Бақылау тапсырмалары:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының әдет-ғұрып- тарының қалай жанданып жатқанын сипаттаңыз.
Малицкий Н., Радлов В., Левшин А. қазақтардың әдет-ғұрыптарына байланысты айтқан пікірлерін салыстырып, талдау жасаңыз.
Бата қай кезде берілген, оның қандай ғибрат алар мәні бар екенін ай- қындаңыз.
Үлкенді құрметтеу дәстүрлерінен мысал келтіріңіз.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих- тың шаңына көміліп қала береді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған осындай кестелі
369
■ Қазақстан тарихы
сөздің мағынасы терең. Бұл еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндейді. Таяу он- жылдықтың ұраны реализм мен прагматизм болуы керек дегенді меңзейді. Ол дегеніміз – уақытты үнемді пайдалану, болашақты жоспарлай білуге бейімделіп, ұстамдылық, қарапайымдылық сияқты қанға сіңген қасиеттерді қайта түлету.
Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, өткеннің кейбір кертартпа тұстарынан арылу қажеттігін айтады. Бұл – рухани жаңғырудың бірден-бір шарты. Білім – бүгінгінің басты қажетті- лігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында. «Біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Та- бысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қата- рында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құнды- лықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Мақалада айтылған әрбір ойдың астарында терең ма- ғына, парасатты пікір жатыр. Президент ой-толғауында білімге айтарлықтай басымдық берді. Ал жақсы маман, жақсы адам тәрбиелеу елге пайдасы тиетін игілікті іс екені белгілі.
«Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көз- дейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды», – деп пайымдайды Елбасы. Ұлттық жаңғыру ұлттық санамен байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтау. Бұл орайда Прези- дент сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге үндеді. Ал жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылардан арылған жөн.
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығы- мен емес, адамдардың бәсекеге қабілетімен айқындалады. Сон- дықтан әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты фактор-
370
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
лар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана- тында». Барлық дүние сана-сезімнен бастау алады. Өрісің неғұр- лым кең болса, солғұрлым заман көшіне ілесуге қауқарлысың. Бұл технология, инновацияны да алға тартудың алғышарты бо- лып табылады. Демек, рухани жаңғырудың мәні зор. Есесіне ға- лымдар бұл үрдістің елдегі реформалардың барлығымен астасып жатқанын алға тартты.
«Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-та- ныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды са- намалап теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжы- майтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Бірін- шісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаң- ғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына ке- дергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Мақалада руханиятты қайта түлету көзделген. Ол үшін мемлекет басшысы бірнеше бастама көтеріп, жобалар ұсынды. Соның бірі
– қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Әрине, біздің қоғам мұндай үрдіске дайын. Оның үстіне өскелең ұрпақ латын қаріптерімен таныс. Аға буын өкілдеріне де еш қиындық тудыра қоймайды.
Ұлтты ұйыстыратын тағы бір ұсыныс – «Туған жер» бағдар- ламасы. Мұнда нағыз патриоттық тәрбиенің рухы сезілуде. Есе- сіне рухани жаңғыру үшін алдағы кезеңде гуманитарлық ғылым- дарды жандандыру көзделуде.
Мақалада «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі баста- маларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» екені айтылған. Дамудың діңгегі рухани байлықтардан басталары хақ. Ол мәдени, тарихи құндылықтармен сабақтасады. Демек, оны жаңғырту – заман талабы. Бұл өркениетті елдер қа- тарына қосылу үшін де маңызды. Мақаланың мақсаты да сол – қоғамға рухани серпіліс беріп, оны заман көшіне ілестіру.
371
■ Қазақстан тарихы
Оқырманға түсінікті болу үшін Елбасының бұл мақаласының түп нұсқасын толық беріп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |