Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

Қазақ ордасы: шығуы жəне тегі

(Мемлекетіміздің 530 жылдығына орай)

1. Қ


ОСЫЛҒАН

 

ОЗАДЫ



Қазақ  əлеуметіне  сай  əлімсақтан  келе  жатқан  бір  жалпы 

заңдылық  бар:  қазақтың  басы  қосыла  қалса,  жеңіске  жетеді, 

елге де, жерге де аспан астын қоңыраулатып жаңалық келеді, ел 

түлейді, жер гүлдейді, ал басы ажыраса болды, жеңіліп қалады, 

аспанын қара түнек торлайды. Халқымыз өз тарихында талай-

талай шерулі жеңіс қошаметін басынан өткізгені мəлім, алайда, 

қасірет  те  кем  болған  жоқ.  Тарихи  дамуымыздың  ең  басты 

нəтижесі – əрине  іргелі  ел  болуымыз,  мемлекет  болуымыз, 

əлеммен, ірілі-ұсақты қоныстас-тұстас мемлекеттермен қарым-

қатынасқа  бірегей  жалпы  да  жалқы  ҚАЗАҚ  деген  саяси-

этникалық ұйымға, субъектіге айналып барып түсуіміз жатады. 

Қалған істің баршасы: Отан қорғау, ұрпақ тəрбиелеу, еркіндік, 

əділеттілік,  шаруашылық,  бақыт,  денсаулық,  ақ  жаулық  жəне 

басқа  да  көп  салалы  тіршілік  тауқыметі  мемлекет  болып 

алғаннан кейінгі күнделікті күйбең қамы. 

XV  ғасырдың  орта  тұсында  қазақ  жиылып,  бас  қосып  ту 

көтергенде аспан ашық, күн жарық болған екен. Ол кез еліміздің 

де,  жеріміздің  де  жұлдызы  жоғарылаған  сəті  еді.  Əз-Жəнібек. 

Керей  мен  Қасым  сынды  азаматтар  қол  бастады,  Асан  Қайғы 

мен Жиренше сөз бастады. Бұлғардың табаны тиген жерде жол 

ашылып,  жау  жеңіліп  жатты.  Тіпті  əлемді  тітіренткен  Ақсақ 

Темір “Көреген” əлеуметінің қосындары қазақ баһадурларынан 

сескеніп,  соғыс  майданын  тастай  қашқан  кездері  болған. 

Еліміздің сол кездегі батырлары қазақ жерінің шебін шығысқа 

созып  Ертіс  пен  Алтайға  жеткізді,  батысқа  созып  Еділ  мен 

Жайыққа барды, оңтүстіктегі Жиделі Байсынды қыс қыстауына, 

Ібір-сібірді  жаз  жайлауына  айналдырды.  Ол  кездегі  Қазақ 

Ордасының жер көлемі қазіргі Қазақстанға қарағанда 2 есе артық 

болды. Араласпаған ел, алынбаған қамал қалмады. Самарқаннан 

түстенген  қазақ  баһадурлары  мен  бекзадалары  кешкі  намазға 



191

Бұқарада  жығылды.  Ташкент  ресми  байтаққа,  Түркістан  діни 

астанаға  айналды. “Баяғыдай  болар  ма  тағы  заман”  деп XVII 

ғасырда қалмақ табанына түскен қазақ сарбаздары бұл заманды 

тегін жоқтамаған екен. Сүйткен заманның да шаңы басылды. 

Тарих  тоғынағын  артқан  керуен  өтіп  кеткеннен  соң  солай 

көрінуі  де  ықтимал.  Бірақ  өткенге  бүгінгі  күннің  үкімі 

жүрмейтіні  хақ.  Қалай  болғанда  да,  Қазақ  Ордасымен  шендес 

ұлыстардың  баршасының  шаңырағы  опырылып  ортасына 

түсіп,  керегесі  күйреп  бітіп,  Дешті-Қыпшақтың  орнына  Қазақ 

ордасы  келді,  оның  төңірегін  қоршаған  қалың  жау  жеңіліп  ту 

тігуші қаһармандары ер атанып, есімдері мəңгі-бақи ел есінде 

қалыпты.  Бізге  тарихи  деректер  осылай  дейді. “Төртеу  түгел 

болса, төбедегі келеді, алтау араз болса, ауыздағы кетеді” деп, 

түйіндейді халық өткен ізін бағдарлай отырып. 

2. Ш


ЫҢҒЫС

 

ХАН



 

ДƏУІРІ


Қазақстанның  үш  мыңдық  жылдық  жазба  тарихынан 

жерімізде  əр  түрлі  мемлекеттер  болғанын  білеміз.  Бірақ 

солардың барлығына Шыңғыс килігіп “Шыңғыс ханға дейінгі”, 

“Шыңғыс хан дəуіріндегі” жəне “Шыңғыс хан əулетінен” кейінгі 

мемлекетті құрылымдар деп бөліп тастады. Отаршылық кезең, 

əрине,  бұлардан  оқшау  тұрады.  Ресейдей  мемлекет  басқару 

жүйесі Дала заңдылықтарының бір де біріне – Шыңғыс ханның 

“Яссасына”, Қасым ханың “Қасқа жолына”, Есімханның “Ескі 

жолына”,  Əз-Тəукенің  “Жеті  Жарғысына” – бағынбайды. 

Алайда,  Ресейдің  өзінің  де  мемлекет  болуы  Шыңғыс  ханнан 

бастау  алады.  Оны  Ресей  саясаткерлері  мойындамағанмен 

орыс  ғұламалары  сан  рет  бүкпесіз  айтуға  мəжбүр  болған  осы 

жəйттерді көре-біле тұра қазір де жаңа Қазақстан мемлекеттің 

Ресей  үлгісінде  құруымыз  өкінішті-ақ.  Ресей  ту  баста 

өзінен  басқаны  менсінбейтін,  өктем,  этноэгоистік,  орыс  иісі 

шықпайтын нəрсені назарына ілмейтін тəкəппар да содыр саясат 

ұстанды. Ол маңайын қоршаған барша ұлттар мен ұлыстарды 

“жеке  меншігі”  санады,  қанады,  зорлады,  қан  қақсатты,  орыс 



192

халқының  өзінің  басына  əңгір-таяқ  ойнатты.  Қызыл  империя 

осы саясатты жалғастыра түсті. Орыс империясымен көршілес, 

тіпті жақын қоныстас отырудың өзі түпсіз қасіретке айналды. 

Əлемде Ресейден зəбір-запа шекпеген бір де бір жұрт жоқ шығар. 

Ресей  тарихы – соғыс  тарихы,  басып-жаншудан  басталып, 

басып-жаншумен  шектеледі,  саясаты  арбау  мен  алдауға, 

өндірісі қару-жарақ шығаруға, ішкі істері қамау мен жазалауға 

бейімделген.  Өзі  істеген  жандармериялық  қылмыстардың 

есесіне  Ресей  əрдайым  қарғысқа  ұшырап  жатады.  Бұл  тек 

Чешенстан  мен  Ауғанстандағы  жағдайларға  байланысты 

емес,  əлем  тарихшыларының  ортақ  пікірі.  Мыңжылдық 

тарихы  бар  Ресей  мемлекеті  əлі  құрылу  үстінде.  Өйткені  бұл 

–  үздіксіз  соғыс  жүргізуден  өз  шаруашылығын  түзеуге  қолы 

босамағандықтың салдары. Алайда, еңбекқор орыс халқы мен 

озбыр  Ресей  екеуін  шатастыруға  əсте  болмайды,  бірі  дос  та, 

екіншісі қас, қас болса, ол да дос, дос болса. Қашан болмасын, 

мемлекетті биліктің өз табиғатымызға сай тұрпатына көшпесек, 

түбі  бір  қатерге  ұрынуымыз  кəдік,  өйтпеген  күнде  орыстарға 

ұқсап біріміз “қызыл”, біріміз “ақ”, біріміз “көк” болып мəңгі-

бақилық тартысқа түсеміз. 

Қазақстандағы  ежелгі  мемлекеттердің  күлін  көкке  ұшырып 

олардың  орнына  орталықтанған  бірегей  мемлекеттік  жүйе 

əкелген де Шыңғыс хан еді. 

Демек  қазақ  халқының  мемлекет  болып,  ту  тігуінің  түп 

негізі  Шыңғыс  ханның  есімімен,  көшпелілік  өркениетпен, 

Ұлы Қағанның саяси жəне соғыс əрекетімен, ішкі жəне сыртқы 

елдермен қарым-қатынас саласымен тығыз байланысады екен. 

Бұрынғы  заманның  қазақтары  Шыңғыс  ханның  аты  аталған 

жерде  “Дүйін  Баян  (Добын-Баян – Шыңғыстың  ата  тегі) 

Шыңғыс  хан,  нəсілің  нұрдан  жаралған”  деп  əруағын  атап, 

бас  иіп,  тағзым  етіп  жататынын  Г.  Н.  Потанин  жазбаларынан 

оқимыз.  Шыңғыс  ханды  жауыз  етіп  суреттеген  мұсылман-

парсы  тарихшылары  ан-Насауи,  Ата-Мəлік  Жувейни,  Ибн 



193

əл-Əсір  жəне  орыс  тарихшылары  еді.  Ал  əділ  бағасын  беріп, 

кемеңгерлігін  мойындаған  Еуропа,  Қытай  жəне  Монғолия 

ғалымдары болды. 

3. Ж

ОШЫ


Жошы (1187–1227), кейбір  деректерде – Жолшы,  Шыңғыс 

ханның  “жолдан  тапқан  баласы-мыс”, “Ұлы  қағанның  үлкен 

ұлы”, “отының  алды,  суының  тұнығы”,  құрамына  Ресей, 

Солтүстік Кавказ жəне Қазақстанның көп бөлігі кірген “Алтын 

Орданың” іргетасын қалаушы, Еуразия құрлығының ірі соғыс 

жəне саяси қайраткері. Қазақстан мен Орта Азияның көптеген 

қалаларын  толық  күйреуден  аман  алып  қалған  да  осы  Жошы. 

Ұлы  қағанның  басқа  ұлдарына  қарағанда  Жошы  мейірман, 

кішіпейіл, сабырлы, өнер мен білімге етене жақын жан болыпты. 

Қазақ  аңыздары  да  оның  осы  қасиеттерін  мақтанмен  айтады. 

Жошы  Алтын  Орданы  дара  билейді.  Елін  де,  жерін  де  қатты 

құрметтейді. 

Жошының  Дешті-Қыпшаққа  сіңірген  еңбегін  айтудың  өзі 

зерттеушіні рахат құшағына бөлейді. Сол заманның тарихшысы 

Жүзжанидың (ХІІІ ғ. ) дерегі былай дейді: “Жошы қыпшақтың 

жері  мен  суын,  ауасын  көрген  кезде  дүниеде  бұдан  артық 

жердің, бұдан артық сап ауаның, мөлдір судың болуы мүмкін 

емес екенін ұғып, қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша өзі 

осында қалып, бұл елді бүліншіліктен азат етуге бел байлаған; ол 

өзінің пікірлес адамдарына: “Шыңғыс хан сірə, есінен алжасқан, 

өйткені  ол  осыншама  жерді  ойрандап,  осыншама  халықты 

қырғынға ұшыратып отыр, сондықтан мен аңға шыққан кезде 

əкемді  өлтіріп,  мұсылмандармен  одақ  құратын  шығармын”. 

Оның  бұл  ойын  Шағатай  сезіп  қалып,  əкесіне  жеткізген  де, 

əкесі білдірмей оны у беріп өлтіруге əмір берген” (“Табакат-и 

Масири”).  Жүзжанидың  мəліметіне  қарағанда,  Жошы  білекті 

де өр жүрек, қайратты да қабілетті адам болған. Əке мен бала 

арасындағы  қырғи  қабақ  қашан  басталып,  немен  тынғаны 

бимəлім, əйтеуір кейбір мəліметтер əкесі тұңғыш ұлын ерекше 


194

жақсы  көргенін  атап  жатады.  Қазақстандық  патриотизмнің 

ежелгі тұрпаты осындай тұнықтан бастау алады. 

“Шежіре ал-атрак” деген XV ғасырдың қолжазбасында хан 

ордасына  Ұлы  Жыршы  деген  уəзірі  Жошының  өлімі  туралы 

қазалы хабар жеткізгенде: 

Құлыны өлген құландай, 

Құлынымнан айрылдым. 

Ажырасқан аққудай, 

Ер ұлымнан айырылдым, –

деп,  Шыңғыс  хан  еңіреп  жоқтау  айтыпты  деген  мəлімет  бар. 

Жоқтау түрік тілінде жырланады. Жошының қазасын Шыңғыс 

хан  мен  бірге  орда  маңындағы  белгілі  əмірлер  мен  нояндар, 

шешендер мен баһадурлар қосылып жоқтасады. Жошыдан соң 

көп  ұзамай,  алты  айдан  кейін  ұлы  қағанның  өзі  де  дүниеден 

озады. XVI ғасырдың  тарихшысы  Хафиз  Таныш  Жошы  хан 

елерінде өз ұлысының кіндігі – Орталық Қазақстанға жерленуін 

өсиет еткенін жазады. Жошы ханның күмбезі бүгінде Жезқазған 

жерінде  Кеңгір  өзенінің  бойында.  Ол  Қазақстанның  мəдени-

тарихи  ескерткіштері  тізіміне  енгенмен  жөнделіп  қалпына 

келтіріліп,  тиісті  дəрежеде  мемлекеттік  қамқорлыққа  алынған 

деп айта алмаймыз. Өйткені Қазақ Ордасына жол салған Дешті-

Қыпшақтың  да,  Алтын  Орданың  да,  тұңғыш  ханы,  ел  басы 

Жошы  болған.  Оған  деген  құрмет  мемлекетімізге,  туымызға 

деген  құрметпен  пара-пар.  Келесі  жылы  Жошының  туғанына 

810  жыл,  өлгеніне 770 жыл  толмақ.  Игіліктің  ерте-кеші 

болмайды азамат парызы өтелер шақ жақындап келеді. 

Дархан  мінезіне  сай  етіп,  Жошының  етегіне  құдай  бала-

шағаны  да  мол  берген.  Кейбір  деректер  оның 40 ұлы  болған 

деседі. Белгілі парсы тарихшысы Рашид-ад-дин Жошының 14 

ұлын өз есімімен атаса (тұңғышы – Орда, екіншісі – Бату, онан 

кейінгілері рет-ретімен: Берке, Беркешар, Шибан, Танғұт, Буал, 

Шылауқұн,  Шынқұр,  Шымпай,  Мұхаммед,  Үдір,  Тоқай-Темір 

Шыңқұм),  ал  “Муизз-ал-ансаб”  деген  ортағасырлық  шығарма 

оның 18 ұлы  болғанын,  Берке,  Бері  мен  Беркешар  деген 


195

балаларының  анасы  Сұлтан-қатын  екендігін,  Орда  мен  Есен 

Қоңырат руынан (Шыңғыстың нағашы жұрты, өз жұрты – қият) 

алған тоқалдан туатынын айтады. 

4. Б

АТУ


Жошының  өлімін  естіген  Шыңғыс  хан  кенже  інісі  От-

жиғанға: “Дешті-Қыпшаққа  бар,  Жошының  ұлы  Сайынды 

(Батудың  лақап  аты)  əкесінің  орнына  отырғызып  қайт”  деп, 

арнайы  тапсырма  береді.  Ағасының  айтқанын  бұлжытпай 

орындап, той тойлап жатқан Отжиғанға “Шыңғыс хан дүниеден 

озды” деген суық хабар түседі. 

Біздің  заманымызға  жеткен  тағы  да  бір  тарихи  рауайатта 

Шыңғыс  хан  өлері  алдында  немересі  Батуды  Монғолияға 

шақырып  алып: “Əкеңнің  билігін  жалғастыр  да,  əкең 

армандаған  жерлерді  жаулап  ал”  деп  бұйырған  екен.  Хорезм 

қаласынан  шыққан  Өтеміс  хажы (XVI ғ.) “Шыңғыснаме” 

деген шығармасында Алтын Орданың тағына Батудың отыруы 

жөнінде  тағы  да  бір  тосын  деректеме  келтіреді.  Жошы  дүние 

салғанда оның үлкен екі ұлы Орда-Ежен мен Бату əке тағына 

өздерін  өздері  емес,  бірін-бірі  ұсынады.  Мұны  бір  ағайын 

арасындағы  татулықтан  туған  ынтымақ,  береке-бірлік  деп 

ұғамыз. Екеуі де хан болудан бас тартады. 

Əлемдік  тарихта  бұндай  оқиға  болмаған.  Тақ  үшін  талас 

əдетте  қантөгіспен  аяқталатыны  мəлім.  Испан,  француз,  əлде 

ағылшын  патшалары  бұл  орайда  өздері  “варвар”  атайтын 

монғолдардың  қолына  су  құюға  жарамайды.  Батудың  əкесіне 

тартқан жайсаң да жайдары мінезі туралы басқа да тарихшылар 

жазады.  Еуропа  саясатшылары  Плано  Карпини  мен  Гильом 

Рубрук өз көздері көрген Батудың ел ішіндегі асқақ абыройын 

арнайы атап өтеді, оның құрбы-құрдастарының арасында Сайын 

хан (“жақсы хан”) аталып, кейін хатқа да солай түсуі сондықтан. 

Бату сауда ісіне даңғыл жол ашып, Алтын Ордада қала салуды 

қатты  дамытқан.  Кейбір  саяхатшылар  оның  Сартақ  (саудагер, 

сарт деген мағынада) деген лауазымы болғандығын да жазады. 


196

Тақтан  бас  тартқан  екі  ағайын  арасында  талас  туады.  Осы 

таласты  аталары  Шыңғыс  ханның  алдында  шешпек  болған 

ағайынды  екеуі  басқа  шешеден  туған 17 інілерін  ертіп 

атажұртына,  Қарақорымдағы  Шыңғыс  ханға  аттанады.  Ұлы 

баба алыстан келген немерелерінің ұзақ сапарының мəн-жайын 

естіп  біліп,  жылы  шыраймен  қабылдап,  оларға  арнайы  үш 

жерге үш орда қатар тіктіруге бұйрық береді. Алтын босағалы 

“Ақ  Орданы” – Батуға,  күміс  босағалы  “Көк  орданы” – Орда 

Еженге,  болат  босағалы  “Боз  Орданы” – Жошының  төртінші 

ұлы  Шибанға  деп,  өз  қолымен  үлестіріп,  əрқайсысын  жеке-

жеке қондырады. Ал кейін қазақ хандарының түп атасы болған 

Жошының  он  үшінші  ұлы  Тоқай-Темірге  “күркелі  күйме  де 

бұйырмады”  деп  келемеждейді  қолжазба  авторы.  Бұл  жерде 

шығарма  иесі  Өтеміс  хажының  Шибан  əулетін  мадақтап, 

Тоқай-Темір  əулетін  даттап  жатқаны  түсінікті.  Өйткені  өзбек 

жəне  түркімен  хандары  негізінен  Шибан  əулетінен  тарайды. 

Тарихшылар  да  пенде  емес  пе?  Сөйтіп,  атасының  ақ  батасын 

алып  барып,  Бату  əкесінің  орнына  Алтын  Орданың  тағына 

отырады. 

1236–1242  жылдары  аралығында  Орыс  елін,  Еділ 

Бұлғарстанын, Польша, Мажарстан, Чехия, Валахия мен басқа да 

Еуропа елдерін жайратып салып, Бату хан Еділ бойына оралып, 

өмір тіршілігі үш ғасырға созылған Алтын Орда мемлекетінің 

ішкі  жəне  сыртқы  ісін  басқаруға  араласады.  Алтын  Орданың 

тарихтағы  балама  аттары  көп:  Жошы  ұлысы,  Дешті-Қыпшақ, 

Қыпшақ,  Берке  даласы,  Солтүстік  патшалық,  Ноғай  ұлысы, 

Өзбек ұлысы жəне т. т. Ол кезде тұтас мемлекетті “орда”, “ел” 

деп,  оның  бөлігін  “ұлыс”  атаған,  Орыстың  “область”  деген 

тюркизмі осы “ұлыс” атамасынан шығады да, қазақ тіліне өзінің 

төл сөзі “орыстанып” барып, “облыс” түрінде қайта кіреді. Тіл 

тағдыры əлеумет тарихымен бұйдалас. 

Мемлекеттің астанасы етіп Еділдің төменгі сағасынан Сарай 

қаласы салынады. 

Іргетасын өзі қалаған мемлекетінің болашағына Бату ханның 

жасаған қиянаты да бар. Жаңа құрылып, атағы жер жарған Алтын 



197

Орданы  еншілеп  алғаш  бөліске  түсірген  де  осы  Бату.  Еуропа 

шайқастарында батырлығымен көзге түскен үлкен ағасы Орда-

Еженге əкелеріне қарасы аймақты 10000 түтінімен еншіге беріп, 

Үдір,  Тоқай-Темір,  Шыңқұм,  Сынқұм  атты  төрт  інісін  қосып 

бөлек  отау  шығарады  да  бұлар  Жошы  əскерінің  “сол  қанаты” 

болып аталады. Ал өзіне тиесілі ұлыс пен ағасы Орда-Еженге 

тиген  аймақ  арасындағы  қазіргі  Қызылорда,  Орал,  Атырау, 

Маңғыстау,  Ақтөбе,  Жезқазған,  Торғай,  Жамбыл  облысының 

жерлерін 15000 түтінімен  қосып,  үшінші  інісі  Шибанға  тарту 

етеді. Бұлар “оң қанат” атанады. Ендігі жерде осы “оң қанат” 

пен “сол қанаттың” ымыраға келмейтін шайқасы қоса жүреді. 

Басқа  дүние,  аңдысқан  қалың  жау,  алынбаған  қамал,  ата-баба 

өсиеті  жайына  қалады.  Оны  біз  Қазақстанның  ортағасырлық 

тарихынан,  кейінгі  жүздер  тартысынан  жақсы  білеміз. “Оң” 

мен  “солға”  бөліну  қырғыз  бауырларымыздың  жігерін  құм 

қылып  əлі  сақталып  келеді.  Өздері  оған  ашынады,  ашынса 

да  бөлінгенін  қоймайды.  Алтын  Орданың  өз  басынан  асқан 

індеті, міне, осы дəстүрден бастау алады. Бабалары қан кешіп 

жүріп  орнатқан  əлемдік  заңгер  империяның  түбіне  жеткен 

де,  оны  мекендеген  миллиондаған  ел-жұртты,  ондағы  ұлттар 

мен ұлыстарды кейін Ресейдің табанына салып берген де осы 

еншілік ұлыстық жүйе. Алтын Орда ғана ыдырап қойған жоқ, 

онан кейінгі құрылған Ақ Орданы да, Өзбек ордасын да жарық 

дүниеге  алып  келген  де,  ыдыратқан  да  осы  бөлініс.  Мұны  біз 

қазірде  Кавказ  тауында  қалған  саны  жүз  мыңға  жетер-жетпес 

ноғай халқының аянышты тағдырынан көреміз. Сол ноғай кеше 

Алтын  Орданың  негізгі  жұрты  болды  деп  кім  айтады,  айтса, 

оған  кім  сенеді. “Бөлінгенді  бері  жейді”  деген  осы.  Əз-Тəуке 

өлгеннен кейін үш жүзге бөлініп, үш хан билеген Қазақ Ордасы 

да  өзінің  алдыңғыларының  кебін  кие  жаздап, XVIII ғасырда 

Абылайдың қаһарынан сескеніп барып тоқтағаны мəлім. Бірақ 

жүзшілдік  Абылай  өлгеннен  кейін  қайта  жаңғырып,  қазақ 

даласын оңай басқарудың тəсіліне айналды. Орыс отаршылдары 

сөнуге  айналған  қоламтаны  қайта  қоздырып,  қазақтың  басын 

біріктірмей  біріне-бірін  айдап  салып  отырды,  бұл  індетті 



198

коммунистер кадр орналастыруда жақсы қолдана алды. Алайда, 

еншілік  жүйе  тек  Шыңғыс  ханнан  басталмайды,  ертеден 

келеді. “Елім бір еді. Елім қайда?” деп, VII ғасырда Күлтегінді 

күңіренткен де, Орталық Азияны қырыққа бөліп отар еткен де, 

қас жауымызды өзімізден зор қылып, оған Еуразия құрылығын 

билеткен де осы ежелгі індет салдары болатын. Алайда, бұған 

тұңғыш тойтарыс берген Қасым хан еді. 

5. Ə

З

 Ж



ƏНІБЕК

 

ПЕН



 К

ЕРЕЙ


Ерге  заманнан  бері  əр  ірі  мемлекеттік  қайраткердің 

жанына  ертіп  жүретін  меншікті  тарихшылары  болған.  Ондай 

тарихшылар  Шыңғыс  ханның  да  төңірегінде  болды. XIII 

ғасырда  жазылған  монғол  шежіресі  “Алтын  топшы” (“Құпия 

шежіре”)  осының  дəлелі.  Өкінішке  орай,  Қазақ  Ордасын 

құрған  қазақ  хандары  сарай  тарихшыларын  ұстамаған.  Қазақ 

хандығының дүние есігін ашуы туралы тарихи жазба дерек осы 

оқиғалардың шаңы əбден басылғаннан көп кейін барып қағазға 

түскен.  Солардың  бірі  де,  бірегейі  де  көпке  мəлім  “Тарихи-

Рашиди” (“Рашид  ханның  шежіресі”).  Оны  жазған  “қазақ 

Геродоты”  атанған  Мұхаммед  Хайдар  Дулати (1499–1551). 

Шығарма  екі  бөлімнен  тұрады, 1544–46 жылдары  Кашмірде, 

Үндістанда  өмірбаяндық  сипатта  парсы  тілінде  жазылған. 

Автор  Орта  Азияны  билеп-төстеуші  Ақсақ  Темір  “көреген”. 

Шағатай, Моғол (монғол) жəне Алтын Орда əулеттері, олардың 

өзара  қарым-қатынасы  туралы  жаза  келе,  Қазақ  Ордасының 

құрылуы  туралы  бұлтармас  құжатты  мəліметтер  келтіреді: 

“Ол” кезде Дешті-Қыпшақты Əбілқайыр хан билеп тұрды: Ол 

Жошыдан  тараған  сұлтандарға  қысым  көрсетті.  Жəнібек  пен 

Керей мұның зардабынан Монғолстанға ығысты. Есен-Бұға хан 

бұларды жылы шыраймен қарсы алып, Монғолстанның батыс 

бөлігі  болып  саналатын  Шу  мен  Қозы-Басы  өңірін  тарту  етті. 

Бұлар  алған  жерлерінде  бақытты  тұрмысқа  кенеліп  жатқанда, 

Əбілқайырдың  өлімінен  кейін  Өзбек  ұлысы  күйзеліске  түсті, 

талас-тартыс басталды. Жұртының көбі Керей хан мен Жəнібек 

ханға көшіп келді. Олардың саны 200 мыңға жетті. Көшкендер 



199

өзбек-қазақ болып аталды. Қазақ сұлтандары 870 жылдан билік 

жүргізді.  Алла  тағала  əрине  бізден  анығырақ  біледі”.  Түбінде 

болашақ  тарихшыларға  қажет  болады-ау  деген  мəліметтерді 

Мұхаммед 

Хайдар 


профессионалдық 

жүйеге 


түсіріп, 

мүмкіндігінше толық қамтиды. Олар – негізгі əлеуметтік-саяси 

қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, оқиғаға қатысқан тұлғалар, 

олардың  іс-əрекеттерінің  себеп-салдары,  мекен-жайы,  мезгіл 

көрсеткіштері,  оқиғалар  тізбегі,  ішкі  жəне  тысқы  жаңғырығы, 

салыстырмалы оқиғалар, куəлар жəне т. б. зерттеушілерге аса 

қажетті  үлкен-кіші  деректер.  Орта  ғасыр  аясында  Мұхаммед 

Хайдар Дулатиден сауатты да зерделі тарихшыны табу қиын. 

Қазақ Ордасының құрылуы мен орнығуы туралы бірден бір 

тарихи  дерек  автордың  шығармасына  шоғырланған.  Қалған 

жазба деректердің баршасы бұл орайда қосалқы сипатта қалады. 

Ал  тарихшылар  арасындағы  дау-дамай,  өзара  түсініспеушілік 

Мұхаммед  Хайдардың  мəліметін  қырық  саққа  бұрмалаудан 

туындайды.  Қолжазба  əлеумет  назарына  іліккеннен  бергі 

уақытта  ғалымдардың  сүзгісінен  өтіп  болды. “Мухаммед 

Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік тың жəне аса құнды 

дүниелер,  оның  əңгімелері  əрдайым  шынайы  оқиғаларды  дəл 

бейнелеп,  анық  баяндайды” – деп  жоғары  бағалайды  белгілі 

қазақ  танушы  В.  Вельямин-Зернов.  Мұндай  пікір  кезінде 

Ш.  Уəлиханов,  В.  Бартольд,  Ə.  Марғұлан,  М.  Тынышбаев 

секілді басқа да белгілі ғалымдардың лебізінен мəлім. 

Демек,  қазақ  хандығының  дүние  есігін  ашқан  мезгілі 

Мұхаммед Хайдар Дулати мырза қаламында қалай өрнектелсе 

бізде  сол  күйінде  шартсыз  қабылдауымыз  парыз.  Ол  үшін 

Қ.  Салғарин  (Е.  Қ. 14 маусым 1996 ж.)  жазғандай, “келісіп”, 

“ортақ  пікірге  тоқайласудың”  қажеті  жоқ.  Мезгіл  “Тарихи-

Рашидиде”  дəл  көрсетілген:  мұсылманша  жыл  санаудың 870 

жылы, жаңа есеппен 1465/66 жылдар арасы, ал оны хижрадан, 

қазіргі күн тізбегіне, миладиге аудару ісі мамандардың қолынан 

келіп тұр. Жаңа құрылып жатқан Қазақ Ордасына жаппай қоныс 

аудару күзеуге орайластырылса керек. 


200

Қазірде Ұлыстың Ұлы Күнін Наурызға да, Конституцияға да, 

Республика күніне де, Құрбан айтқа да, Желтоқсан уақиғасына 

да,  тіпті  шоқыншылардың  Жаңа  Жылына  да  орайластырып 

айтып  жүрміз.  Əдетте,  Наурыз,  дұрысы – “наурыздама”, 

мейрамның  ежелгі  аты – жаңа  жыл,  дара  қазақы  азаматтық 

мейрам.  Қазақ  халқының  өз  алдына  дербес  мемлекет  болып, 

көк  туын  желбіреткен  күні  де  Ұлыстың  Ұлы  күніне  сұранып 

тұр.  Демек,  Наурыз  бен  Көгілдір  Ту  желбіреген  Республика 

күнін  қосып. 1997 жылы  қазақ  мемлекетінің 531 жылдығын 

бірге тойласақ деген үміт бар. Онда Қазақстанның көпұлтты ел-

жұртын патриоттық тəрбиелеу ісі үлкен арнаға жалғасар еді. 

6. Қ

АСЫМ


 

ХАН


Əдетте,  біз  “Қасым  ханның  қасқа  жолы”  əуелде  де  бірлігі 

екенін  ажырата  тануымыз  керек.  Қасым  тұсында  қазақ 

айрандай ұйыды, бір басшының айтқанынан шықпады, “бірлік 

түбі  тірлікке  айналды,  ту  тік  тұрды.  Ол  кезде  дүлей  күштің 

қарымтасын дүлей күш қана қайыра алатын заман еді. Қасымдай 

кеуделі  басшысыз  Қазақ  Ордасының  алдағы  күні  бұлыңғыр 

болып  көрінеді. XV ғасырдан  көп  кейін  де  қазақ  мəселесінің 

салмағы  білек  күшінсіз  шешілмеді.  Жеке  мемлекет  болып 

ұйымдасып барып, қазақ есесін қазірде жоқтап жүргеніміз де, 

бұл мəселенің бұрын көтерілмегені де сол себепті. Қаз дауысты 

Қазбек 14 жасында тоқсаннан асқан Қармас биден: “Қазақтың 

кегі  қайтсе  қайтады?”  деп,  сұрағанда,  кəрі  би: “Атқа  қонбаса, 

садақ тартпаса, оқ боратпаса қазақтың кегі қайтпайды”, – деген 

жауап берген екен. Заман келбеті солай еді. 

Əкесі Əз-Жəнібек пен ағасы Керей тіккен көк ту Қасымның 

қолына  тиді.  Ол  қолда  бар  ұлт  игілігінің  баршасын  азаттық 

жолында  еркін  пайдалана  білді.  Ұлт  уысына  түсті.  Қоғам  бір 

кісінің  құзырына  именбей  ұлт  болу,  мемлекет  болып,  ту  тігу 

мүмкін емес. Ол бұрын да солай болған – қазір де солай. Ұлт 

Қасым  хандай  ардагердің  дегеніне  көнді,  айтқанына  нанды. 

Демек,  субъективтік  алғышарт  қамтамасыз  етілді.  Қазақтың 


201

малы  да,  жаны  да  тəуелсіздік  жолына  садақа  етілді.  Демек, 

объективтік алғышарт та кем болған жоқ. Шалкиіз жыраудың 

(1465–1560): 

Сен алтынсың –

   


мен тұлмын. 

Сен жібексің –

   

мен жүнмін. 



Сен сұлтансың –

   


мен құлмын. 

Сен сұңқарсың –

   

мен қумын. 



Жемсауыңа келгенде, 

Сұлтан ием, сом жүрегім

   

 

аяман, 



Саған дұшпан – маған жау, 

Керекті күні алдыңда

Ғазизлеген сұлтан жаным

   


 

аяман, –


деген  өлеңі  қазақтағы  хан  институтының  қазақ  халқының 

тұтқасына 

айналғандығын 

тарихшылардың 

Қасымдағы 

Жошыға теңеуі тегін емес. Сол кездің сөзімен айтсақ, Қасым  – 

қазақтың “есендікте мал беріп батыр жиған” ардагері болды. 

Қазақ  хандығы  өсіп  айы  оңынан,  жұлдызы  солынан  туып, 

өзіне  дейінгі  құрылған  ордалардың  біразының  керегесін 

күйретіп, бөленбей, жүзге жіктелмей тұтас келді. Оның жүзге, 

ұсақ  хандыққа  бөлінуі  кейінірек  Əз-Тауке  өліп,  ел  тізгіні 

босаңсығаннан  кейін  басталды.  Жаңа  дəуірде, 1991 жылы 

тəуелсіздік  жариялауда  да  осылайша  көп  қошаметі  қолдау 

болғанына көзіміз жетті. Беловеж келісімі алдымыздан даңғыл 

жол  ашып,  тəуелсіздікті  жариялаған  күні  момақан  ұлттық 

несібесі  жоғарыдан  болар  деп  жорыған  едік.  Əйтеуір,  қан 

төгілмеді,  шығын  болмады,  жер  тұтастығы  толық  сақталды. 

Құмалақ  түгелделді.  Сөйтіп,  Қазақ  ұлысын  Ұлы  Дала  сағына 

күткен біртуар перзентіндей қабылдады. 


202

Алда қазаққа жұлдызы қарсы бір зұлмат тұрды. Ол алыстан 

келмеді,  атағы  жер  жарған  Алтын  Орданы  да  жауына  жығып 

берген  де  сол  зұлмат  екенін  жоғарыда  айттық. “Таста  тамыр 

жоқ,  төреде  бауыр  жоқ”  деген  қалмақ  мақалы  сол  кезде 

қалыптасса  керек.  Əрқашан  сыртқы  жаудан  ішкі  жау  қатерлі 

болатыны мəлім. Қазақ ұлысымен тұңғыш жау болып алысқан 

Ақсақ Темір əулеті емес, Жошыдан тараған Шибан ұрпақтары 

болды.  Қазақ  хандығының  туын  желбіретіп  жүрген  Жəнібек 

пен Керейге олардың немере ағайыны Мұхаммед Шибан қарсы 

шықты. 

Ең  əуелі  əулет  Жошының  он  үшінші  ұлы  Тоқай-Темірдің 



ұрпақтарының  алдында  əдетте  “үлкенбіз,  жол  біздікі”,  деп 

кеуделейтін  еді. “Еділ  де  менікі,  Жайық  та  менікі  Еділдің 

түбіндегі балық та менікі, Жайықтың бетіндегі қайық та менікі” 

деген  Алтын  Орда  заманынан  қалған  мақал  ел  басқарудың 

теориялық  кілтіне  айналды.  Мұхаммед  Шибанның  атасы 

Əбілқайыр (1412–1468) Қазақ  ордасы  шаңырақ  көтеруден 

біраз  бұрын  Арал  маңындағы  тайпалардың  біразының  басын 

қосып,  Өзбек  Ордасының (1430–1469) негізін  қалаған.  Мұны 

тарихшылар  көшпелі  өзбек  мемлекеті  деп  атайды.  Үздіксіз 

бақталас  соғыстардан  тоз-тозу  шыққан  Алтын  Орда  мен  Ақ 

Орданың  ыдырауы  үстінде  саяси  дағдарыстан  құтылудың 

амалы іздестірілді. Хан билей алмады, қараша көнбеді. Халық 

тұрмысы  төмендеп  кетті,  ел  босты.  Мемлекет  тізгінін  ұстаған 

Шибан  ұрпақтары  Тоқай-Темір  əулетіне  қысым  жасағанын 

қоймады,  билікке  жолатпады.  Ағайын  арасындағы  өкпе  өрши 

келе өзара қанды қақтығыстарға ұласты. Тұтас ұлыс қақ бөлінді. 

Ағайынды екі сұлтан Жəнібек пен Керей Монғолстанға өздеріне 

қарасты 120 мың  түтінді  бастап,  тайып  тұрды.  Ырақ  онымен 

іс  бітпеді.  Өзбек  пен  қазақты  екіге  бөліп  тынған  Шибан  мен 

Тоқай-Темір ұрпақтарының арасындағы жанжал онан да күшейе 

түсті,  ұлысаралық  бітіспес  қантөгіс  қақтығыстарға  айналды. 

Мухаммед Шибан қазақ жерімен сауда-саттық қатынасқа түсуге 

ресми тыйым салды. Қазақтарды дінсіз кəпір атап, оларға қарсы 

жүргізген  соғыстарын  өз  тарапынан  ғазауат  деп  жариялады. 



203

Бұған Бұқар жəне Самарқан дінбасыларын бата беруге көндірді. 

Қазақ ордасына жасалған экономикалық жəне мəдени блокада 

туралы сол дəуірдің тарихшысы Рузбеханидың өзі көзі көрген 

мəліметтерінен  табамыз.  Мұхаммед  Шибанның  иісі  қазаққа 

деген өшпенділігі сондай, ол Бұқара мен Самарқан секілді кенті 

жерлердің сəулетін қазақ үйреніп қояды деп, қазаққа көрсетпеу 

туралы өкім айтады. Соғыс үздіксіз жүреді. Мұхаммед Шибан 

Қазақстанның  алыс  шегіне  орналасқан  Ұлытауға  шейін  кіріп, 

бейбіт  жатқан  қазақ  қоныстарын  тонайды.  Қазақ  руларының 

шежірелеріндегі  ұрпақсыз  қалған  аталардың  біразы  түгелімен 

шабылып, тұқымсыз қалуы сондықтан. Ондай-ондай ұрпақсыз 

аталар  хан  мен  төрелер  тұқымында  тіпті  көптеп  кездеседі. 

Жарты  ғасырдан  асқан  соғыс  өртін  сөндіруге  елдің  не  ақыл-

ойы, не қару-жарағы, не шаруашылық қоры шақ келмеді. Мал 

бағусыз,  егін  салусыз,  өр  көмусіз  қалған  шақтар  болды.  ХV–

ХVІ ғасырлардағы ұзаққа созылған соғыстар қазақ елін əбден 

қалжыратып барып үш жүзге, үш хандыққа бөлініп қалмақ пен 

орысқа жем болғандығымыздың басты себебі болды. Пайдасыз 

да  жоспарсыз  соғыстар  елді  титығына  жеткізіп  болды.  Жаңа 

қалалар салынбады, ескі қалалар күйреп бітті. Қазақ астанасы 

кейде Ташкентке, кейде қайта Түркістанға алма-кезек ауысып 

жатты. 

Соғыстан  шайлыққан  Қасым  хан  өзінің  хас  жауы  болса  да 



немере  ағасы  Мұхаммед  Шибанды  Түркістанға  шақырыпты 

дейді сол кездің бір жазба мəліметі ескі рəуайатты есіне түсіріп: 

–  Ордама  жиған-терген  қазынамды  көр.  Қалағаныңды  ал, 

қолыңды қақпаймын, – депті Қасым хан Мұхаммед Шибанға,  – 

Түркістанның  дəулеті  де,  сəулеті  де  сенікі  болсын.  Тұранның 

сұлуын  жинадым,  қызғанбаймын – таңдағаныңды  ал.  Тек 

өзім  бағып-қағып  отырған  қос  жирен  наз  бедеу  жүйрігім  бар. 

Соларға ғана көзің түспесе болды. Басқаның бəрін əкетем десең 

де рұқсат. 

Отыз күн ойын мен қырық күн тойға мəз болған Мұхаммед 

Қасым  ханның  елі  мен  жерін  аралап,  сый-сипатын  көріп 

разы  болады.  Бірақ  қайтарында  қос  жиренді  қалайды.  Қасым 



204

хан  басын  шайқайды.  Бермейді.  Қалағанына  қолы  жетпеген 

Мұхаммед Шибан еліне өкпемен оралып, біраздан соң қазаққа 

қарсы ғазауат жариялайды. Түркістан қоршауға түседі. 

Қос жирен қоңыраулы

   


 

сарайымда, 

Əніне “Қос жиреннің”

   


 

салайын ба?

Аулына ат құрғатпай

   


 

барар едім, 

Қорқамын жек көрініш

   


 

ағайынға. 

Е-ей, екі-ай торы-ай, 

Малдың зоры-ай! 

Жете алмас тұяғыңа-ау, 

Адал торы!

Əн  сөзі  редактор  қайшысы  тимеген  халықтық  сипатта.  Бұл 

əнді  “қасқа  жолымен”  жортқан  Қасым  хан  айтпады  деп  кім 

айтады? Оқиға осы аңыздағыдай болды ма, жоқ, басқаша ма, кім 

білсін, əйтеуір қазақ арасында осындай көпке беймəлім жазба 

аңызбен  қатар  əн  де  жүр.  Əннің  аты – “Қос  жирен”.  Қазіргі 

қазақ дипломаттарына керек өнегелі оқиға. 

Бұл  оқиға 1501–1503 жылдары  болса  керек.  Өйткені  жазба 

деректерде  Мұхаммед  Шибан 1503 жылы  Ұлытаудағы  қазақ 

қоныстарын шауып жүргені айтылады. 

Қасым  ханды  тарихшылар  “қазақ  жерін  қорушы”  деп 

атағанын, еліміздің қазіргі шекарасы Қасым тұсында əлдеқайда 

кеңірек болғанын айтып өттік. Оған ол кезде Астрахан, Төмен, 

Қорған, Орынбор, Омбы, Барнаул, Құлынды, Сартау өлкелері, 

Жоңғар даласы, Түркіменстан, Өзбекстан мен Қырғызстанның 

біраз бөлігі кірген. XVIII ғасырда қазақ жерінің Қасым белгілеген 

мезесіне Абылай хан оңтүстік жəне шығыс бағытта біраз жер 

қосқаны  мəлім.  Ұлт  тарихына  оқиғалар  тізбегі,  негізгі  тарихи 

қайраткерлер  өмірі,  іс-əрекеті  жəне  т.  т.  дұрыс  бедерленбей 

жатқанда жеріміздің шынайы тарихын талап ету астамшылық 


205

та шығар. Бірақ мойнымызда Қасым ханның қарызы жүргенін 

сезінетін мезгіл жетті. Қасым ханның Қазақ Ордасын құрудағы 

саяси  іс-əрекетін  тарихшылар  Жошымен  пара-пар  қояды. 

Дешті-Қыпшақта  үш  ғасыр  бойы  Қасымдай  саяси  жəне 

соғыс  қайраткері  болмаған.  Жаңадан  қалыптасып  жатқан  ұлт 

мүддесін қызғыштай қорып, қазақ жерін ұлғайтқан əрекеті оны 

Қазақстан тарихының айта берді, Еуразияның ең ірі де беделді 

мемлекет басшысына айналдырады (орыс елі ол кезде Мəскеу 

маңына шоғырланған шағын мемлекет еді). Əз заманында “жер 

қорығыш” атанған Қасым ханның азаматтық жəне патриоттық 

өнегесі елімізді қайта гүлдендіру үшін аса қажет. Ал Қасымдай 

оның əкесі Əз-Жəнібек, ағасы Керей-хан, бабасы Жошы, Бату 

сынды ардагерлердің есімдері тəуелсіз елімізде елеусіз қалғаны 

кімді болмасын қынжылдырмай қоймайды. 

Тəуелсіздік  жолында  қаншама  асыл  ағалар  мерт  болды, 

жазықсыз  жандардың  қаны  төгілді. “Өлі  риза  болмай,  тірі 

байымайды”  дейді  халық  даналығы.  Біздің  де  алға  басқан 

қадамымызды  аруақ  өкпесі  артқа  тартып,  еңбегіміздің  еш, 

тұздығымыздың  сор  болуы  сонан  ба  екен,  сірə.  Мəскеудің 

Кремлінде Əз-Жəнібек пен оның ұлы Қасым ханмен шайқасқан 

Қазақ  Ордасына  жұлдызы  қарсы  орыс  кінəздерінің  мүрделері 

көздің  қарашығындай  сақталып  келеді,  жылына  бір  рет 

арнайы діни жора-жоралғы, құрмет көрсетіледі, басына шіркеу 

орнатылған. Жаппай шоқынады. Ойлану керек-ақ. Қазақ үшін 

қан төккен Қасымның 550 жылдығы да келді. 

7. Е

Л

 



АЙЫРЫЛҒАН

 

ЗАМАН



Қазақ  ауыз  əдебиеті  біз  сөз  етіп  отырған  дəуірді  “Ел 

айырылған заман” деп атайтыны мəлім. Кейбір дастандар осы 

тұрғыдан “ноғайлы” жанрына топтасады да тақырыбы, идеялық 

бағыты  жəне  əлеуметтік  функциясы  жағынан  оқшауланып 

қалады. “Ел айырылған заман” деп, өзі жеке ел болған кезеңді 

қазақ ерекше бөліп атайтынына қарағанда, бұл да бір ұлт басына 

түнек болып түскен сергелдең дəуір болып көрінеді. Бұл жанр 

қазақ  музыкасынан  да  өз  орнын  тапқан.  Қос  ішекті  домбыра 



206

“Ел  айырылғанды”  салғанда  сайын  даласын  патетикалық 

сазды  сарынға  бөлейді,  сахараны  көгілдір  аспанымен  бірге 

күңірентеді. Күллі қазақ тағдырын бір шумақ əуенге сыйғызған 

Қожаберген  жыраудың (XVIII ғ.) “Елім-айы”  сол  кезеңнің 

гимніне  татырлық.  Тек  ғасыр  басқа.  Мезгілдік  сипатынан 

алжасқан қазақтың төл поэзиясы халық басына түскен нəубетті 

дəуірлерді  өзінше  жіктеп,  топтап,  жинақтап,  көбін  “Ел 

айырылған”  күйіндей  эпикалық  жоқтау  түрінде  саралайды. 

Əуені  мен  сөзі  қабысып  жатады. “Қайың  сауған”, “Сауран 

айналған”, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “Үш қиян”, 

“Зарзаман”, “Аша түк қалмасын”, “Абыралы-Жалаулы” (Семей 

полигонының  құрбандарын  жоқтау), “Желтоқсан”  оқиғалары 

ұлт  басынан  өткен  сұрапыл  да  сұрқия  біртұтас  тағдырдың 

қадау-қадау  бунақтары  ғана. “Ақтабан  шұбырындыда”  қазақ 

хас  жауымен  жаяу-жалпы  айқасса, “Аша  тұяқ  қалмасында” 

ішінара  наразылық  білдіріп,  үндемей  аштан  қырылып,  кейбір 

ғана білтелі мылтық ұстап, айыр-аша алып айқасса, “Абралы-

Жалаулыда” амалсыз 24 сағатта қозы кеш жерге табан аударып 

“құтылса”. “Желтоқсанда”  ұлт-азаттық  күрес  тəсілі  сапалы 

өзгеріске ұшырады – орыстың тұрақты қосындылары мен болат 

құрсанған танкілеріне тұрпайы күш арқылы айбат көрсетумен 

шектелмей, майдан үстінде отаршылыққа қарсы ашық үндеулер 

тасталды,  ұлтты  бас  бірлікке  шақырды.  Танкіге  төтеп  бере 

алмайтынын  сезген  жастар  зұлматқа  қарсы  ұлттық  бірлікті 

уағыздады.  Амал  не,  күрес  арты  жалғассыз  қалып,  майданда 

күректің  қыры  мен  штыктың  ұшынан  аман  қалғандарды 

қаламның ұшымен түйрегені қабырғамызды қайыстырды. 

Бірақ  “Желтоқсанда”  төгілген  қазақ  жастарының  қаны  зая 

кетпеді. Қырмызы-қызылға боянған алып империясы шайқалып 

барып, ыдырауға түсті. Иншалла, бұл игі істің басы ғана болғай. 

Халық  санасы  Қазақ  Ордасы  құрылып  жатқан  кезеңнің 

өзінде  сол  заманның  тарихи  категориялары  болып  кеткен 

“тоқсан екі баулы қылшағын”, “отыз екі баулы өзбегін”, “он сан 

ноғайын”, “тоқсан үйлі тобырын” (“өр – ұлтты топ” дегені де), 

“үш жүз алпыс үйлі қазағын” қорғаған Едігесін, Қара-қыпшақ 



207

Қобыландысын,  Ер  Көкшесі  мен  Ер  Қосайын  əлі  күнге  дейін 

төбесіне көтереді, пір тұтады, Əз-Жəнібегі мен Асан-қайғысын, 

Керейі  мен  Баба  Түкті  шашты  Əзизін  əулие  санап,  күмбезін 

көтереді. Өкінішке қарай, бабалар жасаған дəулет пен олардың, 

аруағына  қайтарған  сəулет  əлі  болмай  жатыр.  Қол  қысқа,  тон 

келте. Ит мініп, ирек қамшыладық. Енді мінгесу қалды. Сөйте 

тұра “той көбейіп кетті” деген қаңқу сөзді құлақ шалып қалды. 

Ал той астарында тарихқа құрмет, бабалардың ақ жолын аңсау 

жатқанына кей-кейде жіті назар аудара бермейміз. Сөйтіп жүріп, 

ұлттық идеологияны, патриоттық тəрбие ісін, оның теориялық 

жəне фəлсəфияттық негіздерін басқа өңірлерден іздейміз. 

Бірақ таппай жатамыз. Бəлкім, кінə өзімізден емес те шығар. 

Əрине, басты күнəкəр – сана-сезімімізді ұлттық менталитетімізді 

құрсаулаған  ұзына  ғасырлық  отаршылдық  жүйе  үйреткен 

отаршылдық стереотип болар.  

8. Қ

АЗАҚ


 

ИДЕЯСЫ


Əдетте,  санасын  отаршылдық  уыт  шалған  ұлт  өз  мүддесін 

жария түрде айта алмайды, отаршылдықтың бастапқы кезеңінде 

қожа  ұлт  (метрополия)  айтқыздыртпайды,  онан  кейінгі 

дəуірлерде  отарланған  ұлттың  өзінің  де  ашық  айтарлық  хал-

жайы  болмай  қалады,  ал  отаршылдықтың  уыты  бойын  əбден 

билеп  алғаннан  кейін  отаршылдық  жағдайын  əдейі  айтпайды, 

тіпті бойын билеген отаршылдық сана ұлттық игілік болып та 

көрінуі мүмкін. 

Мысалды  алыстан  іздеп  керегі  жоқ.  Кейінгі  кездері 

жастарымыздың  қазақ  тілінен,  мəдениеті  мен  дəстүрінен 

жатсынуының  объективтік  шарттары  басым  жатқанын 

мойындаймыз: мектеп аз, оқу-құралдар тапшы, мамандар жоқ 

т. б. Бірақ əркімнің өз басына байланысты, көкейге байланысты,  

субъективтік  жағдаяттар  аз  ба?  Жастар  орысша  сөйлегенді, 

бала-шағасын  орысша  тəрбиелегенді,  орысша  киініп,  жүріп-

тұрғанды  күнделікті  тіршілікке  қажет  деңгеймен  шектелмей, 

оған  əсіре  мəн  беріп,  мақтан  ұстанатынын,  артықшылық 


208

санайтынын,  əдейі  “көз  үшін”  жасайтынын  біліп  те,  көріп  те 

жүрміз. 

Дəл  сол  кезде  өзінің  ұлттық  өркениеті  табанының  астында 

жатқанын,  сол  арқылы  өзін  ғана  емес,  өзімен  қандас  өзгені 

де  төмендетіп  тұрғанын  сезінбейді,  сезінгісі  де  келмейді  деу 

аз,  əрине,  сезінеді,  бірақ  өз  қандасын  кемсітіп  тұрғаны  оған 

аса  жағады,  лəззат  алады.  Орысы  көп  Ақтау  мен  Өскемен 

қазақтарының  отбасында  орысша  ғана  орысша  сөйлеп,  бала-

шағасын орысша баулып жатқанына ренжиміз, əрине. Ал орысы 

жоқ  Шетпе  мен  Ералы,  Күршім  мен  Тарбағатайдың  орыс-

тілді  қазақтарына  не  дейміз?  Қазақ  тілі  қазақтың  өзіне  керек 

болмаса  ол  тілді  Қазақстанның  орысы  мен  немісі  не  қылсын? 

Кімге өкпе артамыз сонда? Орысша ғана сөзге именетін қазақ 

(турасын  айтсақ – “казах”)  Кіндікті  Азияның XX ғасырдағы 

парадоксіне  айналды.  Бұлардың  сырт  пошымы  ғана  “қазақ”, 

ішкі  жан-дүниесі    –  “казах”  басқа  ұлт  өкілі  десе  де  болады. 

Бұрыннан Қазақстанда жасап жатқан 100 ұлтқа енді бір бөгде 

“казах” деген ұлттық топ қосылып, ұлт саны жүз де бір болдық. 

Сондықтан бұл “жаңа” ұлтты шоқындыру да, буддаландыру да, 

ұлын қылмысқа, қызын жезөкшелікке итере салу да оңай болды 

– ашқанның алақанына, жұмғаның жұдырығына түсті. Мұндай 

кері құбылыстың өз идеологтары табылды. Мəселен, Нұрболат 

Масанов  мұның  ашықтан  ашық  дəуірлеп  өрши  түскенін 

қалайды,  тіміскіленеді,  пайда  іздейді.  Мұндай  көріністерге 

ұлттық-əлеуметтік  ытырыныс  я  жоқ,  я  аз,  əйтеуір  ұлттық 

өркениетті  жақтаушылар  тапшы.  Отқа  итермелеушілер  көп. 

Осындай кері əрекеттерді көре, біле тұра, оған наразылық жасар 

жан болмайды, əдетте, ақыл айтар үлкен аға, ақылға мақұл кіші 

іні табылмай жатады. 



Ақатай С.Н., 

Бабалықов Жағда

Сарыарқа самалы. 29, 31 шілде 1997 ж. 

209


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет