыз әдебиеті асыл қазыналарының, айиыс өнерінен келе жатқан табиғи заңдылық. Сондықтан ауызша сөйлеу кезінде тілдің өзіндік заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеудің техникасын жетік біліп, қорымыздың да мол болғаны жөн. Белгілі бір мәтінге грамматикалық талдау жасау, тәрбиелік мәні жоғары үзінділердің әдеби сырын ашып, басқа біреулерге үлгі-өнеге ету үшін де тілдік заңдылықты қатаң сақтаудың үлкен пайдасы бар. Ал, ойды жеткізер тілдің мәнері, нақышы жеткіліксіз болса, ойшыл ақынымыз Абай айтқандай: «көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда сәні кетедінің» бірі болмақ. Ауызекі тілде бір сөзді қайталай бермей, оған мағыналас, мәндес синоним сөздерді қолдануды, ойды әсерлі, түсінікті жеткізудің айғағы. Қашан да сөзді қарапайым қолдана отырып, тартымды да көркем айта білген ғұламалардың шешендігін, сөйлеу мәнеріндегі қатаң сақталған әуезділікті өзімізге өнеге тұтуымыз керек. Академик жазушы М. Әуезов сөзінде және жазылған мақалаларында халық даналығы болып есептелетін мақал-мәтелдер мен фразеологиял ық тіркестерді, қанатты сөздерді қолданудың шебер үлгілерін ұсынғаны баршамызға белгілі. Ол қажет жерінде мифтік шығармалардан бастап, өз дәуірінің озық жазушыларынан, халықтың сөйлеу тілінен, керек десе, дүние жүзінің әдебиетіндегі озық үлгілерді алып, ойын дәл, әрі әсерлі жеткізуге дағдыланғандықтан көркем сөздің атасы болып есептелінеді. Сол сияқты бұл бағыттағы Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің, С. Мұқановтың шығармаларын атауға болады. Сөйлеу мәдениетін арттыруда, әрбір сөздің мағынасын дұрыс түсініп, орынды жеткізе білуде сөздіктерді, нормативтік сипаттағы анықтағыштарды, орфоэпиялық сөз тудыру, синонимдер, омонидер, фразеологиялық сөздіктерді, тілді грамматикалық жағынан дұрыс көрсетерде сөздіктерді пайдаланудың маңызы зор. Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі – бірін-бірі бетпе-бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардң өзара пікір алысу, түсінісу құралы. Бірін-бірі түсіну үшін сөйлеуші адамдардың дауыс ырғақтары, сөз құралындағы әрбір дыбыстың орфоэпиялық нормаға сай естілу қажет. Мысалы: қонбады-қомбады, басшы-башшы, көкөніс-көгеніс, көзсіз-көссүз, өзенге-өзөңгө, айдын көл-айдың гөл, ай қабақ-ай ғабақ, тас бауыр-тас пауұр, жас бала- жас пала т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет