Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет2/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Сəбетқазы Ақатай

Көне қазақ тайпаларының 

тарихы мен мəдениеті

НАЙМАН ХАНДЫҒЫ

Алматы, 2002



Қазақтың мəдениет жəне өнертану ғылыми-зерттеу 

институты ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды.

“Көне қазақ тайпаларының тарихы мен мəдениеті” сериясы

Пікір жазғандар:



С. Қасқабасов, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі

Е. Уəлиханов, тарих ғылымдарының кандидаты

Ақатай С.Н.

 

Найман хандығы: – Монография.



Ғалым С. Ақатайдың жазба тарихи материалдар желісінде құрылған 

кітабында  Қазақстанның  азаттығы  мен  топырағы  үшін  орта  ғасырлық 

дəуірлерде  қан  төккен  ертедегі  ардагер  батырлар  мен  мемлекет 

қайраткерлерінің беймəлім болып келген аттары аталады.

Шығарма  сол  кездің  жырауы  Құба-тегіннің  толғауын  алға  тарта 

оты рып, ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы қаһармандығын, жан 

күйзелісін паш етеді.

Кітап Отан тарихы кəусарынан сусындап, болашаққа тағлым етемін 

деген ұлтсүйгіш қалың оқырман қауымға арналған.


25

Алғы сөз

Көшпелі  халықтардың  құрамы  əр  текті  екені  мəлім.  Бұл 

қазақтан  басқа  да  Еуразия  көшпелілеріне  ортақ  сипат.  Қазақ 

құрамындағы  сондай  ірі  этникалық  топтардың  бірі  найман 

тайпасы.  

Наймандар  Еуразияның  басқа  халықтарының  арасында  да 

молдап  кездеседі.  Дегенмен,  қазақ  халқының  үлкен  бөлігін 

құрайтын осы найман тобы тиісті дəрежеде зерттеушілердің на-

зарына ілікпей отыр. Оның ертедегі мəдени, тарихи жəне тілдік 

ерекшеліктері əлі құпия. Этнографиялық-шежірелік сипаттары 

кейбір көпшілікке арналған басылымдарда жарық көру үстінде. 

Алайда, ғылыми негізге сүйенген тұшымды зерттеулер жоқ десе 

де болғандай. 

Сондықтан С. Ақатайдың жазба тарихи деректерді арқау ет-

кен  наймандар  туралы  мына  кітабы  қазақ  этнологиясы  үшін 

құнды еңбек болмақ. 



Сейіт Қасқабасов,

филология ғылымдарының докторы, 

профессор

 


26

Найман Ұлысы 

Н

айман ұлысы – ХІ–ХІІІ ғасыр аралығында Қазақстанның 



шығысында  дербес  мемлекет  құрып,  Орта  Азияның 

таулы   аймақтарын  мекендеген  орта  ғасырлық  Қазақстанның 

феодалдық  саяси-этникалық  конфедерациялық  бірлестігі. 

Қоңсылас елдерде болып жатқан оқиғалардың бəрін мұқият хатқа 

түсіріп  отыратын  Қытай  сарайындағы  тарихи-географиялық 

дəстүр  шекаралас  жатқан  найман  ұлысының  тарихи  тағдыры 

жайлы ауыз толтырарлық мəлімет қалдырмаған. Бірақ ұлыстың 

тарихы  мен  саяси-əлеуметтік  нығаю  кезеңін  хронологиялық 

дəлдікпен есептеп шығаруға болмағанмен, жазбаша деректердің 

тапшылығы ХІІ–ХІІІ ғасырларда өмір сүрген бұл тайпалық топ-

тарды сол аймақтың байырғы тұрғындары емес деуге негіз бола 

алмайды. 

Найман  ұлысының  нығаюы – уақыт  жағынан  ұзаққа 

созылған процесс екені анық, ал ол біз зерттеуге алған мезгілдің 

қарсаңында негізінен аяқталып болған. 

Найман мемлекеті – ХІІ–ХІІІ ғасырлардағы монғол шапқын-

шылығы  ауыртпалығын  арқалағандардың  бірі.  Наймандардың 

монғол əскерімен ер жүректікпен күресуі Азияның батысы мен 

оңтүстігіне қараған Шыңғыс ханның бетін біраз уақытқа тоқтата 

тұруына себеп болды. Наймандармен кескілескен ұрыстан кейін 

оңайға  түспеген  жеңістен  соң  монғолдардың  қайтадан  күш 


27

жинауына  тура  келді.  Найманды  жеңуге,  олармен  арпалысқа 

көп  уақытын  кетірген  монғолдар  төніп  тұрған  көпе-көрінеу 

қауіпке  қарамай,  алғаш  рет  əскерлерін  таратып,  қайта  құрды. 

Наймандар  сан  жағынан  басым,  жақсы  ұйымдастырылып, 

күші  біріктірілген  монғол  əскеріне  төтеп  бере  алмады.  Ал, 

монғолдар бұдан соң көпке дейін жеңіліс дегенді білмеді. Най-

ман  ұлысының  əскери  қайраткерлері  монғол  қолбасыларының 

арандатушылық  əрекеттерін  басып  тастауға  тырысты.  Бұйрық 

хан  монғолдарға  қарсы  бірнеше  рет  одақ  ұйымдастырды. 

Монғол  шапқыншылығының  болмай  қоймайтындығын  сезген 

Таян хан əскери билікті өз қолына алып, монғолдарға қарсы де-

реу соғыс ашты. Бірақ алғашында Шыңғыс ханның наймандар-

мен соғысу ойында жоқ еді. Таян хан ұрыстан кейін қаза тапты. 

Найман  жауынгерлері  қайсарлықпен  қорғанды.  Шыңғыс  хан 

бұдан  “дəл  осындай  нөкерлері  бар  адамның  арманы  бар  ма?” 

деп мойындады. 

Қатты  жеңілістен  кейін  Таян  ханның  ұлы  Күшлік  (қазақша 

күшті деген ұғымды береді) Жетісу жеріне келіп, өз айналасына 

бір кезде құлап қалған қара қытай империясы сияқты құдіретті 

монғолдарға қарсы одақ құрды. Күшліктің түпкі мақсаты – най-

мандарды  саяси-əлеуметтік  жағынан  қайта  күшейту  еді.  Бірақ 

Күшліктің  төңірегіндегі  қарсыласатын  күштер  мен  бірігудің 

айтарлықтай маңызы болмады. Найман тағының жас мұрагері 

бүкіл өмірін 15 жылға созылған басқыншыларға қарсы күреске 

арнады. Монғол əскери ордасы мен Шыңғыс хан наймандардың 

аса қауіпті жау екенін сезіп қана қоймай, батысқа қарай жорық 

жасағанша, Күшлікке қарсы шара қолдану керектігін білді. 

Біздің  жəне  монғол  ғалымдарының  зерттеулеріне  сүйенсек, 

дүние жүзі халықтарының монғол-татар басқыншыларына қарсы 

күресі  ұлы  прогрестің  басы  болып  табылады.  Бірақ  бүгіндері 

Қытай  идеологиясында  Шыңғыс  ханның  атына  мақтау  сөздер 

көп  айтылады.  Қытай  баспасында  монғол  қолбасыларының 

Орта Азия мен Шығыс Европаға жасаған ойраншыл да қанды 

жорықтары  “прогресшіл”  деп  бағаланады.  Бұл  бағыт  əсіресе 

60-жылдардың  басында  Шыңғыс  ханның 800 жылдық  мерей-

тойына орай күш алды. Қытайдың партия жəне ғылыми-тарихи 


28

органдары Шыңғыс ханның жеке басын дəріптеуде қызыл сөзді 

аямады.  Бұл  идеологиялық  психоздың  сарқыншағы  əлі  күнге 

дейін қалған жоқ. Мектеп карталарында “Қытайдың ең құдіретті 

кезеңіне”  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  жəне  монғолдарға 

ешқашан  да  кіріптар  болмаған  мемлекеттердің  кіріп  кетуі  де 

көздейсоқтық емес. 

Шыңғыс  хан  төңірегіндегі  бұл  академиялық  “ойынның” 

көздеген саяси мақсаты айқын еді. “Тарихи негіздерге сүйенген” 

маоистердің Орта Азия мен Қазақстанның жəне Монғол Халық 

Республикасының  территориясына  жанасу  əрекетінен  туған 

пиғыл болатын. Бұған қытай басшыларының кінəсінен тұйыққа 

тірелген  кеңес-қытай  келіссөздері  дəлел. “Маоистер  қолдан 

жасалған  “территория”  проблемасын  сақтап  қалуға  барын-

ша күш салады” (“Известия”, 25. 04. 74) жəне олар тіпті өмірі 

Қытай  империясының  құрамына  кірмеген  халықтардың  та-

рихын  бұрмалаудан  да  тайынбайды.  Сондықтан  да  ХІІ–ХІІІ 

ғасырларда Қазақстанның шығысы мен Батыс Монғолияда бо-

лып өткен тарихи процестердің шын бет пердесін ашып көрсету 

бізге үлкен міндет артады. Бұл өлке – қазіргі кездегі мақтаныш 

тұтатын  жəне  ұлы  хан  амбициясына  жауап  беретін  жатжерлік 

қанаушылардың  қанқұйлы  əрекетіне  қарсы  бірінші  болып  бас 

көтерген, əлемнің көптеген халықтардың тарихында өзінің та-

маша  ізін  қалдырған  наймандар  мекендеген  өңір  еді.  Кейін 

наймандардың алтай, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек сияқты 

түрік тілдес халықтардың құрамына кіргенін білеміз. 

Күні  бүгінге  дейін  созылып  келе  жатқан  айтыс-тартысқа 

сүйене  отырып,  наймандарды XIII ғасырдың  орта  шенінде 

Зайсан   қазан  шұңқыры  мен  Орхон  өзенінің  аралығында  пай-

да болып, түрікше “сегіз оғыз”, ал кейіннен тибетше “цзу-бу” 

жəне  монғолша  “найман”  деген  атпен  белгілі  болған  түрік

1

 



тілдес этносаяси бірігу деген тоқтамға келдік. Дегенмен, бүгінгі 

күннің этникалық жəне тілдік конституциясын анықтауда үміт 

1

  Біз  зерттеуімізде  “түркі”  жəне  “түрік”  деген  ұғымдарды  “тюрок” 



жəне “turk” деген  мағынада  қолданамыз.  Мұнда  тек  этникалық  жəне 

линвгистикалық мəннен басқа ешқандай саяси астар жоқ.



29

етерліктей мəліметтердің аздығына байланысты наймандар жай-

лы  даулы  мəселенің  басы  ашылмай  тұр.  Сол  себепті  алғашқы 

зерттеушілер (И. Я. Шмидт, В. П. Васильев, Ш. Ш. Уəлиханов, 

д'Оссон,  А.  М.  Позднеев,  В.  В.  Бартольд,  т.  б.)  мəліметтердің 

сенімсіздігін  алға  тарта  отырып,  наймандар  монғол  тек-

тес  халық  деген  шешімге  келді.  Жоғарыдағы  зерттеушілердің 

бұл  ойша  атүсті  жасаған  пайымына  қарамастан,  академик 

Б. Я. Владимирцовтың  басшылығымен  жүргізген  жұмысының 

нəтижесінде монғолдың əдеби тілі мен жазу қайнар көздерінің 

аса  маңызды  мəселелерін  шешуде  əлгі  теорияның  пəлендей 

дерлік маңызы қалмады. Б. Я. Владимирцов осылайша, найман-

дар мен керейлердің монғол тектес еместігін дəлелдей отырып, 

монғолдар өздерінің əдеби тілі мен жазуын наймандардан алған 

деп  тұжырымдаса,  Н.  Поппе  болса – керейлерден  алған  деген 

тоқтамға  келеді.  Монғолтілдестік  теориясы  шығыстанушылар 

арасында  (Н.  И.  Конрад,  А.  Ю.  Якубовский,  И.  П.  Петрушев-

ский, И. П. Магидович, Н. П. Шастина, Г. Д. Санжеев, Е. Хан-

ша, т. б.) 60-жылдарға дейін кең етек алды. Кейбір тарихшылар 

(Л. Н. Гумилев, Кычанов, т. б.) мұны əлі күнге дейін басшылыққа 

алып отыр. Біз бұл еңбекте наймандарды монғол тектес халыққа 

жатқызған  бүкіл  гипотеза  мен  теорияларға  талдау  жасауды 

мақсат етіп отырған жоқпыз. Дегенмен, кейбіреулеріне ішінара 

тоқталып өтеміз. 

Наймандар туралы зерттеулерде олардың шығу тегіне жөнді 

көңіл  бөлінбеді.  Монғолдардың  батысқа  қарай  жылжуына 

кедергі болған наймандарды Шыңғыс ханның жеңуі – Найман 

мемлекетінің саяси маңызының өміршең еместігінің көрсеткіші 

іспеттес. Наймандар туралы əңгіме қозғалса, монғол əдеби тілі 

мен жазуының шығу тегі сияқты мəселелері сөз болады. Сонда 

да аталмыш тақырып өз дəрежесінде зерттелмей, бір бұрышта 

қалып қойғандай күй кешті. 

Мұншама  ақылға  сыйымсыз  ғылыми  болжамдар  мен 

тұжырымдарға қарамастан, наймандар жайлы барлық мəліметті 

жинақтай келе, олардың шығу тегі түріктік екені анықталды. 

Егер де д'Оссон сияқты Орта Азия халықтарын географиялық 

принциппен жіктеп, Енисей мен Жоғарғы Ертіс бойындағы түрік 


30

жəне  монғол  тайпаларын  дихотомды  əдіспен  бөліп  қарайтын 

болсақ,  онда  Вольфрам  Эберхард  айтқандай,  наймандардың 

түрік  тілдес  халыққа  жататыны  жайлы  тағы  талас  туады. 

Кезінде  Н.  А.  Аристов  ортаазиялық  ономастиканың  мысал-

дарына  сүйене  отырып,  наймандардың  түрік  тілдес  екенін 

дəлелдеп  сөйлеген  болатын.  Алайда,  оның  қарсыласы  акаде-

мик  В.  Бартольд  Н. Аристовтың  бетін  қайтарып  тастады.  Бұл 

жерде  В.  Бартольд  те  ономастиканың  негіздеріне  сүйене  оты-

рып, қарсы пікір айтты. “Наймандар” – монғол, – деп жазады ол 

Аристовпен айтысқа түскенде, – себебі, олардың атауларының 

өзі  монғолша,   –  деп  наймандардың  монғол  тектес  екенін 

мойындатқысы келеді. 

Профессор С. Аманжолов Н. Аристовтың əдісін басшылыққа 

ала  отырып, “найман”  деген  сөздің  түбірі  түрікше  “нажы”, 

“найц” – дос,  оған  “ман”, “мен”  жалғауы  жалғанған  сөзден 

шыққан  дегенді  айтады. “Түркмен”  атауының  да  шығуы  осы 

тектес  дейді.  Қазақ  наймандарының  генеалогиялық  негіздері 

мен қытай анналдарының мəліметтеріне сын көзбен қарамауы, – 

ғалым еңбегінің ең осал жері болып табылады. 

Л. Н. Гумилев “найман” деген терминді көршілерінің этно-

ним  орнына  қолданған  аты  деп  түсіндіреді. XII ғасырда  пай-

да болған, өте үлкен, күшті, мəдениетті найман халқы туралы 

таза  логикалық  мəліметтерге  сүйене  отырып,  мынадай  шолақ 

тұжырым  жасайды: “...демек,  наймандардың  ата-бабалары 

басқа  бір  этнос  мүшелері  болған,  тіпті  жай  ғана  “қидандар” 

болған  деп  ашық  тұжырым  жасауға  болады” – дейді.  Мұның 

шалағай қорытынды екені көрініп тұр. 

Автор наймандардың тілдік ерекшеліктері туралы былай деп 

сөз қозғайды: “Қидандар” – сегіз тайпалы халық, ал “найман” 

сөзі – монғолша  “сегіз”  деген  сөз.  Найман  тілінен  тек  жалқы 

есімдер  мен  “мəдениетті  сөздер”  ғана  қалған.  Оның  есесіне, 

біз наймандардың керейлермен жəне монғолдармен ұрысында 

олардың  өздері  туралы  қандай  пікірде  екенін  біліп,  бірін-бірі 

түсініскенін білеміз”. 

Бұл  пікір  арқылы  аса  білгір  саналып  жүрген  ғалымымыз 

Л. Н. Гумилевтің жалпы бағыт-бағдарының тұрақсыздығы бет-


31

ке ұрады. Ол керей, монғол, наймандардың соғыс кезінде бірін-

бірі түсінісуі наймандардың монғол тілдес екенін дəлелдейтін 

бұлтартпас айғақ санайды. Бұл – монғолдардың тіл туралы бол-

жамдарынан туған пікір. Керейлердің тілдік реңкі əлі де даулы 

күйде қалып тұр. Ал оның түрік тілдес екені барынша түсінікті. 

Сондықтан да бұл жағдай мұндай күрделі де сан салалы пробле-

маларды шешудің алғышарты бола алмайды. 

Оқымысты өз зерттеулерінде басқа да мүмкіндіктерді есеп-

ке  алмастан,  монғолдар  тарихи  көршілері  наймандармен  най-

манша,  яғни  түрікше  түсініскенін  айтады.  Л.  Н.  Гумилев 

Рашид-ад-диннен “наймандардың əдет-ғұрпы мен дəстүр-салты 

монғолдардікіне ұқсас болған” деп үзінді келтіреді. Бірақ мұнда 

олардың тілдік ерекшелігі емес, біркелкі экономикалық базисі – 

көшпелі мал шаруашылығы жайлы айтылады. 

Л. Н. Гумилев найман ономастикасы мен лауазым атаулары-

ның  түрікше  ерекшелігіне  атүсті  түсінік  береді. “Наймандар 

түрік  лауазымдарын  пайдалана  отырып,  монғол  тілін  сақтап 

қалды”. 

“Əдеттегідей,  түрікше  сөздердің  сол  тілдегі  лауазым  атау-

ларына  айналғаны  сияқты,  деректерде  де  монғолдың  лауа-

зым  атау лары  монғолша  антрононимдерге  сəйкес  келеді. “Ал-

тын топшы” мен Рашид-ад-дин этникалық лауазым атауларын 

барынша  сақтауға  тырысады,  кей  жағдайда  наймандар  мен 

монғолдардың  оңтүстік-батысындағы  көршілеріне  қатысты 

ортаазиялық  жəне  парсы-араб  тілдеріндегі  лауазым  атаула-

ры да сақталып қалған. Бұл жағдайдың лақап аттарға да шын 

қатысы бар. Бірақ наймандар монғол тілдес бола тұра, қалайша 

олардың сөздерінің ішінде түрікше жалқы есімдер еніп кеткен? 

Наймандардың жазу-сызуын ала тұра, монғолдар неге олардың 

лауазым атауларын пайдалануды жөн көрмеген? Айталық, най-

мандар  монғол  тектес  халық  бола  тұра,  шығу  тегі  бір  бұл  екі 

халықтың  өз  атауларында,  тіпті  лақап  аттарында  неге  сон-

ша  терең  генетикалық  айырмашылық  бар?  Наймандардың 

“мəдениетті сөздерін” олардың өзіндік ерекшелігі деп қарайтын 

болсақ, олардың шығу тегі де қоғамдық қажеттіліктен туған деп 

қарау керек. Бұған басқаша жауап іздеудің қажеті жоқ. 


32

Л.  Н.  Гумилев  өзінің  басқа  да  деректері  арқылы  өз  пікірін 

растай  түсетін  дəлелдерді  арқау  етеді. “Букаула  деген  атауды 

наймандар кишат деп, ал монғолдар кичат деп атайды”. Рашид-

ад-диннің  бұл  дерегі  ешбір  дауды  шеше  алмайды,  өйткені  ол 

Л. Н. Гумилевке де, оның қарсыластарына да тең қызмет етеді. 

Егер  де  наймандар  жайлы  айтысты  Рашид-ад-диннің 

деректерімен түйіндейтін болсақ, онда Л. Н. Гумилев те “Жыл-

намалар  жинағындағы”  төмендегідей  үзілді-кесілді  пікірден 

айналып  өте  алмайды: “Сабырақ – сол  жергілікті  халықтың 

атымен  аталатын  жер  атауы.  Бұл  əмірмен  (Көксау-Сабырақ – 

Таян  ханның  қолбасшысы.  –  С.  А.)  бір  күні  наймандардың 

Байтарақ-белшіре  дейтін  жерінде  Шыңғыс  хан  мен  Оң  хан 

айқасқан.  Бұл  жердің  Байтарақ-белшіре  аталу  себебі – ер-

теректе  найман  мемлекетінің  басшысы  оңғұт  мемлекетінің 

басшысының  Байтарақ  деген  қызына  құда  түскен  бола-

тын.  Наймандар  мен  оңғұттар  осында  келіп  үйлену  тойын 

жасаған.  Белшіре – шөбі  шүйгін  дала  дегенді  білдіреді.  Осы 

екі  сөздің  бірігуінен  жер  атауы   пайда  болған.  Монғолдар  бұл 

сөздің мағынасын түсінбестен, Байтарақты Базтара деп атады. 

С. Мураяма мен Л.  Викторова бұл жер атауы екі халықтың тіл 

айырмашылықтарын, наймандардың монғол тілінде емес, түрік 

тілінде  сөйлегенін,  бірін-бірі  түсінбегендіктен  монғолдардың 

найман сөзін бұрмалауынан шыққан сөз екенін атап көрсетеді”. 

Бұлайша  Л.  Н.  Гумилевтің  бірде-бір  бір  пікірімен  келісу 

мүмкін  емес.  Талай  ғалымды  тұйыққа  тіреген  бұл  мəселенің 

жалпы  алғанда  орта  ғасырға  саятынын,  тайпа  атауларының 

кейбіреулері  этникалық  белгісіне  емес,  саяси  белгісіне  қарап 

пайда  болғанын  мойындауға  тура  келеді.  Бұларды  сол  кездің 

саяхатшылары  мен  тарихшылары  анық  этникалық  белгі  етіп 

басшылыққа  ала  алмады.  Осы  реллятивизм,  субъективизм, 

сондай-ақ кейде Орта Азия тайпаларын негізсіз этникалық жəне 

территориялық  жіктеу – деректерде  жоғарыдағы  белгілердің 

жоқтығының салдарынан болып отырған құбылыс. 

Орта жүз қазақтарының этникалық тарихын біржақты зерт-

теген  М.  Мұқановтың  қорытындысы  бойынша,  монғолдарға 



33

бағынышты  əр  тілді  халықтардың  көбеюі  наймандардың 

өздерін монғолмыз деп санауына түрткі болған. Бұған ешқандай 

қатысы  жоқ  қыпшақ,  түркмен,  қарлұқ  жəне  т.  б.  этникалық 

түрік  тайпаларының  өзі  монғол  деп  атала  бастады.  Ғалым 

монғолдардың қол астындағы кейбір тайпаларға, соның ішіндегі 

наймандарға  монғол  деген  атау  генеалогиялық  негізде  емес, 

саяси  мақсатта таңылған деп дұрыс айтады. 

“Жылнамалар  жинағының”  авторы  Рашид-ад-диннің  өзі  де 

кейде  түрік  жəне  монғол  тайпаларын  ажыратып,  нəтижесінде 

жаңа этникалық, бірақ одан гөрі гетерогенді (гетер – əр түрлі, 

ген – тұқым) бірлік құрған саяси оқиғаларға баға береді. 

Мысалға,  этникалық  жағынан  татарлардың  əдістемелік  өз 

ерекшелігі бар. “Ерекше ұлылығы мен беделінің арқасында үш 

қайнаса  сорпасы  қосылмайтын  басқа  да  түрік  халықтарының 

атын шығарды, сөйтіп олар да татар деген атқа ие бола баста-

ды.  Жəне  жалайыр,  татар,  ойрат,  оңғұт,  керей,  найман,  таңғұт 

сияқты  өз  аттары  мен  арнайы  таңылған  лақап  аттары  бар  əр 

түрлі  түрік  тайпалары  ерте  кезден  өздерінің  монғол  екенін 

мойын дамай  келген  еді.  Сөйте  тұра,  олар  қол  жеткен  табыс-

тарын  Шыңғыс  хан  мен  оның  ұрпақтарының  жақсылығының 

арқасы  деп  мақтан  етеді.  Олардың  қазіргі  ұрпақтары  өздерін 

ежелден келе жатқан монғол ұрпақтарымыз деп есептейді. Ра-

сында, олар – біріккен түрік тайпаларының бірі ғана. Өздерінің 

ойынша,  олар  “жаратқанның  шапағатымен”  Шыңғыс  хан-

нан тараған, сондықтан да олар монғол тайпалары деген атпен 

мəшһүр болған. 

Сонымен,  түрік  теориясы  найманның  түріктік  тегі  тура-

лы толығымен дəлелденген деректерге сүйенеді. Оның монғол 

теориясына   қарағанда  аз  да  болса  лингвистикалық  материал-

дары,   өзіндік  ерекшелігі,  түпнұсқаға  сүйенушілігі,  жан-

жақтылығы  мен  қарсыласына  сезік  тудырмайтындай  қабілеті 

бар.  Біздің  міндетіміз – XIII ғасырдағы  найман  атауы  мен 

лауазымының шығуын зерттеу еді. Зерделеуіміздің нəтижесінде 

наймандардың тегі түрік қауымы екеніне бұрынғыдан да сенімді 

түрде қарауға мүмкіндік ашылды. 


34

Найман дүниесін алғашқы зерттеуші ағылшын оқымыстысы 

Ховорс (1874 ж.) қолына түскен шағын материалдарды мұқият 

мұғдарлай  отырып,  оның  түпкі  тегін  анықтаған  еді.  Ал  чех 

ғалымы  онан  да  мол  материалдарға  арқа  сүйей  отырып,  най-

ман тегінің тек түрікпен ғана шектелмейтінін дəлелдеді. Деген-

мен, глоттогенез (тілдің тегі жайлы ілім) деректері П. Поуханың 

бүкіл  жинап-зерттеп,  талдаған  материалдары  найман  тілінің 

орхон  ескерткіштері  тілімен  туыстық  байланысы  бар  екенін 

көрсетеді. 

1959  жылы  “Сентрал  Азиатик  Джорналда”  жапон  ғалымы 

С. Мураяманың  осы  мəселеге  қатысты  мақаласы  жарияланды. 

Ол  Рашид-ад-диннің  “Жылнамалар  жинағы”  мен  монғолдың 

“Алтын  топшысындағы”  бүкіл  найман  сөздерін  тексеріп,  ау-

дармаларын анықтады. Осының негізінде С. Мураяма найманға 

қатысты  тілдік  материалдардың  арасында  бірде-бір  монғол 

сөзі  жоқ  деп  тапты.  Бұл  тұжырым  Ховорс  пен  П.  Поуханың 

бұрынырақ жасаған пікірлерін растай түсті. 

Л.  Викторова 1961 жылы  бір  жарым  ғасырға  созылған 

пікірталасты  қорытындылаған  мақаласын  жариялады.  Мақа-

ланың  артықшылығы,  автор  наймантану  саласының  негізін 

қалаушылардың  көзқарастарына  талдау  жасап  қана  қойған 

жоқ,  сонымен  бірге  бұрын  қолданбаған  мол  тарихи  деректің 

арқа сында наймандардың түрік тектестігі теориясын табанды-

лықпен  дəлелдеп  шықты.  Ал  кемшілігі – Л.  Викторова  өзінің 

түпкі ойын дəлелдеу үстінде келте қайырып, мазмұндаумен ғана 

шектеледі  де,  соны  қанағат  тұтты.  Сондықтан  наймандардың 

түрік тектестігі жөніндегі тезис өзіне лайық бағасын ала алмады. 

Мысалы, Л. Н. Гумилев Орта Азия тайпаларының мекендеуіне 

қатысты пікірлерінде Л.  Викторованың қорытындыларына иек 

артып  отырса  да,  өз  монографиясында  оның  наймандардың 

этникалық  атрибуциясы   туралы  жіті  дəлелдеген  көзқарасын 

еске  сала  кетуді  жөн  көрмейді.  Сол  себепті  бұл  жұмыстың 

міндетіне осы саланың негізін қалаған зерттеушілердің қолына 

түспеген (əсіресе түрік теориясы дəлелдеген қазақ наймандары-

на қатысты) қосымша материалдар кірмей қалды. Сонымен бірге 

наймандардың  тектік-тілдік  реңкі  жайлы  кейбір  қағидаларды 


35

бұзатын  жаңа  теорияның  шығуымен  байланысты  “сегіз  оғыз” 

тайпалық одағының саяси-əлеуметтік тарихының қатпарларына 

белгілі бір мөлшерде жаңа көзқарас енгізу де ойда болды. 



Наймандардың тарихи жəне этникалық тегі

Сөйтіп, VIII ғасырдағы “сегіз оғыз” бен XIII ғасырдағы тари-

хи жəне этникалық-тұқымдық байланыс жайлы толық тұжырым 

жасалады деуге болады. Л. Л. Викторова өз зерттеулерінде əр 

текті мол тарихи деректер мен зерттеулерге талдау жасай оты-

рып, найман əулетін əуелде “сегіз оғыз”, кейінірек “цзу-бу” əлде 

“найман”  деп  аталып  кеткен  оғыз  тайпасынан  шыққан  түрік 

тілдес халық екенін дəлелдеп берді. 

“Сегіз оғыз” атауы алғаш өзінің “меншікті тоғыз оғыз халқын 

“оқ  пен  оттың  күшімен  жинап  біріктірген  Түрік  қағанатының 

соңғы  əміршісі  Өзміш-тегінді 745 жылы  жеңген  ұйғыр  ханы 

Мойыншора ескерткішінде кездеседі. Екі ғасыр бойына Орталық 

жəне  Орта  Азияға  бірдей  билік  жүргізген  Түрік  қағанаты 

өмір  сүруін  тоқтатты.  Мойыншора  “тоғыз  оғыз”  мемлекетіне 

тəуелсіздік  алып  беріп  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге  ол 

Орталық Азияның жаңа империясы Ұйғыр қағанатының (745–

840) іргесін қалады. Жас мемлекеттің бой көтеруі көршілеріне 

оңай  болған  жоқ.  Мойыншораның  қыспағында  болған  “үш 

қарлық”  одағы 747 жылы  ұйғырлар  талқандаған  “он  оқ” 

тайпаларымен  бірігіп, батысқа, қазіргі Қазақстан жеріне қарай 

қашып кетті. 

Мойыншораның Ұйғыр қағанатынан бастап бұларға жасаған 

жорығы Қазақстан жеріне дейін созылды. 

Араға аз уақыт салып, өзіне қарсы болған “тоғыз татармен” 

одақ құрып үлгерген ұйғырлар “сегіз оғызға” қарсы шабуыл жа-

сайды. Жазба деректердегі 747–750 жылдар аралығында орын 

алған оқиғалар “сегіз оғыздың” алғашқы əскери шаралары ғана 

емес,  олардың  тіршілік  мезгілінің  бастауы  да  еді.  Ертеректегі 

басқа деректерде “сегіз оғыз” одағы жайлы мəліметтер жоқ бола 


36

тұра, олардың тарихи факт ретінде ғана емес, этносаяси субъект 

ретінде де көршілерімен сол кезде де қарым-қатынас жасағаны 

мəлім.  Шамамен XIII ғасырда  Солтүстік  Монғолстанда  най-

мандар  тіршілік  еткен  өлкеде  тұрып,  өзінің  бүкіл  болмысы-

мен Түрік қағанатының құрамына кірген “сегіз оғызға” қатысы 

бар,  алыстағы  елдер  мен  оқиғалар  жайында  əдетте  нақты 

мəліметтер  беретін  көне  түрік  жазбаларының VIII ғасырдағы 

найман  шежіресі  туралы  сыр  ашпауы  ғалымдарды  қайран 

қалдырады. Бірақ, “сегіз оғыз” – түрік тайпаларының ішіндегі 

құлпытастарда мəңгіге аты қалған одақ. 

Мойыншора  “тəңірі-жердің”  қолдауымен  түрік  мемлекетін, 

өзінің  бақталасы  Тай-Білге-Тұтықты, “сегіз  оғыз”  бен  “тоғыз 

татар”  одағын  қоса  талқандап,  жеңіске  жеткенін  тасқа  жазып, 

мақтанышпен жеткізеді. “Сегіз оғыз” бен “тоғыз татардың” Бю-

кягике  шайқасында  кейін  шегінуін  əлсіздік  деуге  болмайды. 

Бұл шегінудің стратегиялық мəні болды. Бюкягике шайқасында 

“сегіз  оғыз”  бен  “тоғыз  татар”  туыстас  отар  халықтардың 

көтерілісіне көмекке кейінірек келеді. “Сегіз оғыз” бен “тоғыз 

татар” көмекке кейінірек келді, – дейді сөзбе-сөз ұйғыр ханының 

ескерткіші. – Селеңгінің  солтүстік-батысындағы  Жылыкөлдің 

оңтүстігіндегі  Сып-Башиге  дейін  өз  əскерімді  орналастыр-

дым.  Олар  Кергю,  Сақыш,  Сын-Баши  арқылы  жылжып  кеп, 

Селеңгіге дейін өз əскерін орналастырды: “Мен бесінші айдың 

29-жұлдызында  ұрыс  салдым.  Онда  мен  жеңдім.  Мен  олар-

ды  Селеңгіге  дейін  қуып  тастадым.  Мен  оларды  бытыратып 

жібердім.  Мен  Селеңгіден  өтіп,  солардың  ізімен  жүріп  отыр-

дым”. Əрі қарай текст өз мазмұнын жоғалтып алады. Бұл жер-

де Мойыншора “сегіз оғыз” бен “тоғыз татарды” “өз халқым” 

деп, ұйғырлардың үстемдігін мойындатып, өзіне бағынуларына 

ұсыныс жасайды. Осылайша, Мойыншора ұрыста “сегіз оғыз” 

бен “тоғыз татар” атынан қарсыластарына мынадай тапсырма-

сəлемдеме жібереді: “Тай-Білге-Тұтық пен бірлі-жарым белгілі 

адамдардың  опасыздығынан,  менің  қарапайым  халқым,  қатты 

соққы алдың да құрыдың, мемлекетке қайта қосыл, сен (енді) 

құрисың, бірақ сен құруға тиіс емессің, сен (енді) қор боласың, 

бірақ сен қор болуға тиіс емессің. Мұны айтқан мен”. Мойын-


37

шора оңды жауап күтіп, екі ай алтын уақытын бекерге өткізеді. 

“Сегіз  оғыз”  бен  “тоғыз  татар”  өз  еріктерімен  қосылмаған 

соң,  ұйғырлар  оларға  қарсы  соғыс  ашады. “Сегізінші  айдың 

бірінші жұлдызында мен сендермен соғысуға барамын – мұны 

айтқан  мен.  Бірақ,  соңғы  сəтте  белгілі  болғанындай, “сегіз 

оғыз” бен “тоғыз татар” ұйғыр халқының қанқұйлы əрекетінен 

қорқып,  оларға  қарсы  соғысты  бұлардың  өздері  бастады.  Өз 

атамекенін  ұйғыр  қағанатының  езгісінен  құтқару  үшін  “сегіз 

оғыз”  бен  “тоғыз  татарға”  екі  ай  мерзім  жеткілікті  еді.  Бірақ 

Мойыншораның  жолы  болды. “Мен  олармен  сегізінші  айдың 

2-жұлдызы күні Қосүйден өтіп, Тұзды Жалтыр көлінің маңында 

шайқастым.  Онда  мен  жеңіп,  оларды  қуып  тастадым.  Сол 

айдың 15-жұлдызында  Кэйре  бұлағы  мен  Үш  Бірке  өзенінің 

жағасында  татарлармен  қақтығысып,  оларды  қырдым”.  Л.  Гу-

милев текстің бұл жерін “сегіз оғыздың” кейін шегінгені дұрыс 

болған,  ал  татарлардың  жартысы  тұтқынға  түсіп,  əскерінен 

айрылды”, – дейді.  Деректер  де  “сегіз  оғыздың”  бұл  ұрыстан 

кейінгі  тағдыры  жайлы  ештеңе  айтпайды. “Сегіз  оғыз”  басы-

нан бастап соғыстың ауыртпалығын көре отырып, ұйғырлардың 

егемендігін  танып  білді,  өзінің  бар  күшін  жиса  да,  ұйғыр 

қағанатына қарсы тұра алмайтынын жəне тұру мүмкін еместігін 

білді.  Оның  үстіне  Мойыншора  “сегіз  оғыздың”  ұйғырларға 

тəуелді болғанын əділдік жолы деп санап, қайта қызмет қылып, 

еңбек  ет”, – деді.  Бұл  оның  тығырықтан  шығудың  айқын  да 

кесіліп-пішілген  жолы  болды.  Мойыншораның  өктем  үнінен 

“сегіз оғыз” тайпасы таяуда ұйғыр үстемдігін бастан өткізген, 

əлде олар өткен ғасырларда ұйғырлармен (тоғыз оғызбен) бірге 

бір этникалық топ құрған Оғыз қоғамдастығынан бойын алып 

қашқандығының лебі есетін секілді. 

“Сегіз оғыз” бен “тоғыз татарды” жеңгеннен кейін Мойын-

шора алаңсыз Өтікен тауында қыстап шықты. “Мен жаудан бо-

сап шықтым, өзімді еркін сезінемін”. Мұндай бейсауат жағдай 

оған  ұлыс  құрылымымен  айналысуына  мүмкіндік  берді:  екі 

ұлына  “жағбы”  жəне  “шад”  деген  лауазым  беріп,  оларды  тор-

дым жəне телес халықтарына басшы етіп тағайындады. 



38

Мойыншора  негізгі  саяси  мақсатына  жетіп,  өзінің  ісіне  өзі 

ризашылық білдіретіндей халге жетті. “Сегіз оғыз” бен “тоғыз 

татар”  тізе  бүгіп  аз  да  болса  бейбіт  өмір  басталды.  Осыдан 

10–11 жыл бұрын не Күлтегін (731 жылы өлген) не Білге қаған 

(734 жылы өлген) “сегіз оғыздың” саяси-əлеуметтік негізі пісіп-

жетілген  дербес  саяси  бірлік  екенін  сезген  де  жоқ  еді.  Өткен 

оқиғалар “сегіз оғыз” конфедерациясының біршама күш екенін 

көрсетті. Яғни түрік қағандары “сегіз оғызды” басып-жаншуға 

құмар болды деу қиын болар. Өздерін ұйғырларға қарсы қойған 

“сегіз оғыздың” жалпы түрік халқымен, батыс түріктермен, “үш 

қарлықпен”, “тоғыз татармен”, “қарлықтармен” жəне т. б. жанда-

ры да, тəндері де ортақ болғандығын аңғарамыз. Білге қаған зама-

нында оғыздармен үздіксіз күрес жүргізілді. Бұл соғыстар бірде 

жаулап  алу,  бірде  жазалау  сипатында  болды.  Өкінішке  қарай, 

ескерткіштер  əр  түрлі  оғыз  тайпаларының  жіктелуі  жөнінде 

нақтылы  мəлімет  бере  алмайды.  Тасқа  қашалған  жазудың  ав-

торлары  үшін  оғыз  тайпаларының  атауына   қосарланған 

есептік  белгілер  аумалы-төкпелі  сипатта  болғандықтан,  текст 

құрастырушылар оларды кейде топтап “оғыз халқы” дей сала-

ды. “Төгле (Төле) өзенімен оғыздар келді. Мен ұрыс бастадым. 

Тəңір (бізге) мейірімін төкті жəне біз (оларды) қуып жібердік. 

Бұдан соң оғыздар бəрі бірге келді (яғни, бізге бағынды). Менің 

түрік  халқын  Өтікен  жеріне  алып  келгенімді  естіген  даныш-

пан Чоңұқұқ (Тоныкөк емес, “көп оқыған”, “данышпан” деген 

мағынада) Өтікенде тұруды қалады, (бізге) оңтүстік халықтары, 

батыс, солтүстік жəне шығыс халықтары келіп қосылды”. Жазу-

да оғыздың қайсыбірі туралы сөз болып отырғанын айыру қиын. 

Бірақ, əйтеуір Чоңұқұқ мəліметінің бүкіл оғыз жұртшылығына 

қатысты екені мəлім. Күлтегін ескерткішінен оғыз халқы тура-

лы  мынадай  нақты  мəлімет  болады: “(Бізге)  дұшпан  оғыздар 

шабуыл  жасады.  Бірақ  Күлтегін  “орданы  бермеді”  дейді  де, 

ескерткіштен  Білге  қағанға: “Сонда  (сол  кезде) “тоғыз  татар-

мен” біріккен оғыз халқы (бізге) жақындады. Мен атой салып, 

екі дүркін қатты соққы бердім. Олардың əскерін жеңіп, халқын 

бұғауладым”, – деп тіл қатады. Осыдан-ақ, түріктің тас жазба-

лары түрік халқының бүкіл оғыз жұртшылығын өзіне қаратып 


39

алғанын  көрсетеді.  Ұйғыр  қағанатының  соңғы 20 жылда 

үздіксіз жүргізген əскери-саяси шараларының нəтижесінде олар 

өздері  көп  күш  жұмсап,  орасан  зор  байлықтан  айырылғанын 

аңғарамыз.  Мұнымен  қоймай,  сенімді  тайпалық  одақтарды 

қолда  ұстап  тұрудың  да  ыңғайы  болмады.  Бұл  Күлтегін  мен 

Білге  қаған  өлгеннен  кейінгі  ішкі  саяси    дағдарыс  пен  қағанат 

құрамындағы  тайпалардың  бөлінуіне  ықпал  етсе,  екіншіден, 

көк  түрік  мемлекетінің  құлауына  ғана  емес, “сегіз  оғыз” 

конфедерациясының дүниеге келуіне себепші болды. Мойыншо-

ра таққа отырған соң ол “сегіз оғызға” қарсы кезек күттірмейтін 

жəне  кейінге  қалдыруға  болмайтын  əскери-саяси  санкция-

лар ойластыра бастады. Сондықтан да Мойыншора ескерткіші 

“сегіз оғыз” атауын егеменді этникалық одақ деп есепке алмай, 

өз санкцияларына іс жүзінде толығынан төтеп бере алатын күш 

ретінде таныды. 

Ұйғырлардың  табанына  түскеннен  кейін  “сегіз  оғыз”  тари-

хында 4 ғасырға  созылған  қара  түнек  заман  басталды. “Сегіз 

оғыз” Қытай мен Тибетті дірілдеткен сол көздегі ең күшті мем-

лекет  ұйғыр  қағанатына  барлық  жағынан  да  тəуелді  екенін 

мойын дады.  Ал  бұлардан  соң  “сегіз  оғызға”  өздері  құлап 

қалғанға дейін Қырғыз қағанаты үстемдік етті. 

Шамасы, “сегіз оғыз” бірлестігінің тағдыры Түрік қағанаты-

ның  тарихымен  тамырлас  болса  керек.  Өйткені, XII ғасырда 

“сегіз  оғыздың”  əл  жиып,  қайта  бас  көтергенін  байқаймыз. 

Алайда,  қайта  өркендеу  басқаша  сипат  алды.  Қиданның  Ляо 

империясының  құрамында  болып  келген  “сегіз  оғыз”  ендігі 

жерде монғолша “найман” есімімен белгілі бола бастады.  

Ғылымда  “сегіз  оғыз”  бен  қидандарды  бір  ел  деп  қарау 

орнықты  пікір  емес.  Қидандар,  біріншіден,  көп  тілді  халық 

болды,  екіншіден,  Рашид-ад-дин,  Ибн-ал-асир,  Джувейни-ан-

Насави  қалдырған  деректерде  шамандарды  қидандармен  не-

месе  қара  қытайлармен  шатастырмайтындай  етіп  ажыратып 

береді.  Л.  Гумилев  болса,  деректерді  бұрмалап  тұжырым  жа-

сайды. “Сегіз  оғыздың”  қоныс  аударуы  туралы  мəліметтер 

жоқ, ал қидандар болса, VIII ғасырда Үлкен Хинганның шығыс 



40

сілемдерінде, яғни Қытай империясының солтүстік-шығысынан 

асып ешқайда кетпеген халық. 

Ұйғырлардың  “сегіз  оғыз”  бен  “тоғыз  татардың”  біріккен 

күшімен шешуші айқасы Хинган жотасының солтүстік өңірінде 

өткен. Дерек бойынша, Мойыншора өзінің жауларын Селеңгінің 

сағасына, яғни батыстан солтүстік-шығысқа қуып тықты. “Сегіз 

оғыз”  бен  “тоғыз  татар”  қосындары  өздерінің  негізгі  орталық 

күшінен хабарсыз, қол үзіп қалған, арнаулы əскери сипаты бол-

мады,  əйтпегенде  екі  жақтың  күші  теңдей  дəрежеде  еді.  Бұл 

жағдайлар  ескерткіш  таста  барынша  анық  көрсетілген, “сегіз 

оғыз” ұйғыр əскеріне төтеп бере алмай, өздерінің қауіпсіздігін 

сақтау үшін, қашып құтылуларына тура келді. Бірақ олар қайтып 

келіп, өз жерін жаудан босату үшін, жау қолында күңдікке кеткен 

қыз-келіншектер мен малдарды қайтару үшін Мойыншораның 

жойқын  күшімен  айқасқа  түсті.  Бұл  оқиғалар  төртінші  айдың 

(қаңтар айына тура келеді) 1-інен бесінші айдың 1-іне дейінгі 

қысқа  мерзімде  болды.  Қидан  əскерін  шығысқа  қарай  аттан-

дырып  жіберу  үшін  бұл  мерзім  жеткіліксіз  болды.  Тарихтың 

бұл  кезеңінде  ұйғырлар  мен  қидандардың  əлеуметтік  жəне 

мəдени деңгейі əр түрлі сатыда болды. Ұйғырлар мен түріктер 

феодалдық қарым-қатынасты біршама ертерек бастағандықтан, 

оларда  мемлекеттік  құрылымдар  пайда  болды,  ал  қидандар 

бұл деңгейге жете қоймаған еді, олардағы мемлекеттік іс IX–X 

ғасыр аралығында ғана пайда болды. 

Бұдан  ХІІ–ХІІІ  ғасырлардағы  найман  мемлекетінің  шығыс 

шетін, яғни Хинган жотасының солтүстік-батысын “сегіз оғыз” 

мекендеген  деп  Л.  Викторова  күмəнсіз  қорытынды  жасайды. 

Расында да, “сегіз оғыз” бен наймандардың этнотерриториясы 

бір-бірімен сəйкес келеді. Ғалым Мойыншора құлпытастарында 

аты  аталған  тайпалардың – қарлықтардың  (Тарбағатайда), 

шектердің  (Кем  өзенінің  бойында),  қырғыздардың  (Енисей 

өзенінің  бассейнінде), “тоғыз  татардың” (Бұйыр-нұр  жəне 

Далай-нұр  өзендерінің  шығысында),  батыс  түріктердің  (Орта 

Азияда) жаңа қоныстарының аттары əбден мəлім деп есептейді. 

Сол  себепті  Орталық  Азияның  таулары  мен  далалары,  яғни 

қазіргі  Монғолстанның  жері  басқалардың  үлесіне  қалады. 


41

Ұйғыр  Орхон,  Селеңгі  өзенінің  бойын,  Төле  өзенінің  Хинган 

маңын  иеленді.  Монғолстанның  батыс  бөлігі  мен  Гоби  шөлі 

басқалардың үлесіне тиді. Хан дəуіріндегі қытай деректерінен 

белгілі:  қалған  түрік  тайпалары  Таулы  Алтайда,  Қоскөл  маңы 

мен Ұлы Қытай қорғанының төңірегінде тіршілігін жалғастыра 

берді.  Осылайша, “сегіз  оғыздың”  үлесіне  Хинганнан 

Тарбағатайға  дейінгі  аралық,  ақыр  аяғында  қазіргі  наймандар 

тұрып жатқан жер тиді”, – деп түйіндейді Л. Викторова. 

“Сегіз  оғыз”  атауы  мазмұны  жағынан  кейбір  мəселелердің 

бетін ашады:

біріншіден, статикалық жағынан – бұл – сегіз тайпа одағы;

екіншіден,  этикалық  жағынан – оғыз  тайпаларының  одағы, 

яғни, түрік тайпаларының одағы;



үшіншіден, тілдік жағынан – атау түрік тілінде қалыптасты;

төртіншіден, Түрік қағанатының дəстүріне сай тайпалардың 

сан өлшемі арқылы ат алуы;



бесіншіден, мəдени-тарихи жағынан, сандық атау көне Түрік 

қағанатының этикалық табиғатына бейім келуі. 

Орта  Азия  халықтарының  аталу  дəстүрі  бəрімізге  белгілі 

монғолша емес атаумен аталып келген монғол тайпалары  сияқты, 

түрікше  емес  аталып  келген  кейбір  түрік  тайпалары   туралы 

шындықтың бетін ашуға негіз бола бастады. Жай ғана “сегіз” 

немесе  толық  айтқанда  “сегіз  құрамды  тайпа”  деген  ұғымды 

білдіретін  “сегіз  оғыз”  түрік  атауы  қалайша  “монғолданып” 

“найманға”  айналды? “Найман”  сөзі  түрікше  “сегіз  оғыз” 

атауының  монғолша  калькасы  болғандай,  қай  тарихи   оқиғаға 

орай  этникалық-тектік  белгілер  жойылып,  атаудың  сандық 

белгісі бір тілден екінші тілге аударылады?

Бұл  сұраққа  жауапты  түрік  тілдес  ұйғырлармен  жəне 

қырғыздармен  бірігіп,  ұзаққа  созылған  қидан  үстемдігі 

орнағаннан  кейінгі  “сегіз  оғызды”  өзіне  тартқан  монғол  тілді 

саяси  атмосфера алып келген тарихи жəне əлеуметтік процес-

терден іздеу керек. 

XIII ғасырда “сегіз” ұғымы “найман” атауын дербес алмасты-

ра алатын сөз болған. Наймандарды түрікше “сегіз” (“сакиз”) деп 

атағанына шүбə келтірмейді. (Оң хан керейлер мен сегіздердің 



42

көсемі  болған).  Расында, 1199 жылы  Инанша  Білге  өлгеннен 

соң  көп  ұзамай-ақ  керейлер  мен  монғол  басқыншыларының 

сəтті жорығынан кейін Бұйрық хан ұлысының найман сегіздері 

аз  ғана  уақыт  Уаң  ханның  билігін  мойындады.  Джувейнидің 

бұл мəліметтері Рубруктың Иоан өлгеннен кейін таққа Унктың 

отырғаны  жайлы  хабарламаларымен  сəйкес  келеді  (Уаң  хан 

“Жемаль Каршиде наймандардың Күшлік ханы 8-ші рет саны-

мен келтірілген – “Куслуг хан ас-сегизи”). 

Бұл  мəліметтер  “сегіздің” “найманға”  айналу  процесінде 

бұл атаудың монғолша мəнімен бірге көне түріктік мəні де қа-

тар қолданылғаны аз да болса сенім ұялатады. Бұл дерек тер ден  

көне түрікше “сегіз оғыз” атауын сол заманға лайықтап түрікше 

“сегіз” (“сакиз”)  деп  атағанын  білуге  болады.  Яғни, “найман 

атауында  сегіз  құрамды  оғыз  бірлестігінің  түрікше  атауының 

абстрактылы-сандық  мəні  жүр.  Оның  тайпалар  одағының 

этника лық  табиғатына  қатысы  жоқ.  Көп  тілді  қидандар 

арасында   қалыптасқан  “найман”  атауын  тудырған  “сегіз 

оғыз”  түпнұсқалы  терминнің  тектік  мағынасының  саяси   мəні 

жойылған  себепті  этникалық  атрибуцияға  айналды.  Бұл  сегіз 

тайпа құрамының елеулі өзгеріске ұшырап, өзіне басқа монғол 

тектес компоненттерді қосып алғанын көрсететін айқын дəлел. 

Осы уақытқа дейін Қара Ертіс пен Батыс Алтайдан Тарбаға-

тай ға дейінгі аралықты мекендеп, ата жұртында тіршілік құрып 

жатқан  қазақ  наймандарының  шежірелері  олардың  тектік 

сабақтастығының толассыздығын көрсететін деректі материал-

дар  болып  табылады. “Қара  қытай”, “қытай”, “қара  керей” 

секілді ру атаулары арқылы қидан ізін де, керей ізін де табуға бо-

лады. С. Аманжолов наймандардың тегі монғолдарға да, сондай-

ақ,  қидан,  шата,  чуэ,  қиман  сияқты  түрік  халықтарына  да  тəн 

əр текті құрылым болған дейді. Тарих көшінде наймандардың 

тектік  құрылымы  талай  өзгеріп,  толыға  түсті.  Найман  сияқты 

Орта жүз тайпаларының бірде-бірінде рулық салт пен ұранның 

əр  алуандығы  кездеспейді.  Бұның  өзі  монғол  компонентімен 

тұрақты толығып отырған наймандардың тектік құрамының ала-

құлалығын көрсететін құбылыс. Наймандардың тектік құрылы-

мының толығу процесі кейінге дейін тоқтаған жоқ. Өйткені най-


43

манда кірме топтар көп кездеседі. Кірмелік белгі наймандардың 

реңктік  атау  құрылымынан  да  байқалады.  Мəселен,  қара  ке-

рей  руына  жататын.  Ақ  найман  атасын  шежірелік  дəстүр  кей-

де  кірмелерге  жатқызады. “Қара  найман”  мен  “Көк  найман” 

қырғызда да кездеседі. 

Осы материалдар əріден басталған наймандар тегінің қалып-

тасу  процесін  көрсетеді. “Сегіз  оғыздан” “найманға”  көшуде 

монғол тілдес қидандардың үстемдігі нəтижесінде саяси-тілдік 

кеңістік біршама рөл атқарды. Себебі, əу баста  наймандар Ляо 

империясының құрамына батыс цзу-бу болып кірген еді. “Ляо 

əулетінің  тарихында”  бірінші  рет  кейбір  зерттеушілер  (Фен 

Чен-Чунь,  К.  А.  Виттфогель,  Фен  Цзя-шен,  Л.  Л.  Викторова, 

Б. Х. Кармышева, Л. Н. Гумилев) “Батыс цзу-бумен” теңестірген 

“найман” атауын кездестіреді. “Ляо-ши” наймандар қидандарға 

алым-салық төлеп тұрған деп келтіреді. 

“Ляо

1

 дəуірінде “сегіз оғыз” тайпасы өмір сүре берді”, – дейді 



Л. Викторова, – бірақ көп тілді қидандар шындығында оларды 

“сегіз тайпа” одағының түрікше мағынасын білдіретін монғол 

сөзімен “найман” деп атады. Бұл одақ қидан қолбасшысы Елюй 

Дашидің


2

 XII ғасырдың  екінші  жартысында  Жетісуға  қоныс 

ауда руына  байланысты оқиғаны еске түсіреді. Түрік терминінің 

кейде  монғол  сөзі  қатар  қолданылып,  кейінірек  түсіп  қалғаны 

шындыққа  жанасады.  Көп  тілді  ортада  “найман”  атауы  ұзақ 

уақыт  құлаққа  жағымды  шықты.  Орхон  ескерткіштері  бойын-

ша,   XIII  ғасырда наймандардың атамекенінің жер-су атауларын  

монғолдандыру  процесі  сияқты  бұл  процесс  те  һəм  сана лы,  

һəм ырықсыз сипатта өтті деуге болады. Қайткен күнде де XIII 

ғасырдағы  найман  ұлысының  жер-су  атауларының  монғол-

шалануы  шындық.  Ал  наймандардың  атасы  “сегіз  оғыздың” 

VI–VIII ғасырлардағы түрік тектес екендігіне Орхон жазбалары  

куə бола алады. 

1

 Ляо – темір.



2

 Елюй Даши – монғолдар Елюй Люгэ деп те атаған.



44


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет