Нар беліне лайық жүк
Халқымыздың біртуар ұланы Шоқан Уəлихановтың
ғалымдық парасаты марқұм Əлкей Марғұланның жуықта “Жа-
зушы” баспасынан жарық, көрген “Ежелгі жыр, аңыздар”
кітабына арқау болған екен. Шоқанның ғылымға қосқан үлесі
308
сала-сала, оның энциклопедиялық білімдарлығына көз жүгіртіп
бақсақ, жас ғалымның назары түскен пəндер тоғысының
төрін халықтың дəстүрлі рухани мұрасын жинастыру ісі ала-
ды екен! Сондықтан Əлекең ең əуелі Шоқанның фольклорлық
тағлымын, ауыз əдебиетінің көне нұсқаларын зерттеу еңбегін
талдауға алады да, Шоқанға сахара ғұламаларына тігілген ор-
дадан орын ұсынады, солардың мəслихат отауына енгізеді. Со-
нымен, сахаба жасына жетпей-ақ ғұлама атанып, қабырғасы
қатаймай сайысқа түсіп, бірақ – амал не! – арманын арқалап,
обал-сауабын заманының мойнына артып, қыршын кеткен
Шоқан дəстүрлі зердеміздің жаңа мезгіл дəнекершісі болып
шығады да, халқымыздың революцияға дейінгі дəуірлердегі
рухани марқаюы үздіксіз, жалғасты процесс ретінде көрінеді.
Кітап мазмұны Шоқан атсалысқан іргелі мəселелерді қузайды.
Олар – ең ескі дəуірлердегі аңыздар, мифтік пайымдар, Қорқыт,
“Манас” жəне “Қозы-Көрпеш – Баян сұлу” жырларының шығу
тегі – əрқайсысы дара монографиялық еңбектерге татырлық
дүниелер. Алайда осы қадау-қадау төрт сала Шоқан зердесі
арқылы сабақтаса келе бас қосады, бір арнаға түседі, Азияның
кіндігін мекендеген ежелгі көшпелі халықтардың рухани бітімі
қалайша жəне қандай жолдармен қалыптасты деген мəселеге
ұласады. Бұл сұрақты кезінде Шоқан қойып, жауабын əлемдік
рухани процеспен сабақтастыра түйіндегені белгілі. Шоқан
үрдісі белгілі орыс ғалымдарынан құптау да (Г. Н. Пота-
нин), даттау да (В. В. Радлов) тапты. Тағдыр үкімі келте бол-
ды. Қарсы пікірді ести де алмай балауса да балғын шағында
Шоқан асығыс соңғы келмес саяхатына жүріп кетті. Араға бір
ғасыр салып, Шоқан мен В. В. Радлов таласының арашасына
Ə. Марғұлан түседі, Шоқан үшін жауап береді. Шоқан қойған
мəселелерді қайта жандандырады, академик В. В. Радловпен
пікір сайысына шығады. “Қазақ халқының саяхатшысы Шоқан
Уəлиханов қырғыз бен қазақтардың халық жыры Европаның,
оның ішінде славян жұрттарының халық жырына өте ұқсас деп
айтса да мен олардан Европаға ұқсас бір нəрсе де көрмедім”, –
деген арқасынан теңі шешілмей, басылымнан басылымға көшіп
жүрген В. В. Радловтың қыдырма сөзін тіліне тиек ете оты-
309
рып, белгілі шығыстанушының еңсесі түсіңкі көңіл-күйінің
жай-жапсарын баяндайды. “Тегінде Шоқан да, Радлов та “Ма-
нас” жырын бір жыршыдан (Назар жыраудан) жазып алғанға
“ұқсайды” деп бастайды Əлекең талдауын. Мазмұн жағынан
екі жырдың арасында артық өзгешелік жоқ. Алайда, Шоқанның
жазуындағы “анқып тұрған хош-иістер” мен көркем бейне-
лер В. Радлов нұсқасында сирек кездеседі. Бір жырдың екі
нұсқада түсуі турасында Ə. Марғұлан мынадай ой айтады:
“Бұлай болуының себебі жыршы В. В. Радловты “патшаның
ұлығы” деп түсініп, оған басқа сезіммен қараған. Жырдың та-
рихи құрылысын өзгертіп айтып, оның көп жерін “ақ патша-
ны” атауға арнаған, оның бас алыбы Манасты ақ патшаның
қарауындағы батыр” деп суреттеген. Мұның бірі, əрине, “пат-
ша ұлығына” жағынып, оның көңілін алдап, тағы да сый-сипат
көрсем деген оймен істелген (250-б.). Радлов тексін Шоқан
нұсқасымен салыстыра зерттеу барысында Əлекең бəйгені
Шоқанға беріп отырады. Автор талғамының түп-тамырын
анықтау қиын емес, Қырғыз тілін жетік білмейтін академик
“Манастың” мəніне бойлай кіре алмайды. Шоқан керісінше,
əр сөзін түбегейлі түсініп, мұраның тарихи жəне логикалық
мəйегін орнына түсіріп отырады. Шоқан нұсқасының əлемдік
тілдерге аударылып, классикалық үлгі санатына жататынының
басты сыры осы.
Əлекеңнің қырғыздың эпикалық ұлы жырының хатқа,
бұзылып түсуінің саяси-психологиялық астарына назар аударуы
орынды, өйткені бұл жəйт жырдың тағдыр-тауанына, мазмұны
мен формасына тікелей əсер еткен. Бұл үлкен ғалымымыздың
Шоқанға деген сарқылмас ықыласының соқыр сезімге емес,
объективті жəне ірі кісілік салауатқа арқа сүйенгендігінің
кепілі. Əлекеңе тəн өрелік Шоқан мен В. Радловты қаншама
аға санап, пір тұтқанмен ыңғайы келгенде ақиқат алдын-
да бүгежектемейді, ғылым мүддесі үшін өз пікірін көлденең
қояды, үн қосады. Шоқан Хиуа ханы Абылғазы шежіресін тал-
дап, халқымыздың этногенетикалық тегіне тиісті жерлерін
анықтаса, Шоқанның осы анықтамасының ізіне Əлекең түседі.
Қазақ халқының құрамындағы оғыз элементінің қазақ мифтері
310
мен ауыз əдебиеті нұсқаларына, ықпалына жіті назар тастай-
ды, дұрыс, терісін саралайды, “Шоқан айтты болды” демейді.
“Шоқан – аға, алайда, ақиқат ағадан да ардақты” принципін
алға қояды. Сөйтіп, Шоқанның XIX ғасырда танытқан ғылыми
өрелігін Əлекең XX ғасырға алып шығып, Шоқан қойған
мəселелердің шешімін айтады.
Халықтың этногенетикалық тағдыры анықталмай оның
мəдени қатынастары жүйесі ашыла қоймайтыны белгілі.
Сондықтан Əлекең “Манас” тақырыбын этногенез жəне тарихи-
мəдени заңдылықтардың даму жолдарын белгілеу арқылы
өрбітіп отырады. Əлем халықтарының бір де бірі гомотекті емес,
бір атадан тарамаған. Халықтың түп-тамырын бір атадан іздеу,
əлде бір атаға саю керсоқырлық, тарихи зердесіздік, қауесет,
патриархалдық шылау, əлеуметтік індет. Этногенетикалық
түзілістерді өзара байланыссыз қарау түбі тарихты жансыз,
кездейсоқ уақиғалардың жиынтығынан тұрған мета-физикалық
құбылыс ретінде түсіндіруден шығады. Əлекең рухани-
əдеби құбылыстардың ара жігін аша отырып, қазақ халқының
этникалық түп-тамырын, тегін жанды процесс түрінде, саха-
ра төскейінде өмір сүрген əртүрлі жəне əртекті тайпалардың
əлеуметтік-экономикалық тағдыры арқылы тарқатады. Əлекең
тұжырымында қазақ халқы, біріншіден, көне жұрт ретінде
қабылданса, екіншіден, жаңа жұрт сипатында түседі, осын-
дай диалектикалық негізде қазақ ұлтының тарихи өміршеңдігі
дəлелденеді. Сөйтіп Əлекең ой назарын өткен мен бүгін
арқылы болашаққа тастайды, халқының əлеуметтік перспекти-
васын мегзейді. Ə. Марғұлан осындай азаматтық тынысы кең,
салихалы теорияны бетке ұстай отырып, “тұқым қуалауды”,
басқаша айтқанда рушылдық жікішілдікті басшылық ететін
шежіре “тарихтың” орнын саяси-əлеуметтік, географиялық
жəне тарихи-мəдени орталықты негіз еткен, алғышарттардан
түзілген дəлелді концепцияны көлденең кояды. Халықтың
этногенетикалық тағдыры мен рухани бітімінің өзара байланы-
сы бар деп дəйекті болжам тастайды.
“Манас” жыры бауырлас қырғыз халқының ұлттық
мақтанышы. Дегенмен, “Манас” əлемі тек бір ұлттық мəдениет-
311
тің аясында қалып, басқа ұлт мəдениетінің мақтанышына
айналмауы оның тасада, оқшау қалуы деген сөз. Ғарыш
кеңісінде басқа əлеммен байланыссыз, əлем заңдылығынан тыс
қаңғыма жұлдыз болмайтыны секілді, басқа мəдени үрдіспен
байланысқа түспеген ұлт табиғатына ғана шектелген рухани
дүние болуы да мүмкін емес. Байланысқа түсу ұлттық мəдени
құбылысының өз тұлғасына назар аударып, бой түзеуі, басқа
мəдениет ошақтарымен сұқбатқа түсу деген сөз. “Манасты”
Шоқан еларалық биік деңгейден қарап, оның көршілес, əсіресе,
қазақ халқының рухани бітіміне тигізген ықпалын сараптай
оты рып, оның тұңғыш рет интернационалдық мазмұнын ашқан
болса, Əлекей Марғұлан жырдың мəніне бойлай кіріп, “Ма-
нас” жырындағы алпауыттар мен батырлар тобын “Оғыз-наме”,
“Ақсақ құлан”, “Махаббат-наме” дастандары мен Күлтегін,
Мойыншора, Білге-қағанға арналған дəстүрлі жазба деректер-
де кездесетін атаулар, ұғымдар мен түсініктер арқылы тер-
геп, тағдырлас мұра ретінде танып, оның қазақ ауыз əдебиеті
нұсқаларымен мазмұндастығын мегзейді. “Қорқыт”, “Оғыз-
наме”, “Ақсақ-құлан” текстерін “Манаспен” салыстыра оты-
рып, оларға тəн ортақтастықтың мəн-жайын ашады.
Көкке ұшқан құс жылайды,
Көп жасаған қарт жылайды.
Аспандағы ай жылайды,
Алты жасар бала жылайды, –
деген сияқты қазақтың фольклорлық клишелері “Манас” жы-
рында ешбір өзгеріссіз түсетіндігіне оқырман назарын аудара-
ды. “Семетейдегі”:
Терек түптен тербелді,
Теңіз түптен шайқалды.
Бұл немене болушы еді?
деген шумақтың “Ақсақ құланда”:
Терек түптен жығылды,
Кім тұрғызар уа, ханым?
312
Теңіз түптен былғанды,
Кім тұндырар уа, ханым?
болып түскендігінің тегін еместігін жазады (130-б.).
Ғалым еңбегінің ауқымы бөлігін сахараның ең көне дəуірінің
мифологиялық аңыз əңгімелерін талдауға арнаған.
Мифология – көне дəуір философиясы екенін Маркс
пен Энгельс шығармаларынан білеміз. Марғұлан көшпелі
халықтардың мифтік əфсаналарынан сүзіп алған тұщымды де-
ректер негізінде, тіпті түбегейлендіре түседі де мал тісіне ер-
ген сахара халықтарының өте ерте заманның өзінде əлемдік ми-
фология мен фольклорлық сарындардың қалыптасуына ықпал
жасағанын ашады. Бұл үрдіске тұңғыш рет Шоқанның қозғау
салғанын айттық.
Күні бүгінге дейін ғалымдар қазақ халқының ауыз əдебиетінің
қазыналығын мойындағанмен оның мифологиялық өзегіне зер-
де жүгіртуге тартыншақтық жасап келгенін жасыра алмаймыз.
Осы қатынастың салдарынан қазақ мифтері мен мифологиялық
категориялар алқасы “Əлем халықтарының мифтері” деген екі
томдық жинаққа кірмеді. Кірген сөзтізбек ертегі персонажда-
рын ғана қамтиды. Мифология туралы сөз болса классикалық
грек мифологиясы елес беріп, оның стереотиптері қазақ
топырағында дөп түспегендіктен үзілген ой жалғасын таппай
қалады. Дүниені тануды мифтік пайымдардан бастаған Европа
мифологияны ту баста мəдени дəуірлеріне негіз етті. Гомер, Со-
фокл, Еврипид, Аристофан шығармаларының өзегі – миф.
Марғұлан мифті тек ертегі жанрынан ғана емес, күллі ауыз
əдебиеті нұсқаларынан (“Ер Төстік”, “Еңсегей”, “Төлеген ба-
тыр”, “Ақ қоян мерген”, “Қара мерген”, “Құла мерген”, “Ала-
ман мерген”, “Ақ кебек”, “Хан мерген”) сүзіп алып, оның
шығу тегін, даму жолдарын, тарихи тағдыр-тауанын, тіпті
эпикалық табиғатына дейін тінткілей тергейді. Əлекең назары-
нан халқымыздың этнографиялық тегінің бірде-бір қалтарысы
тасада қалмайды. Мəселен, Рашид-ад-диннің “Джами-ат-
тауариғындағы” XIII ғасырдағы қаңлылардың ата-тегін ар-
бамен байланыстыратын мифтік аңсарды Əлекең өзі жинаған
313
этнографиялық деректермен толықтай түседі. Қаңлылардың
арбаға (қаңқа) байланысты мотивтері – таза тотемдік миф, ал XX
ғасырдың қаңлылары ежелгі көне мифті тұтастай сақтағаны –
этногенетикалық байланыс салдары. Бүгінге дейін қаңлы елінің
аузында айтылатын: “Қаңлы елінде хан бар, кəделі елде қаңлы
бар”, “хан жоқ болса, қаңлыдан хан көтер”, “арбаға ханмен бірге
мінгенбіз” деген мəтелдер сол ескі заманнан қалған деп жазады
Ə. Марғұлан. Бұл мифтік тіркестер қаңлылардың ерте заман-
да өз алдына одақ жасап, дербес тіршілік құрғанын көрсетеді
(63-б). Əлемдік ғылымда ертедегі Хорезм мемлекеті мен Құшан
империясың қаңлылармен байланыстыратын дəйекті тео-
рия бар (С. П. Толстов) екені белгілі. Сөйтіп Əлекең мифтік
сарындардың өзінен тарихи дерек сүзіп отырады, мифтік
əфсаналардың ғылым назарынан тыс қалып, ғылым хатына
түспей жүрген тағдырына өкініш білдіреді.
Əлекең өзі зерттеп отырған Манастың ерлігін, Қорқыттың
даналығын өте биік парасат деңгейінен қарап, оларға деген
Шоқан ілтипатының кілтін дəл тауып отырады. Əсілі, əңгіме
қандай мəселе төңірегінде туындамасын, Əлекең қаламынан
жарқ етіп Шоқан тұлғасы көрінеді. Алтын-емелдің шешегі
жайқалған тобылғы қойнауында Шоқанмен қатар ұйықтауды
армандаған Бөпе-ағамыздың (Əлекеңнің ел ішіндегі ерке
есімі. – С. А.) халқымыздың зиялы түлектерінің күллісіне де-
ген махаббаты түпсіз. Қорқыт пен Шоқан аралығындағы са-
хара ғұламаларына Əлекең Алтын орда жырауы Кисамед-
дин Баршынлығиды да қосады. Жамел Қаршидың баяндауын-
ша жырау “арабша жазсаң ол тілдің сəн-салтанатына (фаси-
ха) малшынасың, парсыша жазсаң ойға кенелесің (малиха), ал
түркіше жазсаң шындыққа (сахиха) тұшынасың” деген екен
(197-б). Əлекеңнің энциклопедиялық қабілетін көзіміз көріп,
құлағымыз естіп өстік. Алайда назарымыздан таса жатқан,
санатымызға қосылмай отырған мұралардан үзінділерді Əлекең
мəтел орнына айтқанда ойымызға еріксіз Мұхтар Əуезовтің
“Ə. Марғұлан ғалым емес... ғылыми мекеме” деген достық əзілі
елес береді. Тіл зайырын іздеген жан да оны Ə. Марғұланның
осы кітабынан тауып, қазақ тіл қолданысының фасихасынан да,
314
малихасынан да, сахихасынан да айызын қандыра алады. Əсіре
қызыл сөйлеуді білмейтін аға сөз өрнегін тарих тереңінен жүзіп
барып іледі: “Жырда Үрбі қорқуды білмейтін, аяғын алшақ баса-
тын өзіне сенген жебел ер” (107-б). Мұндағы “жебел” Марғұлан
ғана білетін көне ұғым.
Қузаған тақырыбына, мəселесінің оңы мен солына орай
ғалым лебізі өзгеріп отыратыны аңғарылды. Бейбіт тұрған
Қозы Көрпеш пен Баяндай бейбақтардың махаббатына ар-
найы салынған салтанатты көшенің патша отаршыларының ар-
тиллерия қаруымен көздеп атқан жерін баяндағанда барқын
тартқан ғұлама жүрегінің толқынды сезімі зілді лағнетке ай-
налып жатқанын да байқаймыз: “Көшенің бір жақ бүйірін ар-
тиллерист нысана ғып атқан, ол қазір бұзыла бастаған” деген
В. Н. Белослюдовтық хатын келтірген жерін жүрек дірілінсіз
оқу мүмкін емес (292-б.).
Дегенмен, кітап “əттеген-айдан да” құралақан емес.
Мақалалар мəслихат тақырыбынан жаңылып, ауысып түскен,
сондықтан іргелі төрт тақырып мидай араласып жатыр,
тақырыптардың ішкі дербестігі сақталмаған. Кітап беташар
мақаласыз егесінен айрылып, күзелген жылқыдай, иесіздік та-
нытады, аты да сəтті деп айта алмаймыз. Ə. Марғұландай ғұлама
автордың кітабының ғылыми-түсініктеме аппаратынсыз, атау
мен есім көрсеткішінсіз, жалпы ғылыми басылым критерийін
сақтамай жарық көргеніне көңіл құлазиды.
“Күнге шағылысып барып күміс көрінсе, алтын күнсіз-ақ
көзге түседі” дейді екен көнеден жеткен ата-баба даналығы. Ілкі
мақал Əлекең шығармасын толық бағалай алады, бірлі-жарым
редакциялық олқылықтар оның құнын түсіре алмайды.
Əр қаламгердің өз оқырманы болады. Оқырман ересек əлде
жас, зиялы əлде кəмелеті толысу үстіндегі жан болуы мүмкін.
Əлекеңнің оқырманы барша қазақ əлемі. Халқымыздың бір
буы ны емес, келелі келешегі де, бары да, балдырғаны да, ақбас
ақсақалы да Əлекең əлемінде бас қосады, мəжіліс құрады, құра
береді. Бұл кітапқа қырғыз бауырларымыздың назары түсер деп
те ойлаймыз.
315
Кітаптан алған əсер үстінде ұсыныс айтудың да кезегі кел-
ген секілді:
1. Əлекеннің толық шығармалар жинағын халқына ұсыну –
парыз. Оларсыз бүгінгі ұлттық рухани өрлеуімізді тану қиын.
2. Əлекеңнен қалған архив пен кітапханасының тағдырын
мемлекеттік іс деңгейінде шешкен лəзім.
3. Əлекең бар өмірін халқын тануға сарп еткені мəлім.
Енді халықтың өз ұланын танудың да кезегі туды. Əлекеңдей
саңлақтың өмірбаяны, творчествосы, ғылымдағы ерлігі жас
ұрпаққа өнеге, коммунистік тəрбие ісіне маңызды болмақ.
4. Əлекеңнің артында қалған жазба мұра мен архив өте си-
рек кездесетін материалдар мен кітаптардан қордаланған.
Осыны ескеріп, мемлекет қарамағынан қамқорлыққа алынып,
“Марғұлан қорын” ашқан дұрыс. Оның бірден-бір орны – Қазақ
ССР Мəдениет тарихы ескерткіштерін қорғау қоғамы не Қазақ
ССР Ғылым академиясының кітапханасы.
Нар беліне лайық жүктің алғашқысы қолымызда, жалғасы
кешікпегей.
Қазақ əдебиеті. 20 желтоқсан 1985 ж.
Шоқан жəне декабристер
Батыс Европа мен орыс қоғамының рухани əлемінде Шоқан
назарынан тыс қалатын бірде бір кітап болмаған. Оған ғалым
мұрасының атаулық көрсеткіші-ақ айғақ болғандай.
Шоқан назар аударған көп шығармалардың бірі декабрис-
тердің “Оңтүстік қоғамының” саяси программасы жазылған
П. И. Пестельдің “Орыс ақиқаты” (“Русская правда”) болды
ма деген ой келеді. Бұл шығарма көтеріліс жеңіске жеткеннен
кейінгі орыс қоғамының Конституциясы болмақ еді.
Шоқанның бұл шығармаға құштарлығының өз сыры да жоқ
емес. Өйткені Пестельдің ой байламдары Ресей империясын
мекендеген орыс емес ұлттар мен халықтардың болашағымен
де байланысты болатын. Ал Шоқанның қолында бұл шығарма
316
қашан жəне қалай түсті? Оны анықтау оңай емес. Алайда,
Шоқанның декабристердің бұл мұрасымен таныс болғандығын
ғалымның өз шығармалары айғақтай түскендей. Шоқанның
саяси-əлеуметтік ой қозғайтын мақалалары (“Көне халықтық
формасындағы би соттары”) декабристердің (“дворяндар
кезеңі”) саяси көзқарастарымен таныс болғаннан кейін дүниеге
келгендігі байқалады.
Декабристер көпұлтты. Ресейдің болашақ саяси тағдыры
туралы көп толғанғаны, артына мол қолжазба мұра қалдырғаны
белгілі. Бұл жазбалар азаттық қозғалыстың екінші кезеңінің
(“əртектілер”) өкілдерінің қолына тиіп, солар арқылы осы идея
Шоқанды да көп толғандырғанға ұқсайды.
“Орыс ақиқаты” – саяси документ. П. И. Пестельдің ойынша
революциядан кейін Ресей халықтары өзінің саяси-əлеуметтік
ахуалын осы документ негізінде құруға тиіс. “Ақиқаттың”
қолжазбасын кезінде жерге көміп тастаған, алайда декабрис-
тердің арасынан шыққан сатқынның опасыз əрекетінен ол
қолжазба Николай I патшаның қолына түседі. Николайдың
қолжазбаны
оқып
үрейленгені
сонша,
декабристерді
тергеушілердің өзін аса сенімді адамдардан құраған. “Орыс
ақиқаты” тек 1906 жылы ғана тұңғыш рет басылып шықты.
(П. И. Пестель. Русская правда. Наказ Временному Верховному
Правлению, изд. “Культура”, Спб., 1906).
Пестель жасаған “Орыс ақиқатының” демократиялық жəне
гуманистік өзегі оның сол замандағы Ресей отарларының бірі
қазақ халқы туралы көзқарасынан да айқын байқалады. Дегенмен
декабристер қазақ халқының болашағын күллі Россия елінің
дамуы мен дəуірлеуімен байланыста қарайды, Қазақстанның
Россияға қосылуын тарихи қажеттілік деп таниды. “Қырғыз
жерлерін” Россияға қосу мəселесінде Пестель қазақ халқының
да, жалпы Россия халықтарының да мүддесін қатар ойлайды.
Өйтпеген күнде қазақтар Түркия мен Иран секілді артта қалған
мемлекеттердің шылауына шалдығар еді деп сескенеді.
“Қырғыз жерінің бай қазынасы Россияның дамуы мен
сауда-саттығын нығайта түсер еді” дейді декабрист (17-бет).
Пестельдің пікірінше. Россияны республикалық əкімшілік елді
317
мекендерге бөлшектегенде 10 облыс жəне 2 жеке ұлыс (удел) –
Дон жəне Арал – құрылмақ екен. Россия армиясын “қырғыздың”
атты əскерімен қамтамасыз ету үшін “Арал ұлысы Қырғыз-
Қайсақтардың жері негізінде құрылуы тиісті” болды (27-бет).
Дегенмен Пестельдің ұлттық мəселе туралы пайымдарына
декабристерге тəн шектеушіліктің болғаны айқын. Пестель
орыс емес халықтардың барлығы (поляктардан басқа) дербес
мемлекет ретінде бөлініп шығу правосынан айырылуын
қолдайды,
федеративтік
мемлекет
ісін
басқарудың
принциптерін мойындамайды, ұлттық мəдениеттің дамуын
қажет деп санамайды. Осы негізде Пестель ірі қателікке
ұрынады: “барша халықтардан бір халық түзіп, Россияны
мекендегендердің барлығы орыс болуы тиіс” деп жазады (55-
бет)... Тіл мəселесінде де Пестель осындай теріс пікірде болды.
Халқымыздың ұлы перзенті Шоқан Уəлиханов та декабристер
ұшқынынан кеудесіне жалын ұялатып, теріс пікірлерінен бой
алыстатқаны айқын.
Білім жəне еңбек. 1986. №11
Тұңғыш декреттің түйткілі
ДЕКРЕТ
ЦИК Каз ССР о введении
делопроизводства на
казахском языке
22 ноября 1923 г.
В осуществлении Постановления Всекиргизского съезда
Советов и декретов КирЦИКа и СНК
а) О признании государственными языками на территории
КАССР киргизского (казахского) и руского языков;
б) о введении делопроизводства в государственных и
общественных учреждениях и организациях КАССР, наряду с
русским, и на киргизском языке;
318
в) о принятии и издании декретов, инструкций, циркуляров,
обязательных постановлений и других законодательных и
правительственных актов на обоих, КирЦИК постановил:
1. Ввести с 1 января 1924 г., киргизский язык в дело-
производство во всех киргизских волостях КАССР и в сле-
дующих уездах: Адаевском, Тургайском, Челкарском, Те-
мир ском Актюбинской губ., во всех уездах Букеевской
губ., Джамбейтинском и Гурьевском Уральской губ., Кар-
каралинском, Зайсанском Семипалатинской губ., причем в
уездах со смешанным населением делопроизводство ведется
параллельно на киргизском и на русском языках.
2. Во всех остальных уездах и губерниях КАССР, за
исключением Оренбургской губ. и ее уездов, делопроизводство
на киргизском языке вводится полностью не позднее 1 июля
1924 г., к какому сроку уездные и губернские органы
обязывается приспособить свои аппараты к параллельному
ведению делопроизводства на киргизском и русском языках.
Примечание: Поручить КСНК в 2-х недельный срок
установить точный перечень ведомств, на которые не
распространяются действия статей 1 и 2 настоящего декрета, и
представить на утверждение Президиума КирЦИКа.
3. Со дня издания настоящего декрета всем краевым
учреждениям приступить к приспособлению всех аппаратов к
параллельному ведению делопроизводства, наряду с русским
языком, и на киргизском языке, причем, окончательным сроком
введения в них киргизского языка считать 1 января 1925 года.
4. Предложить всем наркоматам и краевым учреждениям
издать в течение 3 месяцев относящиеся к деятельности каждого
из них руководящие законоположения на киргизском языке, и
с 1 января 1924 г, все проекты декретов и постановлений под-
лежащих утверждению законодательных органов, представлять
одновременно на 2-х языках – киргизском и русском.
5. Поручить НК РКИ, при участии комиссии по введению
делопроизводства на киргизском языке КирЦИК, выработать
образцы и формы делопроизводства в волостном масштабе не
позднее 1 января 1924 г. и преподать их местам для руководства.
319
6. В специальных учебных заведениях и профессиональных
курсах по подготовке работников, как обязательный предмет,
ввести преподавание форм делопроизводства.
7. Для руководства и направления работы по введению
делопроизводства на киргизском языке при КазЦИКе и
губисполкомах создать специальные комиссии, права и
обязанности которых определяются особым положением.
8. В развитие настоящего декрета НКВД и НКЮ разработать
соответствующие инструкции, которые внести на утверждение
в КирЦИКе.
(ЦГА КазССР, ф. 787, по. 1, д. 689, л. 48 и об.)
1989 жылы кезде қазақ тілі конституциялық заң негізінде
мемлекеттік дəрежеге ие болғаны мəлім. Заң тілімізді үлкен
қауіп-қатерден, тіпті апаттан аман алып қалды деп қуанып
жатырмыз. Ағылшын тілінің уэллс диалектісінде еркін сөйлейтін
қазақ жасы ана тілінде сəлем беруден қалғанын көзіміз көрді.
Кейбір ортада мұны жетістік санағандар да табылды. Барлық
қазақтардың 40 проценті өз ана тілін білмейтінін енді ғана
мойындап жатырмыз, ал сол 40 проценттің барлығына жуығы
жастар екенін ескерсек, қазақ тілінің болашағына қаншалықты
қатер төніп тұрғанын бағамдау қиын емес. Тілге деген құрмет
қазір біршама тəуір. Оған былтырғы жылы Алматыдағы қазақ
мектептерінің бала санының күрт өсуі айғақ. Үкімет тарапынан
белгіленген шаралар да көңілге қонады.
Алайда тілді тек заңның күшімен орнықтырамын деген адам
да, мекеме де қатты қателесетінін ашып айту керек. Көпшілік
бұқараның күллі ұлттық ықтиятынан қуат ала алмаған заң қағаз
бетінде қалмақ. Əрине, əлеуметтік құбылысты заң я жеделдетуі,
я баяулатуы мүмкін. Бірақ заң ешқашан дара қозғаушы күш
бола алмайды. Демек, заң қабылданды, енді ол өзінен-өзі
тіл тағдырын биік өрге бастап алып кетеді деп тоқмейілсуге
болмайды.
Қазақ тілінің басты қарсыласы – іргетасы орыс тілінде
қаланған қазіргі əлеуметтік орта. Қалалық жердегі барлық
қамқарекет, табалдырықтан тысқа аттадың болды, орыс
320
тілінде өтеді. Демек, қазақ тілінің əлеумет ісіне толыққанды
араласып кетуіне – мемлекет тарапынан мықты қорған керек.
Мемлекет құлдырауға ұшыраған өзінің заңды тіліне жан-жақты
əлеуметтік жағдай жасамай болмайды. Қазақ тілін білгісі де
келмейтін ағайындарға оны үйретудің амалдары мен тəсілдерін,
экономикалық кездерін де анықтаған дұрыс. Басқа ұлт өкілдері
үшін қазақ тілінде сөйлесудің тұрмыстық тиімділігін дəлелдейтін
шаралар іске асқаны жөн. Экономикалық шығынға да көну
керек. Демек, мемлекеттік тіл дегеніміз – мемлекеттегі “үстем”
тіл ғана емес, мемлекеттің қамқорлығындағы, ықпалындағы
төл баласы деп түсіну шарт. Ал ол бала шалажансар, аурушаң,
болғандықтан оған ерекше көңіл мен ықылас қажет екені
айтпаса да түсінікті деп ойлаймын.
Аңдысқан ағайындар қазақ тілінің дəрежесін түсіреміз
дегенді алданыш көреді. Оған үкімет тарапынан бұрынғы
қаулыларды қайта өзгерту шаралары себеп болды. Мұндайда
принципшілдік бірбеткейлік керек. Əрине, заң қабылданбай
тұрып, жеті рет өлшеп алу керек еді. Ендігі жерде шегіншектеу
Тіл туралы заңға қауіп төндіреді.
Тіл туралы тұңғыш декрет 1923 жылы қабылданған.
Онда да қазақ тілі орыс тілімен қатар мемлекеттік тіл болып
жарияланған еді. Бірақ қарау ортаға түскен заң қағаз болып қала
берген еді де, тіл тағдыры созылмалы дағдарысқа душар болып,
ана тілімізден қол үзіп қала жаздардай дəрежеге жеттік. Сол
дағдарыс созыла келе 1989 жылы жаңа заң қабылдауға мəжбүр
етті. Алайда қауіп-қатер тіл басынан өтті-кетті деген адам
тағы да қателеспек. XXІ ғасырға кірген қазақ тілі сол ғасырдан
шықпай қалуы кəдік.
Тіліміздің мемлекеттік статусы бола тұра қалайша дағдарысқа
ұшырады? Тілге байланысты социологиялық заңдылықтарды
зерттеп білмей алғабасуға тағы да жол жоқ. Бұл қазақтың XX
ғасырдағы əлеуметтік ақыл-ойы үшін үлкен жұмбақ болмақ. Ол
жұмбақтың мен білетін бір шешімі: декреттегі “іс қағаздарын
орыс тілімен қатар қырғыз (қазақ) тілінде де жүргізу” деген
жолдар. Мəселе “қатар” деген жалғыз ауыз сөзде ме деймін.
Қазақ республикасында қазақ тіліне дара да үстем мемлекет
321
тілі ретінде я бар, я жоқ “екінші” тіл рөлін беру – қазақ тілінің
жаназасын шығару деген сөз. Мəселе осылай қабырғасынан
қойылмайынша қазақ тілі көптілді ағайындардың ойыншығы
бола бермек. Оған қазіргі “Қазақ тілі” қоғамының “қоғамдық”
іс-əрекеттері дəлел.
Заңға сеніп бейтарап жүргендердің назарына мұнан 70 жыл
бұрын қабылданған декретті ұсынып отырмыз. Мақсатымыздың
бір жағы – тіл жанашырларына көмек көрсету болса, екінші
жағы – көптің есіне салу, тарих тағылымы арқылы болашақ
қателіктердің жолын кесу.
Ана тілі. 10 қаңтар 1991 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |