Бегалиева А.Қ



бет22/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Қарахан мемлекетінің ресми діні қай дін болды?

  2. Оғыздар Киев князы Владимирмен одақтасып, қай жылы Еділ бұлғар- ларын жеңді?

  3. «Қыпшақ даласы» (Дешті Қыпшақ) қай жерлерді алып жатты?

  4. IX-XII ғасырларда қай жер суармалы егіншіліктің орталығы болды?

  5. Қожа Ахмед Яссауи қандай кітап жазған?

    1. Қазақстан моңғол дәуірінде


(ХІІІ ғ. басы ХV ғасырдың бірінші жартысы)


Моңғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы. ХІІ ғасыр- дың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басында Моңғолия жерінде қият- бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадүрдің баласы Тему- чин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Моңғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғо- лияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Моңғолия тайпалары өзде- рін моңғолдар деп атай бастайды да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Моңғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, пар- сы, орыс және батыс еуропалық деректерге ауысқан. Жалпы «та- тарлар» атауының шығыс-моңғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-моңғолдар» және «моңғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.
ХІІ – ХІІІ ғасырлар межесінде моңғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу үдерісі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа

  • ақсүйек нояндарға және еңбекші халық – араттарға бөлінді.

1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы моңғол ақсүйек- терінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген
64
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

атпен моңғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жариялан- ды. Шыңғыс хан тұсында Моңғол империясының астанасы Қара- қорым болды. Моңғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйым негізін- де құрылды. Мемлекет аумағы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр мыңдық 10 «жүздіктен» тұрады. Армия темірдей тәртібі және жоғары әскери дайындығымен ерекшеленді. Моңғолдардың әс- кери басымдыққа жетуіне Шыңғыс ханның жауапты орындарға этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.


1207-1208 жылдары Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халық- тарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар моңғолдарға бағынды. 1211 жылы Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 жылы олар Цзинь мемлеке- тінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан бар- лық иеліктерінен айырылды.
Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды, Шығыс Еуропаны ба- сып алу болды. Батыста моңғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады. Бұл жылы моңғол әс- керін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан Хорезм- шах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде моңғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта бас- талды. Осы жылы қаңлы, найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бұл кезде Жетісуды най- мандардың Күшлік ханы билеп тұрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Моңғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты
65
■ Қазақстан тарихы

халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тыйым салды. Көптеген елді мекен- дер, соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті моңғолдар Бадахшанда ұстап, өлтірді.


Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моң- ғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құ- рамында көпестері мен моңғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан тұратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Оты- рарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыз- дар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырады, керуен тоналады. Бұған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде Хорезм- шах Мұхаммедтен Қайыр ханды ұстап беруді талап етіп, елшіле- рін жібереді, ал Хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болады.
Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауы- нан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін ұл- дары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен ұлы Жошы баста- ған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі Бұқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер мен қала тұрғындары басқыншы- ларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай бойы ұстап тұрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қарад- жа хаджиб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен моңғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін моңғолдар тарапы- нан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді.
Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т.б. қалалар тұрғындары да моңғолдарға қатты қарсылық көрсетті.
66
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде моңғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар ата- лады. Олардың ішінде оңтүстік қазақстандық Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.


Моңғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Моңғолдар Бұқарды, Самарқанды алды, Хорезм жаулап алынды. 1221 жылы көктемде моңғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады.
Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан тер- риториясына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жы- лы Кавказға басып кірді. Бұл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жы- лы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219-1224 жылдары моң- ғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан импе- риясының құрамына кірді.
Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан-байтақ аумақты алып жат- қан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған ұлдарының санына қарай төрт ұлысқа бөлді. Кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұртын – Моңғолияның өзін, сондай-ақ моңғолдың тұрақ- ты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшінші ұлы Үгедейге Моңғолияның батыс бөлігі, Жоңғария мен Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның ұлысының орталығы жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен Мәуереннахрды қамтыды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қып- шақты қамтыды. Сонымен Қазақстанның аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет