Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38

* * *

Verba  dicendi  –  сөйлеу  етістігі  «де»  арқылы  күрделі  кон-

струкция  құру  тәсілі  Абай  прозасында  жиі  пайдаланылған. 

Әсіресе  де-нің  өткен  шақтық  көсемше  тұлғасы  (деп)  мен 

есімше  тұлғасы  (деген)  жиі  қолданылған.  Де  дәнекерлігімен 

келген конструкциялардың өзі екі түрлі: бірі және жиі түрі – 

төл  сөзді  құрылымдағысы,

69

  екіншісі  қарапайым  құрмалас 



сөйлем құрылысындағысы.

69

 Жазба әдеби тіл тарихымызда деп тұлғасының төл сөзді дәнекерлеуші ретінде 



қолданылуы  және  оның  орналасу  тәртібі  жайын  бұл  мақалада  сөз  етпейміз.  Ол  өз 

алдына бөлек талданады.



443

Сонда  мен  ойлаушы  едім:  «Әй,  Құдай-ай,  бізден  басқа 

халықтың бәрі антұрған екен, ең тәуір халық біз екенбіз» деп 

(153). Көзді, мұрынды [Құдай тағала) ауызға жақын жара-



тыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, исін біліп, 

ішіп-жесіп деп (196-27).

Абай прозасындағы деп-пен жасалған құрмаластардың бір 

ерекшелігі – дәнекерші элементтің өз орнында (дәнекерленуші 

екі  компоненттің  орталығында  емес)  тұрмай,  сөйлемнің  ең 

соңында  тұратындығы,  яғни  басыңқы  мен  бағыныңқының 

орын  алмасып  келуі

70

:  ...Бұлар  неліктен?  –  десе  біреу,  сіздер 



айтасыздар: «Құдай тағаланың жаратқанынан, бұйрығынша 

болған ісі» – деп (199-228). Бағана айттық қой, жан қуаты 

басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескер-

се, күтіп айналдырса, зораяды деп (242-43).

Деп  дәнекерлігімен  жасалған  бағыныңқының  сөйлем  соң- 

ында келуі, яғни сөйлемнің деп-ке аяқталатын конструкциясы 

жалғыз Абай прозасына емес, Ы.Алтынсарин прозасына да тән: 

Мұны  көріп  Асан  жылай  бастады,  енді  қайсысына  түсеміз 

деп («Киргизская хрестоматия», I бөлім, 21-бет). (Адам) барып 

патшаға арыз етті, не гүнам бар, жерім біреу алғандай деп 

(Сонда, 44-бет). Келесі күн көп кісі жиылды қазының төресін 



естеміз деп (Сонда, 61-бет).

Деп  дәнекерінің  сөйлем  соңында  келтіру  тәсілі  Абай  мен 

Ыбырайдың прозаларында ғана емес, сол тұстағы бүкіл қазақ 

прозасында қолданылғанын тіл фактілері дәлелдейді. Ең алды-

мен,  өткен  ғасырдағы  проза  жанрының  үлгісі  «Дала  уалаяты 

газетінде» деп-ке біткен сөйлемдерді жиі ұшыратамыз: Торғай 

облысының газеті айтады 1896 жылдың аяғында Бестөбе бо-

лысында сол елдің болысы Ысмайыл Досұғлы бір школ ашты 

деп  (Дала  уалаяты  газеті.  30/ІІІ.1897.  -  №14).  «Біздің  қазақ 

халқы  ойлайды  бір  үлкен  кереметлі  нәрсе  бар  ғой...  дүниенің 

өзін билеп тұратұғын деп (Сонда, 27/1. 1894. - №47). Алғаш 

орын  алған  ұшынды  азырақ  кептіріңкірейді  ашуы  қайтсын 

деп (Сонда, 26/V.1889. - № 21).

70

  Деп  арқылы  құрмаласқан  компоненттердің  бағыныңқысы  бұрын,  басың- 



қысы  соңынан  келетін  дұрыс  конструкциясы  Абайда  мүлде  кездеспейді  деуге 

болмайды. Өте сирек болса да ұшырата аламыз: «Ұялмас бетке талмас жақ береді» 

деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы (202-30).


444

Көркем  прозадан  тұңғыш  аударылғандардың  бірі  –  Пуш- 

киннің  «Капитан  қызы»  болды.  Онда  да  сөз  етіп  отырған 

тәсілден құр алақан емес: Мен өзім бегіректе қуандым. Петер- 



бурға барып, босаңдықта қызық көремін деп («Капитан қызы», 

1903).


Деп  дәнекерінің  сөйлем  соңында  тұру  амалының  төркінін 

іздесек, беріректегі ізін ауыз әдебиеті нұсқаларынан табамыз 

(әрине, әңгіме қара сөзбен берілетін жерлері жайында): Сонда 

Айман ойлайды енді мен батырдың атын қолыма түсіріп ала- 

йын деп («Айман-Шолпан»). Жібекжан, шырағым, ояумысың, 

міне,  бір  жақсы  кісі  қасыңа  келіп  тұр  сөйлесемін  деп  

(«Қыз Жібек»). Сарыбай ойлады: менің күйеуім жалғыз бол-



ды, мұның көзі олай-бұлай болып кетсе, қызым Ұлтанға қор  

болады екен деп («Қисса Алпамыш», 1901).

Қазақтың бай ауыз әдебиетін өткен ғасырда жинап бастыр- 

ған орыс ғалымдары Радлов, Лютш, Васильев және басқалары 

жариялаған материалдардан да деп-ке аяқталған сөйлемдерді 

жиі  ұшыратамыз

71

:  Баласы  он  жасқа  келгенде,  шешесінен 



сұрайды: «Әкем қайда?» – деп (В.В.Радлов, Образцы... - Т. IIІ. 

- С.253). Сонан соң ханға хабар берді: Солай, Тарғын батыр 



жоқ деп (Сонда, 123-бет). Хан тұрып, сұрайды: әрқайсыңның 

не өнерлерің бар, айтыңыздар деп (Васильев, 1-бет).

Деп  дәнекерінің  сөйлем  соңында  келуі  –  о  баста  ауызекі 

сөйлеу тілінің нормасы

72

. Және бұл тек қазақ тілінің ғана емес, 



көптеген  түркі  тілдері,  оның  ішінде  көне  өзбек  тіліне  де  тән 

болғанын байқаймыз

73

.

Сөйлемнің деп-ке аяқталу тәсілі қазақ жазба әдеби тілінде 



71

 Қараңыз: Досқараев Ж., Сарыбаев Ш. Октябрь революциясынан бұрын басылып 

шыққан кейбір нұсқалардың тілі жайында //Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы 

мәселелері. - 3-шығуы. - Алматы, 1960. - 247-бет.

72

  Кеңесбаев  С.К.  Абай  –  основоположник  казахского  литературного  языка  // 



Советский Казахстан. - 1955. - №9. - С. 128.

73

 Дархан «Іабраил кэліп атті іа Муса асаині дарйаға ургіл дәп...» тотчас же явился 



Джабраил и сказал: «О Муса брось свой посох в реку...» – Сол бойда Жәбрейіл келіп 

айтты:  «Я  Муса,  асанды  дарияға  лақтыр»,  –  деп.  Мысал  А.М.Щербактан  алынды 

(Грамматика староузбекского языка. - М.-Л., 1962. - С.220). Коімі аніарқа аіді: сізлар 

кімлёр  сізлар,  қайғару  барур  сізлар  теб.  (Бұл  мысал  1914  жылы  Карши  қаласынан 

табылған  «Тефсирдің»  (XIII  ғ.)  А.К.Боровков  келтірген  тексінен  алынды  (Боровков 

А.К.  Из  материалов  по  истории  узбекского  языка  //  Тюркологический  сборник.  -  Ч. 

I. - М., 1951. - С. 74, 75).


445

көпке дейін орын алып келді. XX ғасырдың басындағы газет-

журналдарда  да,  жеке  жазушылардың  шығармаларында  да  

деп пен тұйықталған конструкцияларды жиірек кездестіреміз.

Төл сөзді сөйлем мен соған ұқсас деп-пен жасалатын сөй- 

лемдердің  осы  күнгі  әдеби  тіліміздегі  нормасы  (яғни  деп 

дәнекерінің дәнекерленуші компоненттердің ортасында орна-

ласу  тәртібі)  үстіміздегі  ғасырдың  20-жылдарынан  бастала-

ды

74



.

Қазіргі көркем әдебиетімізде де деп-пен тіркескен басыңқы 

мен бағыныңқы өз орындарында тұруы әбден нормаға айнал-

ды.  Ірі-ірі  жазушылардан  бір-бір  мысал  келтірейік:  Балаңды 



суық  өсірдің  деп,  биыл  жазда  Ұлжанға  да  кінә  таққан 

(М.Әуезов). Алтайды, шыныңды айтпадың деп, сілесін қаты- 



ра  ұрды  (С.Мұқанов).  Ілесе  кетем  бе  деп,  үртіс  жүріп  кет- 

тім (Ғ.Мұстафин). Таныс біреу кездесер ме екен деп, Жабай 

жер үйлерді аралап кетті (Ғ.Мүсірепов).

Ал қоғамдық саяси және публицистикалық, педагогикалық 

жанрдың  қауырт  қалыптасып  кеңінен  дамуына  байланысты, 

деп-пен жалғасқан екі компонентті құрылыстардың белгілі бір 

нормаға түсу процесі тезірек өтті. Қазір бұл конструкцияның 

әдеби  нормасы  әбден  қалыптасты  деуге  болады:  басты-ба-

сты  жанрдың  барлығында  да  дәнекер  деп  екі  компоненттің 

аралығында келеді.

Сөйтіп,  жоғарыдағы  талдаулардан  Абай  прозасындағы 

құрмалас  сөйлемдердің  берілуі  жайында  мынадай  қысқаша 

қорытынды жасауға болады. Абай прозасында ауыз әдебиетіне 

қарағанда, сөйлемдерді шартты рай, көсемше, есімше арқылы 

құрмаластыру  әлдеқайда  жиі  қолданылған.  Бұл  тұлғалардың 

шылау, жалғаулармен қолданылуы да Абайда белгілі бір жүйеге 

келген,  яғни  қарсылықты  бағыныңқы  жасауда  шартты  райға 



да  шылауы  тіркесе  айтылады,  -ған  жұрнақты  есімше  жатыс 

септігінде,  шығыс  септігімен  соң  шылауы  тіркесіп  және  -ша 

жұрнағымен  тұрып  күрделі  сөйлем  компонентінің  баяндауы-

шын жасайды. -ып /-іп жұрнақты көсемшені Абай мезгілдес 

істі  баяндайтын  жай  сөйлемдерді  бір  күрделі  конструкцияға 

74

 Бұл пікірімізді нақтылы фактілермен дәлелдеп талдауға осы мақалада мүмкіндік 



болмады. Ол жайында жазба әдеби тіліміздің совет тұсында даму тарихына арналған 

зерттеуімізде толық айтамыз.



446

сыйыстыру үшін батыл пайдаланады, бұл тәсіл қазақтың ауыз 

әдебиеті мен сөйлеу нормасына тән көне амалдардың бірі бола-

ды. Абай «Қара сөздерінде» салаласа құрмаласқан сөйлемдерді 

байланыстыратын жалғаулықтардан да, және жалғаулықтары 

ғана  қолданылған,  қалғандары  (бірақ,  сондықтан,  себебі,  ал 

т.б.)  көп  қолданылмаған,  бірақ  сөйлем  конструкциясы  осы-

лар  қатысып  тұрғандай  модельде  құрылған,  сондықтан  Абай 

күрделі  конструкциялардың  бұл  түрін  жасауда  ауыз  әдебиеті 

мен ауызекі нормадан әлдеқайда алыстап, қазіргі нормамыздың 

ізін қалаған дей аламыз.

Абайдың  прозалық  тілінің  синтаксисіндегі  ерекше  көзге 

түсетіні  құбылыс  –  ондағы  аса  күрделі  конструкциялардың  

болуы,  яғни  бір  субъектіге  қазықтаған  іс-әрекетті  білдіретін  

жай  сөйлемдерді  бір  сөйлемге  сыйыстыру  да,  көп  бағының-

қылы құрмаластарды, аралас құрмаластарды Абайдың жиі, әрі 

дұрыс қолдануы да ауыз әдебиеті мен өз тұсындағы қазақша 

басқа жазу нұсқаларынан әлдеқайда асып түседі. Абай проза-

сында 10-16 жай сөйлемнен құралған күрделі сөйлемдер едәуір 

ұшырасады және олар қаншама шұбалыңқы ұзақ болғанымен, 

түсінікті  болып  келеді.  Өйткені  Абай  күрделі  сөйлемдерді 

бірыңғай  компоненттерге  құрады,  мұның  өзі  білдірейін  деп 

тұрған  ойды  бірнеше  тең  бөліктерге  бөліп,  ара-арасына  пау-

за  жасауға,  сөйтіп,  айтылған  (немесе  оқылған)  бөлікті  ойша 

қорытуға (қабылдауға) мүмкіндік береді.

Абай  прозасында  күрделі  сөйлем  құрудың  әдеби  нормаға 

әбден сыйымды тағы бір тәсілі бар: ол үйірлі толықтауыш бо-

латын  компонентті  ашық  райға  қойып  басыңқының  соңына 

жіберетіндігі  (ақыры  ойладым:  осы  ойыма  келген  нәрселерді 

қағазға жаза берейін). Бұл тәсіл – бір жағынан, әдеби нормаға 

әбден  сыйымды,  екіншіден,  Абайдың  өзіне  тән  стильдік 

ерекшелігі, үшіншіден, Абайға тигізген орыс тілі синтаксисінің 

әсері емес пе екен деп жорамалдаймыз (бұл соңғы пікіріміз әлі 

де іздестіре, зерттей түсуді керек етеді).

Абай  прозасындағы  кұрмалас  сөйлем  структурасына 

қатыстық есімдіктері (ол – сол, қандай – сондай, кім – сол, қай 

–  сол  т.б.)  жиі  қатыстырылған,  бұл  да  –  тұңғыш  әдеби  нор- 

малардың  бірі,  өйткені  фольклорда  болсын,  басқа  жазу  нұс- 



447

қаларында болсын (әсіресе «Дала уалаятында») бұл тәсіл әлі 

белгілі бір жүйеге келмеген (бір сыңары айтылса, екіншісі жоқ 

т.т.) бейберекет күйде.

Абай  құрмалас  сөйлемдердің  жеке  компоненттерін  деп, 

деген  дәнекерші  элементтерімен  байланыстыру  тәсілін  жиі 

қолданады,  оның  өзінде  деп  дәнекері  көбінесе  сөйлемнің 

соңында тұрады, яғни басыңқы мен бағыныңқының орындары 

алмасып келеді. Бұл тәсіл жалғыз Абайда емес, Ыбырай про-

засында  да,  сол  тұстағы  басқа  нұсқаларға  да  тән.  Сөйлемнің 

деп-ке аяқталуының бергі төркіні – халық ауыз әдебиеті, арғы 

төркіні көне түркі жазу нұсқалары, ал ең түпкі төркіні – ауызекі 

сөйлеу  тілі.  Деп  элементімен  байланысқан  компоненттердің  

өз орындарын табу, яғни бағыныңқының бұрын (деп-ті өз ішіне 

алып), басыңқының кейін келу нормасы (яғни деп-тің сөйлем 

ортасында  қолданылуы)  қазақ  әдеби  тілінде  соңғы  20-30 

жылдың ішінде қалыптасқанын айта аламыз.

Исследования по истории казахского языка.

 Отдельный оттиск. - Алма-Ата: Наука, 1965. - С.42-57


448

Абай шығармаларындағы кейбір шылаулардың 

қызметтері

Үшін (оның үшін) шылауы

Абай  «Қара  сөздерінің»  тексінен  үшін  шылауының  оның 



үшін түріндегі тіркесінің қазіргіге қарағанда, өзгеше қызметте 

келетінін кездестіреміз.

Осы  күнгі  әдеби  тілімізде  үшін  шылауы  «істің  мақсатын,  

бір  заттың  кімге,  неге  арналғандығын  білдіреді»

75

.  Бұл  шы- 



лаудың  ол  деген  есімдікпен  тіркесі  (ол  үшін  <  оның  үшін) 

қазірде  мақсаттық,  салдарлық  мағына  береді  (орысша  «для 



этого»  дегенмен  әуендес  келеді)  және  көбінесе  ол  есімдігі  

атау тұлғада жұмсалады: ол үшін.

Ал Абай прозасында оның үшін болып келген конструкция 

бұл  айтылған  мағынада  емес,  «оның  себебі»  деген  тіркестің 

мағынасында жұмсалады, яғни «Қазіргі қазақ тілі» курсының 

терминімен  айтсақ,  білдіретін  мағыналық  қатынастарына 

қарай  салдарлық  емес,  себептік  шылау  қызметін  атқарады. 

Осы  күнгі  өйткені  деген  жалғаулықтың  дубликаты  ретінде 

жұмсалады  (орысша  «потому  что»  дегенге  сай  келеді):  

«[Адам баласы] тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтан- 

нан  да,  кербездіктен  де,  тойдан  да,  топтан  да,  қатыннан  да  

көңіл  аз  ба,  көп  пе  жалығады.  Оның  үшін  (  ~  оның  себебі)  

бәрінің  айыбын  көреді,  баянсызын  біледі,  көңілі  бұрынғы- 

дан да суи бастайды» (II, 175)

76

. «Адам баласы өзі қай жолда, 



қай майданда жүрсе, ол майдандағы кісіменен сырлас болады. 

Оның үшін ( ~ оның себебі) өзге жолдағылардан «бәрекелді»-

ні  оңды  күтпейді»  (II,  218).  «Мұнысы  қазақтың  тамырын 

ұстап-ұстап қарайды дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат 

алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» 

деп  қазақтың  бетінен  оқып,  ізденген  талап  емес.  Оның  үиіін 

(~  оның  себебі)  кітап  сөзіменен  ізденген  талап  болса,  әуелі 

көкіректі тазалау керек дейді» (II, 219).

75

 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 352-353-беттер.



76

  Мысалдар  Абай  шығармаларының  1957  жылы  шыққан  екі  томы  бойынша 

алынды.  Осы  жерде  және  әрі  қарай  жақша  ішіне  томы  мен  беті  ғана  көрсетіліп 

отырылады.



449

Үшін  шылауының  ол  есімдігімен  тіркесінің  бұл  сияқты 

қазақ тіліне тән емес қызметі Абай шығармаларын бастырып 

шығарушыларды  бірнеше  жерде  оның  үшін  дегенді  «оның 

себебі» деп алмастыруға әкеп соқтырған. Әсіресе Абай «Қара 

сөздерінің»  тұңғыш  жариялануында  (1933  жылы)  оның  үшін 

дегеннің көпшілігі оның себебі деп өзгертіліп берілді. Кейінгі 

басылуларында бұл сияқты редакциялар біраз тежеліп, нұсқаға 

(яғни  Абай  мұрасының  бірнеше  көшірмесін  қалдырған 

Мүрсейіт  Бікеұлының  қолжазбаларына)  сәйкестендіріп  беру 

бағыты ұсталған. Әйтсе де осы әрекеттің қалдығы ең соңғы ба-

сылуларына дейін созылып келе жатқанын текстологиялық са-

лыстырулар көрсетіп отыр. Мысалы, Абайдың орыс тілі, орыс 

мәдениеті  туралы  жазған  атақты  сөйлеміндегі  (25-сөзінде) 

қолжазба  бойынша  оның  үшін  болып  келетін  тіркес  кітапта 



оның  себебі  деп  өзгертіліп  беріліп  жүр:  «Орысша  оқу  керек, 

хикмет  те,  мал  да,  өнер  де,  ғылым  да  –  бәрі  орыста  зор.  За-

лалынан  қашық  болу,  пайдасына  ортақ  болуға  тілін,  оқуын 

ғылымын білмек керек. Оның себебі (қолжазбада – оның үшін) 

олар дүниенің тілін білді, мұндай болды» (II, 179). Бұл ауыс- 

тырулар  Абай  шығармаларын  қалың  оқушы  жұртшылыққа 

түсінікті,  жатық  түрде  ұсынудан  туған  талапқа  байланысты 

болу керек. 



Оның  үшін  конструкциясының  қазіргі  қазақ  тіліне  тән 

емес мағынада жұмсалуын жалғыз Абай прозасының тілінен 

емес, Ыбырай тілінен (Абайға қарағанда сиректеу), В.Радлов, 

Лютштер  бастырған  материалдардан  да  (олардың  қара 

сөзбен  берілгендерінде),  «Дала  уалаяты  газетінің»  тілінен  де 

кездестіреміз:  «Үсен  енді  білді  жақын  жерде  көл  бар  екенін, 



оның  үшін  (~  оның  себебі)  қаз  сусыз  жерді  мекен  етпейді» 

(Ы.Алтынсарин Киргизская хрестоматия. - 1879. - С. 25. Бай 

мен  жарлы  баласы).  «Сол  берген  денелерді  тиісті  орнына 

жұмсамасақ,  Құдай  бұйрығына  қарсылық  болса  керек,  оның 



үшін  (~  оның  себебі  ~  өйткені)  жүрмей,  тұрмай,  отырмай, 

көрмей, есітпей, Құдайға құлшылық етіп те болмайды» (Сон-

да, «Лұқпан әкім»).

«Лұқпан  әкім»  деген  әңгіме  «Дала  уалаяты  газетінің» 

1889  жылғы  5  әдеби  қосымшасында  басылған.  Тегі,  ол 


450

Ы.Алтынсариннің  «Киргизская  хрестоматиясынан»  алынған 

болу  керек,  өйткені  текстерін  мұқият  салыстырып  өткеніміз- 

де,  орфограммасы  жағынан  болмаса,  басқа  ешбір  айырма- 

шылық  жоқ  болды.  Жоғарғы  сөйлемді  осы  қосымшаның  

орысша  аудармасынан  былайша  окимыз:  «Неупотребление 

этих чувств членов по принадлежности является нарушением 

воли творца: так как не видя, не слыша, и не ходя, невозмож- 

но молиться Богу».

«...Егерде қуып жетіп өлтірсе, құны жоқ болсын, тек Тар- 

ғыннан айырыңыз да, өзіңіз алыңыз, – деді, – оның үшін (~ оның 

себебі) бек көңілім қалып өкпеледім» (В.В.Радлов, Образцы... - 

Т. III. - С. 124. Ер Тарғын)«Барлық ақшамды бір байғұс шалға 

бердім, оның үшін ( ~ өйткені) ол маған насихат айтты» (Лютш 

Киргизская хрестоматия. - С. 33). Мұнда ақша беру әрекеті на-

сихат айтудан кейін істелген, яғни шал әуелі насихатын айтқан, 

содан соң ғана жігіт оған ақшасын берген.

«Қазақ  халқының  тұрулары  мен  жайын  анықтап  байқама- 

ған  уақытта  жоғарғы  айтқандары  адамды  ойландыратын,  

оның  үшін  (~  оның  себебі)  халық  жылдан  жылға  өсе  береді, 

жер бір қалыптан аумайды» («Дала уалаяты газеті». - 1889, 22 

декабрь. - №51). «Өзінің иесі өлген мезгілде күншығыс жағын-

дағы  әдеттердің  рәсімінше  атын  иесімен  бірге  көмген  екен, 



соның үшін (~ өйткені) айтады: ат тапқан мезгілде адам сүйе- 

гін бірге тапқан» (Сонда, 1891, 17 май. - №19). Осы сөйлемнің 

сол нөмірдегі орысшасы мынадай: «Лошадь эта когда-то зары-

та по смерти своего хозяина и вместе с ним по обычаю Восто-

ка, потому что в этой же руине найдены человеческие кости» 

(Н.Жетпісбаев  дегеннің  Шығыс  Қазақстан  территориясынан 

табылған археологиялық нәрселер туралы мақаласынан).

Сөйтіп,  Абай  тіліндегі  оның  үшін  конструкциясының 

мағынасынан  байқалатын  ерекшелік  жалғыз  Абай  прозасы-

на  ғана  емес,  өткен  ғасырдың  соң  тұсындағы  қазақша  жазу 

нұсқалары тіліне де бірқыдыру тән болған деген тұжырымды 

айта аламыз. 

Абай прозасында үшін шылауының орнына себепті деген 

шылауды пайдаланған бірді-екілі сөйлемді ұшыратамыз. Өзбек 

(және  көне  өзбек)  тіліне  тән  себепті  шылауы  Абайда  үшін 


451

шылауымен  синонимдес  жұмсалады:  «Гомерге  бәйітшіліктігі 



себепті (~ бәйітшіліктігі үшін), Софоклге трагедиясы себепті 

(~ трагедиясы үшін), яғни біреудің сипатына түспестік, Зевк-

сиске суретшілігі себепті (~ суретшілігі үшін) таңырқаймын» 

(ІІ, 181). «Ай, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, 

қылған  өнерлері  себепті  (~  өнерлері  үшін)  адам  таңырқауға 

лайықты» (ІІ, 181).

«Үшін»  мағынасындағы  себепті  сөзін  қолдану  өзге  түркі 

тілдерінің Абайға тигізген әсерінен болуы керек. Бұл шылау- 

дың  бір-ақ  27-сөзде  (Сократ  хакимнің  сөзінде)  кездесетіндігі 

осы  пікірімізді  қуаттай  түседі.  Қазақ  тіліне  тән  емес  бол-



сын  үшін,  жауып  тұрсын  үшін  деген  өзге  түркі  тілдік  конс- 

трукциялардың  да  осы  «Сөзде»  орын  алғандығына  на-

зар  аударсақ,  жалпы  «Сократ  хаким  сөзінде»  басқа  бір  түркі 

тілінің тікелей әсері (ізі) бар екендігін аңғарамыз. Тегі, автор 

бұл әңгімені әдеби түркі тілдерінің басқа біреуінен оқып, сол 

бойынша жазған болуы керек.

Ал «өйткені, оның себебі» деген мағынада оның үшін тірке- 

сін  пайдаланудың  тамыры,  бір  жағынан,  өзге  түркі  тілдеріне 

тіреліп  жатса,  екінші  жағынан,  қазақтың  жалпыхалықтық 

тілінің нормасына да ұштаспай ма екен деген жорамал туғы- 

зады.  Әйтпесе  кітаби  тіл  элементтерінен  көрінер  көзге  ірге- 

лерін аулақ салған Радлов, Лютш, Алтынсарин сияқты адам-

дар бұл тәсілді өз қолдары тиген материалдардың тіліне жуық- 

татпаған  болар  еді.  Оның  үстіне  өзге  түркі  тілдік  тәсілдер- 

ді  стилистік  мақсатпен  27,  38-інші  тәрізді  белгілі  бір  «Сөз- 

дерінде»  ғана  пайдаланған  Абай  өзінің  прозалық  шығарма- 

ларының ұзын-ырғасы бойына бұл амалды түгел қолданбаған 

да болар еді.



Оның  үшін  тіркесінен  өзге  тіркестерде  келген  үшін  шы- 

лауы,  әрине,  Абайда  да,  XIX  ғасырдан  басқа  жазуларда  да 

қазіргідей мақсаттық мағынада жұмсалады.


452

Абай шығармаларындағы ыңғайластық 

жалғаулықтардың көрінісі

Абай тілінде ыңғайластық жалғаулық ретінде менен (> мен), 



дағы (> да), және (~ жана), һәм (> әм), уа тұлғаларын кездес- 

тіреміз.  Бұлардың  ішіндегі  соңғы  екеуі,  негізінен,  «Қара 

сөздер» текстерінде ұшырайды.

Менен  (>  мен)  форманты  Абай  шығармаларында,  қазіргі- 

дей, екі түрлі қызмет атқарады: бірінде ол құралдық (инстру- 

менталдық – қаламмен жаздым) және бірлестік (комутативтік 

– баласымен келеді) мағынада, екіншісінде бірыңғай мүшелер 

мен  құрмаласқа  енген  жай  сөйлемдерді  байланыстырушы 

жалғаулық  шылау  қызметінде  жұмсалады.  Бұл  форманттың 

Абай  шығармаларындағы  қызметі  қазіргі  нормамен  дәл 

түсетіндіктен, оны талдап жатпайық.



Дағы (> да) форманты да Абайда екі түрлі қызмет атқарады; 

ең  әуелі,  ол  сөйлемнің  белгілі  бір  мүшесінің  мағынасын 

күшейтіп,  оған  баса  көңіл  аударту  үшін  жұмсалады:  «Өтірік 

көрмегенін  көрдім  деуші  куәлар  да  әлдеқашан  дайындап 

қойылған» (II, 160). «... Ызалы күлкі өзі де – қайғы» (II, 162). 

«...Еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» (II, 162).

Бір көңіл аударатын нәрсе – осы қызметте дағы формантының 

ықшамдалған варианты көбірек кездеседі.



Дағы  тұлғасының  екінші  қызметі  –  бірыңғай  мүшелер 

мен  бірыңғай  сөйлемдерді  байланыстыру  болады.  Қазіргіге 

қарағанда,  Абайда  жиірек  ұшырасатын  дағы  варианты  осы 

қызметте  көбірек  кездеседі:  «Сонда  есті  адам  орынды  іске 

қызығып,  құмарланып  іздейді  екен  дағы  күнінде  айт-

са  құлақ,  ойланса  көңіл  сүйсінгендей  болады  екен»  (II, 

1). «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап 

татып  ескерсе,  дүниедегі  жақсы-жаманды  таниды  дағы,  сон-

дайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді  болады»  (II, 

175).


Қызметі  жағынан  дағы  (>  да)  форманты  да  Абай  тілінде 

қазіргі қолданысымен бірдей түсетіндіктен, мұны да талдамай-

мыз.


453

Қазіргі өнімді жалғаулықтардың бірі – және

77

 Абай тілінде, 

негізіненекі түрлі қызметте келеді. Абайда және сөзі көбінесе 

ыңғайластық  жалғаулық  ретінде  емес,  «тағы,  тағы  да»  деген 

үстеу  мағынасында  жұмсалады:  «Ол  қыстауынан  айрылған 



және  (–  тағы)  біреуге  тиіспек»  (II,  159).  «Жастықта  бұл 

қызықтан соң және (– тағы) бір қызық тауып алатын кісімсіп...» 

(ІІ,171). «Олай болғанда және ( – тағы) не ойлайсың» (ІІ, 182).

Абай  және  сөзін  үстеу  мағынасында  әсіресе  өлеңдерінде 

жиі пайдаланады:

Туысқан, туған, құрбылас

Қызығымең және жоқ (І,198).

Осыларды бұзатын және үш іс бар (I, 244).

Шырағым, мастықпенен қылыппын деп,

Әуелгі сөзден танып және алдайды (I, 277)’

Жеті күн жынды болар суын ішкен

Жеті күн өткеннен соң және оңалар (I, 268).

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей (І, 96).

Және  сөзінің  «тағы,  қайтадан»  деген  үстеу  мағынасында 

қолданылуы  қазіргімен  салыстырғанда  Абай  заманында 

өнімдірек  болғанын  айтамыз.  Өйткені  Ы.Алтынсарин  проза- 

сынан  да  «тағы»  мағынасындағы  және  сөзін  табамыз: 

«Күндерде  бір  күн  Сәтемір  ойлап  жүріп,  бір  ескі  тамның 

түбінде  шаршаған  соң  сүйеніп,  жан-жағына  қарап  жатса,  бір 

аяғы  ақсақ  құмырсқа  тамның  төбесіне  қарай  өрмелеп  бара-

ды да, орта шеніне барғанда құлап түседі, тұра салып тағы да 

өрмелейді, үшінші рет өрмекші жаңа (~ қайтадан) тырмысады» 

(Киргизская хрестоматия. - Ч. 1. - 1879. - С.2). «Бітегенеден соң 

77

 Бұл жалғаулыктың және түріндегі орфограммасы – соңғы кездің жемісі. Тіпті 



қазірге дейін, 20-30-жылдарда бұл сөз жуан дауыстылармен тұлғаланушы еді (жана) 

жалпыхалықтық  ауызекі  тілде  де  бұл  сөздің  жуан  вариантының  қолданылуы  басым 

болуы  керек.  Абай  да  мұны  жуан  түрінде  пайдаланғанын  өлеңнің  ұйқасына  қарап 

дәлелдеуге болады:

Бала туса, күзетер шылдахана. 

Олар да өлең айтар шулап жана.

Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған 

Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара (І,69).

Халық әдебиетіндегі мына ұйқасқа да көніл аударыңыз: 

Е, Құдайым бала берсін, 

Мал мен басты жана берсін (В.В.Радлов, Образцы.. - Т. III).


454

және ( ~ тағы) бір шие, онан біраз өткен соң және (~ тағы) бір 

шие, соның мен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені 

он шақты рет иіліп жерден алып жеді» (Сонда, 4-бет). «Үсен 

түсініңкіреп, бойы мұздап, қолына манағы қармақтың таяғын 

қысыңқырап ұстап, және ( ~ қайтадан) отыра берді» (Сонда, 

25-бет).


Және (~ жана) сөзінің екі бірыңғай мүшені немесе сөйлемді 

байланыстырмай,  «тағы,  тағы  да,  қайтадан»  деген  мағынада 

қолданылуы  қазақтың  ауыз  әдеби  тіліне  де  жат  болмағанға 

ұқсайды:


Біреу және келеді,

Қасын қағып ыржиып

Езуін тартып күледі («Алпамыс», 1957, 48-бет).

Қалы кілем, қара нар

Тай тұяқ жамбы жана бар («Қамбар», 1957, 22-бет).

Және  келе  жатсам,  бір  ақ  сұңқар  қуды  алып  жатыр  екен 

(«Қамбар», 1957, 32-бет).



Және  сөзі  Абаймен  тұстас  жазу  нұсқаларында  да,  халық 

әдебиеті тілінде де күшейткіш да (< дағы) шылауы қызметінде 

де  жұмсалады:  «Бұрынғы  заманда  бір  Қанай  деген  бай  бар 

екен. Өзінің ұлы жоқ екен. Қызы және жоқ екен» (И.Березин 

«Турецкая хрестоматия», т. III, 19-бет).

Мұнда соңғы сөйлем «Қызы да жоқ екен» конструкциямен 

синонимдес. 

Және  сөзін  (кейде  және  де  тіркесін)  күшейткіш  элемент 

ретінде  пайдалану  қазіргі  әдеби  тілімізде  де  жоқ  емес.  Бірақ 

бұл амал белгілі бір жеке жазушының тіліне тән болып келіп, 

оның индивидуалдық ерекшелігін құрайды. Мысалы, бұл тәсіл 

жазушы  М.  Әуезовтың  тілінде  айтарлықтай  сезіледі:  «Әбіш 

бұл әңгімені және де ұзаққа созған жоқ ( ~ Әбіш бұл әңгімені 



де ұзаққа созған жоқ). («Абай жолы», І, 311-бет). «Үй ішінде 

және де жөнді от жоқ» ( ~ үй ішінде де жөнді от жоқ) (Сонда, 

104-бет). «Қуып айдап салу және жол емес» ( ~ қуып айдап 

салу да жол емес) (Сонда, 25-бет).

Абай тілінде және сөзі қазіргідей екі бірыңғай мүшені не-

месе  құрмаласқа  енген  жай  сөйлемдерді  байланыстырушы 

ыңғайлас жалғаулық қызметінде де жұмсалады: «Сонда Ари-

стодим  тахқик  ойлап  тексергенде,  адамды  Жаратушы  артық 

хикмет  иесі  екендігіне  және  махаббатымен  жаратқандығына 



455

шүбәсі  қалмады»  (II,  182).  «Осындай  қастарға  сөзім  өтімді 

болсын және де ептеп мал жаюға күшім жетімді болсын деп 

қызметке, болыстық, билікке таластық» (II, 159). «Көшеде шу-

лап және жылаған көп» (I, 268).

Сөйтіп,  бұл  талдаулардан  XIX  ғасырдың  екінші  жарты-

сында қазақ тілі грамматикасын зерттеушілердің қазақ тілінде 

бірыңғай  мүшелерді  немесе  сөйлемдерді  байланыстырушы 

жалғаулық шылау (орысша и союзының орнына жүретін) жоқ 

деген  пікірлерінің

78

  шындыққа  жатпайтындығын  байқаймыз. 



Сірә,  бұл  зерттеушілер  сын  есімнен  болған  екі  бірыңғай 

мүшенің  арасындағы  жалғаулық  жайында  айтқылары  келген 

болар.  Шынында  да,  қазақ  грамматикасы  нормасында  сын 

есімнен болған бірыңғай мүшелердің арасында мен (<менен) 

жалғаулығы  қолданылмайды,  ал  оларды  және  жалғаулығы 

арқылы байланыстыру қазірдің өзінде сирек кездеседі де жа-

санды, кітаби сипатты болады

79

.



Және  сөзінің  жалғастырушылық  қызметі  Абай  тұсында 

бірыңғай  мүшелерден  гөрі,  сөйлемдердің  арасында  айқын 

сезіледі. Ауызекі тіл мен ауыз әдебиеті тілінің құрмалас сөйлем 

жасаудағы  негізгі  амалының  бірі  –  паратаксис  болса,  және 

сөзі екі сөйлемнің жігін айырып тұратын белгі ретінде келеді. 

Революцияға дейін араб әрпімен шыққан кітаптардағы ешбір 

тыныс  белгісі  қойылмаған  жазуларды  басқа  транскрипцияға 

көшіріп, сөйлем жіктерін айырған кезде, айыру белгісі ретіндегі 



және  сөзі  кейде  бір  құрмалас  сөйлемнің  ортасында  қалып, 

кейде  жеке  сөйлемнің  қасына  шығып  кеткені  байқалады. 

Әрине,  «айыру  белгісі  қызметінде  тұрған  және  сөзінің  орны 

қайткенде  де  тұрақты  болуы  керек»  деп  түсінуге  болмайды,  

дегенмен оның жаңа сөйлемнің басында келіп қалатын факті- 

сінің  өзі  және  сөзінің  сөйлем  жіктерін  айырып  тұратын  си-

78

 Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. - Книга 



I.  -  СПб.,  1875.  -  С.133-134;  Старчевский  А.Спутник  русского  человека  в  Средней 

Азии. - СПб., 1878. - С. 31; Грамматика киргизского языка. - СПб., 1898. - С. 119.

79

 Бір ескерте кететін жай – әдеби тілімізде соңғы 10-15 жылдың ішінде сын есім, 



үстеу, есімшелерден болған екі бірыңғай мүшені қайталамайтын да жалғаулығымен 

байланыстыру  тәсілі  етек  алып  кетті.  Бұл  тәсіл  қызметтес  жалғаулықтардың 

синонимдік  қатарын  түзеп,  оларды  шебер  кезектестіріп  отыруға  мүмкіндік  береді: 

«Ал бойына біткенін алсаң, сол Мыңжасар осы жүрген көп қазағыннан әрі ақылды, 

әрі намыскер және қайсар да өжет» («Абай жолы», I, 188-бет). «Абай түрді түр үшін 

емес, айтайын деген ойын дәлірек, өтімді де ұтымды етіп айту үшін іздеген, жасаған да 

тапқан» (Ғ.Мүсірепов). «Төргі бөлме кең, таза да жарық еді» (3. Қабдолов).


456

патын  танытады.  Сондықтан  осы  қызметтегі  және  сөзін 

прозаның  тұңғыш  үлгілерінен  жиірек  көреміз.  Мысалдар 

келтірейік: «Ондай үлкенді (алтынның үлкен кесегін – Р. С.) 

бұл уақытқа шейін естіген емес дейді || және сол алтын тура-

сында алтын іздеушілердің араларында да көп сөз болыпты» 

(«Дала уалаяты газеті». - 1889, 7 январь. - №1). «Бірақ (~ тек 

қана) ұрылар фонарсыз, шамсыз жүреді || және тәуір құрметті 

адамдар бала-шағасының қасына баруды жаһад қылады» (Сон-

да,  26  июль,  №29).  «Керегесінің  айналасы  ілген  семіз  қой, 

жылқы  еттеріменен  толған  екен  ||  және  үйдің  шаңырағына 

сықай ілінген семіз қазы, қарта бар екен» (Сонда, 1889, 24 фев-

раль. - №8). «Жеті жасқа келгенде, қанның ақылындай ақылы 

болды || және сол елде бір қан бар еді» (Березин Турецкая хре-

стоматия. - Т. ІІІ).

Абай  прозасында  да  және  сөзі  кездесетін  жерінің  көп- 

шілігінде осы соңғы, айыру қызметін атқарады: «Шығар есігін 

таба  алмай,  уайым-қайғының  ішіне  кіріп  қалып,  қамалып 

қалмақ – ол өзі де бір антұрғандық || және әрбір жаман кісінің 

қылығына  күлсең,  оған  рахаттанып  күлме,  ыза  болғаныңнан 

күл» (II, 162). «Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылымды 

не қылсын. || Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ» 

(II, 166).

Сөйтіп,  және  сөзінің  қолданылуына  байланысты  Абай 

тілінің ерекшелігі, біріншіден, қазіргімен салыстырғанда, он- 

дағы және сөзінің шылаулық қызметте емес, үстеулік мағынада 

әлдеқайда  жиі  қолданылғандығында.  Екіншіден,  және  сөзі 

жалғаулық  ретінде  келгеннің  өзінде  екі  бірыңғай  мүшеден 

гөрі, сөйлем жіктерін ажыратып көрсететін белгі ретінде актив 

жұмсалғандығында.

Абай ыңғайластық жалғаулық қызметінде да (< дағы), мен 

(< ме-нен) және (~ жана) формант-сөздерімен қатар, араб-иран 

тілдерінен ауысқан һәм, уа сөздерін де жұмсаған.

Иран  тілдерінен  алынған  һәм  шылауы  Абайда  ыңғайлас 

жалғаулық мағынасында қолданылып, айыру белгісінің рөлін 

атқаратын және сөзіне синоним болып келеді: «Бұлар болмаса, 

тән жанға қонақ үй бола алмайды || һәм өзі өспейді, қуат тап-

пайды» (II, 164). «Адам екі аяғына басып, тік өсіп, дүниені тегіс 

көрмекке, тегіс тексермекке лайықты || һәм өзге қайуандарды 

қолданарлық пайдасын көрерлік лайығы бар» (II, 183).



457

Кейде  һәм  шылауы  бірыңғай  екі  мүшені  жалғастырушы 

болып  та  қолданылады.  Мұндайда  ол  дара  түрінде  де,  қай- 

талап  та  келе  береді:  «...Сол  уайым-қайғысыздықтан  құты- 

ларлық  орынды  харекет  табу  керек  һәм  қылу  керек»  (II, 

102).  «һәм  ақыл,  һәм  кайрат  –  екі  мықты  қуат  қосылып 

тоқтатады» (II, 218). «...Бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады 

бойыма дейді» (II, 219).

Ирандық һәм шылауы күні кешеге дейін, тіпті осы ғасырдың 

30-жылдарына  дейін,  қазақтың  жазба  тілінде  кеңінен  орын 

алып  келді.  Әсіресе  өткен  ғасырдағы  баспасөз  тілі  уа,  және 

шылауларымен қатар һәм шылауын да жиі пайдаланды: «Жи-

ренше шешен һәм Алдаркөсе» («Дала уалаяты газеті». 1889, 3 

февраль. - №5). «Егер қайнатқан һәм тураған ұшынды тауықтың 

тамағына қосып берсе, жұмыртқаны көп салады» (Сонда, 1889, 

26 май. - №21).

Көркем  әдебиеттің  тұңғыш  үлгілері  де  бұл  шылаудан  бас 

тартпады. А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» атты шығармасы- 

ның  ең  алғашқы,  1903  жылғы,  аудармасынан  да  шеттілдік 

һәм элементін көреміз: «Француз учителі білікті адам болып 

шықпады һәм қиянаты болды».

Бір ескертетін жай – һәм сөзі қазақ текстінде қолданылған- 

да, негізінен сөйлемдердің жігін ажырату мен бірыңғай мүше- 

лерді  өзара  байланыстыру  қызметін  атқарады  да  күшейткіш 

элемент ретінде тіпті сирек қолданылады.

Қазіргі әдеби тілімізден һәм шылауы ығыстырылып, орны-

на және, мен, да шылаулары жұмсалатын болды.

Абай  «Қара  сөздерінің»  тексінде  араб  тілінен  ауысқан  уа 

шылауы  да  бар.  Ол  жеке  қолданылғанда  және,  һәм  шылау-

ларымен  синонимдес,  яғни  ол  да  сөйлемдердің  ара-жігін  ай-

ыру  белгісі  ретінде  келеді,  бірыңғай  мүшелер  мен  бірыңғай 

сөйлемдерді  байланыстырушы  ретінде  де  жұмсалады:  «Егер 

жақсы  көрсем,  қылықтарын  қостасам  керек  еді.  Уа  әрнешік 

бойларынан  адам  жақсы  көрерлік,  көңіл  тиянақ  қыларлық 

бір нәрсе тапсам керек еді» (II, 166). «Олай болғанда және не 

ойлайсың,  һәмма  мақұлықтарды  жас  балаларына  елжіретіп, 

үйірілітіп  тұруын  көргенде  уа  һәмма  мақұлықтардың  өлімін 

жек көріп...» (ІІ, 182).

Уа  шылауы  көбінесе  және,  һәм,  лакин  деген  шылаулар-

мен тіркесте келіп, және де, бірақ та дегендердің синонимдік 



458

қатарын  түзейді,  айырмасы  –  уа  сөзі  тіркескен  шылауынан 

бұрын  келеді:  уа  һәм,  уа  ләкин.  Мұндайда  ол,  де  шылауы 

сияқты,  күшейткіш  қызмет  атқарады:  «Уа  және  назначение 

қылғанда  тергеуі,  сұрауы  барлығына  қарамаса,  өтірік  арыз 

берушілер азаяр еді...». «Уа және...» (II, 161). «Уа ләкин кімде 

кім иманның неше нәрсе бірлән кәмалат табатұғынын білмей, 

қанша  жерден  бұзылатұғынын  білмей...»  (II,  169).  «Уа  ләкин 

адам баласы талапты я талапсыз болсын, әйтеуір бәрекелдіні 

керек қылмайтұғыны болмайды» (II, 218).

Ішінде  шет  тілдік  һәм,  уа  шылаулары  бар,  жоғарыда  кел- 

тірілген сөйлемдерге назар аударсақ, олардың басым көпшілігі 

мазмұны жағынан «иман, Құдай табарака» сияқты дінге немесе 

философияға қатысты болып келетінін көреміз. Демек, кейбір 

шет  тілдік  морфологиялық  тұлғалар  сияқты,  бұл  сөздерді 

де  Абай  белгілі  бір  стилистикалық  мақсат  көздеп  әдейі  қол- 

данған  дей  аламыз.  Өйткені  бұлар  Абайдың  барлық  сөзінде 

бірдей  актив  қолданылмайды,  өлеңдерінде  тіпті  сирек  кез- 

деседі. Абай өлеңдерінде бірнеше жерден ғана әм (< һәм) шы-

лауын көре аламыз:



Әм жабықтым, әм жалықтым

Сүйеу болар қай жігіт,

Көңілден кеткен соң тыным?

Әм сүйіндім, әм түңілдім

Үнемі неткен үміт

Өткен соң бар жақсы жылым? (ІІ, 71).

Өткен күнге өкінбек



Әм үміт жоқ алдымда (II, 99).

Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем (I, 48).

Қорламаймын һәм, балам, зорламаймын (I, 271).

Қазақтың  өз  тіліне  тән  шылаулармен  қатарластыра  шет 

тілдік  уа,  һәм,  ләкин  деген  шылауларды  да  пайдалану  өткен 

ғасырдағы кітаби тіліне тән болды. Абай тілінен кітаби тілдік 

элементтерді іздестіре қалсақ, солардың бірі деп осы уа, һәм, 

лакин шылауларын атаған болар едік. Бірақ жазушы, басқа да 

шеттілдік тұлға-тәсілдер сияқты, бұл шылауларды да көбінесе 

стилистикалық мақсатпен қолданған.

Қазақ және ұйғыр тіл білімінің мәселелері. 

- Алматы, 1963. - 3-том. - 114-121-б.


459



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет