Бегалиева А.Қ



бет67/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Соңғы жылдардағы дағдарыстың салдарынан 2015 жылы эконо- миканың шикізат секторындағы өндіру көлемі тау-кен өндiрушi саладағы шығару көлеміне дерлiк теңестiрілдi. Сол себептен ел- дiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына оң әсер тигізетін, 2010 жылы қабылданған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму- дың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын әрі қа- рай жүзеге асыру керек. Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге жарам- дылығын көтеру үшін шағын және орта бизнесті қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар болашағы бар ірі жобаларды шетелдік инвесторлар арқылы қаржыландыруды тоқтатпай, осы бағытта жыл сайын өткізілетін «Еуразиялық экономикалық форуммен» қатар «Астана экономикалық форумының» айтарлықтай пайдасы бар. «Еуразиялық кедендік одақ», «Дүниежүзілік сауда ұйымы» сияқты халықаралық сауда-саттық нарығында сынақтар күтіп тұр.
Егер Тәуелсіздіктің компоненттері сан алуан десек, оның ішінде сол Тәуелсіздіктің ең басты тетіктеріне ұлттық намыс, отаншылдық, тіл жатады. «Отбасынан басталып, ұлыс сатыла- рынан өтіп, биік деңгейге жеткенді көрсететін ұғым ұлт десек, оның өзіндік ерекшеліктерінің бірі – ұлттық намыс. «Ұлттық на- мысты күн тәртібіне қойған ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы: «жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын қазақта адам- дар аз болады. Себебі жұрт жұмысы деген қазақтың әдетінде болған емес. Өзге жұрттан оңаша жүріп, қазақ басқа халықтар- мен бәсекелесіп, жарысқа түскен жоқ. Сондықтан жұрт жұмы- сы, ұлт намысы деген сөз қазақтың көбіне түсініксіз нәрсе», – деп пайымдады. Ол ұлттық намыс етіп балаларға оқулық, роман шығарған зиялыларға спонсорлық жасайтын намысы бар бай- ларды қазақтың білім жарысына түсіп, өркениетті елдерге теңе- луі жолындағы ұлттық намысқа шақырды. А. Байтұрсынұлы өзі-
331
■ Қазақстан тарихы

нің атақты «Әдебиет танытқышында» толғаудың бір түрі «на- мыс» болатынын, ал «намыс тар жол, тайғақ кешуде, қиыншы- лық шегіне жеткенде шығатын сөз», – деп түйіндейді.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы елі- мізде өз деңгейінде атап өтілді. Оны ұйымдастыру шаралары Елбасы қаулысымен жоспарлы түрде өтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл- дығының жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республика- сының Президенті жарлығының жобасы Қазақстан Республика- сы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер министрі К. Мәсімов
2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл- дығының жылы деп жариялау туралы
Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақ- стан халқын рухани-мәдени топтастыру, дәйекті және озыңқы дамуды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2016 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл- дығының жылы деп жариялансын.

  2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылын ұйымдастыру және өткізу жөнінде мемлекеттік комис- сия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

  3. Қоса беріліп отырған:

  1. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы;

  2. Мемлекеттік комиссия туралы ереже;

  3. Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.

  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Респуб- ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

  5. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Респуб- ликасы Президентінің әкімшілігіне жүктелсін.

  6. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа ен- гізіледі.



Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының Шың- жаң бөлімі Үрімжі қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
332
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

арналған мерекелік концерт өткізді. 16 желтоқсан күні Үрімші қаласы ҚР СІМ Паспорт виза қызметінің қолдауымен өтті, оның басшысы Марғұлан Күзекбаев ҚХР ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев- тің атынан мерекеге жиналған 200-ден астам қонақты құттықтап, оқуда табыс тіледі.


Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өткен 2011 жыл Қазақстан спорты тарихына алтын әріппен жазылды. Осы жылы Астана мен Алматыда тұңғыш рет VII Қысқы Азия ойындары өтті. Білген жанға Олимпиада, Универсиада және Азиада сияқты араға жылдар салып өткізілетін спорттық ірі форумдар көрінген елдің қолында кете бермейді. Мұндай мәртебелі ойындар, бірне- ше кезеңнен тұратын сынақтар мен арнайы байқаудан сүрінбей өткен ел ғана лайық деп танылады. Сондай мәртебеге ие болған еліміз 2011 жылы VII Ақ Азияда ойындарын абыроймен атқарып, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық бірінші орынды иеленді.
Қазақстан – Қысқы Азия ойындарын қабылдаған төртінші мемлекет. Бұған дейін төртжылдықтың ең ірі форумы Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан алыстаған емес. Екіншіден, Ақ Азияда ойындары тұңғыш рет екі қалада өткізілді. Тағы бір ерек- шелігі, Қазақстандағы ойындардан бастап, Азияданың меншікті алау оты пайда болды. Ең бастысы, Азияның шартарабынан жи- налған үміткерлер бүгінгі заман талабына жауап беретін тамаша спорт кешендерінде сайысқа түсті. Ашылу салтанаты ұйымдас- тырылған «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұзайдыны, «Қа- зақстан» спорт сарайы, республикалық велотрек, Алматыдағы Балуан Шолақ сарайы, таудағы әйгілі «Медеу», халықаралық трамплиндер кешені, «Шымбұлақ» тау базасы, «Табаған», Сар- баздар сарайындағы шаңғы-биатлон кешені қазақ халқының игі- лігіне айналды. Спорттың 11 түрін қамтыған Ақ Азиада ойында- рының телекөрсетілімін 500 миллион көрермен тамашалағаны көп жайдан хабар берсе керек. Бағымызға орай туған жердегі Азияда да жерлестеріміз ерледі. 1996 жылдан бері Азиада көрігін қыздырып келген еліміздің ұлттық құрамасы тұңғыш рет жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Сонымен, VII Қысқы Азия ойындарының нәтижесі бойынша 32 алтын, 21 күміс және 17 қоламен – барлығы 70 медаль жинаған
333
■ Қазақстан тарихы

Қазақстан Азиада тарихының жаңа бетін жазды. Екінші орынға 13 алтын, 24 күміс және 17 қоламен Жапония табан тіресе, Корея спортшылары 13 алтын, 12 күміс және 13 қоламен үздіктер үш- тігін түйіндеді. Жалпы, Азиадаға қатысқан 24 елдің тек сегізі ғана медальға ілікті.


Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда Универсиада деген атау алған алғаш- қы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халық- аралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айнал- ды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.
Алматы ірі спорттық шараға дайындаудағы инфрақұрылым- дық база қызметін 2011 жылы өткен 7-қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандар атқарып отыр. Атап айтқанда, «Сұң- қар» халықаралық шаңғыдан секіру кешені, Балуан Шолақ атын- дағы Спорт сарайы және Алматы облысындағы Шаңғы-биатлон стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыс- тары, сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау- шаңғылы курортында өтеді. Универсиада үшін қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз аренасы және Атлеттер қалашығы салынады.
Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университет- тік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елде- рінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алма- ты қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.
Алматыда өткен 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универ- сиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушы- лардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрі-
334

  1. Тәуелсіз Қазақстан ■

нетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қа- натыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.


XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаң- тар мен 8 ақпан аралығында өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысты. Шамамен үш мыңға жуық еріктілер қатары жұмыл- дырылды.
Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биат- лон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.
Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында қа- зақстандық спортшылар 11 алтын 8 күміс 17 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Қазақстан құрамасы қысқы Универсиада ойындарына алғаш рет 1993 жылы қатысты. Польша жерінде өткен жарыста бұйырғаны бір күміс медаль болды. Араға екі жыл салып, Испанияда өткен Универ- сиада ойындарында 2 алтын, 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 8-орынға ие болды. Ал одан кейінгі 1997, 1999, 2001 және 2009 жылдары отандастарымыз қысқы Универсиада ойындарына қатысқан жоқ. Қазақстанның қысқы Универсиада ойындарын- дағы ең үздік нәтижесі 2015 жылы Гранада (Испания) мен Штрбске-Плесода (Словакия) өткен жарыста тіркелді. Отандас- тарымыз жалпыкомандалық есепте үшінші орын (5 алтын, 6 кү- міс) алды. Бұл көрсеткіш – Қазақстан құрамасының өз тарихын- дағы ең ірі жетістігі болатын. Алматыдағы Универсиадада отан- дастарымыз бұл рекордын жаңартты. ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында жалпыкомандалық есеп бойынша Ресей құрамасы бірінші орынды иеленді. Олар барлығы 71 медаль (29 алтын, 27 күміс, 15 қола) жеңіп алды. Үшінші орынды Оңтүстік Корея елінің спортшылары иеленді. Олар барлығы 11 алтын, 5 күміс,

335


  • Қазақстан тарихы

5 қола медаль иеленді. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Жапония, Польша, Қытай, Франция, Италия, Беларусь және Украина құра- малары енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет