Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


ӘДЕБИ ИЕРАРХИЯ ЖӘНЕ АБЫРОЙ (РЕПУТАЦИЯ)



бет54/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

3. ӘДЕБИ ИЕРАРХИЯ ЖӘНЕ АБЫРОЙ (РЕПУТАЦИЯ)

Әдеби туынды өзінің көркемдік міндетін түрілінше атқарып, не аз, не көп мөлшерде алған бетінен айнымайды. Осыған байланысты бір жағынан асқақ әдебиет (қатаң да, шынайы көркем), екінші жағынан көпшілік қолды ("тривиалды"[лат. trivialis-нем. trivial немесе франц. trivial-қарапайым, әдеттегі]) әдебиет және сондай-ақ беллетристика (франц. belles-lettres-әсем бейнелі сөз өнері) сияқты ұғымдар тән болып келеді. Аталған феномендердің нақтылығы мен қатаңдығының шектемесі заманалық әдебиеттануда мүлдем жоқ, әдебиеттегі "жоғарғы" мен "төмен" ұғымдары таусылмайтын түрлінше түсіндірулер мен дау-дамайларға әкеп соқтыруда. Бірақ та, әдеби фактілерді әлдебір иерархия бойынша түзу тәжірибесі өте кеудемсоқтықпен орынғып келеді.




§1. "АСҚАҚ ӘДЕБИЕТ". ӘДЕБИ КЛАССИКА

"Асқақ (немесе қатаң) әдебиет", "үстем әдебиет" деген сөз тіркестері толық мағыналы анықтылыққа ие емес. Сонымен бірге, олар (өз бойына конъюнктуралық [кейінгі лат. conjuncture < лат. conjungere байланыстыру, қосу: әдебиет пен өнер саласындағы әлдебір орныққан жағдайлардың байланысының жағдайларының жиынтығы-Ә.Ә.] алыпсатарлықты, графоманияны (жазбаса тұра алмаушылық ауруын), америкалық ғалымының сөзімен айтар болсақ, "былғанышты әдебиеті" порнография сияқтыны сыйдыратын) "бұқаралық әдебиеті" логикалық жақтан мәдени-көркемдік таңдауына берік қадірлеп қарауымызды керек ететін әдебиеттен бөліп көрсету үшін қызмет етеді. Осы әдебиеттегі ("асқақ") әлдебір "шың" классика ұрпақ буындары үшін көркем сөздің қызықты да, беделді бөлгі болып келіп, әдебиеттің "алтын қорын" құрайды.


"Классикалық" (лат. classicus – үлгілік) сөзі өнертанушылар мен әдебиетанушылар тарапынан түрлі мағынада қолданылады: классиктер антикалық қаламгерлер ретінде Жаңа заман авторларына, ал, классицизм өкілдері (оларда классик деп аталады) романтиктерге қарама-қарсы қойылады; екі жағдайда да "классикалық" сөзінің астарында тәртіп, шара, үйлесімділік туралы ұғымдар жатыр. Осы ыңғайда "классикалық стиль" атты әдебиеттану термині гармониялық тұтастық түсінігімен байланыстырылып, әрбір ұлттық әдебиеттегі бағдар ретінде (орыс сөз өнерінде классикалық стиль өте-мөте Пушкин шығармашылығында айқын көрініс тапқан) ойға алынады[356].
Біз сөз ететін көркем (немесе әдеби) классика туындының маңыздылығы, ауқымдылығы, үлгілілігі туралы түсініктерден тұрады. Классик қаламгерлер жұртқа мәлім Д.С. Мережковскийдің ой айшығы бойынша, адамзаттың мәңгілік серігі болып табылады. Әдеби классика алдыңғы қатардағы туындылардың өзіндік жиынтығы деп саналады. Бұл дегеніңіз әдебиетің биігінің биігі. Ол әдетте, іштей басқа, келесі дәуірдің туындысы деп есептеледі. Классикалық әдебиет (оның мәні де осында) дәуіраралық (транстарихи) сұхбаттылық қатынасына белсене араласады.
Авторды асығып-үсігіп жоғарғы санат классик дәрегейіне көтеру тәуекелді, көбіне қажетті де емес, бірақ та, қаламгердің болашақ даңқы туралы көріпкелдік кейде өзін ақтап шығады (Белинскийдің Лермонтов пен Гоголь туралы ой түйіндеулерін еске түсірейік). Белгілі бір замана қаламгерін классиктің тағдыры күтіп тұр деп айту тек алдын ала айтылған болжам ғана болып табылады. Замандастары мойындаған автор тек қана классиктікке "үміткер" ғана. Еске алатын болсақ, кезінде тек Пушкин мен Гоголь, Л. Толстой мен Чехов қаламынан шыққан туындылар ғана емес, сонымен бірге, Н.В. Кукольник, С.Я. Надсон, В.А. Крыловтар (1870-1880-ші жылдардың танымал драматургі) да өте жоғары бағаланды. Өз заманының кумилері әлі әзір классиктер емес. "Бұқараның көркемдік-пайымсыз пікірі мен мәнсіз-мағынасыз талғамы негізінде өзіне сай емес биік тұғырға көтеріліп, көзі тірісінде классик деп дәріптеліп, кейін келе тіпті тірі кезінің өзінде жаңа буын тарапынан тас-талқаны шығып, орынсыз көтерілген биігінен құлап жататын әдебиетшілер төбе көрсетеді (оған әдебиет тарихындағы мысалдар жетіп артылады)"[357]. Мәселе мынада, кімнің классик абыройына лайық екендігін оның замандастары емес, болашақ ұрпақ шешеді.
Классика мен "классикалық еместің" арасындағы шекара өткен дәуірдің қатаң әдебиеті құрамында бұлыңғыр, әрі өзгермелі. Бүгінде К.Н. Батюшков пен Б.А. Баратынскийлердің ақын-классиктер екендігі күмән тудырмайды, бірақ осы бір Пушкиннің замандастары ұзақ уақыт "екінші қатарда" (ортаңқол ақындар В.К. Кюхельбекер, И.И. Козлов, Н.И. Гнедичтермен бірге) болып келді.
Көркем классика қатып қалған тас емес деген алып-қашпа өрекпіген ойларға қарамай, даңқты туындалардың өмірі таусылмас әлеуетке толы (қаламгердің жоғарғы абыройы тұрақтылықты сақтайды). "Әрбір дәуір, -деп жазды М.М. Бахтин, жақын дәуірдің туындысын өзінше бағамдайды. Классикалық туындының тарихи өмірі дегеніміз – шын мәнісінде, оларға әлеуметтік идеологиялық қайыра назар аударудың үздіксіз процесі. Әдеби туындының үлкен тарихи уақыт аралығында өмір кешуі оның байығуымен байланысты. Оның мәндік құрамы "өсуге, ары қарай қайыра туындауға" қабілетті: "жаңа фонда" классикалық туынды өзінің "барлық жаңа және жаңа мағыналық сәттерін" ашады[358].
Оның үстіне өткеннің даңқты туындылары әрбір жеке тарихи сәтте түрлінше ұғынылып, кейбірде пікір алауыздығы мен дау-дамайды да тудырады. Еске алатын болсақ, кең көлемде тәпсірленуі, бір-біріне ұқсамайтын Шекспир трагедияларының (әсіресе, "Гамлеттің") интерпретациялары, немесе Дон Кихот образының шексіздікпен түрлінше оқылымы немесе И.В. Гете шығармашылығы мен оның "Фаусына" арналған В.М. Жирмунскийдің атақты монографиясы[359]. XX ғ. Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығы, әсіресе, Иван Карамазов образы тынымсыз талқылау мен дау-дамай туғызды[360].
Әдебиеттің ұзақ тарихи уақытта болуы тек қана туындылардың оқырман санасында байығуымен, сонымен қатар, байыпты "мәнділігін жоғалтуымен" айқындалады. Классиканың өмір сүруі үшін бір жағынан, авангардистік мәдени мұраға енжарлық және даңқты туындылардың еркін де, өзгеріске ұшыратушылығы, олардың мүлдем заманиланып ("адасқан ой мен талғам фантазиясының жан-жақты классикаға өктемдігі"[361]), басқа жағынан, беделді туындыны тастай қатқан канондаушылық, догмаға толы кестелеушілігінен (мәдени классицизмнен) қолайсыздау болып келеді. Классикаға қатысты бұндай шетіндік талай мәрте көтерілді. Осылайша, К.Ф. Рылеев "кейбір ежелгі және жаңа ақындардың ерек туындылары өздеріне <... > құрмет туғызуға тиіс, бас иіп дәріптеуді емес, бұлай ету <...> бойымызға <...> әлдебір қорқыныш рухын туғызып, асқақтатылған ақынға жақындауымызға кедергі келтіреді" деп тұжырымдады[362]. Классикаға қатысты норма тәуелді емес, оның беделін ерікті мойындап, оған қатысты даулы пікірталасты, сыни қатынасты келісімге келмеушілікті жоққа шығармау (Г. Гессе өзінің эссесі "Гетеге алғыста" тап осындай ұстанымда болады)[363].
Бірде Шекспирге, бірде Пушкинге, енді бірде Толстойға қолданылатын "біздің замандас" формуласы даудан ада емес. Классиканың міндеті замана оқырманынан тыс тұрып, үлкен уақыт арасында өмір сүрушілерге көмектесіп, мәдени өмірдің мәнісін ұқтыру. Түрлі айырмашылығы болса да, тамырлас болып келетін мәдениет арасындағы сұхбаттастыққа сеп және түрткі бола отырып, ең алдымен, өзі қатысты тарихи өткен кезге қызығушы рухани отырықшы адамдарға (Д.С. Лихачевтің сөзі) арналады.
Классиканы кейде канонданған әдебиет деп те атайды. Осылайша, XVIII-XIX ғғ. даңқты орыс жазушыларының қатары турасында В.Б. Шкловский "Канонданған әдебиет әулиелері",-деп ирониясыз сөз етті [364]. Бірақ та, классиктердің канондануы оқырман қауымының үздік туындыларға деген ілтипатын танытып, ірі жазушылар мен ақындарға ескерткіштер қойылып, туындылары мектеп бағдарламасына енеді де, олардың танымалдығы көркем мәдениет үшін үлкен маңыздылыққа ие болады.
Сонымен қатар, шынайы классикалық әдебиет пен әдебиет арасында әлдебір бедел (мемлекет, көркем элита) орнатқан байыпты айырмашылық та бар. Ресми билік (әсіресе, тоталитарлық режимдерде) көбіне әдебиеттің белгілі бір бөлігі (өткен мен заманалық) абсолюттендіріліп, кейде өте өшпенді болып келетін өзінің көзқарасын оқырман қауымға таңады. Бұған айқын мысал – 1935 ж. И.В. Сталиннің әмірлікпен айтылған Маяковский кеңес дәуірінің ең үздік, ең талантты ақыны болып қала береді деген сөзі. Жазушылардың шығармаларын канондандыру үшін Сталиндік сыйлық берілетін болды. Көбіне қаламгерлер мен олардың шығармашылығы канондандыруға мәдени-көркем элита ат салысады. "Тап бұрынғының бүгінгіміз бен болашағымыз үшін аса қажет екендігіне шешім шығаруға біз дайынбыз",-деп жазды Вяч. Вс. Иванов[365].
Бірақ та қаламгер классиктің абыройы (егер ол шын классик болса) әлдекімнің шешімімен (және соған сай келетін әдеби саясатпен) дүниеге келмейді, ол оқырман қауымның мүддесі мен пікірін қалыптастырып, олардың еркін көркемдік өзін өзі айқындауы негізінде стихиялы түрде туындайды. "Классиктер тізімін кім құрастырады?" – деген сауал қойлып, оның өнертанушылар мен әдебиеттанушылар арасында талқыға түсуі, біздіңше, оңды шаруа емес. Егер де тап сондай тізім әлдебір беделді тұлғалар мен топтар тарапынан жасала қалса, онда ол қалыптасқан жазушы туралы жалпы пікірді ғана білдіреді. Блок туралы өзінің "Жел" өлеңінде:
Прославленный не по программе
И вечный вне школ и систем,
Он не изготовлен руками
И нам не навязан никем.
Деген Б.Л. Пастернак сөздері, біздіңше, суреткердің классик абыройын иелеуінің тиімді жолы болып табылады.
Әдебиет классиктерінің құрамындағы авторлар еректеніп тұрады. Олардың бірі – әлемдік даңққа бөленгендер болса (Гомер, Данте, Шекспир, Гете, Достоевский, // Абай, М.Әуезов-курсив менікі- Ә.Ә.), екіншілері тек өз ұлты үшін асқан беделге ие болғандар (Мұқағали, Жүсіпбек-курсив менікі- Ә.Ә.). С.С. Аверинцевше, Данте – италиліктер, Гете – немістер, Пушкин –орыстар үшін "белгілі бір мөлшерде "Жазбалықты" үлкен әріппен сақтайды"[366]. Ұлттық классик тек сирек жағдайда әлемдік классиканың құрамына енеді.
Кейбір жағдайда өнердің даңқты туындсы өте қатал сынға ұшырайды. Осылайша, өзінің жетінші "Философиялық хатында" П.Я. Чаадаев Гомерге шүйлігіп, ақын "өлімге құштар қаһармандықты" дәріптеп, "күнә мен қылмысты" идеализациялап, тәңірилендірді деп тұжырымдады. Оның ойы бойынша, христиандық имандылық сезімі "ой әлеуетін әлсірететін", "өзінің қуатты иллюзиясымен адамды тербеп, көзін ұйықыға кетіретін" түп негізінде "ой жетпейтін абыройсыздық таңбасы жатқан" гомер эпосынан теріс айналуға тиіс[367]. Л.Н. Толстой өзінің "Шекспир және оның драмасы туралы" мақаласында шекспирлік пьесалар турасында қатал сөз етті.
XX жүз жылдықта көркем классика кейбірде "шайқалмалы үшаяқтыққа" (ғасыр басында Пушкиннің осы бір сөзін Ходасевич тегін ауызға алған жоқ) айналды. Символизм бағдарламасын басшылыққа ала отырып, А. Белый замана өнерінің "шынайы" сіңірген еңбегі мынада "классикалық өнердің ешкім шәк келтірмейтін тасқа айналған бет пердесінің быт-шыты шығарылып, жұлынып алынды" деуі тегін емес[368]. Тап осындай сипатта классикалық мұраға шабылдау (даңқты туындыларды догмалық тар ауқымда түсіндірушілікке қарсылық протесі) оған ағаттықпен өлі қозғалыссыздық таңылып, шынайы көркемдіктің туындының қабылдануы естен тас шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет