Бегалиева А.Қ



бет71/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

XVIII ғасырдың деректеріне қарағанда қазақтар ұзақ жа- сайтын халық болған.Қазіргі кезде қазақстандықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы 72-ге жетті. Қазақтар – ежелден ұзақ жасайтын халық. XVIII ғасырдағы белгілі ресейлік зерттеуші И.Г. Андреевтің айтуынша, «олардың көпшілігі әбден қартайған- ша, тіпті 100 жастан аса өмір сүреді, көру қабілетін де, ақыл-есін де жоғалтпай, ол тұрмақ тістері түспей жасап, атқа жайдақ мініп жүре береді». А. Паллас сол ғасырдың өзінде «Қазақтар көбінесе қарттықтың ұлы қырқасына дейін жетеді, тіпті қарттарының өзі сергек, дені сау болады», – деп бағалаған. Тіпті ХІХ ғасырдың басында-ақ Г. Спасский «Орта және Кіші Орданың қырғыз-қай- сақтары» атты еңбегінде осы бірегей дәстүр турасында «Олардың

352
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


көбі 100-ге келіп, одан асса да күшті дене бітімін, мықты ақыл- есін, жақсы көру қасиетін сақтап қалады әрі салт атпен еркін жүре береді», – деп жазған.


Халқымыз салауатты өмір салтын ұстанды. Алаш қозғалысы- ның белгілі қайраткері Қошке Кемеңгеровтің айтуынша, «баяғы- да шалдар жасы 70-ке келіп дүниеден озған адамды «құлыным» деп жоқтаған екен». Ал қазір «құлыным» деп әдетте балаларға, жастарға айтады. Ертеректе далалықтардың дәстүрлі қоғамының шарықтау шыңында тұрған кезде ұзақ жасап, мықты денсаулы- ғымен ерекшеленді.
Дені сау, мықты қартаң жастағы ер азаматтардан бала өрбі- гендігі де – жиі ұшырасатын жайт. Қазақтағы Алпысбай, Жетпіс- бай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай деген есімдер осының айға- ғы, яғни олардың әкелерінің жасы – 60, 70, 80, 90 тіпті 100-де бол- ған.
Неміс зерттеушісі Ф. фон Шварц қазақтардың денсаулығы- ның өте жақсы екендігін «Қазақтар Орталық Азияның барлық басқа халықтарының ішінде денсаулығы өте жақсы екендігі сон- шалық, тіпті «қазақ сияқты денсаулығы мықты» деген мәтелге арқау болған», – деп атап көрсеткен.
Ұлы дала халқының денсаулығының мықты болуы және ұзақ жасауы, біріншіден, дала тұрғындары көп уақытын таза ауада өткізіп, қоныстарын жиі-жиі ауыстырып отырды. Сондықтан олар өкпе ауруының (туберкулез) немесе жұқпалы аурулардың не екенін білмеген. Бұл жөнінде Георги: «Ұлан-ғайыр даласының саф ауасымен тыныстап, алаңсыз, мамыражай өмір сүріп жатқан олар ауру-сырқауға сирек ұшырайды және көпшілігі қартайған шағына дейін мықты болады», – дейді. Екіншіден, экологиялық жағынан таза әрі табиғи тағам түрлерін, негізінен ет-сүт өнім- дерін жеген. Негізгі сусын қымыз болған. Қымыздың дертке шипа, бойға қуат беретін пайдалы қасиеті анық дәлелденген. Қымыз адамның денсаулығына әрі ұзақ жасауына пайдасы мол. Мал шаруашылығымен айналысқан дала тұрғындары осы сусын- ды бірнеше мыңдаған жылдар бойы пайдалануда. Бұл жөнінде ежелгі замандағы «тарихтың атасы» атақты грек тарихшысы Геродот: «Скифтер өздерінің құлдарын биенің сүтін піскізуге мәжбүрлеп, соқыр ететін», – деп жазады. XIII ғасырдың үшінші
353
■ Қазақстан тарихы

ширегінде бүкіл мәмлүк әлемі олардың билеушісі, даламыздың ұланы Бейбарыс сұлтанның бұйрығы бойынша қымыз ішетін болған.


Ибн Рузбихан 1509 жылы қазақ жеріне келіп, қымыздың ем- дік қасиеттері туралы былай деп жазған: «Жылқы сүтінен олар дуг, түрікше қымыз жасайды. Ол – сусындардың ішіндегі ең жақсысы. Расында да, ол – өте пайдалы әрі жағымды сусын. Қы- мыз жұмақ өзенінің сусынындай хош иісті. Оның тамақтан өткен әр тамшысы адам көкірегін тыныштандырады. Егер де семіздік ауруына шалдыққан адам ішетін болса, онда оның ас қорыту органдарының жұмысы жақсарып, қомағайлану сезімінен мүлде айығады... Оны ішкен адам барлық дертінен арылады. Қымыз әрі азық, әрі дертке шипа болатын дәрі-дәрмек».
Қымыздың емдік қасиеттері туралы ресейлік Д. Самоквасов та жазған: «Әбден арып-ашып, әлсіреген көшпелі тез арада са- уығып, бетіне қан жүгіріп шыға келетіні саяхатшылардың наза- рын аудартып қана қоймай, қымызды меңдеген дерттен арылтуға ем ретінде пайдалану туралы ой салды. Бақылаулар көрсеткен- дей, осы бір өте жылдам, әдетте бірнеше аптада ғана, көшпелінің денсаулығы мен бал-бұл жанған жүзінің қалпына келуі... қара- пайым ғана, аз мөлшердегі қысқы сорпаға-суға биенің ашытыл- ған сүтін қосып ішкеннен болатын». Қымыздың пайдалы қасиет- тері туралы ресейлік жоғары лауазымды шенеуніктер де біліп, ішіп отырған. Мысалы, XIX ғасырдың ортасында Томск губерна- торы Супрунюк отбасымен Құлынды даласында әр жаз сайын келіп, қымызбен емделген. Сол кезде Қазақстанның әр қаласында барлық ұлты мен түрлі діни наным-сенімдегі қала тұрғындары баратын «қымызханалар» болған. Ресей империясы мен КСРО заманында туберкулезбен науқастанғандарды қымызбен емдей- тін арнайы санаторийлер жұмыс істеді. Ғылыми зерттеу нәти- желері бойынша нақ осы бие сүті құрамында трансмай қышқыл- дары болмайтындығы себепті ұзақ жасаудың құпиясын көрсе- теді. Академик Т. Шарманов бие сүтінен шоколад жасап шықты. Үшіншіден, көшпелілер өмірі ат үстінде өтті. Ұзақ уақыт бойы салт атпен жүру, олардың денсаулықтарын жақсартып, ұзақ өмір сүруге септігін тигізді. Сайын далада еркін өскен ер азаматтар арасында жыныс безі, несеп-жыныс жолдарының аурулары жоқ

354
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


болды деуге болады. Төртіншіден, қазақ қоғамында арақ-шарап ішімдіктерінен ішкен жоқ, темекі де шекпеген. Керісінше, оты- рықшы тұрғындардың денсаулығы осы кеселден зиян шеккен. Шыққан тегі неміс ресейлік ғалым В. Радлов осы орайда «Маскү- немдік сияқты кесел қазақтарға мүлде тән емес», – деп жазғаны куә. Н. Малицкий «Этнографиялық шолу» атты еңбегінде: «Қа- зақтарда темекі тарту деген әдетінде болмаған», деп жазды. Бесіншіден, қазақтар білікті халық емшілерінің емін пайдалан- ған. Емшілік өнер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Бүгінде осындай емшілік өнер бізде жандануда. Алтыншыдан, қазақтар- дың басым көпшілігі аңшылық пен ұлттық спорттық ойында- рымен айналысқан, бұл да ұзақ жасауға ықпал еткен.


Қазақстардың ұзақ жасауы мен қартайған шағындағы ден- саулығы жөнінде орыс генералы С. Броневский былай деген:
«Бірқалыпты өмір мен ас-ауқаты, үнемі таза ауада болу сияқты жайттар қазақтарды аурулардан сақтайды, олар әбден қартайған- ша өмір сүреді, жасы 100-ге жеткендер көп, ал 70 жастағылары барлық ауыртпалықты жастармен бірдей көтереді және тіпті де кәрі көрінбейді. Кейде, олардың көз жанары түтіннен ертерек зақымдалады; ол үшін аттың қара қылынан өрілген көзілдірік қолданылады; өле-өлгенше тістері сол күйінде сақталады, суық тиюден көп азап көрмейді».
В. Радлов «Далалық түркі көшпелілері» атты еңбегінде бы- лай деп түйіндейді: «Қазақтардың ішінде ауру-сырқау, әлсіздер аз және жалпы құнарлы ас пен таза ауадағы өмірдің арқасында олардың арасында дертті адам сирек кездеседі. .. Көптеген қазақ- тар кәрілік шағына дейін өмір сүреді. Тіпті жүз жасаған қарттар да бар. Қазақтардың барлық сезу қабілетінің ішінде көру қабілеті жақсы дамыған, бұған таң қалуға болмайды да. Қазақ әдетте кең жазық жапан түзде өмір сүретіндіктен және жастайынан алысқа қарауда көздері өткір». Ал ХХ ғасырдың бірінші жартысында кеңестік зерттеуші Н. Малицкий, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып: «өз елінің қатаң климаттық жағдайлары шынықтырған қазақтар мықты денсаулығымен, салыстырмалы түрде көп ұрпақ өсіргіштігімен ерекшеленеді, осының арқасында өздерінің тұрақ- сыздау көршілерін ығыстыра отырып, шар-тарапқа ірге кеңей- туде. Қазақтардың дене бітімі де мықты. Тұрпаты келісті. Кеудесі
355
■ Қазақстан тарихы

кере қарыс, кең жауырынды, желке-мойыны тұтас, бұлшық етінің күші бірден байқалады. Ас қорытуы да керемет. Дене қызуы да еуропалықтарға қарағанда жоғарырақ. Қазақтардың организмінің қуаттылығы жараланған кезде байқалады: жарақаттары кейде дене қызуынсыз өтеді, ал өзі, асқа тәбетін жоғалтпаған күйі жа- зылып кетеді. Қазақтардың суыққа да, дене ауырсынуларына да төзімділігі жоғары», – деп жазған.


Денсаулық пен ұзақ жасаушылық туралы мақалдар мен мә- телдер көп. Мысалы, «Денсаулық – зор байлық», «Ауру желмен кіріп, термен шығады», «Ауру атанды да шөктірер», «Ауру кірді

  • әлек келді», «Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады»,

«Көзің ауырса – қолыңды тый, ішің ауырса – тамағыңды тый»
«Ауруын жасырған – өледі», «Тәні саудың – жаны сау», «Балық жаны – суда», «Емнің алды – еңбек», «Азған денеге ауру үйір»,
«Басы аманның малы түгел», т.б.
Көшпелілер білікті емшілерге емделді. Емшілік қасиеті ұр- пақтан ұрпаққа беріліп отырды. Балгерлерді «тәуіп», емдік шөп- термен емдейтін адамдарды «дәрігер», хирургтарды «оташы», сүйекті түзетіп, сынықты емдейтіндерді «сынықшы» деп атаған. Жергілікті емшілердің ішінде Бұқара, Самарқан медреселерінің түлектері болған. Емшілер Ибн Синаның медициналық канон- дарымен таныс болған. Олар дәрі жасауды білген, тіпті улы заттарды да (хинин, камфор, скипидар, тотияйын, сынап, алмас, апиын) дәрі- ге пайдаланған.
Дәрілік шөптердің ішінде жусанның түрлері, саумалдық, қа- ра андыз, қалампыр, арша, киікоты, тал қабығы, итмұрынның та- мыры, долана, меңдуана, мия тамыры және т.б. кеңінен қолда- нылған. Мысалы, зерттеушілердің мәліметтері бойынша ХІХ- ХХ ғасырларда тек Түркістан өлкесінің өзінде ғана қазақ емші- лері өсімдік текті 227 түрлі дәрі-дәрмектерінің қасиетін білген.
Емші дәрігерлер жануарлардың ағзасынан алынған емдік дәрі-дәрмектерді де пайдаланған: аюдың өті, суырдың, борсық- тың, қаздың, қойдың, жылқының майлары. Мысалы, суық тисе қойдың майы қосылған қайнатылған сүтпен тез арада жазылған.
Қазақ емшілері адам анатомиясы жайлы жан-жақты білімі болды. Олар аурудың диагнозын тамыр ұстап анықтай алатын. Шөлді және шөлейтті жерлерде сырқат адамдарды құм ваннала-
356
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■

рымен емдесе, қысқы уақытта сырқат адамдарға тұз бен түрлі емдік шөптер қосылған жылы ванна қабылдатқызған. Кейбір ауруларды қазақ емшілері науқасты жаңа сойылған ешкінің, қойдың, өгізшенің немесе құлынның терісіне түсіріп те емдеген. Жергілікті емшілер ертеде тұзды көлдер мен минералды бұлақ- тардың шипалық қасиеттерін білген. Мұндай емдеу тәсілдерінің көптеген буын ауруларын, сыртқы және ішкі ауруларды емдеуге көмегі тиетін. Көшпелілер тұзды, батпақты көлдерде емделген.


Қан қысымынан болатын бас ауруларын емдеуде қан шығару әдісін қолданған. Қазақ емшілері сүлікпен де емдеген. Залалсыз- дандырып, қанды тоқтату үшін күл сеуіп, я болмаса күйдірілген киіз басатын. Халық емшілері құрсақ қуысын тіліп, жарып бо- сандыру (кесар тілігі) отасын да жасай білген. Сынықшылар аяқ- қол, иық, тіпті жамбас шығуды, түрлі сынықтарды да емдей ал- ған. Психикалық ауруларды бақсылар емдейтін. Өкінішке қарай, кеңес билігі кезінде емшілер заңсыз қуғынға, тіпті саяси сүргінге ұшырады.
Ұзақ өмір сүретіндердің жарқын бейнесін көрсеткен белгілі тұлғалар өздері жайлы естелік қалдырған. Әнет баба, Қазыбек би, Төле би, Бұқар жырау, Жамбыл Жабаев, т.б. 100 және одан да көп жасаған жандар. Қошке Кемеңгерұлының мәліметі бойынша ұлы Абылайдың баласы Уәли хан 105 жыл жасап, 1821 жылы дүние- ден озған. Дала әлеуметінің әйелдер қауымы да ерлерден қалыс қалмаған. Мысалы, Бопай (Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың әйелі) 100 жастан асып жасағаны тарихтан белгілі.
Ұзақ жасау пен салауатты өмір салты қазақтардың егде тарт- қан кезінде де балалы болуына мүмкіндік беретін. Мысалы, атақ- ты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы 75 жасында өзінен көп кіші 32 жастағы Бибіжан Бүркітқызына үйленген. Екі жыл отасқаннан кейін Жанәбіл есімді ұл дүниеге келген. Қуатты денсаулық дала тұрғындарының бірнеше әйел алуына мүмкіндік берген.
2012 жылы 5 қыркүйекте Назарбаев университетінде сөз сөй- леген Мемлекет басшысы студент жастарға: «ХХІ ғасырда қазақ- стандықтар ұзақ жасаушы ұлт болуы тиіс. Көп жағдайда денсау- лық тек медицинамен байланыстырылады. Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек. Мен сіздерді және барлық студенттерді біздің олимпиадашыларымыздың жеңісі
357
■ Қазақстан тарихы

құрметіне зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар», – деген болатын. Қазіргі ғалымдардың айтуынша, дүние жүзінде ұзақ жасаудың бес «көгілдір аймағы» бар екен: Окинава, Икария, Сар- диния аралдары, Коста-Рикадағы Никоя түбегі мен АҚШ-тағы Лома-Линда қалашығы. Мұнда адамдар 90-нан 100 жасқа дейін өмір сүреді екен.


Ш. Уәлиханов (1835-1865) «Қазақ халқы – ғаламшардың ең қайырымды халықтарының бірі» – деп толғанған. Шынында да, қазақтардың бойында жанашырлық, қайрымдылық, адамгерші- лік, кісілік сияқты керемет қасиеттер бар. Сондықтан да болар басқа этностар мен конфессия өкілдері Дала ұрпақтарының орта- сында олардың үйреншікті өмір ырғағымен табиғи үйлессе, бар- ды күштеп өзгертуге тырыспай жүрсе, өздерін өте жақсы сезінеді және сезініп те отыр. Көшіп-қонып жүретін тұрмыс салтына қарай дүниетанымы ерекше, ой-өрісі кең, далалықтар қоршаған ортаға түсіністікпен ғана қараған жоқ, сонымен бірге оны өзгерт- пей, сол күйінде қабылдады.
Еркіндік, демократия, шектен асқан байлық, негізінен, мал шаруашылығымен айналысу, кең жазық дала, жақын-туыстары- ның көп болуы, Қазақстан тұрғындарының бойында адал қасиет- терді қалыптастырды.
Ғұндардың құдіретті болу себептерінің бірі – олардың толе- ранттылығы, тұтқындарға сыйластықпен қарауы еді. Бұл жөнінде V ғасырда Прииск жазған болатын. Ол тұтқында жүрген грекке отанына қайтуды ұсынады, бірақ сақтардағы құлдықтан енді ғана босаған грек ғұндардың арасында «Византияда еркіндікте жүр- гендегіден гөрі, құл ретінде жақсы өмір сүргендігін» айтып, бас тартқан көрінеді.
Жақсы мінезді ғұндардан кейін келген ортағасырлық түркі- лер де мұраға алып, ғасырларға жеткізген. Бұл жөнінде арабтың ғалымы әл-Джахиздан (775-868 ж.) асырып ешкім де айта ал- маған шығар: «Түркілер – өшпенділік, жалған өтірік, екіжүзділік, жала жабу, өсек айту, жасанды қылық, менмендік, басқаларға менсінбей қарау, көршілерінен асқақтық дегенді білмейтін жұрт», – деп жазады.Бұл қыпшақтарға да қатысты. Атақты араб ибн Яхия қазақтардың тікелей жақын бабалары – қыпшақтардың
358
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■

бірегей қасиеттерін толықтырып жазады: «Қыпшақ түркілері бас- қа түркілерден өздерінің діншілдігімен, батырлығымен, жылдам- дығымен, дене сымбатымен, келісті келбетімен және тектілігімен ерекшеленеді».


Далалықтардың жақсы мінезі мен адамгершілігін олардың қоғамдағы әйелдер қауымына құрметпен қарауынан да байқауға болады.
Қазақтардың лексиконында қайырымдылық, адамгершілік, кісілік ізгілік туралы әлі күнге дейін сақталған: «Бір күн дәм- тұзын татқанға қырық күн сәлем», «Су ішкен құдығыңа түкірме»,
«Итті күшігім десең, аузыңды жалайды», «Игіліктің ерте-кеші жоқ», «Жақсылық қылсаң – жасыр, жақсылық көрсең – асыр»,
«Жағымпаз надан – жаудан жаман», «Жақсылық біреуден қайт- паса, біреуден қайтады», «Кең болсаң, кем болмайсың», «Жақсы- лық – ағаш басында, жамандық – аяқ астында», «Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле», «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды», «Жақсылық еккен, алғыс орады», «Іші тар қатын бала тумас», «Кекшіл болма, көпшіл бол», «Жаман арба жол бұ- зар, жаман адам ел бұзар», «Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең».
ХІХ ғасырдың ортасында жазған «Қазақтың әдет-ғұрыпта- рына сипаттама» деген еңбегінде Андре көшпелілердің мінез- құлқының ерекшелігін: «Табиғынан ақылды, тәжірибе мен түзу сәлемін қоса алғандағы ерекше рухани қасиеттері олардың ерек- ше сипаты әрі игілігі» – деп көрсеткен. Белгілі зерттеуші А. Алек- торов «қазақтар табиғатынан қайырымды, достыққа жақын, тіл табысқыш», – деп жазған.
А. Седельников қазақ халқының негізгі мінез-құлқы белгіле- рін, қайырымды әрі бейбіт сүйгіш халық екенін былай деп жаза- ды: «Азияда көшіп-қонып жүрген түркілердің ішінде қырғыз- қазақтар – неғұрлым мәдениетті халық. Олардың болашағы жар- қын болатыны сөзсіз: саны да өсіп келеді. Олар мәдениетті қа- былдағыш, тілінің сипатын, өз ойын жеткізу тәсілі мен қабілетін халық әдебиетінің байлығына, ақыр соңында өнерінің даму ахуалына қарап байқауға болады. Қазақтардың қоғамдық өмірі жете дамыған, қонақ күту, сапарлау, сауық құрушылықтың төңі- регінде, отбасы шаралары мен мерекелер кезінде бүтіндей ауыл-

359


  • Қазақстан тарихы

аймақ атсалысады, ұзақсонар әңгіме айтылып, жастардың ойыны мен өлеңшілердің әндеріне ұласады. Қазақтың қоғамдық құры- лысын демократиялық деп айтуға болады».


Ал орыс офицері С. Броневский далалықтардың қарапайым- дылығы мен қайырымдылығын былай пайымдайды: «Өздерінің туыстарына қарапайым және шексіз қайырымды: олардың бөліс- пейтін заты, көрсетпейтін қызметі жоқ, аса қонақжай; ас беріп күту – оларда міндет емес, парыз. Пісіп жатқан қой етінің иісін сезген қазақ, тәбеті ашылып кетіп, танымайтын үйге бас сұқса, туысындай күтілетін. Шақырылған, шақырылымаған қонақ деп ажыратылып жатпайтын. Орысты да, барлық шетелдікті кең пейілмен қарсы алады: киіз үй, ас-ауқат, жеке басыңның қауіп- сіздігі бәрі де шын көңілден ұсынылады».
Ал шаруаларды жаппай қоныстандыру, депортация, саяси қуғын-сүргіндер мен жер аудару кезінде миллиондаған халық өкілдері қазақ жерінен пана тапты. Жергілікті жаны жомарт қазақтардың қоныс аударушы шаруаларға көрсеткен көмегін 1911 жылы «Омбы жаршысы» беттерінде оның Ақмола облысы, Омбы уезі, Голубев болысы, Сабайғыр-Шілік елді мекеніндегі тілшісі былай деп жазады: «Алғашқы переселендер су ішетін жер таба алмай шөлден өле жаздады. Переселендердің айтуынша, олардың бірнеше сиыры шөлден қырылып қалған. Қазақтарға рақмет. Қазақтар осы учаскеден 15 шақырымдай жердегі Сүргін- көл ауылы маңындағы көлді көрсетіп, аман алып қалды», – деп жазған. Осы ауылдың тұрғындарын қиналғандарға көмек қолын созуына, көшіп келген шаруалардың пайдасына рулық жерлерін күштеп әперуі (ығыстырылуы) де бөгет болмады! Сондықтан да қазақтар арасында бұрын да, қазір де жергілікті халықтың тілі мен мәдениетін толығымен игеріп алған еуропалық ұлт өкілде- рінің елеулі бөлігі тұрды, тұрып жатыр да. Неміс, орыс, украин- дар арасында бір кездері республикадан кетіп қалып, бейбіт қа- зақтардың арасында өмір сүру әлдеқайда жақсы әрі үйреншікті екендігін түсініп, бүгінде Ұлы Дала еліне қайтып келіп жатқан- дар да аз емес.
Біздің еліміз «этносаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақ- стандық моделі» туралы жайдан-жай айтылмайды. 2016 жылдың
360
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■

1 наурызынан бастап жыл сайын «Қазақтарға алғыс айту күнін» тойлаймыз. Яғни басқа ұлт қазақ халқына алғыс айтады. Мұндай ескерткіш тасты корей халқы өз атынан жасады.


Ата-бабаларға құрмет көрсету дәстүрі – елдік қасиет, ділдік қасиет, отбасы-әулет құндылығы. Мұның тарихы әріден бастала- ды. Мысалы, сақтарды зерттеген К. Райс «Ежелгі пирамида құ- рылысшылары» деген еңбегінде Геродотқа сүйеніп: «Скифтер Дарийден артқа шегінді. Дарий ашық шайқасты қалады. Бірақ скифтер патшасы: «Егер де бізбен шайқасу қажет болса, қара да тұр: бұл жерде біздің аталарымыздың қабірі жатыр, оны тауып, бұзып көр, сонда көресің біз сенімен соғысамыз ба екенбіз. Ал сен мұны істемесең, егер құлқымыз болмаса, біз сенімен шайқас- қа кіріспейтіндігімізге сенімді бола бер. Бұл сенің тастаған үн- деуіңе менің жауабым», – деп жазады. Бұл Дала тұрғындарының ата-бабасы мен олардың зиратына деген құрметінің жарқын мысалы.
Аға ұрпақтың бойындағы ақыл, күш, даналық, адамгершілік әр уақытта құрметтелетін. Солардың арқасында бейбітшілік пен тыныштық орнағаны ұмытылмайтын. Адам өмірінде де, қайтыс болғанда да бірдей құрметтелді. Қарым-қатынастағы құрмет, со- нымен қатар шежіре арқылы да білінетін. Олар туралы аңыз, әпсана айтылып, ұрпаққа өнеге етілетін.
Халқымыздың дәстүрінде ата-бабалар қабіріне де аса құр- метпен қараған. Бұрынғылар мұнда аруақ алдында адалдыққа ант берген. Түнде қалған жолаушы қазақ дәстүрі бойынша қабірдің қасында түнеген. Қабірдің қасынан өтіп бара жатқан жан міндетті түрде аттан түсіп, Құран оқыған. Егер жолаушы зиратқа аялдап, дұға бағыштамаса, өзі үшін де, ұрпағы үшін де, халық үшін де қиын болады деген түсінік қалыптасқан.
Өз ата-бабаларын ұмытпас үшін олардың құрметіне мазар немесе қорым салған. Тіпті мәжбүрлі казак және шаруа колони- зациясы кезеңінде де бұл дәстүр ұмытылмаған. Мысалы, Ресей империясының патшасына петиция жібергенде, рулық зиратқа қол сұғылмауын сұраған. Ғұн, сақ, қыпшақ, түркі ата-бабалары тәрізді олар да марқұмдарға аса құрметпен қарады: «Бабалары- ның мүрдесі жатқан жерлерді қасиетті деп санайды, қабірлерге және жалпы оның қоршауына да мұқият қарайды» (Н. Зеланд
«Қырғыздар: этнологиялық очерктер»), – деп жазған.

361
■ Қазақстан тарихы


Әрбір ру өз ата-бабаларын жекелеген рулық зираттарда жер- леді. Тіпті алыс жерге көшсе де рулық зираттарға әкеліп жерле- ген. Мысалы, 1788 және 1798 жылдары қазақтардың бір бөлігі Ертістің сол жағалауынан оң жағалауына біржолата көшуге мәж- бүрледі. Өздерінің рулас адамдарымен қарым-қатынас жасауға тыйым салынса да, оң жағалаудың қазақтары ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдарын сол жағалау жеріндегі рулық зират қасына көме берген.


Баласы жоқ әйелдер қасиетті деп саналған ата-бабаларының бейітіне медет тілеп, зиярат етіп барған. Жүйкесі сыр беріп, ауыр- ған адамдарды ертеректе емші, тәуіп, қасиетті, өте дәулетті ата- бабаларының зиратына апарған.
Ата-бабалар рухының тынышытығын ойлау – қыр тұрғын- дарының басты парызы. Аруақтардың ризалығы үшін қазақтар өмірде неғұрлым діндар, тәртіпті, адамгершілікті болуға тырыс- қан. Мысалы, қайтыс болған адамға 7, 40, 100 күндік ас беріп, көп халық шақырып, жыртыс таратып, Құран бағыштайтын салтын қазақтар бүгінгі күнге дейін үзбей сақтап келеді.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ас беру әлеуметтік-мәдени маңыз- ға ие. Мұнда саяси, шаруашылық, әлеуметтік маңызды мәселелер талқыланады. Халық сенімі бойынша, ас неғұрлым ауқымды және берекелі өтсе, қайтқан адамның рухы риза болады. Атақты астарда жүздеген киіз үй құрып, дұға оқуға ғұламалар, ел ал- дында сөйлеуге ақындар мен билер, батырлар шақырылған. Оған көп күш, қаражат жұмсалған. Спорттық ойындар мен сайыстар, бәйге, түрлі тартыстар халыққа ұсынылған. Ақындар айтысы өт- кізілген. Салтанатты асты тек байлар ғана жасай алған. Ұлт-азат- тық қозғалыстың жетекшісі Сырым батыр ХVІІІ ғасырдың үшін- ші ширегінде халық жадында қалды. Өз заманында үлкен құр- метке ие болды. Халық ауыз әдебиетінің деректерінде оның асы- на 2000 жылқы және 2500 қой сойылғаны туралы айтылады. Бұл халықтың – көшбасшысына деген құрметі. Тарихта Абылай хан- ның, Сағынайдың, Өскенбайдың (Құнанбайдың әкесі) және Са- пақ бидің асы және т.б. атақты астар белгілі.
Жыршылар ата-бабаларының ерліктерін жырлады. Қыр адамдарының пікірінше, тірі адамдардың бейбіт өмірі ата-баба- ларына тәуелді. Егер қазаққа бірдеңе болып, келеңсіз жағдайға
362
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■

ұшыраса, «Аруақ ұрды (атты)» деп айтқан. Кіші жүз қазақтардың әдеттік құқығының білгірі Л. Словохотов: «Құлан түздегі қырғыз үшін аруақ құдіреті зор (рухани) күш. Ол одан қашып құтылу мүмкін еместей қорқады», – деп жазды.


Ата-баба есімдері топонимика мен ұрандарда айтылды. Ауыл- дар мен мекендерді, таулар мен шатқалдарды, ормандар мен көлдер- ді ата-бабалар есімімен атау – қалыптасқан жол әрі тарихи маңызы зор дәстүр идеологиясына бағындырды.
Аруақ есімінің мәртебелі ұранға немесе әскери атойға айна- луы, жер-су, елді-мекен атына берілуі табиғи орныққан үрдіс. Әр рудың, тайпаның, субэтностың, бүкіл халықтың өз ұраны болды. Қайын жұрты бабаларының есімдерін келіндері ешқашан атама- ған. Тұспалдап қана айтқан, арнайы ат қойған. Жеті атасына дейін бабаларының есімдерін жаңа туған нәрестелеріне қоймаған. Дау- дамай, пікірталас, айтыс кездерінде басқа рулар мен халық өкіл- дерінің бабаларға тіл тигізуі қорлаудың ең жоғары дәрежесі са- налған. Арғы бабалары туралы естелік ретінде әрбір отбасында қандай да бір тәбәрік зат сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Намаз оқыған кезде, әсіресе дұға оқығанда, марқұм бол- ған ата-бабалардың аттары аталып, еске түсірілген.
Қиын-қыстау күндерде ата-баба аруағына сыйынған. Ата- бабалардың аруағына сыйыну немесе Жаратқаннан медет сұрау ұлт наным-сенімінде болды. Қиын жағдайда ата-баба аруағын шақырған, олардың атынан құрбан шалған. Жұт пен құрғақшы- лық заманында жаңбыр сұрап, «тасаттық» немесе «құрмалдық» дәстүрін жасаған.
Жеті ата толып, ру екі бөлек шыққанда немесе екі жақ жер дауы, жесір дауымен айтысқанда, жауласқанда, бейбіт келісім үшін ерекше белгісі бар қойды немесе көк ат, ақ түйені құрбан шалып, ата баба зиратының жанында пәтуаға келген. Осыған орай «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал шықса керек.
Аталарымыз марқұм бабаларын құрметтеу мысалында ұр- пақты тәрбиеледі. Олардың арасынан, әлбетте, руын мақтан ет- кен би, әнші, ақын, жыршы, батыр, балуан, ұста, т.б. болды.
Қазақтарда үлкенге құрмет көрсету культі болды.Ұлы Далада мыңдаған жылдар бойы жалғасқан рулық, тайпалық, жүздік және
363
■ Қазақстан тарихы

этникалық ерекшелікті үлкенді құрметтеу дәстүрі толықтырып тұрды. Оның өзіндік ғылыми түсінігі де бар: жердің климаттық ерекшелігі және табиғи географиялық шарттары бізді көшпелі және жартылай көшпелі мал шарушылығымен бірге егіншілікке де баулыды. Әрбір тарихи кезеңде адам әрдайым ынта-ықыласы- мен және заңды түрде дәулетті және бай болуды көздейді. Дәс- түрлі шаруашылықта төрт түлік малды молшылық пен тұрақты- лық үшін ұстайтын. Мал басының көбеюі оларды бөліске салып, туыстарға таратылуына себепші болды. Ондай болмаған жағдай- да, жайылымдар құнарсызданып, жайылым жерін жиі ауысты- руға тура келетін еді. Ал бұл көшіп-қонуды, киіз үйді жиі тез жи- нап, құруды үйретті. Сондықтан көшпелі тіршілік – әркімнің «қа- лауы» немесе «артта қалушылық» емес, Ұлы Дала елінің ережесі болды.


Үлкенді құрметтеу дала қоғамына молшылық пен тұрақты- лық әкеледі деп түсінді. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмайды. Себебі олар – дәстүрдің алтын қазығы еді. Үлкендер кішіге жылдар бойы жинақтаған білімін, тәжірибесін берді. Еуразия халықтары ішінде үлкендерге құрмет көрсетуде қазақ тәжірибесі, үлгісі арнайы зерттеуді және насихаттауды та- лап етеді. Бүкіл мерекелер мен шараларда үлкендерге ең құрметті орын берілді. Жиындарда жастардың аға толқынды мүлтіксіз тыңдауы – аса маңызды шарт.
Қазақтың бұрынғыдан келе жатқан дәстүрінің ерекше бір түрі – соғым кезінде ең алдымен, үлкендерді шақырып, батасын алуы. Дәм кезінде оларға соғымның ең жақсы әрі дәмді мүшесі ұсынылады. Дастарханда ақсақалдар ас алуды бірінші болып бас- тайды. Далалық осынау этикет, жазылмаған заң мыңдаған жыл- дар бойы үзілмей келеді. Одан бөлек ақсақал қолынан бір тілім ет алу – жоғары құрметтің белгісі. Ал дәм соңындағы «асату» дәс- түрі – жиынның мәнін де, жастарға көрсетер тәлімінің деңгейін көрсететін шара.
Кішілер ешқашан үлкеннің рұқсатынсыз үстел басына отыр- маған. Астан кейін жасы бойынша ең үлкені және имани жолы ең лайықтысы бата берген. Кіші үлкеннің жолын ешқашан кеспеген. Ақсақал келгенде, жастар аттан түсіріп, бірінші болып амандық-

364
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


саулық сұрасқан. Үлкендерге жас ұрпаққа дауыс көтеруге тыйым салынатын. Әңгімелескен кезде ешқашан үлкеннің сөзін бөлме- ген, әңгімені әрдайым үлкен адам бастаған.


Алыс жолға сапарға шыққалы жатқанда, отбасы құрар ал- дында үлкендерден бата алған. Жат әрекетке барғанда немесе қылмыс жасағанда ақсақалдардың кәріне ұшырау, «теріс бата» алу – ең ауыр жазаның бірі.
Күрделі мәселені ақсақалдармен бірге шешті. Сөйтіп, жер дауы, жесір дауы, құн төлемі шешілген. Үлкен жастағы әйелдер де ерекше құрметке ие болған.
Дала автохтондарының үлкенге құрмет көрсетуі туралы баға сол заманның зерттеулерінде де көрініс тапқан. Мысалы, ре- сейлік жаңа заман зерттеушісі А.И. Левшин: «Описание киргиз казацких, или киргиз-кайсацких орд и степей» (СПб., 1832) ең- бегінде қазақтардың мінез-құлқына мынадай сипаттама берген:
«Игі істерге құмарлық және үлкенге немесе ақсақалдарға құрмет көрсету – ұлт мінезіндегі жақсы қасиеттер!». Бұндай бағаны қазақтар тек балаға жақсы тәрбие беру арқылы ғана алған. Бұл туралы Н. Изразцев былай жазады: «Ақылды қария баршаның құрметіне ие, оның жасын құрметтейді».
Танымал ресейлік зерттеуші Н. Малицкий: «Қырғыздарда үлкендерге, әсіресе үлкен туыстарына деген құрмет кең дамыған. Жастар үлкендерді көрген кезде орындарынан тұрып, орын бере- ді. Қариялардың көзінше әзіл-қалжың айту әдепсіздік саналады. Үйленген ұлдары еншісін алып, жеке тұрады, ал кенжесі ата-ана- сымен қалып, қолында бірге тұрады», – деп жазған. Мысалы, XIX аяғында неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Шварц былай деп жазды: «қырғыз-қайсақтарда сұлтандар мен батырлардан басқа, барлық үлкен ер адамдар, шыққан тегіне қарамастан сый- құрметке бөленеді». Орынборлық көпес Д. Белов жол күнделігін- де осы маңызды институт туралы «Қырғыздарда қарияларға ерек- ше құрмет көрсетіледі, оларға ұсақ-түйек шаруасына көмектесіп, барлық жағынан сыйластық танытады, жасы кіші үлкенге бас ие- ді. Қай жерде болсын өз орнын беріп, атына мінгізеді. Жолға шықса, жасы кішісі үлкенінің атын ерттеп беріп, атын жайлап, барлық қызметті көрсетеді, кішісі үлкенін атымен атамайды, отағасы дейді, үлкені кішісін қосшы (көмекші) деп атайды», – деп жазған.

365
■ Қазақстан тарихы


Үлкен адамдардың атына Дала тұрғындары «әке» немесе


«еке» жұрнақтарын қосатын. Бұл адамның қоғамды беделін көрсетті. Осы туралы ХХ ғасырдың басында орыс ғалымдардың бірі Л. Баллюзек: «Қырғыз әдептілігі мен сыйластығы ережесінің бірі «-еке» жұрнағын қосып айту» деп жазған. Мысалы, Амантай
– Әбеке, Әнуарбек – Әнеке, Бауыржан – Бауке, Дихан – Дәке, Қазыбек – Қазеке, Сабыржан – Сәке, Серік – Секе және т.б. Бей- таныс үлкен адамға да «аға», «апа», «тәте», «ата», «әже» сөздерін қосып, сыйлау ишаратын көрсеткен. Ақсақалдарды тікелей ата- мас үшін, кейде жастар оларды қызметімен тұспалдаған: Би аға, Батыр аға, Болыс аға, т.б. Балаларға азан шақырып, ат қою рәсі- мін де жасы үлкендер жасаған. Жүрісі ширақ, мінезі жақсы үлкен адамға балалардың тұсауын кестірген.
Балаларын тәрбиелеуде қазақтар үлкенге құрмет көрсету туралы мақал-мәтелдері бүгінгі күнге дейін де үлкенге құрмет көрсетуді үйретеді:«Ақылды қария – ағынды дария», «Кәріге құр- мет – жасқа міндет», «Жаман жігіт – жасында шал», «Адам қар- тайса да, көңіл қартаймайды», «Кәрі – кәрінің сөзі дәрі», «Кәрі білгенді пері білмейді», «Табақ асымен жарасты, кәрі жасымен жарасты».
ХХІ ғ. басында үлкендерді құрметтеу дәстүрі көп этносты, урбанизацияланған Қазақстан халқына белсенді әсерін тигізіп отыр. Біздің ерекшелігіміз осы. Қоғамдық орындарда және басқа өмірлік жағдайларда жастар үлкендерге әрқашан орын беруі тиіс. Үлкендердің сөзін тыңдап, кеңестеріне құлақ асып, тыңдауымыз керек. Үлкендерге дауыс көтеру – көргенсіздік, олардың көзінше лайықсыз іс-әрекеттерге бару – қылмыс.
Қазақ даласында ежелден қоғамды біртұтас етіп біріктірген өзара көмек беру дәстүрі болған. Бұл туралы Н.Ә. Назарбаев бы- лай атап өткен: «Ашықтық пен шынайылық, бейбітшілік сүйгіш- тік, ұлтына, діні мен тіліне қарамастан кез келген мұқтаж немесе қуғынға ұшыраған жанға көмек қолын созу – біздің халқымыз- дың туғаннан бері ажырамас қасиеті».
Өрт шалғанда немесе шапқыншылық пен жұтта, су тасқы- нында, аштықтан зардап шеккенде қиындыққа ұшыраған отбасы- ларына ауыл адамдары, руластары елеулі көмек берген.
366
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■

Зардап шеккендердің алдына мал салып, киім-кешек, ыдыс- аяқ беріп, үйін көтерген. Бұл – шынайы қамқорлықтың, жана- шырлықтың көрінісі. Ал ортақ көмек беруден бас тартқандар руынан шеттетіліп, көшіріліп жіберілген. Бұлайша қауымнан аласталғандар ағайын көмегіне иек арта алмаған. Оның отбасы, сондай-ақ мүлкі мен малы кез келген тонаушының жеміне ай- налған.


Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып кеңінен та- раған. Онда қарызға, шығынға батқан, одан шығатын жағдайы болмаған жақын-жұрағатқа ағайындары, ауылдастары көмекте- сетін. Бұл жәрдем ағайындардың мәслихат кеңесінен кейін жа- салады. Жұртшылық салты – Алаш жұртының ауызбірлігінің, бір-біріне жанашырлығының айқын дәлелі.
Дәстүрлі әдет-ғұрыптардың бірі – асар. Бір адамның не отба- сының әлі келмейтін күрделі ісін бүкіл жұртшылық бірлесе жұ- мылып, бір-екі күнде бітіріп береді. Оған ешқандай ақы сұ- рамайды, міндет етпейді. Асарға шақырылғандар Алла жолында жәрдемдесу үшін өз еріктерімен келеді. Мысалы, баспана салу, шөп ору, пісіп тұрған егінді дер кезінде жинап алу, құдық қазу сынды жұмыстарда көпшіліктің күші қажет болады. Сондай жағдайға тап болған кісілер ағайын-тума, көрші-көлемді жинап асар жасайды. Кей кездерде асарды үйінде ауыр жұмыс істей алмайтын, ересек адамдары жоқ отбасылар үшін жанашыр жан- дар өздері ұйымдастырып, істерін атқарып береді. Сондай-ақ көпшілікке қажетті нысандар да кей кездері асардың күшімен аяқталған. Кезінде осындай сауабы көп салауатты салттың арқа- сында талай мешіт-медреселер бой көтерген. Асарға келмеу – дала жұртының арасында өрескел қылық болып саналған. Бұл жөнінде орыс көпестерінің бірі Д. Белов сырдариялық қазақтар- ды мысалға алып, былай деп жазады: «Қырғыздарда бір-біріне көмектесу салты бар… Бірнеше адам жер жыртуға немесе пішен жинауға шақырылады, қожайын оларды етке тойғызып, содан кейін іске кіріседі; жұмыс аяқталғаннан кейін әркім өз ауылда- рына тарасады. Мұндай көмек әдетте малы жоқ немесе қартайған және бала-шағалы адамдарға көрсетіледі… Қоңсылас әйелдерді шақырып, киіз басу да осындай ізгілікті істердің бірі».
367
■ Қазақстан тарихы

Даланың әрбір тұрғыны мұқтаж адамдарға көмектесуі, шөл- деп келгендерге су беріп, шөлін қандыруға міндетті. Руластар және ауылдастар мал іздеуге ат салысып, барымташылармен бір- лесе күрескен. Кез келген адам мұндай шұғыл істерде өз туы- сының жылқысын міне салып, аттанған. Мұндай кезде ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес. Ал егер одан бас тартқан жағдайда ат- тон айып салынып, жұртшылық алдында талқыға түскен. Өзара көмек дәстүрлері туралы кезінде белгілі зерттеушілер А. Левшин, Ә. Диваев, М.Ж. Көпейұлы, В. Григорьев, М. Шорманов, Т. Шев- ченко, т.б. жазған.


Әрбір дала адамы кісі қайтыс болған қаралы үйге көңіл айтып, кіріп шығуды өз борышы санайды. Құран оқумен қатар, мал түрінде немесе ақшалай көмек береді, оны бүгінде бата оқу деп атайды. Кісісі қайтыс болған отбасына көмек беру – ежелден келе жатқан дала дәстүрі. Мысалы, Күлтегін ханзаданы жерлеу кезінде қытайлықтар «көптеген сыйлықтар мен мол алтын мен күміс» жіберген.
Қазіргі кезде бұл дәстүр сақталған. Көктемгі су тасқыны, жер сілкінісі, сел немесе басқа да табиғи апаттар кезінде Қазақстан халқы зардап шеккендерге, әсіресе адамы қаза болған отбасы- ларға материалдық және қаржылық көмек көрсетеді. Тұтастай ұжымдар өзінің еңбекақысының бір бөлігін аударады. Осыған байланысты Н.Ә. Назарбаев былай деп көрсеткен: «Қазақтардың бүкіл тарихы – бұл топтасу тарихы, бірігу тарихы. Қазақтар – бірлік пен топтасу жолын іздеген халық».
Елімізде Аралдағы оқиға, әлемде болып жатқан Короновирус індеті кезінде де «Біз біргеміз» деп халқымыз топтасып жатқанын айқындауда.
Қазақтар өмірінде Бата адамдарды келеңсіз қадамдардан сақ- тап, жастарды игілікті және ізгі істерге үндеді. Ортада оң ой-пі- кір, идеялар мен істерге бағыттады.
Сөз екеш сөз де адамға әсер ететіні жасырын емес. Қазіргі ғылым сөздің зор және өмірге құштарлық беретін күшін дәлел- дейді. Осыған байланысты жазған В. Даль сөзін еске түсірейік:
«Сөзбен ойнауға болмайды. Сөз – адамдар арасындағы көрінбей- тін байланыс, дене мен рух арасындағы жалғастырушы буын».
368
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■

ХХ ғасырда танымал америкалық ботаник Лотан Бурбанк өсімдіктермен әңгімелесе отырып, олардың жаңа және қажетті түрлерін шығарды. Мәселен, тікенексіз кактус өсіру үшін ол бір- неше рет оның жапырақтарына: «Тікенектер Сіздерге қажет емес, қорықпаңыздар. Мен Сіздерді қорғаймын», – деп сыбырлаған. Содан кейін кактустің тікенексіз жаңа сорты шыққан.


Жапон ғалымдарының пікірінше, сөз судың құрамын да өз- гертеді: жақсы сөз – жақсартады, келеңсіздері – нашарлатады. Адам ағзасының 80 пайызы судан тұрады. Сөйтіп, мұндай сөздер суға және өсімдік әлеміне әсер етеді. Осы бүгінгі ғылым жаңа- лығын біздің бұрынғы ата-бабаларымыз жақсы білген.
Қазақ бақсылары сөздің сиқырлы күшімен құрғақшылық ке- зінде жаңбыр шақырған немесе нөсер жаңбыр толастамаса, оны тоқтатқан. Олар сөздің сиқырлы күшімен ауру адамдардың жүй- кесіне әсер етіп, көп ауруды жазған. Бабалар «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер» немесе «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп тегін айтпаған.
Бата беру салты бүгінге дейін сақталған. Бата – тіршіліктің айнымас темірқазығына айналған.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұ- рыптары ХХІ ғ. басында да қолданылып, біздің рухани жаңғы- руымызға, патриоттық тәрбиемізге үлесін қосуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет