Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Нұрекең қазақтың еншісін алмайын 

деп жүрген жоқ... 

Сəбетқазы Ақатай – қалың қазақ қауымына социолог-ғалым, 

философ,  беделі  өлшеусіз  өскен  “Азат”  қозғалысының  тең 

төрағасы  ретінде  танылған  жан.  Қазіргі  таңда  республикалық 

партияның  төрағасы.  Сондықтан  да  бірінші  сұрағымыз  ол 

кісінің  бүгінгі  өмір  сүріп  отырған  қоғамға  деген  көзқарасы 

жайында болды. 

– Қоғам күйзеліс үстінде. Мемлекеттің егемендік алуы бар да, 

оны құру бар. Ал құру оңай іс емес. Оңай болса Əз Тəуке, Қасым 

хан,  Хақназар,  Абылай  неге  мемлекеттің  туын  тік  шаншып, 

желбіретіп  кетпеді?  Аса  ауыр  іс.  Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасар 

іс. Өзге елдермен терезесі тең ел болу, өркендеу – бір адамның 

ісі емес, бүкіл халықтың, жас ұрпақтың, ертеңгі толқынның да 

еншісі. “Нұрсұлтанның  бір  ісі  бар,  жолында  өлгім  келеді,  бір 

ісі  бар,  қолында  өлгім  келеді”, – деп  осыдан 5–6 жыл  бұрын 

айтқанымда,  Нұрекенің  мемлекет  құрудағы  белсенділігін 

орасан  зор  бағалап,  емеурін  танытқанмын.  Нұрекең  қазақтың 

еншісін алмайын деп жүрген жоқ, ала алмай жүр. 170 ел таныды. 

Күшігінде таланған төбеттей емеспіз, емін-еркінбіз, тəуелсізбіз. 

Қорғаныс,  қауіпсіздік,  шекара,  геосаясат  концепциялары  іске 

асуда.  Осы  орайда,  жүйрік  ойлы  Нұрсұлтан  інімді  Қазақстан 

тарихында қалар ірі саяси қайраткер деп қадірлеймін. Осы бір 

ауыр  іске  қол  ұстаса  араласып,  өлуге  бармын.  Ал,  екінші  бір 

ойым айтады: негізгі қазақ ұлтының 80 проценті ауылда тұрады, 

сонда  сол  халық  неге  назардан  тыс  қалды?  Ауыл  қазағының 

қасіретіне тақсырет қосу, онсыз да жыртық-жамау көңіліне қаяу 

түсіру, “ит  мінгізіп,  ирек  қамшылату”  қандай  ақылға  сыяды? 

Осыған көңілім көншімейді. 

Ал  əйел  байғұс  мүлдем  қоғамнан  тысқары  қалды.  Əйел   – 

қоғамның көркі, ар-ожданы емес пе?! Біз əйелдің ар-ожданын 

аяққа  таптадық.  Қара  қазан,  шиеттей  бала  қамымен  ауылдағы 

отбасын,  ошақ  қасын  тастап,  қаланы  паналап,  бұрыш-

бұрыштарда  жан  сақтаудың  амалымен  ойы-мұны  сатып, 


345

“мілисамыз”, “əкімшіліктенбіз”, “аула  сыпырушымын”, 

“дүкен  директорымын”,  деп, “əрі  кеттің”  астына  алып,  ұры 

итше  қуалайтын  қуғыншылардан  қашып-пысып,  күн  көретін 

қазақ əйелдерінің көздері үрейге, мұңға толы. Осындай мұңды 

əжелер,  аналар,  əйелдер  миллион  ба  екен,  қанша?  Дəл  санын 

ешбір  социолог  айтып  бере  алмас.  Өзім  күнде  көремін.  Ақ 

жаулықты анамдай елестер қазақ бəйбішесі “Балам-ау, осы бір 

аялы  алақаныммен  уыс-уыс  ыстық  бауырсақ  беруші  ем  ғой, 

қадірлеп-қолпаштап.  Енді,  міне,  шемішке  сатып,  ұсынамын 

саған!”  деп  тұрғандай.  Саясаткер  болғандықтан,  қоғамның 

ауыр  құбылысын,  жан  жарасын  жүрегіммен  қабылдаймын. 

Қазақ  “ақ  табан  шұбырынды,  алқакөл  сұламаны”, “монтанақ 

қазған”, “итжеккенге  айдаған”  дегендей  талай  заманды  көріп 

еді. Енді міне, ешбір мемлекет бастан кешпеген, социализмнен 

капитализмге аяқ басқан, өтпелі дəуірде отыр. Жалпақ тілмен 

айтсақ, “шекілдеуік сатқан заман”, мұны да көрдік. 

– Егеменді Қазақстанымыз сан түрлі діннің ошағына айнал-

ды.  Ислам,  православие,  католик,  інжіл-христиан,  лютеран-

христиан,  пресветриан,  иудаизм,  бахаизм,  кришна...  Бұл – 

естіп,  көріп  жүргендеріміз.  Білмейтініміз  қаншама. “Шұғыла” 

кинотеатры  маңында  “Харе  кришна”  кафесі  жұмыс  істеп, 

қазақтың ұл-қыздары би билеп, шылдырмақ соғады, кітаптарын, 

бəліш-тоқаштарын  сатады,  насихаттайды. “Қазақтың  ұлттық 

христиан  хоры”, “Сəулем-айдың”  əуенімен  Иса  Пайғамбарды 

уағыздайды. Рухани түлеудің орнына іштей іріп барамыз-ау?! 

Ұлттық мүдде, бірлік, жан жарастығы қайда қалар екен, аға!?!

– Қазақ əлеуметі үшін рухани дүние – бірінші кезекте тұрған 

мəселе.  Мұсылмандық  қазақтың  бойына 8 ғасырдан  шым-

шымдап  сіңген.  Сүннит  бағытына  тағзым  еттік. 250 жылдық 

отаршылдық  саясаты  жан-дүниемізге  тырнағын  аяусыз 

батырды. Мəскеу, Петербордан орыстың миссионерлері қазақты 

шоқындыруға  кірісті.  Інжіл,  таурат  қазақшаға  аударылды. 

Ыбырай  Алтынсариннің  профессор  досы  болған,  сол  қазақты 

шоқындыруға белсене ат салысты. Қаржы бөлініп, Троицкийде, 

Орынборда, Семейде мектептер ашылған. Негізінде, оқымаған, 



346

шоқыншылық  мектеп  көрмеген  қазақ  өз  дінін  бұлжытпай 

сақтай алды. Шоқынған балаларына қазақ енші бөлмеген. Орыс 

дворяндарына  құл-құтан  боп  қызмет  еткен  балаларына  теріс 

батасын  бергендер  болған.  Бұрында  қазақта  иммунитет  күшті 

еді, рухани ауруға. Ал, қазіргі қазақ дінге салақ, кім не айтса, 

соның  соңынан  ереді.  Өз  бағыт-бағдарын  білмейді.  Тіпті,  өзі 

ғана шоқынып, шат-шəлекейі шығып жатса бір сəрі ғой, өзгені 

де адастыруға əуес. Мағынасын өздері түсіне ме, түсінбей ме, 

“кришналықтар”  базар  маңында  əнге  басады,  қоңыраулатып. 

Сөлпеңдетіп сөмке асынып, бүркеніп, өзге дүниеден келгендей, 

киімдері өрескел. Ал өзге дінге өтуге келгенде қазақ жастары 

награда, сыйлық алардай ентелейді. Бəлкім, нан тауып жеп жүр 

ме?! Аш дейін десең, көрші қырғызда да қиыншылық бар, олар 

сол қалпында. Өзбек пен тəжікте де жоқ. Қыл аяғы соғыс болып, 

зардап  шексе  де  аузынан  “Алласын”  тастамайды.  Қайыршы 

екеш қайыршысына дейін троллейбусқа мініп ап, құранның 2–3 

сүресін қайтарып-ақ жібереді. 

Рухани  іру  жақсылық  емес.  Қазақ  қаншама  дінге  бөлінсе, 

соншама  ыдырайды.  Бұрын  арғын,  найман,  үйсін,  жалайыр, 

шапырашты  боп  бөлінсек,  енді  мұсылман,  христиан,  кришна, 

баптист,  т.  б.  болып  бөлінеміз.  Дін  əн  айту,  би  билеумен 

бітпейді,  саяси  уағыз  да  айтады.  Рухани  бірлік  бұзылса,  іру, 

ыдырау  процесі  Босния,  Хорватия,  Сербия  сияқты  бөлінуге 

əкеледі. Мына қараңызшы, хорваттар католикпіз деп қару алды, 

сербтер  православие  дінін  уағыздайды,  ал  Босния  мұсылман 

кегін қайтаруда. Бұл – үш діни концессияның бөлінуі. Ал 5 не 

10-ға бөлінсек, не болдық?! Сұмдық, беті аулақ!

Үш  діни  концессияның  біреуі  Америкадан,  екіншісі 

Қытайдан, үшіншісі Ираннан көмек алады да, бірін-бірі жоюға 

кіріседі.  Бір  шаңырақтың  астында  тұрып,  славян  славянды 

қырған кезде алдына жан салмайды. Бұл бəрімізді ойландыруы 

тиіс.  Біздің  ресми  дініміз – ислам.  Ал,  əр  дінге  тарап-тарап 

кетсек,  қазақ  пен  қазақтың  басы  қосылмайды.  Сондықтан, 

біртұтас мемлекет болып, қалыптасуға, 5–6 дінге бөліну саяси 

қарама-қайшылық  туғыза  ма  деп  те  қорқамын.  Бір  дастархан 



347

басында отырып, біреуі суннит болса, екіншісі шейіт, үшіншісі 

баптист,  төртіншісі  кришна  болса,  бірімен  бірі,  айтысып, 

тартысып, алакөзденіп отырса, сол шаңырақта бақыт тұра ма?! 

Əрине, бақыт қонбайды. 

Ия, діни бірлік керек. Бірақ, ол мемлекет ісіне араласпасын. 

Отбасың,  бала-шағаң  мұсылмандық  парызды  өтесін,  ал 

мемлекетке уағыз, қағидасын таңбасын. Талибтердің уағызымен 

Ауғанстан  қантөгіске  түсті.  Дін  мемлекетті  ортағасырлық 

мешеу  деңгейге  түсіріп  жіберді.  Европаша  ойлау,  өмір  сүру, 

қатынас  жасау,  соның  өзімен  тепе-тең  қарым-қатынасқа,  түсу 

егер біз кемшін қалсақ, қиынға түседі. 

Түркияда  осылай,  намаз,  уағыз  жақсы,  ал  мемлекетпен 

тікелей байланысқа түспе. Ата Түріктің бағыты осылай болатын. 

–  Əйел – қоғамның  ар-ожданы  дейміз.  Қазақ  əйелі  бүгінде 

қоғамның  көркі  болудан  қалып,  керісінше,  қоғамның  азып-

тозуын  айқындап,  тауқыметіне  төзу  үстінде.  Қайыршылық, 

жезөкшелік, жұмыссыздық қазақ əйелінің басында бар. Осы бір 

ауыр тақсырет сізді ойландыра ма?

–  Қазақ  əйелі  қашанда  қазақ  əлеуметі  үшін  тек  дүниеге 

ұрпақ əкелуші – ана рөлін ғана атқарып қоймаған. Қазақ əйелі 

бұрын  мектеп  жоқта  мұғалім  болған,  тəртіп-тəрбие  берген. 

Əртіс,  театр  жоқта,  əртістің  рөлін  атқарып,  ауыл-аймағын 

қуантқан.  Əлеуметтік  ортада  нелер  жоқ  болса,  соны  бар  ғып 

отырған, олқылықтың орнын толтырған. Əке жоқта қазақ анасы 

əкенің рөлін атқарған. Қазақ əйелін жай ғана əйел деп қарау   – 

кемсіту. Батыр жоқ болса, батырдың орнын басты қайран ана-

əпкелеріміз.  Қаз  дауысты  Қазыбек 14 жасында 96 жастағы 

Қармыс атты биден сұрапты:

– Ата, қазақтың кегі қайтсе қайтады?

– Атқа қонбаса, садақ тартпаса, оқ боратпаса, қазақтың кегі 

қайтпайды, – депті. 

Қазақ əйелі де ерлерден қалыспай, жауға шауып, кек қуған. 

Кекшіл,  əжет,  бірбеткей  болған.  Абылайдың  Айғаным  деген 

қызы жорықта қыршын кетіпті. Алтай тауларының етегінде ме, 

əйтеуір, аһ ұрып, жерлеп отырып:



348

– Апырай, тым болмаса он екіде бір гүлің ашылмай, арманда 

кеттің-ау, қызым! – деп зар илепті. Арулап көмгенде қолындағы 

бар қазынасын қоса көміпті де:

– Жасауың осы, жан балам! – депті. 

Қабанбайдың  да  ержүрек  қарындасы  болған.  Тарбағатай 

тауының  бір  бөктерінде  жатқан  көрінеді.  Шайқаста  үзілген 

қарындасына Қабанбай да қолында бар байлығын қоса көміп, 

қоштасыпты. 

Ал, бүгінгі қазақ əйелі аянышты халде. Баяғыдай, “пəленбай 

батырды  мен  таптым,  мен  пəленбай  баланың  анасымын”  деп 

мақтанатын, төбесі көкке екі елі жетпей отыратын əйелдер аз. 

Талай қазақ əйелінің баласының оқығанын-тоқығанын, еңбегін, 

қызметін  өз  еңбегі  ретінде  санап,  балап,  анау-мынау  айтыс-

тартыстарда айдарынан жел есіп отыратынын көре қалдық. 

Қазіргі  аналар  мүлдем  басқаша.  Əсіресе,  қазақ  қыздарын 

азғындатып  алдық.  Қазір  кімнің  аты  жамандығымен  шығады, 

қазақ  қыздарының  аты  шығады.  Перзентін  тұншықтырып, 

газетке  орап,  пакетке  салып,  күл-қоқысқа,  əжетханаға  тастап 

салатын  да  солар...  Балалар  үйінің  сыртына  тастап  кететін  де 

солар... Мұның барлығы – қоғам трагедиясы, моральдық азып-

тозуы, рухани əрі материалдық қайыршылық көрінісі. əйтпесе, 

қай ана өз баласын өзі далаға лақтырсын?! Мысық екеш мысық 

та желкесінен сүйреп жүріп, аман сақтайды. Торғай екеш торғай 

түнде аяғын көкке көтеріп жатады екен. Сонда одан:

– Əй, сен неге аяғыңды көкке көтеріп жатасың?! – деп сұраса:

– Түнде аспан құлап кетсе, балапандарымды мыжып тастайды 

ғой, сондықтан аяғыммен кек тіреп жатқаным ғой, – дейді екен. 

Əйелдердің  баласынан,  безуін,  анайы  сорақылыққа  баруын 

мен  заманның  ауырлығы  деп  түсінемін.  Қазақ  қызының 

құлдырауын,  теріс  жолға  түсіп  бара  жатқанын  көзім  көріп 

отыр.  Менің  тереземнің  түбінде  бөтелке  өткізетін  жер  бар. 

Соған  таң  боздап  атып  келе  жатқанда  орыс  жігітімен  қол 

ұстасып бір қазақ қызы келеді. Үстері лас. Қыз омырауынан ақ 

сүтін  ағызып,  бала  емізетін  саумал  шақта.  Қазақтың  қатарын 

көбейтер  кезі.  Амал  нешік,  азғындық  жолға  түсіп  кеткен. 



349

Маған  тұңғиық  көздерімен  мұңая  қарайды.  Тани  ма,  танымай 

ма,  білмеймін.  Əйтеуір  бір  ағасың-ау  деп  қарай  ма? “Əй,  аға, 

осыған сен кінəлісің” деп кінəлай қарайтындай. Мойындаймын. 

Саяси қайраткер ретінде не тындырдым?! Қоғамда еш өзгеріс 

жоқ. Іш қазандай қайнайды, қолдан келер дəрмен жоқ. Əйелдің 

тұрмыс-тіршілігін,  ауылдың  тақсыретін-тауқыметін  көріп 

отырып, Нұрекеңе “Бір ісің бар қолыңда өлгім келеді” дейтінім, 

кейбір  ірі  істеріне  қарап, “жолыңда  өлгім  келеді”  дейтінім 

сондықтан.  Бірақ  Достоевский  “Қоғамның  бақыттылығын 

балаларға қарап, бағала” дейді екен. Мен айтар ем: “Қоғамның 

бақыттылығын,  кемелдігін  əйелге  қарап,  бағала!”  Жетім-

жесірлерге,  əйелге  деген  безбүйректік  қоғамның  əлеуметтік 

өміріне  нұқсан  келтіреді.  Əйел  тұрмыстан  қашады,  төсектен 

безеді,  баладан  безеді.  Неге?  Өйткені,  тұрмыс,  бала – масыл, 

бақытсыздық кепілі. Ал бақытты анасыз, баласыз қандай қоғам 

болуы  мүмкін?!  Бəрін  тоқтатып  қойып,  осы  мəселеге  көңіл 

бөлу керек. Бұл – кезек күттірмейтін мəселе. Демограф Мақаш 

Тəтімовтің дерегі бойынша, Қазақстанда 150 мың қыз 30 бен 40-

тың арасында кəріқыз боп отыр екен. Бала сүйейін десе, қазақ 

Олжабайларды, Құдайбергендерді ұятсынады. Ел бетке басады. 

Қызды да табалайды, жазықсыз баланы да “некесіз туған” деп 

қаралаймыз,  бетіне  салық  етеміз.  Басқа  ұлтта  мұндай  жоқ. 

Мысалы, орыс, кəріс бала асырап алу үшін жылдар бойы кезекке 

тұрады. Бір кəріс досым бар еді. 8 жыл бала іздеді. Ақыры бір 

кəріс  бала  түскен  екен.  4   кəріс  таласып,  менің  досым  жеңді. 

Орыстар Мəскеуге, Санкт-Петербургқа, Орынборға барып орыс 

бала асырап алады. Біздегі бөбектер үйі қазақ балаларына лық 

толы. Шоқынып жатқан да    – қазақ. Мұсылманшылықтан кетіп 

жатуы  –  үлкен  бір  рухани  адасушылық,  рухани  азғындаудың 

белгісі деп түсінемін, күңіренемін. 

– Əңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Күлəн Берікболова,

Ақ босаға. Қаңтар 1997 ж. №1


350

Желтоқсан бұрқасыны

Қазақ  елінің  тəуелсіздігі  жариялануының  бір  жылдық 

мерейтойы  тұсында  сонау 1986 жылдың  желтоқсанында 

ұлтымыздың  ар-намысы  тарих  таразысына  түскен  күндер 

еске  орала  береді.  Осыған  орай  біз  өз  оқырмандарымызға 

жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Сəбетқазы Ақатайдың сол бір 

бұрқасынды күндері бастан кешкендері туралы ой толғанысын 

ұсынып отырмыз. 

Əр  ұлттың  өзінің  Ұлы  күні  болады.  Ол  сол  күнді  жыл  он 

екі ай бойы асыға күтеді, бар асыл арман, ізгі ниет-тілегін осы 

күнмен байланыстырады. Тарихында ондай күні жыл он екі ай 

бойы асыға күтеді, бар асыл арман, ізгі ниет-тілегін осы күнмен 

байланыстырады.  Тарихында  ондай  күні  жоқ  ұлт – бақытсыз. 

Ондай атаулы күні жоқ ұлт жат ұлттың сондай ұлы күнін, сондай 

бір мейрамын тойлауға мəжбүр болады. Əңгіме ол күннің есте 

қаларлық  шаттық-қуанышпен  немесе  өзекті  өртеген  қайғы-

қасіретпен  байланысты  болу-болмауында  емес.  Бұл  жағынан 

бəрібір. Қайғы-қасіретпен байланысты болса, онда той үстінде 

ұрпақ  сол  ауыр  қайғыдан  аттап  өтуге  талпынады,  ал  егер  де 

қуанышпен,  бір  жеңіспен  байланысты  болса,  онда  жақсылық 

пен ұлт мерейі үстем бола берсін дейді. 

Шүкіршілік,  сондай  бір  ұлы  күнді  құдайекең  қазаққа  да 

бұйыртқан екен ақыры. Ол күніміз – ұлыстың ұлы күні – енді 

ұлт рəсіміне айналып келе жатқан 17 желтоқсан. 

1986 жылғы желтоқсан бұрқасыны қазақты меңіреу ұйқыдан 

оятты.  Еңсесін  көтертті.  Шамырқантты.  Ендеше – “Жасасын 

желтоқсан” деп қалайша шаттанбайсың! Арада бес жыл өткен 

соң, дəл сол күннен бір күн бұрын – 16 желтоқсанда терезесі тең 

тəуелсіз  ел  болып  шыға  келдік.  Бұлай  болар  деп  кім  ойлаған. 

Коммунистік үстемдіктің езгісіне етіміз өліп кетіп еді ғой. 

Француздардың  өз  тарихындағы  Ұлы  күні  француз  рево-

люциясының Бастилияны құлатқан күн. Олар осы 14 шілде күнін 

ұлттық  мейрам  ретінде  тойлайды.  Ал  немістің  ұлы  ойшылы 

Гегель  өзінің  туған  күнін  дəл  сол  күні  өткізбей,  Бастилия 



351

алынған күнге əдейі қалдырады екен. Міне, ғажап! Азаттыққа 

жеткен қазақтың болашақ Гегельдері де өздерінің туған күнін 

17-желтоқсанға  əдейі  тоқтатып  қойып,  нақ  осы  ұлыстың  ұлы 

күні өткізетін кез келеді əлі. 

Иə,  Бастилияны  алатын  күн  француздардың  белгілі  бір 

тобына ғана қажет болса, 17 желтоқсан күллі қазақ қауымына 

керек  болды.  Ол  ол  ма,  əрбірден  соң,  желтоқсан  бұрқасыны 

тек қазақ нəсіліне ғана емес, коммунистік езгіге түскен жарты 

əлем  үшін  де  қажет  болды.  Атышулы  Берлин  қабырғасының 

Қазақ  желтоқсанынан  көп  кейін  құлағандығы  көп  жұмбақтың 

түйінін  шешеді. 1958 жылы  венгрлер  жеңілді, 1962 жылы 

Новочеркасскінің орыстары жеңілді, 1968 жылы чехословактар 

жеңілді, 1980 жылы  поляктар  жеңілді, 1986 жылы  қазақтар 

жеңілді.  Бірақ,  бұл  арада  бір  нəрсе  айдан  анық – егер  осы 

төрт жеңіліс болмаса, шəйт жандардың бұлақ боп аққан қаны 

болмаса,  бүгінгі  азаттық  тағы  да  орнамас  еді – “перестройка” 

əлі  де  келмес  еді, “қызыл  фашизм”  барлығымызға  бас  иді, 

қанды  қырғының  жалғастыра  берер  еді.  Мұның  барлығына 

алғаш тосқауыл қойған қазақтың желтоқсаны. 

Желтоқсан шеруінің ақыл жетпес бір кереметі – өркениет пен 

демократияға бізден гөрі бір табан жақындау жатқан жағдайы 

“тұрақты” делініп жүрген Қазақстаннан, езіліп кеткен, “көнбіс” 

қазақ халқынан басталған еді. 

...  Алаңдағы  жағдайды  байқаған  соң,  үй-үйдің  арасымен 

жүріп  отырып,  Фурманов  көшесіндегі  “Береке”  дүкенінің 

алдынан  шықтым. Ойым – ауыл шаруашылығы институтының 

студенттері осы араға шоғырланған екен, соларға көз сала кету. 

Алаңға шыққандар негізінен жастар секілді көрінді. Социолог 

(əлеуметтанушы) ретінде – бұл бейбіт наразылықтың қозғау-

шы күші мен əлеуметтік негізін білу мені қызықтырмай қой-

маған еді. 

Көше  əп-сəтте  иін  тіресе  қалды.  Мұндайды  қайдан  көріп 

едім дей берем ішімнен. Кейіннен ғана есіме түсті. 1825 жылы 

Петрбордағы Сенат алаңына шыққан декабристер бар емес пе 

еді,  мына  көрініс  содан  айнымайды.  Бар  айырмасы – бұлар 

20-ғасырдың аяғындағы қазақ декабристері. 


352

Алаңда  шындығында  не  болып  жатқанын  өзім  де  анық 

түсініп болмаған едім, бұл не, өңім бе, түсім бе? Қалай осыған 

дейін мен туған халқымды ұқпай жүргенмін бе? Қазақта намыс, 

ар-ождан,  ұлт  дегендердің  қуаты  баяғыда-ақ  сөнген...  Ал  енді 

құлдық  тіршілікке  көніп  кеткен  “көнбіс”  ұлт  екен  десем... 

Мынасы  не?  Жай  наразылығы  ма?  Əлде  одан  зорырағы  ма? 

Ежелгі  Рим  тарихы  есіме  түседі.  Құлдар,  құлдар...  Спартагы 

қайда  бұлардың?  Аяқ  асты  сықыр-сықыр.  Желтоқсанның 

кəдімгі қатқыл қатқағы. Мұнартқан аспан. Құлақтанған күн. 

Алабұртқан күн мені енді қайтадан алаңға қарай жетектеді. 

Сағат күндізгі 4–5 кезі болатын. Келсем, алаң қаптаған халық. 

Жанарларда намыс оты. Бəрінің жүзінде – бұрын мен көрмеген 

бір  ғажап  мерей.  Бүгін  қан  төгіледі-ау  деген  күдік  ешкімнің 

ойында  жоқ.  Топ-топ  КГБ,  МВД  шендерін  қоршаған  жастар, 

əсіресе қыз-келіншектер адуын көрінді – оларға “сен” деп өрекпіп 

сөйлейді.  Мен  алғашқы  жеңіс  деп  осыны  таныдым.  Еңсесі 

езіліп, өзінен-өзі түңілген, ішкілік жайлаған, ана тілін ұмытуға 

айналып, “қазақпын”  деуге  өзінен-өзі  қымсынатын  жастар 

өздерін өкшесіне салып езгілеген албайларға (полковниктерге) 

ғайбат  шегіп,  мыңбасы,  жүзбасылардың  жағасына  жармасып, 

иығындағы пагондарын жұлуы, бас киімдерін алып лақтыруы   – 

бұл түс емес, шындық еді. Бұл жай ашу-ызаның əрекеті емес, 

езілген ұлттың “өзін өзі жеңуі”, түсініктірек айтқанда, ежелден 

бергі “құлдық” психологиясын жеңуі еді. Бұл ғана емес, оның 

билік  тізгінін  өз  қолына  алуға  белді  бекем  байлағандығының 

белгісі еді. Бірақ, империя аждаһасы оңайлықпен өлейін деп тұр 

ма,  оның  жантəсілім  сəтте  өлтіре  бір  қағатын  салаң  құйрығы 

бар емес пе. 1825, 1905, 1907, 1917 жылдары солай болды ғой. 

Алаңға 15–20 мыңдай адам жиналған болар. Күн шыңылтыр 

аяз, 18–25 градус шамасы. Ылғалды салқын ауа сүйектен өтеді. 

“Ақ  үйдің” (ол  кезде  қазіргі  президентің  Ақ  Ордасы  солай 

аталатын) сол қапталын-микрофон қойылып, бір топ басқарушы 

қазақ  азаматтары  тұрды.  Елемесов,  Камелиденов,  Мұқашев, 

Құбашев, Бағланова кезек-кезек микрофоннан сөйлеп, жиналған 

жұртты  тыныштыққа  шақырды.  Тұтқындарды  таситын  “ФЖ” 

сериялы  машиналар  Сəтбаев  көшесі  жақта  лықып  кетті.  Түн 


353

баласы немен тынатыны мені қатты үрейлендірді. Неге екенін 

білмедім, іштегі лықсыған бір күш мені институт қабырғасына 

тартты  да  тұрды.  Тыпыршып  тұра  алмадым.  Наразылық 

білдірудің  де  жөн-жосығын  аңғармаған  сорлы  халқымның 

тұмсығы тасқа тигелі тұрғанын сезген соң, тəуекелге бел байлап, 

тым болмаса қарлығаш боп су сепкім келді. Бейбітшілік көшесін 

бойлай  төмен  түсіп,  шетел  тілдері  институтының  ағылшын 

тілі  факультетіне  жеттім.  Сағат 6-да  лекциям  бар  еді.  Бір  лек 

120 адам. Соларды алаңға апарғым келді. Ертең тергей қалса, 

салмақты сылтауым да барды, анда-санда студенттерді музейге 

апаратын,  қазақ  халқының  ежелгі  мəдени  мұрасымен  көзбе-

көз таныстыратын ұстаздық, тəжірибем болатын. Студенттерге 

істік мəн-жайын айтып едім, шəкірттерім əжептəуір елеңдеулі 

екен, “Барамыз” деді бəрі бір ауыздан. Алдыма түсті. Музейге 

деп шыққанмен, алаңда қалып қоятындарын ішім сезді. Музейге 

сағат  алты  жарымда  жеттік.  Ойлағанымдай  болып  шықты: 

келгені 10 шақты,  қалғаны  алаңдағыларға  қосылып  кетіпті. 

Келгендердің тізімін алдым да (кейін КГБ тергегенде осы тізім 

мықты айғақ болды), қайта алаңға тарттым. 

...  Жұрт  көргенді  мен  де  көрдім,  түнгі  сағат 10 шамасында 

үйге  келдім.  Келдім  деймін-ау,  жоқ,  екі  “құпия  қызмет” 

адамының  алдына  түсіп  жеткен  едім.  Келсем,  жұбайым  үйде 

жоқ,  қалай  жайбарақат  отыра  аласың,  үрейленген,  қорыққан, 

сосын омыраудағы баласын кеудесіне қысып алып, мені іздеп 

кетеді. Дереу қайта есік алдына шықтым. Əлгі екеу əлі тұр екен, 

жолымды бөгеді. 

– Вам велено сидеть дома, – деді біреуі ызғарлана сөйлеп.    – 

И   об  этом  кроме  Вас  никто  не  должен  знать, – деп  зілдене 

сыбырлап  қойды  оған  қоса.  Олардың  бағана  артымнан  келіп 

“пройдемся”  дегенін  елең  қылмай  жүре  беріп  едім,  қақпанға 

түскенімді енді ғана сездім. Мен бұйрыққа көніп, үйге кірдім. 

Байқағаным  антеннасы  көкке  шаншылып  ақ  “Волга”  тұр  дəл 

есік  алдында.  Бірінші  қатарда  тұратын  бір  кемпір-шалдың 

терезесі де қараңғы екен. Жүрегім мұздап кетті. Мен пəтеріме 

кірісімен-ақ тұрған үйім бақылауға алынғанын сездім. 



354

Ауаным  алаң  болды,  бірақ  ол  жаққа  бара  алмадым. 

Желтоқсанның 19-күні  таңертеңгі  сағат 7-де  есік  қағады. 

Аштым. Бір орыс, бір қазақ “үш əріптің” атын атады. 

– Валерий Иванович, – деді орыс. 

– Аманғали, – деді жұқалтаң келген ат жақты қазақ жігіті. 

Шет  тілдері  институтының  Шевченко  көшесі  мен 

Космонавттар  көшесінің  қиылысындағы  жатақханасында 

тергеу  басталды.  Қойылған  сұрақ  негізінен 3 пунктке  сайды: 

16–19  желтоқсан  аралығында  қайда  болдым,  не  істедім  жəне 

болашақ саяси ахуалды қалай бағалаймын! Жауабымды үстірт 

қана  жазып  беріп,  жұмысыма  кеттім.  Барсам,  республикалық 

прокуратурадан 4 тергеуші тосып отыр екен. Олардың қойған 

сұрағы да əлгіндей болды. КГБ-ға жазғанымды қайталай жазып 

бердім. Бір жақсысы, көп бөгеген жоқ. Лекцияма кеттім. 

Сол күні кешке қарай алаңды алыстан айналып, көзбен шолып 

шықтым. Танкілер мен БТР-лар қоршап алған. Солдаттар мен 

жасақшылар  жағылған  оттардың  айналасында  топ-топ  болып 

тұр екен... 

23-і  күні  мені  КГБ-ға  шақырды.  Ұлттық  намысын,  елдігін 

қорғаған  қазақ  жігіттері  мен  қыздарының  астананың  бас 

алаңында қан-жоса болып соққыға  жығылғанын өз көзімізбен 

көріп, шарасыздықтан халықпен бірге жылап едік, енді КГБ-ның 

түнерген кабинеттерінде оларды екінші рет жан даусын шығара 

қалай іштен тепкілегенін көру онан бетер жанға батып, жаман 

ашындырды.  Не  істеу  керек,  мына  құлақ  естіп,  көз  көрмеген 

сұмдықты  əлем  жұртшылығына  қалай  жеткізу  керек  деген  ой 

бастан кетпей қойды. 

Қайғылы, қаралы күндер өтіп жатқанымен, менің кеудемдегі 

желтоқсан  бұрқасынының  толастар  түрі  жоқ.  Сол  күндердің 

қасіретіне  қабырғасы  сөгіле  қынжылған  адамдардың  бірі 

Жағда Бабалықов еді. Ол Қытайдағы үш бірдей аймақтық ұлт-

азаттық  революцияға  қатысқан,  көрген-білгені  көп,  салауатты 

жан.  Ақыл  қоса  келіп,  жабулы  қазан  жабулы  қалмасын,  əлем 

жұртшылығына  жар  салу  керек  деген  тоқтамға  келдік.  Бірақ, 

қалай,  қайда  шағынарсың.  Ақыры,  мынаған  келістік.  Тарту 



355

қаласында  Алмас  Естеков  деген  қазақ  жігіті  саяси  қуғын 

көрген  кинорежиссер,  қазір  Америкада  тұрады  “Түркістан” 

атты  газет  шығарады.  Сол  газетке  жазу  керек.  Сөйтіп,  дүние 

жүзі  халықтары  мен  үкіметтеріне  үндеу  жазылды.  Газет 

жарияланғанда өз тарапынан қосымша берді, оған дейінгі текст 

түгелдей менің қолымнан шықты. 

Үндеуде бөтеннің “сыйлаған” азаттығы баянды болмақ емес, 

күшіңмен  алмаған  азаттықтың  қолыңнан  сусып  шығып  кетуі 

кəдік,  қалың  халық  коммунистік-тоталитарлық  үстемдіктің 

табаны  астында  қашанғы  қала  бермек  деген  идея  айтылды. 

Бейбіт шеруге қарсы əскер күшін қолданудың шектен шыққан 

сұмдық  озбырлық  екендігі,  жазықсыз  жандарға  сапер  күрегін 

сілтеу,  оларды  итке  талату,  қыздарды  бұрымынан  сүйрелеп, 

іштен  тепкілеу  дегенің  неткен  тағылық  екендігі,  бəрі-бəрі 

айтылды.  Ішінде  ел  басқарушы  саналып  жүрген ..., ..., ...

1

 

сияқты  қайраткер  сымақтардың  сатқындық  қылықтары  да 



əшкереленбей  қалған  жоқ,  қорытындысында  дүние  жүзі 

халықтары мен мемлекеттерінен көмек сұралды. 

Үндеу өте тұжырымды түрде жазылып, бір параққа мейлінше 

тығыздап басылды. КГБ соңымызға түскен күнде танытпау үшін 

машинка таңбасының үстінен өткірлеп ұшталған қарындашпен 

тағы  бір  жүргізілді.  Сонан  соң  осы  текстен 30 микропленка 

жасап,  əртүрлі  амал-айламен  (Үнді  шайының  арасына  тығып, 

кəмпитке  орап,  тіпті  балтаның  сабына  да  сыналап  тығып 

дегендейін) “интернешнл эмнисто” ұйымы арқылы шет елдерге 

жібердік.  Шындығында  бұл  əрекеттеріміз  бағзы  замандарда 

мұхиттағы  дауылда  апатқа  ұшыраған  кеме  жолаушыларының 

ішіне  бір  жапырақ  қағаз  салып  суға  тастаған  шөлмегіндей 

ғана нəрсе-ді. Алайда сол 30 пленканың бірі Алмастың қолына 

тиіпті. Сөйтіп, Үндеу жарық көрді. 

Кейіннен  желтоқсан  оқиғасының  жантүршіктіретін  ащы 

шындығын  айдай  əлемге  жарқыратып  жайып  салған  Мұхтар 

Шаханов болды. Кеңестер Одағы Жоғарғы Кеңесінің мəртебелі 

1

 Басшылардың аты-жөндері алынып тасталды.



356

мінбесінен депутат ретінде сөйлегенде, сөз сұрағанда айтамын 

деген  мəселені  ысырып  тастап,  Қазақстан  астанасындағы 

Желтоқсан  оқиғасы  үшін  нақ  кімдердің  кінəлі  екенін  ашына 

айтып 15 минут  сөйлегенде,  мен  үйімде  отырып  “Я,  аруақ!” 

деп ақын досыма сүйсінумен болдым. Осы 15 минуттық сөзді 

айтуға қазақ халқы 15 ғасыр дайындалса қалай сүйсінбессің. 

Қазақ  тарихында  белесті  оқиғалар  аз  болмаған. 1986 

жылдың  желтоқсаны  солармен  деңгейлес  оқиға,  бəлкім, 

тіпті  бірсыпырасынан  шоқтығы  биік  те  болары.  Бірақ,  ең 

маңыздысы  оның  қазақ  ұлтының  жаңа  тарихының  бастауы 

екендігінде ғой деймін өткен жылы 16 желтоқсанда Қазақстан 

өзінің  тəуелсіздігін  жариялады.  Бүкіл  халық  болып  тұңғыш 

Президентімізді  сайлап,  ел  билігінің  тізгінін  адамгершіл, 

байсалды, білгір саясаткер Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 

қолына ұстаттық. 

Қазақта желтоқсан қашанда қадірлі құт-береке айы саналған, 

ала жаз бойғы төккен тердің жемісі алтын дəн болып қамбаға 

құйылатын  кез  осы  ай.  Соғым  айы  да  осы  кезге  келеді.  Өзге 

де  үлкенді-кішілі  шаттық-қуаныш  аз  болмайтын.  Енді,  міне, 

оған  ең  ұлы  мерекеміз – тəуелсіздік  мейрамы  қосылды. 

Көкте  көк  жалауымыз  желбіреп,  күллі  əлем  таныған  егемен 

ел  болуға  ұмтылған  əр-бір  қадамымыз  құтты  болып,  осы 

бағыттағы  іс-əрекетіміз  жемісті  болғай.  Татулығымыз  бен 

тыныштығымыздың  шырқы  бұзылмағанын  тілейік,  соған  күш 

салайық. 



Əлеуметтік қорғау. 1992. №4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет