Бегалиева А.Қ



бет54/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

    1. Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндама- сында Т. Рысқұлов Қазақстандағы аштық туралы не айтты?

    2. ХХ ғасырдың 20-жылдары ірі жәрмеңкелерді атаңыз және 1926 жылы Қазақстанда неше жәрмеңке жұмыс істеді?

    3. Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін құрылған комиссиялар қандай жұмыстар атқарды?

    4. Сталинге жазылған «Бесеудің хатының» мәні неде?

    5. Корей халқының Қазақстанға жер аударылу себебі не?

    1. Қазақстан Екінші дүниежүзі соғысы жылдарында




Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері. Екінші дүние- жүзі соғысы 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуы- мен басталды. КСРО-ға қарсы «Барбаросса» деген соғыс жоспа- ры 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. 1941 жыл- дың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспа- рына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған терри- торияға тартылуы барысында жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекет халқының 5 %-ы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінің 70 % – 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырлан- дырды. Батыс шегаралық округтердегі Қызыл әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шегарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шегаралық отряды жауынгерлердің құрамында жау- дың алғашқы соққысына А. Мүсірепов, В. Лобанов, К. Абдрахма- нов, К. Иманқұлов, А. Наганов, Ғ. Жұматов, Ш. Шолтыров, Т. Дере- вянко, Қ. Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер айрық- ша ерлікпен көзге түсті.
231
■ Қазақстан тарихы

Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыш және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыш бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар диви- зиясы генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен ерлік көрсетеді. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. Мәскеу түбіндегі шайқаста, әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне той- тарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ор- дендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес Одағы Батыры атағын иеленді. Сонымен бір- ге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талант- ты қолбасшы, қаһарман командир И.В. Панфиловке Кеңес Ода- ғының Батыры атағы берілді.


Панфиловшы аға лейтенант Б. Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник лауазымымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Б. Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
И.В. Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М. Ғабдуллин 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын ие- ленді. М. Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Мәскеу түбіндегі шайқастарда Т. Тоқтаров, Р. Жанғозин, Р. Елебаев және т.б. қа- зақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-дивизия, 19-атқыштар бригадасы да қатысты.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда 69, ал қыркүйекте 81 дивизия аттандырды.
232
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

Күш тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Мәскеу бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шо- ғырландырды. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегі- дей қазақстандық әскери құрылымдар қатысты: 292-атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-аралдық атқыштар брига- дасы, 387-атқыштар дивизиясы, 27-атқыштар кейінгі 72-гвардия- лық дивизия, 75-атқыштар кейінгі 3-гвардиялық атқыштар брига- дасы. 3-атқыштар бригадасы Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұт- қынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-атты әскер дивизия- сы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі мен 196-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты.


1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ау- данында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н. Әбді- ров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н. Әбді- ров, минометші К. Сыпатаев пен Р. Рамазанов Сталинградты қор- ғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне «Казахстанская» деп аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдың басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы ба- рысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзі соғысындағы түбе- гейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.
1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатын- да жаңа «Цитадель» операциясы дайындалды. 5 шілдеде бастал- ған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер әскерінің жеңісі- мен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қа- зақтандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Ба- тыры атағына ие болды.
Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсет- кен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар – В.А. Андреев, Л.И. Беда, П.Т. Бри- лин, Т.К. Абилов, В.Г. Козенков, И.И. Корнев, И.В. Кутурга және т.б.

233
■ Қазақстан тарихы


Словакия территориясын жаудан азат етуге 4-інші Украина майданы құрамында қазақстандық 8-атқыштар дивизиясы қатыс- ты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8-атқыштар дивизиясы- ның құрамындағы 62-артиллериялық Карпат полкі Қызыл ту ор- денімен, 151-Карпат полкі 3-дәрежелі Кутузов орденімен, 310-ат- қыштар полкі 3-дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.


72- және 73-гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Аустрия территорияларын жаудан азат етуге қатысты. Аустрия астанасын жаудан азат етуде алматылық М.А. Пупков Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Аустрияны азат етуші 105-гвардиялық дивизия жауынгер- лері: А. Мудрагель, Г. Сливных, Ж. Аминов батылдығымен көзге түсті.
Прага операциясына 118, 88, 314, 8-атқыштар, 72-гвардия- лық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992-алматы- лық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк екінші дәрежелі Б. Хмельницкий және 3-дәрежелі Суворов ордендерімен үш мәр- те марапатталды. 992-полк 7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 кө- пірді және т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52-армия құрамындағы алматылық 556-эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мәрте жау территориясын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкі- мет тарапынан марапатталады.
Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыш- тар 2, 8, 5-әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шай- қастардағы ерлігі үшін С.А. Батеньков пен П.Ф. Железняков со- ғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т.Ж. Бигелдинов, И. Павлов, С.Д. Луганский және Л.И. Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олар- дың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26 маусымын- да, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А. Маслов- тың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алды.
Берлин операциясына қазақстандық 118-, 313-атқыштар ди- визиялары және 209-ші атқыштар полкі қатысты. Берлин ратуша-
234
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■


сын алуда 118-атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К. Маде- нов, ал көше шайқастарында И.Б. Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р. Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Қазақ қыздары өз еріктерімен соғысқа сұранып жатты. Мы- салы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбат- тар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолда- рына қару алып, майданға аттанған қазақ Әлия мен Мәншүк Қа- зақстан даңқын шығарды. Авиация саласын меңгерген қазақ қы- зы Х. Доспанова Кеңес Одағының батыры М. Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам әуеге көтерілді. 2004 жылы Президенттің жарлы- ғымен Х.Д. Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафар- бекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігі- мен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқас- қа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.
Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып ал- ған территорияларда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілде- сінде БКП(б) ОК «Германия әскерінің тылында күрес ұйымдас- тыру» туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдас- тырды. 1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамы-

235
■ Қазақстан тарихы


рында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды.


Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қа- зақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина территориясын- дағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шай- қасты. Атап айтсақ, М.И. Шукаевтың партизан отряды құрамын- да 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А. Ковпактың пар- тизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы тер- риториясындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белорус- сия территориясында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон село- сында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қыз- метін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік жолдамамен жібе- ріледі. 1942 жылы Қ. Қайсенов Чапаев атындағы партизан отряд- тарының командирі сайланып, Украина территориясында жау- мен шайқаста үлкен ерлік көрсетті. Қ. Қайсеновпен қатар Украи- на территориясында Қарағанды облысынан Д.И. Сагаев, Талды- қорған облысынан П.С. Шленский, Қызылордадан Байдаулетов, Шымкент облысынан Ж. Омаров, алматылық А.С. Егоров және т.б. қазақстандықтар әр түрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ. Қайсеновке
«Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Белоруссия территориясын жаудан азат етуге де қазақстан- дық партизандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облы- сындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жау- мен шайқасты. Белоруссия территориясында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф. Озмитель, Ғ. Омаров, Н. Қайсеитова, Н. Салықов, Х. Исмағұлов, Н. Сыдыкова, М. Стрельников, И.А. Булаев, И. Данияров, И.А. Ерещенко, К. Темирханов, Е. Балабеков, Т. Жұмабаева және т.б. Смоленск облысында құ- рылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілінен тұрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19, С. Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше партизан бірлестігі «Три- надцать» құрамында 48 қазақстандық болды. Смоленск облысын-
236
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

да қазақстандық партизандар А. Шарипов, Ж. Агадилов, И. Өте- баев, М. Мұқанов, А. Төлегенов, Қ. Ахметов және т.б ерлікпен көзге түсті. Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақ- стандық партизандар әр түрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Соғыстың алдында Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Ауғанстан территорияларын бірікті- ріп ислам пан-түріктік «Гросс Түркістан» немесе «Пан түркістан» мемлекетін құру көзделеді. «Гросс Түркістан» идеясы жүзеге аспады. Оның орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота және жүк тасушылар колоннасынан тұратын Түркістан легионын құруды жоспарлады. 1942 жылы құрылған Түркістан легионы құрамында неміс әдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Раух 650 000 адам, ал қазақстандық мамандар 180 000 – 250 000 адам болған деген мәлімет береді. Түркістан легионын қолдаушы қазақ зия-лысы – М. Шоқай Түркістан легионы құрамындағы әскери құрылымдар- ды қажет деп таппаған. М. Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданға жіберу адамгершілікке жат- пайды, керісінше, оларды Германия зауыт-фабрикаларына жібе- ріп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын ұсынады. Өкінішке орай, М. Шоқай 1941 жылы 27 жел- тоқсанда қайтыс болып, бұл идеясы жүзеге аспайды.
Соғыстың алдында Қазақстанда халықтың саны 6,2 млн бол- ды. Соғыс жылдары майданға 1,9 млн адам аттанды. Құрылыс батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және қуғын-сүргінге түскендер есебінен жасақталды. Қазақстан- нан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қор- ғаныс объектілерінде еңбек етті.
Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақ- стандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мың- нан астамы – қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандық- тың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Ба- тыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының ота- шылдық сезімін көрсетеді.

237
■ Қазақстан тарихы


Соғыс кезінде республика экономикасы соғыс мүддесіне сай құрылды. Соғыс уақытының талабына сай жұмыс күні ұзартылды және еңбек демалыстары жойылды. Барлық азық-түлік пен шикі- зат қорлары майданға жіберілді. Халық азық-түлікпен белгілен- ген мөлшерде ғана қамтамасыз етілді.


Соғыстың алғашқы күндерінде КСРО үкіметі жанынан эва- куация жөніндегі кеңес құрылды. Ал Қазақ КСР Халық Комис- сарлары Кеңесі жанынан эвакуациямен келген халықты өнеркә- сіп орындарына орналастыру жөніндегі бөлімдер ашылды. Қазақ Республикасына, әсіресе 1941 жылғы тамыз-желтоқсан айларын- да халық көп келді. 1941 жылдың аяғында тылға көшірілген 12 млн халықтың 386492-сі Қазақстанға орналастырылды. Бұл көрсет- кіш 1942 жылы 532,5 мыңға өсті.
Соғыстың алғашқы айларынан бастап Қазақстанға батыс ау- дандардағы өнеркәсіп орындары көшіріле басталды. 1941 жылы 28 қыркүйекте Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь станок зауыты көшіп келді. Петров атындағы мұнай жабдықтарын жасайтын за- уыт Гурьевке, Пархоменко атындағы шахта жабдықтарын жасай- тын зауыт Қарағандыға көшірілді. Қазақстан территориясына кө- шірілген өнеркәсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне жақын жерлерге орналастырылды. Ақтөбе ферросплавл зауыты Запоро- жье ферросплавл зауыты жабдығын, Өскемен қорғасын мырыш комбинатын, Орджоникидзе түрлі түсті металл зауытын, Воро- шилов ауыр машина жасау зауытын Алматы авторемонт зауытын қабылдады. Алматыдағы құрылысы толық аяқталмаған автожөн- деу зауыты Луганск ауыр машина жасау зауытын, республика- мыздың оңтүстігі Украинаның 14 қант зауытын қабылдады.
Өнеркәсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды: 1941 жыл- дың соңынан 1942 жылдың басына дейін, 1942 жылдың басы- нан күзіне дейін. 1941 жылдың күзінде Қазақстанға УКСР-дан, БКСР-дан, Ленинград пен Мәскеуден өнеркәсіп орындары көші- рілді. Тек Украинадан 70 шақты зауыт, фабрика, электростанция, депо, механикалық шеберханалар келді. Олардың ішінде Қазан- ның ХХ жылдығы атындағы станок жасайтын зауыт, № 24 зауыт- тың Харьковтік ұшақ цехы, Днепропетровск вагон жөндеу зауы- ты, Трансвязь электрмеханикалық зауыты, Пархоменко атын- дағы Луганск машина жасау зауыты, Киев ет комбинаты және т.б.
238
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

болды. Мәскеуден және Мәскеу облысынан рентген, Дзержин- ский атындағы электртехникалық зауыт, Курчатовск мехзауыты,


«Изолит» зауыты, «Красный факел» зауыты көшірілді. Тек Гурьев арқылы 1942 жылы тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанға 24 000 тонна әр түрлі өнеркәсіп жабдықтары көшірілді.
Жеңіл өнеркәсіп орындары да Қазақстан, Орта Азия терри- торияларына көптеп көшірілді. Атап айтқанда, Киев, Азов, Арте- мов аяқ-киім фабрикалары негізінде Семей аяқ-киім фабрикасы,
«Парижская комуна» аяқ-киім фабрикасы негізінде Қарағанды, Қызылорда, Алматы аяқ-киім фабрикалары құрылды. Қазақстан- ға 53 жеңіл өнеркәсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жа- сайтын, металл өңдейтін, азлитражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін машинасын жасайтын зауыттар әскери жабдық, қа- ру-жарақ шығаруға негізделіп қайта құрылды. Көшірілген өнер- кәсіп орындарымен бірге республикаға 3200 тау-кен маманы, 200 Донбасс шахтасының құрылысшысы, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы маман, 1000 теміржолшы, 7000-ға тарта инженер-техник мамандары қоныс аударды. Жау уақытша басып алған жерлердегі өнеркәсіп орындары Қазақстанға көшіріліп, ор- наластыру шаралары 6 айға созылды.
1941 жылдың 16 тамызында БКП (б) ОК-мен КСРО ХКК По- вольжье, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан және Орта Азия ауданда- рына 1941 жылдың 4-тоқсанына және 1942 жылға арналған жос- парды бекітті. Бұл жоспар бойынша әскери техника, жабдықтар, оқ-дәрі өндіруді ұлғайту және металлургия, көмір салалары өнім- дерін асыра өндіру, стратегиялық шикізат шығаруды арттыру көзделді. Өйткені 1941 жылдың өзінде жау КСРО территория- сының көп бөлігін жаулап алды. Жаулап алынған территория- ларда өндірілетін шикізат ендігі жерде Қазақстанда бірнеше рет көп мөлшерде өндірілді. Донецк, Мәскеу түбіндегі көмір бас- сейндерінен көмір өндіру мүлде тоқтады. Сондықтан соғыс мүд- десіне көмір өндірудің барлық ауырлығы Қарағанды көмір бас- сейніне түседі. Қарағанды көмір бассейні соғыс жылдарында ал- дағы жылдармен салыстырғанда көмірді төрт есе артық өндірді. Соғыс жылдары 18 жаңа шахта ашылды. 1945 жылы конструктор С.С. Макаров әлемдегі ең алғашқы көмір комбайнын Қарағанды

239
■ Қазақстан тарихы


жерінде ойлап тапты. Қарағанды көмірі Орал, Орск-Халиловск, Поволжье өнеркәсіп орындарын, темір жол транспортын отын- мен қамтамасыз етті.


Соғыс жылдары мұнай өндіру 3 есеге көбейді. «Қазақстан мұнай» ұжымы тәулігіне 12 сағат жұмыс істеді. «Ақтөбе мұнай» ұжымы Жақсымай мұнай шығару объектісін жұмысқа қосса, Гурьев облысының мұнай құбырларында мұнай өндірісін арт- тыруды қолға алды. Ембі-Құлсары мұнай өндірісін басқарған мұ- найшы инженер Сапы Өтебаев 1941 жылы 29 ұңғыны жұмысқа қосып, тәуліктік өнімді осы жылы соғысқа дейінгі көрсеткіштен екі есеге көбейтті.
1942 жылы неміс-фашистер әскері Волгаға шығып, Солтүс- тік Кавказ территориясын басып алуына байланысты мұнай өнер- кәсібінің жағдайы қиындады. Сондықтан Мемлекеттік Қорғаныс комитеті мұнай өндіруде Қазақстанға үлкен үміт артады. Ембі мұнайшылары 1942 жылы тәулігіне 2500 т мұнай өндірсе, 1943 жы- лы Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің тапсырмасын орындау ба- рысында мұнай өндіруді 4500 тоннаға жеткізуді ұйғарды. 1943 жы- лы 18 мамырда Мемлекеттік Қорғаныс комитеті «Қазақстан мұ- най комбинатында мұнай өндіруді жүзеге асыру шаралары» де- ген қаулы қабылдайды. Қаулы бойынша мұнай өндіруді барынша күшейту және комбинат жанынан барлау бөлімін ашу жолға қойыл- ды. Нәтижесінде осы жылы Кавказ және Қазақстан мұнайын май- данға жеткізу жолдары салынып, майдандар өз мерзімінде жа- нармаймен қамтамасыз етілді. 1943 жылы «Қазақ мұнай» ұжымы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Қызыл туын 5 рет иемденіп, мұнай өңдеуде жоғарғы көрсеткіштерге жетті. 1944 жылы «Қа- зақстан мұнай комбинаты» ұжымы 15 рет Бүкілодақтық жарыс- тардың жеңімпазы аталып, 10 рет ОАК мен Қазақстан коммунис- тік партиясының туын иемденді. 1944-1945 жылдары бұл ұжым 11 рет Қорғаныс комитетінің туын иемденіп, бүкілодақтық жа- рыстың 2,3-орындарын жеңіп алды.
Тоталитарлық тәртіп қылмыстарының бірі – халықты депор- тациялау, яғни оның этноәлеуметтік және территориялық бірлігін күштеп бұзу болды. 30-жылдары жүзеге асырыла бастаған депор- тациялау науқаны екінші дүниежүзі соғысы жылдары күшейе түсті. Негізсіз айыппен 1941 жылы поляктар мен 361 мың Волга
240
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

бойының немістері шұғыл түрде көшіріліп, Қазақстанның 12 об- лысына жер аударылды. Қазақстанға жер аударылар алдында олардың мал-мүлкі толығымен тәркіленіп, өкімет тарапынан еш- қандай көмек көрсетілмеді. Олар тек жергілікті халық тарапынан қолдау тапты. Кеңестік немістерге әкімшіл-әміршіл жүйе Отанын қорғауға рұқсат етпеді. Сондықтан қолына қару алып, фашистер- мен соғысу үшін көптеген немістер фамилияларын өзгерткен. Мысалы, Вольдемар Венцель Венцов деген фамилиямен соғы- сып, көптеген медальдар және Қызыл Ту орденімен марапаттал- ған. Павлодарлық П. Шмидт әзірбайжан тілін білгендіктен Али Ахметов деген атпен, Иван Гарвард Громов деген фамилиямен соғысқа қатысады. Бұл екеуінің соңғысы Кеңес Одағының Баты- ры атағын иеленді.


1943-1945 жылдар аралығында республиканың 4 облысы мен 145 ауданына 507 мың қарашайлықтар, балкарлар, шешендер, ингуштар, қалмақтар, 110 мың месхеттік түріктер мен күрдтер, 180 мың Қырым татарлары жер аударылады. Әкімшіл-әміршіл жүйе бұл халықтарды азаматтық құқықтарынан айыра жаздады. Бұл фактілер сөз жүзінде халықтар достығы, теңдігі деп айтылға- нымен, іс жүзінде ұлттық саясаттың бұрмаланғандығын көрсе- теді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет