§ 8. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясының
стильдік-тілдік ерекшеліктері
Сөз етіп отырған дәуірлерден бізге жеткен әдеби үлгілер-
дің бір тобын, атап айтқанда, шешендік-дидактикалық өлең-
толғауларды Қ.Өмірәлиев авторларының көрсетіліп жүрген-
дігіне қарамастан, ортақ мотивті, вариантты, авторсыз (авто-
рын тап басып айту қиынға соғатын) шығармалар деп табады
да олардың кейбір тілдік белгілерін көрсетеді
105
. Ол белгі-
лері: өлең-толғаулардың синтаксистік, тұлғалық, лексикалық
қайталауларға құрылуы, қайталау көп болғандықтан, «дара
105
Өмірәлиев Қ. Көрсетілген кітап. - 128-139-б.
105
сөздер мен дара формалардың әдебиеттегі өзге өлең түрлері-
нен барынша аз болатындағы», синтаксистік жүйесі жағынан
ауызекі сөзге жақын келетіндігі, сонымен қатар бұларда ұйқас
құруда сөз тандауға еркіндік бар екендігі айтылады.
Біз бұл пікірлер мен талдауларды негізінен құптай оты-
рып, XV-ХVII ғ. қазақтың ауызша дамыған әдебиетінің ав-
торлары күмәнсыздарының және дидактикадан өзге сарында
жырланғандарының тілдік-стильдік ерекшеліктері бар екенін
көрсетеміз. Ол ерекшеліктер, бір жағынан, ауызекі сөйлеу
тілінен жоғары көтеріліп, белгілі бір дәстүрлікті, жүйелілікті
танытатын болса, екінші жағынан, соңғы дәуірлердегі поэ-
зия тілінен де ажыратылатындығын байқатады. Бұл орайда
мәселеге екі тұрғыдан қарау керек болады: бірі – сөз болып
отырған кезенді тұтас алып қарау, екіншісі – әрбір ақын-
жырауға тән белгілерді табу.
XV-ХVII ғасырлардан бізге жеткен мұраларда образдар
мен теңеулер дерексіз ұғымдардан немесе болмыстан тыс ми-
фологиядан емес, айналаны қоршаған қоғам мен табиғаттың
нақтылы суреттерінен алынады. Бұл дәуірлердегі қазақ хал-
қының күнкөріс тіршілігі малшаруашылығына байланысты
болғандықтан, көркем әдебиеттегі образдардың дені төрт
түлікке қатысты болып келеді. Мысалы: Жабағылы жас
тайлақ, Жардай атан болған жер. Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер... (Қазтуған). Тоғынды сарты
нар жегіп, Көш түзедім – өкінбен. Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім – өкінбен (Доспамбет). Шалкиіз әміршісі Темірді
«алп-алп-алп басқан арабы торыға» теңейді, өзін «көбік семіз
торыңмын, көп құлыңның бірімін» деп кішірейтеді, ал Қазтуған
болса, өзін қойдың көсеміне, буыршынның бұта шайнар азуы-
на теңейді. Ботташықты бұзауға, боз сазанды тоқтыға балауда
да, балықты тайдай тулатып, бақаны қойдай шулатып қоюда
да малмен айналыстан күнделікті тіршілік жатыр. Аты аталған
жыраулардағы «күпшек санды тіл жалмаған күрең», «арабыдан
ат сайлап міну», «елбең-елбең жүгірген, ебелек отқа семірген»
тәрізді образды тармақтар малға, оның ішінде қазақ үшін орны
ерекше жылқы баласына қатысты жырланған.
Әдеби тілдегі образдардың сол кезеңдердегі халықтың өмір-
106
тіршілігімен ұштасып жатқандығы жалғыз малға емес, өзге
тұстарға қатысты салаларда да көрінеді. Мысалы, ел қорғауды,
жаугершілікті жырлауға керек образдар бұларда молынан орын
алады, өйткені XV-ХVIII ғасырлар – қазақ халқының жері мен
елдік тәуелсіздігі үшін сыртқы жаулармен соғыстардың за-
маны. Бұл дәуірлердегі поэзия иегерлері көбінесе жыраулар
болып, ел қорғау, жауға аттану сияқты әскери тақырыптарды
жырлағандықтан, осыған қатысты сөздер мен образдар мұнда
молынан орын алған.
Жаугершілік мазмұнды тұтас шумақтар немесе жеке тір-
кестер мен сөздер – ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің
сипатты белгілерінің бірі. Ұрыс-соғыс, ел қорғау ұғымындағы
лексиканың әдебиет дүниесінде басты орын алғандығы сондай,
ол көркемдеу құралына айналып, образ жасайтын фразалар
құраған. Мысалы, толғамалы ала балта, қанды көбе, атқан
оғын оздыру немесе жоғалту, жау бастау, қол бастау, қатты
тартып биік ату т.б. тіркестер – қазақ тілінде өте ертеден келе
жатқан көркем образдар. Осыларды біз сөз етіп отырған кезең
поэзиясы актив қолданады.
Бұл тұстағы қазақ әдеби тілінің айналадағы тірлік-тірші-
лікпен және ортамен байланыстылығын дәлелдейтін өзге де
фактілер бар. Мысалы, Шалкиіз, Қазтуған жырауларда өзен-
теңізге қатысты теңеулер мен метафоралар жиі кездеседі: Боз
сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай
шулаған... Балығы көлге жылқы жаптырмас (Қазтуған).
Ақдария толқын күшейтер Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортаңнан ойран салар деп (Қазтуған). Көк теңіздің үстінде
Көтеріп желкен аштырып (Шалкиіз).
Жыраулардың мықтылықты «аударылмас қара кемеге»
теңеулері, «зорлығымды сұрасаң, бекіре мен жайындай» деулері
теңіз жағасындағы Қырымды және Еділ мен Жайық бойларын
мекендеген халықтардың тіршілік-тұрмысына байланысты
екенін көрсетеді. Кей сәттерде отырықшылық, қала тұрмысы,
бау-бақша сияқтыларға қатысы бар сөздер мен образдардың
кездесуі де XV-ХVI ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің халық
тіршілігімен, халықтың күнделікті сөйлеу тәжірибесімен
тікелей ұштасып жатқандығын танытады. Мысалы, Жием-
107
бет жыраудың Еңсегей бойлы ер Есімге айтқан толғауында:
«Қалмақтың бөрі ханы келгенде, Тал шыбыққа мал сақтап, Тас
қалаға жан сақтап Тасқан екен мына хан» дейді.
XV-ХVII ғасырларда ноғайлы-қазақ ортасында туған, ав-
торлары, мүмкін, жоғарғы сөз болып отырған жыраулар болып
табылатын кейбір батырлар жырындағы «төрт шарбақты, төрт
кентті» деп келетін образ да немесе «Әділ сұлтан» жырындағы
Әділдің анасы – Байбикеш ханымның толғауындағы: Бақ ал-
малы, бақшалы, Баурында ағар шешмелі, Төбесінде жасыл
ала шөлмекті, әрбір шаһардан өрнекті... деп келетін жолда да
қала суретінен хабар береді. Ал ноғайлы-қазақ ру-тайпалары
өмір сүрген Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғайлы хандықтары «төрт
шарбақты, төрт кентті» жұрт болғаны тарихтан аян.
Сөйтіп, суреттер түгелге жуық шындық өмірді көрсетеді.
Тіпті батырлық, ерлікті тақырып еткен толғаулардың өзінде
эпостардағы тәрізді «жоғарғы ерні көк тіреп, төменгі ерні жер
тіреп» тұрған тұлпарлар да, бір күнде бірге, екі күнде екіге то-
латын батырлар да жоқ. Әрине, бұл шақтағы ақын-жырауларда
әсірелеу тәрізді көркемдеу тәсілі жоқ та болмаған болу керек,
бірақ негізінен өмір шындығымен ұштасқан әдебиет тілінде
де мифологиялық немесе фантастикалық образдар көп орын
алмағандығын көреміз.
Осы күнгі қазақ әдеби тілінде кездесетін тұрақты эпитет-
тердің бірқатарын біз XV-ХVII ғасырлар мұраларынан да
ұшыратымыз: асқар тау («Асқар, асқар, асқар тау, Асқардан
биік тау болмас»), құба жон («Арқаның құба жонында Ары-
стан ойнар шарқ ұрып»), құба арлан, күпшек санды күрең,
қызыл тіл («Еріккенде қызыл тілін тыймаған»), айдынды көл,
сары бел, қилы заман тәрізді эпитетті тіркестер – қазақ әдеби
тілінде өте ертеден күні бүгінге дейін жеткен қазыналар.
Сонымен қатар қазірде қолданылмайтын бір алуан көркем
элементтер біз талдап отырған дәуірге тән. Олардың ішінде
он сан ноғай, ораздының он ұлы дегендер ауыз әдебиетінде
де жиі кездеседі. Көне қару-жараққа қатысты ала балта,
тобыршығы биік жай, алдаспан ауыр қылыш, күшіген жүнді
оқ сияқты тіркестер де – бүл күнде көнерген дүниелер.
Осы көрсетілгендермен қоса біз әңгімелеп отырған дәуір-
лердегі қазақ поэзиясының, демек, қазақ әдеби тілінің мына-
108
дай стильдік-көркемдік тәсілдерін көрсетуге болады. Жоға-
рыда айтылды, бұл кезеңдегі өлең-толғаулардың көпшілігін
«шешендік поэзия» деп атауға болады. Қазақ тіліне тән ше-
шендіктің белгілері айтпақ сөздің фигуралылығы, яғни поэ-
тикалық әшекей белгілердің (аксессуардың) міндеттілігі мен
молдығынан көрінеді. Бұлардың ішінде шешендік-дидак-
тикалық сарындағы толғауларда риторикалық сұраулар, белгілі
бір формуламен берілген қаратпалар, ұқсастық жасайтын
образдар, параллельдер жиі қолданылады.
Жауап күтілмейтін риториканы жасайтын грамматикалық
тәсілдер әр алуан. Мұның ішінде көбінесе сұрау есімдіктері
мен сұраулық шылаулар қатысқан сұраулы сөйлемдер жиі
ұшырасады. Мысалы: Көлде жүрген қоңыр қаз Көл қадірін не
білсін? (Асанқайғы). Қоғалы көлдер, қом сулар Кімдерге қоныс
болмаған? (Шалкиіз). Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер
күн қайда? (Доспамбет).
Қаратпалар адамға да, жансыз заттарға да айтылады. Олар
көбінесе эпитеттермен, одағайлармен келеді: « Уай, хан ием,
Жүк тиеттің кемеге» (Шалкиіз). « Әй, қыңыр ер, қыңыр ер»
(Жиембет).
Бұдан соң шешендік-дидактикалық толғаулар жеке сөздер-
дің, тұлғалардың, құрылымдардың қайталап келуі сияқты
амалды жиі қолданады, соның нәтижесінде синтаксистік-
құрылымдық (композициялық) параллельдер молынан орын
алады. Бұл – толғаулардың ең сипатты белгісі. Қайталаулар бір
сөздің (көбінесе тармақ соңына шығарылған сөздің) аясында
да, тіркес аясында да болады. Мысалы, Асанқайғы «Тақырлауға
қонған қаз-тырна» деп басталатын шағын толғауын әрбір
екінші тармақ сайын солардың соңында ол сөзін қайталау
арқылы құрады:
Тақырлауға қонған қаз-тырна
Таң маңында ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдан атар ол.
Қызыл изен, боз жусан
Сарыарқаға бітер ол...
109
Ал «Заманыңды жамандап» деп басталатын толғауында жа-
мандап деген сөзді және (пәленді) қайдан табарсың, (түгенді)
қайдан табарсың деген сұрауды қайталап келтіреді:
Арғымағың жамандап,
Тұлпар қайдан табарсың?
Тұйғыныңды жамандап,
Сұңқар қайдан табарсың?
Қайталаулар мен параллельдер – тек дидактикалық толғау-
ларда ғана емес, жалпы XV-ХVII ғасырлардағы көркемсөз иеле-
рінің шығармашылығына тән тәсіл. Мұны арнау толғаулардан
да, портрет өлеңдерден де табамыз. Қазтуғанның «Алаң да
алаң, алаң жұрт» деп басталатын толғауы жұрт сөзін қайталау
арқылы, ұқсас және антитезалы сөйлем-хабарларды келтіру
арқылы құрылған:
Атамыз бізің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
Мұнда атамыз ~ анамыз, күйеу ~ келіншек деген антитеза-
лар қатысқан әрі бірдей құрылған ұқсас, әрі ішінде жұрт сөзі
қайталаған параллельдер екені көрінеді.
Доспамбет жырау өзі туралы толғаған өлеңінде өкінбен
сөзін сан рет қайталап келтіреді: «Тоғай қондым – өкінбен»...
Жиембет еңсегей бойлы ер Есімге арнаған толғауында ерлігімді
сұрасаң... өрлігімді сұрасаң деген қайталауларды ұсынады. Бұл
қайталамалардың баршасы стильдік мақсат көздегендіктен
туған: алдымен, осы тәсіл арқылы автор аналогияға барады,
ал аналогия – жыраулар шығармашылығының басты белгісі,
екінші, параллельдер құрайды, бұл да – осы дәуірлердегі по-
эзия тілі үшін бірден-бір қажет амал. Параллельдер арқылы не
ұқсастық, не қарама-қарсылық идеясы ұсынылады. Үшіншіден,
белгілі бір сөз-образға логикалық екпін түсіреді (мысалы, ол,
жер, жұрт сөздерінің тармақ соңдарында қайталамаларына
назар аударыңыз).
Қайталамалардың және бір түрі бір сипаттас сөйлемдер
арқылы жүзеге асады. Мысалы, көптеген толғаулар бір текті
сұраулы сөйлемдердің немесе қаратпа сөйлемдердің қайталап
отыруымен құрылған. Бір сипаттас тармақ-сөйлемдердің
110
көпшілігі -ар (-мас) жұрнақты есімше баяндауышты немесе
«алай ет, бұлай ет» деген сияқты бұйрық райлы баяндауышты
болып келеді:
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа... (Асанқайғы).
Қайталама элементтерді қолданудың және бір түрі – тол-
ғауды қатарынан бірнеше рет қайталаған бір сөзден бастау:
« Сіреу, сіреу, сіреу қар...», « Тоғай, тоғай, тоғай су...», « Азау,
Азау дегенің...». (Доспамбет), « Алаң да алаң, алаң жұрт...»,
« Салп, салпыншақ, анау үш өзен...» (Қазтуған), « Ор, ор қоян,
ор қоян...», « Алп, алп, ал сақын...», « Асқар, асқар, асқар тау»
(Шалкиіз). Бұлардың әрқайсысы – әрбір толғаудың басы,
басқы тармағы. Бұл да – стильдік жүгі бар қолданыс. Ол
көбінесе тыңдарман назарын аударту мақсатын көздейді,
дәлірек айтқанда, ауызша толғанатын, құлақпен тыңдалатын
көркемсөзге қажет тәсіл. Сондықтан ол ауыз әдебиетіне де тән:
« Бұлғыр-бұлғыр, бұлғыр тау...», « Ауан, ауан, ауан су...», «Ай,
батырым, батырым» («Ер Тарғын»).
Кейбір септік жалғауларын түсіріп айту да стильдік мақсат-
пен келеді. Біз талдап отырған үлгілер тілінде табыс, ілік, барыс
септіктерінің жалғаулары түсірілмейтін тұстарда түсірілген
сәттері бар: « Арғымағың (ды) жамандап, Тұлпар (ды) қайдан
табарсың» (Асанқайғы), «Күйбеңдескен көп жаман(ның)
Сөзі тигенге ұқсайды» (Шалкиіз), « Тоғай (ға) қондым –
өкінбен» (Доспамбет). Бұларда жақша ішінде көрсетілген жал-
ғаулар айтылмаған, түсірілген. Бұл – өлең шартынан туған
ерекшеліктер: тармақтағы буын санының өлшеміне қарай бұл
жалғаулар қосылып та, түсіріліп те айтылатын өлең жолдары
кездеседі.
Екінші бір көңіл аударатын ерекшелік – тәуелдік жалғау-
ларының түсірілуі: «Қабардының Биғазы(сы) Желіп шықты
көк тауға» (Шобан), «Ей, Қатағанның хан(ы) Тұрсын»
(Марғасқа), «Жаздың алты ай(ы) жортсаң» (Шалкиіз). Бұл да
– түптеп келгенде, өлең шартынан туатын құбылыс. Оны біз
өлең синтаксисіндегі ықшамдау (үнемдеу) тәсілінің бірі деп
табамыз
106
.
106
Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы, 1970. - 133-б.
111
Бұл тәсіл ауыз әдебиетінде тіпті жиі қолданылады. Мысалы,
«Қобыланды» жырындағы:
Қамыстының қазды көл(і),
Қоғалының қулы көл(і),
Қызғыштының қызды көл(і) –
Бәрінен өтіп жәнелді, –
деген жолдарындағы көл сөздері көлі тұлғасында келуге тиісті.
Немесе «Қыз Жібектегі»:
Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген, –
деген жолдарында да Базарбайдың Төлегені болуы керек.
Бұл, сірә, о баста өлең синтаксисіне ғана байланысты қалып-
тасқан конструкция болар деген пікір бар және ол XV-ХVII
ғасырлардағы қазақ поэзиясына ғана емес, XI ғасыр ескерт-
кіштерінен бастап (Қашғариді қараңыз), қырғыз эпосы «Мана-
ста» кездесетіндігіне қарағанда, жалпы түркі поэзиясы тіліне
ертеден тән көне құбылыс екендігі байқалады
107
.
Тілін талдап отырған кезеңнің және бір стильдік ерекшелігі
– белгілі бір лексикалық топтардағы сөздердің әрдайым дерлік
эпитетпен келетіндігі. Мысалы, оқ сөзі қайың оқ, он екі тұтам
оқ, ала білек оқ, күшіген жүнді оқ, шай жібек оқ т.б. болып
қолданылады. Жебе де солай, ол көбінесе сұр жебе, қу жебе
сияқты тіркестерде келеді. Қылыш сөзі де жалаң тұрмайды, ол
алдаспан ауыр қылыш түрінде жырланады.
Қару-жарақ пен сауыт-сайман атауларының эпитетсіз
қолданылуы – әңгіме болып отырған дәуірдің әдеби үлгілерінде
кемде-кем ұшырасатын құбылыс, ал кейінгі кезеңдерде бұл
қолданыс сирей бастайды. Мысалы, жоғарыда келтірілген
тіркестерді XIX ғасырда жасаған Сүйінбай ақынның «Жа-
бай» атты толғауындағы соғыс суретін берген жерлерімен
салыстырсақ, екі дәуірдегі поэтикалық құралдардың арасын-
дағы айырмашылық көзге түседі. Сүйінбайда қару атаулары
эпитетсіз келтіріледі:
Найзаменен соғысқан,
Қылышпенен табысқан,
107
Нұрқанов С. Қазақ синтаксисіндегі көне құбылыс //Қазақстан мектебі. - 1968.
- № 2. - 73-б.
112
Айбалтамен қағысқан...
Жердің жүзі шаң болды,
Мылтық, найза қан болды...
Бұл жердегі қылыш – «алдаспан ауыр» да емес, «балдағы
алтын құрыш болат» та емес, тек қылыш, мылтық, «он екі
құрсау жез айыр» емес. Бұл қарулардың қимылдары да өз ат-
тарымен берілген: қылыш шабады, мылтық атылады, найза
шаншылады. Ал XV-ХVII ғасырлардағы көркем тілде «алда-
спан ауыр қылыш суырылады» немесе «байланады», «алпыс
ала балта бір ойында сындырылады», «он екі құрсау жез айыр
қара мылтық жумсалады. Қысқасы, іс-әрекет, қимылдар да
поэтикаланады, яғни мұнда қару-жарақ, сауыт-сайман атау-
лары образ үшін қолданылып, сипаттау құралы болып келсе,
кейінгі Сүйінбайда олар – нақты қимылды баяндайтын су-
реттеу құралдары, сондықтан оларды айшықты эпитеттермен
айтудың қажеттігі жоқ.
Талданып отырған кезеңдегі поэзия ауызша айтылып, тың-
дауға бейімделіп туғандықтан, тыңдаушының назарын ау-
дару үшін, өлең ырғағын құбылтып отыруды немесе өзге де
мақсаттарды көздей келтірілетін «басы артық» одағайлар, шы-
лаулар, есімдіктер кездеседі. Мысалы, кейде тіпті тармақтың
буын санының артқанына қарамастан бір, мына, мынау
есімдіктері қыстырылып айтылады:
Менен қалған мынау Еділ жұрт (Қазтуған).
Соқса – бір жілік сындырған (Шалкиіз).
Басы артық да шылауы да осындай жүкпен келеді:
Жолың да болсын, ау, ием! (Шалкиіз).
Қалай да белін шешті екен! (Доспамбет).
Бұлар бірде ырғақты өзгертіп (тармақтың буын санын
арттырғанда), кейде ой желісін күшейтіп, экспрессия тудыра-
ды.
Тек шылаулар мен есімдіктер арқылы ғана емес, жалпы
өлшем біркелкілігін оқтын-оқтын құбылтып отыру – ауызша
туған поэзияға тән сипат. Мысалы, Шалкиіздің мына тармақ-
тарына назар аударалық:
Сол жаман елден кетер деп – 8 буын,
Артында жақсылар қалар шарқ ұрып – 11 буын.
113
Жүйрікпін деп мақтансаң – 7 буын,
Ұзын жолдың үстінде – 7 буын.
Оралып ойнап тұрған – 7 буын.
О дағы бір құба арланға жолығар – 11 буын.
Арнау-толғаулардың басында одағайлар мен қаратпалар-
дың және солар типтес қайталама сөздердің келуі де – ХV-ХVІІ
ғғ. қазақ поэзиясы стиліне тән амал. Бұл да – тыңдаушы наза-
рын аударатын тәсілдердің бірі.
Кейбір грамматикалық тұлғалардың өте актив қолданы-
луы да стиль үдесінен шығады. Мысалы, шақ категориясы-
на бейтарап -ар тұлғалы есімшенің жұмсалуы өте жиі (-ады
тұлғасының орнына):
Құсты жисаң, бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер...
Бір жаманмен дос болсаң,
Жүмлә ғаламға күлкі етер (Шалкиіз).
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқамнан қосым қалар деп (Қазтуған).
Бұл тұлға негізінен дидактикалық толғауларда келеді деп
жоғарыда айтылды. Ал арнау, қоштасу, баяндау сипатындағы
өлең-жырларда бұл тұлға солардағы негізгі ойды дәлелдеуге
қажетті жерінде қолданылады. Мысалы, Шалкиіздің Би
Темірге айтқан толғауында: «Құладын жаман құс алмас,
Құладын қудың теңі түгіл-ді. Тебіренсе, ауыр жұртын тындыр-
мас. Тебір жаман, жұрттың теңі түгіл-ді» деп келетін құрылым-
дар «Тіленшінің ұлы Шалкиіздің иесі Би Темірдің тұсында»
бұлтқа мүйізі жете жаздағанын салыстырып барып дәлелдеу
үшін қажет болып тұр.
Екінші, -ған жұрнақты есімшенің өте актив жұмсалғанын
атауға болады. Ол тек іс-әрекет, қимылды білдіретін тұлға
ретінде ғана емес, сын-сипатты білдіретін сын есім қызметінде
де жиі қолданылады. Мысалы, Шобан әрбір батырды сурет-
тегенде, осы тұлғаның қызметіне жүгінеді: «Арқыраған ат
мінген. Айбар көшіп, шет қонған, Жау алдында бет қонған
Естерек ұлы Ер Шобан...», «Алдаспан ауыр қылыш суырған,
Ажалға қарсы жүгірген Исалының ұлы Жылым бар» т.т.
114
Өзге жыраулар да не елді мекенді, не адамдарды сурет-
тегенде, олардың іс-әрекет, қимылға қатысты сыр-сипатын,
«қасиетін» тек қана -ған жұрнақты есімшелі тіркеспен береді:
«Қиырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған Оймауыттай
жеріңді» (Асанқайғы). «Ақ ала ордам қонған жұрт, Қарғадай
мына Қазтуған батыр туған жұрт» (Қазтуған).
Зерттеуші М.Мағауин ХV-ХVІ ғасырлардың толғау-жырла-
рында өлеңнің жол басындағы буындарының ұйқасуы басым
деген пікір айтады
108
. Ғалым бұл пікірді Қазтуғанның:
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең, –
деген сияқты, Доспамбеттің:
Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме?
Қатарланып, қарланып
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме? –
деген сияқты, Шалкиіздің:
Темір еді биіміз
Теңіз еді халқымыз.
Тебірлерге қалғанда,
Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз, –
деген сияқты өлең жолдарына қарап айтып отыр. Шынында
да, қазақ поэзиясында өлең жолдарының біркелкі дауысты не
дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерден құралуы – ер-
теден келе жатқан кәнігі тәсіл. Бұл жерде біркелкі ұйқас бу-
ындардан гөрі, біркелкі дыбыстардан басталатын сөздердің
тармақ басында қатарынан келуі жиірек, демек, аллитера-
ция мен ассонанс құбылысы көзге түседі. Бұл тәсіл өлеңнің
үнділігін (музыкалылығын) күшейтумен қатар, сөз таңдауда,
демек, әдеби тіл лексикасын түрлендіріп отыруда үлкен рөл
атқарады. Мысалы:
Ораздының он ұлы
Ойын салып жүргенде, –
108
Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968.
115
деген жолдардағы о дыбысынан басталатын сөздерді келтіру
үшін бақытты сөзінің синонимі оразды сөзін табады. Немесе:
Туырлықсыз қара үйге
Ту байламақ не керек.
Туғаны жоқ жалғызға
Жауға шаппақ не керек, –
деген Шалкиіз туырлық, ту, туған сөздерінің өзге эквива-
ленттерін алмай, осы сөздерді ғана таңдайды, бұл тандау алли-
терация үдесінен шығып тұр.
Өлең тармақтарының біркелкі дыбыстардан басталатын
сөздермен құрылуы – біздің күндерімізге дейін жеткен, қазақ
өлең техникасының ұтымды көне тәсілдерінің бірі.
Міне, бізден бұрынғы зерттеушілер көрсеткен және біз өзі-
міз тауып талдаған XV-ХVII ғасырлардағы қазақтың ауызша
тараған әдеби тілінің стильдік-тілдік ерекшеліктері – осындай.
Әдебиет зерттеушілерінің бірқатары осы күнгі өзіміз
оқитын эпостық жырларды тудырушылар XV-ХVI ғасырларда
жасаған Шалкиіз, Қазтуған сияқты жыраулар болу керек не-
месе олардың әсері эпостарға күшті тиген болу керек деген
пікірді білдіреді
109
. Қазтуған XV-ХVI ғасырлардағы қыр эпо-
сын жасаушылардың бірі деген пікір тіпті ашық айтылған
110
.
Қазақтың мол ауыз әдебиеті мұрасының ішінде батыр-
лар жырлары циклі мен XV-XVII ғасырлардағы жеке ақын-
жыраулар шығармашылығының арасында үлкен іліктестік бар
екені айқын. Бұл жақындық әсіресе көркемдеу тәсілдері мен
лексика-фразеология саласында көзге түседі. Ақын-жыраулар
үлгілерінде образдар (теңеулер) батырлар жырларындағыдай
ең алдымен малға, айналаны қоршаған табиғат дүниесіне
қатысты келтіріледі. Мысалы, Қобыландының айбаттылығын,
қаһарлылығын бақырған нар түйеге теңеп беру, Қарлыға қы-
здың сүйкімді портретін «саулы інгендей ыңқылдап» деп
суреттеу немесе Ақжүністің «қасы жайдай керіліп, кірпігі
оқтай тігілуі» – осылардың барлығына Шалкиіз, Доспамбет
теңеулері үндесіп жатады. Сол сияқты қару-жарақ, құрал-
сайман атауларының немесе соғысу тәсілін білдіретін сөздер-
109
Мағауин М. Әдебиетіміздің тарихы әріде жатыр...
110
Марғұлан Ә. Зерттеле берер тақырып //Қазақ әдебиеті. - 1968, 8 июнь.
116
дің тұрақты эпитеттері, кейде тіпті жеке образдар бірдей түсіп
отырады. Айталық, «Ер Тарғын» жырының бір өзінде кездесе-
тін бадана көзді кіреуке, алты аршын ақ болат, төрт қырлаған
көк сүңгі, қозы жауырын қу жебе т.б. «Қобыланды батыр»
жырында бар толғамалы сүңгі, бадана көзді ақ сауыт, қозы
жауырын жебе дегендерді ақын-жыраулардан ұшыратамыз.
«Қобыландыдағы» тұлпар мініп, ту алған; жара қатты, жан
тәтті, «Ер Тарғындағы» оза шауып, олжа алған; ертеңнен
шапса, кешке озған, ылдидан шапса, төске озған тәрізді жеке
тармақтармен берілген образдар біз тілін талдап отырған жы-
раулар үлгілерінде де кездеседі. Тарғынның мертігіп жатқанда
Ақжүніске айтқан монологінің:
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт құрсайды.
Күнді байқап қарасам,
Күн жауарға ұқсайды...
Көгілдірін ерткен
Көлдегі қулар шулайды.
Шулағанға қарасам,
Көктен сұңқар соғылғанға ұқсайды, –
деп келетін жерлері Шалкиіздің Темір өміршісіне айтқан мына
жолдарымен образдас түседі:
Аспанды бұлт құрсайды,
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды,
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды...
Ал батырлар жырларының барлығында дерлік үнемі қайта-
лап отыратын қатуланып, қаттанып, буырқанып, бұрсанып,
мұздай темір құрсанып немесе: туырлығын тоқым қып,
керегесін отын қып деген штамптар жырауларда да жиі кез-
деседі. Қазірде өзгеше мағынада қолданылатын кейбір сөз-
дердің эпостардағы беретін ұғымдары мен XV-ХVII ғасыр
туындылардағысы бірдей келеді (мысалы, алаш, қол, аламан,
сой деген сөздерді қараңыз).
117
III ТАРАУ
________________________
ХV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ
ЖАЗБА ТІЛІНІҢ КӨРІНІСІ
Кіріспе тарауда, қазақ топырағында қызмет еткен әдеби
дәстүр жайында сөз болған тұста, XVI-ХVII ғасырлардан ба-
стап қазақ қоғамында да жазба дәстүр болғандығын, оның
шағатай тіліне иек артқанын айтқанбыз.
Қазақ ру-тайпалары дербес хандық құрып, өмір сүре бастаған
XV-ХVI ғасырларда жазба дүниелерді қажет ету фактісі болған.
Ол қажеттік, ең алдымен, қазақтың хан-сұлтандарының өзге-
лермен қарым-қатынас жасау саласында бой көрсетті
111
. XVI
ғасырдың II жартысынан бастап қазақтың Кіші жүзі мен Орта
жүзіндегі хандар мен Ресей империясының сыртқы істер кол-
легиясы арасында әр алуан дипломатиялық, саясаттық және
шаруашылық жайларына қатысты жазба қарым-қатынас күшті
жүре бастады
112
. Содан соң жеке адамдардың (әулеттердің)
кейінгі ұрпақтарына ата-бабаларын тарататын шежірелер жазу
дәстүрі болған, сондай-ақ жақсы атаның кейінгілерге ақыл-
өсиет сөздерін жазба түрде қалдыру сияқты дәстүр болғаны да
айтылады.
«Ел арасында орта ғасыр шамасынан бергі жерде шежі-
релер жазылып, ол шежірелер көбінесе би, сұлтан, рубасы
үйлерінде сақталған»
113
. Тарихшы М.Қойгелдиев қазақ хан-
дары мен сұлтандары сарайларында шежірелер жазылып,
оқылып отыратындығының занды құбылыс екендігін дәлелдей
келіп: «Сонымен бірге (қазақтың) хан-сұлтандарының, дала
ақсүйектерінің белгілі дәрежеде сауаттылықты бағалауы, өз ба-
лаларына уақыт талабына сай білім беруі... шағын кітапханалар
ұстауы – дамыған феодалдық қоғамға тән құбылыс»,
114
– деп
жазады.
111
Казахстан в XV-XVIII вв. - Алма-Ата, 1969.
112
Казахско-русские отношения в XVІ-XVIII вв. - Алма-Ата, 1961.
113
Сүлейменов Б., Өсеров Н. Шежіре – халық мұрасы //Қазақ әдебиеті. - 1974, 15
февраль
114
Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар
жинағы. - Алматы, 1991. - 32-33 б.
118
Демек, бұл фактілер XVI-ХVII ғасырларда қазақ қауымында
жазба дәстүрдің болғандығын, оны қазақтардың өздерінің
пайдаланғандығын жақсы көрсетеді. Сондай-ақ жазу сал-
ты жеке адамдардың бір-бірімен хат-хабар алысуында да
орын алған. Оған бірден-бір мысал ретінде қазақ сұлтаны –
Оразмұхаметтің XVI ғасырдың соңғы ширегінде қазақ дала-
сын билеп тұрған немере ағасы – Тәуекел ханмен жазысқан
хаттарын келтіруге болады. 1595 жылы Мәскеуде, орыс пат-
шасы сарайында отырған Оразмұхамет ағасына хат жазып,
қазақтың халық жырлары мен шежірелерін жіберуді сұрайды.
Тәуекел хан да сұлтан інісіне жауап хаттар жазып, сұраған
қолжазбаларын жібереді. Бұл хаттар кезінде Оразмұхаметтің
қолында болған «Күміс сандықта» сақталады, алайда орны тол-
мас өкінішке орай, патша архивіндегі 38-нөмірмен сақталып
келген осы сандық 1736 жылы Ресей Ғылым академиясына
сыйға тартылып, Академияның Азия музейіне тапсырылады
да кейін жоғалып кетеді.
Бұл жайында кеңінен акад. Ә.Марғұлан жазып, көпшілік на-
зарына ұсынды.
115
Ал ол «Күміс сандықтың» ішінде «ақылды, білімді, текті»
Оразмұхаметтің кітапханасы сақталғанын ол сандықты көрген
атақты шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры,
Азия музейінің директоры акад. X.Д.Френ (1782-1851) мен
сандықтан хабары болған В.В. Вельяминов-Зерновтар жа-
зып кеткен болатын. Осы кісілердің жазғандарына қарағанда,
бұл кітапханада (сандықта) «Насапнаме», «Дастан Едіге би»,
«Дастан Айса ұлы Әмет», «Дастан Ақсақ Темір», «Сиыр-
шы», «Дастан Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Тарих-и Рашиди»
(Дулатидікі) деген кітаптар мен қолжазбалар және бірқатар
қазақ шежірелері, атап айтқанда, «Қиян Домбауыл мерген
шежіресі», «Алаш мыңы», «Үйсін Майқы би шежіресі», «Едіге
би шежіресі» т.б. болған.
Оразмұхамет пен Тәуекел хан, сөз жоқ, бір-біріне хатты
орыс, не өзбек, не татар тілдерінде жазыспағандары кәміл.
Заманының мұсылманша сауатты адамдары – хан мен сұлтан
115
Валиханов Ч.Ч. Көрсетілген кітап. 419-6.; Кидайш-Покровская Н.В.,
НурмағамбетоваО. А. Героическая поэма «Кобланды батыр» //Кобланды батыр. - М.,
1975. - С.11.
119
сол кезеңнің тәртібін сақтап, жалпыға ортақ түркі жазба тілінің
нормаларын ұстап, өздерінше ана тілдерінде – қазақ тілінде
жазысты. Ол жазба дәстүр, әрине, шағатай тіліне негізделді.
Бұл хаттардың түпнұсқалары да жоғалып кеткен. Ораз-
мұхаметтің 1595 жылы март айында Тәуекелге жазған хатының
сол кезде жасалған орысша аудармасы сақталған (ЦГАДА.
- 122 қор. 41-42-п.)
116
.
Сол сияқты XVI ғасырдың II жартысынан бастап қазақ
хандары (мысалы, Тәуекел) мен Ресейдің Сыртқы істер кол-
легиясы арасында жүрген ресми қағаздардың да түпнұсқасы
сақталмаған, ал ондай қатынастың болғаны және даусыз. Осы
себептерден, әрине, XVI ғасырдың соң кезіндегі қазақтың хан-
сұлтандары (немесе қазақ хандары кеңсесі) қолданған жазба
тілді нақты талдап көрсете алмаймыз, бірақ мұндай тілдің
тәжірибеде болғанын толық айта аламыз.
Сөз болып отырған кезеңде ресми қағаздар мен эпистолярлық
хат-хабарлардан басқа жазба дүниенің аса маңызды түрі –
шежірелер болған. Ол шежірелер құрылысы, баяндау стилі,
көлемі жағынан әртүрлі болып келген. Ата-бабалардың ат-
тарын хронологиялық тәртіппен түзген схема іспеттес қысқа
түрлері де, тарихи шығарма түрінде келетін күрделі туындылар
да болса керек. Алдыңғы топтағылардан өз кезінде жазылған
түпнұсқалардың сақталғандары тағы да жоқ. Ал тарихи жылна-
ма түрінде жазылғандардан, бақытымызға қарай, бізге жеткені
– қазақтың тарақ таңбалы жалайыр руынан шыққан Қадырғали
бидің шежіресі. Бірқатар ғалымдар (Б.Сүлейменов, Н.Өсеров
т.б.) қазақ шежірелерінің қатарына Әбілғазының «Шежіре-и
түркі» (XVII ғ.) атты тарихи шығармасын да қосады
117
. Ал
қазақ тіл мамандары қазақ жазба әдеби тілі тарихын зерттеуде
Әбілғазы шежіресінің орны бар екенін айтады. Б.Әбілқасымов
ескерткіш тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін зерттей келе,
олардың басым көпшілігінің қазіргі қазақ тілінде аса көп
өзгеріссіз сақталғанын көрсетеді және олардың көркемдік
құрал (теңеу, бейнелеу т. б.) ретінде қолданылғанда, қазақтың
ұлттық таным-түсінігіне сай келетіндігін айтады
118
.
116
Смирнова Н.С Особенности развития казахского эпоса, его поэтика//История
казахской литературы. В 3-х томах. - Алма- Ата, 1968. - Т. I. - С. 241.
117
Қазақ тарихи жырларының мәселелері. - Алматы, 1979. - 95, 124, 163, 166-б.
118
Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғғ. қазақ..., 140-141-б.; МұхаметхановҚ. Бұхар жырау//
Қазақ әдебиеті. -1982, 30 июль - 6август.
120
Әбілғазы хан (қазақ кітаптарында бұл есімді Абылғазы деп
те жазу қалпы бар) өзі билікке келгенге дейін Түркістандағы
қазақ ханы – Есім ханның үйінде қонақта болған, мұнда ол
қазақ хандарының шежіресімен танысқан деген мәліметтер
бар. Мүмкін, оның тіліндегі «қазақтық» белгілерге бұл фактілер
де себебін тигізген болу керек. Зерттеуші Н.Келімбетов
Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и түркі» атты кітабының
қазақ халқының тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне тікелей
қатысты жазба ескерткіштердің бірі екендігін айта келіп, оның
қазақ әдебиеті тарихынан алатын өзіндік орны бар дейді, демек,
оның тілін де қазақ әдеби тіліне жанастыра зерттеу қажеттігіне
меңзейді
119
.
Бұлардың ішінде жалайыр Қадырғали бидің «Жами’ат-
тауарих» атты шығармасы – қазақтың ескі жазба әдеби тілін
танытатын бірден-бір құнды ескерткіш. Оның тіліне қарап
XVI ғасырдың соң кезіндегі қазақ жазба дәстүрін бірқыдыру
сипаттауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |