«ЭКСПО-2017» атты халықаралық көрме Астанада өткізіл- ді. Ол Орталық Азияда және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы- на» кіретін мүше елдерде өтетін алғашқы көрме болды. Мұндай үлкен шараны біздің елде өткізу мемлекетіміздің жоғарғы дең- гейін көрсетеді. Көрменің тақырыбы «болашақ энергиясы» деп аталады, яғни жасыл технологияларға арналған. Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдерді таң қалдырған сұрақ, қазіргі таңда көкейкесті мәселе. Сарқылмайтын энергия көздері: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу, болашақта адам баласына ең қажетті ресурс түрі. Бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10-нан ас- там халықаралық ұйымы қатысады. Көрмеге 2 миллионнан ас- там адам қатысады деген болжам бар Мемлекет басшысының
«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары әлемдік қаржы жүйесіндегі аса жағымсыз құбылыс- тарға қарамастан, елімізде өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бе- реді.
Қорыта айтқанда, мұның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған тұста еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
Қазақстан Халық Конгресі партиясы қашан құрылды және оның жетек- шілері кім болды?
Қазақстан Республикасындағы көппартиялық жүйе құқықтық жағынан қандай заңдар бойынша реттелген?
Отандық тарих мәселелеріне арналған қандай конгрестер өтті? Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың кезеңдері қандай?
336
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
Бүгінгі таңда «әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан» сөз тір- кесі ғылыми әдебиеттерде, баспасөз ақпарат құралдарында жиі қолданылады, саяси мінберлерден жиі естіледі. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын 2012 жылғы 14 желтоқсандағы ҚР Президентінің Қазақ- стан халқына жолдауында да Қазақстан Республикасының өзін әлемдік қауымдастықтың жоғарғы деңгейдегі халықаралық мойындауына қол жеткізгендігі айтылды. Әлемдік қауымдастық
жаһандану барысында қалыптасатын ғаламдық әлемдік жүйе. Ғаламдық деңгейдегі құбылыс ретінде өткен ХХ ғасырдың соңғы ширегінде танылып, халықаралық қауымдастық, ғаламдық қа- уымдастық терминдерімен қатар ғылыми айналымға енді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықпен белсенді жұмыс істей бастады. 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымы- ның 46-сессиясының шешімімен Қазақстан БҰҰ-ның 168-мүшесі болып қабылданды. БҰҰ жанынан елдің Тұрақты өкілдігі ашыл- ды. Тек 1991-1995 жылдардың өзінде ғана БҰҰ-ның отыздан аса қарарының тең авторы болды. Қазір 70 халықаралық ұйым мен өкілдіктің мүшесі болып табылады, әлемнің 100-ден аса елінде елшіліктері, консулдықтары мен өкілдіктері бар.
Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Дос- тық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қою- дың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынты- мақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27 сәуірде Ресей Федерация- сының Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә. Назар-
337
■ Қазақстан тарихы
баевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен дек- ларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақ- стан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құ- рулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықта- рының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 жылы 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы декларация маңызды рөл ат- қарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарда Қазақстан Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Ресей президенті В. Путиннің кезде- суі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Пре- зиденті Н.Ә. Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша те- реңдетуге күш салынатыны баса айтылды.
2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстан- дағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40 % дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ дол- ларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.
Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мем- лекет – Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және дос- тық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қыс- қа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан Республикасы президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақ- стан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құ- бырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд доллар жұм- салатыны жөніндегі шартқа қол қойылды.
338
Қазақстан және қазіргі әлем ■
1998-1999 ж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдалас- тықтарға қол жетті. Ең алдымен, шегараны нақтылау негізінен аяқталды. Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақ- тастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшылары- ның кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыз- дысы «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт» болып табылады. Екі арадағы сауда-экономикалық байла- ныстар 2004 жылы оның көлемі 3 млрд АҚШ долларынан асты. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатына-
сының маңызы өте зор. 1991 ж. желтоқсанда Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә. Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақ- станға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назар- баев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: «Сауда қатынастары жөніндегі келі- сім», «Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт», «Қазақ- стан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсі- ністік жөніндегі меморандум», «Қос қабат салық салуды болдыр- мау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мәлімдеме- лерге» қол қойылды. 1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Пре- зиденті Н. Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы байланысқа жаңа жол ашты.
Біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақ- стан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында «Жаңа Қазақстан-Америка қатынас- тары туралы» бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
Қазақстанға ортақ шегарасы, қалыптасқан шаруашылық, та- рихи және мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы
Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекетте-
339
■ Қазақстан тарихы
рімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрыл- ды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған шартқа сәйкес мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институт- тары – Премьер министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы
Атқару комитеті құрылды. Республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттар қабылданған құ- жаттардың ішіндегі ең маңыздысы – Орталық Азия экономика- лық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясы болып табылады. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құ- жат негізінде «Орталық Азия ынтымақтастығы» болып қайта құрылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шегаралық қауіпсіздігін сақ- тау. Қазақ елімен солтүстікте бірнеше мың шақырым шегарала- сатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шегараны тұрақ- тандырып бекіту өте қажет іс еді. Екі ел арасында 1992 ж. 15 ма- мырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 жылы 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақ- тастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қа- зақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп, сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көз- делген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылдан- ған «Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда», сон- дай-ақ экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 ж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей ше- гара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшы- ларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтасты- ғы. Екіншісі – қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшінші- сі – шегараны нақтылау мәселесі.
340
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шегараны заңдастыруға кірісті. 1994 жылдың сәуір айында Қа- зақстан Президенті Н. Назарбаев пен ҚХР Премьер министрі Ли Пэн екі ел арасындағы шегара сызығын заңдастырып, белгілеу (делимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен (бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында- ғы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мәсе- лелерді шешу үшін делимитациялық комиссия құрылды. Бұл ба- ғытта 1996-1998 ж. үш арнайы келісім болды. Соның нәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь мен Н. Назарбаев шегаралық мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытаймен шегараны межелеу негізінен аяқталды.
Сонымен қатар Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көр- шілері – Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түрікменстанмен арадағы шегара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.
Шегара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жыл- ғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шегараларды бұзбау, олар- дың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырым- ға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.
«Шанхай келісімі» негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде декларациялар қа- былданды. 2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйы- мының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде кө- рініс тапты. ШЫҰ-ның секретариаты Пекинде, ал Аймақтық тер- роризмге қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл кездесуде 3 құжатқа – ШЫҰ хартиясына, Аймақтық
341
■ Қазақстан тарихы
терроризмге қарсы құрылым жөніндегі келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының декларациясына қол қойылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбіт- шілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н. Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты ша- қырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер кел- ген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарап- шылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақ- стан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994-1995 жылдары басты ядролық державалар – АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен және жан-жақ- ты кепілдіктерін берді.
Қазақстан саяси-әскери одақ – НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күш- тері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен шегарасының тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамыр- дағы «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру тура- лы» жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999-2005 жыл- дарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды.
1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – халықаралық валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және да-
342
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
му банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 жылдың басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйым- дарға мүше болып қабылданды.
Испания тағы Орталық Азияға, ең алдымен, Қазақстанға на- зар аударуда. Қазақстан Республикасы мен Испания корольдығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 11 ақпан 1992 ж. 1994 ж. наурызда Президент Н. Назарбаевтың Испания корольдығына мемлекеттік сапары болды. 1997 ж. қазанда Алматыда ресми са- пармен Испания үкіметінің басшысы Х. Аснар болып, мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастыққа қол қойылды. 2000 ж. қазанда Елбасы Н. Назарбаев Мадридте екі жақты ынты- мақтастықты одан әрі дамытып, түрлі саладағы байланыстарды бекемдеді. Испания Қазақстанға Орталық Азия аймағын тұрақ- тандыратын фактор, әсіресе діни және этникалық толерантты- лықтың үлгісі ретінде қарайды.
АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Герма- ния, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оң- түстік Корея Қазақстанға тікелей инвестиция беруде. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Америкалық «Шеврон» компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам америкалық компания өкілдіктері тір- келген.
Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. 2001 ж. Қазақ- станның сыртқы сауда көлемі 14 млрд доллардан асты. Қазақ- станның сауда айналымының шамамен 62 %-ы ТМД елдерінің үлесіне, 24 %-ы Еуропа елдерінің (35 ел), 13 %-ы Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.
Қазақстан терроризм және экстремизмге қарсы күрес сала- сында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда. Қазақстан ТМД АТО, ШЫҰ ААТҚ, ҰҚШҰ сияқты аймақтық антитерро- ристік құрылымдар қатарының мүшесі болып табылады. 2003 ж. желтоқсанда ҚР Президентінің бұйрығымен терроризм және діни экстремизммен күресте барлық күштер құрылымының тиімді жұ- мысын қамтамасыз ету мақсатында Антитеррористік орталық
343
■ Қазақстан тарихы
құрылды (АТО). АТО-ға барлық арнайы, құқық қорғау және бас- қа да мекемелердің терроризммен күрес сияқты жұмысын үйлес- тіру міндеті жүктеліп отыр.
Ашық сыртқы сауда саясатын Қазақ елі дәйекті жүргізуде. 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шы- ғындар арасындағы айырма) 7 млрд доллардан асатын 33 млрд АҚШ долларына жетті.
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемле- кеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ- тастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлем- нің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік.
Каспий жағалауы мемлекеті ретінде Қазақстан Каспий теңі- зінің құқықтық мәртебесін анықтауға зор назар аударуда. Мем- лекетіміз аталған мәселе бойынша өзінің ұстанымына беріктік танытуда және Каспий жағалауы елдері арасында халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидалары мен нормаларына не- гізделген тұрақты және достық қатынастар орнату бойынша жұ- мыс жүргізуде. Каспий теңізіндегі тұрақтылық пактін жасау идеясының бастамашысы да Қазақстан болып табылады.
ЕҚЫҰ, ИЫҰ және ШЫҰ секілді беделдi халықаралық ұйым- дардағы өз төрағалығы аясында Қазақстан аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң нығаюына және де көп жақты ынтымақтастықтың бұдан ары орнығуына өзіндік үлес қосып келеді. Мысалы, ШЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі
Орталық Азия аймағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау. ШЫҰ-ның Ташкент қалысындағы саммитін- де ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей, «Қырғызстан- ға көмек көрсету және ауған мәселесін шешуде қолдау таныту Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығының басты басымдықтары- ның бірі болады».
Қырғызстандағы 2010 жылдың сәуір және шілде айларын- дағы оқиғаларға алғашқылардың бірі болып назар аударған ШЫҰ болған еді, өйткені Қырғыз елінің әлеуметтік-экономика-
344
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
лық және саяси өміріндегі шиеленістік жағдайлардың бүкіл Ор- талық Азия аймағы үшін дағдарыстық салдарлары болуы мүмкін болатын.
Осылайша, Еуразия құрлығының орталығындағы күрделі жағ- дайдың қалыптасуын есепке ала отырып, Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде аймақтық және жаһандық тұрақтылықтың ны- ғаюына бірінші кезектік мән берді. Бұл мәселеде Ұйымның БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, НАТО, ҰҚКҰ және де басқа да халық- аралық интеграциялық құрылымдармен өзара тығыз әрекеттестік орнатуы маңызды рөл атқарады.
2011 жылдың маусым айында Астана қаласында ШЫҰ-ға мүше елдері басшыларының 10-мерейтойлық бас қосуын өткізуі Қазақстанның әлемдік саясаттың субъектісі ретіндегі ролінің артқанын көрсетеді. 2011 жылдың жазында Ислам конференция- сы ұйымына төрағалық ету мандатын қабылдап, 57 мұсылман елінің басын қосатын Ислам ынтымақтастығы ұйымына зор абы- роймен төрағалық етуі жағынан алғанда, еуропалық қауіпсіз- діктің негізгі құрылымдарының бірі – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің белсенді кезеңін бастан өткерген қазақстандық дипломатияның ИЫҰ басшылық ету барысында «өркениеттер пікіралмасуы» жаңа тетігін жұмысқа қосуға қажетті тәжірибесі болды.
Қазақстан 2003, 2006, 2009 және 2012 жылдары әлемнің не- гізгі конфессияларының діни өкілдерін жинаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» төрт съезін өткізген бола- тын.
Өткен съездер барысында Қазақстан Президенті Н. Назар- баевтың бастамасы бойынша өркениетаралық және дінаралық қа- тынастардың барынша өзекті мәселелері талқыланды. Бұл фо- румдардың негізгі мақсаты әлемдік діндердің өзара бейбіт да- муын жүзеге асырып, бірлескен шешімдер қабылдауға қажетті тұрақты жұмыс істейтін халықаралық дінаралық институт құру болып табылады.
2009 жылы Астанада Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ форумы өтіп, онда Қазақстан 29 тамызды дүниежүзілік жап- пай қырып-жоятын қарудан бас тарту күні деп атауды ұсынды. НАТО-мен ынтымақтастық аясында «Дала қыраны» халықара- лық жаттығулары бойынша «ҚазБригтің» 2010 жылы бітімгер- шілік миссияға қатысуы жоспарланды.
345
■ Қазақстан тарихы
Астана экономикалық форумында Қазақстан диалогтың жаңа форматын – G-global-ды ұсынды. Бұл бастаманың мәні – әділетті де қауіпсіз әлем сипатын жасау ісінде күш-жігерді біріктіру.
Қазақстан Республикасы жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қосуда. Дүние жүзі мемлекеттерінің ең озық, ең бәсекеге қабілетті, ең инновациялық жетістіктерінің көрмесі саналатын «EXPO-ны» 2017 жылы Астанада өткізу туралы шешімге әлемнің 103 елінің жақтап дауыс беруі Қазақстанның саяси, әлеуметтік және эко- номикалық саладағы ерен табыстарын ерекше мойындау деп қа- былдауымыз керек.
Декларацияда «Тәуелсіздіктің 25 жылында қазақстандық дипломатия әлем елдерінің басым бөлігімен сенімді достық және ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, халықаралық ұйымдар- дың қызметіне белсенді түрде араласып келеді» делінген. Біздің еліміз әлемдік қоғамдастықта орнын нық айқындап, лайықты құрмет пен беделге ие болып отыр. Әлемде аумағы жөнінен то- ғызыншы орын алатын Қазақстан Республикасының шегарасын делимитациялау мен демаркациялау Президент Н. Назарбаевтың тарихи жетістіктері болып табылады. Қазақстан өңірлік және жаһандық процестердің белсенді қатысушысы бола отырып, ха- лықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қомақты үлес қосуда. «Еуро- паға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстан- ның Еуропаның жетекші мемлекеттерімен әріптестік пен ынты- мақтастықтың барынша жоғары деңгейіне шығуына жол ашты. Қазақстан ынтымақтастықтың еуразиялық көпіріне айналды. Біз- дің еліміз ЕАЭО, ШЫҰ, АӨСШК секілді интеграциялық жоба- лардың бастамашысы және ілгерілетушісі болып табылады. Қа- зақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК
және Түркі кеңесі сияқты ірі халықаралық ұйымдарда табысты төрағалық етудің тәжірибесіне ие.
Қорыта келгенде, Қазақстан қазіргі кездегі сыртқы саясат- тағы алдына қойған барлық мақсаттарына жеткізіп жатқаны белгілі. Осыншама қысқа мерзімде Қазақстан әлемдік саясатта маңызды рөл атқара бастады. Қазақстан Республикасының кейбір бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты.
346
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
Достарыңызбен бөлісу: |