Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


КҮРДЕЛІ СИНТАКСИСТІК ТҰТАСТЫҚ



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

КҮРДЕЛІ СИНТАКСИСТІК ТҰТАСТЫҚ 

ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Жоғарыда айттық, шумақты құрайтын шарт – поэтикалық 

ойдың,  интонацияның  және  синтаксистік  құралымның 

тұтастығы.  Ал  соңғы  тұтастық  күрделі  синтаксистік  едини-

ца  арқылы  жүзеге  асады.  «Күрделі  синтаксистік  тұтастық»

98

 



дегеннің  өзі  не?  Орыс  лингвистикасында  көбінесе  «слож-

ное  синтаксическое  целое»  деп  аталып  жүрген  бұл  катего-

рия  көптен  назар  аударып  келеді:  Әр  маман  әрқилы,  мыса-

лы,  М.В.Ломоносов  «период»  деп,  А.А.Потебня  «речь»  деп, 

А.М.Пешковский «сложное целое» деп, В.В.Виноградов «слож-

ное синтаксическое целое» немесе «высказывание» деп атаған 

бұл  құбылыс,  сөз  жоқ,  тіл  табиғатында,  оның  ішінде  поэзия 

тілінде де орын алады. Бұл жөнінде бұрынды-соңды пікірлерді 

жинақтап, нақтылы фактілерді талдай отырып, біршама айқын 

анықтама  берген  –  Н.С.Поспелов.  Ол:  күрделі  синтаксистік 

тұтастық  жеке  сөйлемге  қарағанда,  автордың  аяқталған  жеке 

бір  ойын  білдіретін  әлдеқайда  үлкендеу  синтаксистік  ав-

тономия  (дербес  единица)  болып  табылады  дейді  және  ол 

әрқилы  амал-тәсілдермен  өзара  байланысқан  сөйлемдер  то-

бынан тұрады дегенді айтады

99

. Әдетте, белгілі бір айтылған 



ой  жазушының  тұтасқан  сөзі  (связная  речь)  екені  мәлім.  Ал 

тұтас  текстің  құрылымын  синтаксистік  жағынан  талдағанда, 

әрбір жеке сөйлемді алып, соларға қарай талдамай, айтылған 

ойға (высказываниеге) қарай анализ жасау қажеттігін

100

 біз де 


құптаймыз.

98

 Бұл категория қазақ тіл білімінде әлі күнге дейін жан-жақты сөз болмай келеді. 



Оның  белгілері,  табиғаты  тұтастыққа  енген  компоненттердің  бірігу  амалдары, 

ол  амалдардың  прозадағы  түрі  мен  поэзиядағы  түрлерінін  айырмашылығы  деген 

тәрізді  жайттар  зерттелген  емес.  Жоғарыда  көрсетілген,  өлең  синтаксисін  сөз  еткен 

жұмысында  Т.Қордабаев  бұл  категорияны  тұңғыш  рет  атайды,  әрине,  бұл  мақалада 

да,  біздің  осы  жұмысымызда  да  бұл  категория  толық  талданды  деу  мүмкін  емес. 

Сондықтан  бұған  тіл  мамандарының  назарын  аударамыз.  Әзірге  біз  грамматикалық 

бұл категориясын қазақша «күрделі синтаксистік тұтастық» деп атадық. Т.Қордабаев 

«синтаксистік күрделі бірлік» деп атапты. Шынында, бұл өзі синтаксистік тұтас дүние 

(немесе бірлік), оның үстіне күрделі.

99

  Поспелов  Н.С.  Проблема  сложного  синтаксического  целого  в  со временном 

русском языке // Ученые записки МГУ. - Вып, 137 (Труды кафедры рус.яз.). - Кн. 2. - 

М., 1948. - С.41.

100

 Поспелов Н. С. Сложное синтаксическое целое и особенности его структуры// 

Доклады и сообщенная института русского языка. - Вып. 2. - М.-Л., 1948. - С. 62.



255

Мұндай күрделі синтаксистік тұтастықтар прозада да, по-

эзияда да болады. Дегенмен ол өлеңде сөйлемдердің бір-бірі- 

мен  органикалық  түрде  әлдеқайда  тығыз  байланыстығына 

орай,  поэзия  тіліне,  оның  ішінде  әсіресе,  строфикалық 

өлеңдерге  көбірек  тән  категория  болып  табылады.  Мысалы, 

көбінесе әрбір шумақ бір-бір күрделі синтаксистік тұтастықты 

қамтиды: 



Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі,

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі (I, 122).

Мұнда  поэтикалық  ой  тұтас,  біреу:  жазғытұрғы  табиғат-

тіршілік  сипаты,  ал  жеке  сөйлемдер  үшеу,  үшеуі  бірігіп 

синтаксистік күрделі единица құрап тұр.

«Сегіз  аяқта»  ақын  көбінесе  үш  жеке  сөйлемнен  топтас- 

қан, сегіз тармақтан құралған бір шумақты бір күрделі синтак- 

систік единица етіп ұйымдастырады:

1. Болмасын кекшіл,



Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

2. Орынсыз ыржаң,



Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсіп бұл?

3. Еңбек қылсаң ерінбей,



Тояды қарның тіленбей (I, 89).

Бұл – автордың ұзақ толғану үстіндегі еңбек туралы бірша- 

ма тұйықталған ойы. Жеке сөйлемге қарағанда, тіпті құрмалас 

жеке бір сөйлемге қарағанда, мұнда ой да әлдеқайда күрделі, 

шумақтың  синтаксистік  құрылымы  да  әлдеқайда  жіктеле 

түседі  (более  расчленимо),  сондықтан  күрделену  сипаты  да 

өзгешелеу.

Күрделі  синтаксистік  тұтастық  –  сөйлемдердің  жай  ғана 

бір  шумаққа  топтала  салу  нәтижесі  емес.  Н.С.Поспеловтің 

пікірі  бойынша,  орыс  тілінде  синтаксистік  тұтастыққа  ен-

ген  сөйлемдердің  белгілі  бір  топтасу  тәсілдері  бар,  олар: 

жалғаулық  шылаулар  арқылы;  жалғаулықсыз  байланысудың 

кейбір  тәсілдері  арқылы  топтасу;  бір  мүшелі  сөйлемдердің 


256

екі мүшелімен тіркесіп келуі (сочетание двучленных и одноч-

ленных  предложений),  баяндауыштардың  вид,  шақ  жағынан 

әртүрлі болып келуі т.т.

Қазақ  поэзиясында  сөйлемдерді  күрделі  синтаксистік 

тұтастыққа  топтастыратын  тәсілдердің  бірқатары  орыс 

тіліндегімен  сай  түссе,  бірсыпырасы  өзгеше  болып  келеді. 

Олардың басты-бастылары, біздіңше, мынадай:

1.  Басқа  тілдердегідей,  біртектес  параллель  сөйлем-

дердің  қатарласа  келуі,  В.М.Жирмунскийдің  тілімен  айтсақ, 

«салғастырылған  сөйлемдер  тобы»

101


  синтаксистік  тұтастық 

құрайды. Мысалы:



Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ еткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек (I, 26).

Мұнда  бірінші  тармақтың  өзі  параллель  үш  сөйлемнен 

құрылған, ал шумақтың өзі алты сөйлемнен тұрады, олардың 

барлығы  да  мазмұны  жағынан  да,  құралымы  жағынан  да 

(баяндауыштарының -мақ жұрнақты етістік тұлғасымен келуі) 

біртектес, бұларды топтастырып тұрған да – осы біртектестік, 

параллельдік.

Төрт  тармақты  шумақ  бір  күрделі  синтаксистік  тұтастық 

құрап тұрғанда, ондағы жолдардың бәрі бірдей бір-бір сөйлем 

болуы – шарт емес, мұнда көбінесе алғашқы екі жол – парал-

лель екі сөйлем, соңғы екеуі – бір-ақ сөйлем болып келуі де 

мүмкін:


1. Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,

2. Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек,

3. Бір-екі жолы болған кісі көрсе,

4. Құдай сүйіп жаратқан осы демек (І, 27). 

Мұндай  параллель  сөйлемдердің  бір  тұтастыққа  топта-

суы 11 буынды, 4 тармақты өлеңдерде ғана емес, өлшемі мен 

шумақталуы жағынан әр алуан өлеңдердің қай-қайсысында да 

бар. Мысалы:

1. Жастықтың оты жалындап,



Жас жүректе жанған шақ.

101


 Жирмунский В. М. Композиция лирических стихотворений. - С. 20.

257

2. Талаптың оты арындап,

Әр қиынға салған шақ (I, 133).

Немесе: 


1. Тайға міндік,

2. Тойға шаптық,

Жақсы киім киініп.

1. Үкі тақтық,



2. Күлкі бақтық,

Жоқ немеге сүйініп,

1. Күйкентай күтті – 

2. Құс етті -

3. Не бітті? (I, 129).

Мұндағы параллелизмдердің барлығы да құралымы жағы- 

нан келгенде, сөйлемдердің біркелкілігінен пайда болып тұр, 

яғни  параллелизм  сөйлем  мүшелерінің  саны  мен  олардың 

тұлғаларының бірыңғайлылығынан туып тұр. Бұларда әсіресе 

баяндауыштар  біркелкі:  жантақ  шақ–  салтаң  шақ;  күлмек– 



өкірмек  –  осы  демек;  міндік  –  шаптық,  тақтық  ~  бактық; 

күтті– құс етті – не бітті т.т. Параллель сөйлемдерді шумақ 

аясындағы  синтаксистік  тұтастыққа  ұйымдастыратын  басты 

элемент – олардың өзара мағыналық жақындығы, яғни ой (объ-

ект) ортақтығы. Мысалы:



Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең (I, 69), – 

деген  шумақтағы  төрт  жеке  сөйлемді  синтаксистік  бір  тұтас 

етіп  біріктіріп  тұрған–  әңгіменің  объектісінің,  тақырыбының 

ортақтығы, ол объект – өлең (бұл ортақтық алдыңғы үш жол 

сайын өлең сөзінің біреуінде бастауыш, біреулерінде тұрлаусыз 

мүшелер  болып  қайталап  келіп  отыруы  арқылы  қазықтала 

түскен).

Параллель  сөйлемдерде  мағына  жақындығы  біркелкілікке 

байланысты  болады,  сондықтан  олардың  сыртқы  (грамма- 

тикалық)  құралымында  да  параллельдік  элементтер  болады.  

Мысалы,  «Жазғытұры  қалмайды  қыстың  сызы»  деген  өлең- 

нің  көптеген  шумақтарының  1-2-жолдары  параллель  жеке 

сөйлемдерден құрылған:


258

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (I, 22), – 

дегендегі  жолдар  –  әрқайсысының  өз  бастауыш,  баяндауыш-

тары  бөлек  жеке  сөйлемдер,  бұларды  параллель  етіп  тұрған 

–  логикалық  ой  желісінің  жақындығы  мен  грамматикалық 

сәйкестігі (грамматическое тождество): екі сөйлемнің екеуінде 

де  баяндауышта  шақ  категориясына  бейтарап,  үнемі  бо-

лып  түратын  іс-әрекетті  білдіретін  тұлғалармен  (-ар,  -ады

берілген. Үздіксіз болып жататын іс-әрекетті білдіру функци-

ясын келер шақ есімшенің -ар жұрнағы мен ауыспалы шақ жа-

сайтын -ады аффикстері қосындысы қатар атқара береді, бұл 

функция  әсіресе  мақал-мәтелдерде  өте-мөте  айқын  сезіледі. 

Ал Абай тілінде -ар мен -ады қосымшаларының осы қызметі 

және олардың дублеттілігі туралы кең айтылып, дәлелденген 

болатын


102

.

Параллельдікті құрайтын амалдар әр алуан. Мысалы, мына 



жолдардың параллельдігі бірінде баяндауыш тұлғасының бір- 

дейлігі, екіншісінде субъектілердің біркелкісі, үшіншісінде бір 

сөздің екеуінде де қайталап келуі т.б. арқылы берілген. 

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек (I, 122).

Бұл  жолдарды  параллель  етіп  жақындастырып  тұрған  – 

әрине, тек қана баяндауыш тұлғасының бірдейлігі емес, мұнда, 

сөз  жоқ,  логикалық  ой  жақындығы  бар:  екеуінде  де  жазда 

болатын  көрініс  суреттелген,  егер  1-сөйлемде  жазда  сөзі 

келтірілген болса, екіншісінде гүл-бәйшешектің жер бетіне өң 

беруі жаз маусымында болатындығы өзінен-өзі түсінікті.

Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып, егін егер,– 

дегенде субъектілер біртектес: әңгіме белгілі бір кәсіп иелері 

туралы.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,



Бір сараңнан басқаның бейлі енер,– 

дегенде автор басқаның деген сөзді екі сөйлемде де қайталап 

келтіру арқылы ол сөйлемдерді параллель етіп берген.

102


 

Сыздықова Р.

Абай шығармаларындағы 



-ар 

тұлғалы есімшенің қызметі жайында 

//Труды ИЯЛ АН КазССР. - Т. I. - Алма-Ата, 1959.


259

Параллелизм  жасауда  жеке  сөйлем  мүшелерінің  тұлғалық 

біркелкілігі  ғана  емес,  тұтас  сөйлемнің  бірдейлігі  де  пай-

даланылады.  Айталық,  екеуін  де  сұраулы  сөйлем  етіп  беру 

1,  2-жолдардың  параллель  конструкция  болуына  мүмкіндік 

береді:


Тұрлаусыздың қолынан не келеді?

Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? (I, 161).

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? (I, 223).

Қатар  келген  сөйлемдерді  параллель  конструкцияға  сый- 

ғызып,  оларды  логикалық  ой  желісі  жағынан  тығыз  жақын- 

дастырып тұратын амалдардың біріне сөйлемдердің біреуіндегі 

бір  сөзді  екіншісінде  қайталап  келтіру  жатады.  Бұл  әдіс, 

біздің байқауымызша, қазақ өлеңінің синтаксисінде бұрыннан 

қолданылып келген. Мысалы, «Қозы Көрпеш– Баян сұлу» жы-

рында:

Қарабай мен Сарыбай бата оқыған,



Бата оқыған жерінде қате оқыған.

Қалтақ балам, жүрмісің кетейін деп,



Кетіп мені сергелдең етейін деп.

Қозы мен Қодар құл жақындайды,



Жақындасып Қодар құл тақымдайды...

Бұл әдісті сирек болса да, Абай да пайдаланған:

Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,

От азайса,әр істің бәрі тайғақ (I, 247).

Сөйтіп,  әр  алуан  амал-тәсілдермен  жасалған  параллель 

құрылыстар өзара топтасып, синтаксистік тұтастық құрайтын 

жолдардың бірі болып шығады.

2.  Синтаксистік  тұтастыққа  топтасқан  сөйлемдер  бір 

субъектімен қазықталады. Мысалы:

Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.

Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз (I, 38), – 

деген төрт тармақты синтаксистік біртұтас дүние етіп тұрған 

– бір жағынан, сөйлемдердің тақырыптық жақындығы (бәрі де 

татулық, ынтымақ туралы) болса, екіншіден, субъект біреу, ол 


260

– осы жолдар қаратылып айтылған адам, оның грамматикалық 

көрінісі  сен  есімдігі  болар  еді.  Субъект  пен  грамматикалық 

бастауыш сай түсе бермеуі де мүмкін, жеке жолдардың фор- 

мальдық  (грамматикалық)  бастауышы  өзге  болғанмен,  логи- 

калық қазығы (субъектісі) біреу болып келеді. Мысалы: 

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып (I, 72).

Мұнда  грамматикалық  үш  бастауыш  бар  (өзі,  отын, 

қатыны), бірақ логикалық субъект – кедей. Субъектің ортақ- 

тығы  соңғы  сөйлемнің  грамматикалық  бастауышын  тәуелдік 

тұлғада айтуға (қатыны – кедейдің қатыны) мәжбүр еткен.

3. Синтаксистік тұтас единица құрауда есімдіктер қатыса- 

ды. Бір шумаққа немесе бір шоғырға (абзацқа) топталған сөй- 

лемдерді олардың біреуінде (кейде бірнешеуінде) келтірілген 

есімдіктер  бір-бірімен  тығыз  жымдастырады,  яғни  алдыңғы 

жолдардағы  бір  мүшені  соңғы  жолдардың  бірінде  есімдік 

арқылы қайталап береді. Мысалы:

Ауру жүрек ақырын соғады жай,

Шаршап қалған кеудемде тулай алмай, – 

деген алғашқы жолдардағы жүрек сөзі соңғы жолдарда:

Кейде ыстық қан басып кетеді оны,

Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай (I, 227), –

болып, есімдік түрінде қайталану арқылы төрт жол синтак- 

систік тұтас бір дүние болып шыққан.

4. Синтаксистік күрделі тұтастықты жасайтын элементтер- 

дің  (тәсілдердің)  бірі  –  модальдық  реңктің  біркелкілігі.  Мы-

салы,  Абайдың  «Күлембайға»  деген  өлеңінің  алдыңғы  бөлігі  

(10 тармағы) әрі ұйқас бірлігі, әрі субъект бірлігі, әрі модальдық 

реңк бірлігі арқылы біртұтас синтаксистік единица болып тұр:

Уағалайкүмүссәлем,

Болыс, мал-жан аман ба?

Мынадайға кез болдың

Аума-төкпе заманда.

Ел билеген адам жоқ 

Ата менен бабаңда.


261

Болыстықтан пайда қып,

Шығыныңды алсаң, жаман ба?

Қалжындаймын әншейін,

Оған келе де бермес шамаң да! (I, 75).

Мұнда  сұраулы  сөйлемдер  арқылы  келекелеу  реңкі  бар. 

Модальдық  реңк  тұтастығын  білдіретін  амалдар  алуан  түрлі 

болып келеді. Мысалы, кейбір шумақтарда немесе абзацтарда 

ұйқасқа  алынған  сөздердің  семантикалық  өңінде  белгілі  бір 

бояу біркелкі болуы мүмкін. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки» 

өлеңінің біраз бөлігі дүпілдеп, дікілдеп, күпілдеп тәрізді сөздерді 

ұйқасқа қатыстыру арқылы жасалған. Бұл сөздер сол бөліктегі 

сөйлемдерге  тұтас  модальдық  бір  өң  береді  де,  синтаксистік 

бір шоғырға топтастырады.

5. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін қайталап беру арқылы 

да  сөйлемдерді  синтаксистік  тұтас  единица  етіп  құрастыру 

тәсілі бар.

Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,

Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр,

Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,

Ызаменен ыржиып күле алмай жүр (I, 33), – 

деген шумақты тұтастырған элементтердің бірі – алмай жүр 

сөзінің қайталап келтірілуі.

Бұл тәсілмен бірер шумақ тұтастығын ғана емес, кейде өлең 

тұтастығын да жасайды. Мысалы, Абай «Көңіл қайтты достан 

да,  дұшпаннан  да»  деген  шығармасының  соңғы  8  шумағын 



алмай  жүр  сөздерінің  қатысуымен  жасаған.  Дәл  осы  тәрізді 

сипат  Абайдың  «Қартайдық,  қайғы  ойладық,  ұлғайды  ар-

ман» шығармасында да бар. Мұндада 8 шумақ деп көмекшісі 

арқылы жасалған. Бұл сөздің әрбір үш тармақта қайталап келіп, 

ұйқасқа  қатынасуы  –  ең  алдымен  жеке-жеке  шумақ  жасауға 

қажет  болған  болса,  екіншіден,  шығарманың  едәуір  бөлігін 

негізгі идеяға топтастыру үшін қолданылған.

1. Күрделі синтаксистік тұтастықты құрайтын сыртқы тәсіл- 

дердің  және  біреуі  ұйқасты  морфологиялық  көрсеткіштері 

бірдей тұлғадағы етістікке құру:

Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,

Өнерсіздің қылығы өле көрмек.



262

Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,

Еріншек өздігінен көпке көнбек (I, 26).

Мұнда ер адам, өнерсіз адам, еріншек адам туралы үш бөлек 

ой айтылған, үш дербес сөйлем бар, бірақ бұлар – бір-бірімен 

тұтасқан  дүние,  тұтастырып  тұрған,  бір  жағынан,  ой  бірлігі 

(үш сөйлем де ақынның замандастары – жалпы адам туралы) 

болса,  екінші  жағынан,  -мақ  тұлғасымен  берілген  етістіктен 

болған ұйқастар.

2.  Етістіктен  болған  мүшенің  біркелкі  тұлғада  берілуі 

сөйлемдердің  синтаксистік  тұтас  единица  болып  топтасуына 

қатысады.

Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі,

Абыройлы қалжыңмен келсін сөзі.

Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда,

Қатыныңда болмасын оның көзі (I, 40).

Мұндайда  синтаксистік  біртұтастыққа  топтастырылған 

сөйлемдердегі  етістіктердің  шақтық  біркелкілігі  де  рөл 

атқарады: қазақ өлеңінде көбінесе біртұтастықтағы (көбіне-көп 

бір шумақтағы немесе абзацтағы) етістіктер бір шақта беріледі, 

бұл тәртіп көп ретте баяндау стилінде жазылған шығармаларға 

тән. Ал суреттеу стилінде құрылған шумақтар мен абзацтарда 

синтаксистік бір тұтастыққа ұйымдасқан сөйлемдердің шақтық 

көрінісі бірдей болмауы да мүмкін. Мысалы:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды 

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар

Көңілінің көзі ашық, сергегі үшін (I, 96).

Бұл шумаққа топтасқан сөйлемдердегі етістіктер үш түрлі 

шақта  (ауыспалы,  өткен  және  келер  шақ)  берілген,  соған 

қарамастан, мағыналық тұтастығы, алдыңғы 4 жолдағы субъ-

ект  ортақтығы  (соған  орай  етістіктердің  жақтық  бірдейлігі) 

арқылы шумақ синтаксистік тұтастық категориясын құрайды.

3.  Қазақ  тілінде  синтаксистік  күрделі  тұтастықты  жасауда 

тәуелдік жалғауының рөлі зор. Сөйлемдегі белгілі бір сөздердің 

тәуелдік  тұлғада  тұруы  оны  алды-артындағы  сөйлемдерде 

айтылған оймен іліктестіреді. Мысалы, Абайдың:



263

Көзінен басқа ойы жоқ

Адамның надан әуресі.

Сонда да көңлі тым-ақ тоқ,

Жайқаң-қайқаң әрнесі (I, 132), – 

деген шумағының соңғы екі жолы алдыңғылармен көңлі, әрнесі 

деген  тәуелдік  жалғаулы  сөздер  арқылы  байланысқан,  бұл 

сөздер алдыңғы тармақтағы надан сөзіне қарасты.



Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тонған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып (І,72), – 

деген  жолдарды  бір  шумаққа  сыйғызылған  синтаксистік 

тұтастық етіп тұрған элементтердің бірі – қатыны деген сөздің 

тәуелдік  тұлғада  тұруы.  Осы  сөз  арқылы  соңғы  екі  тармақ 

алдыңғы тармақтармен (оның ішінде кедей сөзімен) іліктеседі.

4.  Айтылмақ  ойдың  каркасы  (негізгі  идеясы)  бірінші 

тармақта беріліп, келесі тармақтар сол ойға қатысты көбінесе 

бірыңғай конструкциялар түрінде келуі арқылы да синтаксистік 

тұтастық жасалады. Мысалы, Абайдың:



Қорқытпа мені дауылдан,

Дүрілдеп тұрса тау мен сай.

Шатырлап тұрған жауыннан,

Жарқылдап тұрса түскен жай (II, 96), – 

дегенінде  ең  алдыңғы  тармақтағы  сөйлем  –  негізгі  ой, 

қалғандары – осы сөйлемнің жалғасы.

Өлең  жолдарын  бір-бірімен  байланыстырып,  синтаксистік 

тұтастық  құраушы  каркас  қызметін  жеке  сөздер  немесе  сөз 

тіркестері  де  атқарады.  Мысалы,  Абай  «Қартайдық,  қайғы 

ойладық, ұлғайды арман» деген өлеңінде бір шумақты дос ала-



ды деген сөзден бастайды да, қалған тармақтарды осы фразаны 

анықтауға жұмсайды, сөйтіп, дос алады тіркесі магнит сияқты 

шумақ жолдарын өзіне тартып тұрады:

Дос алады бермесең, бұлт берем деп,

Жауыңа қосылуға сырт берем деп,

Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,

Не қылып оңайлықпен ырық берем деп (I, 28).

Міне, бұлар – өлең жолдарын синтаксистік біртұтас дүние 

етіп біріктіретін амал-тәсілдердің басты-бастылары. Бұлардан 



264

басқа  да  кейбір  жеке  тәсілдер  болуы  мүмкін.  Мысалы,  өлең 

жолдарын  бір-бірімен  тығыз  байланыстыруда  инверсия  мен 

тасымалдың  да  рөлі  болады.  Әсіресе,  тасымалға  ұшыраған 

тармақтардың  бір-біріне  тәуелділігі  өте  күшті  сезіледі.  Бұл 

амал-тәсілдер  әрдайым  жеке-дара  қолданылмай,  екі-үшеуі 

қатар  қызмет  етуі  де  мүмкін.  Мысалы,  сөйлемдердегі  ой-

мазмұнының тұтастығы кейде субъект бірлігімен қатар келеді. 

Сондай-ақ  тәуелдік  жалғаулы  сөздер  мен  есімдіктер  арқылы 

байланысқан тармақтарда да субъект ортақтығы қоса жүреді.

Тармақтардың  біртұтас  синтаксистік  дүние  болып  бірігуі 

шумақты өлеңдерде де, шумақсыз өлеңдерде де болады. Бірақ 

көбінесе  бір-бір  синтаксистік  тұтастық  болып  тұйықталуы 

шумаққа тәндеу қасиет. Оның үстіне шумақтағы сөйлемдердің 

синтаксистік  құрылымы  шумақсыз  өлеңдерге  қарағанда, 

әлдеқайда  күрделі  болады.  Астрофикалық  өлеңде  көбінесе 

шумақтардағыдай  полюстерге  тармақталуы  (тезис-антитезис) 

немесе  композициялық  жіктелуі  (констатация  және  түйін) 

тәрізді күрделілік болмайды, сондықтан да бұларда мазмұндас 

сөйлемдердің  қатарынан  тармақталуы  ғана  оларды  бір  жер-

ге шоғырлап, бір немесе бірнеше синтаксистік автономиялар 

жасайды. Бір шумақ көбінесе бір ғана синтаксистік тұтастық 

болса, астрофикалық өлең бөліктері (абзацтары) кейде екі-үш 

тұтастық болуы мүмкін. Екі шумақтың синтаксистік біртұтас 

дүние  болып  құрылуы  –  Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясында 

да,  Абайдың  өзінде  де  жоқ  құбылыс.  Дегенмен  шумақ  пен 

синтаксистік  тұтастық  категориясын  бір-біріне  сайма-сай 

келетін единицалар деп үзілді-кесілді тұжырымдауға болмай-

ды.

Абзацтарға бөлінбейтін астрофикалық өлеңдердегі тармақ- 



тар  байланысында,  біздіңше,  екі  түрлі  құбылыс  байқалады.  

Мысалы,  тармақ  саны  шағын  әрі  бір  ұйқаспен  берілген,  бір 

идеяға  бағышталған  өлең  көбінесе  бір  күрделі  синтаксистік 

тұтастық  болады.  Мысалы,  Абайдың  «Көкбайға»  деген  9 

жолдық өлеңі – шумақсыз бір ғана бөлік. Мұнда алғашқы екі 

жол – өлеңнің идеясы, негізгі ой:

Сорлы Көкбай жылайды,

Жылайды да жырлайды.



265

Қалған  жолдар  мағына  жағынан  осы  екі  жолға  тікелей 

байланысты,  яғни  бұлар  осы  ойдың  (Көкбайдың  жылап-

жырлайтынының) себебін білдіретін жеке жай сөйлемдер бо-

лып келеді де, барлығы синтаксистік құрылысы жағынан бір-

ақ тұтас дүние болып шығады.

Ал  астрофикалық  өлендердің  ішінде  сыртқы  белгілер 

(ұйқас, модальдық реңк, субъект бірліктері) арқылы абзацтарға 

бөлінбейтін,  көбінесе  бір  ұйқасқа  құрылған  едәуір  мол 

тармақтан тұратындары бірнеше синтаксистік шоғырға топта-

лады. Мысалы, «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі – монорифма-

лы,  28  жолдық  шығарма.  Мұның  ааба  суретімен  басталатын 

алғашқы  4  жолы  –  синтаксистік  бір  құрылым,  бір  субъектіге 

қазықталған,  ол  лирикалық  герой  (ақынның  өзі).  Мұндағы 

грамматикалық категориялар I жақта:

Ішім өлген, сыртым сау,

Көрінгенге деймін-ау!

Бүгінгі дос – ертең жау,

Мен не қылдым, япырмау?!

Келесі  4  жол  да  –  біздіңше,  өз  алдына  біршама  түйық- 

талған  синтаксистік  тұтастық,  мұнда  «бүгін  дос,  ертең  жау»  

болатындардың  автор  атынан  берілген  мінездемесі,  грамма- 

тикалық категориялары III жақта:

Өз үйінде өзендей 

Күркірейді айтса дау.

Кісі алдында кірбеңдеп,



Шабан, шардақ және шау.

Ал  қалған  жолдар  екі-екіден  бір  сөйлем  болып,  өзара 

мағына  жақындығы  мен  жақ  жағынан  ортақтық  (II  жақ) 

арқылы  бір-бірімен  іліктесіп  біртұтастық  құрайды.  Мұндағы 

тармақтар саны едәуір, 20 жол. Соңғы 20 жолдың тұтастығы 

синтаксистіктен  гөрі  мағыналық  жағынан  күшті.  Сондықтан  

бұл типтес шоғырларды синтаксистік тұтастық демей, синтак- 

систік  бірлік  (единство)  деп  атауды  ұсынамыз.  Синтаксистік 

бірліктер  тұтас  өлеңге  немесе  оның  әлдеқайда  ірі  бөлігіне 

топталған  мағыналас  сөйлемдердің  тізбектелуі  болып  шыға- 

ды. Мұндайда екі-үш тармақтан құралған жеке сөйлемдердің 

грамматикалық  жағынан  автономиялығы  синтаксистік  тұтас- 



266

тыққа  енгендерден  әлдеқайда  күшті  болады.  ааба  суретті 

ұйқаспен  басталып,  әрі  қарай  екі-екі  жолдан  жалғасатын 

өлеңдерді де біз синтаксистік тұтастық емес, бірлік деп таба-

мыз.  Мұнда  да  алғашқы  4  жол  синтаксистік  тұтастық  болып  

келгенмен,  келесі  жолдар  екі-екіден  (немесе  төрт-төрттен) 

мұндай  конструкциялар  құрай  алмайды.  Келесі  жолдар  екі-

екіден көбінесе бір сөйлем болады да, ол сөйлемдердің грам 

-матикалық  дербестігі  күшті  сезіледі.  Бұларды  бір-бірімен 

және  алғашқы  төрт  жолмен  байланыстыратын  –  тек  мағына 

жақындығы  мен  ұйқас  бірлігі,  демек,  бұлар  –  жеке  компо- 

ненттердің бірлесуі (тізбектелуі қатар келуі) ғана.

Сөйтіп,  өлеңді  жасайтын  материалдардың  бір-бірімен 

байланысып,  әртүрлі  синтаксистік  категориялар  құрайтын 

осы  амал-тәсілдерінің  енді  Абай  поэзиясындағы  көрінісін 

талдайық.



267


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет