Бақылау сұрағы мен тапсырмалар:
Қазақстанда ядролық қарудан бас тарту себептерін түсіндіріңіз.
Семей полигоны қашан жабылды?
Н.Ә. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында полигон туралы жазғанын сипаттаңыз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда ядролық қарудан бас тартудың мәнін айқындаңыз.
Қазіргі кезде демографилық мәселеге көңіл аударып, жас- тарымыз көп балалы отбасы болуды мақсат еткен. Елімізде көп балалы аналардың жан айғайы да белгілі. Үкімет 2020 жылға қа- рай адам санын 20 миллионға жеткізу жолын қарастыруда. Неке құрмаған бойдақтар қатарының көбеюінен және отбасында бір- неше баланың ғана дүниеге келуі Еуропа елдері сияқты біздің елі- мізді де демографиялық тоқырауға әкелді. Халқымыздың арасын- да дүниеге көп балалы аналар баршылық. Қазақтар табиғатынан
«балажан» халық екені белгілі.
Балаға деген сүйіспеншілік жайлы мақалдар мен мәтелдер- ден ерекше сүйіспеншілікті байқаймыз: «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Әкеге баланың алалығы жоқ», «Анасын сүйгеннің – баласын сүй», «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» «Дүниеде бал тәтті, бала балдан тәтті», «Қыз жоқ жерде қызық жоқ», «Әке өліп, бала қалса – арма- нына жеткені, бала өліп, әке қалса – арманы іште кеткені», «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы», «Балаңды жұрт мақтаса, бәрінен де сол сүйініш», «Балам
балым, баланың баласы – жаным», «Ат болар тай саяққа үйір, адам болар бала конаққа үйір».
Ата-бабамыз көп балалы болуды армандаған себебі көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтында отбасын, руын, тайпасын, жалпақ жұртты қорғауда ұл баланың көптігі қажет болды. Өзінің жеке дара билігін жүргізу үшін Абылай хан (1711-1781) көрші мемлекеттердегі ықпалды әулеттермен, сондай-ақ қазақ хандары мен сұлтандарымен неке құдандалық қатынасын орнатқан. Бұл туралы ғалым Шоқан Уәлиханов: «Ханның 12 әйелінен 40 қызы
350
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
мен 30 ұлы болған», – деп жазады. Қазақ фольклорын зерттеуші ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «атақты Абылай ханның 17 әйе- лі болған, балалары одан көп еді», – деп басқа мәліметті келтіреді. Абылай хан балалары мен жақын туыстарын үш жүзге бас етіп тағайындайды.
Ислам діні орныққанға дейін көп балалы болу ел дәстүріне айналғандықтан, көп әйел алушылыққа жол берілді. Қазақ әйел- дері түсік тастауды білмеген. Оны қазақ әйелдері ауыр күнә ре- тінде есептеген, керісінше, болған жағдайда билер соты сол үшін өлім жазасы мен үлкен мөлшерде құн төлеу үкімін шығарған. Дала қыздары ішкі түйсігінің негізінде әрбір баланы дүниеге әкелген сайын ағзасының жаңарып, жасаратынын білді.
Жаугершілік замандағы көшпелі ортада әйел адамдар орны ойсырап қалған жұрттың орнын толтырып, өмірге бала әкелуге міндетті болды. Керісінше болған жағдайда, халқының саны көп, күші мығым көршілес қауымға сіңіп кету қаупі туындайтын. Қан- дай жағдайда болсын бұл тауқыметі мол тіршілікте өмір үшін күресу қажет болды. Көп бала еңбек күшін молайтып, отбасына береке әкелетін. Дәстүрлі түсінікте ата-анасының орындалмаған арманына балалары қол жеткізген.
Қазіргі қоғамда меценаттар, бай адамдардың қажеттілігі ай- тылуда. Бұл мәселе де қазақтарда тыс қалмаған. Ерте кездерден бастап үлкендер жастарға бата бере отырып, оларға «бақ-дәулет» тіледі. Көптеген халық мақалдары мен мәтелдері де халық өз ең- бегімен тапқан дәулетті жоғары бағалағандығын көрсетеді. «Са- уыны аздың жазы қысқа», «Екі кедейдің арасында дорба жүреді, екі байдың арасында жорға жүреді», «Балық жоқта бақа да ба- лық» «Ит арық болса, ауылдың намысы», «Жуан – жіңішкерген- ше, жіңішке – үзілер», «Асы жоқ үйді ит те сүймейді», «Бие көп болса, құлын көп», «Келген дәулет – кеткен бейнет», «Жоқшы- лық жомарт ердің қолын байлар», т.б.
Дегенмен кедейлену үдерістері болғаны да айтылады. Таби- ғат апаты, жұт біраз уақытқа дейін көшпелілерге әсер етпеді, өйт- кені олар тез жиналып, неғұрлым қауіпсіз аймақтарына қарай кө- шіп отырды.
Халқымыз Ресей империясының отаршылдық саясаты салда- рынан күрт кедейлене бастады. Даланы үздіксіз әскери бекіністер
351
■ Қазақстан тарихы
желілерімен қоршау, қамалдар мен қалалар салу, өлкеге мил- лиондаған орыс казактары мен шаруаларын қоныстандыру біздің ата-бабаларымыздың мыңғырған малының өрісін, көшу кеңісті- гін едәуір тарылтып, табиғи апаттардан өз малын құтқару жол- дарын тарылта түсті. Ал аға сұлтандар мен болыс басқарушы- лары институтын енгізу түрлі әкімшілік лауазымдарға үміткер- лердің патша шенеуніктеріне пара беруге мыңдаған мал басын салды.
Далалықтардың дәулетіне метрополия өкілдерімен ашық саудаға олардың даяр болмауы да кедергі жасады. Қатардағы ре- сейлік саудагерлер малшылар арасында болып, қысқа мерзімде байлық жинап алды. Мысалы, XVIII ғасырдың ортасында Ресей- ден небары 75 тиын тұратын 18 метр кенеп үшін Қазақстаннан жылқы немесе өгіз алды. Одан кейін оны Ресейде 12-15 сомға қайта сатып, алыпсатарлық жасады. Қазақ даласына сапасы өте төмен тауарлар әкелді. Бұл туралы XVIII ғасырдағы белгілі орыс ғалымы және саяхатшысы П. Паллас былай деп жазды: «Қазақтар сауда жасауға өте орашолақ және нашар тауарларға және әртүрлі ұсақ-түйекке босқа жем болады, ал орыс көпестері олардан үлкен байлыққа кенеліп отыр».
Ел ішінде аштық болған жоқ, пара алмаған, өйткені басқа- рушылар лауазымына жалпы халық бай адамдарды сайлайтын, олар адал, еркін, демократиялы, ержүрек, лайықты және Тәуелсіз халық өкілдері еді, тегі, негізі жақсы болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |