Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


Абайдың «Қара сөздері» – қымбат қазына



Pdf көрінісі
бет38/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Абайдың «Қара сөздері» – қымбат қазына 

Ұлы Абайды «ұлы» деп тек оның поэзиясы – өлеңдері ғана 

емес, «Қара сөздер» атты прозалық шығармалары да танытады. 

«Қара сөздер» – Абайдың шығармашылық дүниесіндегі орны 

ерекше қазына. Бұл мұра жайында кеңінен сөз етіп, толық баға 

берген  адам  –  Мұхтар  Әуезов  болатын.  Ол  «Абай  Құнанбай 

ұлы» деген монографиялық еңбегінде: «Қара сөздер» көркем 

прозаның өзіне бөлек, Абайдың өзі тапқан бір алуаны болып 

қалыптанады.  Бұлар  –  сыншылдық,  ойшылдық  және  көбіне 

адамгершілік,  мораль  мәселелеріне  арналған  өсиет  толғау 

тәрізді», – деп жазды.

Айтпақ  ойын,  діттеген  мұратын,  арман-үмітін,  толқытқан 

ой-пікірін,  айналасына,  замандастарына  деген  көзқарасын 

–  бәрі-бәрін  өлең  арқылы-ақ  айта  алған,  ақтара  алған  ақын 

Абай  бір  кезек  поэзия  әлемінен  ауысып,  проза  дүниесіне 

көшуінде, әрине, себептер бар, негіз бар. Қазақтың көз-құлағы 

көп жаттықпаған сөз айтудың бұл түріне көшуінің бір себебін 

автордың  өзі  баяндайды.  «Қара  сөздерінің»  бастамасында 

(1-сөзде) бұл әрекетін былайша түсіндіреді:

«Ер  ортасы  жасқа  келдік,  қажыдық,  жалықтық...  Ал  енді 

қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай 

өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын 

деген  кісі  бақпаса,  не  албыртқан,  көңілі  басылмаған  жастар 

бағамын демесе, бізді Құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше 

өздері табар... Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым сөзін 

сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді 

кімнен  сұрарсың?..  Софылық  қылып,  дін  бағу?  Жоқ,  ол  да 

болмайды,  оған  да  тыныштық  керек...  Балаларды  бағу?  Жоқ, 

баға  алмаймын.  Бағар  едім,  қалайша  бағудың  мәнісін  де 

білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харе-

кетке қосайын?..

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза 

берейін,  ақ  қағаз  бен  қара  сияны  ермек  қылайын,  кімде-кім 

ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ 

десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым...».


563

Әрине, сырт қарағанда, автордың осы дәлеліне-ақ ден қоюға 

болады, ал шын мәнінде, Мұхтар Әуезов дәл танығандай, Абай 

өзінің өлең сөздерінің көбі оқушы мен тыңдаушыларына үнемі 

түсінікті болмайтындай көреді, мұны ақынның өзі өлеңдерінде 

бір емес, бірнеше рет айтады:

Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,

Үзілмес үмітпенен бос қуардық...

Немесе:

Тыңдағыш қанша көп болса,



Сөз ұғарлық кем кісі...

Сондықтан  өлеңдерінде  айтқан  кейбір  ойларын  қайталап, 

қара сөзбен таратады. Өлеңдерінің әңгіме өзегі болған кейбір 

ой-толғамдарын,  әсіресе  адам  баласының  ұнамды-ұнамсыз 

қылықтары  туралы  білген-түйгенін  жаңа  үлгіде  айтқысы 

келеді.


Абай  мұрасын  сан  рет  көшіріп,  сақтап  бізге  жеткізген 

Мүрсейіт  Бікеұлы,  Жандыбайұлы  өздерінің  дәптерлеріндегі 

жазба  дүниені  «Ибраһим  Құнанбай  ұғлының  ел  мінездерін 

ақыл айтып жазған насихат сөздері» деп атайды. Ал «ел мінезі» 

деп  отырғандары  –  «әділет,  ақтық,  турашылдық,  ғылымға 

құмарлық, еңбекті бағалағыштық, шындықты сүйгіштік және 

аярлық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өтірік-

өсекке құмарлық, еріншектік» сияқты адам баласының, оның 

ішінде  замандастарының  мінез-құлықтары  мен  қадір-қасиет- 

тері. Бұлардың бәрі, сайып келгенде, ағартушылық, тәрбиелік 

мақсат көздейтін, адамгершілікке үгіттейтін әңгімеге апарады. 

Қысқасы, Құдай тағаланың адам баласына бір-ақ рет беретін 

«өмір» атты ұлы сыйын бағалап, дұрыс «жұмсауға» шақырады: 

«Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада дүниенің 

рақатының  қайда  екенін  білмей,  бірін-бірі  аңдып,  біріне  бірі 

мақтанып,  есіл  өмірді  ескерусіз,  босқа  жарамсыз  қылықпен  

қор  етіп  өткізеді  де  таусылған  күнде  бір  күндік  өмірді  бар 

малына  сатып  алуға  таба  алмайды»,  –  дейді  (4-сөзінен).  Ал 

«дүниенің рақаты» – ақылды, арлы, мінезді, білімді болу деп 

есептейді: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, 

ар мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оз-

дым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық» (18-сөзінен).



564

«Қара  сөздерді»  көлемі  жағынан  шағын-шағын  46  бөлек 

шығарма  құрайды.  Олардың  жанрлық  сипаты  да  әртүрлі: 

көбі  –  публицистикалық  туындылар,  46-сөз  деп  берілгені  – 

білім-таным  үлгісіндегі  тарихи  очерк,  25-сөз  –  Сократ  пен 

Аристотелнің  әңгімесі  деп  берілген  мысал,  өсиет.  5-сөз  – 

мақал-мәтелдерді талдаған филологиялық этюд. 37-сөз – афо-

ризмдер жиынтығы, 7-сөз психиологиялық тақырыпта қозғаған 

этюд.  43-сөз  –  философиялық  толғаныс,  38-сөздің  мораль 

мәселелері  жайындағы  ой-пікірлері  болып  келетін  ғылыми-

публицистикалық еңбек деп ажыратуға болады.

Абайдың  прозалық  шығармалары  тұңғыш  рет  ақын  мұра- 

сының  1933  жылғы  басылымында  «Ғақлия  сөздері»  деген 

атпен  жарық  көрді.  Бұған  дейін  бірнеше  қолжазба  күйінде 

сақталып келді. Кейінгі басылымдарда бұл туындыларға «Қара 

сөздер» деген ат қойылды. Мұхтар Әуезовтің топшылауынша 

бұл шығармалар 1890-1898 жылдар арасында жазылған.

Прозашы Абай 6, 8, 9, 10, 14, 23, 26, 29, 33, 39, 40, 41, 42,  

43-сөздерінде «ел мінездерін» көптен-көп сөз етеді, ащы мыс- 

қылмен  айтады,  адамдықты  үгіттейді  (14-сөзде),  адамды  бұ- 

зып, аздыратын салттарды көрсетеді (33-сөзде), елді тағылым-

тәрбие  түзер  еді,  ол  жоқ  дейді  (41-сөзде),  еңбексіздікті, 

жатыпішерлікті  сынайды  (42-сөзде).  Ал  12,  13,  27,  35,  38, 

45-сөздерінде  дін  мен  мораль  тақырыбын  қозғайды.  Абай 

дінге адамгершілік моральдың, тәрбиенің құралы деп қарайды. 

Мұсылманшылықтың өзіндік үгітін айта отырып жеткізбегі – 

адамгершілікке шақыратын өсиеттер.

38-сөз  –  «Қара  сөздердің»  ішіндегі  ең  көлемдісі.  Әрі 

стилі  мен  тілі  жағынан  да  өзгелерінен  оқшауланып  тұратын 

шығармасы. Ол тіпті қолжазба түрінде «Ғақлиат» деген атпен 

өзге сөздерден бөлек көшіріліп келген. Автор мұнда моральдық, 

философиялық, педагогикалық мұраттардың негізін мұсылман 

діні  негіздерімен  қабыстырмақ  болады.  Абай  дінді,  иманды 

әділеттілікке,  адамгершілікке  парапар  деп  түсінеді.  Абайдың 

діні – адамгершіліктің діні. Сондықтан ол бұл шығармасында 

аят-хадистерден  («Құран»  тарауларынан)  сілтемелер  келтіріп 

сөйлейді. Алланың көп сипаттарын баяндап береді. Сондықтан 

жолындағы жандарды) (аһли тариқат) әңгімелейді. Адамды қор 

қылатын үш нәрсе: надандық, еріншектік, залымдық, – дейді.


565

Қысқасы, «Қара сөздер» – Абайдың қай тақырыпты қозғаса 

да,  түгелімен  дерлік  ағартушылық  идеясын  ұсынған,  мораль 

мен  тәлім-тәрбие  жайындағы  ой-толғамдарын  баяндайтын 

шығармалары.

Ұлы  ақын  қаламынан  туған  бұл  прозалық  үлгілер  жай-

ында  әрқилы  пкірлер  болып  келді.  Кейбір  әдебиетшілер  мен 

тілшілердің  арасында  Абайдың  «Қара  сөздері»  көпшілікке 

ұсынылмаған, өзі үшін жазған, сондықтан оның көркемдігіне, 

тіліне  зер  салмаған  деген  сөздер  болып  келді.  Ақын  шығар- 

машылығын ғылыми тұрғыдан терең зерттеген М.С.Сильченко 

сияқты ғалым: Абай прозасын жарыққа шығаруға ниеттенбе-

ген,  «бас-аяғы  бүтін  етіп  жазуды»  ойламаған,  «Қара  сөздер» 

–  ақынның  қойын  дәптері  («Записные  книжки»)  дегенді 

айтады.  Солай  дей  тұра,  бұл  зерттеуші  оларды  өз  алдына 

әдеби  құндылығы  бар  ғылыми  публицистикалық  сипаттағы 

шығармалар деп таниды

117


.

Ал дұрыс танығанда, ең алдымен, «Қара сөздер» – «ақын 

лабораториясында  жатқан  шикізаттар,  өзі  үшін  жазылған 

қойын  дәптер  бұйымы  емес  екендігін  дәлелдеуге  әбден  бо-

лады.  Оның  «черновик»  еместігін  таза  варианты  жоқтығы 

дәлелдейді.  «Қара  сөздер»  автордың  өз  қолымен  жазылған 

автограф емес, өзгелер көшірген текстер және ол көшірмелер 

бір-біріне дәл түсетін өзгеріссіз нұсқалар болып келетіндігін де 

ескерсек, «Қара сөздерді» автор өзі үшін жазған емес, өзгелер 

үшін жазғандығы көрінеді. Мұны да дәлелдейтін фактілер бар. 

Өлеңдері сияқты ақынның «Қара сөздері» де қолжазба күйінде 

тарағанын  білеміз.  «Қалайда  соңғы  10-15  жыл  ішінде  Абай 

осы  сияқты  жаңа  жанрды  туғызып,  соған  кейде  өлеңнен  де 

көп уақыт бөледі. Бұл кездерде Абай сөзін қадірлі көріп, әрбір 

шыққан жаңа өлеңдеріне ынтық болып отырған ел оқушылары 

«Қара сөздер» шыға бастағанда, мұны өлеңнен кем көрмейтін 

болады» (М.Әуезов).

Абай бұл шығармаларын жай оқып шығу үшін ғана емес, 

шәкірттерге оқыту үшін де жазған тәрізді. Бұл ретте Абайдың 

қызы  Уәсиланың  естелігі  біраз  мәлімет  береді.  «Уәсила 

Абайқызының  есте  қалғандарынан»  үзінді  келтіріп  көрейік: 

117 


Сильченко М.С. Творческая биография Абая. - Алма-Ата: Наука, 1957. 

566

«Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. 

Әдеттегідей  бәріміз  орындарымыздан  тұрдық.  Әкем  айна-

ла қарады да: Отырыңдар! – деді. Біз отырып жайғасқан соң, 

молдаға қарап:

–  Балаларға  мына  бір  кітап  әкелдім,  осыны  көшіріп, 

көбейттіріп, бала басына бірден таратып бер. Бүгіннен бастап 

осы кітапты қоса оқыт, – деді.

Біз  қуанып  кеттік.  Әкем  үйден  шыққан  соң,  молда  әлгі 

кітапты алды да бас жағын оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол 

кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Басқа кітаптарға көп көңіл 

бөлмейтін  болдық.  Өйткені  бұл  жаңа  кітаптың  тілі  ұғымды, 

сөзі түсінікті,  ыңғай  ақыл айтып  отыратын  жақсы кітап  бол-

ды. Кейіннен байқасам, сол кітап – әкемнің «Ғақлия» атты қара 

сөзбен  жазылған  кітабы  екен.  Біздің  молдадан  бұл  кітапты 

естіген басқа молдалар да келіп, көшіріп алып, өз шәкірттеріне 

оқытып жүрді»

118


.

Абай «Қара сөздерін» басқалар үшін жазғанын дәлелдейтін 

келесі  бір  факт  мынадай:  «Сөздердің»  бірқатары  (12,  13,  32, 

43-сөздер), әсіресе 38-сөз жалпы көпшіліктен гөрі, белгілі бір 

оқырмандар тобына арналған. Мысалы, 12, 13-сөздерін «иман» 

дегенді  қалай  ұғыну  керек  деп,  иманды  уағыздайтын,  бірақ 

оны теріс ұғатын әрі теріс ұғындыратын дін қызметкерлеріне 

немесе жалпы «имаммен ісі бар» адамдарға арнайды. 32-сөзін 

«білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға» арнайды. Сірә, 

бұл жерде бастапқы шағын ғана білім-ғылымды емес, жоғары, 

терең білім-ғылымды меңгерсем дегендерге айтқан насихаты 

болса керек. 43-сөз деп берілген философиялық этюдті де кез 

келген оқып түсіне беретіндей емес. Бұл да қалың оқушыдан 

гөрі, «жибили, кәсіби нәрселердің» сырын білмек болғандарға 

арналған  сияқты.  Ал  38-сөзіне  келсек,  мұнда  автор  «адам 

ұғлының  мінездері»  туралы  айтады,  сонымен  қатар  «хаким 

атына дұспан», «хүкім шариғатты таза білмейтін ишандармен» 

айтысады, сондықтан бұл сөздің негізгі адресаттары да – со-

лар.

Абай  12,  13,  32,  43,  38-сөздерін  белгілі  бір  әлеуметтік 



топтарға  арнап  жазған  деген  пікірімізді  олардың  тек  мазмұ- 

118


 Абай әңгімелері (ел аузынан алынған). ҚР Ұлттык Ғылым академиясы Орталық 

кітапханасынын қолжазба фондысы. - 1950.



567

ны  ғана  емес,  тілі  де  дәлелдейді.  Абай  тұсындағы  қазақ 

мәдениетінде «кітаби тіл» деп аталған жазба тіл араб, парсы 

сөздерін  молынан  пайдалануға  бейім  тұрды.  Абайға  келсек, 

ол  өлеңдері  мен  «Қара  сөздерінің»  көпшілігінде  қазақтың 

жалпыхалықтық  тіліне  әбден  сіңіп,  қалыптасып  кеткендері 

болмаса,  өзге  кірме  сөздерді  сараң  қолданған.  Ал  жоғарыда 

аталған «Сөздерінде» ислам діні оқуына, философияға қатысты 

араб сөздерін жиі қатыстырған, бұларда тіпті арабша тұтас сөз 

тіркестері мен сөйлемдері де қыстырылған. Қазақ грамматика-

сына тән емес нормалардың да дені көрсетілген «Сөздердің» 

үлесіне тиеді. Ләкин, уа ләкин, бірлән, һәм дегем шылаулар да 

осы шығармаларында жиі қолданылған, дүр (сифаттары дүр), 

-мыш (айтылмыш) тұлғалары да негізінен, 38-сөзден табыла-

ды,  III  жақтағы  етістіктің  -лар  көптік  жалғауын  қабылдаған 

түрін де (алмадылар) соңғы «Сөзден» оқимыз.

Демек, Абай «Қара сөздерін» «қойын дәптері» ретінде тек 

өзі үшін жазбай, басқалардың оқуы үшін де жазған екен. Оның 

өзінде де жалпы оқырман көпшілікпен қатар, олардың белгілі 

бір тобына арнап жазғандарын да көреміз.

Сірә,  кейбір  зерттеушілердің  Абай  прозасын  өңделмеген 

жазбалар болу керек деулеріне негіз болған оның стилі (тілі) 

болу  керек.  Әрбір  өлеңі  жұп-жұмыр,  айналасы  тегіс  келген, 

қазақтың көркем сөзінің сом алтындай асылы болып танылған 

Абайдың  жаңа  дүниесі  –  қара  сөзінің  кейбірі  сөйлеу  тіліне 

жуық  қара  дүрсіндеу  болып  көрінсе,  38-сөз  сияқты  туынды-

сы «шағатайшалау», «кітапшалау» болып қабылданған болар. 

Ал  зер  сала  қарастырсақ,  бұл  екі  сипаттың  екеуінің  де  уәжі 

(мотиві) бар: сөйлеу тілі стилін автор әдейі таңдаған, бұған қара 

сөздерінің жазылу себептері мен арнаған адресаттары мәжбүр 

еткен.  Өлеңдерінің  идеясы  қалың  оқырман  мен  тыңдарманға 

жетпей жатыр-ау деп ақын сол ойларын барлығына түсінікті, 

қарапайым сөйлеу тілімен айтып бергісі келген. Таңдаған мәнері 

– оқырманмен әңгіме дүкен құрысу. Сондықтан мұнда ауызекі 

сөйлеу  нормалары:  интонацияға  құрылған  конструкциялар, 

тыңдауға жағымды ұйқасты сөздер мен ырғақты қатарлар көзге 

түседі.  Мысалы,  1-сөзінің  өзінде-ақ  интонацияға  құрылған, 

яғни ауызша айтып, құлақпен тыңдауға лайықталған сөз орам-


568

дары  бар:  Ел  бағу?  Мал  бағу?  Ғылым  бағу?  деген  сөздердің 

сұраулы тұруы морфологиялық тәсілмен емес (сұраулық шы-

лау  немесе  сұраулық  есімдіктерсіз),  тек  дауыс  ырғағымен 

берілген,  ал  қазір  біздер  бұлардың  сұраулы  тіркестер  екенін 

жазудағы  сұрақ  белгісі  тұрғанына  білеміз.  Құрмалас  сөйлем 

бөліктерінің  арасындағы  жалғаулықтарды  түсіріп  айту  да 

сөйлеу мәнеріне тән. Тексте мұндай құрылымдар да аз емес. 

Бір сөзбен келетін «толымсыз сөйлем» деп аталатындар да – 

көбінесе ауызекі сөйлеудің нормасы. Мысалы: «Бірлік елде бо-

лады, қайтсе тату болады? – Білмейді. Тағдырдың жарлығын 

білесіздер – өзгерілмейді» деген сөйлемдердегі соңғы сөздер 



(білмейді,  өзгерілмейді)  толымсыз  сөйлемдер  болып  тұр, 

олардың толымды түрлері: қандай елде болатынын білмейді... 



тағдырдың жарлығы өзгерілмейді деп келулері керек. Деп де-

ген көсемшеге аяқталатын сөйлемдер де о баста ауызекі сөйлеу 

дәстүріне тән. Бұлар да «Қара сөздер» тексінде баршылық.

Оқырманымен  (тыңдаушысымен)  әңгімелесіп  отырған  ав-

тор кейде ауызша төгілтіп, шешендерше тақпақтап кетеді: ашу-

лансам – ызалана алмаймын, күлсем – қуана алмаймын... Енді 

мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босан-



бас буын керек... Ол мал көбейсе, сұлуды жайлап, жүйрікті 

байлап  отырмақ... Ал  38-сөзінде  және  де  басқа  сөздерінің  әр 

тұсында прозаик Абай түркі тілдерінің байырғы жазба дәстүріне 

бағып,  ара-тұра  шағатайшылап  жібереді:  мұнда  сол  кездегі 

(қазіргі  де)  калың  оқырманға  бейтаныс  араб,  ішінара  парсы 

сөздерін,  шағатай  тілінің  лексикалық  және  морфологиялық 

элементтерін келтіреді. Осылардың барлығы «Қара сөздердің 

тұтас тілі туралы сенімсіздік тудыруы мүмкім. Тек тілі емес, 

жалпы  жанрлық  сипаты  жағынан  да  «Қара  сөздерге»  енген 

шығармалар біртекті емес. Олардың әдебиеттің қай жанрына 

жататындығы жөнінде пікірлер әрқилы болып келді.

Абайтанумен айналысқан кейбір зерттеушілердің пікірінше, 

«Қара  сөздердің»  көпшілігі  –  сюжетсіз  жазылған  көркем 

әңгіме,  яғни  көркем  проза

119


.  Б.Кенжебаев  Абайдың  прозасы 

Салтыков-Шедриннің  шығармаларына  ұқсайды  деп  табады. 

119

  Кенжебаев  Б.  Қазақ  реалистік  әдебиетінің  негізін  салушы  //  Абайдың 



өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954.

569

Абай «Қара сөздерін» арнайы зерттеген Сүйінішәлиев оларды 

көркем прозаға жатқызбай, жай прозаға (сірә, жай проза деп 

ғалым прозаның көркем әдебиеттен басқа түрлерін атап болуы 

керек) жатқызады да «прозаның шағын алты түріне» топтай-

ды.  Публицистикалық  жанрда  деп  тапқандары  –  1,  2,  3,  14, 

24, 26, 29, 33, 41, 42-сөздері және «Біраз сөз қазақтың қайдан 

шыққаны  туралы»  деген  мақаласы.  Қалғандары  прозаның 

өсиет нақлия (поучительные рассуждения), тасдиқ (утвержде-

ние), нақыл, тұспал сөз, кеңес, әңгіме (беседа), көркем проза 

элементтері бар түрлеріне жатады деп бөледі. Бірақ автор ай-

та-айта келе: «Абай прозасына публицистика сарыны басым», 

– деп түйеді

120


. М.С.Сильченко «Қара сөздер» көркем прозаға 

жата алмайды, өйткені бұл «Сөздердің» әрқайсысында бірнеше 

жанрлық  элементтері  бар»,  –  дей  келе,  олардың  бірқатарын 

публицистикалық  сипатта,  ғылыми  проза  стилінде  жазылған 

шығармалар деп табады

121


.

Абайтанудағы  орны  ерекше  зерттеуші  М.Әуезов  те  Абай 

прозасының  жанрлық  ерекшелігі  туралы:  «Жалпы  алғанда, 

Абайдың  осы  «Қара  сөз»  дейтін  мұралары  көркем  прозаның 

өзіне бөлек бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар – сюжетті 

шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі ме-

муар  да  емес...»  дегенінде,  ең  алдымен,  Абай  прозасының 

көркемдік  құндылығын  көреді,  екіншіден,  таза  көркем  проза 

жанрына жата алмайтын «өсиет-толғауларын» басқа бір жанр-

да жазғанын атайды. Басқа жанр дейтініміз – публицистикалық 

жанр ма, ғылыми-баяндау жанры ма немесе тағы басқасы ма – 

ол Абай прозасының жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты зерт-

тегеннен кейін тұжырымдалатын жай екендігі білінеді.

Абай  өзінің  прозалық  мұраларымен,  сөз  жоқ,  қазақ 

әдебиетінде  бұрын  болып  көрмеген  соны  жанрларды  баста-

ды. Ол Алтынсарин новеллаларымен бірдей емес, бірақ мұнда 

көркем  прозаның  элементтері  мүлде  жоқ  деп  айтуға  тағы  да 

болмайды.  Адамның  жақсы-жаман  мінез-құлықтары  туралы 

жазған «Сөздері», Мұхтар Әуезов айтқандай, үлкен бір көркем 

повесть не романдағы кейіпкердің толғана сөйлеген монологі 

120 

Сүйінішәлиев X. Абайдың қара сөздері. - Алматы, 1956. - 150-бет.

121


 Сильченко М.С. Творческая биография Абая. - Алма-Ата, 1957. - С. 273.

570

бола  алмайды  деп  кім  таласар  еді?  Монолог-«Сөздерге» 

әсіресе «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?», 

«Біреулер  Құдайдан  бала  тілейді,  ол  баланы  не  қылады?», 

«Тірі  адамның  жүректен  аяулы  жері  бар  ма?»  деген  сияқты 

сұрақтардан басталатын, күңірене қойған өңкей риторикалық 

сұраулы  сөйлемдерден  тұрған  «Сөздерін»  жатқызуға  болады. 

«Сократ  хакимнің  сөзі»  (27-сөз)  мен  Ақыл,  Қайрат,  Жүрек  – 

үшеуін  айтыстырған  17-сөзі  –  нағыз  көркем  проза  стилінде 

жазылған шығармалар. «Қара сөздердің» көпшілігі қоғамдық-

публицистикалық және ғылыми баяндау стилінде жазылған де-

ген пікірді біз де қуаттаймыз.

Абай  прозасы  тілі  мен  стилі  жағынан  толыққанды 

шығармалар екенін баса айтамыз. Бұл туындылардың басымы  

–  дидактикалық  әңгіме,  философиялық  толғаныс,  психоло- 

гиялық, филологиялық этюдтер, тарихи очерктердің алғашқы 

үлгілері,  қазақ  жазба  дүниесіндегі  таза  ұлттық  тілдегі  соны 

бастамалар  деп  танимыз.  Ұлы  Абайдың  сан  қилы  еңбегінің 

бір  қыры  да  –  осы  жерде.  Мұны  Абай  шығармашылығын 

деп  қоя  зерттеп  дұрыс  таныған  жазушылар  мен  ғалымдар 

кезінде  жақсы  көрсетіп  өтті.  Ілияс  Жансүгіров:  «Абайдың 

қара сөздерін әлеумет пікірінің ортаға түсетін қара сөзінің де 

(публицистикасының)  алғашқысы  деп  ұғынуымыз  керек»,

122


 

–деп  жазса,  Мұхтар  Әуезов:  «Абайдың  қара  сөздері  оның 

ақындық  мұраларына  қосылған  бағалы  қазына  деймін»,  – 

дей келе: «... Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қара сөздері 

беретін  әр  заманда  бағасы  жойылмайтын  бір  үлкен  қымбат 

қазына бар. Ол – Абайдың осы қара сөзді жазған тілі»,

123

 –деп 


түйеді, яғни Абай прозасының тек мазмұны емес, оның тілінің 

де қазақ сөз өнерінде алатын орны бар, елеулі құбылыс екенін 

айтады.  Біз  де  осы  пікірді  тіл  маманы  ретінде  қажет  болған 

жағдайда (шағын мақалада емес, кең көлемді еңбекте) толық 

дәлелдеп, әбден қостауға бармыз.

ҚР ҰҒА Хабарлары. - Тiл-әдебиет сериясы. 

- 1994. - № 2. - 31-37-б. 

122


 Жансүгіров I. Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы, 1934, № 11–12. 49-6.

123


 Мұхтар Әуезов. Шығармалар. 12-том, 1969. 455-6.

571

Абай тілін танудың жаңа қырлары немесе 

мәтін теориясы бойынша зерттеулер

Ұлы  Абайдың  тұтас  шығармашылық  келбеті,  қалдырған 

мұрасының  бүгінгі  қазақ  қоғамының  қажет  етіп  отырған 

қырлары,  оның  эстетикалық,  философиялық,  тәрбиелік,  жал-

пы,  меденитанымдық  мәні  (рөлі)  халқына  едәуір  зерттеліп, 

білім-түсініктер, түйін-тұжырымдар қалыпасып қалғанын ба-

тыл айта аламыз. Көркем сөз иесін тану екі тарамда жүретінін 

де  жақсы  білеміз.  Яғни  абайтанудың  алдыңғы  айтылған 

қырларымен  қатар,  тілін,  идиостилін  зерделеу  жапсарла-

са  жүретін  қарекет  екендігін  бүгінгі  зерделі  халайық  жақсы 

аңғаратынын да айтамыз.

Абай  мұрасының  тілі  мен  көркемдік  кестесі  жалпы 

тұрғыда,  кәнігі  тәсіл-өлшемдермен  біршама  танылып-таны-

тылып  қалғаны  да  белгілі.  Абай  тілін  сөз  етуде  біздің  30-35 

жыл бойы жариялап келе жатқан үш монографиямыз бен 30-

дан  астам  мақаламызда  ұлы  суреткердің  қазақ  әдеби  тілінің 

даму  барысындағы  орны,  қызметі,  өлеңдері  мен  прозасының 

лексика-грамматикалық сипаты және көркемдік өрнегі талда-

нып баяндалған болатын. Бірақ бұнымен «Абай тілі» атты та-

ным саласы аяқталмайды, әрі қарай бұл таным тармағының да 

өрісі кеңдік пен тереңдік параметрлерімен ұлғая беруге тиіс. 

Мұны  абайтанушы  тіл  мамандары  үздіксіз  айтып  келеміз. 

Бұл  саладағы  ғылыми  ізденістердің  едәуір  қиындығы  мен 

жауапкершілігі ме, әлде дұрыс ұйымдастыра алмай келеміз бе 

– абайтанудың лингвистикалық қырларына көптеп бара алмай 

жатырмыз.

Әрине, көркем әдебиет үлгілерінің, оның ішінде орны мен 

суреткерлік  келбеті  ерекше  тұрған  ұлы  Абай  поэзиясы  мен 

«Қара  сөздерінің»  тілдік-көркемдік  сипатын  әр  қырынан  та-

ныту  үшін,  сол  қырлардың  өзін,  олардың  ескі-жаңа  түрлерін 

біліп алуымыз керек. Бұрыннан қалыптасқан зерттеу жолдары 

(аспектілері)  мен  теориялық  негіз-бағыттарын  қайталап,  тек 

мысалдармен көбейтіп, әркім өз тілімен жаза беру абайтанудағы 

лингвистикалық ізденістердің кеңеюі, түрленуі, жаңа табыста-

ры болып саналмайтындығын да баса айтамыз.


572

Ғылымның  барлық  салаларындағыдай,  оның  «тілтаным» 

атты тармағында да әр кезеңде жаңа бағыттар, жаңа жүйелер 

пайда  болып  жатады.  Солардың  бірі  –  XX  ғасырдың  орта 

тұсында сұлбасы көрініп, соңғы ширегінде едәуір айқындалып 

келген соны бағыт – мәтін лингвистикасы немесе мәтін тео-



риясы.

Бұл жаңалықтың аталуы бірнеше түрлі: ғылыми әдебиетте 

жоғарғы  екеуінен  басқа  мәтін  құрылымы,  мәтін  граммати-

касы,  мәтін  стилистикасы,  мәтін  герменевтикасы  (көне 

мәтіндерді түсіндіріп талдау) деген атауларды да кездестіреміз. 

Бірақ, сайып келгенде, мәтін лингвистикасы деген жалпы ата-

уы жиірек ауызға түседі (қаламға ілінеді).

Бұл  бағыттың  негізгі  зерттеу  нысаны  –  мәтін  (текст). 

Мәтін  деген  терминнің  жалпы  мағынасы  түсінікті:  мәтін 

–  шығарманың  хатқа  түскен  түрі.  Ол  шығарма  –  әрине,  тек 

көркем  әдебиет  үлгісі  болуы  шарт  емес,  кез  келген  үлгі: 

ғылыми  еңбектер,  публицистикалық  шығармалар,  газет-жур-

нал беттеріндегі жазбалар, ресми құжаттар т.т. – барлығы да 

хатқа түсіп, оқырмандарға ұсынылады. Бұл – мәтін. Ал көркем 

әдебиет  үлгілерін  сөз  еткен  кезде  мәтін  деген  сөз  ғылыми 

терминдік дефинициясы (анықтамасы) бар нысан (объект) бо-

лып саналады.

Көркем  әдебиет  үлгілерін  талдан,  зерттеуде  әдебиет- 

танушылар  мен  тілтанушылардың  қолға  алатын  нысандары 

мен  көздейтін  мақсаттары  екі  бөлек  болады.  Әдебиетшілер 

көркем шығарманың өзін, яғни мазмұнын, идеясын, жанрлық 

ерекшеліктерін,  авторлығын,  заманын,  әдеби  ағыстарға 

қатысын  т.т.  осы  сияқты  қырларын  зерттейді,  ал  тіл  мама-

ны сол шығарманың мәтінімен жұмыс істейді. Ашып айтсақ, 

шығарманың  мәтін  арқылы  қолданысқа  түскен  сырын,  яғни 

оқырманға  қалайша  жеткенін  немесе  жеткізу  көзделгенін 

зерделейді. Ежелгі философия дүниесінен келе жатқан «автор 

(жазушы) ↔мәтін ↔ оқырман» деген үшемдік таным немесе 

дискурс – тіл мамандарының «еншісі». Міне, осы жерде линг-

вистика  әлемінде  жаңа  ізденістер,  жаңа  объектілер  дүииеге 

келеді.  Бұл  орайда  мәтінді  (яғни  шығарманы)  оқырманның 

қабылдауы,  бұған  қажет  білім  (біліп-тану  қоры  –  негізі,  ша-



573

масы) деген категорияны сөз етуге тура келеді. Жалпақ тілмен 

айтқанда, жазушының (ақынның) шығармасын (не оның жеке 

бір  бөліктерін)  оқырман  түсінуі  (қабылдауы)  үшін  сонда  сөз 

болған шындықты (реалийлерді), мәдени дүниені жақсы білуі 

керек. Сол сияқты белгілі бір сөздер адам баласы тіршілігінің 

белгілі бір саласының «мәдени коды» болып келеді, яғни сол 

саладағы таным мен тәжірибенің белгісі (көбі ұлттык белгісі) 

болады.  Демек,  белгілі  бір  дәуірдегі  жазушының  (ақынның) 

шығармасын, айтпақ идеясын оқырмандары түгел немесе сара-

лай түсіне ала ма, түсіне алды ма – осыны зерделеу де – мәтін 

лингвистиксының шаруасы. Сөйтіп, дискурс дегеннің мәні зор 

екен.

Осы  тұрғыдан  келгенде,  Абай  мұрасын  мәтін  теориясы-



мен зерттеу, таныту – алдағы ізденіс бағытымыз болуы керек. 

Әрине,  мәтін  теориясы  тек  дискурс  мәселелерімен  шектел- 

мейді. Мұның ішінде мәтіннің өзінің белгілерін айқындап алу, 

мәтіннің  ұлттық  және  жеке  авторлық  сипатын  дұрыс  тану, 

мәтіннің тұтастық, жанрлық белгісін түзетін тілдік бірліктерді 

айқындау сияқты толып жатқан жеке тақырыптар туындайды.

Бұл  айтқандарымызды  бір-екі  мысалмен  түсіндіріп 

көрелік. Алдымен, дискурс, яғни автор (Абай) – мәтін (өлең- 

дері)  –  оқырман  (өз  тұсындағы  және  қазіргі)  дегенге  назар 

аударсақ,  Абайдың  көп  өлеңдерін  өз  тұсындағы  оқырман-

тыңдармандардың  қабылдау-түсіну  қабілеттері,  яғни  «аялық 

біліктері»  қандай  болды?  Мысалы,  «Қансонарда»  деп  баста-

латын  өлеңін  алайық,  мұндағы  тұрмыс-салттық  реалийлер 

Абай  кезеңінде  ауыл  адамдарына  жақсы  таныс  еді,  әрине, 

бұл өлең мәтіні тек тақырыбының таныстығымен ғана құнды 

емес,  көркемдігімен,  мәтіндегі  суреттің  жұмырлығымен, 

осы  жұмырлықты,  айтпақ  идея  тұтастығын  көрсетіп  тұрған 

тілдік  құралдармен  құнды.  Мәтіннің  семантикалық  немесе 

тақырыптық  өрісіндегі  сөздер  топтасқан:  бүркітші,  аңшы, 

қағушы, тастан табылатын түлкі, бүркіт, жақсы ат, тату 

жолдас. Бұлардың бәр-бәрін мүмкін қазіргі қалалық жастар көз 

алдына келтіре алмас, ал ақынның осы өленді ұсынған кездегі 

оқырмандарының  (таңдармандарының,  жаттаушыларының) 

білетіндері («аялық білімдері») тамаша болатын.



574

Бұл  жерде  мәтіннің  көркемдігі,  тұтастығы  –  өз  алдына 

әңгіме: біршама үлкендеу өлең мәтіні бастан-аяқ бір ұйқаспен: 

барыс жалғаулы сөздермен шегенделген (аңдығанға – адамға, 



аспанға – қашқанға...).

Ал  Абайдың  «Сегіз  аяғын»  өз  замандастарының  бәрі 

түгел түсініп, қабылдап оқыды (тыңдады) деу қиындау. Қазақ 

поэзиясының  қазақ  құлағы  үйренген  өлеңдік  құрылымының 

мүлде  бұрынғыдан  басқаша  екендігін,  өлең  тармақтарының 

өлшемі  мен  ырғағы  және  ұйқасуы  жағынан  ерекше  түзілуін, 

интонациялық бітімі мен синтаксистік құрылым тәртібі де соны 

болғанын  есептемегенде,  ақынның  айтпақ  идеясы,  мақсаты 

қандай дегенді бірден аңғару да қарапайым (көбі тіпті сауатсыз 

болғаны – өз алдына) тыңдарманға, оқырманға оңай еместігін 

түсіну қиын емес. Бұл өлең – сырт қарағанда, бірде ақынның 

«толғауы тоқсан қызыл тіл», яғни өлең, поэзия туралы, енді бір 

қарағанда,  санасыз,  ойсыз,  жарымес  айналасындағылардың 

жағымсыз портретін беретін сияқты көрінеді, ал, түптеп кел-

генде, менің танымымша, «Сегіз аяқ» – суреткер тұлғасының 

традегиясы атап айтқанда, қоршаған қауымның «баяғы жартас 

– бір жартас болып, қанқ еткенімен түкті байқамайтындығы», 

яғни поэзиясымен, ақылымен, білімімен заманынан, заманда-

старынан түсіністік көре ақын жанының бақсының моласындай 

жалғыз екенін білдірген – имандай сыры. Ақын поэзиясының 

осындай үнін дәл таныған Шәкәрім: 

Ақын поэзиясының осындай үнін дәл таныған Шәкәрім:



Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,

Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан, –

деп бір түйіп алып, әрі қарай бұл танымын дәлдеп тарқатады 

емес пе:

Кім жалғыз бұл жалғанда есті жалғыз, 

Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.

Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па,

Қазақтан табылды ма соның пары?!

Өлеңімен жұбатты өзін өзі, 

Еңбегі – еш, іші – беріш, жүзі – сары,

 Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң, 

Патша қойса, не кетер қазақ шары?


575

Демек,  кейбір  өлеңдерінің  мәтінін  ұғуға  айналасының  ба-

сым  тобының  әлі  аялық  білімдері  (білім-таным  қоры)  жоқ 

екенін Шәкәрім ғалым, Шәкәрім философ жақсы айтқан. 

Мұны Абайдың өзі де жақсы білген:

Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,

Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.

 Біреуі олай, біреуі бұлай қарап

Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ, 

деп күңіренсе де, айтпақ сөзін айта берді (өлеңін жаза берді). 

Шәкәрімше түйсек:

Не қылса да шыдады, білдірмеді,

Сол десеңші сабырлы қазақ нары!

Бұл  талдаған  мысалдарымыз  бен  түйіндеріміз  –  бірден 

көзге  түскен  фактілер  ғана.  Десек  те  Абай  шығармалары 

мәтін  теориясы  қырынан  мүлде  сөз  болған  жоқ  деп  айтуға 

және  болмайды.  Мәтін  грамматикасына  қатысты  қазіргі 

терминдерді  жиі  қолданбасақ  та,  әңгіменің  мазмұны,  өзегі 

мәтін, оны түзу, мәтін түзетін элементтер мен тәсілдер сияқты 

тақырыптарға біз «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» 

(1970) және «Абайдың сөз өрнегі» (1995) атты монографияла-

рымызда  біраз  барған  болатынбыз.  Дегенмен  енді  жеке  курс 

ретінде Абай мұрасын, оның ішінде тек поэзиясын ғана емес, 

прозалық  шығармаларын  да  мәтін  стиликасы  тұрғысынан, 

мәтін  прагматикасы  деген  салалар  бойынша  зерттеуге  кірісу 

–  кезектегі  ғылыми  жұмыстарымыз  деп  санаймыз.  Ол  үшін, 

сөз  жоқ,  дүниежүзілік  тілтанымның  жаңалықтарымен,  бұлар 

жөнінде  жарияланған  ғылыми  әдебиетпен  жақсы  танысып, 

жаңа  бағыттардың  теориялық  негіздерін  әбден  игеріп  алу 

қажеттілігі де даусыз. Бұл қызғылықты да қажет ізденістерге 

университеттердің  қазақ  филологиясы  кафедралары,  әсіресе 

жас мамандар кіріссе – құба-құп болар еді. Және мұндай зерт-

теулер  жеке  адамдардың  ғана  тандауымен  жүргізілуден  гөрі, 

белгілі бір бағдарламамен кафедра мүшелері немесе Тіл білімі 

институты  сияқты  ғылыми  орталықтарда  ұжымдық  зерттеу 

түрінде жүргізілсе әлдеқайда нәтижелі болары даусыз.

Абайдың  туғанына  160  жыл  толуын  атап  Ақтөбе  универ- 

ситетінің ғылыми-практикалық конференция өткізіп жатқанына 



576

мейлінше риза көңілімізді білдіреміз. Әрине, абайтану сияқты 

ғылым  саласында  істелетін  жұмыстар  науқандық  қана  сипат  

алмай, үздіксіз жүріп жатса, жалғаса берсе деген үміт пен талап-

ты да қоса айтамыз. Өйткені Абай – ұлттық болмысымыздың 

ұлы  тіні,  ұлттық  мәдениетіміздің  арқауы,  ұлттық  тіліміздің 

қазығы.  Бүгінгідей  ұлттық  рухымызды  көтеру  жолындағы 

күресіміздің айнасы ғой!

Сөз  соңында  ұлы  Абай  арқылы  ана  тіліміздің  мәртебесін 

көтеруге, оның байлығы мен әсемдігін таныта түсуге септігін 

тигізеді  деп  есептейтін  бір  практикалық  іс-қарекетті  іске 

асыруды  ұсынғым  келеді.  Ол  –  республикамыздың  барлық 

университеттері  мен  педагогикалық  оқу  орындарындағы  фи-

лология, мүмкін, тіпті журналистика факультеттерінде «Абай 

тілі» атты арнайы курс енгізу керектігі. Курс шамамен 18-20 

сағаттық болса, жұмасына 2 сағаттан екі рет өткізілсе, бас аяғы 

1-1,5  айдың  ішінде  студент  жастарға  біраз  мағлұмат  берілер 

еді. Бұл курстың бағдарламасын шамамен былайша түзуге бо-

лады:

1-2-лекция.  Абай  тілінің  негізі.  XV-ХVІІІ  ғасырлардағы 

ақын-жыраулардың, Бұхар жыраудың, Махамбеттің, Дулаттың 

қазақ  әдеби  тілінің  даму  барысындағы  орындары  мен 

кызметтері, шығармаларының тілдік-көркемдік сипаты. 



1-4-лекция. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақтың жаз-

ба дүниесі, оның тілі. Ыбырай Алтынсариннің тілдегі қызметі. 

Алғашқы қазақ баспасөзі, оның тілі.

5-6-лекцияҚазақ әдеби тілінің жаңа кезеңі – ұлттық жазба 

әдеби тілінің дүниеге келуі. Жаңа кезеңнің сапалық белгілері. 

Жаңа кезеңді бастаудағы Абайдың қызметі, Абай тілінің лекси-

касы, грамматикалық, көркемдік сипаты.



7-8-лекция. Абай поэзиясының тілі. Көріктеуіш-бейнелеуіш 

амалдары мен құралдары. Сөз қолдану, сөз таңдау шеберлігі. 

Абай  тіліндегі  поэтикалық  фразеология  әлемі.  Абай  жаңа- 

лықтары.


9-10-лекция. Абай өлеңдерінің құрылысы, өлшемі, ырғағы, 

ұйқасы.  Мұндағы  Абай  жаңалықтары.  Абай  өлеңдері  тілдік 

үрдісінің кейінгі қазақ поэзиясына өткен әсері, үлгісі, әрі қарай 

дамуы.


Әр лекция шамамен 2 сағаттық болса, көрсетілген 10 лек-

цияны  20  сағатта  өткізуге  болады.  Дәріс  жүргізуші  мен  оны 

тыңдайтын  студенттердің  қызығу,  түсіну  дәрежесіне  қарай 

факультатив  түрде  (міндетті  емес)  үй  тапсырмасы  немесе 

үйірме  сағаты  түрінде  жалғастыруға  болады.  Бұл  курстың 

мақсаты  –  Абайдай  поэзия  алыбының  жеке  суреткерлігін  та-

нытып  қана  қою  емес,  осы  дәрістер  арқылы  жастарды  ана 

тілінің көркемдігі мен байлығына, әсемдік әлеміне баули түсу, 

нәтижесінде  болашақ  педагог,  жазушы,  ақын,  журналист,  ба-

спагер  сияқты  жас  өркеннің  қазақ  тілінің  өрісін  кеңейтуге 

табиғи заңдылықтарын сақтауға, мәдениетін көтеруге арнала-

тын алдағы жұмыстарына көмегін тигізеді деп үміттенеміз.



Абай-160. «Абай әлемі: рухани мұра мәселелері 

және қазіргі кезең» атты республикалық 

ғылыми-практикалық конференция материалдары 

(26-27 мамыр, 2005). - Ақтөбе, 2005. - 3-6-б. 

МАЗМҰНЫ

АБАЙДЫҢ  СӨЗ  ӨРНЕГІ  ..........................................................3

Сөз  басы  ….............................................................................4

Абай  тілін  танудың  қырлары  ............................................8

Сөз  –  өлеңнің  арқауы  .......................................................21

Образдың  эстетикалық  өрісі  (зонасы)  ............................25

Етістік – көріктеу құралы ....................................................37

«-сы» жұрнақты туынды етістіктердің стильдік қызметі...64

Сөз  таңдау  ...........................................................................66

Өлең және сөз .......................................................................66

Текст  түзу  ..............................................................................81

Синонимдерді  таңдау  ........................................................88

Сөз-символ  ............................................................................98

Сөз  құбылту  ......................................................................103

Абай  фразеологиясы  .........................................................103

Перифраздар  .......................................................................123

Фразеологизмдерді  өзгертіп  қолдану  ...........................130

Сөз  үндестіру  ....................................................................140

Дыбыстар  гармониясы  ......................................................140

Аллитерация  мен  ассонанс  ............................................142

Анафора  мен  эпифора  .....................................................151

Түбірлес  сөздер  ..................................................................156

Ішкі  ұйқастар  .....................................................................162

«Қара  сөздердің  тілі  қалай  өрілген  ............................168

Абай  тілінің  тағылымы  ...................................................198

Сөз  соңы  немесе  түйін  сөз  ..............................................216

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ ....221

Алғы  сөз  ..............................................................................223

Өлеңнің  синтаксистік  құрылысының  ерекшеліктері  ...227

Шумақ  туралы  түсінік  .......................................................238

Күрделі  синтаксистік  тұтастық  туралы  ұғым  .............254

Абай  өлеңдерінің  синтаксисі  ....................................267

Абайдың 

шумақты 


өлеңдерінің 

синтаксистік

құрылысы  ...........................................................................267


Абайдың  шумақсыз  өлеңдерінің  синтаксисі  .................309

Абай  өлеңдеріндегі  инверсия  ..........................................320

Абай өлеңдеріндегі тасымал ................................................339

Өлең синтаксисіндегі ықшамдау (үнемдеу) тәсілдері .....343

Өлең жолдарындағы оқшау сөздер ...................................351

Ұйқас және өлең синтаксисі мен стилі .............................356

Қорытынды ..........................................................................376

Әдебиеттер тізімі ................................................................380

АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ...........383

Абай  тілінің  зерттелуі  .......................................................384

Абай  шығармалары  мен  ХІХ  ғасырдағы  жазу 

нұсқаларының  тілін  зерттеудің  маңызы  ......................406

Абай  тіліндегі  оқу-ағартуға  қатысты  сөздер  ...........418

Абайдың  прозалық  шығармаларындағы  күрделі  ойдың 

берілуі  .................................................................................430

Абай 


шығармаларындағы 

кейбір 


шылаулардың 

қызметтері  ..........................................................................448

Абай  шығармаларындағы  ыңғайластық  жалғаулықтардың 

көрінісі  ................................................................................452

Абай  шығармаларында  -ар/-ер  жұрнақты  тұлғаның 

қолданылуы  .......................................................................459

Абайдың  қара  сөздеріндегі  -мақ  аффиксті  тұлға 

жайында  .............................................................................474

Абайдың 

прозалық 

шығармаларындағы 

кейбір 


морфологиялық  тұлғалардың  сипаты  ............................488

Абай  тілінің  көркемдігі  ....................................................495

Абай  және  қазақ  ұлтының  әдеби  тілі  ......................506

Абайдың  тіл  тағылымы  ...................................................517

Абай  және  поэзия  тілі  .....................................................531

Абай  –  ұлттық  болмысымыздың  тіні  ..............................544

Абай  және  қазақ  әдеби  тілі  ............................................553

Абайдың  «Қара  сөздері»  –  қымбат  қазына  .................562

Абай  тілін  танудың  жаңа  қырлары  немесе  мәтін 

теориясы  бойынша  зерттеулер  .......................................571



Рәбиға

СЫЗДЫҚОВА



Көптомдық шығармалар жинағы

Екінші том

АБАЙДЫҢ СӨЗ ӨРНЕГІ

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ

АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ ТІЛІ

Редакторы: Әділ Әбсаттар

Техникалық редакторы: Ниязбай Оразымбет

Корректоры: Ермұхамет Маралбек

Компьютерде беттеген: Жәмила Айдос

ИБ № 163

Теруге 22.10.2014 ж. берілді. Басуға 11.11.2014 ж. қол қойылды. 

Пішімі 84х108

1

/



32

. Қаріп түрі «Times New Roman». 

Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 30,4. 

Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №



«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры. 

050009. Алматы қаласы. 

Абай даңғ. 143, 413 бөлме

«Полиграфкомбинат» ЖШС

Алматы қ., Мақатаев көшесі, 41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет