Бақылау сұрақтары мен тапсырма:
1867-1868 ж. әкімшілік реформасының мәні неде?
Ш. Уәлихановтың Қытайға сапарының мақсаты не және ол қалай аяқ- талды?
Ақмола облысына қоныс аударған орыс-украин шаруаларына неше де- сятина жер бөлінді?
Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусы- мына қарай қалай бөлінді және оның әрқайсына сипаттама жасаңыз.
Қазақтың ер-тұрман әбзелдері қандай болды?
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қала- лардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, әсіресе олар- дың ірі әкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халықтың шаруашылығында және мәдени, қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқаруымен сипатталды. XX ғасырдың ба- сында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа бөлінді: Сыр- дария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлы- ғына (орталығы – Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Тор- ғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының құрамына, Ішкі (Бөкей) ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.
Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дәлел: Ресей империясының бірін- ші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта
178
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
(1897-1917 ж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7 %-ға көбейген. Ал өлкенің демогра- фиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрларды аңғаруға болады. Өлкенің сол кез- дегі негізгі алты облысы бойынша 1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі – 11,3 %, ал 1907- 1916 жылдарда – 15,3 %; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, ук- раиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі ай- мақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты әсер еткендігін аңғаруға болады.
Ал, жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар бүкіл өлке халқының 87 %-ынан 95 %-ына дейін құра- ды да, өлкеде бұлардан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, мордвалар және басқа да ұлт өкілдері қоныстанды.
Өлке тұрғындарының 90 %-дан астамы ауылдық жерлерде қоныстанды. Олардың негізгі кәсібі ежелден келе жатқан мал ша- руашылығы болатын. Сонымен қатар XX ғасырдың басында егін- шілік халықтың көп бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Қоныс ау- дарған орыс шаруаларынан басқа, егіншілікпен жергілікті қазақ- тар да айналысты.
XX ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-демография- лық ахуалға талдау жасаған кезде, жалпы өлкедегі патшаның отарлау саясатының кең белең алғандығын еркін аңғаруға бола- ды, біріншіден, өлкедегі халықтың көп ұлтты құрамының қалып- тасу үрдісі күшейе түсті; екіншіден, байырғы халықтың үлес сал- мағы кеміді де, келімсек халықтың, негізінен алғанда, орыстар мен украиндардың үлесі өсті; үшіншіден, қалалар мен олардағы халықтың біршама өсуі байқалып, оның құрамында метрополия- ның басқа аймақтарынан келген қоныс аударушылар мен отар- шылдық әкімшілік пен кәсіпкерлікке байланысты әлеуметтік жіктер мен топтардың басымдылығы толық аңғарылады.
Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің бас- ты салаларының бірі алтын шығару болды. Сонымен қатар Екі- бастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайда- ланылды. Өндірілген көмір теміржолмен және су жолдарымен
179
■ Қазақстан тарихы
Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнауылға, сондай-ақ өлкенің Павлодар, Қызылжар және басқа да қалаларына жеткізі- ліп отырды.
Осы кезеңде Батыс Қазақстан өңірі мен Орал-Ембі аймағын- да мұнай шығару өнеркәсібі де біршама дамыды. Бірақ ол кәсіп- орындар толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала бер- ді. 1912-1914 жылдарда ағылшын капиталистеріне қарасты «Ба- тыс-Орал мұнай қоғамы», «Орал-Ембі қоғамы», «Солтүстік Кас- пий мұнай компаниясы» өлкенің арзан жұмысшы күшін пайдала- нып, бәсекелестіктің болмауына байланысты мұнайдың мол бай кен орындары арқылы өздеріне өлшеусіз, ұшан-теңіз пайда әке- ліп жатты.
Осындай себептерге байланысты Қазақстанның кен өнер- кәсібі бұл кезеңде жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс және шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге әкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты. Осының бәрі кен өнеркәсібінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуі- не ықпалын күрт кемітті.
XX ғасырдың басында Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік өнеркәсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу нарығына айналуында теміржолдардың салынуы маңызды рөл атқарды. Өйткені олар бір мезгілде артта қалған отар ауданда- рына, ең алдымен, Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің ену құралына айналған болатын. Ал, шын мәнінде, Орта Азия мен Қазақстанды Ресейдің экономикалық игеруі осы аумақтарға теміржолдар салудан басталған еді. Теміржол желілері Қазақстан аумағында XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ірі теміржол салынуына байланысты тартыла бастады. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір теміржол желісі 1901- 1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Сөйтіп, ғасыр басында одан кейін Троицк, Алтай және Жетісу теміржол- дарын салу жұмыстары дами түсті. Әрине, өлкенің әлеуметтік- экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды. Әсіресе олар сауданың өркендеуіне өз ықпалын тигізді. Бұл теміржолдар өлкені Ресейдің өнеркәсіп орталықта- рымен байланыстырып, оны жалпыресейлік экономикалық на-
180
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
рыққа тартты. Қазақстанның әр түрлі өнеркәсіп шикізаттары, мал шаруашылығы өнімдері, мал, астық сыртқа шығарылып, өлкеге фабрика-зауыт бұйымдары, тағы да басқа қажетті тауарлар әке- лінді. Осы кезеңде ірі теміржол станцияларындағы халықтың саны бірнеше мың адамға жетті. Мысалы, 1916 жылы Орынбор станциясында 9720, Ақтөбеде 3263, Қазалыда 3600, Түркістанда
2984 адам тұрды.
Өлкедегі өнеркәсіптің біршама дамуы, теміржолдардың са- лынуы, су жолдарының пайдалана бастауы Қазақстанда жалпы жұмысшы табын қалыптастырудың бірден-бір әлеуметтік-эконо- микалық негіздерін қалауға себеп болды. Өлкедегі мұндай өзге- рістер ғасыр басында одан әрі дами түсті. Мысалы, 1913 жылғы өлкедегі жұмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Сонымен қатар Қазақстанда 51 мың жұмысшы еңбек еткен 675 фабрика- зауыттың кәсіпорындары болды да, ол жұмысшылардың 28 мың- ға жуығы ірі өнеркәсіп орындарында істеді. Тек теміржол мен су жолдарында 25 мыңнан астам жұмысшы еңбекпен қамтылды. Өлкедегі тау-кен өндірісі, зауыт кәсіпорындары мен транспортта ғана жұмысшылардың шоғырлануы жоғары болғанына қарамас- тан әлеуметтік тұрғыдан өлкенің өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайы Ресейдің өнеркәсібі дамыған аудандарымен салыстыр- ғанда әлдеқайда ауыр болды. Оған жұмыс күнінің ұзақтығы себеп болды. Мысалы, Ембінің мұнай кәсіпорындарында 12 сағатқа, алтын өндірілетін кен орындарда 10-12 сағатқа, тұз өндірілетін кәсіпте 14-16 сағатқа созылды.
Жалпы, Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор бол- ды. Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәреже- сінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграр- лық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбек топтарының іс-әрекеттерінен көрінді. Төр- тіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене ара- ласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.
181
■ Қазақстан тарихы
Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық үдеріс- тердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси және экономикалық толқулары болып өтті.
Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы ха- барлар қазақ даласына жетісімен, Ә. Бөкейханов атап көрсеткен- дей, «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді». Қазақтардың орталық билік орын-да- рына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновник- терінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқан-лоққы жасалуына на- разылық білдірілді. Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орын- бор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке кел- тіру және өлкеге земство енгізу сұралды.
Қазақ даласынан петициялар арнайы делегация жіберу арқы- лы да, сонымен бірге жеделхатпен де жолданған. Петицияларды жазып дайындау ісінің басында негізінен сан жағынан аз болға- нымен, саяси күрес қазанында қайнап, жаңадан қалыптасып, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция өкілдері тұрды.
1905 жылы Семей облысы Қарақаралы уезінің Қоянды жәр- меңкесінде 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы және оны дайындап, қолдауға шақырған Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін жоғары бағалаған М. Әуезов 1923 жылы жазған «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақала- сында: «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: бірін- ші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселен- дерді жібермеуді сұраған. Екінші – қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшінші – отаршылардан орыс қылмақ саясатынан құты- лу үшін ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосы- луында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петицияларды тілек қылған ірі мәселелер осы.
182
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі бел- сенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз пар- тиясын – Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партия- сының бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Ондағы мақ- сат – 17 қазанда жарияланған патша манифесі берген бостандық- тар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді. Осыған байланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екін- ші съезі өткізілді. Ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлда- ды. Сонымен қатар оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, тағы басқа да талаптар енгізілді. Олардың басында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тыныш- баев, М. Шоқаев, М. Дулатов, Б. Қаратаев және қазақ зиялыла- рының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет пен жергілікті орган- дардың мұсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. Ұлттық мәдениетті дамытуды, сонымен қатар Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті. Міне, осыған орай мұсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда және т.б. қалаларда діни ұйым- дар пайда болды.
Сонымен қатар осы кезеңде Қазақстан халқының саяси ой- өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқа- нында қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметі- мен көрінді. Мысалы, 1905 жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума жөніндегі патша манифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығын берген болатын. Бірақ бұл құқықтың жартыкештігі бай- қалды. Өйткені депутаттарды сайлау барысында ұлттардың ара салмағы есепке алынбады. Сондықтан қазақ зиялылары мұндай әділетсіздікті түзетуге біршама әрекет жасап көрді. Нәтижесінде, қазақ халқы Мемлекеттік Думаға әр облыстан бір депутаттан ғана сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, Қазақстаннан бірінші Мемле- кеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов және Б. Құлманов сайланды. Мұсылмандар фракциясы жер мәсе- лесіндегі аграрлық тұжырымдаманы мұсылмандар партиясының бағдарламасы негізінде ұсынды.
183
■ Қазақстан тарихы
Ал барлығы 72 күн ғана жұмыс істеген бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9 шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Дәл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі (кадеттер, тру- довиктер, меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жина- лып, Манифест дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. Олар- дың арасында Ә. Бөкейханов та бар еді. Сол үшін ол келесі Дума- ға сайлану құқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тартылып, абақтыда отырып шығады.
Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың алтауы қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш. Қосшығұлов Ақмола облысынан, би Х. Нұрекенов Семей облысынан, адвокат Б. Қаратаев Орал облысынан, сот тергеушісі А. Бірімжанов Тор- ғай облысынан, Т. Алдабергенов Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М. Тынышбаев Жетісу облысынан сайланды. Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан болсын, күн тәр- тібіне қойылған мәселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болған-ды. Негізгі пікір тар- тысын тудырған мәселелердің бастысы аграрлық және қоныс аудару мәселесі болды. Әсіресе депутаттар Б. Қаратаев, А. Бірім- жанов, Ш. Қосшығұлов, Х. Нұрекенов өте белсенді заң шеңбе- рінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ық- пал етуге тырысты. Мәселен, 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сауалға байланысты жарыссөзде депутат Б. Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мә- селесіне арнады: «Үкімет, біріншіден, Ресей ішіндегі помещик- тер мүддесін, яғни 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін» жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып әперіп отыр. Екіншіден, үкіметтің бұл саясаты ашықтан-ашық ұлы держава- лық, шовинистік негізде жүргізілуде. Соның нәтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды «орныққан орындарынан, поселке, деревня құрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығу- мен айналысып отыр». Әрине, бұл сөз іс жүзінде патша үкіметі- нің қазақ даласындағы отарлау саясатын жергілікті халықтың аты- нан әшкерелеу еді.
184
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
Патша үкіметі 1907 жылдың 3 маусымында шығарған заңы- мен екінші Мемлекеттік Думаны да таратып жіберді. Бұл құжат, сонымен бірге сайлау заңына өзгерістер енгізді. Патша үкіметі Қазақстан мен Түркістанда пәрменді отарлау саясатын жүргізе отырып, Думада бұл аймақтардан депутаттардың болмағанын өзіне қолайлы деп тапты. «3 маусым заңының» өмірге келуімен бірге, қазақ зиялыларының Думаға артқан үміті де біржола сөн- ген еді. Дегенмен «3 маусым заңы» қазақ зиялыларын Дума ар- қылы жүргізуді көздеген саяси күрестен біржола ығыстыра алған жоқ. Олар Думадан тыс қала отырып, құрамы жағынан алғашқы екі Думадан анағұрлым консервативті, ұлыдержавалық бағыт- тағы үшінші Дума шеңберінде де мұсылман фракциясы, сібірлік депутаттар, солшыл кадеттер және басқа да одақтастары арқылы патшалықтың қазақ жеріндегі отарлау саясатына, «3 маусым заңына» қарсы әрекеттерін тоқтатпады. Ал, жалпы алғанда, сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің бірінші және екінші Дума жұмысына және оларға қатысты саяси шараларға қатысуы, әрине, олар үшін үлкен өмір мектебіне айналып, белгілі деңгейде өзіндік із қалдырды. Олар, біріншіден, империя жағдайында Дума сияқты «өкілетті» орынның, ең алдымен, орыс помещиктерінің мүддесіне, империя- лық мүдделерге қызмет жасайтындығына көздерін жеткізді. Ал, екіншіден, қазақ зиялылары Думаға қатысты шараларға араласа отырып, негізгі мақсатқа жету үшін жалпы халықтың саяси бел- сенділігін арттыру мен батыл қимыл-әрекеттердің қажет екенді- гіне де көздері жетті. Сондықтан да бұл ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін, ендігі жерде қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралы ретінде «Айқап» сияқты журнал мен «Қазақ» сияқты бұқаралық газет шығарып, өздерінің қоғамдық-саяси қызметін одан әрі жал- ғастыра түсті.
«Айқап» журналы қазақ елінде 1911-1915 жылдары шығып тұрды. Оның шығарушысы және редакторы Мұхамеджан Сера- лин (1871-1929) болды. Журнал Қазақстандағы сол кезеңнің идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді.
Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары А. Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми «Қазақ» газеті болды. Ол
185
■ Қазақстан тарихы
либерал-демократиялық бағыт идеяларын ұстанды. Ең күрделі аграрлық мәселеде жерге Ресей патшалығының тарапынан мем- лекеттік меншіктің күшін жою және оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |