Қазақстан Алтын Орда құрамында. 1227 жылы Шыңғыс- хан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Еуропаға жаңа
67
■ Қазақстан тарихы
жорық жасау туралы шешім қабылданды. Моңғол әскерін Шың- ғыс ханның немересі Бату басқаратын болды. Шығыс Еуропаны бағындыруға аттанған Батый басқарған моңғол армиясының көп- шілік бөлігін қыпшақтар құрады. Сондықтан деректерде оның әскері қыпшақтық деп аталған. 1236-1242 жылдары Еділ Бұлға- риясын, орыс княздықтарын бағындырып, Польшаны, Венгрия- ны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны, Трансильванияны тал- қандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа моңғол мемлекеті – Алтын Орданы құрды. Бұл мемлекеттің аума- ғы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның тө- менгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты. Алтын Орда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір террито- риясының бір бөлігін қамтыды. Бастапқыда астанасы Астрахань маңындағы Сарай-Батый қаласы болды, кейін астана Сарай-Бер- ке қаласына Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді.
Алтын Орда көп ұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол әралуан халықтар мен тайпалардан құралды. Моңғолдардың өздері тіпті аз еді. ХІV ғасырда моңғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы «татарлар» деп атала бастады. Соны- мен, белгілі шығыстанушы Л.Н. Гумилев атап көрсеткендей (Қиял патшалығын іздеу. – Алматы, 1992. – 208 б.) «жеңген моң- ғолдар өздері құрған мемлекетте азшылықта қалып, жеңілген және бағындырылған халықтар шын мәніндегі қуатты күшке ай- налып шыға келді. Ал тақта мығым отыруды қалаған басқарушы- лар бұл күшпен барған сайын жете санасуға тиісті болды».
Алтын Орда алғашқы кезде моңғол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде моңғолдың ұлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242-1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде ұста- ды. 1260 ж. моңғол империясы тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батудың інісі Берке ханның (1256-1266) тұсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда моң- ғол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266-1280) тұсында Алтын Орда тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады. ХІІІ ғасырдың 80-жылдары Алтын Ордада Беклер- бек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір ұрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде мем- лекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлеке-
68
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■
тін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298-1312) алауыздық өз- ара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді.
Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357) тұсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс князь- дықтары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан «князь» атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Бірақ билеушілердің хан тағына таласып, өзара қырқысуының салда- рынан Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың құл- дырауы басталды. 1357-1380 жылдары ондаған хан ауысады. Сөйтіп, бұл жылдар Алтын Орда тарихында «Ұлы дүрбелең ке- зеңі» деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша билеу- шісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Жошының ұрпағы Тоқтамыс хан Ма- майдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып ала- ды. Өз билігін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық жасап, оны талқандап, өртейді. Ол, сонымен қа- тар Мәуереннахрмен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың кезінде (1380-1395) Алтын Орда уақыт- ша күшейеді. Бірақ ХІV ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 ж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. ХV ғасырдың орта кезінде Алтын Орда құлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахань хандықтарына бөлініп кетеді.
Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік құрылысының негізгі бастамасы сақталды. Жошы ұрпағының мемлекеті саяси құрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, өз кезегінде ұлыстары неғұрлым ұсақ үлес-иеліктерге бөлшектенген әдеттегі көшпелі мемлекет болған еді. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде қызмет адамдарынан, әскери ақсүйектерден құралған әкімшіл- чиновниктік аппараты маңызды орын алды. Армияны және мем- лекеттің ішкі істерін басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Алтын Орданың билеушісі – хан ондағы барлық қарулы күштер- дің бас қолбасшысы саналды. Ханның атынан бүкіл әскери істі
69
■ Қазақстан тарихы
беклербек басқарды, ал азаматтық биліктің басында уәзір тұрды. Беклербек уәзірден дәреже жағынан жоғары тұрды. Ол басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды басқарды және азаматтық істерді шешкен кезде жоғары сот билігін атқарды.
Алтын Ордада атқарушы орган – диуанның басында уәзір тұрды. Атқарушы өкіметтің орталық органы – диуанның қара- уында қаржы, салық және басқа ведомстволар болды. Диуанның хатшысы бітікші деп аталды. Уәзір мемлекетті азаматтық тұрғы- дан басқару ісінде ханның кеңесшісі болды. Мемлекеттік басқару жүйесінде даруғалар мен басқақтар маңызды орын алды. Даруға- лар негізінен салық жинаумен айналысты, басқақтар басқару мін- детін де атқара отырып, жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды. Олар, сонымен қатар қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық та жинады.
Моңғол әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ауыр апат әкелді. Ол көптеген ха- лықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын тежеді. Моңғолдардың шапқыншылығы салдарынан өндіргіш күштер әлсіреді. Көптеген қалалар қиратылып, ортағасырлық қала мәдениетіне үлкен зиян келтірілді. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі отырықшылық өмір мен егіншілік мәдениетіне бұл ауыр соққы болып тиді. Бағындырылған халықтан алынатын алым-салық та ауыр және көп болды. Зерттеушілердің айтуынша, салықтың 20 шақты түрі болған.
Дегенмен моңғол басқыншылығының апатты зардаптарымен бірге кейбір жағымды жақтары да болған. Моңғол өкіметтері сауда-саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасады, жер-жердің бәрінде пошта және көлік қатынасы қызме- тін енгізді. Моңғолдар бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын әкеледі, бұрын ұйымдаспаған тайпалардың басын қосады. Көш- пелі өмір тәртібін Шыңғысханның заңдар жинағы – «Ясасына» сәйкес келтіре бастайды. Кейін «Ясаның» кейбір нормалары қа- зақ заңдарында белгілі дәрежеде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |