Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н


Дəмі бітпес, таусылмас тəтті бар ма?



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

Дəмі бітпес, таусылмас тəтті бар ма?

Иə, бар. Ол – Тəуелсіздік!

Кіндік  Азия  төскейінде  Үшінші  мыңжылдық  қарсаңында 

мұншама  өзгеріс  болып,  Қазақстанның  көгілдір  туы  қайта 

желбірей  қалады  деген  ешкімнің  ойына  келе  қоймады  десек 

артық бола қоймас, сірə. 

Ол  біздің  ойымызда  да  болған  жоқ.  Түбінде  тəуелсіз  ел 

боларымызды  білдік.  Бұған  басты  себеп – соңғы XX ғасырда 

Еуразия  əлемінде  өткен  ұзақ  ғасырларға  жалғасты  созылған 

саяси-əлеуметтік  сұрапыл  дағдарыс.  Соңғы  бір  ғасырдың 

өзінде  бұл  ғаламат  үлкен  өлке  бірнеше  рет  эксперименттерге 

ұшырап  жамбасынан  аунап  түсті.  Өндіргіш  күштерді  Еуропа 

жұртшылығына  ұқсап  “еңбек  қаруын”  жетілдіру  арқылы 

дамытудың  орнына  зорлық-зомбылық  қаруын  жетілдіру 

арқылы  дамытуды  басты  шарт  санады.  Одан  тоталитарлық 

идеяны  ұстану  қажеттігі  туды.  Бұған  бас  ұрғандар  Еуразия 

кеңістігін  қанға  бояды,  ағайын  арасына  жік  түсірді,  əкесі  мен 

туған анасын сатқандар ер атанды, тоталитарлық жүйе адамды 

жаншыды,  құл  етті,  дəстүрлі  адами  көзқарасқа  ақау  түсті, 

құдай  жолына  кесе  көлденең  шықты,  ақ  пен  қызылға  бөлініп 

айқасты, бірін бірі қуысты, қайсысы қуса да аз санды ұлттарға 



322

қысасы тиді. Кіндікті субконтинент адам мекендемейтін шөлге 

айналдырылды.  Бұл  дəуірде  жеке  алған  мемлекет  туын  тігуі 

мүмкін болмады. 

Екінші  мыңжылдықтың  соңғы  ғасыры  бойы  өткен 

идеологиялық  шиеленіс,  түбегейлі  шешімін  таппай  ұлт 

мəселесінің  кезегі  келмеді.  Ұлттың  тағдыр-талабы  шешілу 

үшін  “патшалық”  идея  мен  “коммунистік  идея” (екеуі  де 

бірінен  бірі  өткен  тоталитарлық  жүйе)  бірдей  сұлауы  керек 

еді. Еуразия ұлттары мен ұлыстарының біразының көз жасын 

құдай көрген екен. 

Екінші себеп – субъективтік, ол тəуелсіздікті ұлттың аңсауы. 

Еуразия кеңістігі тоталитарлық ақыл-ойдан бір сəт босап, алуан 

қилы  көзқарас  орнай  қалған  тұста  тəуелсіздік  жарияланды. 

Қатардан  қалмадық.  Даяр  тұрдық.  Өзіміз  сынаған  жалтаңдық 

ақталды.  Құлаған  жүйелердің  орнына  ондаған  мемлекеттер 

ту  тікті.  Тіге  алмай  қалғандарын  айту  аянышты.  Олар  əлі  де 

күреседі. Тəуелсіздік үшін күресе береді. 

“Тəуелсіздікті  қаншама  игересің,  соншама  аласың” – деген 

Ресей саясаты тез арада өзгеріп шыға келді. Ол кезең жалт етті 

де, жоқ болды. Алайда, қазағымның қолында арқасына алтын 

күн  арқалаған  қыраны  бар  көгілдір  байрақ  қалды.  Байрақ 

биіктен  көрінсін.  Байрақ  биікте  ғана  желбірейді,  жерге  түссе, 

құласа – шүберек.  Алла-тағала  ұзағынан  сүйіндірсін!  Қазірде 

халқымыздың  іштегі  жəне  сырттағы 13 миллион  кəрі-жасы 

тəуелсіздікке деген сусынын баса алмай жатыр. 

Қазақстанды  құлашын  кең  жайған  бəйтерекке  ұқсатамын. 

Мəуелі  бəйтеректің  тамыры  сала-сала  болатыны  мəлім. 

Қазақстан  өзінің  жеріне  əр  тарихи  кезеңдерде  əр  түрлі 

себептермен келген ел-жұртқа пана болды. Оларға да, өзімізге 

де  ортақ  Отан  болды.  Қазақстан  азаматтығын  алу,  қазақпен 

қатар өмір сүру, қоңсылас, ауылдас болу мəртебеге айналды. 

“Жалғыз  ағаш  жапанда  ну  болады”, – деп  айтылатын 

қазақтың  ескі  бір  өңіндегі  тұлғалы  жол  шындыққа  айналды. 

Көптің ризашылығы – көл. 

Қазақстан мемлекетінің тамыры терең. Ең əуелі жəне тереңде 

жатқан тамыры, əрине, өзіміз мақтан санайтын Қытаймен шендес 


323

ертедегі  көшпелі  ғұн  ордасы.  Оның  айбатын  біз  қазір  Қытай 

қорғанынан білеміз. Онан кейінгісі түрік нəсілдес ел-жұрттарды 

мəңгілік  ортақтастырып  кеткен VI–VIII ғасырлардағы  Түрік 

қағанаты, ал сонан кейінгісі атағы əлемге танымал Алтын Орда. 

Бұлар  ұлысымыздың  Ұлы  күндері.  Олар  аталмай  кетпеуі   – 

шарт.  Бұлардың  бет-жүзін  шаң  бастырмауымыз  керек.  Ол 

біздің  кемелдігіміздің  белгісі.  Бұлардың  қайсыбірін  алмаңыз, 

айбынды да айбатты. Осы Алтын орданың оң қанаты – Ақ Орда, 

оның негізінде құрылған Қазақ Ордасы. Алтын Орда босағаның, 

шаңырақтың аты емес, аты киелі қазақ ордасы. Тарихымызды 

қай жағынан қарамасақ та кемсінетін жеріміз жоқ. “Тақ – менің 

ертоқымымның астында”, – дейді екен Ақ Орданың бір ханы. 

Қазақ Ордасы дүниеге келе сала көршілес елдердің қаһарына 

түсті.  Бір  жағынан  қытай  боғдыханы,  жоңғар  хонтайшылары, 

Мəуереннахр  билеушілері,  орыс  императорлары  қазақтардың 

жүріс-тұрысына көз тікті. Жер қорып жүріп, қырғи-қабақтықтың 

да меселін басуға тура келді. Қазақ идеясына қарсы бағытталған 

көзқарас  негізінде  бас  қосып,  күш  біріктіру,  қазақтың  басын 

тарыдай шашу оңай болды. Бірақ сол кездің саяси элитасының 

ауыз бірлігі, ұлт болу, мемлекет болу идеясы бұлардан əлдеқайда 

басым  жатты.  Шу  мен  Суықтөбе  арасындағы  тоқымдай 

жерге  ту  тігілді.  Отыз  жыл  өте  Қазақ  Ордасының  əскер  саны 

ғана  миллионға (“мың  да  мың”)  жетті.  Қазақ  Ордасы  Селеңгі 

мен  Дон  арасына  аяқ  созды.  Қазақ  болу  мақтаныш  саналды. 

Тарихымызда мемлекет құруға талпыныстар көп болған. Бірақ 

барлығы бірдей іске аса бермеген. Қазақтың бойында құнарлы 

жақсы қасиетпен бірге құнарсыз жаман қасиет те жетіп жатыр. 

Соның бірі – кінəмшіл, кінəрəтшылдық та бар. Құбылысқа аз-

мəз  сызат  түссе,  талағымыз  тарс  айрылып  өкпелей  қалатын 

мінезіміз бар. Артын бағамдауды барлығымыз біле бермейміз. 

Бір  күндік  қиындыққа  шыдау  қиындықтың  алдын  алып 

амалдай  тұрудың  орнына  азар  да  безер  болатынымыз  бар. 

Ол  мінез  мемлекет  құрып  жатқан  халыққа  жарамайды.  Таққа 

ұмтылғандардың  баршасын  таққа  отыра  бергізетіндей  бізде 


324

тарих жоқ. Осыны ойлаған Шыңғыс хан немерелерінің үшеуіне 

ғана  орда  тігіп,  ең  жақсы  көретін  немересі  Батуды  “Алтын 

босағалы ақ ордаға” кіргізіп бата беріп, жолын ашқан деседі сол 

заманның  жəдігерлері.  Қалған  немерелеріне  Батудың  тілеуін 

тілеуді, оның “ескісін киіп, ешкісін бағуды” бұйырған. 

Орда құрылып жатқандағы о бастағы ой “елдің тұтастығын, 

ауызбірлігін  сақтау”  еді.  Əрине,  бұл  ақыл-ой  қара  басының 

қамын ғана ойлайтындарға жүрмейді. 

1991  жылғы 16 желтоқсанда  жарияланған  мемлекет  –

Қазақстан  Республикасы  ойланып-толғанып,  жеті  өлшеп,  бір 

пішіліп  келгені  мəлім.  Тəуелсіздік  жарияланбай  суверенитет 

заңдастырылғаны  мəлім.  Тəуелсіздік  пен  суверенитет  бір 

ұғымды  білдіргенмен  екеуінің  базар  бағасының  арасы 

кеңес  туын  ұстағандар  үшін  жер  мен  көктей  болды.  Кеңес 

республикаларында  да  алдамшы  социалистік  суверенитет 

болды.  Осыған  алдандық.  Бірақ  бүтіндік  болмады.  Ол 

көбіне  “социалистік”  тұрпатта  болды. 1937–1938 жылдың 

синдромы тағы тұрды. Демек, аяқты санап басу “ішкі есептен 

жаңылмау”  философиясы  жүрді.  Кеңестік  кеңістіктің  шуы 

құлақ  жаңғырықтырып  жатты. “Дəмі  бітпес,  таусылмас  тəтті 

бар  ма?”   –  деген  Абай  сауалына  қайтарар  жауап  бар.  Ол – 

Тəуелсіздік. Онан биік мұрат жоқ. Дəмі бітпес, таусылмас тəтті 

бар ма? Дейді Абай. “Бар!”  –  демекпін. Ол – Тəуелсіздік. Онан 

биік, онан мəртебелі мұрат жоқ. Болмайды. 

Тəуелсіздік, қазағым, сенің тамыр-тарихың. 

Тəуелсіздік, қазағым, сенің абыройың, намысың. 

Иығында қалқаның, маңдайында жұлдызың. 

Төбеңдегі  айдарың,  қабағыңа  біткен  айбарың,  аруағыңның 

аманаты.  Жауырынындағы  қанатың,  желкеңе  біткен  жалың, 

төбеңдегі кекілің. Алдындағы – несібең. 

Тəуелсіздік  жолына  бəрін  бер!  Садақа!  Тəуелсіздігіңді 

қорғай біл!

Егемен Қазақстан. 14 қаңтар 2001 ж.


325

Көк ту желбіреп тұрсын десек

Тамыр  ұшын 1962 жылы  Мəскеу  университетінің 

қабырғасында құрылған студент жастардың “Жас тұлпар” атты 

ұйымы мен “Азат азаматтық қозғалысынан алған Қазақстанның 

Республикалық партиясы Одақтың орып түсіп тұрған заманында 

Қазақстанның  тəуелсіздігін,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл 

болуын,  қазақтың  өз  алдына  ұлттық  валютасын  көксеп,  ту 

көтеріп  шыққан  еді.  Құдайдан  шығар,  қан  төгіп,  жан  бермей-

ақ  тəуелсіздікке  қолымыз  жетті. “Қан  төкпеген  жерімізге 

тер  төгейік”  деп,  қалың  қазақты  бейбіт,  жасампаз  əрекетке 

шақыратынымыз тактикалық амал емес, бүгінгі күн сұранысы. 

“Қазақстанға  шекараның  керегі  қанша?”  деп  сұрайды 

“Единство”  деген  шовинистік  ұйымының  басшысы  Ю.  З. 

Бунаков мырза. 

– Юрий Михайлович, сізде саяжай бар деп естідік, рас па?

– Иə, бар. 

– Саяжайыңыздың дуалы бар ма?

– Дуалсыз үй бола ма? Онсыз тонап кетпей ме? 

Сізің  алақандай  саяжайыңыздың  дуалы  болады  да 

Қазақстандай  байтақ  елде  дуал  болмағаны  қалай?  Онда 

орыс  – сіздің де, қазақ – менің де тоналып жатқанымыз содан 

болар?!  –  дедім. 

Алайда  Ю.  З.  Бунаков  мырза  сезімді  жүре  тыңдап,  теріс 

айналды.  Біз  кедейшілікке  тəуелсіздік  жолына  көшкендіктен 

ұшырап отырған жоқпыз, керісінше, тəуелсіздігіміз толыққанды 

болғандықтан  тоналып  жатырмыз.  Шекара  жоқ,  тесік  көп.  Өз 

басым бүтін шекарасы жоқ елдің жари қоярына сене алмаймын. 

Шекара  мəселесі  Қазақстанның  Республикалық  партиясының 

басты  назарында.  Бұл  ең  өзекті  мəселе,  елімізді  дағдарыс 

қысымынан алып шығатын ұлттық мүліктің басы. Бірақ мұнан 

шекара жабылса болды Қазақстан бірден гүлденіп кетеді деген 

ұғым да, Ресеймен қарым-қатынас үзіледі деген тұрпайы пікір 

де тумайды. Ресей мен Қазақстанның ара қатынасы өркениетті 


326

сапаға  көтерілді.  Шекарадағы  орыс  пен  қазақтың  қолында 

безбен тұрсын, біріне-бірі өлшеп алып, өлшеп берсін дейміз. 

Əрине,  ең  əуелі  қоғамдағы  мемлекет  билігінің  үстемдігін 

арттыру керек. Қазақстандағы демократиялық мекемелер есігін 

ашып,  үкіметтің  саяси  билігін  бəсеңдетіп  алсақ,  дағдарыстың 

əлеуметтік залалы күшейіп, ол созылмалы сипат алады. Қылмыс 

пен  заң  бұзушылық  əсіресе  оның  ұйымдасқан  түрлерінің 

мемлекет аппаратымен сыбайлас қанаты өрши түседі. Ал қазақ 

баласының  демократиялық  мекемелерді  меңгеру  ісінен  қалыс 

жатқандығын,  оның  демократиялық  қимыл-əрекет  дəстүрі 

қалыптаспағандығын  ескерсек,  бұқаралық  солақайлық  ұлттық 

апатқа тіремеуіне ешкім кепілдік бере алмайды. 

Қазірде  Қазақстан  халқы  өте-мөте  ауыр  тұрмыс  кешуде, 

жоқшылық  құрығы  қала  мен  ауыл  тұрғындарын  бірдей 

қылғындырып  отыр.  Дегенмен,  ауыл  тұрғындарының  хəлі 

мүлде  мүшкіл.  Дүниеге  келгенін  қуана  қарсы  алған  ұлттық 

теңгесінің əлі суретін де көрмеген қазақ бар. Жалпы халықтың 

табыс деңгейін 2 есеге көтеру күн тəртібінде тұр десек, ауыл-

село тұрғындарының табыс деңгейін 5–6 есеге арттыру керек. 

Əдеттегідей бұл шара қаулы-қарар деңгейінде қалмай, іс жүзіне 

асқанын  қатаң  бақылау  қажет.  Жекешелендіруді  ауыл-село 

тұрғындары мен табысы төмен əлеуметтік топтардың мүддесін 

ескере  отырып  жүргізген  жөн.  Қазақстанның  жергілікті 

табиғи-климатологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

тəжірибе аймақтарын құрып, онан алған жанды мəліметтер мен 

деректемелер негізінде ғана халық шаруашылығын реформаға 

түсіру  керек.  Бұл  шаралар  ең  əуелі  совхоздар  колхоздарды 

жекешелендіріп, оларды, негізінен, фермерлік шаруашылықтар 

мен шағын ауылдар құру үстінде іске асырса деген ой бар. 

Өзі  уызға  тоймаған  жас  мемлекет  халыққа  жəрдем  етпей 

жатыр  дейміз.  Бірақ  кейінгі  кезде  жəрдемақы  беру  бірбеткей 

саяси  шараға  айналып  отырғанын  дұрыс  дей  алмаймыз. 

Мұндай саясат шынын айтсақ, халықты мүсіркеу емес, кемсіту, 

қорлау.  Əлемдік  тəжірибеде  əлеуметтік  көмек  көрсету  ісі 

деп  тұрмыс-тіршілігі  төмен  топтарға  жаңа  жұмыс  орнын 



327

ашуды  айтады.  Мемлекеттің  халыққа  шынайы  жаны  ашыса, 

ол  жəрдемақы  бергеннің  орнына  (əрине,  кейбір  топтарға 

жəрдемақы  да  керек)  жұмыс  орнын  ашқаны  абзал.  Ол  үшін 

нарықты  экономиканы  өркениетті  жолға  көшіріп,  ауылдық 

жерлерге  шағын  кəсіпорындар  шоғырландырып,  ұлттық 

бизнеске  қамқорлық  көрсету  керек.  Үстірттің  ұлутасын, 

Аралдың  тұзын,  Марқакөлдің  мəрмəрін,  Шу  аймағының 

кендірін, Зайсанның көмірі мен мұнайын ел игілігіне жаратып, 

бүгінгі күн технологиясын шикізат көзіне жақындатқан дұрыс 

болар еді. Ол үшін шет ел қаржысына қазіргіден де кеңірек жол 

ашу  лəзім.  Шет  ел  қаржысының  Қазақстанға  кең-мол  кірігуі 

еліміздің тек экономикасын көтеру үшін ғана емес, Қазақстанды 

саусағын  бүккен  тыс  жаудан  қорғау  үшін  де  керек.  Мұның 

стратегиялық  жағын  отаршылықтың  дəм-тұзын  татқан  қазақ 

ұлты есінен шығара қоймас. Қазақстан халық шаруашылығын 

қуат  үнемдеуші  салаларға  бұру – кезек  күттірмейтін  мəселе. 

Егін  алқаптарын  шектей  отырып,  табиғи  мал  жайылымдарын 

кеңейту ісі дереу түрде қолға алынса, жанар май тапшылығынан 

ақсап  отырған  ауыл  шаруашылығын  тығырықтан  құтқарып, 

игіліктің  арзанқол  көзін  ашар  еді. “Малды – кебекке, 

малшыны   –  алтынға  ал”  дейді  екен  бұрынғы  қазақ  байлары. 

Малшы еңбегі құрметтелгенде ғана мал күйлі болады. Малшыға 

ықылас,  қазаққа  деген  жақсылық.  Малшы  еңбегін  шахтерлер 

деңгейіне  көтерудің  уақыты  келді.  Малшылардың  əлеуметтік 

жағдайын  жақсарту  шаралары  қолға  алынғанда,  оларды 

қарулы  бандитизмнен  қорғаудың  да  жолын  қоса  ойластыру 

керек.  Қазірде  ірі  қалалардың  маңайында  тұратын  шопандар 

рэкеттер  мен  бандиттердің  қарулы  шабуылдарына  ұшырап, 

мал тоналып, адам өліп жатыр. Шопандар мен жылқышыларды 

қару-жарақпен  жабдықтамай  болмайды.  Қару  асынған  малшы 

даланың сəнін де келтіреді. Ондай адам жүйрік ат, əбзел, тамақ 

пен  киім  таңдайды.  Солтүстік  Американың  ковбойлары  қару 

асынған  сиыршыдан  шыққанын  ескерсек,  қару  шопанның  да 

еңсесін көтеріп тастайды. 

“Құдайдан  түйе  сұрап  едім  бота  берді.  Бірақ  оның  ернін 

жырық  қылып  берді”  деген  екен  түйе  көрмеген  ауылдың 


328

сөзге  əуес  сөзуар  бір  келіні. “Жұт  жеті  ағайынды”  дегендей, 

Қазақстанның  өрт  шалмаған  қай  мүшесі  бүтін?!  Соның  тағы 

бірі – кешегі  отаршыл  “қызыл”  империяның  өктемдігінің 

салдарынан азған ел мен тозған жер тағдыры. 

Семей  полигоны  оқтаулы  мылтық  секілді – түбінде  бір 

атылуы  хақ.  Полигон  жабылған  жоқ.  Ол  жұмысын  уақытша 

тоқтатып  тұр.  Демек,  полигон  жабылды  дегеніміз  құр  əуегей. 

“Жауын  бір  жауса,  терек  екі  жауады”  демекші,  іргеміздегі 

Лоб-Норполигонының  заһарынан  қайда  қашып  құтыламыз? 

Сөйте тұрып, Қазақстанға атом электр стансасын салу туралы 

дақпырт  естиміз.  Тегін  нəрсені  кім  жақсы  көрмесін,  атомнан 

алынған  электр  қуаты,  əрине,  арзан.  Бірақ  атомдай  тарпаңды 

ауыздықтау мəдениетін игерсең ғана ол – арзан, əйтпесе – апат. 

Оның  дəлелі:  Украинаны  зарлатып  кеткен  Чернобыль  атом 

электр стансасы. Жеріміздегі полигондарға, күллі стратегиялық 

мүлікке Қазақстан мемлекетінің билігі жүргенде ғана еліміздің 

бағы ашылмақ. 

Отаршылдық  індет  Қазақстанға  шет  ел  азаматтарының 

емін-еркін кіруіне шектеу қойылғанда ғана бəсеңситіні мəлім. 

Ал  сол  келімсектер  төрімізге  шығып  алып,  қос  азаматтық 

сұрап  отыр.  Қос  азаматтық  туралы  əуегей – Қазақстанды 

бөлшектеудің  амалы.  Демек,  шет  ел  ақпарат  құралдарының 

сырттан  айтақталған  идеологиялық  арандатуына  тиімді 

тойтарыс  берілетін  күн  туды.  Қазақтың  елі  мен  жері  бір – 

тұтас, бөлінбейді. Қазақстан – дүниедегі барлық қазақ ұлтының 

қасиетті Отаны. Сондықтан сағынып, зарығып жүріп Отанына 

оралғандарға  құрмет  пен  көмек  көрсетуіміз  керек.  Отанымен 

табысқандарға  ерулік  дастарқанынан  орын  ұсыну  тұрмыстық 

шара  десек,  ол  жеткіліксіз.  Отанына  оралған  қазақ  өкілдеріне 

парламент  пен  жергілікті  басқару  жүйесінен  орын  сайлауды 

талап ететін салтанатты дəурен де келді. 

Қазақтың ішкі рушылдық пен жершілдіктен туған кикілжіңі 

бар. Ұлтымыздың бас біріктіруі тəуелсіздігімізге байланысты, 

аға ұлтқа айналғанының да басты көрінісі болмақ. Жеке қазақ 

емес,  Қазақстандағы  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  көк 



329

туымыздың  астында  рухани  жəне  моральдық  саяси  бірігуі 

гүлденуіміз  бен  салтанатты  тұрмысымыздың  кепілі  болар  еді. 

Əсіресе қазақ пен орыс халықтарының ынтымағы Қазақстандағы 

басқа ұлттар мен ұлыстарға да тағылым болып, тұрақтылық пен 

келісімдіктің  арқауы  деп  есептейміз.  Əрине,  ұлы  достықтың 

сезімі үшін тепе-теңдіктен басқа күштің қажеті де бола қоймас. 

Жалған  интернационализмнің  дəм-тұзын  татқан  қазақ  халқы 

шынайы достыққа құштар. 

Қазақстанда  қазақтың  көкейкесті  арман-тілегі  орныққан 

сайын  халық  санын,  оның  демографиялық  қуатын,  көші-қон 

ісін  реттеу  мəселелері  алға  шыға  беруі  заңды.  Мемлекеттің 

барлық  мүмкіншілігін  бала  мен  ана  өлімін  тежеуге  жұмсап, 

дəстүрлі отбасының – некелік қатынастарды қайтадан орынына 

түсірмей  болмайды.  Жас  жұбайлардың  жанұясын  нығайту 

үшін  елімізден  кетіп  жатқандардың  үй-жайын  осыларға  алып 

беру бірден тиімді əрекетке айналар еді. Бізде ұлттық ғылым, 

əдебиет пен өнер, денсаулық сақтау мен мəдениет салаларының 

көбі  маңдайшасындағы  жазуға  мəз,  күнкөріс  мүлде  ауыр.  Бұл 

салаларға үстеме қаржы бөлмей өздігінен дами алмайды. 

Иə,  бұның  барлығы  əмбеге  аян...  Десек  те  кеше  дүниеге 

келген  біздің  партия  бүгін  билік  басында  отырған  жоқ  деп, 

үлкен іс бітірмеді деп өкпе арту əбестік болар еді. Партияның 

қанатын қағып кете алмауына нақты себеп көп. Қазақ тарихында 

бұған дейін саяси дəстүр қалыптаспаған. Абай ғұлама, философ 

ақын  болды,  бірақ  саяси  мəселеге  қоян-қолтық  араласқан 

емес.  Қазақтың  Дидро,  Жан  Жак  Руссо,  Сунь  Ят  Сея  секілді 

ұлттық  мемлекетке   негіз  саларлық  саясаткерлері  болмады, 

болғанмен  үнін  шығармайтын  үкімет  желкесінде  еді.  Ұлттық 

саясаткерлердің  Міржақып,  Ахмет,  Əлихан  сияқты  алғашқы 

легінің  құрбан  болуы  осыған  куə.  Алайда,  ішкі-сыртқы  саяси 

партиялық концепциясыз мемлекет болмасы өмір заңы. Біз, міне, 

бүгінгі  партиямыз  арқылы  келер  ұрпақтың  ат-əбзелін  əзірлеп, 

бəсіресін  сайлап  берсек  дейміз.  Əйтеуір,  бізден  кейінгілер 

саясатты нольден бастамаса екен. Болашақ ұрпаққа, жерге де, 

елге де ие боларлық қазақтың кəсіпшілеріне жəрдеміміз болса 

дейміз. 


330

Бала кезімде əжем: “Бұған тимеңдер, ертең инемді сабақтап 

береді ғой” деп қорғаушы еді. Біз де қазақтың инесін сабақтауға 

жарап,  жас  ұрпақ  жолындағы  қарын  күреп,  жүретін  көпірін 

салып қойсақ екен. 

Қазірде сайлау науқаны біздің партиямыз үшін өте күрделі 

жағдайда жүріп жатыр. Сайлау мен сайлау тəртібі өзгергенмен, 

жетпіс  жылғы  дағдыдан  бұра  шығып,  басқаша  тыныс  алу  да 

оңай емес. Халықтың алдамшы уəдеге алданып қалуы да болмай 

жатқан жоқ. Бұған дейін Жамбыл облысында болған бір уақиға 

еске түседі. Сайлау болар алдында үш күн бойы дүкен сөрелерін 

ет  пен  шайға  қайыстырып  қойған  тұтынушылар  одағының 

бастығы  депутат  болды.  Үш  күннен  кейін  əлгі  байлықтың 

ұшығы  да  қалмады. “Қой  бақтың,  қоңыраулаттың”  деп,  өмір-

бақи  етке  есеміз  кетпесе  де,  елдің  алдына  түсе  алмағанымыз 

анық. Ғылым-білімнен қағажу қалып жүріп, бүйіріміз шықпасы 

белгілі болды. Демек, дауыс беретін əрбір азамат үлес салмағын 

үш  күндік  нəпақаға  емес,  күллі  Қазақстанның  тағдыры, 

ұрпақтың тағдыры үшін беріп тұрмын деп түсіну керек. Бүгін 

бүйірлі болмасақ та, келешегіміз болсын. 

Қазіргі  бір  ерекшелік,  Президент  сын  естуден  кенде  емес, 

жұртшылық  кейде  тауып,  кейде  қауып  та  айтып  жатады. 

Кезінде: “Нұрекеңнің  бір  ісі  бар,  жолында  өлгің  келеді,  бір 

ісі бар, қолында, өлгің келеді” деп бұған қатыстық. Заманның 

бет-бейнесі  айқындала  түсті.  Президенттен  алыстап  кетсе 

тоңатын,  жақындап  кетсе  күйетін  кезеңге  келдік.  Орынды, 

орынсыз  айтылған  сынның  сипаты  енді  белгілі  болып  жатыр. 

“Елбасының түпкі ойын түгел білмедік” деген асылық та жоқ 

емес. Ақыл, парасатпен санасу керек. 

Чешенстан  мен  Ресей  өкіметі  кикілжіңге  келген  кезде 

Д.  Дудаевтың: “320 мың  автоматты  Мəскеуге  қарсы  қоямын” 

деген мəлімдемесі есімізде болар. Шынында, 320 мың чешеннің 

қолына  автомат  беріп,  Мəскеуге  қарсы  алып  шығу  оның 

қолынан  келетін  еді.  Ал  жеті  миллион  қазақтан 320 мың  қол 

шыға ала ма? Күмəнім бар. Неге? Себебі чешеннің аты чешен 

де,  қазақтың  аты  қазақ.  Қазірде  Қазақстан  əскерінен  қаншама 

жас  қашып  жүр.  Дені  қазақ.  Президенттің  күмəншілдігі  осы 


331

арада  шығады.  Əлі  күнге  қазақтың  аяғы  сылтық,  қолтығы 

жыртық.  Еңсесі  көтеріңкі  емес.  Халқының  шамасына  қарай 

іс  қылғаны  дұрыс.  Сол  шамада  өмірдің  барлық  қырында  да 

безбеніміз  болсын.  Атқа  қонған  Елбасы  қол  тастап  кетсе, 

тарихта  тамтұғы  қалмаған  ұлттардың  кебін  құшу  қиын  емес. 

Қалай қылғанда жаңа парламенттің құрамында қазақ ұлты мен 

қазақстандықтардың намысын жыртатын жергілікті жəне басқа 

ұлт  өкілдерінің  болуын  қалаймыз.  Жердің  тұтастығын,  елдің 

өсіп-өркендеуін  шешетін  парламентке  бір  қайнатым  шай,  бір 

салым  май  берген  адамды  сайлап  жіберу  өкініш,  өмірімізге 

қатер. 


Қарапайым мысал айтайын: орыстың көшіп кетуі проблема 

емес, “Давай, Васька завтра пойдем пасти овец” десең, олар сол 

“завтраға”  дейін  үй-ішімен  Ресейде  отырады.  Бүкіл  проблема 

қазақтың  мойнында  қалады.  Орыс  көшсе  қазақтың  шамы 

жанбай  қалады.  Сол  шамды  жөндеймін  деп  бір  қазақ  тоққа 

түсіп  өледі.  Теміртаудан  темір,  Қарағандыдан  көмір  шықпай 

қалуы ғажап емес. Орыс Қазақстанның қажетті бөлшегі, толық 

құқылы мүшесі. Оған шек келтіруге болмас. Жағдай жақсарып, 

табиғи  сұрыпталу  жүрмей  тұрып,  іштегі  сырды  күні  бұрын 

жалаулатуға болмайды. 

Біздің  бұл  халықта  талай  марқасқалар  туған,  туа  да  береді. 

Кешегі  өткен  Қонаевтың  тигізген  үлкен  пайдасы  қазақ 

шенеуніктерінің қалыптасуына ықпал етті. Қазақтың басына бір 

тоқпақ кем тиді. Шенеуніктердің əрқайсысынан партократтық 

қасиетті көріп, жиырыла беруге болмайды. Олар солай жүріп те 

жаманды-жақсылы дəстүрдің іргетасын қалады. Қолына папка 

ұстап,  ел  басқарудың  жүйесін  қалыптастыруға  үлес  қосты. 

Жəне  соның  бəрі  ізсіз  кеткен  жоқ.  Адал,  іскер,  көреген  ұлт 

шенеуніктерінің шығатын күні енді туа береді. Қазақты тəжік 

пен  грузин,  молдаван  мен  əзірбайжан  тағдырымен  үркіткім 

келмейді.  Жүзім  өсетін  өлке  бар  да,  даласынан  жусан  исі 

шығатын  өлке  бар.  Жүзімді  өлкенің  жүзімін  жусанды  далаға 

тіксең, жусан болып шығады. “Ермен шықты ит қылып, бидай 

шашқан  егінге”  деп,  бұлқынады  Абай.  Əр  ұлттың  өлшеулі 

тағдыры бар. “Мен анау боламын” деу қате. 


332

Осы жуықта “Жас тұлпарды” бірге құрысқан досым, ғалым, 

демограф  Мақаш  Тəтімовпен  жолығып  қалдым. “Мақаш, 

қазаққа не керек?” деп сұрадым тұтқиылдан. “Тыныштық” деп 

ойланбай жауап берді абзал жан. “Аш құлақтан, тыныш құлақ” 

демексің ғой деп жеңіл кекесін айттым. Ол қолындағы жуықта 

ғана  баспадан  шыққан  “Қазақ  əлемі”  деген  кітабын  ашып: 

“Кейінгі үш жылда қазаққа 500 000-нан астам бас қосылыпты”. 

Міне,  тыныштық  қазаққа  не  үшін  керек! (леп  белгісін  мен 

қойдым.   – С. А.) Ал Грузия, Армения, Тəжікстан, Əзірбайжанда 

өткен  шайқастарда  бір  миллионнан  астам  адам  қаза  тапты. 

Олардан туар ұрпақтың санын есептеу үшін компьютер керек! 

(бұл леп белгісін əдетте жұмсақ лебізді Мақаш қойды.    –  С.  А.). 

Тəуелсіздік  алынды,  енді  сол  тəуелсіздік  туын  ұстай  алатын 

білек  керек.  Көк  байрақ  тік  шаншылса  ғана – ұлттық  ту, 

жығылса   – шүберек. 



Халық кеңесі. 3 наурыз 1994 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет