Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ИНВЕРСИЯ



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ИНВЕРСИЯ

Өлең  құрылысындағы  инверсияның  рөлі  мен  қызметі  зор 

екендігі мәлім. Сөз жоқ, өлеңдегі инверсия жалғыз ғана ырғаққа 

байланысты жасалмайды. Өлең жолдарындағы сөздердің (сөй- 

лем  мүшелерінің)  орындарын  өзара  алмастыру  немесе  бір 

сөйлем  болып  келетін  бірнеше  (көбінесе  екі-үш)  жолдардың 

орнын ауыстыру арқылы айтылмақ ойдың белгілі бір бөлігіне 

екпін  түсіру,  сөзді  мәнерлеу  (выразительность),  модальдық 

реңк беру т.т. сияқты бірнеше мақсат жүзеге асырылады.

Тегінде,  өлең  синтаксисінің  проза  синтаксисінен  басты 

ерекшелігінің  бірі  инверсияда  жатыр.  Сөйлем  мүшелерінің 

түркі  тілдеріне,  соның  ішінде  қазақ  тіліне  тән  классикалық 

тәртібі: бастауыштың баяндауыштан бұрын тұруы, тұрлаусыз 

мүшелердің  өздері  қатысты  сөздерден  (мүшелерден)  бұрын 

орналасуы,  құрмалас  сөйлемдегі  бағыныңқы  компонентінің 

басыңқыдан бұрын келуі – өлең синтаксисінде жиі және оңай 

бұзылып,  инверсия  жасайды.  Және  бір  қызығы  мен  тәуірі  –  

бұл «бұзылыс» әдетте өлеңнің бойына біткен табиғи қасиеті- 

нің  бірі  болады  да,  «құлақ  кеспейді».  Бірақ  бұл:  «табиғи 

қасиеттің»  өлеңнің  кез  келген  сөйлемі  мен  тармақтарында 

сақталып  отыруы  және  шарт  емес,  өлең  синтаксисі  «жөні 

түзу» тәртіпті де көтереді. Демек, инверсия жасау үшін белгілі 

бір  мотивтер  керек.  Оның  үстіне  инверсияның  өзі  кездесу 

жиілігіне,  қолданылған  орнына  қарай  бірдей  емес.  Біздіңше, 

инверсияның  бір  түрі  жалпы  ырғаққа,  ұйқасқа  орай  оңай 

келтірілетін, сондықтан да жиі ұшырайтын болып келсе, енді 

бір түрі белгілі бір мотивті көздеп әдейі қолданылған болады.

Алғашқы  түрге,  біздіңше,  бастауыш  пен  баяндауыштың 

және  толықтауыш,  пысықтауыш  пен  соларға  қатысты  сөздің 

(көбінесе баяндауыштың) орындарының ауысып келуі жатады. 

Ешбір  өзге  мақсат  көздемей-ақ,  өлеңнің  ырғағына,  ұйқасына 

қарай баяндауыш бастауыштан бұрын, яғни жолдың не басын-

да, не ортасында келе беруі мүмкін:

Досасықтың болмайды бөтендігі



113

,

Қосылған босатпайды жүрек жігі (I, 56). 

113

 Бастауыш курсивпен, баяндауыштың асты сызылып көрсетілді.



321

Ықтырмамен күзеуде отырар бай (I, 72).

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек (I, 26).

Сарғайды жүзіміз,

Сарылды көзіміз (І,166).

Дегенмен бастауыштың әдеттегі орнынан ауысып, көбінесе 

тармақтың  ең  соңына  орналасуында  өзге  мақсаттар  да  жоқ  

болмайды.  Әсіресе,  есімдіктен  болған  бастауышты  тармақ 

соңына келтіргенде, көбінесе оған екпін түсіріледі:

Сүйер ұлың болса, сен сүй

Сүйінерге жарар ол! (I, 127).

Зарланарсың, ойланарсың,

Не болам деп енді мен (І,128).

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен (I, 234). 

Біреудің кісісі өлсе қаралы – ол (I, 69).

Тегі, бұл тәсіл – қазақ поэзиясының синтаксисіне ежелден 

таныс нәрсе. Ауыз әдебиетінде кездесетін:

Туырлығың тілер ол, 

Тіліп тоқым қылар ол! –

деген тәрізді сөйлемдерде ой екпіні ол деп көрсетілген адам-

да  (батырда)  болып  тұр,  туырлықты  тілетін,  тіліп  тоқым 

қылатын – өзге емес, сол ғана батыр деген мағынаны берудің 

бірден-бір амалы сөз тәртібі арқылы жүзеге асып тұр. Егер «ол 

туырлығыңды  тілер,  ол  [туырлығыңды]  тіліп  тоқым  қылар» 

деген  тәртіппен  берілсе,  мұнда  белгілі  бір  батырды  атап, 

сескендіру мәні болмай, жай ғана констатациялау болып шығар 

еді. Сол сияқты Абай:

Жыл жиылып, қартайтып қылғаны – бұл (I, 201), –

дегенінде,  бұл  деген  есімдік  бастауышты  тармақ  соңына 

келтіріп, алдыңғы жолдарда айтылған – «күн жиылып ай бо-

лып, он екі ай жиылып, жыл болып, жылдар жиылып, қартайған 

өмір  болады»  деген  пікіріне  екпін  түсіріп  тұр  (осылардың 

барлығын бұл деген бастауышқа қазықтаған).

Дегенмен  сөйлемнің  тұрлаулы,  басты  екі  мүшесінің  өзара 

орын  алмасуы  тұрлаусыз  мүшелердің,  оның  ішінде  пысық- 

тауыш пен толықтауыштың, өздері қатысты сөздерімен орын 

алмастыруынан  жиі  кездеспейді.  Әсіресе,  қимыл-сын,  мезгіл 

және  үстеуден  жасалған  мекен  пысықтауыштар  мен  жана-



322

ма  толықтауыштардың  өздері  қатысты  сөзден  соң  орнала- 

суы жиі қолданылады. Бұған осы мүшелердің әдеттегі орын-

дарында  тұрғанда  да,  бірсыдырғы  еркіндікке  ие  екендіктері 

де себепкер болса керек. Яғни бұл тұрлаусыз мүшелер өздері 

қатысты  сөзден  едәуір  алшақтап,  екі  араға  өзге  мүшелерді 

қатыстырып  қолданыла  беретін  қасиеті  өлеңді  сөйлемдерде 

бұлардың мүлде «секіріп», «арт жаққа» шығып кетуін едәуір 

жеңілдететін  тәрізді.  Бұл  үшін  ырғақ  пен  ұйқас  талабы 

жеткілікті. Мысалы:

Қаз-тырна қатарласып қайтса бермен (І,71)

егендегі  пысықтауыштың  қайтса  сөзінен  соң  тұруын  ұйқас  

талап етіп тұр (бермен – керуен – серуен),

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін (I, 71) –

дегендегі тармақ соңына шығып кеткен толықтауыш та ұйқас 

талабын орындап тұр (иін – киім – үйін). Көңіл аударатын жай 

–  инверсияның  бұл  түрлерінде  орнынан  ауысқан  мүше  көбі- 

несе  тармақтың  ең  соңына  келтіріледі,  бұған,  бір  жағынан, 

осы инверсияның ұйқас талабынан туғандығы себепкер болса, 

екінші жағынан, біздіңше, ең соңғы сөзге көп ретте белгілі бір 

екпін түсірілетін тәрізді:

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (I, 67), –

дегенде автордың негізгі көңіл аударайын дегені – ескі би, ескі 

ақынның тек өздерін атау емес, олардың өлеңге деген қатысын 

көрсету, сондықтан ақын пысықтауыштарға екпін түсіру үшін 

оларды жол соңына шығарғанға

 

ұқсайды.



Сөйтіп,  бір  тармақ  ішінде  бастауыш  пен  баяндауыштың 

және пысықтауыш, толықтауыш пен олар бағынатын мүшенің 

әдеттегі орындарын алмастырып келуі – әрі жиі, әрі үйреншікті 

тәсіл. Бұл – жалпы қазақ поэзиясы синтаксисіне тән құбылыс. 

Бұл инверсияны тудыратын мотивтер көбінесе ырғақ пен ұйқас. 

Демек, бұл – жалпы өлең табиғатынан туатын кәнігі инверсия.

Біздіңше,  инверсияның  екінші  түрі  бұдан  едәуір  өзгеше 

болып  келеді.  Оған  анықтауыш  пен  анықталғыш  сөздің,  кө- 

мекші етістікпен келген тіркестер мен тұрақты тіркес компо- 

ненттерінің өзара орын алмасып келуі жатады. Түркі тілдерін- 

де анықтауыштың орны әлдеқайда тұрақты екендігі аян, кей-


323

де белгілі бір сөздің анықтауыштық қызметі тек қана позиция 

арқылы  жүзеге  асатыны  мәлім.  Сондықтан  әдеттегі  (проза- 

дағы)  нормада  анықтауыш  тек  қана  анықтайтын  сөзінен  бұ- 

рын орналасады және екі араға өзі тектес өзге анықтауыштар 

болмаса, басқа мүшелерді енгізбейді. Анықтауыштың осы қа- 

сиетіне  поэзия  синтаксисі  де  қорғана

 

қарайды. Өлеңде  анық- 



тауыштың  инверсиялануы  әлдеқайда  кем  ұшырайды.  Деген-

мен  орын  алады.  Анықтауышты  қалыпты  орнынан  жылжы-

тып инверсиялау арқылы ақын көбінесе оны ритмика жағынан 

оқшаулап, екпін түсіретін тәрізді:

Сұр бұлт//түсі суық//қаптайды аспан (І,71), –

дегенде күзгі бұлттың түсі суықтығы баса айтылуы үшін мұны 

білдіретін элементтер (түсі суық деген анықтауыш) ритмика-

сы жағынан оқшауланып тұр. Ол оқшаулық инверсия арқылы 

жүзеге асырылған.

Сіз – қырғауыл жезқанат (I, 104). 

Түрлі дауды жүз тарау (I, 78), –

тәрізді  жолдарда  да  инверсияланған  анықтауыштар  ритмика-

интонация  жағынан  айқын  бөлініп  тұр.  Анықтауыштардың 

ұйқас  талабына  сай  инверсиялануы  да,  біздіңше,  жоқ  емес, 

бірақ өте сирек және көбінесе қосымшалы сөзден болғандары 

тармақ соңына шығарылады:

Тойған есек шөпті оттап маңайдағы, 

Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы (II, 127). 

Қарасам, қаңғыртар жұрт бұл заманғы (II, 103).

Анықтауыш  пен  анықталғыш  сөздің  арасына  өзге  мүше- 

лердің келтірілуі де инверсияға жатады. Абай өлеңдерінде бұл 

едәуір жиі ұшырайды:

Жасынан білер ескі шалдың мінін,

Аптық жерін, ақылға кеш енгенін (II, 103).

Бұл жерде ескі деген анықтауыш шал сөзіне қатысты емес 

(қазақ  тіліне  ескі  шал  деген  тіркестің  тән  еместігін  Абай-

дай  сөз  шебері  жақсы  білсе  керек),  мін  сөзіне  қатысты  (бұл 

–  Лермонтовтың  «Богаты  мы,  едва  из  колыбели,  ошибками  

отцов  и  поздним  их  умом»  деген  жолдарының  аудармасы.  

Лермонтов, I, 32). Сондай-ақ:



324

Сөз ұғарлық кем кісі (I, 132).



Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп (I, 67), 

деген  жолдарда  да  анықтауыш  пен  анықталғыштың  арасына 

өзге мүшелер келтірілген.

Кейде  анықтауыш  пен  анықталғыш  екі  тармаққа  орналас- 

қан болып келеді. Мұндайда да араларына өзге мүшелерді са-

лып, инверсия жасау бар:



Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (І, 96), –

дегенде «көкірегі сезімді, тілі орамды жастар» тіркесінің ара-

сына өзге сөздер түсіп тұр. Кейде еселенген (двойное) инвер-

сиялар кездеседі. Мысалы:

Алмасы өкпе болар қол батпаған (I, 24), –

дегенде  қол  батпаған  деген  анықтауыш  өкпе  сөзіне  емес, 



алмаға қатысты. Ол әрі анықталғыштан кейін орналақан әрі екі 

ортаға өкпе болар деген баяндауышты салған.

Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық (I, 37), –

дегенде де еселенген инверсия пайда болып тұр.

Қабыса байланысқан мүшелердің арасына бөгде сөз келті- 

ріп инверсиялау, тегінде, ырғақ пен өлшем мүддесінен туады. 

Өлең синтаксисі мұндай тәртіпті көтергенімен, кейде сөйлем 

мағынасын ауырлатып, ойды түсінуге қиындық келтіреді. Мы-

салы:

Орынсыз адамдармен жыртақтаған (I, 24), –

дегенде, орынсыз сөзі адам сөзіне қатысты ма, әлде автор орын-



сыз жыртақтау дегенді айтып тұр ма? Сірә, соңғысы болса 

керек, демек, мұндағы инверсия ритмика-интонациялық мис-

сиясын дұрыс атқарып тұрғанмен, айтылмақ ойдың мағынасын 

күңгірттеп тұр.



Маяны самұрық қонды тасқа апарып (I, 279), – дегенде де 

инверсия  тек  ырғақ  талабымен  орындалған,  бірақ  сөйлемнің 

түсініктілігіне нұқсан келтірілген.

Көмекші  етістікпен  келген  тіркестердің  арасына  өзге  сөз 

салып  немесе  орындарын  өзара  алмастырып  инверсия  жасау 

тәсілі де сирек болса да ұшырайды:

Кімге достық көп еттім (I, 108). 

Болды да сыйлап ас бермек (II, 132). 


325

Адаммен сонан бері болды кекті (II, 118). 

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман (I, 28). 

Қабырғалы, жотасы болса күшті (I, 47).

Сағаттың шықылдағы емес ермек (I, 201).

Инверсияның  бұл  түрлерінің  барлығы  да  –  ритмика-инто- 

нациялық  талаптан  жасалғандар.  Мына  мысалда  7  буын-

ды тармақ екі бунаққа бөлінуге тиіс болса, оның бунақтарын 

4+3+4 етіп бөлу үшін тек қана инверсия жәрдемдесіп тұр.

Көкірегі /сезімді/ тілі орамды

Жаздым үлгі /жастарға/ бермек үшін.

Абайда бұл ретте жүйелі түрде келетін инверсияның тағы 

бір  түрі  бір  тармаққа  орналастырылған  параллель  бірыңғай 

мүшелердің арасына сөйлемнің өзге мүшелерін келтіру арқылы 

жасалған:

Қаны қара бір жанмын, жаны – жара (I, 223).

Онда оны алдайды, мұнда – мұны (I, 161).

Ездің басы қаңғырсын, ердің – көңлі (I, 203).

Біреу астық алады, біреу – маржан (I, 43).

Сыртқа пысық келеді, көзге – сынық (I, 38). 

Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың (I, 31).

Бұлардың  барлығында  да  бірыңғай  мүшелер  екі  сөзден 

құралған  тепе-тең  параллель  конструкциялар  болып  келеді 

де  ол  екеуіне  қатысты  мүше  көбінесе  жалғыз  сөзден  тұрып, 

араларына  келтіріледі.  Бұл  инверсияны  тудырып  тұрған  бір 

қарағанда  ырғақ  мотиві  ғана  тәрізді.  Ақын  бұл  жерде  үш 

бунақтан  тұратын  тармақтың  алғашқы  екі  бунағын  4+3  етіп 

құруды көздеген сияқты болып көрінеді. Бірақ, біздіңше, бұл – 

бірден-бір себебі емес. Рас, Абай 11 буынды өлеңдерінде соңғы 

бунағы  төрт  буынды  болып  келгенде,  алдыңғы  екі  бунақтың 

орындарын алмастырып, өлең ырғағын құбылтып отырған

114


Абай өлеңдерінің ырғағын тұңғыш зерттеуші I.Жансүгіров те 

осыны  атап  көрсетеді

115


.  Жоғарыда  келтірілген  мысалдарда 

тармақтың өлшемі 4+3+4 болып құрылған болса, мына мысал-

дарда 3+4 + 4 болып келген, ол үшін инверсия жасаған:

Сеніскен /досым да жоқ,/ асығым да (І, 56). 

Қарсылық /күнде қылған/ телі-тентек (I, 33). 

114


 Ахметов3. Көрсетілген кітап. 90, 294, 312-бб.

115


 Жансүгіров I. Абайдың сөз өрнегі// «Әдебиет майданы», 1934. № 11–12.

326

Базарға /қарап тұрсам/ әркім барар (I, 43).

Ритмика-интонациялық  жағынан  құбылту  қажеттігі  бұл 

жерде, біздіңше, аздық етеді. Абай, әсіресе, бірыңғай параллель 

екі мүшені тармақтың екі шетіне жіберіп, инверсия жасағанда, 

айтылмақ  ойдың  белгілі  бір  бөлігіне  екпін  түсіру  мақсатын 

да  көздегенге  ұқсайды.  Екіге  бөлінген  бірыңғай  екі  мүшенің 

аралары  бір-бірінен  сәл  болса  да  қашықтағанда,  олардың 

ритмикалық  әуені  оқшауланып,  айқындала  түсетін  тәрізді. 

Оның  үстіне,  3.Ахметов  топшылағандай,  мүмкін,  бірінші 

бунақтағы  сөздер  әлдеқайда  күштірек  бөлініп  көрінетін  бо-

лар


116

. Сондықтан бірыңғай мүшелерді осылайша 1-бунақ етіп 

бастап, оған көңіл аударып алып, әрі қарай араларына өзге мүше 

қатыстырып,  негізгі  ой  екпінін  түсіру  мақсаты  көзделгенге 

ұқсайды. Біздіңше, тіпті соңғы бунақ күшті оқшауланатын тә- 

різді,  өйткені  грамматикалық  құрылысы  жағынан  екі  бірың- 

ғайға ортақ сөз алдыңғы компонентке қосылады:

Қаны қара бір жанмын...

Онда оны алдайды... 

Сыртқа пысық келеді...

Әрі  қарай  жалғастырылған  бірыңғай  мүшенің  екінші 

сыңары интонация жағынан да, грамматикалық орны жағынан 

да оқшауланып, өзіне көңіл аударады:

Қаны қара бір жанмын /жаны – жара.

Онда оны алдайды /мұнда – мұны.

Тегі, Абай бір жолда берілген бірыңғай мүшелермен қатар 

сөйлемнің соларға қатысты тағы бір мүшесі келген жағдайда 

екі бірыңғайды бөліп жіберу тәсілін жүйелі түрде қолданған, 

яғни бұл – Абайда система болып келеді. Тіпті, Абай жоғары- 

да  келтірілгендей,  бір  пішіндес  таза  параллель  бірыңғай  мү- 

шелерді  ғана  (қаны  қара  –  жаны  жара;  онда  оны  –  мұнда 

мұны) емес, күрделі мүшенің өзін (бірақ бірыңғай типтес) екіге 

бөліп жіберуден де қашпаған. Мысалы:



Мықшима аяғымда былғары етік (I, 164). 

Тон қабаттап кигенім шидем шекпен (І,164).

Үлкен кісе жанымда жез салдырған (І,164).

Бұлардың барлығында да – екіге бөлінген сөздер тобы бір- 

ыңғай  типтес  күрделі  мүшелер:  аяғымда  мықшима  былғары 

116


 Ахметов3. Көрсетілген кітап. 81-б.

327

етік, жанымда жез салдырған үлкен кісе... т.т. Жалпы, «жүз 

жылғы  өткен»  ескі  киімдер  туралы  жазылған  осы  өлеңде 

инверсия  едәуір  мол.  Мұнда  этнографиялық  суреттеу  үшін 

келтірілген бірыңғай немесе күрделі мүше болып тұрған киім, 

құрал-сайман атаулары мол, соларды автор өзі сүйген тәсілмен 

бір  тармақтың  екі  жағына  орналастырып,  айтпақ  ойының 

әсерлі түрде жетуін көздеген тәрізді.

Міне,  бұлардың  барлығы  –  бір  тармақ  ішіндегі  инвер-

сия  түрлері.  Инверсияның  келесі  түріне  тармақтар  арасын-

да  жасалатындары  жатады  Екі,  кейде  үш  тармақта  берілген 

бір  сөйлемнің  мүшелері  немесе  компоненттері  (егер  сөйлем 

құрмалас болса) әдеттегі орындарынан ауыстырылып берілуі 

де – жалпы өлең табиғатына тән белгі. Мұны тудыратын мотив- 

тердің бірі – ұйқас пен ырғақ болса, екіншісі – автордың белгілі 

бір стильдік мақсатты көздеуі болады. Абайда, әсіресе, екінші 

мотив айқын сезіледі. Себебі тармақаралық инверсия Абайдың 

бірқатар  өлеңдерінде  бастан-аяқ  жүйелі  түрде  келтірілген. 

Мысалы, «Менсінбеуші ем наданды» деген өлеңінің көптеген 

шумақтарында бір сөйлем екі жолдан қамтылған да (оған абаб 

ұйқасы көмектеседі), ол жолдар өзара инверсияланған: бірінші 

жолда  сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелерден  тұратын  негізгі 

бөлігі  берілген,  екінші  жолға  тұрлаусыз  мүшелердің  бірі, 

көбінесе қимыл-сын пысықтауыш немесе бағыныңқы сөйлем 

орналасқан:



Менсінбеуші ем наданды,

Ақылсыз деп қор тұтып.



Түзетпек едім заманды,

Өзімді тым-ақ зор тұтып (І,140).

«Жастықтың  оты,  қайдасың?»,  «Жүрегім  менің  қырық 

жамау»,  «Мәз  болады  болысың»,  «Желсіз  түнде  жарық  ай», 

«Есіңде  бар  ма  жас  күнің»,  «Болды  да  партия»,  «Антпенен 

тарқайды» т.б. 7-8және 6 буынды өлеңдері бастан-аяқ дерлік 

тармақ  аралық  инверсияға  құрылған.  Бұлардың  барлығында 

да  1-тармақта  негізгі  ойдың  констатациясы  беріледі,  яғни 

сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелері  немесе  құрмалас  сөйлемнің 

басыңқысы алғашқы жолға орналасады:



328

Антпенен тарқайды,

Жиылса кеңеске.



Ор қазып байқайды

Туа жау емеске (I, І58).



Өлді кейі, кейі жау,

Кімді сүйсе, бұл жүрек (I, 229).

Абай  бұл  тәсілді  жүйелі,  өнімді  түрде  бекер  қолданбаған 

сияқты. Біздіңше, синтаксистік құрылысы жағынан екі немесе 

бірнеше  жолдан  топталатын  шумақта  немесе  өлең  бөлікте- 

рінде логикалық ой екпіні алдыңғы тармаққа түсетін тәрізді. 

Жоғарғы  аталған  өлеңдердің  барлығында  да  алдыңғы  тар- 

мақтар – автордың негізгі айтпақ ойы. Және динамикалық іс-

әрекет  емес,  статистикалық  жай-күй  суреттелген  өлеңдерде 

логикалық  екпін  бірінші  жолға  түсіріледі.  Мысалы,  «Желсіз 

түнде жарық ай» өлеңінде табиғат жарық айдың сәулесі суда 

дірілдеген  тыныш  қалпында,  адамдар  (ғашық  жастар)  бір-

біріне  аулақта  жолығысып,  «иегі  тамаққа  кіріп»  құшақтасып 

тұрған статикалық күйінде суреттеледі.

Соған орай бұл өлеңдегі шумақтардың барлығында да осы 

күй-қалыпты білдіретін негізгі ой әр бөліктің (екі жолдың) ба-

сында берілген:

Желсіз түнде жарық ай 

Сәулесі суда дірілдеп... 



Келмеп пе едің жол тосып 

Жолығуға аулаққа?...



Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі? (I, 77).

Бұл  тәсіл  әсіресе  өз  замандастарының  портретін  жасаған 

өлеңдері  мен  лирикалық  геройдың  ішкі  көңіл-күйін  суретте-

ген  шығармаларында  кең  қолданылған.  Өйткені  бұларда  ди-

намикалы іс-әрекетті суреттеу емес, жай констатация, баяндау 

басым,  яғни  алдыңғы  планда  іс-әрекеттің  орындалуы,  қалай 

орындалуы емес, сол іс-әрекеттің суреттеп отырған адамға тән 

екендігін ғана көрсету бар. Мысалы:

Мәз болады болысың

Арқаға ұлық қаққанға.


329

Шелтірейтіп орысың

Шенді шекпен жапқанға (I, 84), –

деген шумақ егер инверсиясыз былайша берілсе (бұдан ұйқас 

та, өлшем де бұзылмас еді):

Арқаға ұлық қаққанға 

Мәз болады болысың.

Шенді шекпен жапқанға 

Шелтірейтіп орысың.

Бұл құрылыста логикалық ой болыстың өзі емес, қалайша 

орындалған  іс-әрекетіне  түсер  еді.  Ал  автордың  көздегені, 

негізгі  айтпағы  –  арқаға  ұлықтың  қағуы  туралы  емес,  сол 

ұлық  арқасына  қағып,  болыс  қойған  адамның  өзі  туралы, 

оның  надандығы,  ар-ұятын  сатып,  «бойының  қасиетін  бекер 

төккендігі» туралы.

Бұл  өз  замандасы  –  болыстың  ішкі  портреті  болса,  лири- 

калық  геройдың,  өзінің  ішкі  жан  дүниесінің  портретін  бер-

ген «Жүрегім менің қырық жамау» деген өлеңі де – осындай: 

бірінші тармақтарда ішкі күйдің өзі баяндалады, ал ол күйдің 

неден,  қайтіп,  неге  байланысты  екені  екінші  планда,  екінші 

тармақта:

Жүрегім менің қырық жамау 

Қиянатшыл дүниеден. 



Қайтіп аман қалсын сау 

Қайтқаннан соң әрнеден (I, 229).

Бұл жерде де айтылмақ негізгі ой – «қырық жамау жүректің» 

өзі туралы, сондықтан ақын, біздіңше, инверсияны әдейі, ар-

найы  қолданған.  Осы  типтес  өлеңге  тағы  бір  тамаша  мысал 

бола  алатын  –  «Қор  болды  жаным».  Мұнда  алты  тармақтың 

алғашқы  төртеуінде  лирикалық  геройдың  ішкі  жан  дүниесі 

статикалық  түрде  баяндалған  да  соңғы  екеуінде  сол  күйден 

шығатын қорытынды пікір айтылған. Бұл өлеңнің синтаксистік 

құрылысы  да  осыған  орай  екіге  бөлінеді:  алдыңғы  төрт  жол 



абаб ұйқасты екі бөліктен тұрған да әрқайсысы тармақаралық 

инверсиямен құрылған:



Қор болды жаным

Сенсіз де менің күнім.



330

Бек бітті халім

Тағдырдан келген зұлым (I, 99).

Ал соңғы екі жолдың қорытындыда инверсия жоқ:

Тағдыр етсе Алла,

Не көрмейді бәндә.

Өлең бұл тәртіпті бастан-аяқ сақтайды.

Инверсияны  өлең  мазмұнына  қарай  пайдалану  жағынан 

өте  бір  қызық  шығарма  –  «Ғылым  таппай  мақтанба».  Бұл  – 

композициялық  құрылысы  жағынан  екіге  бөлінеді.  Ұйқас  та 

осы композицияға сәйкес, әр бөлік бір ғана ұйқаспен құрылған. 

Алғашқы бөлікте – шарт қойыла айтылған ақыл, соңғыда – жай 

ғана шартсыз тілек. Алдыңғы бөлік бастан-аяқ тармақ аралық 

инверсиямен берілген:

... Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге... 

Бес нәрсеге асық бол, 

Адам болам десеңіз... (I, 44).

Екінші бөлікте инверсия жоқ:

Мұны жазған кісінің

Атын білме, сөзін біл...

Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма (I, 45, 46).

Айтылмақ  негізгі  ойды  дәл,  айқын,  екпін  түсіре  жеткізу 

үшін  инверсияны  пайдалану  Абайдың  әсіресе  шағын  буын-

ды  абаб  ұйқасты  өлеңдерінде  көзге  түседі.  Мұндайда  негізгі 

ойды білдіретін сөйлем мүшелері алдымен (алдыңғы тармақта) 

келеді де тұрлаусыз мүшелер, әсіресе қимыл-сын пысықтауыш 

не бағыныңқы екінші орында айтылады:



Әуремін мен тыя

Дауың мен шарыңды. 



Құрбыдай хош тұттым 

Жасың мен кәріңді. 



Жоқтамай ұмыттым 

Ақыл мен нәріңді (I, 220).

Бұл типтес өлеңді инверсиясыз құрса да, өлеңдік белгілері 

бұзылмас  еді:  абаб  ұйқасын  құраған  жолдар  баба  болып 

орналасқан болар еді. Бірақ екеуінің модальдық реңкі екі түрлі 


331

болары  даусыз.  Бірінші  инверсиялы  вариантта  суреттелмек 

ойдың өзі бірінші орында, негізгі көңіл лирикалық геройдың 

психологиялық,  моральдық  күй-қалпын  білдіруге  арналады, 

сондықтан  да  «әуремін  мен  тыя»,  «құрбыдай  хош  тұттым», 

«ортаға кеп салдым» т.т. конструкциялар бірінші болып айты-

лады.

Әрине,  Абай  тармақ  аралық  инверсияны  тек  логикалық 



екпінді  бірінші  орынға  қою  үшін  ғана  қолданбаған.  Сірә, 

біздің байқауымызша, ақын -ып жұрнақты көсемшемен келе- 

тін конструкцияны (қимыл-сын пысықтауышты немесе бағы- 

ныңқыны)  екінші  тармаққа  орналастыру  арқылы  тағы  да  бір 

екпін қоюды көздеген. Атап айтқанда, мұндай өлеңдерде -ып 

жұрнақты  көсемше  ұйқас  құраушы  элемент  болып  келеді  де 

өздері белгілі бір модальдық қызмет атқарады: олар (көсемше 

ұйқастар)  не  оқиға,  іс-әрекетке  динамикалық  реңк  береді,  не 

іс-әрекеттің  орындалу  амалына  көңіл  аудартады.  Мысалы: 

«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап», «Байлар жүр жиған 

малын  қорғалатып»  деген  өлеңдері  бастан-аяқ  инверсиямен 

құрылған:  бұларда  әрбір  2-тармақ  -ып  жұрнақты  көсемшеге 

аяқталып, тұтас ұйқас түзейді, екеуінде де көсемшелі тармақтар 

оқушының  назарын  өзіне  аударатындай  экспрессивтік  мәнді 

болып  келеді,  тіпті  эмоциялық-экспрессивтік  реңк  көсемше 

тұлғасында тұрған етістіктің семантикалық бояуы арқылы да 

күшейе  түседі:  бұл  етістіктердің  көпшілігі  әр  алуан  кекету, 

кеміту, ирониялау т.т. мәнді болып келеді (шықылықтап, бос 



салақтап, ыржақтап, бұтып-шатып, Құдай атып т.т.)

Біздің  бұл  топшылауымызды  Абайдың  өзге  өлеңдері  де 

дәлелдей  түседі.  Мысалы,  «Болыс  болдым,  мінекей»  деген 

шығармасында  өткен  шақ  көсемше  тұлғасынан  жасалған 

қимыл-сын  пысықтауыштар  немесе  бағыныңқының  баянда-

уыштары  тармақ  соңында  келіп  ұйқас  құрайды.  Осы  тәсіл 

арқылы  ақын  осы  сөздерге  көңіл  аудартады  және  бұлардың 

көпшілігі әр алуан экспрессивтік мәні бар образды етістіктер 

болып келеді. Бұл өлең, жоғарыда талдадық, бірнеше шоғырдан 

тұрады.  Солардың  ішінде  I,  II,  IV  шоғырлары  болыстың 

портретіне арналған. Жағымсыз болыстың портретін эмоция-

лы түрде жеткізу үшін ақын әрі шыбындап, суылдап, дікілдеп, 



лепілдеп,  күпілдеп,  далпылдап,  барқылдап,  тарпылдап  т.т. 

332

тәрізді образды етістіктерді алса, әрі бұларды тармақ соңына 

шығарып,  оның  үстіне  ұйқас  жасаушы  элемент  етіп,  оларға 

ерекше  екпін  түсіріп,  көңіл  аудартады.  Бұлардың  барлығын 

стильдік инверсиялар деуге болады. Стильдік инверсияға тек 

көсемше  формалы  мүшелер  ғана  емес,  өзге  де  тұлғалардан 

жасалған  басқа  мүшелер  де  ұшырайды.  Мысалы,  «Ем  таба 

алмай»  өлеңінде  шумақтың  ең  соңғы  тармағы  болып  тұрған 

және ең соңғы сөзі болып тұрған бөлігі көбінесе инверсияланған 

тұрлаусыз мүше болып келеді:

Сөз аша алмай

Бендеге...

Тұра қаштым



Жалма-жан... (I, 115).

Инверсияға байланысты көзге түсетін жайт – Абайдың әр 

алуан  (аралас)  буынды  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысы- 

ның проза нормасына жуық келетіндігі. Яғни бұлардағы шумақ 

етіп  ұйымдастырылған  сөйлем  мүшелерінің  орын  тәртібінде 

инверсия жоққа тән, бұлар ұйқастырылған қара сөз іспетті. Мы-

салы, «Бай сейілді» өлеңінің шумақтарын ешбір сөзін орнынан 

қозғамай  қара  сөз  етіп  жазсақ,  сол  күйінде  дұрыс  құрылған 

сөйлем болып шығады: «Өзі ұлыққа қадірі жоққа қарамай, өз 

халқына сөз қайырмай, жөнді айырмай жұртқа шабар талпы-

на»; «Бай сейілді, бір бейілді елде жақсы қалмады; елдегі еркек 

босқа селтек қағып, елін қармады». Бұларда инверсия өте аз: 

алты жолға берілген сөйлемде бірер жерде ғана инверсия бар: 

1-шумақта талпына шабар сөздерінің орны алмасқан, екіншіде 



елде  сөзі  сөйлем  басында  тұруға  керек  еді.  Ал  қалған  жерде 

сөйлем мүшелері өздерінің әдеттегі орындарында тұр. «Ем таба 

алмай» өлеңі де – осындай: тек шумақтың соңғы сөзі (әрі соңғы 

тармағы)  болып  тұрған  сөйлем  мүшесі  ғана  инверсияланған, 

қалған мүшелері өз орындарында: «Босқа именіп, текке ұялып, 

кімді көрсем, мен сонан бетті бастым, тұра қаштым (жалма-



жан)». Әсіресе, «Сен мені не етесің?», «Сырмақ қып астына», 

«Бойы  бұлғаң»,  «Тайға  міндік»,  «Кешегі  Оспан»  тәрізді  ара-

лас  буынды  өлеңдері  интонациялық-синтаксистік  құрылысы 

жағынан  қара  сөзбен  сөйлеу  нормасына  құрылған,  бұларда 

тармақаралық инверсия мүлде жоқ, тармақ ішіндегі инверсия 

да кемде-кем.



333

* * *


Сөйтіп, инверсияның ең жиі қолданылған жерлері – баста-

уыш  пен  баяндауыштың  орын  алмастыруы,  анықтауыштан 

өзге  тұрлаусыз  мүшелердің  өздеріне  қатысты  сөзбен  орын 

алмастырып  келуі  және  көмекші  етістікпен  келген  тіркес 

компоненттерінің  бір-бірімен  орын  ауысуы  көбінесе  ұйқас 

пен  ырғақ  мотивінен  туады.  Бұл  –  жалпы  қазақ  өлеңіне  тән 

тәсіл. Абай мұны еркін пайдаланған. Ал бірыңғай мүшелердің  

арасына  өзге  сөз  қатыстыру  немесе  анықтауыш  пен  анық- 

талғыштарды  бір-бірінен  алшақтатып  (арасына  өзге  сөздерді 

кіргізіп) жіберу және тармақ аралық инверсия жасау – ырғақ, 

ұйқаспен қатар, стильдік мақсатты да көздей орындалады. Ол 

мақсат көбінесе белгілі бір мүшеге немесе сөйлем бөлігіне ерек-

ше екпін түсіруде, назар аудартуда болады. Белгілі бір система 

болып  кездесетін  кейбір  инверсия  түрлері  –  Абайдың  әдейі 

қолданған, жазба поэзия тіліне енгізген өз ерекшелігі. Ол – екі 

бірыңғай мүшені араларына өзге мүше салып, тармақтың екі 

басына шығару тәсілі. Мұнда жалғыз ырғақ талабы әлсіз, бұл 

жерде ақынның көздегені – стильдік мотив. Өйткені мұндайда 

1-бунаққа кейде төрт буынды бөлік орналастырылса, кейде үш 

буынды орналастырылады. Және көбінесе ырғақ үшін бәрі бір 

тәрізді болады. Мысалы:

   3    


4  

 



Базарға /қарап тұрсам/, әркім барар,

   4    


3  

 



Іздегені /не болса/, сол табылар.

   4                    3                   4

Біреу астық /алады/, біреу – маржан,

      3                 4                     4

Әркімге /бірдей нәрсе/ бермес базар (I, 43), –

дегенде тармақтардың бунақ өлшемі бірде 4 + 3-+4, бірде 

3+4+4 болып құбылып отыру үшін инверсия жасалды делік, ал 

бунақ өлшемі 4+3+4 болып бірдей келген мына шумақтағы ин-

версия ырғақ талабынан туып тұр ма:

   4                    3                  4 

Онда оны /алдайды/, мұнда – мұны,

   4                    3                     4 

Жанын берсе /табылмас/ сөздің шыны.


334

   4                       3                    4 

Алты жақсы /жүз жылқы/ болған басы,

   4                       3                   4 

Бір семіз ат /болады/ оның құны (І,161).

Біздіңше, «Біреу астық алады, біреу – маржан»; «Онда оны 

алдайды,  мұнда  –  мұны»  типтес  конструкцияларда  ақын  ин-

версияны  бірыңғай  мүшелерге  екпін  түсіру  үшін  қолданған: 

екіге жарылған бірыңғай мүшелердің соңғы сыңары өз орны-

нан айырылып, құлаққа оқшау естіледі де еріксіз өзіне қатысты 

өзге  сөздерді  іздетеді.  Абайда  бұл  тәсіл  өте  жиі,  жүйелі 

түрде  қолданылған.  2-3  жерде  болмаса,  қалған  жағдайдың 

барлығында да бірыңғай мүшелер екіге жарылып берілген.

Сондай-ақ тармақаралық инверсиялардың белгілі бір түрі, 

атап айтқанда, сөйлемнің негізгі екпін аударылатын бөлігінің 

алғашқы  тармаққа  орналастырылуы  –  Абайда  тағы  да  систе-

ма. Әрі бұл – ырғақ пен ұйқас талабынан асып, стильдік та-

лапты  қоса  атқарған  тәсіл.  Әсіресе,  аз  буынды  тармақтарда 

ақын инверсия арқылы негізгі айтпақ ойына көңіл аудартуды, 

тыңдаушыға  эмоциялық-экспрессивтік  жағынан  әсер  етуді 

қамтамасыз етеді:

Болды да партия

Ел іші жарылды.

Әуремін мен тыя, 

Дауың мен шарыңды (I, 220), –

типтес тармақтарда сыпыра инверсия: бір тармақтың өз бой-

ында да (болды да партия, әуремін мен тыя), тармақтар ара-

сында  да  (соңғы  тармақтағы  толықтауыштарды  қараңыз) 

пайда  болып  тұр.  Осы  арқылы  ақын  бұл  сияқты  өлеңдердегі 

лирикалық  геройдың  іс-әрекетіне  назар  аудартады  әрі  инвер-

сия өлеңге шорт кеспе (резкость) реңк беріп, оның эмоциялық 

әсерін күшейтеді. Логикалық екпін түскен сөйлем бөлігін басты 

тармақ  етіп  орналастырғанда,  ол  кейде  әсіресе  синтаксистік 

тұтастық екіден көп жолдарға орналасқанда, сол тұтастықтың 

тірегі, арқауы іспетті рөл атқарады. Мысалы:

Есіңде бар ма жас күнің, 

Көкірегің толық, басың бос. 

Қайғысыз, ойсыз мас күнің? 

Кімді көрсең, бәрі дос (І,228), –



335

дегенде бірінші тармақ – 4 жолдық тұтас шумақтың, яғни бір 

шумақта берілген синтаксистік тұтастықтың каркасы (арқауы): 

қалған  үш  жол  –  жас  күн  дегенге  қатысты  инверсияланған 

анықтауыштар немесе анықтауыш сипатындағы құрылымдар. 

Мұндай  каркастық  қызмет  атқаратын  конструкцияны  шумақ 

басына шығару Абайда едәуір жүйелі түрде келеді. Мысалы, 

жоғарыдағыдай  тұтас  тармақ  болмайтын  арқаулар  да  кезде- 

седі,  бірақ  олар  да  инверсияланып,  негізгі  айтылмақ  тұтас 

ойдың басына орналасып, ұйымдастырушы қызмет атқарады:



Дос алады, бермесең – бұлт берем деп, 

Жауыңа қосылуға сырт берем деп, 

Бұзылған соң мен оңай табылмаспын, 

Не қылып оңайлықпен ырық берем деп (I, 28).

Бұл  жердегі  синтаксистік  тұтастықтың  ұйытқысы  –  «дос 

алады»  деген  конструкция.  Қара  сөз  тәртібінде  бұл  деп-ке 

біткен құрылымдардың бәрі жинақталып, ең соңында берілер 

еді.  Оның  инверсияға  ұшырап,  шумақ  басына  шығарылуы  – 

біріншіден, каркастық қызмет атқарса, екіншіден, негізгі ойға 

(достың  да  алармандардың  бірі  екендігіне)  екпін  түсіру,  на-

зар  аудару  міндетін  атқарады  (одан  кейін  орналасқандар  сол 

тұжырымның  –  достың  да  аларман  екендігінің  –  неліктен, 

қайтіп,  қашан  екендігін  ғана  баяндайды,  ақын  үшін  негізгі 

логикалық ой – бұлар емес, «достың да алатындығы»).

«Мен  көрдім  ұзын  қайың  құлағанын»  деп  басталатын  ау-

дарма  өлеңінде  де  анаформа  ретіндегі  «мен  көрдім»  шумақ 

басындағы топтаушы тірек болып берілген:

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын... 



Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік 

Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп... (II, 114).

Екі тармақта берілген бір сөйлемнің басты бөлігі (тұрлаулы 

мүшелері  немесе  басыңқы  сөйлемі)  бұрын  орналасуы  осы 

принципке  бағындырылған.  Және  бұл  принциптің  жүйелі 

түрде  келуі  –  қазақ  поэзиясы  синтаксисінің  жаңа  сапаға 

көшкендігінің белгісі әрі бастамасы. Оның иесі мен бастаушы-

сы Абай екендігін көреміз.



336

Жалпы  инверсияны,  оның  ішінде,  бастауыш  пен  баяндау- 

ыштың орын алмасуын сөз еткенде, жол-жолай көңіл аударатын 

және бір жайт бар. Ол – етістіктен болған мүшенің (көбінесе 

баяндауыштың) жалпы өлеңдегі тұратын орны, тұлғасы және 

олардың өлең мазмұнына (идеясына, сипатына) қатысы туралы 

мәселе.

Етістіктен болған мүшелер көбінесе баяндауыш болатыны 



мәлім,  сонымен  қатар  көсемше  тұлғалы  етістіктер  тұрлаусыз 

сөйлем мүшесі (пысықтауыш) болып та қолданылады. Ең ал-

дымен,  етістік  баяндауыштар  туралы.  Қазақ  поэзиясында,  

оның ішінде Абайда да тиянақты сөйлемнің етістіктен болған 

баяндауыштары  екі  түрлі  тұлғада  қолданылады:  ашық  рай-

да  және  -ып  жұрнақты  көсемше  тұлғасында  (ал  бағыныңқы 

сөйлемнің баяндауышы прозадағыдай көсемше, есімше, шарт-

ты рай, тұйық етістік тұлғаларымен келетіндігін ескертуге бо-

лады).

Тиянақты  сөйлемнің  баяндауышы  ашық  райда  қолданыл- 



ғанда,  біздің  байқауымызша,  өлеңнің  мазмұндық  сипатына  

қарай орын талғайтын тәрізді. Егер өлеңде оқиға динамикалық 

күйде  суреттелсе,  ашық  райдағы  баяндауыш  негізінен  тар- 

мақ соңына келтіріліп, ұйқас құрауға қатысады. Мұндай шу- 

мақтарда баяндау сипаты (повествовательный характер) басым 

болады. Бұл тәсіл әсіресе адамның іс-әрекеті мен оқиға, жорық 

т.т.  баяндайтын  өлеңдері  мен  поэмаларында  қолданылғанын 

көреміз.  Мысалы,  қысты  кәрі  шал  –  адам  етіп  суреттеген 

өлеңде  («Ақ  киімді,  денелі,  ақ  сақалды»)  ақын  іс-әрекетті 

динамикалық  түрде  береді,  яғни  қыстың  суықтығы,  бораны, 

бұлты  т.т.  мен  қыстыгүнгі  мал  мен  малшылардың  хал-жайы 

статикалық  күйінде  емес,  қимыл,  әрекет  арқылы  баяндала-

ды, сондықтан мұнда келіп қалды, әлек салды, ажарланды, үй 

шайқалды, теріс айналды тәрізді ашық райдағы етістік баян-

дауыштар тармақ соңына келтірілген. Ал көктемді суреттеген 

осы қатардағы екінші өлеңін («Жазғытұры қалмайды қыстың 

сызы»)  ақын  басқаша  сипатта  ұсынған:  мұндағы  көріністер 

динамикалық қозғалыс үстінде емес, статикалық күйінде, яғни 

суреттеу  арқылы  берілген.  Ол  үшін  де  автор  ашық  райдағы 

етістік  баяндауыштарды  алады,  бірақ  олар  орын  талғап, 

тармақтың ішіне кеткен, демек, ұйқасқа қатыспайды:



337

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі. 

Жан-жануар адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі (І,122).

Әрине, ашық райдағы етістік баяндауыштар тармақ соңын- 

да  –  өз  орындарында  тұрып,  ұйқасқа  қатынасқан  өлеңдердің 

барлығы  түгелімен  тек  іс-әрекетті  қимыл-қозғалыс  үстінде  

баяндау  болып  келмей,  ішкі  портрет  болуы  да  мүмкін,  бірақ 

мұнда  да  сол  портрет  геройдың  қылығы,  іс-әрекеті  арқылы 

беріледі, сондықтан да баяндауыш ұйқастар өлеңге баяндау си-

патын береді. Мысалы, «Көңіл қайтты достан да, дұшпаннан 

да»  өлеңінде  байлар,  саудагерлер,  естілер,  ессіздер,  телі-

тентектер,  құда-тамыр,  дос-жарандар  т.т.  портреттері  бір-бір 

шумақта  беріледі  және  бұл  портреттер  солардың  іс-әрекеті, 

қылығымен  суреттеледі,  сондықтан  да  ақын  баяндау  стилін 

қолданып, жүр сөзі рефрен ретінде келген етістік ұйқастарды 

алады:


Естілер де ісіне қуанбай жүр,

Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.

Ала жылан, аш бақа күпілдектер

Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр (I, 33).

Абайдың  көптеген  өлеңі  –  лирикалық  геройдың  ішкі  жан 

дүниесін  білдіретін  суреттеу  сипаттағы  дүниелер,  сондай-ақ 

енді  бір  тобы  –  жағымды-жағымсыз  замандастарының  ішкі-

сыртқы портретін беретін өлеңдер, қалған тобы өмір, табиғат, 

дін,  білім-ғылым,  адамзаттың  мінез-құлқы  туралы  толғанған 

өлеңдерін  қамтиды.  Бұлардың  барлығында  да  динамикалық 

іс-әрекет  жоқ,  бұларда  белгілі  бір  құбылыстың,  жай-күйдің 

қалыпты  күйі  (статикалық  күйі)  суреттеледі.  Осыған  орай 

бұларда  етістік  баяндауыштар  тармақ  ортасында  не  басында 

келеді.  Бұған  аталған  топтарға  жататын  кез  келген  өлеңінен 

мысал келтіруге болады. Бір ғана мысал: жастық, жас кездегі 

семья, жас жігіттің өз басының қадір-қасиеті туралы жырлаған 

«Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі  қымбат»  деген  өлеңінде  етістік 

баяндауыштар (кейбір бұйрық рай мен -ар тұлғасы түрлерінен 

басқасы) барлық шумақта тармақ ішіне жіберілген:


338

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе, 

Бір

:

сөзімен тұрса екен, жанса, күйсе. 



Қырмызы қызыл жібек бозбалалар 

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе... 

Шу дегенде көрінер сұлу артық, 

Көбі көпшіл келеді ондай қаншық, 

Бетім барда бетіме кім шыдар деп,

Кімі паңдау келеді, кімі тантық... (I, 38, 39).

Етістік баяндауыштар инверсияланып келгенде, өлеңге ба-

яндау  сипатынан  гөрі,  суреттеу  мәнін  беретіндігін  (орыс  по-

эзиясында)  Пушкиннің  «Ескерткіш»  өлеңін  талдаған  акад. 

Л.В.Щерба көрсеткен болатын

117

. Қазақ өлеңінде де тиянақты 



етістік баяндауыштар өз орындарында тұрмай, инверсияланып 

келгенде, іс-әрекеттің өзін баяндау емес, сол іс-әрекетті орын-

даушы затты, құбылысты суреттеу сипатын беретіні байқала- 

ды.


Сөйтіп, өлеңдегі етістік тұлғалы мүшелердің, оның ішінде 

баяндауыштың  орын  талғауы  (инверсияға  түсу-түспеуі)  және 

оның  тұлғасы  көп  сәттерде  өлеңнің  мазмұнына,  сипатына 

тікелей  қатысты  болып  келетінін  Абай  шығармалары  айқын 

танытады. Бұл да – стильдік таңдаудың, әдеби талғамның бір 

түрі және жетілген жазба әдеби тілдің талабы мен белгісі деп 

табамыз.

117


 Щерба Л. В. Избранные работы по русскому языку. - М., 1957. - С. 43.

339


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет