Материалдық мәдениет. Қазақтардың XVІІІ – XІX ғасыр- лардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономика- лық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егін- шілік, сауда-саттық, көрші халықтар ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.
Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпелілерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы көшпелілік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдаланып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону көбінесе меридиан (оңтүс- тіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бө- лімшелерінің қоныстары негізінен бір территорияда болды. Әр- бір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашы- лығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыс- тау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайы- лым қазақтардың ортақ пайдалануында, ал көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үй- лерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды.
174
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
Киіз үй – көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан-қо- нысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабыр- ғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналмалы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары сидам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтар- дың аяғы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы (қаламшасы) шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ – үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Үй ағашының сыр- тынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбе- сіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында төсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тар- тылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе-жас- тық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.
Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары ке- рек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер жасалды, құлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайда- ланылса, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVІІІ ға- сырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайын- дауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал XІX ғасыр- дың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолда- ныла бастады.
Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралда- рының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тісағаш, егін оратын орақ, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатқызылды. Егісті суғару үшін суды көтеріп шығаратын әр түрлі құралдар – атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды. Оларды жергілікті ұсталар өздері дайындап отырды.
Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал ша- руашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құрал- дары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-бірімен ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп таралған түрі – қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты
175
■ Қазақстан тарихы
кең «қазақ ері». Оңтүстік Қазақстанда ердің «құранды ер» дейтін түрі таралған. Ер-тұрман әбзелдерін жасау, негізінен, ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің барлығын – тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, үзеңгі, таралғы, қамшы және т.б жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Қайыстан ер-тұрман әбзелдерін өретін ше- берлерді «өрімші» деп атаған.
Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үс- темдігі алуан түрлі қолөнерінің – тоқымашылықтың, киіз басу- дың, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына се- бепші болды. Тоқымашылықпен және киіз басумен көбіне әйел- дер айналысты, олар үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау-шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар және т.б дайындады.
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлер- дің дамуы, үй-жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі керек-жарақтардың едәуір өзгерісіне алып келді. Дәстүрлі үй бұйымдарының орнына әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құ- лыпталатын әр түрлі сандықтар пайда болды. Қазақтардың ұлт- тық киімінде этнографиялық белгілері сақталып қалғанымен, олардың да пішіні мен түрлеріне өзгерістер енді. Ер адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік өңір қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Ер адамдардың көп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол көбінесе фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұқара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киді. Қазақтар әдемі «мәуіті шапан» мен «мәуіті шекпен» де дайындады. Олардың қос шабуынан өрнек салынды. Шабудың төменгі жағынан тілік қалдырылып, жұқа түйе жүннің тоқыма- сынан тігілді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі
күпі көктемде қырқылған түйе немесе қой жүнінен дайын- далды. Сырт киетін қысқы киімнің қадірлісі аң және үй жануар- ларының терісінен тігілген ішіктер болды. Қазақтардың көбінің қолы жететін және кең таралған қысқы киім түрі қой терісінен
176
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
өңделіп, жүні ішіне қаратып тігілген тон еді. Аяқ киімдері былға- ры етік, кебісті мәсілер болды. XVІІІ ғасырда қазақтардың жазда киетін өкшесі биік, тұмсығы қайқы етіктері XІX ғасырдың екінші жартысында жоғала бастады. Барлық жастағы ер адамдар қыс ке- зінде, негізінен, ішінде киіз байпағы бар ұзын қонышты саптама етік киді. Неғұрлым ауқаттылары жаз кезінде былғары кебісі бар мәсі киіп жүрді. Бұл аяқ киімдердің барлығы оң және сол аяқ деп бөлінбей бірдей тігілетін. Бас киім түрлеріне келетін болсақ, ере- сек ер адамдардың барлығы шаштарын алдырып, басына тақия, тебетей киді. Мұның сыртынан тігілген терісіне сәйкес сусар, пұшпақ және елтірі деп аталатын бөріктер киді. Қазақ әйелдері ерекше сәнді киініп, киімдерінің сыртынан тағатын кемер белдік- терін күміспен күптеп, алтынмен аптап, қымбат бағалы тастар- мен әшекейлеп отырды. Әйелдердің жасы мен отбасындағы жағ- дайына байланысты бас киімдері де ерекше болды. Мәселен, жас қыздар шет-шетіне моншақтан немесе бағалы металдан шекелік тағылған, бай нақышты үкілі тебетей – «қасаба» киді. Ұзатылған қыздың бас киімі сәукеле бір жылдан соң ақ матадан дайындал- ған кимешекпен ауыстырылатын еді.
Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олардың ішетін тамақтары мен ыдыс-аяқтарынан айқын көрінеді. Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері болды. Қазақтар ыдыс пен ке- рек-жарақтарды көбінесе сынбайтын материалдардан: ағаштан, теріден, киізден және шұғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба, ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал сауға арналған көнек және т.б. Көшкен кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түр- лі-түсті құрақтармен өрнектелген арнаулы киіз қаптарда (аяққап- тарда) сақтаған. Сусымалы мал өнімдері үшін тоқыма қаптар дайындаған.
Қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне қоныс- тандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарамды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы әкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан әрі жетіліп, нығая түскенін, сон- дай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алға- нын байқаймыз.
177
■ Қазақстан тарихы
1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформасы Ресейдің қазақ жеріндегі саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық үстемдігін нығайту болса, ал қоныс аударушы орыс шаруаларын жаңа ел- дерде өзінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыра отырып, қазақ- тардың рухани және мәдени дамуына ықпал жасау арқылы олар- ды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның тұтастығын күшейтуді көздеді.
Достарыңызбен бөлісу: |