Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Муравьи живут в гармонии с природой



Pdf көрінісі
бет27/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134
Муравьи живут в гармонии с природой
Әдемі сөздер жазып ақталып шықтыңыз
солай ма?
Маған осы сауалды қойғанда, мен өз 
мемлекетімді, өзім жұмыс істейтін зауытты, барлық 
тәжіктерді кәналап шықтым. Бұл шындық болатын, 
алайда, мен қашып жүрген шындық болды. Бұл, 
менің өмірден нені қалайтындығым жөнінде сауал 
болды. Міне, осы «көзілдірік» болып табылады.
Ақталу сөздерін кез келген уақытта 
табуға болады, алайда, сіз ылғи ақталуды 
қажет ететін жағдайда болғыңыз келеді ме? 
Ешқандай ақталу нәтижені алмастырмайды. 
Барлығын өзгертіп, мақсатыңа қол жеткізіп
армандарыңды жүзеге асырған жақсы емес 
пе? Кей кездері, шешім, біз ойлаған жерде бол-
майды. Сыртқы жағдайлар алдамшы болады. 
Және бірқалыпты күндерде біз маңызды зат-
тарды байқамай қалып жатамыз. 
Ойланыңыз, егер, сіз бай болсаңыз, атақты 
суретшілер салған суреттерін сатып ала аласыз. Сіз 
кез келген музыканы тыңдап, армандаған көлігіңіз 
бен тұрмыстық техниканы ала аласыз. Ал дүкенге 
кіргенде, баға туралы ойламасаңыз да болады. Міне, 
осы қаржылық еркіндік деп аталады. Барлығымыз 
да жоғары затқа лайықпыз және оған қол жеткізе 
аламыз. 
Төртінші деңгей – «дұрыс көзілдірік табу» 
кезеңі. Бұл деңгей қиын әрі өзіндік ерекшеліктері 
бар. Алдымен, бақылаушы, оқушы болыңыз. Кейде 
оқушы болғаннан, ұстаз болған оңай болады. Мы­
надай әңгіме бар. 
Шәкірт өз ұстазына келіп: «Мен өмірдің сырын 
түсінгім келеді және мұны сізден үйрене аламын». 
Ұстаз оған өзі туралы айтып беруін сұрайды. 


50
Мен және Ақша
Шәкірт оған қайда оқығандығы, қандай жетістікке 
жеткендігі, қандай тәжірибе алғандығы туралы айтып, 
бірнеше мысалдар келтірді. Ал кейін ұстаз оған білім 
бере бастағанда мынаны байқап, айтады: «ұстаз, бы-
лай болғанда, мынау дұрыс болар еді!» 
Келесі сабақта ол: «Неге былай көрмеске?» одан 
кейінгі сабақта: «біз мұны басқаша жасай аламыз ба?» 
дейді.
Сонда ұстаз былай деді: «Көрдің бе, ұстаз болған 
оңай, ал шәкірт болған қиын».
«Көзілдірік» – кез-келген жағдайдан жақсыны 
көре алатын, барлық бағытта, өмірдің барлық сала­
сында оқып, дами алатын оқушы шәкірт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет