Бегалиева А.Қ



бет44/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қа- зақстан мәдениеті. Қазақ халқының рухани мәдениетінің маңыз- ды бір саласы қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт- дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбие- сінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұр- пақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ – ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: «Көшен-Қарауыл шежіресі» (ХVІІІ ғ.), «Жәңгір хан шежіресі» (1835), Ш. Уәлиха- нов жазып алған «Ұлы жүздің шежіресі» және т.б.
Сол сияқты ХVІІІ ғасыр «ақындар поэзиясы ғасыры» деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өл- шемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шы-
170
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

ғармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идея- сын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орта- лыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры – жоқтауы белгілі. Үмбе- тей жоқтауында Бөгенбай – халық қорғаушысының мінсіз бей- несі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгер- лерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншы- лықтың алдында бас имеуге шақырады.


XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері да- мып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл және Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық мә- селелері, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мә- селесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжың- мен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа құ- рылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.
Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдар- дағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсен- ді қатысушысы ғана емес, көтерілістің «жаны» мен «жылнама- шысы» болды. Оның «Исатай көтерілісі», «Исатайдың өлердегі сөзі» сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыр- шысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халық- ты күреске үндеді. Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі
171
■ Қазақстан тарихы

тұлға саналған зар заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар заман ақындарының көрнекті өкілдері – Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақи- қатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсынұлының


«Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқа- лардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында» деп тұжы- рымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қатты дүние-ай» сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отар- лаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы «Бейшара менің қазағым», «О, Сарыарқа, Сарыарқа» өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейне- лейді.
ХVІІІ – ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шы- ғыстық ақындық дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастандары араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді («Ескен- дір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі»). Абай (Ибраhим) Құнанбай- ұлы (1845-1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды. Оның пікірінше, әрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығар- машылығы әрекетсіздік пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері – ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық көлемде дами алады және бүкілхалықтық игілік әкеледі деп санады. Сол сияқты ақын орыс әдебиеті мен мәдение- тімен таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С. Пушкин, Н. Крылов шығармаларын аударумен шұғылданды. Орыс әдебиеті үлгілерін қазақ халқы арасына тұңғыш таныстырушы болып, олардың өс- келең идеяларын насихаттады.
Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш. Уәлиханов- ты (1835-1865) атаймыз. 1856 жылы Ш. Уәлиханов екі экспеди- цияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден
172
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі – дипломатиялық тапсырма бойын- ша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық даста- ны «Манасты» көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш. Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі – ерте за- ман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. «Ыстықкөл сапары күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген тарихи-эт- нографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нә- тижесі болатын. Ш. Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс гео- графиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпа- нында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғы- лыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтар мәселелерінің өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.


А. Құнанбаев пен Ш. Уәлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен бі- лім жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молда- лар мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, матема- тика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қа- зақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушы- лық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеунік- тер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер, дәрігерлер даяр- лады.
Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы. Алтынсарин аяқтайды. Ы. Алтынсарин (1841-1889) бастамасымен және тікелей қаты- суымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе қолөнер және ауылшаруа- шылығы училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық арасынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажет- ті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Ы. Алтынсарин орыс- қазақ мектептерінің оқушыларына арнап «Қырғыз (қазақ) хресто- матиясы» және «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» атты оқу құралдарын жазды. Орыс класта-
173
■ Қазақстан тарихы

рына қазақ тілінен сабақ беріп, ол ұлттық әдебиет пен мәдениет- ті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті ең- бек етті.


XІX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шы- ғайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты ком- позитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбыз- ғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Атал- ған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылық- тар бейнеленді. Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын, әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет