Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Ордабасы немесе олимпке көтерілу

Тойдың  да  тойы  бар.  Мамыр  айының  мəуелеген  ашық  бір 

күнінде оңтүстікке қарай арнайы “Алматы – Бадам” пойызымен 

тойшылар  ағылды.  Олардың  арасында  ақын-жазушылар,  өнер 

қайраткерлері,  депутаттар,  қоғам  қайраткерлері,  журналистер 


357

бар. Пойыз ұзына бойына көңілді бір күй сандықты елестеткендей: 

сыңғырлаған  күлкі,  сазды  əуен  құйқылжыған  көңіл  құсындай 

қалықтап,  Ордабасыға  жеткенше  бір  толастамады.  Жүректегі 

аңсау мен сағынышты күрсіністер со бір сəнді серуеннің тым-

тым  маңызды  екенін  баса  аңғартқандай.  Осыдан 270 жыл 

бұрын қазақтың үш жүзі бас қосып, қалмақ шапқыншылығынан 

кейін  айтулы  билерін  бетке  ұстап,  пəтуаласқан  күні  еді  бұл. 

Сол  ұлттық  намыстың  туын  көтерген  қасиетті  жер  Оңтүстік 

Қазақстанның биік шоқысы Ордабасы еді. Ұлы билері – Төле 

би, Қазыбек би, Əйтеке биі. 

Міне, сол Ордабасы тауында қазақтың үш жүзінің басы қайта 

қосылып əулие үш биін – Төле би, Қазыбек би, Əйтеке биді еске 

алу салтанатты күндері (27–29 мамыр 1993 ж.) етті. Қазақстан 

Республикасының  тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 

биік мінберде бір сағатқа жуық тебірене сөйлеп, сөздің майын 

тамыза тыңдаушы халқын таң-тамаша етті. 

Ордабасыда қазақтың бірлік туы желбіреді. Ұлы тойы етті. 

Осы тойдан қайтқан жұрт қайыра “Бадам–Алматы” пойызына 

отырып, əңгіме-дүкен қыздырды. 

Біз  де  бір  айтулы  азаматтың  пікіріне  құлақ  түрдік. 

Ол  Сəбетқазы  Ақатай,  белгілі  қоғам  қайраткері,  ғалым, 

Республикалық  мəдениет  қызметкерлерінің  мамандығын 

жетілдіру  институтының  ректоры, “Азат”  қозғалысының 

төрағасы. 

– Сəбетқазы, əсеріңізді бөлісе отырсаңыз?

– Бұл күнді біз көптен күткен едік. Бірақ Ордабасы көптен 

бері  ұмыт  қалған;  бұл  күннен  бастап  саяси  категорияға – 

ұғымға айналған, тарихи маңызы артқан киелі Ордабасы болды. 

Егер  Қазақстан  Республикасы  толыққанды  тəуелсіздікке  жете 

алмаған жағдайда да келер ұрпақ бізден осыны – қазақтың басы 

қосылған, көк туымыз киелі мекенде желбіреген қасиетті күнді 

күтер  еді.  Үш  бидің  көкейкесті  арманы  орындалды.  Осынау 

алақұйын кезеңде Президентіміздің Ордабасыны еске алуы да 

бекер емес. Назарбаев саяси көрегендігін, қайраткерлігін, ерен 

іскерлігін талай танытты. Ал ол кісінің əлсіз жері неде? Əлсіз 


358

жері – халқымыздың мүшкіл халінде. Таңдайынан тəуелсіздіктің 

дəмі  кеткен  бейқам  халықтың  тəуелсіздігін  баянды  етем  деп 

басын  қатырумен  келеді.  Ұлт  тəуелсіздігінің  күмбезіне  көк 

тудың  тігілуі – ұлы  бабалар – Төле  би,  Қаз  дауысты  Қазыбек 

би,  Əйтеке  би,  Бұхар  жырау,  Əз  Тəуке,  Абылайхандар  ірге 

тасын қалаған ұлағатты істің жалғасы. XVIІ ғасырдан ХХ ғасыр 

соңына  шейін  созылып,  енді  шешімін  тапқан  ұлы  мұраттың 

іргесін  бекіткені  деп  білеміз.  Орыс  пен  қазақтың  басын  қосу 

саяси қайраткердің қайсысының да қолынан келетін іс десек те, 

қазақтың өз басын біріктіру оңай шаруа емес екенін сезсе керек 

басшымыз. Қазақтың басқа ұлттардан бір қасиеті артық та, бір 

қасиеті  кем.  Артығы – əсіре  қонақжайлылығы.  Кемшілігі   – 

ағайынға  деген  кінəратшылдығы,  өкпе-наз  артып,  жел  сөзді 

көпіртуі. Ел жаққа бара қалсаң, ерулікке өкпелеп, бас, жамбас 

ұстатпады  деп  тонын  сыртқа  салып  айдың,  күннің  аманында 

дау-шар туғызып отырған ағайынды көресің. Міне, көрдіңіз бе, 

біз  өте  кінəмшіл  де  өкпешілміз.  Өзіне-өзі  өкпелеп,  дау  жоқта 

дау туғызып ел-ішіне іріткі салып жүрген халық кімге дос бола 

алады?


Міне,  байқасаңыз,  қазақтың  басын  қосамын  деген  əңгіме 

туу өткен ғасырлардан созылып келе жатқан, талайдың басын 

ауыртқан ауыр да азапты жұмыс. Осыны Нұрекең нартəуекелмен 

қолға  алды.  Бір  жағы  бұл  үлкен  ерлік  дер  едік.  Мамырдың 

аяғында  көк  байрақ  Ордабасыда  желбіреді.  Лайым,  баянды  іс 

болғай дейміз. 



– Сіз сөз басында тəуелсіздік, ұлттық тəуелсіздік туралы 

қозғадыңыз. Қазақ халқы тəуелсіздіктің мəнін түсінуге əлі əзір 

емес дегендей айттыңыз. Күмəнді, екіұшты пікір емес пе?

– Егер дүниежүзілік тəжірибеге сүйене қорытынды жасасақ, 

отар болған елдер тəуелсіздік алу ісін төменнен халық арасынан 

бастаған əуелі. Демек, əр қазақтың жеке басына саяси тəуелсіздік 

қажет  болған  жағдайда,  соны  жете  сезінген  жағдайда  ғана 

тəуелсіздік баянды болмақ. Сонда ғана туымыз тік шаншылмақ. 

Демек,  біз  тəуелсіздік  ісін  əр  қазақтың  жеке  басының  жеке 

мүддесі болғанын көріп, сезінген кезде ғана бастауымыз керек 

екен. Бірақ тарих өзінше шешті. Осы арада тағы қайталаймын, 


359

Назарбаевтың Ордабасыны – күні кеше-ақ қазақтар қой жайып, 

шаңын  аспанға  шығарып  жүрген  жерді  –  иісі  қазақтың  тəуеп 

етіп, бас иіп, мəмілелескен киелі жеріне айналдыруға бар күш-

қажырын салуы аса құптарлық іс. 

Қашанда  тарих  тамырын  тап  басатын  Президентіміздің 

бұл шарапатты ісі, расы, өз туған халқының мерейін тасытып, 

мейманасын асыртып, нар інгендей алпыс екі тамырын босатып 

идірген тұсындағы! Аса салтанатты жағдайда өтті емес пе: анау 

ақ шағала қатар-қатар тізілген үйлер, құрым халық, сəнді топ, 

ұлттық ойындар, əн-күйдің шалқуы қандай керемет!

Қазақстанда шың көп: Хан тəңірі, Мұз тау, Ұлы тауымыз тағы 

бар  дегендей.  Бірақ  Ордабасыдан  биік  тау  жоқ!  Ордабасыны 

шыңдардың Пайғамбарына айналдырып кеткен айналайын Төле 

би, Қазыбек би, Əйтеке би, Əз Тəуке, Абылай хан бабаларымыз 

еді. Енді үш ғасырды артқа салып қайта жаңғыртқан – Назарбаев! 

Ордабасының  төбесіне  көк  ту  шаншылды.  Мамырдың  майда 

желі қазақтың аспан түстес көгілдір жібек байрағын желбіретті. 

Мəңгілікке  қадалған  ту.  Міне,  осынау  сайран  көрініс  кімнің 

көзінен ыстық жасын домалатпады?! Əне, Нұрсұлтан маң-маң 

басып күн төбеге көтеріліп бара жатты. Осы сəт маған ол күллі 

Қазақ халқының Олимпіне (ежелгі антикалық дүниеде құдайлар 

бас  қосатын  ұшар  биікке)  көтеріліп  бара  жатқандай  сезілді. 

Жалғыз  өзі  шығып,  халқына  бұрылып,  жайраңдай  күліп,  екі 

қолын төбесіне көтеріп, “қалың елі – қайран жұртына” алақан 

жайды, бата тіледі. Ғажап! Өрелі қасиеттілік белгісі ғой бұл!



– Сəбетқазы, қоғамдық жұмыстарға байланысты шет елге 

жиі шығасыз. Бір ғана сəттік əсеріңізді бөліспес пе екенсіз!

–  Түркияға  барған  бір  сапарымда  түріктің  жас  ұландарын 

əскерге алып жатыр екен. Көше толы жастар, болашақ сарбаздар, 

қолдарында  жалауы.  Арақты  татып  алмайтын  халықтың  мас 

адамша  қуаныштан  сүйінгенін  бірінші  көруім.  Біздің  халық 

ішіп  алып  қуанбаса,  қуанбайды  ғой.  Жанымдағы  Сыдықхан 

Ұлышай  деген  тілмаш  азаматтан  бұл  жігіттердің  қайсысының 

əскерге  баратынын  сұрадым.  Сыдықхан: “Қолтығына  ақ  мата 

қысқандары  барады”, – деді.  Сөйтсем,  түріктер  ұландарын 

əскерге  жібергенде  жаназасын  оқып,  қолтығына  кебінін 



360

құшақтатып жібереді екен... Кейіннен түріктің белгілі ғалымы, 

“Түрк  дүниесі”  қорының  бастығы  профессор  Тұран  Язғанға 

осыны  айтып,  мəнісін  сұрадым.  Ол  айтты: “Біз  жаудың 

ортасында қалған халықпыз. Біз Отанымызды өстіп қорғамасақ, 

Түркияның күлі көкке ұшып кетер еді”. 

Ордабасына көк байрағымыз қадалды, енді қазақ ұлтына сол 

қасиетті екі нəрсені – көк туымыз бен Көк шыңымызды қорғай 

алатын, қастерлеп ұстайтын мінез, іс-əрекет, ақыл-ой керек. 

Əңгімелескен Ш. Құмарова

Парасат. 1993. №8

Қазақ мемлекеті тəуелсіздік алмай, 

қазақ халқы азат болмайды

Елімізде  кезінде  бой  алған  бет  қаратқысыз  шыңылтыр, 

шық  етпе,  сыңаржақ  саясат  пен  Коммунистік  партияның 

саяси  диктатурасының 70 жылда  мұз  болып  қатқан  тоңы 

қайта  құрудың  жылы  лебімен  қарс-қарс  айырылып,  телегей 

теңіз  – халық өмірінде сең жүріп өткендей. Бұл – жылы лепті 

халық  көптен  күткен  еді.  Бірақ,  коммунистік  диктатураның 

тоңын  толқынында  шайқалтатын  сеңнің  басы – Алматыда, 

желтоқсанда  басталарын  ешкім  де  білген  жоқ-ты.  Міне  содан 

бері  бес  жыл  етті.  Сол  жылы  туылған  бала  ендігі  атқа  мінуге 

жарағандай екен. Олай болса сол жылы желтоқсанның жүректі 

қарып  өткен  қаһарлы  ызғарынан  селк  етіп  оянып,  бойын 

жиып, бостандықтан бостандыққа, егемендікке, азаттыққа қол 

жеткізбей  тынбасқа  серт  етіскен  халқымыздың  саяси  ахуалы 

да  ат  жалын  тартып  мінуге  жарап  қалғандай.  Республикада 

өзіндік  көзқарастары  мен  саяси  бет  əлпеті  бар  ұйымдар  мен 

партиялар, қозғалыстар дүниеге келді. Солардың бірі ешкімге 

тізгінінен жетектетіп, шаужайынан қақтырмайтын, егемен елдің 

бүгіні мен ертеңі жөнінде сабырға салып, салмақты пікір айта 

білетін Қазақстанның “Азат” сияқты азаматтық қозғалысының 



, 1964 



 

 





  . 

 

 

 

.

 

, 1991 

.

 

 



, 1993 

.

 



 



 





 





, 2000 

.

 

 

 

 

 



.

361

құрылғанына бір жыл толып отыр. Оны əлі сəби десе де болады. 

Осы  сəби  алғаш  дүниеге  келгенде, “Жас  алаш”  газеті  оны 

халыққа таныстырып еді. Ендігі əңгіме “Азат” тəрізді халқының 

тілегі мен ел қамын ойлай туған сəби қозғалыстың саяси өмірдегі 

тəй-тəй қадамы мен қазіргі қоғамдық-саяси ахуалға көзқарасы 

туралы болмақ. Газет тілшісінің “Азат” партиясының төрағасы 

Сəбетқазы  Ақатаймен  сұхбаты  “Азат”  қандай  қозғалыс,  оның 

мақсат-мүддесі  мен  саяси  көзқарасы  қандай?”  деген  сауалға 

жауап іздейді. 



– “Азат”  алғаш  дүниеге  келгенде  республикадағы  мақсат-

мүдделері  жағынан  ұқсас  демократиялық  ұйымдар  мен 

партияларды,  қозғалыстарды  біріктіретін  азаматтық 

қозғалыс болатынын паш еткен еді. Қазір қозғалыстың қанаты 

қатайып, қатары өсті ме?

– “Азат”  бодандық  құрығына  ілініп,  бордай  тозып  бара 

жатқан  қазақ  ұлтының  мүддесін  қорғаймын,  əлеуметтік 

өмірінде  жанашыр  боламын,  саясатқа  көзін  ашамын, 

шырқыраған  шындықты  айтып,  шыңдаймын,  езілген  елімнің 

еңсесін көтеріп, егеменді ел болу үшін күресемін деп құрылды. 

“Азат” билікшілдікті де, бүлікшілдікті де мақсат етпейді, оның 

ең басты мақсаты – қазақ ұлтын оның егеменді республикасын 

дүние  жүзіндегі  дамыған  елдермен  терезесін  тең  ету.  Ондай 

деңгейге  қазақ  ұлты  ұлттық  мүддені  көздейтін  саяси  ұйым 

құрып  қана  жетуі  мүмкін.  Мінеки, “Азат”  сияқты  саяси 

қозғалыстың  дүниеге  келуінің  қажеттілігінің  өзі  де  осында. 

“Азат” азаматтық қозғалысы – қазақ халқының тəуелсіз, дара, 

жеке ұлттық мемлекетін құруды мақсат етеді. 

“Азат” азаматтық қозғалысы құрылғалы бергі бір жыл ішінде 

оның  саяси  бет-бейнесі,  көзқарасы  айқындалып,  қатары  өсіп, 

қанатын  кең  жая  бастады.  Қазір  Қазақстанның 16 облысында 

жəне  аудандарында,  Ресейдің  үш  облысында  “Азаттың” 

бөлімшелері  жұмыс  істейді.  Бүгінде  “Азаттың”  қатарында 

социал-демократтар, “Желтоқсан”, “Ақиқат”  сияқты 41 ұйым 

бар.  Біз  демократиялық  ұйымбыз.  Бізде  кешегі  Коммунистік 

партия  сияқты  бір  орталыққа  бағыну  жоқ. “Азаттың” 



362

қатарындағы 41 ұйымның  ортақ  ісі,  мақсаты   –  Қазақстанның 

толық  тəуелсіздігі  үшін  күрес.  Өйткені,  республиканың  қазір 

егеменді  болып  саналғанымен  тізгін-шылбыры  түгелдей 

өз  қолында  емес.  Мəселен,  қазіргі  қолға  алынбақ  болып 

отырған  жекешелендіру  (приватизация)  туралы  мəселеге  ғана 

тоқталайықшы. Республикамыздағы ірі өнеркəсіп орындары мен 

өндірістердің 93 проценті одақтық бағыныста. Былайша айтқанда 

ол  республика  меншігіндегі  нəрсе  емес.  Олардың  айтуына 

қарағанда бұл өнеркəсіптер мен өндірістерді жекешелендіруді 

Орталық өзі жүргізбек. Яғни мұндай ірі меншікті иеленетіндер 

де жергілікті халық емес. Басқаша айтқанда, бұрын Орталықтан 

басқарып,  айдап  өргізіп,  иіріп  жусатып  келсе,  енді  жеке 

билеушілердің 

қолына 

республиканың 



экономикалық 

базаларының  тізгінін  ұстатып,  жергілікті  халықты  бұйдалап, 

бодандап,  жетектетіп  қоймақ.  Мінеки,  нағыз  тəуелділіктің, 

қанау  мен  тонаудың  көкесі  сонда  болмақ.  Сондықтан  “Азат” 

азаматтық қозғалысы қашан Қазақстан толық тəуелсіздікке қол 

жеткізгенше күресін тоқтатпайды. Бұл орайда өз Отаны – Қазақ 

республикасының  ертеңін  ойлайтын  əр  азамат  осы  игі  мақсат 

үшін күресуге тиіс. Біз осы уақытқа дейін жəне қазір жүргізіліп 

отырған  коммунистік  саясатқа  түбегейлі  қарсымыз.  Лениннің 

ұлттар теңдігі мен тəуелсіздігін, қанау мен тонаудан азат етуді 

көздейтін  идеясы  дүниеге  келмей  жатып  жерленді.  Оның 

орнын  партиялық  диктатура  басты.  Басқаша  айтқанда,  Қазан 

төңкерісі  үкімет  билігін  қанаушылардан  күшпен,  қантөгіспен 

тартып  алып,  тонаушыларға  ұстатты.  Бұл  Қазақстан  сияқты 

бай  ресурсты  республиканың  бар  байлығын 70 жыл  бойы 

тасып  əкетіп,  жергілікті  халықтың  тұрмыс-тіршілігімен,  əл-

ауқатымен ісі де болмаған партократиялық Орталықтың ісінен 

анық байқалады. Оған қанқұйлы саяси науқандарды қосыңыз. 

1932–33 жылдарда аштан қырылған 3 миллион қазақтардың, 

1937 жылы жазықсыз жапа шеккен қазақ интеллигенциясының 

қаны солардың мойнында. Олар күні бүгінге дейін коммунистік 

идеологияның  идеялық  жағынан  ескіргенін,  дамымай 

артта  қалғанын,  ал  теорияларының  догмаға  айналғанын 


363

мойындағылары келмеді. Тіпті, адам күлерлік жай, олар халық 

қамын  жеп,  мұңын  мұңдайтын,  елдің  ертеңі  үшін  жанын 

салып  жүрген  “Азат”  сияқты  демократиялық  қозғалыстарды 

да  жау  көреді.  Егер  шынымен  олар  өздері  айтқандай  “езілген 

халықтың жоғын жоқтайтын партия” болса неліктен өздерімен 

мақсаттас ұйымдар мен партияларды тұншықтыруға тырысады. 

Мен  өзім  марксистпін,  маркстік  теория  барлық  əлеуметтік 

қайшылықтарды  революциялық  жолмен  шешуге  шақырады. 

Ал  революциялық  жол  дегенде  олардың  назары  мылтыққа 

ауады.  Басқаша  айтқанда,  үкімет  билігін  қару  күшімен  қолға 

алу  арқылы,  саяси  реформа  жасауға  болады  дегенді  айтады. 

Оған 1917 жылғы  Қазан  революциясы,  күні  кешегі  оңшыл 

əскери  төңкерісшілердің  əрекеті  нақты  мысал  бола  алады. 

Ал  қаруға  сүйенген  кез  келген  төңкеріс  қантөгіске,  аштық 

пен  апатқа  əкеп  соғатыны  белгілі.  Сондықтан  ҚСРО  сияқты 

ұлттық  республикалардан  тұратын  елде  ешқандай  мəселе 

қару  күшімен  немесе  Орталықтан  билік  айтып  өз  еркін  тану 

арқылы  шешілмеуге  тиіс.  Əрбір  ұлттық  республика  тəуелсіз 

мемлекет ретінде өзінің ішкі мəселесін демократиялық жолмен, 

конституциялық нормаларды негізге ала отырып шеше алатын 

деңгейде  болуы  қажет.  Ал  саяси  билікті  түгелдей  бір  қолға 

жинап алып, саяси диктатураға ұмтылу, басқа демократиялық 

ұйымдар  мен  партияларды  қудалау  немесе  олардың  пікірімен 

санаспау, праволық мемлекет құруға деген ұмтылысқа саналы 

түрде бөгет қоюмен бірдей. 



– Енді, міне, Коммунистік партия тарады. Оған не айтасыз?

–  Кеткені  шын  болғай,  қайтып  келмегей  деймін.  Бірақ 

қайдам?  Партиясының  аты  “Социалистік”  деген  екен,  тентек 

текенің  тағы  да  бір  мүйізі  болып  жүрмегей.  Коммунизм 

мен  социализмнің  айырмашылығын  жасағандар  білмесе,  біз 

білмедік.  Өз  басым – маневр  деп  ойлаймын.  Əйтеуір,  оларды 

өкімет билігіне жібермеу керек. 

–  Ресей  Президенті  Б.  Н.  Елциннің  департизация  туралы 

саясатын қалай бағалар едіңіз?

–  Ресей  Президентінің  департизация  туралы  саясаты 1917 

жылғы Қазан революциясынан кейінгі XX ғасырдағы ең ірі ұлы 


364

оқиға.  Ол  коммунистік  гегемонияны  күні  өткен  ұйым  ретінде 

таратуды  қан  төкпей,  бейбіт  түрде  жүзеге  асырып  отыр.  Бұл 

процестің біздің республикада да қолға алынғаны көптен күткен 

қуантарлық жай. 

– “Азат” М. С. Горбачевтің, Н. Назарбаевтың, Б. Ельциннің 

жүргізіп  отырған  саясатының  бүгіні  мен  ертеңінен  нені 

болжайды? Күні кешегі əскери төңкерістен кейін олар қандай 

тағылым алуға тиіс?

–  Біз  Горбачевтің,  Назарбаевтың,  Ельциннің  кез  келген 

саясатына халық мүддесі тұрғысынан қараймыз. Ел Президенті 

М. Горбачевтің жалпы қоғам өмірін демократияландыру, қару-

жарақты қысқарту мəселесіндегі көзқарасы кім-кімнен де болса 

да қолдау табады. Бірақ, оның əлі күнге дейін елді экономикалық 

тығырықтан шығарудың жолын таппай, нақты бағдарлама жасай 

алмай  отырғаны  Армения  мен  Əзірбайжанның  арасындағы 

күйкілжіңдерді шешуге, сөйтіп бауырлас халықтар арасындағы 

қантөгісті тоқтатуға, сондай-ақ, барлық республикаларға толық 

саяси экономикалық тəуелсіздік беру мəселесіне асықпауы оның 

басты қателіктері. М. Горбачев ұзақ уақыт бойы Коммунистік 

партияны  уысынан  шығарғысы  келмеді.  Ал  партия  болса, 

күні  кеше  əскери  төңкеріс  кезінде  оның  өзіне  бүкіл  КСРО 

халқына,  демократияға  сатқындық  жасады.  Ал,  Қазақ  КСР 

Президенті Н. Назарбаевтың позициясы мен жүргізіп отырған 

саяси-экономикалық  жұмыстары  республика  жұртшылығына 

жақсы  мəлім.  Сондықтан  “Азат”  Президентімізді  орынсыз 

сынап-мінеуден  гөрі  бірқатар  тілек  айтқанды  жөн  көрер  еді. 

Біріншіден,  тез  арада  Миграция  туралы  заң  қабылдануы  тиіс. 

Екіншіден,  қазақтың  ұлттық  армиясын  құру  мəселесін  жедел 

қолға  алған  жөн.  Өйтпеген  жағдайда  оның  егемендігіне  қауіп 

төнуі мүмкін. Оған күні кешегі əскери төңкеріс кезіндегі Ресей 

Президентінің  ахуалы  куə.  Шындап  келгенде  ондай  күн  туып 

жатса, Ресейдегідей əскерилердің Қазақстан Президенті жағына 

шыға қоюы екіталай дүние. Қайта, таптап, жаншып кетуі мүмкін. 

Кез-келген мемлекет экономикалық, саяси тəуелсіздігімен қатар 

сол тəуелсіздікті қорғайтын қуатты армиясы болмайынша, оның 

тағдыры пышақтың жүзінде тұрғанмен бірдей. 


365

– Қазір Одақтық Шартқа қол қоюды еліміздегі экономикалық 

тығырықтан  шығудың  ең  қажетті  жолы  деп  қарастырып 

отыр. Бірақ, əлі де болса толық саяси, экономикалық тəуелсіздік 

алмаған  республикалар  осы  Шартқа  қол  қою  арқылы  өзін 

Одаққа,  Орталыққа  қайта  матап  беріп,  бодандыққа  түсіп 

қалмай ма?

–  Біз  Одақтық  Шартқа  үмітпен  де,  күдікпен  де  қараймыз. 

Күдікпен қарайтынымыз – біз Қазақстанды субъектіге, тəуелсіз 

мемлекетке  айналдырып  алмай  жатып,  өзі  тəрізді  тəуелсіз 

мемлекеттермен  Одақтық  Шартқа  қол  қоюға  итермелеп 

отырғанымыз. Бұл дегеніңіз – кеше ғана тозығы жетіп, ыдырап 

кеткен  ескі  Одақты  қайта  жаңғырту  емес  пе?  Ал  үмітпен 

қарайтынымыз – тəуелсіздікке  жету  дегеніміз  бір  күндік  акт 

емес. Егер біз тағы да бірнеше жыл тəуелсіздік үшін күресеміз 

деп, экономикалық байланыстың тізгінін мүлде бос қойсақ, онда 

ел аштық апатына ұшырауы мүмкін. Сондықтан қол қойылғалы 

отырған  Одақтық  Шарттың  өзін  ұлт-азаттық  қозғалыстың  бір 

кезеңіне  айналдырып  жіберу  керек.  Сөйте  тұра,  толыққанды 

тəуелсіздікке не жетсін!!!



–  Соңғы  кездері  “Есіктен  кіріп,  төр  менікі”  деп,  шұрайлы 

жеріне көзін сатып, киеңкі мінез танытып жүрген келімсектер 

қазақ  халқының  ұлттық  намысына  аз  тиіп  жүрген  жоқ. 

“Жаман  үйдің  қонағы  биленді”  демекші,  олар  Қазақстанның 

ең  шұрайлы  жерлерінен  мекен  теуіп,  суын  ішіп,  нанын  жеп 

жүргенімен қоймай, жергілікті халықтың өзін сыртқа тепкісі, 

өздерінше  арам  пиғылдарын  алға  апаратын  саяси  ұйымдар 

мен  əскери  құрамалар  құрағысы  келеді.  Оларға  атсалысушы 

Орал казактары мен “Единство” сияқты ұйымға “Азаттың” 

көзқарасы қандай?

– Қазақ топырағын басып, ауасын жұтып жүрген қай ұлттың 

болмасын  өкілі  немесе  саяси  ұйымдары  өзі  нанын  тауып  жеп 

отырған  дастарханын  сыйламаса,  су  ішіп  отырған  құдыққа 

түкірсе, ол – қазаққа жау. Сондықтан халық даналығы “Іштен 

шыққан  жау  жаман”  дейді.  Біз  қазақтардың  кең  шеңбері  мен 

“Единствоның” қазіргі жүргізіп отырған саясатына қарсымыз. 

Бұлар  қас-күнемдік  пен  əдейі  халық  арасына  жік  салып, 



366

сепаратистік,  шовинистік  көзқарастарын  ашықтан-ашық 

уағыздайды. 

Яғни,  мұндай  бір  халықтан  екінші  халықты  жоғары 

қоюшылық,  əдейі  ұлттық  намысқа  тию,  өктемшілік  жасап, 

өзге ұлтты кем санап басыну – нағыз жаудың ісі. Бұл күндері 

казактар  өздерінше  əскери  топ  құрап,  атаман  сайлап,  ұлттық 

киіміміз  еді  деп  қару  асынып,  ол  аз  болғандай  жерімізге  көз 

аларта бастады. Егер ескі салтты тірілтер болсақ, нағыз əскери 

халық  қазақ  емес  пе  еді.  Осынша  кең-байтақ  жерді  шығысы 

Қытай, батысы Ресей сияқты ұлы державалар тұрғанда қарудың 

күшімен  қорғап  тұру  тек  нағыз  жауынгер  халықтың  қолынан 

келсе  керек.  О  заманда  атжалын  тартып  мінген  қазақтың  ұл-

қызын  бесіктен  белі  шықпай  жатып  бес  қаруын  беліне  асып, 

жауынгерлікке  баулымайтын  ба  еді.  Олай  болса  біз  де  сардар 

сайлап, сарбаз құрайық, бес қаруымызды асынып жүрейік. Несі 

бар, ол да біздің ұлттық киіміміз ғой. Мінеки, шындап келсек 

қазақ та ондай “ұлттық киімнен” құралақан емес екен. Бірақ əр 

нəрсе өз заманында, өз уақытында емес пе? Оның үстіне қазақ 

ұлт  емес.  Ол  кезінде  зорлық-зомбылықты,  қарақшылықты 

қарекет  еткен,  барлық  мəселені  қылыштың  жүзімен  шешетін 

қанішерлікті мансұқ еткен жартылай əскери құрылым. Мұндай 

əскери құрылымды бұрын əр елде ішкі көтерілісті, бүлікті басып, 

жаншып  отыру  үшін  көршілес  елдерді  шауып,  қырғын-сүргін 

салуға,  бір  сөзбен  айтқанда,  қолшоқпар  ретінде  пайдаланып 

келген.  Казактар – жапон  императорының – баскесер-

комикадзелері,  мысыр  патшалығының – мамлюктері,  түрік 

патшаларының – янычарлары, тағысын-тағы толып жатқан осы 

сияқты əскери құрама қарақшы топ қана. Кейде казактар туралы 

батыра айтқан сын-пікірлерге орыстар да шыр-пыр болып ара 

түседі, олардың бұл келеңсіз қарекетін ақтағылары келеді. Бұл 

өткенді, тарихты білмеу, тіпті орыс халқының өз намысын өзі 

таптауы. Өйткені, кезінде осы казактар орыстың өзіне бүйідей 

тиіп, берекесін алған баскесерлер емес пе еді. Мұндай, кезінде 

патшалық билеушіліктің қолшоқпары болған шынайы ұлттық, 

отандық  сезімнен  ада  топты  ақтау – ол  тарих  алдында  күнə. 



367

Өйткені, кезінде бұл кембағал топты дүниеге əкелген, өз қолын 

қандамай,  осылардың  қолымен  от  көсеген  патшаның  өзі  де, 

қоғам да жоқ. Яғни, тарих дөңгелегі қайта, кері дөңгелемейтіні 

тəрізді,  кешегі  қарақшылардан  бүгін  ұлт  құрап,  саяси  тұлға 

жасаудың өзі адам күлерлік нəрсе. Демек, қазіргі казактардың 

“үлкен”, “кіші” шеңбері біздің тəуелсіздігімізге қарсы қойылып 

отырған тарихи өлексе. Олай болса оларды маңдайынан сипап, 

айтақтап,  қолдап  отырған  Рыжков,  Макашев,  Жириновский 

сияқтылардікі  саяси  көрсоқырлық.  Ал  “Единствоға”  келетін 

болсақ, бұл ұйымның ақылгөй көсемсымақтары қазақ халқының 

қайта  түлеуінен  қорқады.  Егерде, – дейді  олар,  қазақ  халқы 

қайта түлесе, тəуелсіз мемлекетке айналса, Қазақстандағы орыс 

тілдес ағайындар “екінші сортты” болып қалады-мыс. Япыр-ау, 

қазақ халқын Ресей 300 жыл билеп, тұқыртып келгенде өзінің 

қаншасыншы сорт екенін де білмей мəңгүрттеніп кете жаздаған 

қазақтың жаны неткен сірі еді. Осыны ойладыңыздар ма, орыс 

тілді ағайындар? Біз, қазақ халқы тəуелсіздігіміз үшін енді-енді 

күресіп  жатырмыз.  Бірақ  біз  еш  ұлтты  екінші  сортты  болады 

дегіміз  келмейді.  Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлт  тең.  Бірақ, 

кез-келген өркениетті ұлт өз босағасын өзгеге билетпеуге тиіс, 

билетпейді  де.  Біреулер  Қазақстанда 91 ұлт  өкілдері  тұрады 

дейді. Жоқ. Ол қате пікір. Дұрысы Қазақстанда бір ұлт – қазақ 

ұлты  жəне 90 ұлт  өкілдері  тұрады.  Иə,  олар  ұлт  емес,  ұлт 

өкілдері,  тұрғындар  ғана.  Қазақстанда  тұратын  дара  ұлт – ол 

қазақтар. Ол Қазақстанда, ел, жер, су, барлық табиғи байлықтың 

қожасы.  Демек,  басқа 90-ға  қарағанда  қазақ  ұлтының  несібесі 

бөлек.  Бұл  басқа  ұлтты  кемсіту,  тең  көрмеу  емес.  Бұлтартпас 

шындық.  Себебі,  басқа  кез-келген  ұлттың  өзінің  этникалық 

отаны  бар.  Ертең  ел  басына  күн  туса  орыс  Ресейіне,  түрік 

Түркиясына, неміс – Германиясына, корей – Кореясына көшіп 

кетеді. Ал қазаққа басқа Отан жоқ, ол өз Отанында ғана дербес 

ұлт.  Демек,  Қазақ  мемлекеті – қазақ  ұлтының  егемендігінің 

көрінісі.  Мінеки,  осы  шындықты  өз  Отанында  өзін  құл  етіп, 

көп  ұлттың  үстінен  қарап  келген  орыстың  шовинизмі  бойына 

мықтап  сіңген  единстволықтар  түсінгісі  келмейді.  Қалай 



368

болғанда  да  Қазақстанда  тұратын  кез-келген  ұйым,  партия, 

қозғалыс ол қандай өктем, өршіл болмасын сабасына түсіретін, 

тоқайласатын жер бар. Ол – Қазақ КСР Конституциясы. 



– “Азат”  кеше  азаматтық  қозғалыс  еді,  енді  міне 

республикалық  партияға  айналып  отыр. 70 жылдан  бері  бар 

билікті қос, қолдап ұстап келген коммунистік диктатураның, 

коммунистік  идеологияның  шаңырағы  шайқалып,  демокра-

тиялық  күштер  өрге  басуда.  Егер  болашақта  халық  сенім 

білдіріп, “Азат”  партиясы  үкімет  билігін  қолына  алса, 

жұмысты неден бастаған болар еді?

–  Ол  рас, “Азат”  азаматтық  қозғалысының  жанынан 

республикалық саяси “Азат” партиясы құрылып отыр. Жақында, 

4  қыркүйек  күні  “Азат”  партиясының  құрылтай  съезі  өтті. 

Съезде сол жаңа партия құрылып, оның жарғысы, бағдарламасы 

бекітілді.  Партия  қазақтың  ұлттық  тəуелсіз  мемлекетін  құру 

үшін  күреседі.  Алайда,  біздің  көксегеніміз  билік  емес,  біздің 

көксегеніміз  азат  ел  болу,  тəуелсіз  қазақ  ұлтының  ұлттық 

мемлекетінің болашағы. Оған жету үшін ел басында өз халқына 

шын жаны ашитын азамат отыруға тиіс. Қазіргі Президентіміз 

Н. Назарбаев осындай азамат. Бірақ, бар мəселе бір адамның – 

Президенттің ғана қолында емес қой. Қазіргі республика, облыс, 

қала, аудан басшылары ішінде өз басының қамынан аспайтын, 

билік пен байлықтан басқаны ойламайтын тоғышарлар аз емес. 

Оның  үстіне  ертең  Президентті  қайта  сайлау  болғанда  үкімет 

билігіне  Нұрсұлтандай  азамат  келе  ме,  əлде  Колбин  тəрізді 

сұм  келе  ме,  белгісіз  ғой.  Сондықтан  “Азат”  партия  ретінде 

нығая отырып, саяси билікке, парламентке, облыстық Советке, 

жергілікті  Советке  сайлануға  халық  мүддесін  қорғау  үшін 

таласады. Оның үстіне қазақ ұлтын сырттан келген келімсектер 

емес,  өзін-өзі  билеу  керек.  Ол  үшін  “Азат”  сияқты  ұлтжанды 

партия парламентке енуге тиіс. 

Ал  енді  егер  “Азат”  үкімет  билігіне  келетін  болса  неден 

бастар  еді  деген  сұрағыңызға  келейік.  Егер  “Азат”  үкімет 

билігіне келер болса:

–  Ең  алдымен  қабылдайтын  заңы  Азаматтық  туралы  заң 

болар еді. 


369

– Жергілікті ұлттық əскер құрар еді. 

– Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қорғау комитеті құры-

лар еді. 

– Миграция туралы Заңды жедел түрде қабылдар еді. 

– Қазақ ұлт өкілдерінің қолынан келетін жұмыс орындарын 

көбірек  ашып,  керісінше,  тиімсіз  жұмыс  орындарын 

қысқартар еді. 

– Қазақ республикасына тиімсіз шарттарға қарсы тұрар еді. 

– Экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарға жеңілдік берерлік 

босқындар туралы Заң қабылдар еді. Экологиялық босқындарға 

Қазақстанның  кез-келген  қалалары  мен  ауылдарында  тұруға 

мүмкіндік  əперер  еді.  Республика  жерінің  барлық  ресурстары 

мен  байлығының  қожасы  қазақ  халқы  деп  жариялар  еді.  Бар 

мүмкіндікті қазақ халқын көбейтуге, ауру-сырқаудан құтқаруға 

жұмсар еді. 

– Бірінші кезекте шопандарға жағдай жасауға жəне олардың 

балаларын оқыту мəселесін қолға алар еді. 

– Алматыны жəне басқа да республикалардың ірі қалаларын, 

білім беру, оқыту, өнер саласын ұлттандыруға күш салар еді. 

–  Қазақстандағы  Совет  Армиясының  əскери  базасын, 

полигондарды, соғыс қаруларын өндіретін өндіріс орындарын, 

əскери адамдарын Қазақстанның меншігіне айналдырар еді. 

–  Қазақ  жерінің  мөлшерсіз  жыртылған  алқабын  тарылта 

түсіп,  мал  жайылымын  кеңейте  түсер  еді.  Дəстүрлі  мал 

шаруашылығын қалпына келтірер еді. 

–  Қазақстан  жер  байлығын  талан-таражға,  салуға  тыйым 

салар еді. 

–  Ұлтаралық  дүрдараздықты  жойып,  Қазақстанды  ұлттар 

достығы аймағына айналдыруға бүкіл ақыл-ойын жұмсар еді. 

– Барлық елдермен терезесі тең қатынас орнатып жəне ондай 

мемлекеттермен  жүргізілетін  дипломатиялық  құжаттарды  ана 

тілінде – қазақ тілінде жүргізер еді. 

–  Қазақстаннан  тыс  тұратын  ағайын-бауырларымызды 

өгейсітпей, шет жердегі қазақтар үшін есікті айқара ашар еді. 

Иə,  бұның  бəрі  қазақ  халқының  мүддесі  үшін  кезек 

күттірмейтін  басты  мəселелер.  Сондықтан  да  “Азат”  күні 


370

ертең өкімет билігіне келгелі жатпағандықтан осы мəселелерді 

республика Президенті, Қазақ ССР Жоғарғы Советі ескерер деп 

айтып отырмын. 



– Болашақ Қазақстанды қандай ел ретінде көргіңіз келеді?

–  Қазақ  ең  алдымен  саяси  азаттық  алуға  тиіс.  Ол  дегеніңіз 

Қазақстан Англия, Франция, Америка сияқты тəуелсіз, дербес 

мемлекет  болып  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  мүше  болуға 

тиіс.  Яғни,  ол  ешқандай  Орталық,  одақтық  əкімшілікке  де, 

коммунистік  идеологияға  да  бағынбайтын,  қол-аяғы  бос, 

тəуелсіз, дербес, азат мемлекет болуы керек. 

Екінші,  экономикалық  жағынан  азат  болуға  тиіс.  Ол  үшін 

бү кіл  экономикадағы  одақтық  бағыныстағы  барлық  өндіріс 

орындарын, ведомстволарды республика меншігіне алу қажет. 

Республиканың жеке ақшасы болуы шарт. Жəне Қазақстандағы 

барлық  іс  қағаздары,  білім  беру,  оқыту,  ауыз  екі  сөйлесу 

тек  қана  республиканың  мемлекеттік  тілінде – қазақ  тілінде 

жүргізілуі тиіс. 

Ең  бастысы 300 жыл  бойы  еңсені  басып  келген  құлдық 

психологияны  жеңіп,  өзіміздің  азат  екенімізге  сенімді 

қалыптастыру  аса  қажет  іс.  Сондай-ақ,  болашақ  Қазақстан 

демократиялық,  праволық  негізіндегі,  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының  мүшесі,  бірақ  ешқандай  əскери  блоктарға 

қосылмайтын Орта Азияның қуатты мемлекеті болуға тиіс. 

Қазақ  мемлекеті  тəуелсіздікке,  қазақ  халқы  азаттыққа  қол 

жеткізбесе XX ғасырдан XXI ғасырға дүдəмал болып еніп, ол 

ғасырдан дүбəра болып шығуы мүмкін. Тіпті, шықпай қалуы да 

ғажап емес. 



Əділбек Қабаев

Жас алаш. 25 қыркүйек 1991 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет