Азамат соғысы және социалистік құрылыстың басталуы. Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды. Кеңес үкі- метінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті ба- сып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің «әскери үкіметі» және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. Құ- рылған облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда және Орал қала- ларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш «әскери үкі- мет» Қазақстанда Кеңес үкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялық офицерлерге, ауыл-село ша- руаларына сүйенді және меньшевиктер мен «Алаш» партиясы- ның жетекшілерінен қолдау тапты.
1918 ж. жазда азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Ақ гвар- дияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің бел- сенділік көрсетуіне орай ең басты пәрменді күш – Сібір мен Оралда шоғырланған Чехословакия корпусының офицерлері бү- лік шығаруына байланысты әскери қақтығыстар күшейе түсті.
201
■ Қазақстан тарихы
Бұл корпус революцияға дейін Австрия-Венгрияның чехтар мен словактар тұтқын солдаттарынан құралған болатын. Осы корпус- тың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды.
Мамыр айының аяғында В.В. Куйбышев В.И. Лениннен Орынбордағы Дутов авантюрасының тамырын жою туралы кө- мек сұрады, олай болмаған күнде Торғай мекенінің 12 млн тұр- ғыны аштан қырылатындығы туралы ескерткен еді. Осыған орай облысқа әскери көмек көрсетіліп, Қызыл Армияның бөлімдері құрылды, кейін бұл бөлім Ақтөбе майданының құрамына енгізіл- ді. Ақ гвардиялықтар негізінен Орынбор және Илецкі ауданда- рында Дутовтың басшылығымен әрекет етіп, олар Ташкент және Самараны Орталықтан бөліп тастады. 1918 ж. 2 шілдеде Дутов басқарған әскер Орынборды екінші рет басып алды да, Түркіс- танды орталық Ресейден бөліп тастады. Қызыл Армия бөлімі (10 мың адамға жуық) Орынбор қаласын тастап 2 топқа бөлінді. В.Г. Блюхер және Н. Каширин отрядтары солтүстікке кетіп, Шы- ғыс майданның негізін құрды. Басқа бөлімдер Ақтөбе және Орск қалаларына шегініп, 1918 жылы шілде айында Г.В. Зиновьевтің басшылығындағы бір армияға бірікті. Қызыл Армия күштері қан- ды қақтығыстар жүргізіп, Орскны ұстап тұрды.
1918 жылдың күзінде, яғни қазан айында Каспийге ағылшын- дардың келуіне байланысты Ақтөбе майданында қиын жағдай қа- лыптасты. Жоспар бойынша, ағылшындарға Қазақстан мен Орта Азияны ішкі контрреволюциялық күштер арқылы бір уақытта басып алу ұсынылды. «Орынбор тетігі», яғни стратегиялық негіз- гі темір жол қиылысы большевиктер өкіметін кәдімгідей ойлан- дырды, сондықтан В.И. Лениннің нұсқауымен 1918 жылы Ә. Жан- гелдин басқарған 600 адамнан тұратын Балтық матростарының отряды қосылған әскери экспедиция орталықтан бөлініп қалып, көптеген қиыншылықтарды көре жүріп, 7 ай көлемінде Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Негізгі күш Орын- борға жұмылдырылды, себебі қаланы қалайда басып алу Түркіс- танды Дутовтан қорғау мүмкіндігін туғызды.
Орынборды алу операциясына Ақтөбе майданының әскер- лері мен Шығыс майданның әскерлері де қатысты. 1918 ж. 29 желтоқсанда ауа райының қиындығына қарамастан шабуыл
202
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
басталды, Дутов ақ гвардияшылары екі майданның әскерлерінің қысымынан жеңіліп, толық талқандалды. 1919 жылдың 22 қаңта- рында Орынбор қаласы алынып, Түркістан аудандары мен Орта- лық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. Осымен Ақтөбе майданының тарихтағы 1-кезеңі аяқталды (1918 шілде- 1919 қаңтар).
1918 жылдың күзінде ақ гвардияшылар Жетісудағы Саратов, Покровское, Покатимовское жерлеріне белсенді шабуылдап, Қы- зыл Армия қарулы күштерінің қарсылығына қарамастан Сергио- поль, Үржар, Сарқант және т.б. жерлерге бекінді. Сөйтіп, Солтүс- тік Жетісу майданы құрылды. 1918 жылдың аяғында Жетісу май- данында 10 мың қызылармияшылар мен біріктірілген Черкасск партизан күштері орналасты.
1918 ж. наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласында Кеңес билігіне шабуылдап, облыстық атқару комитетінің мүшелерін қамап, соңынан оларды өлтірді. Алашорданың Батыс бөлімімен бірлесіп әрекет еткен Дутов бөлімдері Орал-Гурьев ауданында генерал Толстов басқарған ақтардың негізгі күштерімен бірікті. 1918 жылдың күзінде Орал ақтарымен күресу үшін «Ерекше армия» (кейінгі шығыс майданының төртінші армиясы) құрылды. Жыл бойы Шығыс майданындағы Колчак әскерлерінің шешуші жеңісіне дейін Орал аймағы қолдан-қолға өтті. Орал облысында
«Бірінші ерекше атты әскер» бригадасы құрылып, кейін Қызыл армияның 4-армиясының құрамына кірді. 4-армияның қолбас- шысы болып, М.В. Фрунзе тағайындалды. Оралды босату опера- циясына В.И. Чапаев басқарған 2-нші Николаев дивизиясы және 4-інші армияның бөлімдері қатысты. 1919 жылы 24 қаңтарда қала босатылды. Сөйтіп, большевиктер үшін азамат соғысының ал- ғашқы кезеңі сәтті аяқталды.
1919 ж. көктемде Колчактың шабуылдауына байланысты Шығыс майданында жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Кол- чак армиясы Орынбор мен Оралды алғаннан кейін Оңтүстік май- дандағы Деникинге қосылу қажет болды. Сондықтан бұл аудан- дағы әскери қимылдар М.В. Фрунзе басқарған Шығыс майданы- ның Оңтүстік әскери бөліміне тапсырылды. Шығыс майдандағы туған шиеленіс Батыс Қазақстандағы жағдайды да қиындатып жіберді. Осылайша, Орынбор шығыстан, оңтүстіктен, оңтүстік-
203
■ Қазақстан тарихы
батыстан 100-120 шақырымда Колчак армиясымен қоршауға алынып, қаладағы 1-інші Дутовтың орынбор казак корпусы және 2-нші корпусы шабуылдап, әскери қимылдар қайта басталып, 1919 жылы сәуірдің бас кезінде Ақтөбеге шабуыл жасауға кірісті. Ақтөбедегі жұмысшы отрядтары әскер күшін жабдықтай алма- уынан 1919 жылы сәуірде қаланы тастап, қызыл гвардияшылар Қандыағаш станциясына шегініп, жергілікті тұрғындардан жаңа әскери күш жинақталып, оңтүстік Ақтөбе майданы құрылды. Ақтөбе майданы Түркістанның болашағы үшін стратегиялық не- гізгі нүкте болды.
Партиялық ұйымдар «Бәріміз Колчакқа қарсы күреске» деген ұранмен жұмысшылар, шаруалар, теміржолшыларды мобилиза- циялап, соғысқа аттандырды. Ақтөбе майданына Түркістан май- данынан жүздеген ұлт өкілдері бар армия келіп қосылды. Майдан Түркістан АКСР-іне бағындырылды. Майдан құрамына Колу- заевтың отряды (1105 адам), Қостанай партизан отряды (750 адам) қосылды. Майданды басқарған Колузаевтың Ембі ауданы және Темірде жүргізген әскери қимылдары сәтсіз өтті. Сондықтан да Түркістан АКСР-нің революциялық-әскери кеңесі Колузаевті майдан қолбасшысы қызметінен алды. Ақтөбе майданы әскерле- рінің қолбасшысы етіп А.И. Астраханцевті, ал комиссары етіп И.Ф. Казаринды тағайындады. П. Кобозев басқарған ТүрЦИК ко- миссиясы мен Жиляев арасындағы әскери келіспеудің нәтижесі майдандағы жағдайды қиындата түсті. 1919 жылы шілденің ая- ғындағы шабуылға шыққан ақ гвардияшылар кеңес әскерлерін ескі Арал теңізіне шегіндірді. Бұл кезде Шығыс майданының әс- кери бөлімдері Түркістанға көмекке келді.
М.В. Фрунзенің ұсынысымен оңтүстік әскери топ Түркістан майданы болып бөлінді, олардың алдында: Орал мен Орынбор- ды босату және Түркістанға экспедиция жіберу міндеті тұрды. 1919 жылдың 30 тамызы мен 1 қыркүйекте қарсыластар Ақтөбе майданына шабуыл бастады. 1919 жылдың қыркүйегінде Түркіс- тан, Ақтөбе майдандары Мұғалжар станциясында бірікті. Оңтүс- тік Колчак армиясының негізгі күші талқандалып, Түркістанға жол ашылды.
Қазақстанның ақ гвардияшылар басып алған жерлерінде олардың жіберген қателіктерінің салдарынан, партизан қозғалыс-
204
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
тары мен халық көтерілістері де кеңінен өріс алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы – Қостанай уезі болды. Партизан қозға- лыстары Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында, Павлодар, Өске- мен, Бұқтырма мен Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон- Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында кең қанат жай- ды. Партизан отрядтарының негізін құраған шаруалар Қазақстан- ның барлық уездеріндегі большевиктік ұйымдарды құруда да ерекше рөл атқарды. 1919 жылдың көктемінде Шығыс және Ақтөбе майданының жақындауына байланысты партизандар қоз- ғалысының белсенділігі күшейді. Шаруалар жергілікті ақ гвар- дияшыларды қамауға алып, әскери революциялық комитеттер сайлап, көптеген жаңа отрядтар жинақтады. Мәселен, Бурабай поселкісінде 1270 адамдық отряд құрылды. Шаруалар көтерілісін әскери-революциялық штаб басқарып, сәуірде Қостанай қаласы алынды. Қостанайға ақ гвардияшылардың ірі әскери күштері мен 32-нші Донецк полкі аттандырылды. Кескілескен ұрыстардың нәтижесіне партизан отрядтарының әскери дайындығының на- шарлығы әсер етсе, оның үстіне қостанайлықтардың Ақтөбе май- данына қосылуына «Алаш Орда» кедергі жасады. Партизан отря- ды Торғайға қарай аттанып, Торғай атты әскер отрядымен бірігу- ге тырысты, себебі Ақтөбе қаласын Дутовшылардан қорғау үшін қосымша әскери күш қажет еді. 1919 ж. А. Иманов Торғайдағы гарнизондар мен әскери ұйымдарды көшіру туралы бұйрық берді. Осы уақытта қостанайлық партизандар штабы бастығының кө- мекшісі Л. Таранның отряды қалаға жақындайды. А. Иманов жә- не Л. Таранды жолдастарымен Алашордашылар тұтқындап, бір айдан кейін жазалады. Тірі қалған Қостанай партизандары Ақтө- бе майданының құрамына енгізілді. Нәтижесінде қостанайлық партизан отряды Ақтөбе майданының үлгілі 4-інші Долбушев жаяу әскер полкіне айналды.
Азамат соғысында партизан қозғалысы етек алды. Черкасск қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдың «Тау қырандары» отрядта- рының қозғалысы Қазақстандағы Азамат соғысы тарихынан өш- пес орын алды. 1919 жылдың жазында Шығыс майданда Колчак армиясының негізгі күші күйрегеннен кейін батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге жол ашыл- ды. 1919 жылдың аяғында Қазақстанның негізгі территориясы
205
■ Қазақстан тарихы
Дутов пен Анненков армияларының қалдықтарынан босатылып, 22 наурызда кеңес әскерлері Қапалды, 28 наурызда Арасан стан- циясын азат етті. 22 наурызда Үржар станциясын, 27 наурызда Бақты станциясын, 25 наурызда атаман Анненковтің ставкасы тұрған Үшаралды, 29 наурызда Қапал гарнизонын тізе бүктіріп, атаман Анненков және Дутов бастаған ақ гвардияшылар қалдық- тарын Синьцзянға қарай қуды. 1920 ж. 29 наурызда ең соңғы май- дан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі қайтадан қалпына келеді.
1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар ақтарды талқандап, жеңіске жетті. Қызылдар жеңісінің себептері, бірінші- ден, Кеңес үкіметіне қарсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаған жер- лерде бұқара халыққа қарсы бағытталған шаралар жүзеге асыры- лып, оған керісінше Кеңес үкіметі тарапынан ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес үкіметінің орта шаруалармен одақ құруы және 1919 жылы шілдеде Казревком құрылғанда қазақтардың жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде айтылып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі қойылды; төртіншіден, 1919 жылдың көктемінен бастап, А. Байтұрсынов бастаған алашордашылар қызылдар жағына шықты. Себебі олардың Колчактық орыс шовинистік көзқарас- тарынан үміттері үзілді. Ақтар билеушілері қазақ халқына ұлттық автономия бергісі келмеді, тіпті, өздерінің қолдап жүрген Алаш орда үкіметін де мойындамады. Сібірдегі уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылы 22 қазан мен 4 қарашадағы грамотасымен Алаш орда Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді. Сонымен қа- тар Сібір үкіметі Алаш автономиясын қазақтың территориялық мемлекеттігі деп танудан бас тартты. Оған қоса 1919 жылы жазға қарай ақтар Сібірде жеңіліске ұшырады.
Алаш көсемдері қазақ мемлекеттігін құрудың жаңа жолда- рын іздеуге мәжбүр болды. Қазақ зиялылары ендігі жерде Кеңес үкіметімен ымыраға келу жолын қарастырды. 1919 жылдың ба- сында Алашордалықтар Кеңес үкіметімен арадағы келіссөздерін қайта жандандыра бастады. Келіссөздер Алашорда атынан емес, А. Байтұрсынов басқарған торғайлық тобының атынан жүргізіл- ді. А. Байтұрсынов ең әуелі Ә. Жангелдинмен одан кейін Мәскеу-
206
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
де Сталинмен келіссөздерді жалғастырды. 1919 ж. наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Алашордаға амнистия (кешірім) жариялады. Алашорда басшыларының бірі А. Байтұр- сынов, оның жақтастарының үлкен тобы Кеңес үкіметінің жа- ғына шықты. Желтоқсан айында Ә. Бөкейханов бастаған Алаш- орданың Шығыс бөлімі толығымен Кеңес үкіметін мойындады.
Кеңес үкіметі кеңестік негізде Қазақ автономиясын құру жө- нінде дайындық жұмысын жүргізе бастады. РКФСР ХКК-нің 1918 ж. 12 мамырдағы қаулысына сәйкес, ҚазАКСР-ын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін Ұлттар ісі халық ко- миссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қа- зақ) бөлімі ашылды. Алайда азамат соғысы басталып кеткендік- тен, бұл жұмыстар кейінге қалдырылды. Қазақ съезі шақырылып, Қазақ республикасының автономиясы жарияланғанша өлкені әскери-әкімшілік басқару үшін 1919 ж. 10 шілдеде РКСФР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің қол қоюымен
«Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын төңкеріс комитеті (Ревком) туралы уақытша ереже» жарияланды.
Ереженің 3-бабына сәйкес, Қазақ автономиялы республика- сының территориясы Түркістан республикасымен, Қырғыз съезі және Орталық Кеңес үкіметімен келісіліп анықталғанға дейін Қазревком құзырына «…Астрахань губерниясымен Орал, Тор- ғай, Ақмола және Семей облыстарының территориялары қарай- ды» делінген.
Қазревкомның бірінші құрамына: С. Пестковский (төраға) А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жангелдин, М .Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревко- мының мүшесі болып: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдиев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Әйтсе де Алашордалықтар- дың Кеңес үкіметінің жағына шығуы оңай болмады. Алашордаға жасалған кешірімге қарамастан оның басшыларына деген сенім- сіздік ұзақ уақытқа сақталды. Ал Кеңес үкіметінің Қазақстандағы кейбір өкілдері Алашорда жетекшілеріне жау ретінде қарады. Біртұтас тәуелсіз ұлттық мемлекетті құруға талпынған қазақ зия- лыларының пәрменді әрекеті нәтижесіз аяқталды. Кеңес үкіметі мойындамаған Қазақ ұлттық автономиясы қазақ зиялыларының өркениетке, тәуелсіздікке қол созған әрекеттері ретінде тарихта ғана қалды.
207
■ Қазақстан тарихы
Алғашқы күннен Қазревком әрекет-қимылда жүрген армия- ны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа тамақ өнімде- рін Орталыққа, Түркістан АКСР-ына жеткізу, яғни «соғыс ком- мунизм» саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Бұл саясаттың мәні – өнеркәсіпті жаппай ұлттандыру, басшылық- ты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бәрін бөлу, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды.
1920 ж. тамызда Мәскеу қаласында қазақ әскери төңкеріс комитеті және Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, РКП(б) Түркістан өлкелік комитетінің партия және кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан Қазақ АКСР-ын құру туралы бір- неше мәжілістер өткізді. Соңғы мәжіліске В.И. Лениннің өзі төр- ағалық етті. Нәтижесінде 1920 жылдың 17 тамызында РКФСР Ха- лық Комиссарлары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі декрет- тің жобасын қарап қолдады. 1920 ж. 26 тамызда Ленин мен Ка- линин қол қойған БОАК және РКФСР ХКК-нің құрамында, аста- насы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) кеңестік ав- тономиялы республикасын құру туралы» тарихи декреті жария- ланды. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезі, Қырғыз (қазақ) кеңестік автоно- миялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының декларациясын қабылдады, ол декларация РКФСР құрамына же- ке автономия болып кіретін ҚазАКСР-нің құрылуын жұмысшы- лардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, қызыл әскерлер де- путаттары кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С. Меңде- шевті бас етіп, Орталық Атқару комитетін (ОАК) және В. Радус- Зеньковичті бас етіп Халық Комиссарлары Кеңесін (ХКК) сай- лады.
1920 жылдың көктемінен Қазақстан жерінде азамат соғысы жылдарында өлкенің жаудан азат етілген аудандарында ақ гвар- диялық аппараттар жойылып, кеңестік мемлекеттік органдар ұйымдастырылып жатты. 1920 жылдың көктемінде партияның ІХ съезі болды, онда халық шаруашылығын қалпына келтірудің бірыңғай жоспарын жасап бекітті. 1920 жылғы қаңтар-наурызда өлкенің губерниялары мен уездерінде партия конференциялары
208
Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
өтіп, оларда халық шаруашылығын қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Өлкенің соғыстан зардап шекпеген жері кемде-кем еді. Қиындықтар мен ауыртпалықтарға қарамастан, Қазақстан ең- бекшілері қиындыққа қарсы күресті. Өнеркәсіпке отын беру үшін Орал-Ембі мұнай кәсібі қалпына келтіріліп, Ембі-Атырау мұнай құбыры бірнеше шақырымға тартылды. 1920 жылғы наурыз-мау- сым айларында Ембі мұнай кәсіпшіліктерінен көліктің барлық мүмкіндіктерімен және су жолы арқылы 17452 пұт мұнай тасыл- ды. Қарағанды мен Екібастұздың шахталары қалпына келтіріліп, 1920 жылы Қарағанды мен Екібастұздың шахтерлері 3 млн пұт- тан астам көмір өндірді. Екібастұз зауытында, Риддер кенішінде қорғасын концентраттарының қорынан қорғасын қорыту жұмы- сы жолға қойылды. Семей және Ақмола губернияларының кәсіп- шіліктерінде жыл ішінде 8,5 млн пұт тұз өндірілді. Оралда, Қос- танайда, Семейде, Ақмолада электр станциялары жұмыс істей бастады.
Қазақстанның Кеңес органдары совхоздар, артельдер, жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс- тарды қиыншылықтарға қарамастан жалғастыра берді. 1920 жыл- дың күзіне қарай Қазақстанда Жетісу облысын қосқанда 1039 ұжым- дық шаруашылық болды. Сол жылдары алғашқы ауылшаруашы- лық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жыл- дың аяғында (Жетісу мен Оңтүстік облыстарды қоспағанда) 939 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель, 28 жерді бір- лесіп өңдейтін серіктестік (ТОЗ), 348 тұтыну қоғамы жұмыс істеді.
1919 жылы сәуірде уездік және губерниялық Халық ағарту бөлімдерінің жанынан мәдени-ағарту ұйымдары құрылды. Оқу үйлері, кітапханалар, сауатсыздықты жою мектептері жұмыс іс- теді. Сол жылдары республикада 199 көпшілік кітапханасы, 196 клуб, 83 халық үйі, 1478 оқу үйі болды, үгіт қызыл керуен- дерін, ал темір жол бойында үгіт вагондарын ұйымдастырды.
Қорыта келгенде, Қазақстанда Кеңес үкіметі көпшілігінде күштеп орнатылды. Қазақ халқы Қазан төңкерісінің мәнін, Ленин бастаған большевиктер партиясының бағдарламасын түсінген де жоқ. Әлеуметтік революцияға Қазақстанда ешқандай негіз жоқ болатын.
209
■ Қазақстан тарихы
Достарыңызбен бөлісу: |