Бегалиева А.Қ



бет50/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

    1. Қазақстанның қай жерлерінде Кеңес үкіметі бейбіт жолмен орнады?

    2. Азамат соғысы кезінде А. Байтұрсынов бастаған алашордашылар неге қызылдар жағына шықты?

    3. Алашорданың қарулы күштері қандай деңгейде болды?

    4. ХХ ғасырдың 20-жылдары қандай мұнай құбырлары жұмыс істеді және жаңадан тартылды?

    1. Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939 ж.)


Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелі- сіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі «Сібірдегі артық астықты алу туралы» декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясы- на да тарады. Осы декретке сай 1921 жылдың тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн пұт (РКФСР көлемінде 423 млн пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді. Тапсырманың 26 млн пұты Семей облысына міндеттелсе, тек Қостанайдың өзінен 6 млн пұт астық алынды.


Кеңес үкіметінің халыққа жат саясатының нәтижесінде ел аштыққа ұшырады. Бөкей губерниясында 100 мың, Оралда 400 мың, Семей губерниясында 500 мың, Орынборда 445 мың, Ақтөбеде 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ере- сек тұрғындардың 30 пайызын қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 пайызы қырылған.
Т. Рысқұлов бұған қарсы шығып, аштықпен күресу үшін құ- рамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрік Атқару комитеті Т. Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсау- лық сақтау, қаржы, теміржол комиссариаттарына тапсырады. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Т. Рысқұлов тағайын-

210
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■


далады. Т. Рысқұловтың аса зор еңбегінің арқасында Түрік Атқа- ру комитеті мен ХКК-і бұл Орталық комиссия қорына құнсыз- данған болса да 42 млн сом қағаз ақша бөледі.


Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халық- тарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына револю- циядан бұрынғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсі- ресе революциядан соң орнаған Кеңес үкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді.
Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚОАК) де аштыққа ұшы- раған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйым- дастырды. ҚОАК-ті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылады. Республикалық комиссияны ҚОАК төрағасы Мендешев басқарды. Қазақстандағы ауыр жағ- дайды ескере отырып, КазАКСР ОАК-і ашыққандарға көмек бе- руші Орталық комиссияның шешіміне сәйкес, бұл аудандардың тұрғындарын астық, картоп, т.б. мемлекеттік салықтардан босатты. Большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалу қаупінің күшейгенін, осыған орай, шаруашылық саясаттың мүлде жаңа принциптеріне көшу қажеттігін айқын сезді. Партияның Х съезі (8 наурыз, 1921 ж.) көтерілісшілерді айыптағанмен, экономика- лық саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Съезд шаруашылық мүд- дені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың шараларын белгіледі, яғни «соғыс коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясат-
қа көшу туралы шешім қабылдады.
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндет- тердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғыр- ты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамта- масыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалық- тарына өте қолайлы болды.
РКФСР ХКК-нің арнайы декреті бойынша бірыңғай азық- түлік салығы мал шаруашылығымен айналысатын аудандарға да
211
■ Қазақстан тарихы

ендірілді. Қазақстан ауылы мен деревнясында жаңа экономика- лық саясаттың алғашқы азық-түлік салығы науқаны өте қиын жағдайда жүргізілді. Оның себебі ЖЭС ендірілген жылы да пар- тия, кеңес және азық-түлік органдары азық-түлік салғырты саяса- тын жалғастырды да, ол бойынша дайындалған өнімдерді Орта- лыққа жіберу жөніндегі Еңбек және Қорғаныс кеңесінің тапсыр- масын орындаумен айнылысты. Мысалы, көшпелі мал шаруашы- лығы аудандарында алғашқы бірыңғай азық-түлік салығы 131,9 % көлемінде орындалды. Бұл, әрине, соғыс коммунизм саясатының әрі қарай жалғасуы болды.


Сөз жүзінде ЖЭС ендірілгенімен Кеңес үкіметі іс жүзінде баяғы қарқынмен экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқ- татпады. Бірнеше ай бойы мемлекет қала мен деревня арасын- дағы айырбасты кооперация арқылы бақыламақ болды. 1921 жы- лы 7 сәуірде мемлекет өзінің арнайы декретімен кооперацияға фабрика-зауыттық өнімдерді ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастауды міндетті тапсырма етіп берді. Бірақ бұл мәселені жүзеге асыру өте қиын болды. Оның себебі мемлекеттің бақы- лауымен жүргізіліп отырған тауар айырбасы жеке саудамен жа- рысқа түсе алмады.
Жоғарыдағы аталған кемшіліктер біртіндеп азық-түлік са- лығы саясатының кең ендірілуі барысында жойыла бастады. 1924-1925 жылдары ауыл шаруашылық салығынан ҚазАКСР-ның бүкіл шаруашылығының 32,7 %-ы, 1925-1926 жылдары 33,8 %-ы босатылған еді. Әсіресе 1924-1925 жылдары мал өсіруші шаруа- шылықтың 72 %-ға жуығы алым-салықтан босатылды. Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3-5 жылдық мерзімге жеңілдік- терге негізделген несиелер берілді. Сонымен қатар мемлекет та- рапынан ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де белгіленді.
ЖЭС-тің аясында нарықтық қатынастардың күшеюі сауда- ның дамуына ықпал етті. Ал ол ақшаның тұрақтануына әсерін ти- гізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде енді- рілген салықтың натуралды түрін партияның ХІІ съезі (1923 жы- лы сәуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастыр- ды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық кө- шірілді.
212
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

Осы жылы ақпан айында Кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгіз- ді. Осы жағдайлар Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың кең өріс- теуіне жол ашты. 1926 жылы Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына – Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20-23 млн сомды құрады. Сондай-ақ осы өркендей бастаған жәр- меңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді.


Қазақстанда 1921-1922 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы құра- мында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін бірік- тіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайда- ланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарын- дағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады.
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті
«Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы» заң қа- былдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркім- нің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды.
Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей территориясын түгел қамтыған «Жер кодексін» қабылдады. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қам- тамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге автономияларға қо- сымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отырықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қам-
213
■ Қазақстан тарихы

тыды да, көшпелі аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдары- нан қазақ қоғамы мүлде жермен қамтамасыз етілмеді. Кеңес үкі- меті патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық саясатын жойғысы келгенмен, іс жүзінде жерді пайдалануды таптық тұр- ғыдан шешті. Соның нәтижесінде жергілікті қазақ халқы мен қо- ныс аударушылардың құқығы теңестірілді.


Осы жағдайлар жер және жерге орналастыру мәселесін ше- шуді өте қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат шеңберін- де азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастыры- луы 3-4 жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара бастады. 1925 ж. егістік жердің көлемі 3 млн гектар бол- са, 1928 ж. 4 млн гектарға жетті, яғни бұл 1913 жылдың (4,4 млн га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн пұт астық жи- налса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 1,4 млн пұтты құрады.
Қазақстанның өнеркәсібі саласында да біраз өзгерістер бол- ды. Қазақстан халық шаруашылығы орталық кеңесі (ВСНХ) сегіз (Балық, Тері, Илецктұз, Павлодартұз, Батысалтын, Ақжалалтын, Сексеуіл, Спирт) трестерді және сантонин зауыты мен Қарғалы шұға комбинатын біріктірді. Губерниялық кеңестің құзырына жергілікті деңгейдегі өндірістер бағынды. Олардың көбі арендаға берілді. Сонымен бірге Қазақстанның көптеген өндіріс орында- рын одақтың қорғанысына қажетті, оның мүддесін дүниежүзі нарығында қорғайды деген желеумен бүкілодақтық деңгейдегі трестерге біріктірді. КазАКСР-де одақтық деңгейдегі Ембімұнай, Алтайполиметалл, Атбасар түрлі-түсті металдар (Атбасцветмет) сияқты трестер құрылды. Олар республика бюджетіне белгілі мөлшерде ғана қаржы бөліп тұрды. Ал қалған табыстардың бар- лығы орталықтың иелігінде болды.
Өлкенің экономикасы көпукладты сипатқа ие бола бастады, яғни әртүрлі меншік түрлерінің қатар өмір сүру мүмкіндігі пайда болды. Меншіктің әртүрлі түрлерінің қалыптасуы, олардың ара- сындағы бәсекелестік пен ұдайы өндірістегі бірін-бірі толықты- руы халық шаруашылығының алға даму бағытын айқындады. Алайда ірі өнеркәсіп саласын мемлекеттік монополизациялау нәтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (әсіресе аграрлық сектордағы жеке тұтынушыларға) өте жоғары бағамен ұсынды.

214
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■


Партия және үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперация- ның ЖЭС жағдайындағы жаңа рөлін анықтағанына қарамастан, оны бақылап отыруға мемлекет мүдделі болды.


Мұндай жағдай «соғыс коммунизм» саясаты тұсындағы әкім- шілік басқару әдістерін жандандырды. Экономикалық даму жүйесіне әкімшілік тұрғыдан араласу большевиктердің негізгі жұмыс әдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік, шаруашы- лық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды. Дағдарыстардың бәрі осы жоспарлаудағы кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті партия және кеңес органдары кооперация- ны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономи- каны жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары қарқынмен дамуын қам- тамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан көпукладты ұдайы өндірістік жүйенің қатар даму барысын шектеді. Соның нәтиже- сінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни ЖЭС тоқтатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет