Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

***

Абайдың  əлеуметтік  белсенділігі  оның  қоғамдық-фило-

софиялық  көзқарасымен  тұтас,  сондықтан  да  ақын  назары  əу 

дегеннен  қоғамдық  қатынастарға  тəн  қарама-қайшылықтарды 

шалуы – заңды. Абай сөз басын əлеуметтік ортасын, өзіне мəлім 

құбылыстарды сынаудан тарқатады, қазақ көркем сөзіне сыни 

шырай кіргізеді, сыншыл реализмге ұйтқы болады. 

Сүйсе – жалған, сүймесе – аянбаған, 

Бұл не деген заманға ісім түсті!!

Абай  адамның  кісілік  қайнар  көзін  қоғамнан,  əлеуметтік 

тіршіліктен іздейді. Алайда заманын сынау, заманына мін тағу, 

кінəрат айту Абайға дейінгі ауыз əдебиетімізде бар, XVIII–XIX 

ғасырлардағы  қазақ  ақындарының  көбіне,  əсіресе, “зар  заман 

ақындары” деп аталып кеткен ақындар тобына да тəн сарын: 

Ай, заман-ай, заман-ай!

Түсті мынау тұман-ай!

Істің бəрі күмəн-ай!

Сарынның  салихалы  əлеуметтік  негізі  болды.  Мыңдаған 

жылдары сахара төсіне бекем орнаған бейбіт елдің мамыражай, 


240

табиғат аясында өткен дəстүрлі тіршілігі мен көшпелі болса да 

көшелі өмір салтының қаймағы шайқалып, үйреншікті тұрмыс 

пен  болмыстың  іргесі  сөгіліп,  буржуазиялық  салт-сананың 

қазақ  қоғамының  қақпасын  қағып,  белең  бере  бастауын 

жырауларымыздың  ноқта  ағасы  Бұхар  осылайша,  қазақ 

құлағына жатымды нұсқаға түйіндеді. 

“Зар  заман”  ақындарының  сауда  мен  заңға  негізделген 

“жаңа”  қатынастардың  көшпелі  өмір  салтына  кіре  бастауына 

теріс  қарауының  жалпы  қисыны  келгенімен,  буржуазиялық 

қатынастардың ақтаушы-адвокаты болды. Қазақстанда ежелден 

үстемдік  еткен  рулық  жəне  феодалдық-патриархалдық  салт-

санаға  қарағанда  буржуазиялық  қатынастар  тарихи  жағынан 

біршама прогресшіл еді. Дегенмен, өңірімізде бұл қатынастар 

əлеуметтік жəне отаршылдық езгі тұтасқан тұрпатта қанат жая 

бастады. 

Абай  да,  өзіне  дейінгі  ақындық  дəстүрдің  осындай  сын-

шылдық арнасына түсті. Алайда, Абай сыны Бұхар, Шортанбай, 

Дулат сарынынан мазмұны жағынан мүлде өзгеше болды. Абайға 

дейінгілер  заманға  мін  тағумен (“зарлаумен”)  ғана  шектеліп, 

қазақ қоғамын меңдей бастаған індеттің белгі беру тегінің түп-

тамырын дұрыс түсінбеді, психологиялық дайындықсыз, “тіке” 

қабылдады, оған діни-мистикалық мəн таңып, “ақырзаманның” 

жақындап  қалғандығының  көрінісі  деп  ұқты.  Буржуазиялық 

үрдістерге – үрке  қараған  олар  пананы  дін  тасасынан  іздеді. 

Құран  сөзіне  бас  ұрып, XI–XII ғасырларда  өмір  сүрген  қазақ 

сопыларының  пірі – Қожа  Ахмет  Яссауидің  хикметтеріндегі 

“заманақырдың адамы – залым, залымы – ғалым болар” деген 

мистикалық түйінді өлең өрнегіне түсіріп, уағызға айналдырды. 

Абай  қазақтың  ауыз  əдебиетінің  дəстүрлі  сынына  жаға 

мағына  беріп, “зар-заман”  ықпалынан  алып  шықты.  Өйткені, 

ұлы ақын қазақ, қоғамын меңдеген індеттің себептерін “жерден”, 

қоғамның  өзінен,  ондағы  орын  алып  отырған  реалды  қарым-

қатынастардан  іздеуге  шақырады.  Басқаша  айтқанда,  Абайға 

дейінгі ақындардың белгілі тобының сыны – “зарлау”, “жоқтау”, 

сарын  түрінде,  байырғы  этнографиялық  үлгіде  айтылса,  Абай 



241

жасампаздыққа бет бұрған əлеуметтік сынды арнайы əдеби тəсіл 

түрінде, идеологиялық күрес қаруы формасында жүргізеді. 

Өсімге қол жайды, 

Тай алып серкешке, –

деп  тұлғалайды  тиынын  сомға,  тышқақ  лағын  тайға 

“айырбастап”,  аңқау  да  байығы  елді  алдап,  пайдаға  кенеліп 

жүрген  алаяқтардың  бейнесін  Абай.  Осындай  қатынастар 

кеулеген  құбылыстар  елдің  береке-базарын  тарқатты,  адам 

аралық  қатынастарды  ушықтыра  түсіп,  ұлттық  моральдық-

саяси ынтымағын жер етті. 

Ел қағынды 

Мал сабылды. 

Ұрлық, өтірік гу де гу, 

Байы – баспақ. 

Биі – саспақ. 

Əулекі, аспақ, сыпыра қу. 

Абайдан  бұрынғы  қазақ  ақындарының  заманына  айтқан 

өкпе-назы  Абай  аузынан  ащы  сын,  кесімді  тұжырым  болып 

естіледі: “бұл не деген заманға ісім түсті?!”. 

Ақын лебізінде заманға тағар мін мен оның əділетсіз өзегіне 

деген сұсты зіл қоса жүр. 

Заманына  сын  айта  отырып,  марксизмге  дейінгі  орыс 

зиялыларының  əлеуметтік  мəслихат  тақырыбын  Абай  қазақ 

қоғамының да күн тəртібіне қойды. Абай өз мəмілесін тарихи 

нақтылы  дəрежеде,  қазақ  əлеуметінің  тағдырына,  мүддесіне, 

күш-қуатына,  шоласына  орайластыра  жүргізді.  Оны  замана 

сұранысына  сай  сұрыптай  білу – ақынның  ақыл  ойының 

реалистік өзегінің басты белгісі еді. 

Əрине,  қазақтың  ілкі  əдеби  реалистік  тəсілі  буыны  бекіп, 

қабырғасы қатая қоймаған фольклорлық балаң сипатта еді. 

Абай  шығармаларында  осы  “қазақы”  реалистік  əдеби  тəсіл 

жаңа сапалық сипатқа ие болып, “меншік”, ұлттық қауашағын 

бұзып-жарып,  əлемдік  деңгейге  көтерілді,  осы  тəсіл  негізінде 

ұлы  ақын  өз  творчествосына  əлеуметтік  жүк  арта  алды, 

қоғамдық мəселелерді күн тəртібіне қоя алды. 



242

Ғылымды іздеп, 

Дүниені көздеп, 

Екі жаққа үңілдім. 

“Ақын үңілген” “екі жақ” осы екі дай үрдіс: ескі мен жаңа, 

халық  зердесінің  кешегісі  мен  келешегі,  дəстүрлі  танымы 

мен  оның  жаңа  құбылыстарды  бейнелеудегі  өзгеріске  ұшы-

рауы.  Ақын  дəйім  ізденіс  үстінде  болды,  сондықтан  оның 

творчествосынан  реализм  бой  алмауы  тіпті  де  мүмкін  емес 

еді.  Əлеуметтік  қордалы  ой  ежелден  реалистік  шығарманың 

ғана беліне лайық. Абай қазақ поэзиясының реалистік дəстүрін 

“зар заман” шылауынан аршып алып, жасампаз сыншылдыққа, 

бейғам  тылсымдықта  күй  кешкен  халық  санасын  сын  арқылы 

əлеуметтік  қозғалысқа  түсіріп,  заман  қарымына  сəйкестікке 

итермеледі. 

Абайдың  “сөз  түзелді”  дегені  ақын  творчествосының 

реализмге  бет  бұрғанын  аңғартып,  қазақ  поэзиясының  жалпы 

тағдырын сипаттайды. 

Абайдың  саяси-əлеуметтік  көзқарасының  іргесі  барынша 

шыншыл, утопия шырмауынан алшақ. Сондықтан əдеттегі қа-

зақ  жырауларына  тəн  “Жиделі-Байсын-Жерұйық”,  əлде  Апла-

тынның  (Платон)  Атлантидасы  мен  əл-Фарабидің  “Үлгілі 

мемлекеті”  туралы  дерексіз  саяси-əлеуметтік  қияли  ой  Абай 

шығармаларында  жоқ.  Кездеспейді.  Абай  тұғыры  əділет 

жолындағы  белсенді  күрес.  Абайдың  творчествосы – осы 

пайымның  нəтижесі,  Абайдың,  жоғарыда  айтқандай  енді 

қалам  алмауға  болмайтындығынан  туған  əрекетінің  жемісі. 

Өз  шығармаларындағы  Абай – білгірлігі  мол,  қажыр-қайраты 

шыңдалған, əлеуметтік арпалысқа түсерлік арнайы дайындығы 

бар саналы да сақа қайраткер. 

Адамды сүюдің, адамға қызмет етудің жолдары көп. Соның 

ішіндегі ең салихалысы – адамға деген құмарлық – сол адамды 

бақытқа кенелтуі, игілікке бастама болуы парыз. Адамды сүйе 

білу – тағлым, басқа адам үшін де, тəрбиеленуші үшін де үлгі, 

нұр. Адамды сүю – адам үшін, оның бостандығы, бақыты үшін 

күрес, əлеуметтік үрдіс. Абайдың кісіні, халқын сүюі – ақынның 



243

əдеби-эстетикалық нысанасынан туындайды. Ақын халқын да, 

адамын да “басы – көзің демей” сынай сүйеді. Əлемдік əдеби 

меридиандарда “халық ақыны” деген ұғым бар да “ұлттық ақын” 

деген  ұғым  жəне  бар.  Халық  ақыны – халық  ішінен  шыққан 

халық  мəдениетінің  өкілі,  ал  ұлттық  ақын – ұлт  мəде ние тінің 

“жасағаны”.  Абайдың  өз  сөзімен  айтқанда, “Тəңірі – иесі”. 

Қазақта не көп – ақын көп. Осы көптің ішінен дара Абайды ғана 

ұлттық  ақын  деп  атауға  аузымыз  барады.  Осы  жəйт  ақынның 

туған  халқына  ақыл,  насихат  айтумен  ғана  шектелмей,  сынай 

сөйлеуіне де негіз береді.  

Абай  сыны  бүкіл  ұлтты  өзінің  ерке  ұланындай  кейде 

марапаттап,  кейде  зекіп,  қақпақайлап,  рухани  ауыз  бірлікке, 

ынтымаққа  шақыру  үстінде  тұрады.  Ауыз-бірлік  демекші, 

бай  мен  кедейді  табыстыру – Абай  ойында  жоқ.  Мұндай 

нəтижесіз іске ақын кіріптарлық жасамайды. Сондықтан болса 

керек  “таптық  гармония”  туралы  утопиялық  қиялдан  Абай 

шығармалары  ада.  Абай  үшін  бай  кедейге  кедейдің  өзі  ойып, 

бай  үйіне  түсірген  “қара  қидан  орта  қап  ұрыспай  берсе” – 

болды!  Кедей  еңбегінің  елеусіз  қалмағанына – ақын  көңілі 

риза.  Ақын – бай  мен  кедейді  ымыраластырайын  демейді, 

қайта, керісінше, олардың арасында лаулап жанған отқа түседі, 

арашашы болады. Арашашының да қазақ ішінде өз жөн-жосығы 

бар: “арашашыға  – алты таяқ”. Абайдың арашаның сойылының 

да дəм-тұзын татқан кездері де мəлім. 

Халқын ауыз бірлік пен ынтымаққа шақыру – Абай сынының 

семантикасы,  астары,  түпкі  нысанасы.  Ақын  мен  халқының, 

халқы  мен  ардагер  ақынының  арасындағы  мұндай  рухани 

жарастықтың  тегі  тереңде,  халық  тағдырының  тұңғиығында. 

Абайдай  ұланымен  халық  арда  аға  деп  табысса,  Абай  халқын 

сезім парасатына бөлеп отырып, халқының сенімін алып барып 

еркін  сұқбаттасады.  Мұндай  салауатты  сұқбат  тек  Абайдай 

асылдың  ғана  қолынан  келеді.  Абай  поэзиясының  мазмұны 

түгелдей  адамға  деген  қамқорлықтан  тұрады.  Бұл  жағынан 

Абай – ұлы гуманист ақын. Осы гуманистік ой Абай мен “қалың 

қазағының” арасындағы тіл табысудың сыншылдық түріне негіз 

болады. 


244

Əзелде тəңірім сорлы етті, 

Арсыз елмен əуре етті. 

Жалғыз үйде күңірентті

Адам деген даңқым бар. 

Адам қылмас халқым бар. 

Сынның қазақта екі түрі бар: дос сыны мен қас сыны. Бірі  – 

тəтті, “күлдіріп  айтылады” – жаудың  сыны,  екіншісі – ащы, 

бірақ жасампаз, “жылатып айтылады”, бұл – дос сыны. 

Абай əлеуметтік-эстетикалық талғамы асқақ сыншы. Ол адам 

атаулыны емес, бойын зұлымдық пен надандық тұтқан жанды, 

ары  мен  ұятын  жалдап,  ырыздығын  тауып  жеп  жүргендерді 

жəне  осындай  адамдарды  қаулатып  тудырып  жатқан  сұрқия 

заманын сынайды. 

Ар мен ұят ойланбай, тəнін асырап, 

Ертеңі жоқ бүгінге болған құмар. 

Ақынның  “бүгін”  деп  тұрғаны – өзі  өмір  сүрген  “ертеңі 

жоқ”, болашақсыз ортасы. Ақын сол ортаны адам, адамды орта 

тудырды деп түсінеді. Сондықтан адамына ескерту айтады: 

Сенен күшті кісілер не боп жатыр? 

Заманыңның тарлығын ойла, мырзам. 

Ескертуінің  аяқ  асты  қалғанына  налиды.  Заманын 

“түзетпекке” құлшынады. Жалғыз шықпақ болады. 

Түзетпек едім заманды, 

Өзімді өзім зор тұтып. 

Алайда  ақынның  санасы  да,  іс-əрекеті  де  тарихи  шектеулі, 

бұл  заңдылықты  аттап  өту  үшін  əлі  де  бір  асқаралы  дəуір 

тұр.  Дегенмен,  ақын  сыны  жүйесін  тауып  айтылады,  ол  қазақ 

қоғамының əлеуметтік сергелдеңінің ішкі себептерін бұлжытпай 

дəл  аңғарады.  Ұлығы  “шаш  ал!”  десе  халықтың  басына 

ұмтылатын ел ішін торыған тіміскілер назарына іліккенде ұлы 

ақын отты тілін тіпті аямай, опырып айтады. 



245

Қолына алып, 

Пəле салып, 

Аңдығаны өз елі. 

Қазақ  сахарасында  күнделікті  өтіп  жатқан  əлеуметтік 

сайысқа құрылған баррикаданың қай жағында тұрғанын, оғын 

кімге кезегенін аңғартады, үстем етуші тап өкілімін демейді. 

***

Абайдың ардагер азамат мінезі оның өз табынан саналы түрде 

өз басын арашалап алғанынан да байқалады. Бұл мəселеде Абай 

ұлт  көкжиегінде  даралық  танытқанмен,  əлемдік  деңгейдегі 

ұлағаттылармен  ұқсастық  аңғарылады.  Ұлы  ақынның  үлгі 

тұтар адамдары, жас буынға “ойында жоқ бəрінің Салтыков пен 

Толстой” деп көлденең салар даналар, сондай асылдар еді-ау! 

Əсілі,  Л.  Толстой – қарашекпеннің  қамын  ойлап,  жыртысын 

жыртқанмен  қарашекпен  емес,  граф,  үстем  тап  өкілі  емес  пе 

еді?! Билік жүргізуші тап өкілі бола тұра ел жағына шыққандарға 

қазақ  сахарасы  да  кенде  болмаған:  Сырым  мен  Исатай,  Абай 

төңірегіндегі  “жайнаған  туы  жығылмай  кеткен”  Оспан...  Ал 

Абай  “төркінін  танымаумен”,  төркініне  теріс  қабақ  берумен 

тынбайды, сол төркініне ашықтан ашық шабуылға шығады. 

Барымта мен партия –

Бəрі мастық, жұрт құмар, 

Сыпыра елірме, сұрқия 

Көп пияншік нені ұғар!

Бұйығы  бейбіт  елге  іріткі  салып,  адам  тегін  “тобықты” 

мен  “найман”  категориялары  арқылы  тергейтін  дала 

төсіне  қара  құрттай  қаптаған  “құйрығы  шаян,  беті  адам” 

қазақ  “кентаврларына”,  тұтас  халықты  “жүзге  бөлген  жүзі 

күйгірлерге” жұлдызы қарсы. 

Болды да партия, 

Ел іші жарылды. 

Əуремін мен тия, 

Дауың мен шарыңды. 


246

Халық  ынтымағын,  ауызбірлік  берекесін  қашырып  жүр ген, 

Абай ұғымында, билеуші тап өкілдері. Осындай “дау мен шар-

ға” “бой алдырғандардың” жуан ортасында “мəз болып”, Абай-

дың  түйдей  құрдасы  болғанмен,  əлеуметтік  жауы – Күлембай 

болыс жүр. 

Болыс болдым, мінеки! 

Бар малымды шығындап. 

Ақын  дарақы  мансапқорлардың  даңғойлығын  неғұрлым 

анығырақ  ашу  мақсатпен  толғауды  Күлембайдың  монологы 

ретінде жазған. Ежелден мансап дегенді қажетсінбей, ел ісінің 

əпер-бақаны  мен  содыр-сойқанын  “сіз”  бен  “біз”  арқылы 

тыя  білген  зерделі  халық  ортасына  аспаннан  аяғы  салбырап 

түскендей  “мінеки!”  деп  масаттанғаны  көргенсіздіктің  сирек 

сиқын  білдіріп  тұр  емес  пе?!  Осы  Күлембай  “құрдасына” 

арнап бір жыл бұрынырақ жазған басқа бір өлеңінде болыстың 

тексіздігін,  іс-əрекетінің  мандымсыздығын  ащы  мысқылмен 

бетіне басқан да еді-ау!

... Мынадайға кез болдық, 

Аума-төкпе заманда 

Ел билеген адам жоқ, 

Ата менен бабаңда. 

Болыстықтан пайда қып, 

Шығыныңды алсаң, жаман ба!!

Делқұлдың  аузынан  шыққан  “бар  мал”  əрине,  бейнетпен 

тапқан,  əлде  əкесінен  қалған  мүлік  емес,  қара  қазақтың  тұщы 

етіне “ащы таяғы тиіп” жиған ел ырыздығы, жетім мен жесірдің 

аузынан  жырып  алынған  арам  дəулет, “нақақ  көздің  жасы” 

(Сұлтанмахмұт), нас байлық. 

Күлембай  осындай  ылаңмен  жиналған  иесіз  дəулетке  “бар 

малымды”  деп  ентаңба  соғып,  жылпостық  жасап  меншіктей 

қойған. Абай осы байлықтың əлеуметтік түп негізін толғауының 

алғашқы екі жолымен жария еткен. 

Алайда,  Күлембайдың  Абай  білетін  “сыры”  осымен  ғана 

шектелмейді.  Ақын  болыс  психологиясына  тереңдеп,  бойлай 

түседі. 


247

Кəкір-шүкір, кер-жерді, 

Пайда көріп ептеймін –

дегіздіріп алып, Күлембайдың масқарасын шығарады, жүн жеп, 

жабағы  боратып  жүргенін  мазақ  етеді.  Ішкенін  ірің,  жегенін 

желім қылады. Жемсауына тыққылағанын қайта төктіреді. 

Өлеңнің 1888 жылдың  майында  Семей  мен  Жетісу  елінің 

төтенше  сиязына,  деректі  оқиғаға  байланысты  жазылғанын 

ескерсек “Күлембайға” – саяси-плакат жеке азамат тарапынан 

басталған нақтылы күрес формасы, таптық идеологиялық шара 

дəрежесіне  көтеріледі.  Бұл  өлеңнің  ақынның  көзі  тірісінде 

жарық көруі – Абайдың азаматтық позициясының бекемдігін, 

əлеуметтік  белсенділігінің  тұрақтылығы  мен  баяндылығын 

айғақтайды. 

Күлембай  бейнесі  деректі  сипатына  қарамай  сыншыл 

реализмге тəн əдеби жинақы образ. Күлембай мен Абай құрдас, 

заманы бір, тегі бір, бірақ екеуінің рухани өресі бір-біріне қарсы. 

Күлембай образында дерек пен қиял, даралық пен жалпылық, 

əдеби  жəне  философиялық  үрдістер  тең  тоғысқан.  Сондықтан 

Күлембай  бірден  əдеби  образ  бола  тұра,  екінші  жағынан 

зұлымдық  тұтасқан  ұғым  салмағын  көтереді.  Күлембайды 

көрмей  тұрып,  Күлембайдың  аты  аталып,  шаңкөрінгеннен-

ақ  бұйраты  мен  шағылы  алмаса  қыдырған  қырдағы  дала 

қойнауынан  екілене  үрген  ит  пен  зар  қаққан  балашағының 

ащы  дауысы  естіледі.  Бейбіт  ауыл  ию-қию  болады.  Күлембай 

бейнесіне  өткен  ғасырдағы  қазақ  қоғамында  бой  көрсеткен 

патшаның  отаршыл  аппаратына  иек  артып,  туған  халқын 

сүліктей сорған жергілікті арамзалар мен жылпостардың типтік 

образы түйілген, қазақтың дəстүрлі санасына жат буржуазиялық 

салт-сана, үстем болып жатқан заманамен “бірге келген” “жаңа” 

адамдар бейнеленген. 

Абай  да,  Күлембай  да  бір  тап  өкілі  дедік.  Алайда,  екеуінің 

арасы жер мен көктей. Абай-азамат, жапырағын жайған мəуелі 

бəйтерек,  Күлембай-азғын,  жағаға  толқын  итеріп  шығарған 

су  соққы  томар.  Абай  халқының  табанына  батқан  шөңгеге 

маңдайын тосады, рухани сергелдеңге түсіп, Семей барып орыс 



248

зиялыларына  халық  зердесін  қорландыруға  қажет  индукция 

мен  дедукция  категорияларын  сауал  етеді,  алқалы  кеңеске 

шығады.  Өйткені, “халықты  білімге  жетелеу – балаңдық 

дəуірмен қоштасу” – дейді И. Кант. Алайда, Абай барған облыс 

орталығына Күлембай болыс та жиі-жиі жол салады. Бірақ ол 

ел мүддесін ұлықтарға “айырбасқа” салып, шекпеніне шен мен 

“жылтырауық  түйме”  қадатып, “арқасынан  ояз  қаққанға  мəз 

болып” қайтады. Өйткені, Күлембай – құлқынның құлы дедік, 

ал Абай болса – халық ұлы, халқын алға, жарыққа тартады, бұл 

жолда малын да, жанын да садақа етеді. Абай мен Күлембайдың 

шенесуі  өткен  ғасырдағы  қазақ  əлеуметінің  моральдық 

тұлғасының ымырасыз кереғар жақтарға жіктелуі мен қоғамда 

орын  алған  екі  дай  ой  ағымының  көрінісі,  қазақ  санасында 

майдандасқан  екі  дара  əлеуметтік-саяси  концепцияның 

текетіресі, сайып келгенде сол заманның антагонистік келбеті. 

Алайда,  ақын  Күлембайлардың  əлеуметтік  өресінің 

шектеулігінен  гөрі  кісілік  тексіздігіне  көбірек  зер  салады. 

Тексіздіктің  себебін  іздейді.  Жаланың  бəрін  заманына  жауып 

салып,  арамын  ақтап  алмайды.  Адамның  заман  алдындағы 

жауапкершілігін  насихат  етеді.  Күлембайды  сынай  отырып, 

Күлембай  секілділерге  өз  тұлғасын,  өрелі  парасатын  үлгі 

етіп  ұсынады.  Оларды  ашықтан-ашық  таптық  тұғырынан 

таюға,  əлеуметтік  “төркінінен”  ажырасуға,  табынан  алжасуға 

шақырады. 

Адасып, алаңдама жол таба алмай, 

Берірек түзу жолға шық қамалмай. 

Қашан  да  қашан  нағыз  ақынға  бұйырған  елгезек  жүрек 

адам  деп  тыпыршиды,  адамға  сенеді,  сиынады,  адамның 

адамгершілігін қошамет тұтады. 



***

Бірақ  Күлембайдай  сұрқияның,  əдетте,  тұла  бойы  сірескен 

сауыс-сауыс мұз, өзегі-көрдей қараңғы қапас, есі – ескі құсқыға 

пана,  миы – мал  қамайтын  қора  болып  кеткенін  Абай  көреді, 

сезеді. 


249

Ақын  рухани  дағдарысқа  түседі,  бейтаpaп  отыра  алмайды. 

Мұны біз Абай трагедиясы деп танимыз. 

Ұлы Абай жол таба алмаған трагедиялық тығырыққа тарих 

үкімі  ғана  жүреді.  Күлембай  да,  Күлембайды  Күлембай  еткен 

“философия” да адам қоғамының cay денесіне шыққан қатерлі 

ісік,  оны  асқынбай  тұрғанда  сылып  тастамаса  əсте  болмайды. 

Дүниені  танудың  мұндай  саласы,  сананың  бұл  жолы 

революциялық  өзгеріссіз  өздігінен  өзі  жалпы  адам  атаулы 

қанағат  тұтарлық  игілікке  айнала  қоймайды.  Күлембайлар 

ақыл-ойға  емес,  өзінен  басым  күшке  ғана  көнеді,  күштен 

жасқанады,  күштіден  ғана  ығады.  Алайда,  қазақ  сахарасын 

жайпаған  Күлембайларға  дауа  боларлық  құбылыстың  туар 

күні – қалың қара орман еңбекші бұқараның диктатурасының 

заманы алда, Күлембай апшысын қуырып жүрген Шыңғыстау 

өңірінен  шалғайда.  Əзірге  мына  бұлыңғыр,  күңгірт  заман – 

қазағын қан қақсатқан Күлембайлар заманы, олардың тымағын 

алшысынан киіп, жорға жорғалатып, бəйгеге түскен, “дəурен” 

кешкен заман... 

Ақын жүрегі осыған ашынады. 

Өңкей уды жиып ап, 

Себеді сорлы жүрекке... 

Күлембай  секілділердің  іс-əрекетіне  іш-құса  болып,  əбден 

торыққан  ақын  қол  қусырып  жəне  қарап  қалмайды.  Күлем-

байлар  от  салған  қалың  қауға  қарлығаш  болып,  су  себелейді. 

Осы себепті Абай тілі – уытты, өткір. Бірақ əділ. Ызғарсыз. 

Қайғы мен ыза қысқан соң, 

Зар шығады тілімнен, –

деп  айтарын  айтып  тастап,  көңілінен  қыжыл  кеткен  соң  ғана 

ғафу өтінгендей шырай танытады. Көйлектің кірі жуса – кетеді, 

көңілдің кірі айтса – кетеді. 

Абайдың өз басына қояр шарты биік. 

Ойға түстім, толғандым, 

Өз мінімді қолға алдым... 

Өзіме өзім жақпадым... 


250

Абай – азамат,  халқының  рухани  тұтқасы.  Осыны  түсінген 

ақын өзін күреске шыңдайды, əлеумет мұқтажына сай, сайысқа 

шығар  қайраткерге  жарасымды  мінез  қалайды,  өзіне  өзі  сын 

көзімен  қарайды.  Сондықтан  Абай  тұлғасы,  оның  аузынан 

шыққан  лебіз,  əлеуметтік  іс-əрекеті  тарих  ағымына  сəйкес, 

келелі келешекпен дəйім үндестік тауып тұрады. Жалпы, Абай 

жасап кеткен игілік – қазақ əлеуметінің болашақ пролетарлық 

революциялық дəуірлер қарсаңындағы жақсылық пен парасатқа 

серпіліс, туар күн үрдісін қабыл алуға дайындық. 



Қазақ əдебиеті. 28 маусым 1985 ж.

“Хаус нама” жəне Абайдың “Ғақлиясы”

Қазақ  əдебиетінің  кемеңгері,  ұлы  суреткер,  сөз  өнерінің 

шебері,  адамгершіл,  ағартушы-гуманист  жазушы  қалдырған 

мұралар  молшылық  десек,  соның  салмақты  бір  бөлігі  оның 

ғақлия – қара сөзі. Ақынның тереңінен толғаған озық ойларының 

шынайы  туындысы.  Өлеңдері  туғызған  тарихи  əлеуметтік 

жағдайлар қара сөзінің тууына де себепкер. Ол өлеңдерінде де, 

қара сөздерінде де өмір шындығын халықтың арманын, болашақ 

қамын  көздеген  жазушы.  Өзі  айтқанындай: “Қыранша  қарап 

Қырымға, мұң мен зарды қолға алды. Кектеніп надан зұлымға, 

шиыршық атты толғанды”. 

Абайдың  қара  сөзге  бет  бұруы  ойламаған  жерден  ойға 

алған кездейсоқ емес, керекті, заңды бетбұрыс еді. Таланттың 

өзін  туғызатын  тарихи-əлеуметтік  жағдай,  халықтың  қалың 

ортасының  керегі  болса,  оның  творчестволық  ізденістеріне 

бастау да сол. Айтар сырларын, арман-ойларын түгел баяндап, 

тыңдаушысын кəні етіп, оқушысының сусынын əбден қандыру 

үшін тек поэзия аздық ететіндей, прозаға да бет бұрды. Кейбір 

тарихи  не  философиялық  пікірлерін  жеткізе  айту  үшін  оған 

поэзиядан гөрі қара сөздің мүмкіншілігі мол сияқты сезілді. 

Бірақ,  Абай  алдында  əзір  тұрған  проза  үлгісі  қазақ 

əдебиетінде  болған  жоқ.  Бұрынғы  ауыз  əдебиетіндегі  түрлі 



251

тақпақ, ертегі аңыз-əңгіме түрлері де, шешенсіген би сөздері де 

Абайға көркемдік үлгі болып кете алмады. “Ескі бише отырман 

бос  мақалдап”  деп  қазақтың  ескі  билерінің  түр  қуған  мəтел 

сөздеріне  сын  айтты  Абай  өз  сөздерін  халықтық  терең  ойға 

құрып, оған көркем түр бере түзеп, тыңдаушыларын да түзелуге 

шақырады.  Ол  қандай  шығарма  жазбасын  бəрінде  асқан  дана 

адамгершіл өсиет-өнеге айтып өтті. 

Абайдың қара сөздерін біз оның көркем туындыларының бір 

саласы ретінде қарастырып, қазақ əдебиетіндегі орнын, мəнін, 

стилін, өзіндік түр ерекшеліктерін анықтауға күш салып келеміз. 

Ал,  кемеңгер  қалдырған  айтылмыш  ғақлиялардың  көркемдік 

əлемінен  өзге  кейбір  ғылымдар  саласына  қосар  үлестері  де 

өз  алдына  ұдайы  зерттерлік  өте  маңызды  мəселе,  Əсіресе, 

Абай  сөздерінің  философия  мен  педагогика  ғылымдарына 

жанасымдары  дəлелдеп  жатуды  қажет  етпейтін  шындық.  Бір 

ескерте  кетуді  керек  ететін  мəселе,  Абайтанудың  тап  қазірге 

дейінгі бет алысы тек Батыс мəдениетіне жанасымы тұрғысында 

болып, оның тəлім алған үш арнасы, творчествосын шыңдаған 

үш  бұлақтың  қайнарлары  түгелденбей  көбіне-көп  екі-ақ 

арнасына көңіл бөлініп келді. Қазақтың ұлттық мəдениеті мен 

Батыс  (дəлдеп  айтсақ  орыс)  мəдениетімен  қарым-қатынасы, 

ақын  шығармашылығына  тигізген  əсері  ғана  зерттелген  еді. 

Абайды  кемеңгер  ақын  еткен  орыс  əдебиеті  немесе  оның 

ойшылдығының  түп  негізі  орыс  революционерлерінің  тікелей 

ықпалы деген қағидаларды шындықтыруға ғана күш салынды. 

Тоталитарлық  тəртіптің  талабы  да  осыған  меңзеді,  Ал,  Абай 

шығармашылығының  шығыстық  арнасы  түгел  ескерілмеді. 

Ол  бұлақтың  көзін  құм  басып  қалды.  Əлі  де  аршылмаған 

күйінде  қалып  келеді.  Сондықтан,  бұл  Абайтанудың  қазіргі 

ең  зəру  (актуальды)  мəселесі  десек  жаңылыс  болмас. 

Басқасын  былай  қойғанда  əдебиет  саласындағы,  ақынның  өзі 

атап  көрсеткен  Шығыс  кемеңгерлерінің  (Фердоуси,  Навои, 

Шəмси,  Сағди,  Хафиз,  Фзули,  Дауани  т.  б.)  бірде-бірінің 

Абайға  тигізген  əсерін,  олармен  творчестволық  байланысын, 

гуманистік  көзқарасындағы  дүниетаным  жақындықтарын 

немесе  суреткерлік  əлеміндегі  ізденістерін,  ой-түю,  қиялдау 


252

жүйелерінің 

түп 

қазықтары, 



салт-сана, 

наным-сенім 

жүйелеріндегі  туыстықтар,  мəдени  байланыстардың  замандар 

бойғы туыс қарым-қатынастары мүлде қағыс қалды. Шығысты 

бір  жақты  кертартпа  пантеизмнің  ошағы  санап,  үзілді-кесілді 

қарсы  бағыт  ұстап  келдік.  Бұл  сияқты  тоталитарлық  бір 

жақтылық зардабынан Абай шығармаларының барлық саласын 

түсіндіруде де солақайлық орын алды. Соның ішінде ақынның 

қара сөз – ғақлияларын тану мəселесі де бар. 

Низами,  Жəми,  Беруни,  Абу  Али  Син,  Омар  Хаям,  Бабыр, 

Ұлықбек,  Дулати,  Дауани  т.  б.  шығыс  жұлдыздарынсыз  Абай 

шығармашылығын,  оның  дүниетанымы  əлемін  жете  игерем 

деудің де қазір реті жоқ қисын екені дəлелдеуді керек етпейді. 

Асылы, Абай шығыс елдері мəдениетімен тек жас шағында ғана 

айналысты, кейін одан мүлде іргесін аулақ салды деген де жалған 

қағида.  Біздіңше,  шығыс,  көрші  Азия  өмірін  кезінде  Абайдан 

артық  білген  ғалым  қазақ  болған  емес.  Біздің  қолымыз  соңғы 

ондаған  жылдары  жете  бастаған  көне  түркі  тілі  мен  əдебиеті, 

хадым  əдеби-мəдени  ескерткіштері  тек  қана  Абай  емес,  түгел 

сол  тұстағы  шығыс  мектеп-медреселерінде  оқығандардың 

күнделік  оқулықтары,  қолынан  түспес  мəдени  жабдығы 

болғанын мойындауымыз керек. Жүсіп Баласағұни мен Мақмут 

Қашқари, Ясауи мен Бақырғани, Иүгнаки мен Хорезми, Дулати 

мен  Дауани  мұралары,  көптеген  тарихи-шежіреуи  кітаптары 

мен диван жинақтары, сапарнамалары мен ақыл-ой түйіндеген 

трактаттар, есеп-қисап пен астрономия, денсаулық саласындағы 

тамаша табыстар, қолжазба кітаптар замана ізденімпаздарының 

сусындаған  білім  бұлақтары  болғаны  күмəнсіз.  Əсіресе,  араб-

парсы  мəдениетінің  ықпалын  ескермей  келуіміз  кешірімсіз 

əбестік  болып  келгенін  мойындауымыз  абзал.  Инабаттылық 

пен  имандылық,  адамгершілік-гуманистік  тəлім-тəрбиеге 

негіз болған мұсылман дін-ісілəм ілім қисындарын, бұл салада 

кең  тараған  бай  əдебиетті  ескерусіз  қалдырғанымыз  да  біздің 

қазіргі  ұрпағымыздың  қасіреті  болғанын  ашық  айту  орынды. 

Əдебиетші  қауым  үшін  өте-мөте  қымбат  əдеби  мұралар  мен 

көркем  туындыларды  оқи  алмағанымыз  қандай  ұят  болды. 

Дүние жүзі таныған “Мың бір түн”, “Тоты нама” романдары, сан-


253

салалы  ғашықтық  дастандар,  қиямет  хикая-қиссалар,  даналық 

хикметтер,  мифологиялық  мектептің  керемет  мүліктерін 

көзімізден таса қылып қасқитты емес пе?

... Абай шығармашылығының мəнді бір саласы оның ғақлия 

қара сөздері десек, бұл салада да зерттеулер жазылғаны мəлім. 

Егер арнайы зерттеуді атар болсақ осы жолдардың авторының 

1950 жылдардың басында қорғаған кандидаттық диссертациясы 

мен сол кезде жарияланған “Абайдың қара сөздері” атты (1956) 

монографиясын аттап өтуге болмас. Егер 1951 жылғы Абайдың 

ақындық айналасына байланысты айтысты еске алар болсақ, осы 

тұстағы  ақын  мұраларын  танытудағы  солақайшылықтардың 

зардаптары  асқындап,  өте  қауіпті  жағдайға  жеткені  əзір 

есімізден шыға қойған жоқ. М. Əуезовтің “Ақын аға” романы 

жарық  көрісімен  конфискацияға  ұшырады.  Абайдың  біраз 

шығармаларына  күдіктер  айтылып  жатты.  Соның  ішінде 

ақынның қарасөздері туралы да кереғар өсектер жүріп жатты. 

Сол  кездің  шолақ  белсендісі,  Абай  танытқыштарының  бірі 

(С.  Нұрышев)  маған: “Сен  босқа  қаратер  болып  жүрсің.  Абай 

қарасөз  жазбаған  адам.  Ол  ақын  болған.  Ал  оған  танылып 

жүрген  ғақлиялар  бұрын-соңды  өмір  сүрген  ұлтшылдардың 

туындылары” – деп білгішсіген. Бұл жай өсек сөз болса ештеңе 

емес  қой.  Айтылмыш  пікір  өрістеп  қолдаушыларын  да  тауып 

жатқан сұм заман болды емес пе?

Ақынның  ғақлия  қарасөздерінде  исі  аңқып  тұрған 

мұсылманшылық  оқудың  салдарын,  ісілəм  қағидаларын, 

моральдық  қисындарын,  адамгершіл  талап-тілектерін  аша 

түсу үшін шығыс ренессансы жасаған мəдениет жетістіктерін, 

мұсылманшыл оқудың құрани хадистерінен бастап сан-салалы 

дүниелерін, бай рухани қазыналарын өзіміз (бүгінгі зерттеуші) 

жақсы білуге тиіспіз ғой. Ең болмаса, Абайдың өзі жетік білген 

мұра-мүліктер  төңірегіне  қолымызды  жеткізіп,  оны  əбден 

игермей  тұрып  бұл  мəселеге  қалам  тарту  асығыстық  болар 

еді.  Тереңде  жатқан  қазынаның  бетін  қалқып,  шолулар  жасап 

шығу  қиын  болмаса  да,  қасиетті  дүниенің  көзіне  жете  алмай 

тағы да əуре-сəрсеңге түсуіміз мүмкін деп білемін. Сондықтан, 

асығыстық  жасап,  жеңілдің  үстімен  өте  бермелік,  ағайын! 


254

Білімімізді  арттырып,  тілімізді  жаттықтырып  орнықты  іс 

қылуға даярлық жасалық. Жас талапкерлерге жөн сілтеп, жол 

көрсетелік... 

Əзірше біз Абай оқып білген шығыстық дүниелердің аумағын 

анықтап,  оның  тізімін  (көрсеткіштерін)  жасай  алсақ  жаман 

болмас еді. Содан кейін біртіндеп ізге түсу оңай болар еді.  

Осы бір ойға мен соңғы оншақты жыл ішінде келдім. Əсіресе, 

қолыма “Қабус нама” атты кітаптың қазақ тілінде аударылған 

нұсқасы түсіп, оны оқығаннан кейін беркіндім. Шынын айтсам, 

Абай  творчествосы  туралы  істеп  жатқан  жұмыстарымның 

бəрін доғара тұруға тура келді. Аталмыш кітапты оқып шығып, 

жоғарыда айтылған пікірлеріміздің ақиқаттығына көз жеткіздім. 

Абай өзінің қара сөздерін жазуға А. Пушкинді оқу арқылы 

келіпті-мыс – деген  тұжырымымыздың  біржақты  болғаны, 

кезіндегі  дақпыртқа  еліге  ілесуімізден  туындағаны  алдымнан 

шықты.  Бұған  қарап: “Ойбай,  қателесіппін,  Абай  “Қабус 

намаға”  еліктеген  екен”  деп,  аттана  шабуға  да  болар  еді  ғой. 

Оған  да  бармадым.  Бұрынғы  жастық  шағым  болса,  бір  жөн, 

сақал-мұртымыз  ағарған  шақта  ұшқалақтық  жасауға  арым 

жіберген  жоқ.  Енді,  Абай  сөздері  мен  аталмыш  “Қабус  нама” 

туралы қорытынды ойларымды ғалымдарға жеткізіп, ақылдасар 

кез келді ғой деп, сөз бастағалы отырмын. 

“Қабус  нама”  дұрысы  “Хауыс  нама”  болса  керек.  Алғаш 

орта  ғасырлық  парсы  тілінде  жарық  көріп,  кейін  түркі  жəне 

кейбір  батыс  елдері  тілдерінде  кең  тараған,  ұрпақ  тəлім-

тəрбиесін  мақсат  еткен  туынды.  Жасы  ұлғайған  өмірлік 

тəжірибесін  қорытқан  данагөй  атаның  жас  буынның  қамын 

ойлай  қалдырған  өнегелі  өсиет  сөздерінің  жинағы.  Асылы, 

лауазымды  əкенің  өзінің  жолын  қуып,  орнын  басар-ау  деген, 

сенім  артар  баласына  арналған  өрнекті  сөз  өрімдері.  Өзінің 

мұрагерінің  болашақ  қамын  ойлаудан  туған  бағалы  шығарма. 

“Хауыс  наманың”  авторы  Кейхауыс  деген  заманының  білімді 

де беделді адамы. Ол Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы 

Ғилан  мекен  жайының  тұрғыны  жəне  əміршісі  болған,  ойлы 

қария,  парасатты  қайраткер.  Ол 1022–1083 жылдар  арасында 

өмір  сүрген.  Жас  кезінен  оқып,  дəуіріне  лайық  білім  алған. 


255

Өзінің  атасы  Шамсал  Мауали  Хауыстың  тікелей  тəрбиесін 

алып  өскен.  Мауали  Хауыс  əрі  өмір,  əрі  сөзге  жүйрік  беделді 

би,  əдебиетпен  əуестеніп  жүретін  көңілі  дархан,  ақын  жанды 

адам  болыпты  деседі.  Немересінің  жетіктігін  байқаған  ол 

Кейхауыстың тəрбиесін өзінің бақылауына алып, білімді ұстаз, 

ізгі ниетті адал жандарға жақын ұстайды. “Ата көрген оқ жонар” 

демекші  немересі  де  оның  күткен  жерінен  шығып,  ой-қиялы 

өрісті, талабына талғамы сай жас боп қалыптасады. Шығыстың 

орта  ғасырлық  ұлы  классиктерін,  ғұлама-пəлсапашыларын, 

əкімшілік  жүйелерін,  өнер  өрнектерін,  көркем  сөз  құдіретін 

танып,  өмір  талаптарымен  етене  табысады.  Өткінші  өмірдің 

баянсыздығына  көзін  жеткізген  сезімтал  ойшыл  көрген-

білгенін,  танып-тапқанын  қорытып,  оны  жүйеге  салып,  өзінің 

қартая бастаған шағында, өсиет ретінде сөз тізбектейді. Жалғыз 

ұлы  Құлан  Ғилани  шаққа  арнап  өсиет  кітап  жазады.  Оны 

“Хауыс нама” деп атайды. Сол тұста көп жұртқа мəлім, түркі 

мұсылмандар арасында кең тараған “Рушной нама”, “Саһодат 

нама”  сияқты  тəліми  кітаптардың  үлгісінде  жазылған  бұл 

шығарманы  да  қазіргі  ғалымдар  педагогика  саласына  жатқы-

зып жүр. 

Кейхауыс  Ғиланидің  “Хауыс  нама” XI ғасыр  ескерткіште-

рінен  саналады.  Көлемі 8 баспа  табақтай,  мазмұны 44 бапқа 

(Иасынға)  құрылған.  Біздіңше  айтқанда  немесе  Абайша 

хаттағанда  шағын  кіріспеден  басқа 44 ғақлия  сөзден  тұрады. 

Əрбір ғақылдарының көлемі де Абайдың қарасөздерінің түріне 

ұқсас  шағын.  Қазақша  басылымында  əрбір  сөзін  “тарау”  деп 

атапты.  Бұлайша  атау  дұрыс  болмаған.  Себебі,  тарау  деген 

кітаптың  мазмұнының  негізгі  салалары.  Кітап  тақырыбының 

өзекті  түйіндерінің  жіктелуі  емес  пе?  Олай  болса,  тарау  деп 

атау  орынсыз.  Өзбекше  басылымдарында  “баб” – делінген. 

Бұлайша  атау  тарау  дегеннен  гөрі  жақынырақ.  Сөйтсе  де  дəл 

емес. Əрбір тараудың баптары болады. Онда тарауда қозғалған 

күрделі мəселенің бір тармағын баяндайды. Олай болса, əрбір 

ақыл-өсиет сөздерді жай нөмірлеп, реттік сан есімді қолданған 

орынды. Немесе, əрбір тараудың аты есепті оригиналда берілген 

кішкене  тақырыпшалармен  атауға  да  болар  еді  ғой.  Ондай 


256

тақырыпшаларды Абайдың əрбір ғақлияларына да танып атауға 

болатынын біз əлдеқашан жазған едік. Оны əзірше ешбір баспа 

орны ескерген емес. Баяғыша реттік санмен аталып кетті. 

Қысқасы, “Хауыс нама” өзінің түрі жағынан Абайдың ғақлия 

қара  сөздеріне  жақын  туыс.  Екі  жазушының  осы  еңбектерін 

жазудағы мақсаттары да қашық емес, Екеуі де келешекке, жас 

ұрпаққа ақылдар айтып, өсиет сөздерін жазып, адамгершіліктің 

сара  жолын  нұсқайды.  Кейхауыстың  мақсаты  өзінің  туған 

перзентіне ақыл-өсиет айтып, соған ғана арналған адамгершіл 

қағидалар  қалдыру...  Ұлының  болашағына  керекті,  күнделікті 

тіршілігіне,  адам  арасы  қарым-қатынасына,  көбінесе,  іс-

əрекетіне,  қоғамдық,  басшылық  жұмыстарына  байланысты 

ақыл-кеңестер  беріп,  ақылды,  əділ,  адамгершіл,  жаны-жайсан 

азамат,  парасатты  басшы  даярлауды  көздейді.  Баласының 

келешегіне  керекті  практикалық  нұсқаулар  ұсынады.  Кітап 

мазмұнының  негізгі  қазығы  осындай  нақты  мақсаттарға,  бір 

адамның төңірегінде топталады. Абай сөздеріндегідей қоғамдық 

мəні бар сын-сықақ, мысқыл дегендер хауыс-намада онша орын 

алмайды. Жеке бастың қамы керек ететін моральдық нұсқалы 

сөздер  тізіледі.  Бұған  қарағанда  Абайдың  ғақлияларының 

тынысы  əлдеқайда  кең.  Ол  өзінің  барлық  сөздерін,  түгел 

дерлік, жалпыға арнайды. Ең алдымен өз ұлтының кəрі-жасы, 

ұл-қызы,  əр  саладағы  адамдарына  бағыштайды.  Қала  берді 

түгел  адам  баласылық  ой  түйіп,  табиғи  құбылмалы  қозғалыс, 

дамылсыз дамулар терең толғанады. Өмір, қоғам, табиғат, салт-

сана,  тəлім-тəрбие,  ойшылдар  мен  ғұламалар  əлемі  керемет 

кеңістікке шығады. Заман қалыптастырған əртүрлі мінез-құлық, 

кереғар түсініктер, жан мен тəн, сенім-наным, иман-инабаттар, 

ар-намыс,  адалдық  пен  əділет  т.  б.  əртүрлі  қасиетті  əрекеттер 

уағыздалса,  оған  адам  баласының  бəрі  ортақ.  Сондықтан  біз 

Абай ғақылдарының аясы кең, мəн-мағынасы терең, əр кезеңнің 

керегіне  асарлық  өміршең  туынды  демекпіз.  Дей  тұрсақ  та, 

“Хауыс нама” мен “Ғақлия” қарасөздері арасында бірін-біріне 

жақындастыратын  көріністер  де  жоқ  емес.  Əсіресе,  бұлардың 

сыртқы түріндегі ұқсастықтарды ескермеуге болмас. Екі дананың 

мақсаттары “Өсиет нама” жазуда мүдделес болғандықтары ма, 


257

əйтеуір  біздің  байқауымызша  Абай  өзінің  қара  сөздерін  жазу 

үстінде  “Хауыс  намаға”  душар  болған  сияқты.  Тіпті,  əуелі 

“Хауыс наманы” оқып алып, сонан соң өзінше өзіндік ой қозғап 

кетпеді  ме  екен?  Өзіндік  терең  толғанысына  “Хауыс  нама” 

түрткі болмады ма екен деген ойға келем. Бұл ойымды растайтын 

жақындастырар  жайлар  көп.  Олардың  бəрін  теріп  жатпай-ақ 

қояйын. Сөйтсе де, “Хауыс наманың” сөз басын “Ғақлияның” 

бірінші  сөзімен  салыстырайықшы.  Екеуінде  де  автордың  осы 

саладағы  кітап  жазуға  себепкер  болып  отырған  жағдайларды 

баяндаулары егіздің сыңарындай. Екеуі де жастары ұлғайғанын 

сезіп,  кейінгілерге  ақылдарың  өсиет  етуге  бекінген... “Хауыс 

наманың”  сегізінші  тарауы  түгел 38 афористік  өсиет.  Олар 

нөмірленіп  тізілген  болса, “Ғақлияның”  отыз  жетінші  сөзі 

23  афористік  сөздерді  тізіп  шыққан.  Əрине,  əр  автор  ұсынар 

өсиет-ақылдар  өз  замандарына  лайық  мақсаттарды  көздейді. 

Олардың ұсынар ғибраттары бөлек болғанымен тап осылайша 

тізбектеулері қызық. 

“Хауыс нама” мен “Ғақлия” баяндауындағы “Алланың біреу 

екендігін, оның хақтығы, бар əлемді жаратушы екендігі, хайуа-

нат пен адам баласын, оның барлық қаракеттерін кереметтікпен 

өте  шебер,  ерекше  ықыласпен  жасауы,  адамға  деген  өзгеше 

ілтипаттары,  адамға  тəн  ақыл,  сезім,  тіл,  ойлылық  сол 

ықыласының белгісі екені, сондықтан да адам Аллаға өте-мөте 

риза болып, оған құлшылық етуі парыз екені т. б. түсініктердің 

түбірі  бір.  Оларды  екеуі  де  мұсылманшылық  танымдар 

тұрғысында 

баяндайды. 

Пайғамбар, 

əулие-əнбиелердің 

қаракеттері  де,  мұсылмандарға  міндетті  бес  парыздар  туралы 

ескертпелері  де  бір  ізден  шығады.  Бұл  мəселелер  “Хауыс 

наманың” алғашқы тарауларында арнайы сөз болады. Əсіресе, 

бірінші  тарауы  “Алла  тағаланы  тану  туралы”,  екінші  тарауы 

“Пайғамбардың  қасиеттері  туралы”,  үшінші  тарауы  “Алла 

тағаланың бергеніне шүкіршілік ету туралы”, төртінші тарауы 

“Тағат, ғибадат парыздар туралы”, бесінші тарауы “Ата-ананы 

құрметтеу туралы” баптарында арнайы əңгімеленген. Аталмыш 

тараулардағы  мəселелер  Абай  ғақлияларының  “Он  екі”, “Он 

үш”, “Жиырма  сегіз”, “Отыз  төрт”, “Отыз  бес”, “Отыз  сегіз”, 



258

“Қырық  бесінші”  сөздерінде  қамтылады  екен.  Екеуінде  де 

мұсылманшылық қағидалардың жүйесі сақталады. Сондықтан 

дін-ісілəм  ережелері  бірыңғай  танымдарын  табады.  Екеуінің 

де  бұл  саладағы  өсиеттері  біріне  бірі  жуық  шығады.  Діни 

моральдық  этикаларының  негізі  бір.  Құран  кəрім  уағыздарын 

растап, соны санамен тануға үндейді. 

“Хауыс  наманың”  басқа  тараулары  адамгершілік  қағида-

ларға негізделген өсиет сөздер, жеке өмірде, қоғамда, адамдар 

арасындағы  қатынастарда  нені  біліп,  неге  назар  салу,  жеке 

басқа  тиісті  міндет-мүнəжаттарды  қалай  орындау  т.  б.  Иман, 

инабатты,  əділ,  адал,  қарасқыш,  аяр,  ұяты  мен  ары  таза,  діні 

мен діліне берік, халқына қадірлі, ел-жұртына берілген адамды 

қадір  тұтып  сүйіне  де  күйіне  де  білетін,  міндетті  жұмысына 

тындырымды,  патшасына  жұғымды,  сенімді,  əз-əзілден  аулақ 

болуды  уағыздайды.  Бұл  жайлар  Абайдың  ғақлияларына  да 

негізгі  нысана  болған  этикалық  (əдептілік)  тəлім  жүйелері 

екеніне кім дауласады?

“Хауыс  нама”  орта  ғасырлық  шығарма.  Абай  заманы  одан 

əлдеқайда  бері.  Əрқайсысы  өз  дəуірінің  перзенті.  Сондықтан 

олардың таным-талғамдары, əрине бір жерден шыға бермейді. 

Біз  тек  Абайдың  дүниетанымының  кеңдігін,  білімінің  молды-

ғын,  Шығыс  əдебиеті  мен  ғұлама  еңбектерін  жете  білгенін, 

оларды  саналы  түрде  игеріп,  керекті  дегендерін  жаңғыртып 

қолдана да білгенін ескертіп отырмыз. Бұл тұста тағы бір ескерер 

нəрсе,  біздіңше, “Хауыс  наманы”  орта  ғасыр  оқығандары 

жақсы  білген  сияқты. XVғ.  Перзенті,  əрі  ғалым,  əрі  өнерпаз 

Жалаладдин  Дауани  жақсы  білсе  керек.  Ол  өзінің  “Ақлаки 

Жалали” (Жалалидің  мінездері)  кітабын  жазуда  пайдалануы 

мүмкін.  Тəлім-тəрбиеге  ерекше  мəн  берген  бұл  кітапті  Абай 

жақсы білген ғой. 

“Хауыс  наманы”  зерттеп  танытушылар  бір  ауыздан,  оны 

тəлім-тəрбие құралы, педагогикалық еңбек деп бағалап келеді. 

Бұл  ақиқат  дұрыс  баға.  Ал,  Абайдың  ғақлияларын  бағалауда 

біраз  өзге  түсініктер  де  жоқ  емес.  Басқаны  былай  қойғанда 

М.  О.  Əуезов  оны  өзіне  бөлек,  өзгеше  көркем  туынды  дегені 



259

бар.  Өз  басым  осы  пікірді  растау  жолында  еңбек  еттім.  Бұл 

саладағы  тұжырымымызды  ешкім  ешқашан  жоққа  шығарған 

жоқ.  Шығармас  та.  Əңгіме  мəселені  бұлай  қоюда  емес...  Ал, 

Абай  Ғақлия  қара  сөздерінің  негізгі  мақсаты  (өлеңдерінде 

де)  жасөспірімдерге,  түгел  сөз  ұғар  қазақ  қауымына  ақыл 

айту,  өмірді,  əлем  құбылыстарын  таныту,  адамгершіл  өнегелі 

сөз  қозғап,  халқының  көңіл-көзін  ашу,  əділет  жолын,  ақиқат 

қадистерін  түсіндіріп,  білімге  баулу,  өнердің  қадір-қасиетін, 

еңбектің адам өміріндегі орнын, ізгі ниеттер мен тілектерді өзінен 

кейінгілерге  өсиет  етіп  жазып  кету  десек,  бұл  мақсаттардың 

да тəлімдік-педагогикалық маңызы алғы шепте тұрғанына кім 

таласады. Сондықтан, Абайдың қара сөздерінің педагогикалық 

маңызын жете талдап танытқан абзал. Философия, педагогика, 

психология,  теология  сияқты  ғылымдардың  тікелей  қатысты 

екенін жүйелеп зерттей түсудің уақыты жеткен сияқты. 

Міне,  Абай  творчествосын  жете  тану  мəселесі  тап  қазірдің 

өзінде  нағыз  дер  кезіне  жетіп,  жаңа  санаға  жол  тартып  тұр. 

Терең  толғаныстар  мен  соны  ізденістерге  негізделген,  жалпы 

адамгершіл  сана  тұрғысынан,  озық  ғылыми  зерттеулер 

жазылуы керек. Бұл салада еңбек етіп жатқан ғалымдар аз емес. 

Ақын  шығармаларын  текстологиялық  зерттеулерден  өткізіп, 

оны  кең  тарату,  басқа  тілдерге  аудару  мəселелері  көп  болып 

істеліп  жатқан,  көңіл  көншірлік  шаруа  деп  білемін.  Қалай 

десек  те,  қасиетті  ақын  бабамызды  құр,  ат  үсті  дəріптеумен 

шұғылданбай, оның өнерпаздық қадір-қасиетін көпшілік көзін 

жеткізерлік,  зиялы  өркениет  қауымның  көңілі  толарлық  жаңа 

сатыдағы  еңбектерге  қол  жеткізсек  абырой  болар  еді.  Тек 

бұрынғы сүрлемнен біржола ажырасып, ақынды өз топырағынан 

алыстатпай,  біресе  батысқа,  біресе  шығысқа  телімей,  жалпы 

өркениет  зерттеулермен  көріне  берсек  ұрпақ  парызын  ақтар 

едік.  Бұл  Абайтану  ғылымының  қазір  маңызы  зорайып,  мəні 

тереңдеп,  арнасы  кеңейіп  отырғанының  белгісі  деп  түсінелік, 

зиялы əріптестерім!



Абай. 1998. №1

260


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет