Моғолстан хандығы. ХІV ғ. ортасы – ХVІ ғ. басында Оңтүс- тік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІV ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлі- гі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдыра- ғаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғы- лық Темір (1348-1362 ж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің
73
■ Қазақстан тарихы
негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы бол- ды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы
«моңғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерін- де моңғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, ке- рейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктен- ген моңғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлігі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлігі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды.
Билеушінің дәрежесі – хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тай- пасы әмірлерінен ханның көмекшілері – ұлысбектер тағайындал- ды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақ- сүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауым- ның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырлан- ғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж және қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық әске- ри, кірешілік, еңбек, пошта, т.б. әртүрлі міндеттерді атқарған. Ие- ліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.
Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен іш- кі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншы- лықтарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жы- лы Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны би- леуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362-1385 жылдары Моғолстанның билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат әмірі Қамар ад-Дин – Жетісуды, Енке төре – Іле мен Тарбағатай- ды биледі.
74
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■
Осыны пайдаланған Әмір Темір ХІV ғасырдың 70-80 жыл- дары Моғолстанға оншақты рет шапқыншылықтар жасайды. Қы- зыр Қожа хан (1385-1399 ж.) өзін Темірдің вассалы деп мойын- дайды. Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед хан тұсында (1408-1418) елдің жағдайы біраз нығайды. Оның кезінде Моғолстанның Те- мір тұқымынан тәуелсіз болуға қолы жетеді. Біраз уақыт өзара қырқыс пен талас-тартыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру үшін Мұхаммед хан исламды енгізуге күш салады.
ХV ғасырдың 1-жартысында Моғолстанға ойраттар шапқын- шылығы жиіледі. Уайс хан (1418-1428) ойраттарға батыл қарсы- лық көрсетті, олармен ұзақ соғыс жүргізді. Ол өз ордасын Тұр- фаннан Ілебалық деген жерге көшіруге мәжбүр болады. Уайстың баласы Есен Бұға хан (1433-1462) ХV ғасырдың 30-жылдарының басында өкімет билігін иеленді. ХV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған тайпа- лар көшіп келді. Моғолстан ханы Есен Бұға оларға жер бөліп бер- ді. Мұндағы Есен Бұғаның мақсаты: қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану; қарсыласы Әбілқайыр мен інісі Жүніске қарсы қою.
Жүніс хан тұсында (1462-1487) мемлекет жағдайы біраз ны- ғаяды, бірақ ол 1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттар- дан жеңіліп қалады. Жүнісханның баласы сұлтан Махмұт хан (1487-1508) Жетісуда және Сырдария қалалары үшін қазақ ханда- рымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып, Шығыс Түркістанда Моғол атты жаңа мемлекет құрады. Жетісу- дағы қазақ рулары мен тайпалары 60-жылдардан бастап Қазақ хандығының құрамына енеді.
Сөйтіп, ХVІ ғ. басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз бол- ды.
Достарыңызбен бөлісу: |