Бақылау сұрақтары:
Жоңғар хандығы қай жылы құрылды?
Аңырақай шайқасы қай жылы болды және оның маңызы қандай?
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қандай батырлар болды?
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қай жылдары болды және қа- зақтың демографиялық жағдайына қалай әсер етті?
Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы
Кіші және Орта жүздің Ресей бодандығын қабылдауы. Қа- зақ халқының тарихында XVІІІ ғасырдың басы аса бір ауыр кезең болды. Тәуке хан 1718 ж. қайтыс болған соң қазақ жүздері ара- сындағы саяси және шаруашылық байланыстар әлсіреп, билеуші топтар арасындағы алауыздықтар барған сайын үдей түсті. Тәуке хан тұсында бір орталыққа бағынған Қазақ хандығы саяси быты- раңқылыққа ұшырады.
115
■ Қазақстан тарихы
Тәукеден кейін Қазақ хандығы іс жүзінде жеке-жеке хандық- тарға бөлінді. Жүздердің әрқайсы жеке хан сайлауға көшті, ал ұлыстарды басқарып отырған сұлтандар сол хандарға тікелей ба- ғынды. Жолбарыс Ұлы жүздің (1720-1740 ж.), Қайып (1716-1719 ж.), сонан соң Сәмеке (1719-1734 ж.) Орта жүздің, Әбілқайыр (1718- 1748 ж.) Кіші жүздің хандары болды. Тәукенің тағына отырған оның баласы Болаттың (1718-1726 ж.) Ұлы хан деген атағы ғана болды. Саяси тұтастығынан айырылған мемлекеттің экономика- сы да әлсірей бастады. Жүздердің арасындағы шаруашылық бай- ланыстар және сыртқы сауда-саттық үзіліп қалды. Қолөнер мен сауданың орталығы болған Оңтүстік Қазақстандағы қалалар құл- дырады. Көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен отырық- шы халықтың арасындағы байланыстың әлсіреуі халықтың әлеу- меттік, мәдени, психологиялық, демографиялық жағдайын тө- мендетті.
Осы кезеңде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы да шиеле- нісе түсті. Жоңғар шапқыншылығы күшейді. 1690-1697 ж. болған Қытай – Жоңғар соғысы кезінде ойраттар (жоңғарлар) біраз жері- нен, адамынан (50 мың), малынан айырылды. Қытайға қарсы кү- ресуге күші жетпеген Жоңғар мемлекеті соғыста айырылған бай- лықтарын (адам, жер, мал) Қазақ хандығының есебінен қайтаруға тырысты. Ал орыс мемлекеті болса Кіші жүз қазақтарының көш- қоныс жерлеріне жақындады. Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары- ның жеріне Орта Азия хандықтары, Еділ бойындағы қалмақтар, башқұрттар мен Сібір казактары да үздіксіз шабуыл жасап отырды.
ХVІІІ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басындағы жеңістердің нәтижесінде жоңғарлар қазақтың біраз жерін босатуға мәжбүр болады. Әрине, қазақтың барлық жері түгел азат етілмесе де, бұл үлкен жетістік еді. Қазақтар осы шай- қастарда біріксе ғана біртұтас күш ретінде елі мен жерін қорғауға шамасы жететінін көрсетті. Алайда Ұлы хандық билік үшін күрес қазақтарды тағы бөлшектеді. Ұлы хандықтан үміткер Кіші жүз- ден Әбілқайыр, Орта жүзден Сәмеке өздерін елеусіз қалдырды деп, Аңырақайдағы жеңістен соң шайқас алаңын тастап кетіп қал- ды. Осы ішкі алауыздықтарды, қырқысуларды пайдаланған жоң-
116
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
ғарлар қазақ жерлерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды. Осындай қиын-қыстау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті сияқты одақтас іздеуге мәжбүр етті.
1730 жылы жазда Әбілқайыр Уфа наместнигі арқылы Петер- бургке Сейітқұл Құндағұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын елші етіп жіберіп, Ресей империясының бодандығына қабылдауды өті- неді. Тұтас алғанда, Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы- ның объективті негіздерін жоққа шығармай, Әбілқайырдың алыс- ты көздейтін жеке басының менмендігін, оның барған сайын ай- қын көріне түскен қара басын ойлаған мүдделерін естен шығар- мау керек екенін атап өтеміз.
Еділ қалмақтарын, Қабарда княздігін, Грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау Сыртқы істер алқасы дипло- матиялық қызметінің өрісін едәуір кеңейтті. Бұл жолы да Әбіл- қайыр ханның елшілігіне барынша құрмет көрсетілді. Оның Құт- лымбет Қоштайұлы бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрмет- пен қабылданып, бағалы сыйлықтар тартылды. Әбілқайырдың өтінішін қабыл етудің себебі орыс патшасы І Петрдің XVІІІ ғ. басында Қазақ хандығы туралы айтылған пікірінен белгілі. Ол:
«…барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дәл сол орданың (Қазақ хандығының) өзі ғана, осы себептен де солар арқылы барлық Азия елдерімен қатынасатын жолымыз бо- луы үшін қазақ ордасы Ресейдің қол астында болу керек» деген еді.
Осы мақсатта ол қазақ жеріне 1713-1720 ж. бірнеше экспе- дициялар жібереді. Алғашқысын 1713 ж. князь Александр Беко- вич-Черкасский басқарды. 1715 ж. И.Д. Бухгольц экспедициясы жасақталды. І Петрдің И.Д. Бухгольцке арнаулы жарлығында оған Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен Ямышев көліне бару, онда қала жасап, атал- ған адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету міндеттелді. Осы әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Деректерге қарағанда, 70-ке жуық әртүрлі зеңбіректер алынған. И.Д. Бухгольцтің қырдағы жүрісі- нен ойраттар қауіптенбеу үшін қонтайшы Цеван-Рабтанға алдын-
117
ала Сібір губернаторының арнаулы өкілдері жіберілді. 1715 жы- лы 1 қазанда экспедиция Ямышев көлінің жағасына жетіп, сол жерде бекініс салды. 1716 ж. Омбы бекінісінің іргесі қаланады. 1717 ж. полковник П. Ступин экспедициясы Ямышевск бекінісі- нің іргесін одан әрі бекітеді, 1718 ж. П. Северскийдің отряды Же- лезинск бекінісін салады, ал В. Чередов басқарған екінші отряд Семей бекінісінің іргесін қалайды, 1720 жылы И. Лихарев экспе- дициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекіні- сінің негізін салады. Ресей мемлекеті үшін Қазақ хандығы «Азия- ға кіретін кілт пен қақпа» ғана емес, ол бірнеше мың халықтың бейбіт жолмен империяға қосылуы, Ресейдің оңтүстік-шығыс шегарасында тыныштықтың орнауы еді. Сонымен бірге Ресей қазақтар арқылы жоңғарлар мен башқұрттарға күш көрсетуге немесе әлсіретуге мүмкіндік аламыз және Орта Азия халықтарын бағындыруға жеңілдік туады деп есептеді.
1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл құжатта былай жазылған: біріншіден, қазақтар пат- шаға берік болса және салық төлеп тұруға уәде берсе, екіншіден, Ресей азаматтары қазақтарды ренжітпесе, қорлық көрсетпесе; үшіншіден, қазақтарға біреулер шабуыл жасаса, Ресей империя- сы оларды өз азаматтарындай қорғаса, төртіншіден, тұтқынға түскен орыс азаматтарын қайтарып, башқұрт және қалмақтармен тату-тәтті боламыз деп қазақтар уәде беріп отырса, біз оларды Ресей империясының қол астына аламыз да, оның боданы деп есептейміз. Ал қазақтар империяның боданы болған соң, өз жер- лерінде Ресей бодандарына ешқандай қиыншылық жасамай, рен- жітпей, тату-тәтті болуы қажет.
Осы грамотаны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың
31 сәуірінде Ресей Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.И. Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберді. Патша үкіметі А.И. Тевкелевті қырғыз-қайсақ ордасын Ресей боданды- ғына келтірудегі міндеттері белгіленген Мемлекеттік сыртқы іс- тер алқасының 12 тармақтан тұратын нұсқауымен жабдықтады. Бұл құжат дипломатиялық миссия үшін іс-қимыл бағдарламасы болды. Онда Ресей елшісіне тек Кіші жүз қазақтарын ғана емес, бүкіл қазақ хандығын түгел бодандыққа өткізу міндеті қойылған
118
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
еді. Нұсқауда Ресей бодандығын қабылдау мәселесінде хан төңі- регінде алауыздықтар анықталған жағдайда дипломаттың еркін нұсқаулар таңдау мүмкіндігі болды.
Империяның ішкі губернияларына неғұрлым жақын орналас- қан Кіші жүзге дипломат жібергенде үкіметте ол жөнінде жеткі- лікті ақпарат болған жоқ, тек Қазақстанның солтүстік-батыс ау- дандары туралы Сыртқы істер алқасының кеңсесінде бәрі алдын ала алынған, үзік-созық сипаттағы мәлімет болды. А.И. Тевкелев дипломатиялық тәжірибені қазақ жерінде жүріп жинақтады. Нұс- қауда оған қырғыз-қайсақтар туралы мәліметті жазып алу, елдің орфографиясын, халыққа бодандықтың ұнайтын-ұнамайтынын, оның көршілерінің кімдер екенін, өздері зеңбіректер құя біле- тін-білмейтінін зерттеу міндеті жүктелді. Осы нұсқау негізінде А.И. Тевкелев күнделік журнал жүргізген.
1731 жылы 5 қазанда А.И. Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Атақты мейманды бастап жүруді Әбілқайыр хан үлкен баласы, тәжірибелі жауын- гер, әкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед Әли Баһа- дүрге (Нұралыға) тапсырды. Алайда Ұлы даланың тілі де, әдет- ғұрпы да жақын, түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялық мансабының алғашқы қадамдарының өзі көрнекті ақсақалдардың, сұлтандардың зор қарсылығына ұшыра- ды. Олар орысқа бодандық туралы естігілері де келмеді, «ханды соқыр тиын сияқты да көрмеді» тіпті оны өлтіруге тырысқаны туралы дерек бар. Осы жағдай Әбіқайырдың Ресей патшасына елшілерді билеуші топтармен және халықпен ақылдаспай жібер- гендігін дәлелдейді. Ал Тевкелев болса өз басының пайдасын ойлап келген адам, сондықтан ол өз мақсатын орындау үшін қа- зақтың кейбір ақсақалдары мен билеріне мол сыйлықтар беріп, алдап-сулап әрен көндірген деп жазады тарихшы С. Асфендия- ров. А.И. Тевкелев күнделігіне 2 жылға жуық уақыт бойы үнемі өлім қаупіне бас тіге жүріп, аштыққа шыдап, бүкіл қабілетін жұм- сап, бүкіл орданы көндіргенін жазды.
Бірінші болып бодандыққа Әбілқайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді. Сонымен, қазіргі кейбір басы- лымдарда жазылып жүргендей бастапқыда антты 27 емес, ханнан
119
■ Қазақстан тарихы
басқа 29 адам бекітті. Бодандықты қабылдаған Әбілқайыр Ресей империясының шығыс шегарасын, орыс көпестерінің сауда кер- уендерін қорғауға, орыс мемлекетіне әскери көмек көрсетуге, бағалы терілерден салық төлеуге уәде берді. Бірақ бұл уәделердің бәрі толық орындалған жоқ. Сонымен қатар Әбілқайыр патша өкіметінен өз ұрпағында хандық биліктің қалуын, іштен және сырттан қиындықтар туа қалған жағдайда, өзіне тірек және қор- ған болатын Ор бекінісін салуды талап етті. Әбілқайырдың бұл талаптарына патша өкіметі үлкен мән бермеді, себебі жоғарыда- ғы талаптар патша үкіметінің шығыс шегарасындағы мүдделері- не қарсы келмеді. Тіптен Хан ордасы мен шегаралық аймақта бекініс салу Ресей үшін хандық бодандықты нығайтуға тиімді еді. 1731 жылы Кіші жүз бен орыс мемлекетінің арасындағы қа- рым-қатынас осы жылы Ресей империясының протекторатын қа- былдау туралы құжатқа қол қойғаннан бастап іс жүзінде бекі- тілді. Бұл сонда қандай қарым-қатынас? «Протекторат немесе қамқорлық қатынастар – бастапқыда күшті және әлсіз мемлекет- тердің арасында ерекше хұқықтар мен өзара міндеттемелер белгі- лейтін шартқа негізделген қатынастар. Оның мәнісі – алғашқысы кейінгісін қорғаса, ал кейінгісі алғашқысына егемендігін сақтай отыра белгілі қызмет көрсетеді», – дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед өзінің «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» деген еңбегінде. Протекторат – қорғаушы, қамқоршы, тірегі, демеушісі. Протекторатын қабылдау – күшті мемлекет әлсіз мемлекеттің қорғаушысы, қамқоршысы, демеушісі, арқа сүйегіші, тірегі бола- ды, ал әлсіз мемлекет сол үшін белгіленген (келіскен) міндеттер атқарып отырады. Басқаша айтқанда, Ресей империясы Қазақ мемлекетін (Кіші жүзді) сыртқы жаулардан қорғап, ішкі саяса- тына араласпай, қазақтардың егемендігін сақтап қалуға мүмкін- дік жасауға тиіс. Әбілқайыр ханның Ресей патшасына жазған ха- тына, Анна Иоановнаның қазақ халқына берген грамотасының мазмұнына қарап, бұл тарихи процесті Қазақстанның өз еркімен Ресей империясына кірді деп айтуға болмас. Кіші жүз басшылары Ресей империясының протекторатын қабылдауы немесе оның
«боданы» болуын сұрауы – тарихи факт. Алайда «бодан» (под- данный) қосылу емес. Ол тату болу, бейбіт қарым-қатынас жасау, одақтасу, адал болу деген ұғымдарды білдіреді.
120
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
Әбілқайыр хан Ресеймен татулыққа жету арқылы таққа талас мәселесін шешуді ойлады, яғни өзінің билікке жетуінің бірден- бір жолы деп үміттенді. Екіншіден, халықтың ұзақ соғыстан шаршағанын, экономиканың қансырағанын, орыс бекіністерінің қаптауын, орыс-казак станицаларының салынуын және жоңғар- лар мен Еділ қалмақтарынан, Орта Азия хандықтарынан, Қытай- дан келетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, ол Ресейден бодан- дықты сұрауға мәжбүр болды. Дәл осы сәтте хан тағына лайықты адам «соғыс тәжірибесі мол, атағы да, абыройы да зор, өктем мінез- ді, өркөкірек Әбілқайыр …» болды, – дейді тарихшы Ж. Қасымбаев. Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату мақсатында бұл өлкеге бірнеше экспедиция жасақ- тады. 1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы құрыл- ды. Көп кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И.К. Кириллов басқарды. Ол өлген соң 1737 жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялар- дың мақсаты Кіші жүз және Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс ұр- пақтарының бодандығын нығайту болды. 1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын мойындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сұлтандары Ресей бодандығын қабылдады. Ресей империясының қазақ билеуші топтарынан ант алу рәсімі жиі қай- таланды. Мысалы: Әбілқайырдың өзі үш рет ант берген. Әбіл- қайырдың 1742 жылы тамыздың 20 жұлдызында берген антының
1731, 1738 жылдардағы анттарының мәніндей құны болмаған.
1740 жылы Қытаймен бейбіт бітім жасасқан жоңғарлар 1741 ж. Орта жүз қазақтарының жеріне басып кіреді. Күтпеген соққыны қазақтар қайтара алмай, Кіші жүз жеріне қарай шегінуге мәжбүр болады. Әбілқайыр хан дереу Ресейден әскери көмек сұрайды. Бірақ Ресей империясы көмек көрсетпейді, өз азаматтары (под- данныйы) ретінде санап, сыртқы жаудан қорғамайды. Бұл жерде Ресейдің екіжүзді саясаты көрінеді және Орта жүздің Ресей про- текторатын қабылдауы жай ғана сөз жүзінде қалып, ешқандай саяси мағынасы болмаған деп айтуға болады. Ресей империясы қазақ хандығының күшеюін немесе біртұтас болғанын қаламады. Себебі ондай мемлекетті бағындыру қиын болатынын түсінді. Сондықтан Ресей қазақ билеушілерін бір-біріне айдап салу және
121
■ Қазақстан тарихы
түрлі сыйлықтар мен атақтар таратып өз мақсаттарына пайда- лану, қазақ жерін Ресей империясының отарына айналдыру сая- сатын ұстанды. Ресей Әбілқайыр ханды патша үкіметіне түгелдей тәуелді ету үшін оның ұлы Қожахметті аманатта ұстады. Тарих- шы С. Асфендияровтың пікірі бойынша, патшалық үкімет Қазақ- станға достық және бодандық туын желеу етіп, жыртқыштық, тонаушылық саясатты ұстанды.
Патша үкіметінің Кіші жүздегі өз ықпалын күшейтуге бағыт- талған шаралары Әбілқайыр ханды қарсылыққа мәжбүрледі. 1744 жылы ол қарақалпақтарды шауып, Астраханнан Хиуа мен Бұқараға тауар алып бара жатқан көпестерді тонайды, 1746 ж. Ре- сей қарамағындағы қалмақтарға, сосын орыс шегараларына ша- буыл жасайды. Жоңғар хандығы әлсіреген кезеңде қазақ жеріне орыстар билігінің таралуына орай бұл мәселелер Әбілқайырдың Орынбор әкімшілерімен жиі өткізілген қиын келіссөздердің ны- санасына айналып, егес, күтпеген түсініспеушілік туғызды. Осы жағдай Әбілқайыр ханның Ресей жағына қатысты бұрынғы адал және ізгі ниетті көзқарасының салқындауына себеп болды. Әбіл- қайыр ханның Ресей билеушілеріне қарсылық көрсеткені төмен- дегіден көрінеді. 1748 жылы Әбілқайыр ханды Орта жүздің Барақ сұлтаны өлтіргенде Ресей империясының шенеуніктері былай деп жазған: «Әбілқайыр хан қаншалық қиянат жасаса да, басқа- ларға қарағанда бірінші болып императордың ұлы мәртебесінің қол астына кірген еді».
Осы жылы патша үкіметі Кіші жүздің хандығына Әбіл- қайырдың баласы Нұралыны бекітті және ол Петербордан Орын- борға әкелген сыйлықтарға ие болды. Патша Анна Иоанновна- ның атынан келген тартулар атап айтқанда, «татар және орыс тілдерінде жазулары бар қылыш, бұлғын тон, қара түлкілі екі бө- рік, мәуіті тон …», – дей келе, сонымен бірге қасындағы інілері- не, анасына, старшын, би, т.б. сыйлықтарға «жалпы 3000 рубль- ден де көп қаржы жұмсалды…», – дейді В. Витебский «Неплюев және 1758 жылға дейінгі бұрынғы құрамдағы Орынбор өлкесі» деген еңбегінде. Ресей мемлекетінің бұл ісі қазақ мемлекетінің ішкі саясатына араласуға жағдай жасау, яғни мемлекетті бостан- дығынан, тәуелсіздігінен айыруға жол бастау еді. Бұл жерде Ре- сей империясының дипломатиялық корпусы үлкен рөл атқарды.
122
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
Мысалы: Бекович-Черкасский, Тевкелев тәрізді басқа ұлт өкілде- рінің қазақ жеріндегі әскери зерттеу миссиясы Ресейдің қазақ жеріне дендеп кіруіне мүмкіндік туғызды.
ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдары-ақ Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторатын қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Себебі қазақ билеушілері бұл кезде жоңғар жаулаушыларымен қырғи-қабақ соғыста еді. Оның үстіне Қазақстан шегарасында күшті Цин империясының пайда болуы күрделі саяси жағдайдың тууына және қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне әкеліп соқты. Жоңғар басқын- шыларының қазақ жеріне әлсін-әлсін шабуылын Ресей үкіметі тиімді пайдалануға тырысты. Осыған орай, Қазақстанның осы ай- мақтарын Ресей бодандығында ұстау шегаралық өкімет орын- дарының негізгі міндетіне айналды. Ресей әскери күштері Қазақ- станмен шегара аймақтарында бекіністер салуды үдетті. Ресей империясы ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанның сол- түстік-батыс шегарасында Верхнеяицкіден Звериноголов бекіні- сіне дейін созылып жатқан Үй бекініс-шебін салды. Оның ұзын- дығы 770 шақырым болды. 1752 жылдың жазында генерал С.В. Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен тұратын Но- воишим бекіністі шебін салу басталды. Оның жалпы ұзындығы 662 шақырым болды. Осы бекіністі шептің ең бастысы Есілдегі Петропавл болды. Бекіністі шептің басты мақсаты Үй және Ертіс шептерін жалғастыру болатын. Осы шептердің салыну салдары- нан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін жете- тін жер көлемі алынды. Ресейдің Қазақстан территориясына экс- панциясы нәтижесінде 1752 жылдан бастап Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды.
Ресей империясы қазақ жерін отарлау саясатын барған сайын күшейтті. Шегаралық өкімет билеушісі И.И. Неплюевтің «бөліп ал да билей бер» принципіне негізделген идеялары мен жоспар- лары қолданысқа кірді. Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қала- шығы мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шықты. Кейін ол 1756 жылы толықтырылып, түгел Жайық пен Еділ арасында қазақтарға кө- шіп-қонуға тиым салынды.
123
■ Қазақстан тарихы
1760 жылы Өскемен бекінісінен Телец көліне дейін бекініс- тер салына бастады. 1761 жылы Өскеменнен Зайсанға дейін Бұқ- тырма шебінің бекіністері пайда болды. Осы алынған жерлерді шаруашылықпен игерген кезде ғана бекітіп алуға болатынын түсінген шегаралық өкімет орындары бұл аудандарға ел қоныс- тандыруға белсене күш-жігер жұмсады. ХVІІІ ғасырдың 60-жыл- дарында-ақ Алтайға Тобыл губерниясынан 2 мың шаруа мен әр- тектілер көшіріліп әкелінді. Сонымен бірге шегаралық өкімет органдары қазақтарды шегаралық аудандардан ығыстырып тас- тау жөнінде шаралар қолданды. 1755 жылы Сыртқы істер алқасы Сібірдің өкімет орындарына қазақтар «бұлайша еркін өту олар- дың дағдысына айналмау үшін Ертістің оң жағына өткізілмесін» деген нұсқау берді. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырым- нан және орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақын жерде кө- шіп жүруіне мүлде тиым салынды. Осылай 1730-1740 жылдары Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қа- былдауы нәтижесінде солтүстік-батыс Қазақстан жері Ресей им- периясының отарына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |