Бақылау сұрақтары:
Моңғол әскерінің оң қанаты қалай аталды?
70
Орта ғасырдағы Қазақстан ■
Жошы ұлысына қай жерлер жатты?
Алтын Орданың негізін кім қалады?
Алтын Ордада әскери істерді кім басқарды?
ХІV – ХV ғасырлардағы Қазақстандағы мемлекеттер
Моңғол дәуірінен кейінгі кезең Шығыс Дешті-Қыпшақ, Же- тісу және Оңтүстік Қазақстан халықтарының бірігуімен сипатта- лады. ХІV – ХVІ ғасырларда Қазақстанның бұл бөлігі Түркістан деп аталды. Осы кезеңнің бастапқы сатысында Дешті Қыпшақ- тағы, Орта Азиядағы (Мәуереннахр) Шыңғыс әулетінің иелікте- рінде моңғол дәуірінің ыдырау үрдісі жүріп, бірнеше мемлекет- тер құрылды: Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы.
Ақ Орда – ХІІІ – ХV ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ же- рінде орналасты. Ол – моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақ- стан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226- 1280 ж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІV ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХVІІ ғ.), осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бө- ліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІV ғасырдың 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсі- реп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Тер- риториясы: Батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік- шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті- Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуереннахр билеу- шісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.
71
■ Қазақстан тарихы
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы – Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІV ғ. 2-ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбә- ракқожа хан (1320-1344 ж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес сая- сат жүргізуге тырысты.
Шымтайдың (1344-1361 ж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361- 1376 ж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша, Орыс хан өз зама- нының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол, ең алды- мен, Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шап- қыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі сая- саты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен, Сырдария алқабындағы оты- рықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қала- ларды көркейтуге баса мән берді.
Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қа- тысты. Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қыр- қысты жойып, Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 жылдары Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды және бұл кезде Ақ Орданың өзіне Әмір Темір тарапынан қауіп төнгендік- тен Орыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне қайтып оралады. Ол өзінің қайтар жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы әулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқ- тамысты көп әскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғаш- қы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері оның әскерлерін талқандады. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құт- лық Бұқа қаза болды. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқта- мыстың екінші жорығы да Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған
72
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■
Ақ Орда әскерлерінен жеңілді, тек төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. Темір басқыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс ханға түседі. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір-Мәлікті (1376-1379 ж.) 1379 жылы жеңіп, Ақ Орда билеу- шісі болды.
Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 ж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. ХІV ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір темірге қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады.
ХІV ғ. аяғы – ХV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар, Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары жә- не ішкі тартыстар салдары Ақ Орданы әлсіретті. 1423-1428 ж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қара- тады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сонан соң Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.
Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған, сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бір- лестігі ХІV – ХV ғасырларда Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркіс- тан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Ор- да мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |