ІЗДЕСЕК ЕГЕР ІЗТАЙДЫ...
Ұмытпасам, 1953 жылы жаз айларыньщ бірінде Пролетар
көшесіндегі он бірінші үйде орналасқан Жазушылар одағына бар-
дым. Қазіргі «Жұлдыз» журналының редакциясы да сол үйде бола-
тын-ды. Журналдың сын бөлімін басқаратын курстас досым Айқын
Нұрқатовқа келген шаруаның жайын енді айта бастағаным сол еді,
есіктен түсі бейтаныс, танауы қусырыңқы, тəмпіш мұрын, орташа
бойына қарамай сəл еңкіштеу қара жігіт кірді. Бет əлпетіне қарап, сы-
найы мен сияқты жас авторлардың бірі боларсың деп онша мəн бере
қойған жоқ едім, жігіт аядай бөлмеге иін тіресе қойылған үш-төрт
столдың біреуінде жатқан қағаздарды жинастырды да, менің сөзімді
киіп кетіп: «Əй-аға, мен бір сағатқа бір жаққа барып келейін деп едім,
бастықтар іздей қалса, өзін түсіндіріп айтарсың», – деді де, шығып
кетті. Əдетте əдебиет əлеміне жаңа келген адам жасқаншақтау, тіпті,
редакция деп аталатын мекеменің курьерін көрсе де ізетшіл, ілти-
патшыл болады ғой. Мен де соған бағып, жүріс-тұрысына қарағанда
«мына қара тегін болмады» деп ойладым да, Айқыннан сұрадым.
Əлгі жігіт сол жылы ғана университет бітірген жəне Айқынның ай-
туымен редакцияның поэзия бөліміне қызметке алынған жас ақын
Ізтай Мəмбетов болып шықты.
Көп кешікпей-ақ Ізтай есімі жыр сүйер қауымның аузына ілікті.
Бірінен бірі асып түсіп жатқан ойлы, жүрекке жол тапқан сыршыл
да сындарлы лирикалық шумақтарын туындатқан ол поэзиямыздың
тарлан өкілдері Сəбит Мұқановтың, Əбділда Тəжібаевтың, Қалижан
Бекхожин мен Хамит Ерғалиев, Сырбай Мəуленов, т.б. осылар сын-
ды ақындардың сынына толып, ыстық ықыласына ие болды, баспасөз
беттерінде олардың жылы лебіздерін естіді. Ал журналда қызмет
істеген жылдары ақын творчествосының қалыптасу сəтіндегі бір
үлкен басқыш, тұтас бір мектеп болғандығы даусыз. Жалпы, Ізтай
достыққа берік, тиянақты, пейілі түскен адамына үстіндегі соңғы
көйлегін шешіп беруге əзір тұратын жомарт еді, екі сөйлемейтін
жəне ойына алғанын қандай жағдайда да көлгірсімей көзге айтатын.
Ақынның:
Кесірлік етсең, кесірлік етер жыным бар,
Сырласа білсең, сыйласа білер сырым бар.
Түн болсаң – түндей, күн болсаң – күндей қыбым бар,
Көңілім осы, сыймаңдар мейлі сыйыңдар, – деген сөздерінде
оның адамдық, азаматтық тұлғасы тұрған болса:
378
379
Тек əйтеуір жүргенім жоқ ермекпен,
Шын тəттілік іздей бердім көрмектен.
Көпшіліктің көнілі боп маздадым,
Осы менің өз қызметім елге еткен, – деген жыр жолдарында оның
бүкіл ақындық болмысы жатыр. Ол сондықтан да жылуы мол, қызуы
зор жыр жазды, көптің көңілін тапты, өмірден де, Абай атамыз
айтқандай, «жайнаған туы жығылмаған» қалпында, маздаумен өтті.
Тірі болса, бүгін елуге келер еді-ау деп еске алғанда, өлең əлеміне
өзгеше көзбен қарайтын талғампаз ақын Əбділда Тəжібаевтың сол
тұста «Ізтай қыршын кетті, барлық берерін түгел бере алмай кетті...
Бұл біз үшін үлкен өкініш, зор күйініш», – деуінде үлкен мəн бар
екені тағы да ойға оралады.
Ізтайды жасы кіші інілері ғана емес, құрбы-құрдас замандастары
біздер де, тіпті, кейбір жасы үлкен ағалары да «Із-аға» дейтін. Бұл
есімді інілері сыйлап айтса, құрбылары ойнап, ағалары еркелетіп
айтатын жəне бəріне де жарасып тұратын. Ал сонау 1929 жылдың
ақпан айының боранды күндерінің бірінде Ақтөбе облысындағы Та-
бантал деген қоныста дүниеге келгенде, сəбидің құлағына айқайлап,
ата-анасының азан шақыртып қойған шын аты Ізбасқан екен.
Ізтайдың мінезінде сəл қызбалық та байқалатын еді. Онысын өзі
де жасырмай «Ала құйын мінезім бар ашулы, қапелімде басылам ба,
болам ба?!» – деп өлеңге қосты. Сол мінезіне қарамай, төңірегіне
жұрт үйірілгіш еді. Оның қасынан ақын достарын, кейінгі інілерін
жиі көруге болатын. Сонда жұртты өзіне тартып тұратын оның өмірде
де, өлеңде де ешбір жасандылығы, жымысқысы жоқ шыншылдығы,
қалтқысыз адалдығы, жанының тазалылығы еді.
Əйтеуір менің қойынға тыққан жоқ тасым,
Ақ адал жаным – қорғаным, əрі жақтасым.
Арманым – жүрек адамды сүйіп тоқтасын!
Арманым – елім ұлым деп сонда жоқтасын! – деген жолдарда
ақынның имандай сыры жатыр. Ізтай ерте кетсе де, сол айтқан арма-
нына жеткен ақын. Ол өмірінде «көпшіліктің көңілі боп маздады»,
оның жүрегі адамды сүйген қалпында тоқтады. Бүгін оқырман қауым,
халқы, елі азамат ұлын, ақын перзентін іздейді, сонда іздегенің оның
артына қалдырған өшпес, өлмес лирикалық жыр кітаптарынан, онға
жуық поэма-дастандарынан табады.
«Қазақ əдебиеті», 30.03.1979 ж.
ƏКЕ-БАЛАҒА СЫНШЫ
Жазушының көп қырлы, сан-салалы еңбегінің əлі де сиректеу сөз
болып жүрген бір парасы – ұстаздық-педагогтің қызметі ғой. Мұқаң
сонау жиырмасыншы жылдардың орта шенінде Семейдің Казпед-
техникумынан бастап Ташкентте училищелерде, Алматыда КазПИ
мен КазГУ-де, елуінші жылдардың бас кезінде МГУ-да сабақ бер-
ген ұлағатты ұстаз, тəрбиеші педагог екені белгілі. Ал, оның қазақ
əдебиетінің оқулықтары мен программаларын жасауға сіңірген
қыруар еңбегін, сонау отызыншы жылдары қазақ мектептерінің
мұқтажын өтеу үшін тіпті химия мен география, биология пəндерінің
көмекші оқу құралдарына дейін аударып, қазақ балалары үшін
орыс тілінің «Əліппесін» («Букварь») жасап шығарғанын екінің
бірі, егіздің сыңары біле бермейді. Бұл – өз алдына ден қоя арнайы
зерттеуді қажет ететін үлкен тақырып. Біз тек Мұқаңның ұстаздық
қызметінен есте қалған жерлер туралы ғана бір-екі сөз айтпақпыз.
Мен Мұқаңның алдынан дəріс алып, емтихан тапсырып, зачет-
ка деп аталатын студенттік документіне оның жұртқа таныс қолы
қойылған қатардағы көп əдебиетшінің бірімін. Егер сол шəкірттік,
етуденттік кезді еске түсірсем, лектор Мұқаңның кейбір дара
қасиеттері ойға оралады.
Мұқаң біздің бірінші курста екі семестр бойына бірде-бір лек-
циясын қалдырып көрген емес. Кейбір мұғалімдер, əсіресе, про-
фессорлар кейде коллеквиум, семинар сияқты сабақтарын, өткізуді
өздерінің аспирантына, яки, ассистентіне тапсыра салатыны да
болады. Ал, Мұқаң біздің курста бұл жұмыстарды өзі атқарып
шықты. Бірінші семестрде зачетты да, жыл аяғында емтиханды да
өзі қабылдады. Мұқаңда қайсыбір мұғалімдердегідей, «Иə, соны-
мен, біз өткен сабақта не жайында əңгімелеп едік?», немесе «Қай
жерге келіп тоқтап едік?» деген сияқты артық сұраулар да бол-
майды. Есіктен кірген бойда, орнына отырар-отырмастан лекция-
сын өткенде үзілген жерінен, ноқаттан тоқтаса – ноқаттан, үтірге
тоқтаса – үтірден дерліктей бастап жалғастырып жүре беретін. Аз
күнде-ақ Мұқаңның бұл мінезіне дағдыланған студенттер лекция
жазатын дəптерлерімізді дереу ашып қойып, дайын отыратынбыз.
Сөйте тұрсақ та, лекция жазудың сəті түсе бермейтін. Оның се-
бебі – əрі тыңдап, əрі жазып отыруға төселмеген, мектеп партасы-
нан келген біздер М. Əуезовтің мазмұнға бай, өлең жолдарындай
төгілтіп, тамылжытып, шешен тілмен оқитын лекциясының бірде-
380
381
бір сөзін қағыс қалдырмай, аузымыздың суы құрып тыңдайтын едік
те, ниетімізге қолымыз ілесе алмай қалатын-ды. Енді ес біліп, етек
жинаған шағымызда ойласақ, ол кезде (I курста) біз Əуезов сияқты
ғұламаның лекциясын тыңдауға əзір емес екенбіз.
Емтиханда ол кісі студентті қарсы алдына отырғызып қойып,
жауабын тыңдағанда, оның көзіне зер сала қадала қарап отыра-
тын, Ұлы адамның мысы баса ма, əйтеуір, сол бір қарас бəрімізді
де едəуір қысып, қымсындыратын. Енді бақсақ, сонда ол алдында
отырған студент лектордың айтқанын жаттап ап қайталайтын «тоты-
құс» па, жоқ əлде, оның жауабының астарында болашақ əдебиетшіге
лайық бірдеңе бар ма, міне, соған зер салады екен ғой. Оны біз қазір
жазушының музей-үйіндегі архивінде сақталған блокнот жазбалары-
нан айқын көріп отырмыз. Студенттің зачеткасына қойған бағасынан
басқа өз блокнотына да бірдеңе түртіп алып отыратын еді, сөйтсек
ол кісі əр студенттің тұсына ресми бағасын қойып, соған қоса тек
өзіне ғана түсінікті белгі қойып алып отырады екен. Жəне ол мұндай
белгіні беске жауап берген студенттің бəріне бірдей емес, солардың
ішінде əлгінде қадала қараған өз көзінің сынына толды-ау дегендері-
не ғана қойғанға ұқсайды. «Əке – балаға сыншы» деген нақыл бар.
Жастарға шын мəніндегі ұстаздық қамқорлық, əкелік көрегендік деп
осыны айтса болғандай.
«Қазақ əдебиеті», 30.09.1977 ж.
АУДАРМАЛАРЫ
КҮН ӨТІП КЕТКЕНДЕЙ
Иван Бунин
Олар түстік астан кейін жарығы мол ыстық асханадан палубаға
шықты да сүйеніш қоршаудың жанына келіп тоқтады. Əйел көзін
жұмып, қолының сыртымен бетін басты да, қарапайым əсем
күлкісімен сыңғырлап күле сөйледі. – Тегінде осы бір кішкентай
əйелдің бар қылығы əсем, назды-ақ еді.
– Мен мас сияқтымын... Сіз қайдан тап болдыңыз?
– Мен мас сияқтымын... Сіз қайдан тап болдыңыз? Осыдан үш
сағат бұрын мен тіпті сіздің бар-жоғыңыздан да бейхабар едім. Мен
тіпті сіздің қай жерден отырғаныңызды да білмеймін. Самарадан ба?
Мейлі, бəрібір... Бұл не, менің басым айналып тұр ма, əлде біз бір
жаққа бұрылып барамыз ба?
Алда қою қараңғылық пен оттар көрінеді. Қараңғыдан ескен май-
да қоңыр жел лебі еседі, ал оттар бір бүйірге қарай ойысып жүйткіп
қалып барады, пароход Волга бойына лайық дарқандықпен кең ай-
налып бұрылып, шағын пристаньға жанасып келеді.
Поручик əйелдің қолын алып сүйді. Кіп-кішкентай шымыр
қолдан күнге күйген иіс аңқиды. Оңтүстік күнінің астында ыстық
теңіз құмында ай бойы жатып шыққаннан кейін (əйел Анападан келе
жатырмын дегенді) оның мына кенеп көйлек астындағы денесі де
күн сүйген шып-шымыр болар-ау деп ойлағанда, жүрегі бір түрлі
тылсым күйде тоқтап қалғандай болды.
Поручик:
– Түсейікші... – деді күбірлеп.
– Қайда? – деді əйел таңырқап.
– Осы пристаньға.
– Неге?
Ол үндеген жоқ. Əйел қолының сыртымен тағы да нарттай күйіп
тұрған бетін басты.
– Жынданған шығармыз...
– Түсейікші, – деп қайталады поручик ақырын ғана. Өтінем...
– Ах, иə еркіңіз білсін, – деді əйел бұрыла беріп.
Ағындап келген пароход алакөлеңке пристаньға баяу соғылып
еді, олар біріне-бірі қақтығысып құлап қала жаздады. Үстерінен
382
383
лақтырған арқан ұшы зу етіп өте шықты да, сосын кейін сырғып, су
шуылдап қайнап кеткен тəрізденіп, баспалдақ салдырлады... Пору-
чик заттарды əкелуге жөнелді.
Бір минуттан соң олар ұйқыға шомған кеңсені басып өтіп, қызыл
асықтан келетін қалың құмға шықты да, үндеместен лау арбаға мін-
ді. Қисық əрі сирек шамдар арасында шаң басқан борпылдақ жұмсақ
жолда тауға көтерілген мынау өр тіпті таусылмастай көрінеді.
Бірақ, міне, қыратқа да шықты, қатқақ даңғыл жолда сартылдатып
келеді. Міне бір алаң, адамдар аялдайтын орын, өрт бақылайтын
мұнара, жазғы түнгі уездік қаланың жылуы мен иістері... Лаушы
жарық түсіп тұрған үйдің алдына келіп тоқтады. Ашық тұрған
есіктердің аржағында тік шұғыл көтерілетін ескі ағаш баспалдақ.
Үстіне қызылдау түсті қисық жағалы көйлек пен сюртук киген,
қырынбаған кəрі малай самарқау келіп заттарды алды да, қисық
аяқтары майдаңдап алға түсіп жүре берді. Терезелеріне ұзын ақ пер-
делер ұстаған, айна алдына жағылмаған екі майшам қойылған кең,
бірақ ұзақ күнгі ыстықтан əбден қызып кеткен қапырық номерге кір-
ді, малайдың есік жауып шығуы сол-ақ еді, поручик тағатсызданып
əйелге құшақ жая ұмтылды, екеуі де құшырлана қауышып, қадала
сүйісіп қалыпты. Осы бір минут көп жылдар бойы бұлардың естері-
нен кетпеді, өйткені екеуі де өмір бойы дəл мұндай хəлді бастарынан
кешпеген еді.
Аты-жөнін айтпастан, əзілдеп бейтаныс сұлу деп қана танысқан
осы бір кішкентай əйел, шіркеуі күңіренген, мейманхана алдындағы
алаңда базары бар, орыстың уездік қаласына тəн шөп пен қарамай
аралас таныс иіс аңқыған ыстық, ашық таңда, күн көтеріле аттанып
жүріп кетті. Бұлар аз ұйықтаған еді, бірақ таңертең төсек жанындағы
перде тасасынан шығып, бес минут ішінде жуынып, тамақтанған
əйел дəл он жеті жасындағыдай жайнап бұлықсып тұрды. Қысылып,
қымсынды ма ол? Жоқ, сəл ғана, бұрынғысынша қарапайым да жай-
дары қалпы – тек енді байсалды парасатты болып алыпты.
– Жоқ, жоқ, сүйіктім, – деді ол жігіттің бірге кетейік деген тілегіне,
– жоқ, сіз келесі пароходқа дейін қала тұруыңыз керек. Егер бірге ке-
тетін болсақ, бəрі де бүлінеді. Маған ол өте ыңғайсыз болады. Сізге
имандай шынымды айтайын, бұл өзі əлдекім деп ойлап қалуыңыз
мүмкін ғой, мен тіпті де ондай адам емеспін. Ешқашанда бүгінгідей
жағдай менде болған емес, ендігəрі болмайды да, құдды бір ба-
сым айналып, көзім қарауытып кеткендей болды... Немесе, дəлірек
айтқанда, біз екеумізге де күн өтіп кеткен сияқты бірдеңе болды...
Поручик оп-оңай келісе салды. Көңілі тынған қуанышты күйде
ол əйелді пристань басына жүрейін деп тұрғанда апарып салып,
жұрт көзінше палубада сүйді де, жинайын деп жатқан баспалдақтан
жағаға қарғып шығуға əзер үлгерді.
Мейманханаға да ол дəл сондай көңілді, сергек қалыпта оралды.
Алайда əлдене өзгеріп кеткен тəрізді. Номер əйелдің барындағыдан
мүлде басқаша боп көрінді. Əлгінде ғана бөлме іші толықсып тұрған
еді, енді мүлде құлазып қалған бұл өзі ғажап дүние! Оның ағылшын
əтірінің иісі аңқып тұр, поднос үстінде ішіп тауыспаған шай кесесі
əлі тұр, ал өзі жоқ... Кенет поручиктің жүрегі лүпілдеп шымырлап
сала бергені сонша, ол темекі тартқанша асығып, бөлме ішінде бір-
неше рет əрлі-берлі жүріп шықты.
– Мұндай да ғажап оқиға болады екен-ау! – деді ол күле дауыстап
һəм көзіне жас кеп қалғанын сезіп, «Сізге имандай шынымды ай-
тайын, бұл өзі əлде кім деп ойлап қалуыңыз мүмкін ғой, мен тіпті де
ондай адам емеспін...» Енді міне кетіп те қалды...
Перде ысырылып, төсек əлі жиналмаған. Ол енді мына төсекке
қарауға да дəті жетпейтінін сезді. Ол оны пердемен тасалап базардағы
дабыр-дүбір дауысты жəне доңғалақтар шиқылын естімес үшін тере-
зе пердені жауып, жиырулы ақ шымылдықтарды түсірді де, диванға
отырды... Иə, міне, «жолшыбайғы ғажайып оқиға да» осымен тынды!
Кетіп қалды, ендігі ұзап та кеткен шығар, мүмкін, шынылы ақ салон-
да немесе палубада күнге шағылған мынау алып өзенге, қарсы кезік-
кен салағаштарға, сарғылт құм-қайраңдарға, жарқырай көрінген су
мен аспан жиегіне, мынау Волганың көз жеткісіз бар жайсаң жазық
жағалауына қарап отырған болар... Ал енді ,кешір, мəңгібақи сау бол...
Өйткені бұлар енді қайтып кездесер ме? «Күйеуі бар, үш жасар қызы
бар, жалпы семьясы, күнделік тірлігі бар əйел тұрған қалаға əй-шəй
жоқ жетіп бара алмаймын ғой, – деп ойлады ол, – бара алмаймын!»
– Əлгі қала оған ерекше бір қорықтағы қала сияқты боп елестейді,
сол қалада əйел жиі-жиі мұны жəне бұлардың ойда жоқта кездейсоқ
өткінші жалғасуларын еске алып, бəз-баяғысындай жападан-жалғыз
өмір сүріп тұрып жатады, ал бұл болса, оны енді ешқашанда көре
алмайды деген ой əрі таңдандырып, əрі түршіктіріп жіберді.
Жоқ, бұлай болуы мүмкін емес! Онда тіпті анайылық, тағылық,
шектен тыс масқара болар еді! – Əлгі əйелсіз өмір тұл екенін ол енді
ғана сезінген секілді, жаны жаман күйзелісте.
...«Сайтан алғыр, не болды» – деп ойлады ол, орнынан тұрып,
бөлме ішінде əрлі-берлі жүріп, перде тасасындағы төсекке қарамауға
384
385
тырысып. – Маған не көрінген соншама! Соншалықты ол кім өзі,
не боп қалды, шынында? Расында да бейне бір күн өтіп кеткен
тəріздімін! Бəрінен бұрын мынау түкпірде онсыз ұзақ күнді қайтып
өткізбекпін?».
Оның барлық ерекшеліктері күнге күйген тəні мен кенеп көйле-
гінің иісі, шып-шымыр денесі, қарапайым һəм ақжарқын дауысы
бəрі-бəрі де мұның есінде-тін... Əлгі бір əзірде ғана құшып-сүйіп
əйел лəззатін алған сезімі əлі басылған жоқ-ты. Енді мына мүлде
түсініксіз екінші бір ғажайып сезім маза берер емес. Кеше ол əншейін
еріккеннің ермегі үшін бастай салған таныстық тіпті де бұлай бо-
лар деп ойлаған жоқ-ты. Ал енді ол туралы айтуға əйел кетіп қалды.
«Бəрінен қиыны деп ойлады ол, – енді ешқашанда айта алмайсың!
Не істеу керек, осынау мазасыз естелікке, жаныңды жегідей жеген
қасіретке толы ұзақ күнді əлгінде ғана қызғылт пароход əйелді алып
ғайып болған мынау жарқырап жатқан Волга бойындағы кіп-кішкен-
тай қалашықта қалай өткізбексің?»
Уақыт өткізіп, көңіл алдандыру үшін, əйтеуір бірдеңе істеу қажет
еді. Ол ойланбастан картузын киіп, ат айдайтын шыбыртқысын алды
да, шпорларын шылдыратып, бос дəлізді бойлай, тікше басқышпен
сыртқа қарай жедел басып жөнелді... Бірақ, қайда бармақ? Есік ал-
дында үстінде ықшам бешметшесі бар оңтайлы жас жігіт – атшы
асықпай-саспай темекі тартып тұр. Поручик оған бір түрлі бейжай əрі
таңырқап қарады, қалайша естіп орында отырып, асықпай-саспай те-
мекі тартуға болады, тіпті жалпы пəруайымда түк жоқ бейқамдығын
айтсайшы? «Сыңайы осы қалада менен өткен бақытсыз сорлы жоқ
шығар» – деп ойлады ол базарға қарай бара жатып.
Базар тарқап жатыр екен. Неге екені белгісіз, ол арбалар
арасындағы жаңа үйінділерді, қияр үйінділерін, жаңа мескейлер мен
горшоктарды аралады. Жерде отырған қатындар жамырай шақырып,
горшоктарды алып, саусақтарымен тықылдатып, сапасының
жақсылығын көрсетіп əуре боп жатыр, ал мұжықтар: «Мəртебелі
мырза, міне, бірінші сорт, тамаша қияр!» – деп айқайлап құлақ
тұндырады. Мұның бəрі де əншейін мақсатсыз бос сандал болды
да, ол базардан кеткенше асықты. Құдайға құлшылық қып, бар дау-
ыстарымен жалбарынып, шын ниеттерімен қуана əн шырқап жатқан
соборға барды, сосын өзеннің көз жеткісіз көк айдыны жағасында
тау қиясына тақау жердегі əрі ыстық, əрі иесіз қаңырап жатқан кіш-
кентай бақшада ұзақ қыдырып жүрді... Оның кителіндегі погондар
мен түймелердің қызғандығы сонша, тіпті қол тигізуге болмайтын
еді. Картуздың ішкі көнересі терлеп суланып, бет-əлпеті бал-бұл
жанды... Мейманханаға оралғасын, ол астыңғы этаждағы бос тұрған
үлкен де салқын асханаға рахаттана кіріп, картузын рахаттана шешіп,
ыстық та болса ауа кіріп тұрған ашық терезе алдындағы столға отыр-
ды да, тоңазытқан ботвинья алдырды... Бəрі де жақсы, айнала бəрі
де шат-шадыман қуаныш, көңілді, тіпті мына қапырық ыстық пен
базардың бар иісінен де, мына бейтаныс шағын қала мен уездік ескі
мейманханада да əлгі шаттық қуаныш еседі, сөйте тұрса да, көңілі
құлазып ет жүрегі қан жылайды. Ол бірнеше рюмка арақ ішіп, укроп
қосқан тұзы аздау қиярмен аузының дəмін алды. Осы сəтте ол егер
бір ғажайып күш əйелді қайтарып əкеп, тағы бір күнді, бүгінгі күнде
бірге өткізіп, өлердей сүйетінін айтып, бірдеңе етіп дəлелдеп, көзін
жеткізетіндей мүмкіндік болса, күні ертең-ақ ойланбастан жанын
қиюға əзір екендігін сезінді... Дəлелдеудің қажеті не? Көзін жеткізу
неге керек? Неге екенін ол өзі де білмейді, бірақ бұл өмірінен де
қымбат қажеттілік?..
– Жүйкем əбден-ақ құрып біткен екен! – деді ол бесінші рюмка
арақты құйып жатып.
Ол ботвиньяны ысырып қойып, сүтсіз қара кофе сұрады да, те-
мекі тартып, қатты ойға шомды, ойда-жоқта кенет тап болған мына
махаббаттың əлегінен қалай құтылу керек? Бірақ құтылу мүмкін
емес екендігін ол жан-тəнімен жақсы сезінді. Кенет орнынан атып
тұрды да, картуз бен шыбыртқысын алып, почтаның қайда екенін
сұрап, «менің ендігі жалған өмірім мақшар күніне дейін сіздікі, тек
сіздің құзырыңызда» деген телаграмманың дайын текстін ойлап,
басында пісіріп бара жатты. Бірақ почта мен телеграф орналасқан
қалың қабырғалы ескі үйдің қасына келісімен шошына аңырап
тұрып қалды, ол əйелдің тұрған қаласын, күйеуі жəне үш жасар
қызы барын ғана білетін де, бірақ не фамилиясын, не атын білмейтін
бұл туралы ол кеше түстік тамақ үстінде де, мейманханада да сан рет
сұраған еді, бірақ əйел əрқашан күліп:
–
Сізге менің кім екенімді, атымды білудің қажеті не? – деп
жауап берген болатын.
Почтаның жанында бұрышта фотография витринасы бар еді. Ол
қалың эполеті бар, томпақ көзді, тар маңдайлы, қаба сақал қауметі
едірейген, кең кеудесі орденге толы бір əскери адамның суреті-
не ұзақ қарап тұрды... Əлгі бір «күн өтіп кетіп», жүрегін зор ма-
хаббат, аса үлкен шаттық жаралаған, – иə жаралаған, бұны ол енді
анық ұғынды, – жанға мына бір қалыпты күнделікті тірлік қандай
386
387
күйкі, жиіркенішті еді! – Ол жаңа қосылған жас жұбайларға – ұзын
сюртук киіп, ак галстук тағып, шашын кірпішке тікірейте алғызып,
неке сəукелесін киген қызбен қол ұстасьп, ыздиып келе жатқан жас
жігітке, қарады да, студент картузын бір шекесінен қисайта киген
көңілді əрі сүйкімді бір бойжеткеннің суретіне көзін аударды... Со-
дан соң, қайғы-қасірет шекпеген əлгі бейтаныс адамдардың бəріне
соншалықты қызғанышпен қарап əбден зеріккен ол көше бойына
қадала көз тікті.
– Қайда бару керек? Не істеу керек?
Көше қаңырап, бос тұрған-ды. Үйлердің бəрі де бір кейіпті,
көпестердің үлкен бау-бақшалы, екі этажды ақ үйлері, бірақ ішін-
де тірі жан жоқ тəрізді, үлкен жолды аппақ қалың шаң басып жа-
тыр, осының бəріне көзің шағылады, бəрі де алаулаған ыстық ап-
тап, қуанышты, бірақ дəл осы жерде түкке қажеті шамалы күн
шұғыласына шомылып тұр. Алыстаған сайын көше қайқайып өрге
көтеріліп, бұлтсыз ашық көгілдір аспанмен ұласып жатыр. Осының
өзінде Севастопольді, Керчті, Анапаны еске түсіретін оңтүстікке
ұқсас бірдеңе бар тəрізді. Бұл жағдай жанға тіпті бата түсті. Пору-
чик басы салбырап, жарықтан көзін сығырайтып, аяқ астына тесіле
қарап, шпоры шпорына соғылып, сүріне, сенделе кейін қайтты.
Мейманханаға келгенде оның шаршағандығы сонша, бейнебір
Түркістанда, Сахарада асу асып келгендей еді. Ең соңғы күшін жиып,
өзінің абажадай бос номеріне кірді. Номер іші жиналып, əйелдің
ең соңғы із-белгілері ғайып болыпты, тек түнгі стол үстінде ұмыт
қалған бір шпилька ғана жатыр! Ол кителін шешіп айнаға қарады,
беті кəдімгі жел қағып тотыққан сұрғылт өңді, күнге күйген ақсары
мұртты, қоңырқай бетте бұрынғысынан да айқындап түскен көгілдір
көзді офицердің бет əлпеті, енді мүлде жынданып кеткен кісінің
кейпіне ұқсайды, ал крахмалданған тік жағалы жұқа ақ көйлектен
əлдеқандай бозбалалық жастық жəне соншалық бақытсыздық
байқалады. Ол шаң басқан етіктерін төсек басына асып қойып,
шалқасынан жатты. Терезелер ашық, шымылдықтары түсірулі,
мезгіл-мезгіл соққан қоңыр жел бөлме ішіне күн қыздырған темір
шатырдың, барлық мынау шаңқайған, мүлде құлазып бос қалған
үнсіз Волга əлемінің аптабын əкелді. Ол екі қолын желкесіне қойып,
қарсы алдына қадала қарап қапты. Сосын ол тістенді де, жанары-
нан жас тамшылары ағып бара жатқанын сезіп, көзін жұмды, ақыры
ұйықтап кетті, оянса, күн еңкейіп қалған екен, шымылдық сырты-
нан қызғылт-сарғыш кешкі сəуле көрінді. Жел тыныпты, номер іші
тұмшалап қойған пеш сияқты құп-құрғақ, қапырық, ыстық... Кеше-
гі күн де, бүгінгі таңертеңгілік те бейне бір осыдан он жыл бұрын
өткендей көрінді.
Ол асықпай тұрып, асықпай жуынып, шымылдықтарды көтерді
де, самауыр алдырып, есеп айырысуды сұрады, ұзақ отырып ли-
мон қатқан шай ішті. Содан соң лаушыны шақырып, заттарды
алып шығуға əмір етті де, арбаның күнге күйіп сарғайып кеткен
орындығына отырып жатып, малайға тұтас бес сомды бере салды.
– Сыңайы, түнде сіздерді əкеп салған мен-ау деймін, мəртебелі
мырза! – деді лаушы көңілдене, қолына делбені алып жатыр.
Пристаньға келіп түскенде, қарайып, Волга үстіне жаздың
көгілдір түні төніп те қалған еді, өзен үстінде əртүсті көптеген оттар
жамырай шашылып жатыр, ағызып келген пароходтың мачталарын-
да да оттар жағылыпты.
– Дер кезінде жеткіздім! – деді лаушы, жарамсақсыл жалбақтап.
Поручик оған да бес сом берді, сосын билет алып, пристаньға
өтті... Дəл кешегідей жағаға ақырын ғана соғылып сəл кейін
лықсыған пароходтың доңғалақ қапалағы астында толқып қайнап
кеткен судың шуылы, сосын лақтырған арқанның ұшы, аяқ асты
шайқалып тұрғандықтан, аздап бас айналады... Жарықтары түгеп
жағылып, асхана иісі аңқыған осы бір пароходтағы кісінің көптігі
соншалықты жақсы, шыраймен қарсы алғандай болды.
Бір минуттан кейін жұрт əрі қарай бағана таңертең əйел көтерілген
жоғары жаққа жүгірді. Ілгері жақта жазғы түннің қою қараңғылығы
алдындағы соңғы сəуле сөніп бара жатты, ымырттағы сол сəуленің
астында сағымдары анда-санда өзен бетінде дірілдеп, ұйқылы-ояу
шымырлап көрінген айнала қараңғыда шашылып жатқан əртүсті от-
тар кейін жүзіп қалып жатыр, қалып жатыр.
Палубадағы күн қағар қалқан астында өзін дəл он жылға қартайып
кеткендей сезініп поручик отыр.
«Жетісу», 10.02.1971 ж.
388
389
Достарыңызбен бөлісу: |