Қазақстандағы индустрияландыру саясаты. Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІV съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Со- циалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен, ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қам- тамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды.
Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік ин- дустрияландырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекет- тер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән кәсіпорындардың шағын болуы мен оған жұмсалатын қаржы- ның (капиталдың) айналымы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт өткен соң ғана жинақтал- ған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.
215
■ Қазақстан тарихы
Кеңестік тарихнамаға партияның ХV съезі елді индустрия- ландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеу- лерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асы- рылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан ұлт- тық аймақтар, оның ішінде, әсіресе Қазақстан үшін отаршыл ба- ғытта болды. Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты туралы бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді. Бұл пікірдегі партия мүшелерін большевиктер партия жолынан ауыт- қығандар (уклонистер) деп айыптады.
С. Садуақасов бастаған топ өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі десе де, ол мүлде индус- трияландыру саясатына қарсы бола қойған жоқ. С. Садуақасов Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республи- када индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салу қажет деп санады. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені тек шикізат көзі ре- тінде пайдалануға қарсы болды.
Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына сай келмейді деген пікірдегілер артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың қарқынына ілесе алмайды деп санады. Қазақтар жұмыс істей ал- майды, олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқарас та болды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақ- стан Одақтың шикізат көзіне айналуы керек болды. Орталықтың бұл саясатын өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайын- далған Ф. Голощекин де қолдады.
1927-1930 жылдары ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір ма- гистралінің аяқталуы сол заманның үлкен жетістігі болды. Ол Қа- зақстан мен Сібірді байланыстырып, республиканың экономика- сының дамуына үлкен үлес қосты. Индустрияландыру жылда- рында Қарағанды-Балқаш, Гурьев-Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды.
216
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
Өлкені индустрияландыру барысында Кеңес үкіметі түрлі түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі өркендету міндетін қойды.
Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай күрделі құрылыстарды салуға шамасы келмесе де, Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Қа- зақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл жә- не Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мы- рыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шым- кент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақ- станда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі түсті металдардарды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 пайызын, Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 пайызын берді. Осы жетістік Қазақстанды түрлі түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды. Мұнай өндірісі бойынша Қазақстан 3 орынға шықты. 1940 жылы мұнай өндіру- дің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Ембі мұнай орны игеріліп, Са- ғыз және Құлсары мұнай кендері ашылды.
Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қараша- да Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жылдары теміржолдардың өсуі 50 пайызға артып, оның ұзындығы 6581 км-ге жетті.
Қазақстан ХХ ғ. 20-жылдардың аяғы-30-жылдары аграрлы елден индустриялы елге айналды. Индустрияландырудың өте жо- ғарғы қарқынмен жүргізілгенін мына көрсеткіштер дәлелдейді: Одақ көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жылдары 3 есе көбейсе, Қазақстанда 5,9 есе көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 есе артса, Қазақстанда 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда 486 есе артқан, яғни одақ- тық көлемнен 20 еседен артық болған; теміржолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда 3,1 есеге артқан.
Қазақстанда индустрияландырудың қарқынды жүзеге асы- рылуы инженер-техник маман кадрларға деген сұраныс туғызды.
217
■ Қазақстан тарихы
Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум үйірмелер ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даяр- лау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-ме- таллургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техни- кумдар 13 мың маман кадрды даярлады. Сонымен қатар респуб- ликаның өндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің ор- талық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Ма- ман кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары республикада ашылмады.
Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орын- дары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркә- сіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның мынадай жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шы- ғару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.
Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру сая- сатының зардабы қазақ халқына ауыр тиді. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өр- кендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбейюіне әкелді. Екіншіден, қала халқы саны- ның артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкел- ді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928-1939 жылдары Қазақстан қалалары тұрғындары санының көш-қон нәтижесіндегі механи- калық өсуі 1,8 млн адамнан асты. Үшіншіден, көш-қон нәтиже- сінде демографиялық өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп ұлт- ты республикаға айналды. Большевиктер өлкеге жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы қатарлы өкілдерін әкелді деуге болмайды. Себебі Кеңес үкіметі әртүрлі қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жұмыс күші ретінде пайдаланды. Индустрияландыру саясаты республикада жергілікті ұлт өкілдері санының азаюына да әсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі ұлтаралық қарым-қатынас шиеле- ністі.
218
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
Қорыта айтқанда, бұрын жетекші орында болған ауыл ша- руашылығы, әсіресе көшпелі мал шаруашылығы артта қалып, дағдарысқа ұшырады. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты бол- ды. Қазақстанды Кеңес үкіметі шикізат көзі ретінде ғана пайда- ланды.
Достарыңызбен бөлісу: |