Бегалиева А.Қ



бет74/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бәсекелік қабілет




Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелер- ден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлы- ғымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ға- сырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, ком- пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы- шарттардың санатында.
Сол себепті «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»,
«Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар
ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.


  1. Прагматизм




Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын бол- ған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаң- ғыруымыз мүмкін емес.
Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.
374
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұм- сайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.
Тек өткен ғасырдың ортасында, небары бірнеше жыл ішін- де миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы за- мандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жара- тылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тап- талған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.
Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мы- салы.
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттер- ді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақ- ты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құ- лықтың прагматизмі деген осы.
Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт не- месе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бас- тайтын популистік идеологиялар пайда болады.
Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орын- далмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді.
375
■ Қазақстан тарихы


Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдар- лар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа же- туін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темір- қазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни реализм мен прагма- тизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.


  1. Ұлттық бірегейлікті сақтау




Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың ке- мелденуін білдіреді.Оның екі қыры бар.
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарас- тыруда болып отыр. Алайда өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мем- лекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебие- тіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
Сонымен бірге жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттер- ден арылу дегенді білдіреді.
Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тари- хын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ одан да маңыз- дырақ мәселені өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды.
Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр- таныстықты көтермейді.
376
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақса- тым бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, еш- қандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.


  1. Білімнің салтанат құруы




Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қаны- мызда бар қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарлама- сынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар уни- верситеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалып- тасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұл- тартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталы- сына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.
Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.
Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әр- кім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін ме- желердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоя- тын ұлт қана табысқа жетеді.
377
■ Қазақстан тарихы




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет