Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТАСЫМАЛ



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТАСЫМАЛ

Өлең  тасымалын

118

  (ғылыми  әдебиетте  enjemdements  деп 



те  беріледі)  тануда  біз  орыс  филологиясының  анықтамасын 

ұстандық. Өлең тасымалы өлеңнің тармағы мен оның синтак- 

систік бөлінісінің шекаралары сайма-сай түспейтін сәттерінде 

пайда  болады,  ашып  айтсақ,  өлеңдегі  белгілі  бір  айтылмақ 

ой (сөйлем) бір тармақтан асып, келесі тармақтың ортасында  

аяқталса  немесе  бір  тармақта  айтылатын  ой  (сөйлем)  оның 

алдындағы  тармақтың  жартысынан  басталса,  ондай  синтак- 

систік құрылым өлең тасымалы

119

 болып шығады. Бір сөйлемнің 



екі  тармаққа  бөлінгенінің  бәрі  өлең  тасымалына  жатпайды. 

Поэзияда,  оның  ішінде  Абайда,  бір  сөйлемнің  екі,  кейде  үш 

жолға  сыйғызылып  берілгені  өте  жиі  кездеседі,  мұндайда  әр 

тармақтың синтаксистік-интонациялық дербестігі болады, де-

мек, тармақтар мен синтаксистік единицалардың шекаралары 

сайма-сай түседі: бір тармаққа орналасатын ол единицалар не 

құрмалас сөйлем компоненттері, не бірыңғай мүшелер, не жай-

ылма мүше болып келетінін жоғарыда көрсеттік. Сондықтан:

Іштегі ескі жалынды

Сөндір жаңа қылықпен (І, 249).

Немесе:

Жанып, сөніп, суынып қалған көңлім 



Қобалжиды хатыңды көрген сайын (II, 80), –

тәрізді тармақтарда тасымал жоқ. Бұларда бір сөйлем екі тар- 

маққа  бөлінгенмен,  әр  тармақ  –  интонациялық-синтаксистік 

бір  единица.  Өлең  тасымалының  негізгі  атқаратын  рөлі  – 

тармақтарды синтаксистік жағынан тұтастыру. Тасымалы бар 

жолдардың бір-бірімен байланысы өте берік болады: бірінсіз 

екіншісінде дербестік жоқ. Қазақ поэзиясы үшін өлең тасыма-

лы – жаңа құбылыс: оның бірқатар нышандары, принципі Абай-

118

 Тасымал деген термин лингвистикада да бар. Фонетика-графикалық категорияны 

білдіретін  бұл  терминді  поэзия  тіліндегі  интонациялық-синтаксистік  категориядан 

ажырату үшін көбінесе өлең тасымалы деп атадық. Бізде әңгіме тек соңғы құбылыс 

туралы болғандықтан, кейде ықшамдап, тасымал деп те атай салдық.

119

  Щерба  Л.В.  Фонетика  французского  языка.  -  Л.,  1936.  -  С.169;  Поспелов 

Н.С.  Синтаксический  строй  стихотворных  произведений  Пушкина.  -  М.,  1960.  - 

С.27-33; Жирмунский В. Композиция лирических стихотворений. - Л., 1925. - С.9; 



Томашевский  В.  Русское  стихотворение.  Метрика//  Вопросы поэтики. - Вып. II. 

- 1923. - С. 78.



340

дан басталып, совет дәуіріндегі поэзияда ғана дамығандығын 

көреміз. Қазақ ауыз әдебиеті мен Абайға дейінгі ақындар по-

эзиясына  өлең  тасымалы  тән  емес.  Өйткені  тасымал  В.  М. 

Жирмунскийдің  көрсетуі  бойынша,  по-эзияның  музыкадан 

ажыраған дәуірінде дамитын құбылыс, ол «говорный стих» деп 

аталатынға тән нәрсе

120


 «Говорный стихтың» алғашқы тенден-

циясын біз Абайдан бастап табамыз. Соған орай тасымалдың 

да алғашқы солғын түрлерін Абай өлеңдерінен іздеуге болады. 

Солғын дейтін себебіміз Абай поэзиясының өзінде де дәл орыс 

өлеңдеріндегідей,  айталық,  Пушкиндегідей  тасымал  жоққа 

тән. Мысалы:

Евгений за своим добром

Не приходил.//Он скоро свету

Стал чужд.//Весь день бродил пешком...

Немесе:


Там ни былинки.//Наводнение

Туда, играя, занесло 

Домишко ветхий.//Над водою

Остался он как черный куст, –

дегендер  тәрізді  бір-бірінен  бөлек  дербес  сөйлемдердің 

тасымалданған түрін Абайдан таба алмаймыз. Абайдағы тасы-

малдар құрмалас сөйлем аясында кездеседі, яғни салалас не-

месе  сабақтас  сөйлем  екі  тармаққа  орналасқанда,  тармақтар 

жігі мен құрмаласқа енген жай сөйлемдер жігі сай келмей, бір 

компонент екінші тармақтың ортасында аяқталады:

Асау жүрек аяғын шалыс басқан 

Жерін тауып, //артқыға сөз болмай ма (I, 223).

Қызметкердің бәрін де өлтірмекші

Болыпты, //шөлдегенге шыдай алмай (I, 260).

Немесе  құрмаласқа  енген  жай  сөйлемдердің  екіншісі 

алдыңғы жолдан басталады:

Қыран шықса қияға //жібереді

Олар да екі құсын екі жақтап (I, 30).

Өз жұрты аз көрініп, //көршілерге

Көз алартып қарады оңды-солды (I, 259).

Бастапқы үшін бекітпей, //соңғы төртті

Қылғанменен татымды бермес жеміс (І, 245).

Бұл  типтес  тасымалдар  негізінен  11  буынды  өлеңдерінде 

120


 Жирмунский В. М. Введение в метрику. Теория стиха. - Л., 1925. - С.180.

341

кездеседі. 7-8 буынды өлеңдерде құрмалас сөйлем компонент- 

терінің тасымалданып берілуі мүлде жоқ та емес, бірақ сирек:

Сен ақылмен көңліңді

Тыйып, //жеңдің бойыңды (II, 88).

Өз үйінде өзендей

Күркірейді, //айтса дау.

Ұрлық пен қулыққа

Байлағанда, //кестің бау (I, 78).

Бір жеп алып, //шүкірлік

Қылайын да Аллаға (II, 135). 

Келтірілген  мысалдардың  барлығы  да  –  сабақтас  құрма- 

ластардың тасымалға ұшырауы. Тасымалдың екінші тобы са-

лалас құрмаластарды қамтиды:

Есі шықты, //көрді де

Ұры иттің қылғанын (II, 122).

Есікте шегелеулі құлыбы бар 

Бір сандық бар, //барды да соған салды (II, 152).

Бұларда салалас құрмаласқа енген компоненттердің байла-

нысы өте тығыз, бірін екіншісінен бөлуге (нүкте қоюға) мүлде 

болмайды.  Ал  осы  типтес  тасымалданған  кейбір  сөйлемдер- 

дің бір-бірімен байланысы едәуір әлсіз болып келеді де дербес 

сөйлемдерге жуықтайды. Мысалы:

Бала мінез ойыншы бұрынғылар

Аңқау екен, //мазақтап соны сынар (II, 104).

Мұны  «Бала  мінез(ді)  ойыншы  бұрынғылар  аңқау  екен» 

және  «Мазақтап  соны  сынар»  деген  екі  дербес  сөйлем  деп 

қарауға  болар  еді.  Әрине,  бұл  жердегі  дербестік  әлсіздеу, 

өйткені екінші сөйлемдегі соны есімдігі алғашқыдағы айтылған 

ойға іліктестіріп тұр. Мына мысал да осы іспеттес:

Бұл жерде ешкім сырымды

Білмейді, //айтып не етейін? (II, 76).

Мұнда  да  «айтып  не  етейін?»  компоненті  формальдық 

жағынан дербес (баяндауышы тиянақты) болғанмен, мазмұны 

жағынан  алдыңғыға  қазықтаулы:  айту  деген  сабақты  етістік 

нені  деген  объектіні  керек  етеді,  ол  объект  –  бірінші  компо-

нентте  айтылған  ой  (сырымды  ешкім  білмейтіндігін  айтып 

не етейін?). Бұл типтес тасымалдар Абайда едәуір, бұлардың 

барлығында да екі компонент те грамматикалық жағынан дер-

бес, баяндауыштары – ашық райдағы тиянақты сөйлемдер, бірақ 


342

мағыналары жағынан бір-біріне тығыз іліктескен сыңарлар, ол 

іліктестік есімдіктердің қатысуымен грамматикалық жағынан 

да беркітіле түскен:

Кім алдады, кім тоқпақ

Салды, //соны санайды (I, 237).

Бұл жолдарды:

Кім алдады, кім тоқпақ 

Салды. Соны санайды, –

түрінде  графикалауға  да  болар  еді,  бірақ  оған  жібермейтін  

нәрсе  –  «соны  санайды»  компонентінің  мағыналық  «жетім- 

сіздігі», яғни соны деп тұрғанның не екені тек алғашқы ком-

понент  қатар  тұрғанда  ғана  белгілі  болатындығы.  Соны 

есімдігінің дәнекерлік қызметі – екі компонентті бір-біріне жа-

быстыру. Сондықтан да бұл тәрізді конструкциялардың ешбірі 

Абай  кітаптарында  нүкте  арқылы  ажыратылмаған,  барлық 

жерде де тек үтір қойылған. Дегенмен аз болса да, Абайда дер-

бес сөйлемдер деп тауып, нүкте қоюға да болатын сәттер жоқ 

емес. Мысалы:

Сені жақсы көрейін бірге туған

Ағаңдай. Онан басқа жоқ менде сөз (II, 81),

деп жазғанды бұл жердегі тасымал көтере алады.

Орыс поэзиясымен, оның ішінде Пушкинмен, жақсы таныс- 

қан Абай, дегенмен тасымал тәсіліне сақтана қараған. Пушкин-

де алғашқы кезде (мысалы, «Оңтүстік поэмаларында») тасымал 

кемде-кем ұшырасқанымен, «Евгений Онегин» (әсіресе, оның 

кейінгі тараулары), «Мыс салт атты» т.б. поэмаларында жүйелі 

түрде қолданылған тасымалды, әрине, Абай байқамай қалған 

жоқ.  Бірақ  ғасырлар  бойы  бұрынды-соңды  тасымалды  еркін, 

норма ретінде пайдаланып көрмеген қазақ поэзиясы үшін оны 

тосыннан  кенет  актив  түрде  енгізу  өлеңді  «жұп-жұмыр  тегіс 

келтірмейтінін»  де  Абай  сезгенге  ұқсайды.  Сондықтан  Абай 

тасымалдағы  алғашқы  адымын  құрмалас  сөйлемнің  аясында 

ғана  жасайды.  Онда  да  тасымал  тек  екі  тармақты  қамтиды. 

Абайдың  өзінде  де,  Абайға  дейін  де,  шумақаралық  тасымал 

мүлде жоқ, яғни бір сөйлемнің аяғы келесі шумаққа еш уақытта 

ауыспайды.

Сөйтіп,  өлең  жолдарын  синтаксистік  құрылымы  жағынан 

бір-бірімен  цементтей  түсетін  тасымал  амалы  Абай  поэзия-

сында орын алған.



343

ӨЛЕҢ СИНТАКСИСІНДЕГІ ЫҚШАМДАУ 

(ҮНЕМДЕУ) ТӘСІЛДЕРІ

Өлеңнің  синтаксистік  құрылымының  прозадағыдан  айыр- 

машылығының бірі де – ықшамдау (үнемдеу) принципінде. Бұл 

процесті  тудыратын  мотивтер  де  әр  алуан,  олардың  ішіндегі 

бастысы  –  белгілі  бір  айтылмақ  ойды  (не  бөлшегін)  өлеңнің 

белгілі  бір  бөлігіне  (айталық,  бір  немесе  екі  тармағына) 

сыйғызу  болады,  яғни  өлшем  талабы,  одан  кейінгі  ұйқас  та-

лабы,  бұдан  соңғы  стильдік  талаптар.  Ықшамдаудың  амал-

дары  және  сан  алуан.  Әдетте  қазақ  поэзиясында  бұрыннан 

қолданылып  келе  жатқан  ықшамдау  тәсілінің  бірі  –  кейбір 

жалғауларды  түсіріп  кету  болатын.  Өлең  өлшемі  көтермеген 

сәттерде ілік немесе тәуелдік жалғауын және түсіруге болмай-

тын ситуациядағы табыс септіктің көрсеткіштерін, сондай-ақ 

жіктік  жалғауларын  түсіру  –  өте  ертеден  бар  амал.  Әсіресе 

изафеттік құрылыстағы (ілік пен тәуелдік жалғаулы сөздердің 

тіркесіндегі) екінші компоненттің, яғни III жақтағы тәуелдіктің 

көрсеткішін түсіру ертеректегі ңұсқалар мен ауыз әдебиетінде 

едәуір  мол  қолданылғанын  бізден  бұрынғы  зерттеушілер  де 

атап көрсетеді

121


. Мысалы, «Қобыланды» жырында:

Бұл сөзді айтып Қобыланды 

Тобылғы меңді торы атпен

Дөңгелетіп жөнелді 



Тоқтардың тіккен ордаға, 

дегенін  оқимыз.  Мұнда  соңғы  тармақ  «Тоқтардың  тіккен  ор-

дасына»  болса  керек  еді.  Бұл  конструкция  әсіресе,  жалқы 

есімдермен жиі кездеседі. Мысалы, осы жырдан:



Қамыстының қазды көл(і), 

Қоғалының қулы көл(і)

Шегендінің желді көл(і)

Қызғыштының қызды көл(і)... 

Бәрінен өтіп жөнелді (77), –

деген құрылымды кездестіреміз. Сол сияқты:

Қазанның Қырлы қалаға 

немесе «Қыз Жібектегі»:

121

 Нұрханов С. Қазақ синтаксисіндегі көне құбылыс // Қазақстан мектебі. - 1968. 

- №2. - 70-73-б.



344

Базарбайдың Төлеген, 

Ерте туған көбеген,

«Қамбар» жырындағы:

Келмембеттің Алшораз

Құлағын отап құнтитты, –

тәрізді  тіркестер  –  тәуелдік  жалғауын  түсіріп  қолданылған- 

дар. Бұл, сірә, о баста тек өлең синтаксисіне ғана байланысты 

қалыптасқан  конструкция  болар  деген  пікір  бар  және  ол  тек 

ертедегі қазақ поэзиясында ғана емес, XI ғасыр ескерткіште- 

рінен  (М.Қашқари  материалдарынан)  бастап,  қырғыз  эпосы 

«Манаста» кездесетіндігіне қарағанда, жалпы түркі тілдеріне 

тән көне құбылыс екені байқалады

122


. Абайдың ықшамдауында 

дәл осы тип жоқ, оның орнына өзге жалғауларды түсіріп айту-

ды Абай да еркін қолданған. Мысалы:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан (I, 71)

дегенде соңғы сөз табыстың ашық түрінде тұруға тиісті. Не-

месе:


Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың (I, 31).

Бұл екеуі де – ұйқас талабынан туған ықшамдылықтар. Ал:

Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып (I, 39),–

деген  тармақта  жалғаулы  сөз  тек  қана  ашық  тұлғада  тұруға 

тиісті  екені  мәлім.  I,  II  жақтық  жіктік  жалғауларын  түсіріп 

айту  да  қазақ  поэзиясында  ертеден  кездеседі.  «Ер  Тарғын» 

жырындағы:

Мен Қоянақ ұлы Қартқожақ!–

дегенде немесе Махамбет ақынның:



Мен тауда ойнаған қарт марал.

Мен түбін кескен бәйтерек.

Мен қарақұстан туған қалықпан, 

дегендерінде I жақтағы жіктік жалғаулары түсірілген. Мұның 

стильмен  байланысы  да  болуы  мүмкін.  Тегі,  бұл  мысал- 

дардың  барлығында  айбар  көрсету,  өктемділік,  өзінің  күшті, 

мықты  екенін  таныту  реңктері  бар.  Өйткені  ақын  өзін  не-

месе  лирикалық  геройын  төмен,  әлсіз  нәрсеге  теңеген 

сәттерінен  мұндай  қысқартуды  (жіктікті  түсіріп  айтуды)  көп 

кездестірмейміз.  Қазақ  поэзиясындағы  осы  тәсілді  Абай  да 

122

 Нұрханов С. Көрсетілген мақала. - 73-б.


345

қолданған,  бірақ  біздің  байқауымызша,  Абай  ықшамдаудың 

бұл түрін тек стильдік реңк үшін емес, жалпы өлшем үшін де, 

ұйқас үшін де қолданғанға ұқсайды. Мысалы:

Жарамайды бекер алдау

Теңің емес мен сенің (II, 77).

Мен – сынық жан, жамағанмен 

Түзеле алман түрленіп (II, 78), –

дегендерінде  ешқандай  өктемдік  көрсету  реңкі  жоқ,  керісін- 

ше,  мұндағы  теңеулер  –  төмен  нәрселер.  Бұл  Абайда  буын 

өлшеміне  байланысты  қолданылған  тәсіл  екендігін  дәл  осы 

шығармадағы қатар тұрған өзге тармақтар дәлелдейді. Онегин 

осы жерде:

Мен жаралы жолбарыспын (I, 77). 

– Мен көмірмін қалған өрттен (I, 78), –

деп те айтады. Сол сияқты Абай қыз бен жігіттің аузына:



Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын (I, 106).

Сіз – жалын шоқ, біз – бір май (І,105). 

Сіз – қырғауыл жез қанат (I, 104), –

деген сөздерді салғанда, жіктік жалғауларын түсіріп, ықшам- 

дап келтіру тек өлең талабынан туған. Сонымен бірге жіктік 

жалғаулары түсірілген сәттерде теңеулер баса көрініп, теңес- 

тірілген  екі  нәрсенің  қарама-қарсылығы  айқындала  түсетін 

тәрізді.  Егер  «біз  қырғауылмыз,  сіз  тұйғынсыз»  түрінде 

берілсе, жай ғана констатация сияқты болар еді, мұндай теңеп 

тұрған нәрсеге екпін түспейді. Дегенмен Абайда жіктік жалғау 

түсіріліп берілген жағдайдың барлығында бұл стильдік реңкте 

бола бермейді. Мысалы: 

Шын ғашық мен саған (I, 101), –

сияқты сәттерде буын өлшемінен басқа ешбір стильдік мотив 

жоқ.

Өзге  нұсқаларда  жоққа  тән,  Абайда  едәуір  жиі  кездесетін 



ықшамдаудың  және  бір  түрі  –  жалғаулықтарды  пайдалану 

саласында.  Әдетте  да  шылауы  қайталанып  келгенде,  әрбір 

бірыңғай  мүшемен  тұру  керек.  Абай  кейде  осы  тәртіптегі  да 

жалғаулығын түсіріп те береді:

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға (I, 163).



346

Айлаға, ашуға да жақтым шырақ (I, 223).

Мұнда  да  шылауы  септік  жалғауларымен  берілген  бірың- 

ғай  мүшелердің  әрқайсынан  кейін  келуге  тиісті  екеніне 

қарамастан, ақын ықшамдау заңын қолданған. Бұл типтес мы-

салдар Абай өлеңдерінде едәуір.

Өлеңде жеке сөйлемдер арасындағы жалғаулық шылаулар-

ды қалдырып ықшамдау – әбден қолайлы тәсіл. Бұл – жалғыз 

Абайда емес, жалпы қазақ поэзиясының тіліне тән нәрсе. Ал 

Абай бұл тәсілді де жиі пайдаланған:

Махаббат кетті, дос кетті,–

Жете алмайсың, тоқтайсың (I, 228), –

дегенде екі тармақтың арасына сондықтан шылауы қажет бо-

лар еді.


Ерте ояндым, ойландым, – жете алмадым (I, 223).

Бұл жерде бірақ шылауы түсіп қалып тұр. Өлеңді сөйлем- 

дерде  салалас  құрмаластарды  жалғастырушы  шылауларды 

көбінесе  түсіріп  айту  тәсілі  Абайдың  проза  тіліне  де  тікелей 

әсер  еткені  байқалады.  Абай  «Қара  сөздерінде»  салаластағы 

жалғаулық  шылауларды  жиі  түсіреді:  Бағар  едім,–  қалайша 



бағудың мәнісін де білмеймін (II, 162). Соны үміт үзбестікке, 

не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға 

жаратсам керек еді,– ондайым жоқ (II, 168). Бұл сөйлемдерде 

бірақ шылауы түсірілген. Абай прозасында әсіресе сондықтан 

шылауын өте жиі түсіріп отырған

123

.

Өлең  синтаксисі  жалғыз  шылауларды  емес,  өзге  де  эле- 



менттерді, тіпті тұрлаулы мүшелерді түсіріп айтуды көтереді. 

Қазақ тілінде I, II жақтардағы бастауыштың түсіріліп айтылуы 

– нормалы құбылыс, ал III жақтағы бастауыштың немесе жал-

пы  баяндауыштың  түсірілуін  қазақ  синтаксисі  көтермейтіні 

мәлім (атаулы сөйлемдер мен «Қой – қозыдан», «асыл – тастан» 

тәрізді фраза-мақалдарды қоспағанда). Ал өлең синтаксисінде 

бұл құбылыс кездесуі мүмкін. Мысалы:

Қызды ауылға қырындап үйір болса,

Көңіліне зор қуаныш, бір бадалық (I, 36), –

дегенде  екінші  тармақта  ол  деген  бастауыш  түсірілген  (ол  – 

123

 Сыздықова Р. Абайдың прозалық шығармаларындағы күрделі ойдың берілуі 

// Қазақ тілі тарихы жайында зерттеулер. - Алматы, 1965. - 47-б.



347

көңіліне зор қуаныш...). Әрине, бұл тәсіл өте сирек, дегенмен 

бір-екі  көрінісінің  өзі  бұл  амалдың  қолданылу  потенциясын 

танытады.

Ең  бір  көңіл  аударатын  нәрсе  –  баяндауыштың  түсірілуі. 

Тілдегі  ықшамдау  (үнемдеу)  принципін  ең  батыл,  ең  жиі 

қолданатын  мақал-мәтелдер  конструкциясының  өзінде  баян- 

дауыштың  түсіріліп  қолданылған  түрі  толық  емес.  «Қой  – 

қозыдан»,  «ақыл  –  жастан»  дегендерде  өреді,  өседі,  шығады  

деген  тәрізді  баяндауыштар  айтылмай  берілген,  бірақ  бұлар 

өздері  көрінбегенмен,  сөйлемнің  «көріну»  компоненттерінің 

ішінде (семантикасы мен синтаксисінде) өзінен-өзі «көрініп» 

тұрған  етістік-баяндауыштар,  яғни  қой  мен  қозы  айтылып 

және қозы сөзі шығыс септікте тұрғаннан кейін-ақ әңгіме «өсу, 

өру,  өрбу»  туралы  екені  сезіледі,  «ақыл  жастан,  асыл  –  та-

стан» дегенде де тіркескен сөздердің семантикасы мен шығыс 

жалғауының қатысуы шығады етістігін іштей еріксіз «айтты-

рады». Демек, бұл жерлердегі жасырынып тұрған баяндауыш-

тар  –  сол  фразаға  (тіркеске,  конструкцияға)  тән,  соларға  жа-

быса біткен, солардың бойынан өзі табылатын етістіктер. Де-

мек, бұл ситуациядағы түсірілген баяндауыштар синтаксистік 

тұрғыдағы  жасырын  мүшелерден  гөрі,  семантикалық  мо-

тивтен  туған  ықшамдық  деуге  болады.  Ал  поэзия  тілінде 

баяндауыштың алды-артындағы конструкцияларға қарай, яғни 

синтаксистік  құрылысқа  байланысты  жасырынуы  кездеседі. 

Бірақ бұл тәсілді Абайға дейінгі қазақ поэзиясының синтаксисі 

қолданып  көрмеген  деп  батыл  айта  аламыз.  Мысалы,  Абай 

«Қартайдық,  қайғы  ойладық,  ұлғайды  арман»  өлеңінде  ылғи 

«алармандарды» санайды:

Бай алады кезінде көп берем деп... 

Би мен болыс алады күшін сатып...

Дос алады бермесең, бұлт берем деп... 

Жалаңқая жат мінез жау алады... (I, 28).

Ал  кейбір  «алармандарды»  баяндаған  тармақтарда  алады 

баяндауышы түсіріліп беріледі:

Жарлы алады қызметпен өткерем деп

Елубасы – шар салып, леп берем деп (I, 28).

Екінші тармақтағы сызықша қойылған жерде алады деген 

баяндауыш түсіп қалған. Оны түсіруге мүмкіндік берген жайт 


348

–  осы  тармақтың  алдындағы  алады  етістігімен  келген  ұқсас 

сөйлемнің болуы. Абай тіпті келесі бір шумақты дәл осылайша 

(алады деген баяндауышты түсіріп) бастайды:

Сұм-сұрқия – сұмдықпен еп берем деп, 

Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп (I, 28).

Сұм-сұрқия  алады...  деген  сөйлем  болуға  тиісті  екендігі 

бұның  алдындағы  шумақтарда  осы  баяндауышпен  берілген 

бірнеше сөйлемнің болғандығынан көрінеді. Абай осы тәсіл- 

дің  жиі  болмаса  да  қолдану  тенденциясын  ұсынғандығы 

байқалады.

Күн жиылып ай болды, он екі ай – жыл (I, 201), –

дегенінде,  он  екі  ай  жиылып,  жыл  болды  деген  толық  сөй- 

лемнің  етістік  баяндауыштарын  түсіріп  ықшамдаған.  Бұл 

да  –  синтаксистік  ситуациядан  жасалған  ықшамдылық,  яғни 



жиылып,  болды  баяндауыштарын  түсіруге  алдыңғы  сөйлем 

(күн жиылып, ай болды) мүмкіндік береді. Ықшамдаудың бұл 

түрлері  –  сөз  жоқ,  жаңа  әдеби  тілдің  табысы,  мүмкін,  орыс 

синтаксисінің әсерінен туған тәсіл болуы. Өйткені баяндауыш-

ты түсіріп ықшамдау – орыстың тек өлеңді сөйлемдерінде емес, 

проза синтаксисіне де тән, өнімді тәсіл. Ал өлеңді сөйлемдерде, 

әсіресе баяндауыш тәрізді «жасырына» алмайтын мүшені жа-

сырып  ықшамдауды  сол  өлеңнің  тұтастығын  ұсынған  жазба 

әдебиет қана көтере алады. Айталық, алды-артына зер салмай, 

«сұм-сұрқия – сұмдықпен еп берем деп» айта салса, еш нәрсе 

ұғынып  болмас  еді.  Бұл  әсерде  осы  өлеңді  жай,  бөліп-бөліп 

тыңдау емес, тұтас оқу (немесе тыңдау) ұсынылады.

Синтаксис саласындағы ықшамданудың бір түріне, біздің- 

ше, сыйыстыру тәсілі жатады. Ол – өлеңге де, қара сөзге де тән. 

Сыйыстыру  амалы  көсемше  тұлғаларын  пайдалану  арқылы 

жүзеге  асырылатыны  мәлім.  Мағыналас  бірнеше  сөйлемнің 

алғашқыларының  баяндауышын  -ып  жұрнақты  көсемшемен 

беріп,  оларды  бір  құрмалас  сөйлем  ішіне  сыйыстыруды 

қазақ  синтаксисі  жиі  қолданады.  Абай  өлеңдерінде  осының 

керісінше көрінісі кездеседі, яғни сыйыстыру заңын қолдануға 

тиісті жерлерде Абай етістіктерді ашық райда береді де дербес 

келте сөйлемдер немесе бірыңғай мүшелер тізбегін жасайды:

Жамандық тұрмас күттіріп, 

Ел есітті, қыз білді. 



349

Ақ көйлекті бітіріп, 

Кебінім деп киді, өлді (I, 126).

Бұл  жерде  автордың  сыйыстыру  тәсілінен  (ел  есітіп,  қыз 

білді,  кебінім  деп  киіп  өлді  деуден)  бой  тартуы  стильдік  мо-

тивтен  туып  тұр.  Әр  компоненттің  грамматикалық  дербестігі 

оларға көңіл аудартып, әрқайсысына логикалық екпін түсіреді, 

дәлірек  айтсақ,  әр  процесс  өзгеге  тіркеспей,  жеке  танылады. 

Бұл тұрғыдан алғанда, Абайдың шығыс әдебиетінен алған төрт 

жол нақыл өлеңі әдемі мысал бола алады:

Күшік асырап, ит еттім –

Ол балтырымды қанатты.

Біреуге мылтық үйреттім, 

Ол мерген болды – мені атты (I, 231).

Бірінші жолдағы екі процесс бір сөйлемге сыйыстырылып, 

біріншісі «көмескіленіп» -ып жұрнақты көсемшемен берілген, 

бұл  жерде  автор  ой  екпінін  күшік  асырау  актісіне  түсіруді 

шарт  деп  санамаған,  негізгі  айтпағы  –  ол  күшіктің  ит  болып 

өсуі,  сондықтан  ит  еттім  конструкциясы  грамматикалық 

құралымы  жағынан  тиянақты,  мазмұны  жағынан  дербес. 

Дұрысында,  сөйлемнің  мағынасына  сайғанда,  күшік  асырап, 

ит етіп едім тұлғасымен берілсе керек еді, өйткені әрі қарай 

сол  процестің  нәтижесі  айтылған  сөйлем  беріледі,  бірақ  ит 



етіп  едім  конструкциясы  грамматикалық  жағынан  тиянақты 

болғанмен, мағынасы жағынан дербестігі әлсіз болып шығады, 

яғни  әрі  қарай  «сонан  соң  не  болды?»  деген  сұраққа  жау-

ап тіленеді. Ал ит еттім түрі – үзілді-кесілді, айқын дербес 

процесс,  әрі  қарайғы  ойдың  жалғасы  шартты  түрде  талап 

етілмейді.  2,  3,  4-жолдардағы  процестердің  бәрі  де  –  дербес, 

тиянақты тұлғада. Автор оларды да сыйыстырмай, әрқайсысын 

атап-атап береді. «Ол мерген болып, мені атты» деп бермейді, 

«ол мерген болды» деген тұлғада әдейі құрады.

Бұл тәрізді шағын сөйлемдерді ашық райлы тұлғамен бер-

генде,  айтылмақ  ойға  шұғыл,  тез  орындалған  (не  орындала-

тын)  іс-әрекеттерді  білдіру  реңкі  де  байқалады.  Қайткенде 

де  стильдік  мотив  көзделеді.  Сыйыстырылатын  моменттерді  

дербес конструкция етіп беруі жазушылық талғамның, стиль- 

дік мақсаттарды өтеу құралдарын іздеудің жемісі болып табы-


350

лады. Бұны да кемелденген жазба әдеби тілдің бір қыры деп 

табамыз.

Абай  өткен  шақ  көсемше  тұлғасы  арқылы  сыйыстыру 

тәсілін поэзиясында онша көп қолданбағаны байқалады (-ып 

тұлғалы  көсемше  ұйқастармен  берілгендердің  көпшілігі  ба-

яндауыш  емес,  пысықтауыштар).  Абайдың  бастан-аяқ  өткен 

шақ көсемше баяндауыш арқылы сыйыстыру тәсілін қолданып 

жазған бір-ақ шығармасы бар, ол – «Жайнаған туың жығылмай» 

деп басталатын Оспанға арнаған өлеңі. Мұнда 13 жай сөйлем 

болымсыз  түрдегі  өткен  шақ  көсемше  тұлғасы  арқылы  бір 

құрмалас  сөйлемге  сыйыстырылған.  Ал  қалған  жағдайларда 

бұлайша  сыйыстырылған  конструкциялар  өлең  ішінде  келеді 

де ең көбі 5-6 тармақты ғана қамтиды әрі бұл тәсіл тек 7-8 бу-

ынды шығармаларда кездеседі және сирек қолданылады. Мы-

салы, «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген өлең ішінде жағымсыз 

қылықты замандасын суреттеген жерде:

Үйде отырса салбырап,

Түзге шықса албырап,

Кісіні көрсе қылжаңдап,

Қалжыңшылсып ыржаңдап,

Өз үйінде қипаңдап,

Кісі үйінде күй таңдап,

Ақылы бар кісіні

Айбаттайды, даттайды (I, 59), –

деп, бірнеше жай сөйлемді тиянақсыз тұлғада береді. 

Әдетте мұндай сыйыстырулардың ең шағын түрі – екі-үш 

тармақты қамтитындары, бұл – Абайда да, өзгелерде де, жалпы 

қазақ поэзиясында өте кең қолданылатын тәсіл:

Еңбегі жоқ еркесіп,

Бір шолақпен серкесіп,

Пысық деген ант шықты (I, 59).



351


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет