Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Ақылгөй Қараторғай

Бір  Қараторғай  ұясын  бітік  егіннің  арасына  салыпты.  Егін 

пісіп  жетілгенше,  Қараторғайдың  балапандары  да  марқайып, 

қанаттары қатайып қалады. 

Бір күні егіске егінші келіп, жанында еріп жүрген ұлына:

– Егін пісіпті. Енді орақты салсақ та болады. Ертең көршілерді 

көмекке шақырып, жинап алайық, – депті. 

Бұл сөзді Қараторғайдың кішкене балапаны естиді де, дереу 

енесіне жеткізді:

– Апа, ертеңнен бастап диқан егін ормақ. Күніміз не болады? 

Олар егінмен қоса ұямызды бұзады ғой. Аманымызда бұл жер-

ден көшсек қайтеді. 

–  Саспа,  балам,  əзір  қауып  жоқ, – депті  енесі – бірер  күн 

кідіре тұрайық. 

Келесі  күні  диқан  ұлын  ертіп  егіс  басына  тағы  келіпті. 

Екеуі өздері көмекке шақырған көршілерін біраз күтіп, кел-



400

меген  соң,  үйлеріне  қайтып  кетеді.  Астық  барлық  жерде 

бірдей  пісіп,  көршілерде  де  қауырт  жұмыс  басталып  кетсе 

керек. 


Ертеңінде диқан ұлын ертіп егінге тағы келеді. Əбден піскен 

астықты көріп, ұлына:

–  Орақ  түсер  күн  жетті,  ұлым.  Мен  туған-туыстарымды 

көмекке шақырайын да, олар келісімен, бастайық, – депті. 

Қараторғайдың  кішкентай  балапаны  бұл  сөзді  де  енесіне 

жеткізеді. 

–  Апа,  диқан  ертеңнен  бастап  егінін  ормақ.  Ол  туған-

туысқанын көмекке шақыруға кетті. 

–  Саспаңдар,  балаларым, – депті  Қараторғай, – үрейленер 

ештеме жоқ. Біз бұл жерде өлі де болса бірер күн тұра тұрамыз. 

Диқанның туған-туысқандары да көмекке келмейді: олардың 

ауылында  да  орақ  басталыпты.  Ақыры,  үшінші  күні  егістікке 

диқанның  өзі  келіп  орақ  салады.  Қараторғай  астығын  орып 

жүрген диқанды көріп:

–  Енді  кетер  шақ  жетті.  Өйткені,  əрбір  іс  біреуден  көмек 

күтпей, өзің істегенде ғана бітеді, – деген екен. 



Диқан қазынасы

Қатты  науқасқа  ұшыраған  бір  диқан  дəрігерден  өмірінің 

санаулы   күндері  қалғанын  есітеді.  Өмір  бойы  маңдай  терін 

ағызған  бейнетқор  диқанның  тұрмысы  өте  жүдеу  екен.  Оған 

қоса балалары да елден асқан еріншек болыпты. 

Диқан өлер алдында жанына ұлдарын шақырып алып: 

–  Мен  енді  көп  ұзамай  сендерді  тастап,  о  дүниеге  кетемін. 

Сендерге  мирас  қылып  жерге  көмілген  қазынамды  қалдырып 

отырмын, оны өздерің тауып, қазып аларсыңдар, – депті. Басқа 

сөз айтуға шамасы жетпей дихан жан тəсілім етіпті. 

Жалқау балалар көмілген қазынаны табамыз деп, төңіректі 

түгел  қаза  бастайды.  Бірақ  қазына  табылмайды.  Шаршайды, 

шалдығады. Көктем келеді. Балалар жер жыртуға кіріседі. Міне, 

сонда  күзде  күнібұрын  қопарылған  жерді  жырту  оңайырақ 



401

екенін олар жақсы түсінеді. Сол жылы жақсы өңделген жер-

ге егін бітік шығып, балалар мол астығын сатады да, көп пай-

да  табады.  Сонда  ғана  əкелері  қалдырған  қазынаның  мəнін 

түсінеді. 

Шөп қорыған Ит

Бір диқанның мəпелеп ұстаған Иті бар екен. Ол басқа жан-

уарлардан  ерекше  күтіліп,  тым  ерке  болыпты.  Ал,  Атпен  жер 

жыртыпты,  Сиыр  болса  сүт,  Қой  жүн  беріп  тұрыпты.  Иттің 

астамшылығы сонша, əбден еріншек болып, ештеме істемепті, 

тіпті қожайынының үйін күзетіп, анда-санда шəуілдеп үргенді 

де қойыпты. Бар бітіретін ісі – асхананың ең жылы бұрышына 

жатып  алып  ұйықтайды  екен.  Соған  қарамай,  Ит  өте-мөте 

ашуланшақ, өзімшіл болыпты. 

 – Байқасаңдар, достарым, мен сендердің бəріңнен де ерек-

ше жаратылған хайуанмын, – дейді екен, Ит қасындағыларға,  – 

сендер  болсаңдар  суық  қорада  тұрасыңдар,  жейтіндерің – 

қураған шөп. Ал, маған қожайынымның ішіп-жегенінен тиеді. 

Ұйықтайтын жерім де жылы һəм жұмсақ. 

Үй жануарлары Итті мейлінше жек көріпті. Қожайынның өзі 

де Итін бұрынғыдай ұната бермепті, содан бір күні кешқұрым 

оны  асханадан  қуып  шығып,  есікті  бекітіп  алыпты.  Далада 

суыққа  шыдамаған  Ит  жүгіріп,  пішен  қораға  кіріп,  науадағы 

жылы шөптің арасына тығылады. Науадағы шөп далада жұмыста 

жүрген Атқа салынған екен. Жылы шөп арасына кірісімен, Ит 

ұйқыға басыпты. Түнге қарай жұмыстан болдырған Ат қораға 

кіріп,  шөпке  бас  қойса,  науаның  ішінде  ұйықтап  жатқан  Итті 

көреді. Ат Итті оятады. 

–  Əрі  кет, – дейді  Ит  ырылдап, – ұйықтап  жатқанымды 

көрмей тұрсың ба?

– Достым, ашуланба, – дейді Ат, – əбден болдырып, қарным 

ашып  келіп  тұрмын.  Сен  бұл  жерді  босат,  шөп  жемейсің  ғой, 

таң атқанша аз-маз қоректеніп алайын. 

– Шаршайтын жалғыз сен ғана ма, мен де шаршап тұрмын,  – 

деп, Ит көзін қайта жұмады. Қожайын Иті мен Атының дауыс-



402

тарын есітіп, шөп қораға кіреді де, не болғанын түсінеді. Иттің 

орынсыз  озбырлығына  ашуланады  да,  оны  мойнынан  көтеріп 

суырып алып:

– Енді өзіңе қажетсізді де қызғанамысың өзгеден, ақымақ! – 

деп Иттің сілікпесін шығарыпты. 

Сараңдығы  мен  қызғаншақтығы  елден  асқандарды: “Шөп 

қорыған ит секілді” дейтіні осыдан екен жұрттың. 



Жарқанат

Ерте заманда құстар мен аңдар арасында сұрапыл соғыс бо-

лыпты. Жарқанат бұл соғыстың қай жағына шығарын білмей, 

жанын  қорғаштап,  майдан  алаңынан  алыс  жүріп,  шайқасты 

сыртынан бағдарлайды. 

Бір күні құстар жағы аңдарды дендеп бара жатқанын көріп, 

Жарқанат  құстардың  арасына  елеусіз  кіріп  кетеді.  Сөйтіп, 

Жарқанат өзін құс қатарына қосады. 

Бірақ құстардың жеңісі уақытша ғана болып, енді құстардан 

аңдар  басым  түсіп,  қанаттылардың  қажыры  қайта  бастағанда, 

Жарқанат қашып кетеді де, соғыстың барысын тағы да сырттай 

бақылайды.  Бұл  жолы  аңдар  жағы  жеңеді.  Жарқанат  қанатын 

жасырып,  тышқанға  ұқсап,  аңдар  арасына  келеді  де,  өзінің 

аңдармен  айрылмастай  дос,  одақтас  екенін  айтады.  Əлқисса, 

бір  күні  шайқас  қайта  қызып,  аңдар  ауыр  соққы  көріп,  бас 

көтерместей  болып  жеңіліп  қалады.  Құстардың  қолбасшысы 

Бүркіт соғыс бітіп, құстар жеңіске жеткенін жариялайды. 

Бір  кезде  өзінің  бауырластарын  сатып  кеткеніне  қатты 

қынжылған  Жарқанат,  ұялғанынан  ешкімге  көріне  алмай, 

үңгірдегі  ініне  кіріп,  өмірін  қараңғылықта  өткізбек  болып-

ты.  Міне,  сондықтан  да  Жарқанат  күндіз  көрінбей,  қараңғы 

жерді тасалайды. Біреу-міреу көріп қояды деп, жарықта далаға 

шықпайды.  Ол  тек  барлық  тірі  жан  ұйқыға  кеткенде  ғана 

үңгірінен шығып, қараңғы əрі таса жерлерде жүреді екен. 



403

Меркурий жəне Орманшы

Бір кедей орманшы тоғайдағы өзен жағасында ағаш шауып  

жатқанда  байқаусызда  балтасы  суға  түсіп  кетеді.  Жалғыз 

құралы – балтасын  жоқтап,  орманшы  өзен  жағасында  отыра 

береді. Орманшының қасына Меркурий

1

 келеді. 



–  Қабағың  неге  салыңқы  мейірімді  адам? – деп  сұрайды 

құдай. 


–  Тақыр  кедей  едім,  ием, – дейді  орманшы, – міне,  енді 

жалғыз балтамды суға кетіріп, қарекетсіз отырған жайым бар. 

Меркурий  суға  сүңгіп  кетеді  де,  біраздан  кейін  жүзіне  нұр 

ойнаған алтын балта алып шығады. 

– Мынау ма балтаң, жақсы адам? – деп сұрайды. 

– Жо, жоқ!

Меркурий суға қайта сүңгіп, күміс балта алып шығады. 

– Мə, ендеше, мына балтаны ал, – дейді. 

– Бұл да менің балтам емес, – деп орманшы балтаны алмайды.  

Меркурий  суға  қайта  сүңгіп,  орманшының  тапталған  қара 

балтасын  алып  шығады.  Орманшы  қатты  қуанып,  Меркурий-

ге алғысын жаудырады. Орманшының адалдығына разы болып, 

Меркурий алтын балтаны сыйға тартады. 

Орманшы ауылына қайтып, көрген-білгенін көршілеріне ай-

тып береді. Қоңсысының біреуі өте көрсе қызар əрі дүниеқоңыз 

адам екен, Орманшы əңгімесін ести сала, өзен жағасына барып, 

балтасын суға лақтырып жібереді де, жағада қапаланған болып 

отырып алады. Біраздан кейін Меркурий келеді:

– Неге қамықтың, жақсы адам?

– Балтамды суға кетіріп алдым. 

Меркурий суға сүңгіп кетіп, алтын балта алып шығады. 

– Мынау сенің балтаң емес пе, жақсы адам? – деп сұрайды 

Меркурий. 

Дүниеқоңыз  жалтылдаған  алтын  балтаны  көргенде, 

қуанғанынан айқайлап жібереді:

– Иə, иə, менікі, менің балтам!

1

 Меркурий – мифологиялық құдайтың аты.



404

 Бірақ Меркурий өтірік айтқан орманшыға қатты ашуланып, 

оған  алтын  балтаны  бермей,  суға  қайта  сүңгіп  кетіп,  қайыра 

шықпай қояды. Сонымен əлгі адам дүниеқұмарлығынан балта-

сынан айрылып, жаза тартқан екен. 

Арыстан, Жолбарыс жəне Түлкі

Арыстан  мен  Жолбарыс  орманда  бір  жаралы  Бұғының  жа-

нында кездесіп қалыпты. Жарадан қансыраған Бұғы аяғын баса 

алмайды. Арыстан мен Жолбарыстың екеуі де аш екен, жемтікті 

көре сала, Бұғыны бірінен-бірі қызғанып, алыса кетіпті. Қайрат, 

қаруы бірдей болғандықтан сайыс көпке созылыпты. Ақырында 

екеуінің де сілесі құрып, алыспақ түгілі орындарынан қозғалуға 

шамалары келмей, жараларын жалап, ыңырсып жатып қалыпты. 

Қалың тоғайдың арасынан бұл таласты əуел басынан-ақ Түлкі 

байқап тұрыпты. Енді Арыстан мен Жолбарыстан əл кеткеніне 

көзі жеткен соң, əлгі жаралы Бұғыны жеп, тойғанынан қалғанын 

арқалап күшіктеріне алып кетіпті. 



Құмырсқа мен Шыбын

Баяғыда  бір  Шыбын  өзінің  ақылының  шолақтығы  мен 

жалқаулығына қарамай, асқан даңққұмар болған екен. Бір күні 

Құмырсқаны кездестіріп, мақтана бастапты.  

–  Менің  ұлық  екенімді  кім  білмейді!  Мен  патшалар  мен 

бекзадалардың  алтындап  тастаған  сарайларына  емін-еркін 

кіріп,  иықтарына  да  қонып  отыра  аламын.  Кербез  де  сылқым 

ханымдарға  арналған  тағамдардан  қалағанымша  ішіп-жеймін. 

Ал,  осы  күнге  дейін  ақсүйектер  қауымы  сенің  түсіңе  де  кіріп 

көрген  жоқ.  Көрген  күнің – бейнет.  Сенің  тіршілігіңді  менің 

қызыққа толы өміріммен салғастыруға бола ма?

Ертеден кешке дейін жұмыстан қолы босамайтын еңбеккер 

Құмырсқа Шыбынның бұл бөспе сөзіне ашуланып қалады. 


405

–  Иə,  патшаның  сарайында  қонақ  болу  үлкен  құрмет,  егер 

оған арнайы шақырылған болсаң. Бірақ, сен сарайға шақырылған 

қонақ  ретінде  келдім  дейсің  бе?  Сен  сарайдан  көрген  кербез 

ханымдар  мен  олардан  ішкен  асыңа  мақтансаң,  ал  мен  сенің 

шаһардың тысындағы күресіннен не жеп жатқаныңды көргенімді 

айтуға аузым бармай отыр. Сен өз күнің үшін тер шығарып əлек 

бола бермейтініңді айтасың. Мен бейнеттеніп жүргенде сен бүкіл 

жазды ойын-сауықпен өткізесің. Ал, қыста жатарға жерің, ішерге 

асың  болмай  бүрсеңдеп  жүргенде,  мен  жылы  үйімде  жиған 

тамағымды жеп, рақаттанып жата беремін,  –  депті. 

Бүркіт, Мысық жəне Доңыз

Бүркіт  ұясын  кəрі  еменнің  ұшар  басына  салыпты,  ал  тағы 

Мысық та сол ағаштың қуысын паналайды екен. Осы еменнің 

түбінде Доңыздың да апаны болыпты. Жаз бойы олар тату-тəтті 

өмір сүріпті. 

Мысық  момын  болғанымен,  арамза  екен.  Ол  бір  күні  ағаш 

басына шығып, Бүркітке барады. 

–  Достым,  абай  болғайсың,  Доңыз  еменнің  түбін  қопарып 

тас тапты.  Қатты  дауыл  соқса,  емен  құлап,  бала-шағамыз  осы 

бір арам Доңызға жемтік бола ма деп қорқамын, – депті. 

Осыдан бастап Бүркіт зəресі кетіп, күні бойы ағаштың ұшар 

басына  шығып  алып,  Доңыздың  төменде  не  істеп  жатқанын 

бағдарлаумен болады. Аулақ кетпей, тағам əкелуге де бармай, 

бала-шағасының жанынан ұзап ұшпайды. 

Ал,  арамза  Мысық  төмен  түсіп,  Доңызға  келеді.  Доңыз 

Мысықты қошаметтеп қарсы алады. Мысық айтыпты:

–  Бүгін  балаларыңның  қасынан  ұзап  ешқайда  бармайтын 

шығарсың?

– Неге?

– Бүркіттің жақсы қоңсы емес екенін айтар күн жетті, достым. 



Бүгін  оның  балапандарына  айтып  жатқан  сөзін  байқаусызда 

естіп  қалдым.  Сенің  торайларыңның  семізінің  бірін  əкетпек 



406

ойы бар. Абай бол, егер үйіңнен ұзап кетсең, Бүркіт арам ойын 

жүзеге асырмасына кім кепіл. Аспандағы құстан құн алу оңай 

болмас. Мен де үйімнен ұзап кетуге қорқамын, менің де балала-

рым кішкентай. 

Арамза  мысықтың  өсек  айтып,  Бүркіт  пен  Доңыздың 

зəресін ұшырғаны сонша, олар балапандарына тамақ əкелуден 

қалыпты. Əрқайсысы бірінің ізін бірі аңдып, ұяларынан жырақ 

шықпапты.  Балалары  əбден  жүдеп,  əлден  айрыла  бастапты. 

Бүркіттің де, Доңыздың да қарындары ашып, қалжырағандары 

сонша, орындарынан қозғалуға шамалары келмей қалған екен. 

Осылайша,  арамза  Мысық  көршілеріне  ылаң  салып,  əбден 

азғындатқан екен. 

Мақтаншақ Бұғы

Ыссы күндердің бірінде əсем мүйізді Бұғы бұлақтан су ішеді. 

Су бетінен өзінің дидарын көріп, көңілі тасып:

 – Апырмай, мына мүйіз не деген əсем! Өзі басыма да жақсы 

жарасыпты. Тұрпатсыз тұқыл мүйіз хайуандар қалай күндейді 

екен мені көргенде. Мұндай сымбатты мүйіз жер бетінде тағы 

біреуде бар ма екен, сірə, – депті мақтанып. 

Кенеттен  дабырлаған  дауыстар,  иттің  үргені  естіледі. 

Тазы  ерткен  үш  аңшы  орманнан  сау  етіп  шыға  келеді.  Бұғы 

да  зыта  жөнеледі,  бірақ,  біраз  қашқан  соң,  күтпеген  жерден 

мүйізі  ағаштың  бұтағына  ілініп  қалады.  Ары  жұлқынып,  бері 

жұлқынып,  босана  алмаған  Бұғыны,  қуып  жеткен  иттер  тар-

па бас салып, алып ұрады. Аңшылар жетіп, Бұғыны бауыздап 

жібереді. Сонымен, теңдессіз сұлу мүйіздер Бұғының қазасына 

себепкер болған екен. 


407

Юпитер

1

 мен Есек

Бағбанның  жалғыз  Есегі  болыпты.  Хайуан  шектен  шыққан 

жалқау,  оған  қоса  ақылды  сөзге  құлақ  қоймайтын  қыңыр 

көрінеді. Жəне де: “Иесінің барша жұмысын өзім ғана атқарам, 

арқамнан  ауыр  жүк  бір  түспейді”, – деп  əрдайым  күңкілдей 

береді  екен.  Бір  күні  иесі  шаһарға  алма  сатып  алуға  бара 

жатқанда,  орта  жолда  тұрып  алып,  қожасымен  ерегіскен  Есек 

не ілгері, не кейін жүрмей қойыпты. Бағбан өте мейірімді жан 

екен. Есегінің оғаш мінезін елемей кешірім жасап, көк балау-

самен асырай беріпті. Есегі жалқауланып шабандағанда ұрып-

соқпайды  екен.  Бірақ  еріншек  Есектің  қара  ниеттілігі  сондай, 

құдайларға  астыртын  жалбарынып,  Юпитерден  маған  басқа 

қожа бер деп сұрайды. 

Есектің  мінез-құлқына  қанық  Юпитер,  оның  тілегін  қабыл 

алып, əлгі еріншек хайуанға қожа етіп тас тасушыны жібереді. 

Енді  Есек  күні  бойы  алма  орнына  одан  екі  есе  ауыр  тас  пен 

кірпіш  тасиды,  Иесі  Есекке  қураған  шөп  беріп,  жұмыстан 

жалтарған кезде таяқтап алатын болыпты. 

Есек  Юпитерге  басқа  қожа  жібер  деп  тағы  да  жалбарына-

ды. Юпитер зердесіз хайуанды келекелеп, бұл тілегін де орын-

дайды.  Есектің  бұл  жолғы  қожайыны  тері  илеуші  болады.  Ол 

өзі  дөрекі,  төрт  аяқтыны  жаны  жақтырмайтын  қатыгез  болып 

шығады. 

Енді  ақымақ  Есек  таң  атқаннан  күн  батқанға  дейін  су 

толтырылған  месті  арқалап,  күніне  бір-ақ  мезгіл  қоректенеді. 

Бар тамағы жуынды болады. Есек мүлде арықтап, қаңқасы ғана 

қалып,  жұмысқа  жарамайтын  болған  соң,  қожасы  оны  сояды 

да, терісін сыпырып алып, илеп, былғары жасап, базарға сатып 

жібереді. 

1

 Юпитер – мифологиялық құдай аты.



408

Тышқандар мəжілісі

Еденнің  астын  мекендеген  тышқандар  кеңес  ашыпты.  Кəрі 

Тышқан сөз бастапты. 

 – Қадірлі  достар!  Қысқа  өмір  Мысықтан  қорқумен  өтуде. 

Тіпті тастай қараңғы түннің өзінде де асханаға емін-еркін кіріп, 

қалаған тамағымызды жеуден қалдық. Мысық түнімен көз ілмей, 

бізді  аңдуда  болады.  Тіршілігімізді  қайткенде  қауіпсіздендіре 

аламыз, осы мəселе туралы кеңеселікші! – депті. 

Жиналған тышқандар қалың ойда қалған шақта, тыныштықты 

бала Тышқан бұзады:

– Алақай, сүйінші! Оның жолын мен таптым. Тура Мысықтың 

ініне  қоңырау  құрып  қоялық,  Мысық  інінде  қозғалған  кезде 

қоңырау шылдырлайды да, бізге белгі береді. Сонда қоңыраудың 

үнін ести сала, тығылып қаламыз. 

Жас  Тышқанның  тапқырлығы  мəжіліске  қатысып  отырған-

дарға өте ұнайды. Тек, кəрі Тышқан біраз ойланып, тағы да сөз 

апады. 

– Ұсыныс өте жақсы, орынды. Иесіне ризашылық білдіреміз.  



Алайда, сол қоңырауды Мысыққа батылы барып, кім байлайды, 

соны білгім келеді, – депті ол. 



Екі жолаушы

Екі  жолаушы  сапарда  келе  жатыпты.  Кенеттен  біреуі  кілт 

тоқтап, еңкейеді де, əлденені көтеріп алады. 

– Алақай, мен ақша тауып алдым, – депті айқайлап ол. 

– Достым, дұрыс сөйлемей тұрсың, – депті досы, – екі жолау -

шы бірге сапар шегіп келе жатқанда, бірінің: “Мен таптым”,   – 

дегені дұрыс болар ма екен, не тапса да: “Біз таптық”, – деу ке-

рек шығар. 

 – Жо, жоқ, – депті біріншісі. Өзі дүниеқұмар болса керек. – 

Тапқан алады, сондықтан ақша менікі. 

Қапшықта бірталай ақша бар екен. Ақшаны тапқан адам өзі 

алыпты да, жолдасымен бөліспепті. Жол жалғаса беріпті. 



409

Біраздан  кейін  жолаушылар  дем  алуға  тоқтап,  арттарына 

қараса, келе жатқан бөгде біреулерді байқайды. 

– Ойбай, құрыдық – деп айғайлапты əлгі ақша тапқан қу, – 

біз құрыдық. Бұлар ақшаның иелері. Енді бізді ұры деп, дарға 

асады.    

– Тағы да дұрыс сөйлемедің, достым, – депті екінші жолау-

шы. Сенің: “Біз құрыдық” деп айтуың қате, сен: “Мен құрыдым” 

деуің  керек,  өйткені  ақша  тауып  едің,  бөліспедің,  сондықтан 

мен сенің жазаңды бөліскім келмейді, – депті. 



Кəрі арыстанның тілазар күшігі

Бір  кəрі  Арыстанның  қыңыр  да  тілазар  күшігі  болыпты. 

“Адамзаттың жанына жақын жолама” деген əкесінің ақылына 

құлақ  қоймапты.  Күшік: “Сақ  боламын,  адамзаттың  жаны-

на жақын бармаймын”, – деп əкесіне ант етеді, бірақ айтқанын 

орындамайды. Адам баласын көруге өте ынтық болыпты. 

Бір  күні  ол  ауыл  маңына  барып,  өрісте  жайылып  жүрген 

Өгізді көреді. 

–  Сен  адамзатпысың? – деп  сұрайды  Арыстанның  күшігі 

Өгізден. 

– Жоқ, – деп жауап қайырады Өгіз. 

Содан Арыстанның күшігі Атқа келеді:

– Сен адамзатпысың?

–  Жоқ,  мен  адамзат  емеспін.  Егер  адамзатты  көргің  келсе, 

орманға бар. Қазір ол орманда ағаш кесіп жатыр, – депті Ат. 

Арыстанның  күшігі  орманға  барып,  Адамды  көріпті. 

Адамның бойы ұзын, қолында балтасы бар екен. 

– Ей адам! Менімен сайысқың келмей ме?

– Сайыссақ, сайысалық, – депті Адам. – Алдымен маған жақында 

да, күшімді сынап көр. Міне, мен үлкен ағашты алып ұрдым. Ал, 

сен ағашқа қағылған сынаны суырып көр, күшіңді байқайын. 

Арыстан  ағаштың  жарығына  қағылған  сынаны  суырамын 

деп əрекеттене бергенде, сына ыршып кетіп, Арыстанның аяғы 

ағаштың жарығына қысылып қалады. 



410

– Міне, мен сені қақпанға түсірдім, – деп күледі Адам. Адам 

ауылдастарын ертіп келіп, Арыстанды байлап алмақ болыпты. 

Арыстан бұлқына-бұлқына, қақпаннан əзер дегенде құтылады. 

Қол-аяғы қан-қан болып, əкесіне келеді. 

–  Ақылға  көнбеген,  алаңғасар  мен  екенмін! – депті  сонда 

күшік əкесіне. 

Тай мен Арыстан

Арыстан жылқы етіне жерік болған екен. Бір күні ойда жоқта 

семіз Тайды жолықтырады. Арыстан жылқыны көрісімен, оны 

жемтік  етудің  амалын  ойластыра  бастайды.  Бірақ  Тай  өте  сақ 

екен,  маңына  жолатпайды,  сондықтан  Арыстан  оны  айламен 

алғысы  келіп,  күллі  аңдар  арасында  “Арыстан  балгер  екен, 

емдемейтін ауруы жоқ көрінеді”, – деген сыбыс таратады. Бұл 

өсек Тайдың да құлағына жетеді, бірақ сезімтал Тай өз қулығын 

Арыстаннан да асырып түсіргісі келеді. 

Бір күні Тай Арыстанға:

 – Сені  жұрт  балгер  дейді!  Балгер  екеніңді  білейін,  аяғыма 

қан түсіп жүр, қарап берсейші, – депті. 

Арыстан  бұл  өтінішке  қуанып  кетеді.  Сонымен,  Тай  артқы 

аяғын  көтеріп  тұрып,  Арыстан  соны  қарап  жатқанда,  бар 

пəрменімен бастан теуіп жіберіп, доптай ұшырып түсіреді. Ай-

лалы Тай, аңқау Арыстанның тұрпайы қулығына осылай жауап 

беріп, жөніне кетіпті. 

Екі Шаян

Шаяндардың артқа қарай жүретінін барлық жұрт біледі. Алай-

да, бір кінəмшіл Шаян басқа бір жастау Шаянды тоқтатып алып:

–  Дүниеде  сірə  сендей  епсіз  бар  ма  екен?  Ол  ол  ма,  өзің 

тарбаңдап  артқа  ғана  жүресің.  Дүниедегі  барлық  жəндік 

аяқтарын  алға  қарай  басатынын  көрмеп  пе  ең?  Бұл  жүрісіңді 

өзгертсейші, бейшара, – депті. 


411

– Сыныңа рақмет, – депті əлгі жас Шаян. – Мен артқа қарай 

жүрсем,  бұл  жүріс  күллі  Шаян  біткеннің  табиғи  жүрісі.  Егер 

маған басқаша жүр деп кеңес берсең, сол жүрістің үлгісін өзің 

көрсетпейсің бе?

Есек пен Күшік

Бір  ақымақ  Есек  иесінің  кішкентай  Күшігінің  тіршілігіне 

іштарлық  көрсетіп  жүріпті.  Ойынқұмар  Күшік  еңбек  етіп, 

тер  шығарып  жатпайды  екен.  Күні  бойы  жұмсақ  жерге  жа-

тып,  ұйқысы  əбден  қанған  Күшікті  қожасы  тамаққа  тойды-

рып алып, артынан секіртіп ойнатады екен. “Мына жаманның 

мұншама  құтыруының  сыры  неде  болды? – деп  ойланады 

Есек.  Қожайыным  Күшікті  неге  əулиесітеді,  бұл  иттің  бала-

сы еңбек дегенді білмейді, бар бітіретін шаруасы – құйрығын 

бұлаңдатып,  қожайынды  көрсе  болды,  кеудесіне  секіру.  Ал, 

мен  болсам,  ұзақты  күні  арқа  етім  арша,  борбай  етім  бор-

ша,  қабырғам  қайысып  жұмыста  жүремін,  бірақ  соған  алар 

сыйым – суық  қора  мен  аузымның  қанын  судай  ағызатын 

соя-соя  қу  қурай”.  Осындай  тұрмысты  армандаған  Есек 

Күшіктен  үлгі  алғысы  келеді.  Күшік  не  істесе,  соны  істеп, 

қожасының  көңілінен  шығуды  ойлайды.  Бір  күні  кешкісін 

қожасы  егістіктен  келіп,  дем  алып  отырғанда,  Есек  бөлмеге 

кіріп, құйрығын бұлаңдата бастайды. Сонан соң төрге шығып 

құйрығын көтеріп алып, ордаңдап билегенде, ессіз хайуанның 

бұл  қылығына  шаршап  отырған  қожайын  қарқылдап  күле 

бастайды.  Енді  өз  ісін  жөн  көрген  Есек  артқы  аяқтарымен 

тік  тұрып,  Күшікке  ұқсап  алдыңғы  аяқтарын  қожайынның 

кеудесіне  қойып,  құйрығын  бұлғаңдатып,  шəуілдеп  үре  бер-

генде, қожайыны шошып кетіп, айқай сап, көмекке құлдарын 

шақырады.  Құлдар  Есекті  таяқпен  ұрғылап,  аулаға  айдап 

шығады.  Сонан  бері  Есек  ешқашан  қожасына  бұл  қылығын 

қайталамаған екен. 

 


412

Тауыс пен Тырна

Алтын  қауырсындарына  масаттанған  Тауыс  бір  күні  дала-

да  ұясында  отырған  Тырнаны  жолықтырыпты.  Қанаттарының 

сұрлығына қарап, Тырнаны Тауыс өте тұрпайы жəне жабайы құс 

деп санапты да, өзі мақтанбақ болып, оның алдында қанаттарын 

жазып  жіберіп,  арлыбері  кеудесін  көтеріп,  кербезденіп  жүре 

бас тапты. Тырна ақылды құс екен, Тауыстың қылығына қайран 

қалып:


 – Сіздің  сұлулығыңызға  ешбір  дауым  жоқ,  достым.  Бірақ 

осынша тамаша жарқырауық қанаттармен ұшуға жарамағаның 

қинайды мені. Бұлттардың үстінен қалқып ұшып, дүниенің төрт 

бұрышын шолып жүргенге не жетсін, шіркін! – депті. 



 Аңшы мен Орманшы

Бір  аңшы  өзінің  орманда  жасаған  ерлігін  мақтаныш  етіп, 

көрінгенге  айта  береді  екен.  Күндердің  күнінде  аңшы  орман-

шыны кездестіріп, əлгі əңгімесін айтып болған соң:

 – Қымбатты  достым,  мен  жолда  арыстанның  ізін  байқап 

қалдым. Осы орманда мен білсем, арыстан бар сияқты, ал соның 

өзі қайда екенін айта аласың ба? – депті. 

–  Иə, – депті  орманшы  байыппен, – мен  арыстанның  ізін 

қойып, керек болса, өзін көрсетейін. Жүр, бірге!

Бұл сөзден сасып қалған аңшы бозарып, үні дірілдеп:

– Жо-жоқ, рақмет! Мені зорлай көрме, сенімен ешқайда бар-

маймын. Маған керегі арыстанның өзі емес, ізі ғой, – депті. 



Екі Бақа

Бір жазда көп уақыт жаңбыр жаумай, құрғақшылық болып, 

көлдер мен құдықтардың суы тартылып қалыпты. Сусыз жерде 

өмір сүре алмайтын бақалар боса бастапты. 



413

Екі бақа айрылмастай дос екен. Өмірі бірге болуға ант етіскен 

көрінеді. Олар белден бел асып, қырдан қыр асып, көптеген жол-

дарды кесіп, ақырында, ауыл шетіндегі бір құдыққа тап болады. 

Құдыққа  үңіліп  қараса – шыңырау  терең  екен.  Олар  құдықтың 

ернеуіне отырып алып, не істерін білмейді. Қорқады. Бақаның бірі:

 – Кел, екеуіміз де құдыққа түселік. Құдықтың суы мөлдір су-

ынды бір қандыралық, – һəм суық па деймін. Шыдам бітті, су-

сынды бір қандырарлық, – депті. 

 – Достым, – депті  сонда  екіншісі. – Сен  секілді  мен  де 

шөлдеп тұрмын. Əрі мөлдір, əрі суық суға ынтық-ақпын. Бірақ, 

мен бұл құдықтың суы тартылып қалған ба деп қорқамын. Егер 

су  жоқ  болса,  не  істейміз.  Түсуін  түсерміз-ау,  қайтадан  қалай 

шығамыз. Жоқ, сау басымызға сақина тілеп азапқа түспей, əлде 

де болса, ағыны мол өзен, көл іздестіре тұралық!

 Саудагер мен Теңізші

Бір  күні  Саудагер  мен  Теңізші  мейманханада  бірге  тамақ 

ішіп отырып, əңгіме шертіпті.  

–  Сіздің  əкеңіз  кім  болып  еді? – деп  сұрапты  Саудагер 

Теңізшіден. 

– Менің əкем де теңізші болған, – деп жауап қатыпты Теңізші 

масаттанып. 

–  Əкеңіздің  əкесі  кім  болып  еді? – деп  сұрапты  Саудагер 

тағы  да. 

– Əкемнің əкесі де, оның əкесі де теңізші болған екен, – депті 

шаттанған Теңізші. 

– Əкеңіз неден қаза болып еді? – деп сұрапты Саудагер. 

– Əкем суға кетіп өлген, – деп жауап қайтарыпты Теңізші. 

– Əкеңіздің əкесі, тіпті оның əкесі неден қаза болды? – деп 

сұрапты Саудагер. 

– Олардың барлығы суға кетіп өліп еді, – депті Теңізші. 

–  Ендеше  несіне  теңізші  болдыңыз?  Суға  кетіп  өлемін  деп 

қорықпайсыз ба? – деп сұрапты Саудагер. 

Теңізші не дерін білмей, үндемей отырып, біраздан кейін:


414

– Сіздің əкеңіз кім еді? – деп сұрапты. 

– Менің əкем саудагер еді, – деп жауап қатыпты Саудагер ма-

саттанып. 

– Əкеңіздің əкесі, оның əкесі кім еді? – деп сұрапты Теңізші. 

– Барлығы саудагер еді, – депті шаттанған Саудагер. 

– Əкеңіз неден қаза болып еді? – деп сұрапты Теңізші. 

– Менің əкем бе, əкем өз төсегінде жатып-ақ өлген, – депті 

Саудагер. 

– Ал, əкеңіздің əкесі, оның əкесі қалай өліп еді? – деп сұрапты 

Теңізші!

–  Олардың  барлығы  да  өз  төсектерінде  өлген, – депті 

Саудагер.  

–  Ендеше,  сіз  де  өз  төсегіңізде  жатып-ақ  өлемін  деп 

қорықпайсыз ба? – депті Теңізші. 

 

Арыстан жəне төрт Өгіз

Төрт өгіз араларынан қыл өтпестей тату дос болыпты. Бірге 

жүріп,  бірге  жайылады  екен.  Сондықтан  да  жыртқыштардың 

достарға батылы бармайтын көрінеді. 

Арыстан  бұлардың  бірін  жемтік  етпек  болып,  достарды 

көп уақыт сырттан шолып жүріпті. Бірақ, берекелі достардың 

төртеуіне бірдей əлі жетпейтінін біліп, тиісуге батылы бармайды.  

Сонымен, көңілді жаз етіп, қоңыр күз келеді. Қалай болғанын 

кім  білсін,  Арыстан  төрт  өгіздің  достық  қарым-қатынасы 

суығанын сезеді. Енді өгіздер жеке жайылып, бірінен-бірі қашық 

жүреді. Өгіздердің араздығын пайдаланған Арыстан біріне тап 

береді. Қалған үшеуі досына қол ұшын созып көмекке келмейді, 

ортақ жауға бірге қарсы тұрмайды. Арыстан əлгі өгізді жарып 

тастайды.  Сөйтіп,  Арыстанға  өгіздерді  бір-бірлеп  жемтік  ету 

қиынға  түспейді.  Аз  ғана  уақыттың  ішінде  Арыстан  өгіздерді 

түгелдей жайратыпты. 


415

Бөрі, түлкі жəне есек

Тасбауыр Бөрі, айлалы Түлкі жəне аңқау Есек күндердің бір 

күнінде  мəслихат  құрып,  күнəлі  істерін  əңгіме  етіп,  өздерін-

өздері сынап-мінепті. 

Бөрі  сөзді  алдымен  бастап,  істеген  қылмыстарын  тізіп,  сы-

най бастапты. 

–  Бір  күні  қарным  қатты  ашқан  соң,  бір  доңызды  жегенім 

барды. Бірақ майы аққан семіз хайуанның ажалы өзінен болды:  

он  екі  торайын  жалғыз  тастап,  басында  миы  бар  жануар   ну 

тоғайға  жайылуға  келе  ме?  Артынан  əлгі  доңыздың  он  екі 

торайын  көргенде, бұлар енелері жоқта арам қатар деп жаным 

ашығандықтан, түгелдей жеп қойдым, – депті, Бөрі көзіне жас 

алып:

– Əбден дұрыс жасаған екенсің, тəңір жарылқағыр, – депті. 



Түлкі Бөріге қарап, – торайларын жалғыз тастап кеткен қаңғыбас 

доңызға  сол  керек.  Кішкентай  торайларды  жетімсіретпей, 

жылы орын тауып бергенің тіпті ерлік пе деймін. Белі бекімеген 

бөбектерге енесіз өмір – өмір бола ма?

– Ал мен сендерге өз күнəмді айтайын, төреші болғайсыңдар. 

Бір  күні  бір  қоразды  ұстап,  басын  бұрап,  жұлып  алдым.  Оба-

лы  не,  кінə  өзінен  болды.  Тым  бақырауық  еді,  жер-көкті 

жаңғырықтырып  айғайлап  жан-жануарларға  ұйқы  бермей, 

ерте  оятып,  орындарынан  тұрғызып  жіберетін.  Қоразды  жеп 

болған  соң,  байқасам,  бейшара  балапандар  əкелерінің  өлігін, 

қан-жынын көріп, байбалам салып шиқылдап, жылай бастады. 

Дүниедегі  ең  жек  керетін  нəрсем  кішкентайлардың  көз  жасы. 

“Қой, бұларды жылатып, мұратыма жетпеспін” деп, оларды да 

бір-бірлеп асай салдым. 

–  Дұрыс  болған.  Сорлылардың  обалына  қалмаған  екенсің, 

міне, құдай сүйер қылық деп осыны айт!

Сөз ең соңынан Есекке тиіпті. 

–  Əрине,  мен  де  өзімнің  қылмысты  істерімді  мойындауым 

керек, – деп  бастапты  сөзін  Есек, – бір  күні  қарным  ашқанда 

не  жерімді  білмей,  қожамның  ертоқымының  жыртығынан 

шығып тұрған сабанның бір шөкімін алып жегенім бар еді. Со-


416

нан əлі күнге дейін қожамнан қатты ұялап жүрмін. Қожайыным 

жылқышы еді. 

– Өй, – деп айқай сапты Бөрі, – мынау барып тұрған сұмырай 

екен.  Қожайының  жылқы  бағып  жүріп,  сен  сабанын  жұлып 

алған  жағына  қарай  аунап  кетіп,  жұлынын  үзіп,  өліп  кетсе, 

қайтер едің?

– Дұрыс айтасың, достым Бөрі, – депті қу Түлкі. Онан соң 

Есекке қарап: – Сен нағыз сатқынның өзі екенсің. Бұл қылмысың 

үшін сені қатал жазаға тарту керек. 

Бөрі мен Түлкі бірігіп алып, Есекті жеп қойған екен.  

Мысық пен Түлкі

Бір  күні  Мысық  пен  Түлкі  кездесіп  қалыпты.  Бірін-бірі 

көрмегелі  көп  мезгіл  өтіпті.  Кездескендеріне  қуанысып,  жөн 

сұрасып, артынан əңгімеге көшіпті. 

Алғашында олар ауа райы туралы, онан соң үй іші туралы, 

соңынан саясат жөнінде мəслихаттасыпты. 

 – Орманда не алапат болса да, тіпті өртеніп кетсе де, маған 

бəрі  бір.  Ештемеден  қорқу  дегенді  білмеймін.  Айла  деген 

жетеді,  –  депті Түлкі мақтанып. 

–  Ей,  қымбатты  достым-ай, – депті  Мысық. – Осы  біздің 

орманға ит ерткен аңшылар келді дегенді естідім. Бірақ ондай-

дан мен де қорықпаймын. Бар қауіптен сақтанатын бір ғана ама-

лым бар, ол – зып етіп ағаш басына шығып кету. 

–  Ойбой,  достым-ай,  құдай  құртқан  екен  ғой  сені, – депті 

Түлкі, – барша  қауіпке  бір  ғана  амал  төтеп  бере  ме,  кел,  мен 

саған біраз қулық үйретейін. 

Дəл осы кезде ағаш арасынан үрген иттердің дауысы естіліп, 

аңшылар  жетіп  келеді.  Бір  ғана  айласы  бар  Мысық  зып  етіп, 

көзді  ашып-жұмғанша,  ағаш  басына  көтеріліп  кетеді.  Ал,  көп 

амалы  бар  Түлкі  қай  айласын  қолданарын  білмей,  ойланып 

түрғанда, иттер келіп, бас салып, алып ұрады. 


417

Мазмұны

Алғысөз орнына. Ұлы жолаушы. Əуезов Мұрат.  ................................ 4

Аға туралы естелік. Рахметолдақызы Шекербану ............................ 12



Найман хандығы 

Алғы сөз. Қасқабасов Сейіт. ................................................................ 25

Найман Ұлысы  ...................................................................................... 26

Наймандардың тарихи жəне этникалық тегі ....................................... 35

Қос өкімет ............................................................................................... 44

Бұл қай соғыс? ........................................................................................ 58

Бəрі де аңыздан басталады... ................................................................. 63

“Ашамайлы зобалаң” ............................................................................. 64

Қызылқұмдағы қантөгіс ........................................................................ 68

“Поп Иоан” деген кім? .......................................................................... 70

Уаң ханба, əлде Таян хан ба? ................................................................ 74

Тəңірдің зауалы ...................................................................................... 77

Сатқындықтың құны .............................................................................. 79

Шұғыл шешім ......................................................................................... 81

“Құрылтай” ............................................................................................. 83

Қауқар сынағы ........................................................................................ 86

Жамұха .................................................................................................... 89

Күйреу ..................................................................................................... 93

Наймандар Жетісуда. Күшлік хан ......................................................... 96

Найманның рулық шежіресі ............................................................... 103

Біз, қазақ, қайдан шықтық? ................................................................. 106

Пайдаланылған əдебиеттер ................................................................. 116



Тарихи материалдар

Взлет и падения Кушлук хана ............................................................. 118

Қазақ мемлекеті қалай пайда болды жəне оған Шыңғыс 

ұрпақтарының қатысы ......................................................................... 123

Келіпті Көкжарлыдан Көкжал Барақ ................................................. 135


418

Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы ............................................................. 151

Найман мемлекеті ................................................................................ 157

Жалайырлар. Ақатай С.Н., Бабалықов Жағда ................................. 163

Қазақ ордасы. Ақатай С.Н., Бабалықов Жағда ................................ 190

Орта ғасыр бізден алыс, фанатизмі жағынан XX ғасырдан екі  

аралық бір-ақ адым .............................................................................. 209

Зəру зерттеу .......................................................................................... 211

Бесқаладан Таразға дейін. С. Ақатаев, А. Сейдімбеков ................... 216

Қазақтың ұлттық менталитеті............................................................. 226

Абайдың əлеуметтік позициясы ......................................................... 236

“Хаус нама” жəне Абайдың “Ғақлиясы” ............................................ 250

Жазық .................................................................................................... 260

Великий Коркыт и его учение ............................................................. 262

Қорқыт əйел туралы ............................................................................. 267

Древнетюркская Богиня любви и брака Умай ................................... 270

К пережиткам культа Тенгри у казахов .............................................. 276

Евразийство в контексте культурной общности ............................... 291

Мусульманская схоластика и попытки христианизации 

в казахской степи.................................................................................. 299

Нар беліне лайық жүк .......................................................................... 307

Шоқан жəне декабристер .................................................................... 315

Тұңғыш декреттің түйткілі ................................................................. 317

Дəмі бітпес, таусылмас тəтті бар ма? Иə, бар. Ол – Тəуелсіздік! .... 321

Көк ту желбіреп тұрсын десек ............................................................ 325

Латынға көшсек екен ........................................................................... 332

Шығандап кешкен бір жұрт бар ......................................................... 335

Нұрекең қазақтың еншісін алмайын деп жүрген жоқ... /Сұхбат. 



К. Берікболова ....................................................................................  . 344

419

Желтоқсан бұрқасыны ......................................................................... 350

Ордабасы немесе олимпке көтерілу /Сұхбат. Ш. Құмарова .......... 356

Қазақ мемлекеті тəуелсіздік алмай, қазақ халқы азат  болмайды.  



Сұхбат. Ə. Қабаев ............................................................................... 360

Біз 1998 жылдан не күтеміз? ............................................................... 370

Ертегілер əлемінде. Тоқылдақ ............................................................ 375

Əнші Ботақан ........................................................................................ 377

Сырлы шаңырақ ................................................................................... 380

Эзоп мысалдары. Ағылшын тілінен аударған С. Ақатаев ............. 386

Тауыс қанатын таққан қарға ................................................................ 387

Алтын жұмыртқадан айырылған əйел ............................................... 390

Қала тышқаны мен дала тышқаны ..................................................... 391

Арыстан мен Тышқан  ......................................................................... 393

Ит пен Қасқыр ...................................................................................... 394

Еріншек Есек ........................................................................................ 395

Кұйрықсыз қалған Түлкі ..................................................................... 396

Қой терісін жамылған Қасқыр ............................................................ 396

Есек, Қораз жəне Арыстан .................................................................. 397

Түлкі мен Көкқұтан ............................................................................. 397

Ақылгөй Қараторғай ............................................................................ 399

Диқан қазынасы ................................................................................... 400

Шөп қорыған Ит................................................................................... 401

Жарқанат ............................................................................................... 402

Меркурий жəне Орманшы ................................................................... 403

Арыстан, Жолбарыс жəне Түлкі ......................................................... 404

Құмырсқа мен Шыбын ........................................................................ 404

Бүркіт, Мысық жəне Доңыз ................................................................ 405


Мақтаншақ Бұғы .................................................................................. 406

Юпитер мен Есек ................................................................................. 407

Тышқандар мəжілісі ............................................................................. 408

Екі жолаушы ......................................................................................... 408

Кəрі арыстанның тілазар күшігі ......................................................... 409

Тай мен Арыстан .................................................................................. 410

Екі Шаян ............................................................................................... 410

Есек пен Күшік ..................................................................................... 411

Тауыс пен Тырна .................................................................................. 412

Аңшы мен Орманшы ........................................................................... 412

Екі Бақа ................................................................................................. 412

Саудагер мен Теңізші ........................................................................... 413

Арыстан жəне төрт Өгіз ...................................................................... 414

Бөрі, түлкі жəне есек ........................................................................... 415



Мысық пен Түлкі ................................................................................. 416

Ақатай С.Н. 

Інжу-Маржан секілді: Эссе; 

Тарихи материалдар: Саясат. Қайта басылған

Жинаққа  Сəбетқазы  Ақатайдың  еліміздің  тəуелсіздік  алу 

жолындағы  жəне  тəуелсіздік  алғаннан  кейінгі  еліміздің  тағдыры 

толғандырған, сонымен қатар қазақ əлеуметін сабырлы да баянды 

əрекетке шақырған саяси   мақалалары жəне “Інжу-Маржан секілді” 

атты эссесі кірді.

“Print-Express” баспасынан 

“Інжу-Маржан секілді” атты кітабымен қатар 

Сəбетқазы Ақатайдың

 төмендегі жинақтары жарық көрді: 

Ақатай С.Н.

Тереңнен тартқан тамырлар: əдеби мақалалар; 

Əдеби материалдар. Қайта  басылған

Жинаққа шығармалар, сыншыл, шыншыл мақалалары, үн қосқан, 

жақтаған  үндеулері, “Тереңнен  тартқан  тамырлар”  секілді 

кітапшасы  кірді.  Сəбетқазы  Ақатайдың  бұл  кітабында  Абай 

шығармашылығы арқылы кемелденуін сөз ететін əдеби жəне тарихи 

мақалалары мен қазіргі көркем туындыларды талдайтын еңбектері 

де енген.

Ақатай С.Н.

Күн мен көлеңке: ғылыми-танымдық аңсар;  

Тарихи материалдар. Қайта  басылған

Жинаққа 

ғалымның 

ғылыми 

зерттеулері, 

ізденістері, 

тұжырым ды ойлары, құнды пікірлері, көзқарастары, ұсыныстары 

философиялық болжамдары мен “Күн мен көлеңке” атты ғылыми 

танымдық кітабы кірді. Сонымен қатар, тарихи жəне əлеуметтік 

мəселелер туралы мақалаларды енгіздік. 

Бұл кітапта адамзаттың балаң танымынан бүгін материалистік 

танымға  шейінгі  кезеңі  қызғылықты  деректермен  тартымды 

баяндалады. 

Ақатай С.Н.

Древние культы и традиционная культура 

казахского народа: монография; 

Тарихи материалдар. Қайта  басылған

Сəбетқазы Ақатайдың бұл жинағына мəдениет, эстетика, салт-

дəстүр,  экология  туралы  көтерілген  зерттеу  мəселелері,  басқа  да 

əңгімелері, сонымен қатар “Древние культы и традиционная культу-

ра казахского народа” атты монографиясы еніп отыр. 

Бұл жинақта қазақ халқының мəдени байлығын зерттеушілерге 

арналған өте құнды материалдар табылады.

Ақатай С.Н.

Сырты күміс, іші алтын; 

Мəдени-этникалық материалдар. Қайта  басылған 

Жинаққа  “Абылай-хан”  тарихи-қаһармандық  кинодрамасы 

жəне “Қарғыс” атты елбасына төнген қасірет, зұлымдық туралы 

зерттеу  мақаласымен  қатар,  салт-дəстүр,  эстетикалық  тəрбие, 

халықтың  өнері  туралы  ізденістері  жəне  əлеуметтік,  экологиялық 

мəселелерін талқылайтын материалдар енгізілді.

Сəбетқазы Ақатай

Найман хандығы 

Монография

Тарихи материалдар

 

Корректорлары – Садықова Н., Шаққозова Г., Алдашева А.



Техникалық редакторы, суреттерді дайындаған, 

компьютерде беттеген Алдашева А.

Мұқаба дизайны, суреттерді дайындаған – Ключникова К.

Теруге 08.07.2011 жіберілді. Басуға 20.09.2011 қол қойылды.  

Форматы 60х90

1

/



16

. Офсеттік басылыс. 

Көлемі 26,5 б.т. Тиражы 500 дана. 

“Print-Express” баспасы

г.Алматы,

ул. Курмангазы/Мауленова 110/81

тел.: 272 60 11, 272 61 50

:

e-mail  print_express@bk.ru



Document Outline

  • 1-2
  • вклейка 1
  • 3-96
  • вклейка 2
  • 97-360
  • вклейка 3
  • 361-424


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет