Бегалиева А.Қ



бет35/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Жоңғар хандығы қай жылы құлады?

  2. Абылай қандай күйлер жазған?

  3. Абылай тұсында Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы байланыс қандай болды?

  4. Протекторат дегеніміз не?

    1. Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күресі




Жеті жылдық соғысқа қатысқан дон казагы Е. Пугачев Жайық казактарына келіп, олардың тұрмыс жағдайларын өз көзімен кө- ріп, халықты құлдықтан азат ету үшін, өзін орыс патшасы ІІІ Петр деп жариялайды. Көтерілістің қарсаңында Кіші жүз же- ріндегі саяси ахуал тұрақсыздыққа әкелді. Біріншіден, Ресейдің отарлық саясаты Кіші жүз жеріне біртіндеп енгеннен кейін жайылым жерлері тарылды. Қазақтардың жеріне Жайық казак- тары бекіністер салып, шұрайлы жерлерге орналасты. Екіншіден, Кіші жүз ханы Нұралы хан мен сұлтандардың халық арасында беделі азайды, қазақ кедейлері ханмен сұлтандардың озбырлығы-
129
■ Қазақстан тарихы

на қарсы шығып отырды. Үшіншіден, Кіші жүз ханы Нұралы және сұлтандар орыс-казактардың озбырлығына шыдай алмай, жаңа жайылым жер үшін күресе бастады. Еділ-Жайық өзені ара- лығында жерлерден қалмақтар көшіп кеткеннен кейін қазақтар Жайық өзенінен өтіп малдарын жаңа жерлерге жайып отырды. Бірақ патша әкімшілігі 1758, 1771 жылдарда Жайық өзенінің оң жағалауына өтуге тыйым салды. Кіші жүз қазақтарының Е. Пуга- чев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының басты себебі жер мәселесі болды.


Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі 1773 жылы 16 қыр- күйекте Жайық өзенінің оң жағалауында Толкачев хуторында басталады. Е. Пугачев қазақтарды өз жағына шығару үшін үндеу таратты. Онда «...өзім орыс патшасы ретінде сіздерге жер, су және нан, тұз беріп, сіздерді құлдықтан азат етемін, мені қолдау- ларыңызды өтінемін», – деп жариялады. Бұл үндеуден кейін 1773 жылы қазан айында қазақ жасақшылары өз еріктерімен қо- сыла бастады. Қазақ жасақшылары 24 қазанда орыс-казак бекінісі Красногорскіге, одан кейін казак Котельный және Гурьев редут- тарына шабуыл жасады. Жайық казактарына көмек ретінде Сак- мар бекінісінің атаманы Донсковтың 200 казак әскері келіп көмек көрсетті. Қозғалыс Жайық өзенінің оң жағалауында кең етек алып, 1773-1774 жылдарда қазақ жасақшылары Жайық өзенінің оң жағалауындағы орыс-казак бекіністеріне шабуыл жасап отыр- ды. Олар Жаңаөзен, Қазан уездерінің жеріне және Еділ өзенінің жағасына дейін барады. Еділ-Жайық өзендері аралығында жүр- гізілген соғыс қимылдары қазақ жасақшылары орыс-казак ауыл- дарын талқандап, малдарын айдап, адамдарын тұтқындап Бұхара және Хиуа хандықтарына сатып отырған.
1774 жылы қаңтар айында Е. Пугачев басқарған казак әскер- лері Жайық қалашағына шабуыл жасап қоршауға алады. Бірақ бірнеше күн бойына соғыс шабуылдарын ұйымдастырғанымен, Жайық қалашығын ала алмады. Бұдан кейін Е. Пугачев әскер- лерімен қазақ жасақшылары Сакмар өзенінен өтіп, Орынбор қаласына аттанады. 1775 жылы 15 желтоқсанда Берда бекінісінде Е. Пугачевтың әскери тобы Орынбор қаласын басып алу жоспа- рын жасайды. Пугачевтың бас штабында қазақ сұлтаны Досалы- ның баласы Сейдәліде болған.
130
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

Орынбор қаласын қорғауға қазақ жасақшылары белсенді қа- тысты. Кіші жүздің Табын және Тама руларынан сұлтан Досалы және оның інісі Шерғазылар 2000 жасақшылармен Е. Пугачев әскерлеріне көмектесті. Орынбор қаласын қоршауға орыс, баш- құрт және қалмақтар да қатысты. Е. Пугачев әскерлері Орынбор қаласын ала алмаған соң Қазан қаласына бағыт алады. Е. Пугачев әскерлерінің саны туралы (жүздік) басшысы И. Мелехов көтері- лісші әскерлерінің саны 10 мыңдай болды. Әскерлерінің құра- мында орыс, қазақ, башқұрт және қалмақ жасақшылары күрестін аяғына дейін бірге болған.


Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан қазақтар өздерінің шабуылдарын жалғастырып, орыс-қазақ бекіністерін басып отырды. 1774 жылы 4 қыркүйекте 400 қазақ жасақшылары Тана бекінісіне шабуыл жасап, 237 жылқы 428 ірі қара малын айдап кетеді. 1774 жылы 21 тамызда Е. Пугачев әскерлері Цари- цин қаласына шабуыл жасайды. Орыс мемлекетінің тұрақты әс- керлері Е. Пугачев жасақшыларын талқандап жеңіске жетеді.
Е. Пугачев жеңіліс тапқаннан кейін Жайық өзенінің бойын- дағы орыс-қазақ бекіністерінің біріне бару үшін бағыт алады. Артынан шыққан қуғыншылар Е. Пугачев және қасында жүрген адамдарын Кіші (Сары) және Үлкен (Қара) өзендерінің сағасында қолға түсіреді. Екі өзен қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының жерінде орналасқан.
Е. Пугачев және оның жақтастарын Мәскеу қаласына апа- рып, сот үкім шығарып, 1775 жылы 10 қаңтарда өлтіріледі. Көте- ріліс жеңіліс тапқаннан кейін де қазақтар орыс-қазақ бекіністері- не шабуылдарын жалғастырып отырды. Ресей патшасының отар- лық саясатына қарсы күресте башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев ұлт-азаттық соғысты жалғастырды.
Кіші жүз ханы Нұралы мен Пугачев арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталғанымен қазақ сұлтандарының арасында Е. Пуга- чевты белсенді қолдап, қазақ жасақшыларымен Жайық қалашы- ғын қоршауға және Орынбор қаласын алуға Досалы сұлтан және оның балалары көмектесті. Досалы сұлтан жасақшыларының са- ны 2000 адам болған. Досалы сұлтан Е.И. Пугачевпен өте жақын байланысты болды. Досалы сұлтанның баласы Сейдәлі Е. Пуга- чевтың штабында аманатта болып, Досалы мен Пугачев арасында
131
■ Қазақстан тарихы


тығыз байланыс орнатуға себепші болды. Сейдәлі сұлтан ағасы Шерғазы сұлтанды Е. Пугачевпен кездестіреді. Шерғазы сұлтан қазақ жасақшылар отрядтарын басқарып, соғыс шайқастарына бірге қатысып отырған. 1773 жылы қараша айында Досалы сұлтан Е.И. Пугачевке хат жазады. Бұдан бұрын Досалы сұлтан Е. Пугачевпен хат алысып тұрған. Хатта: «Ұлы император Петр Федерович! Сіздің жазған хатыңызды алдым. Сіздің жеңіс- теріңізді естіп қуанып қалдым. Сізді Құдайдың өзі қолдап, жеңіс- тен жеңіске жете беруіңізге тілектеспін. Сізді бүкіл қырғыз-қай- сақ ұлыстарына хан болуыңызды тілеймін, құдайымыз әр уақыт- та қолдап, армандарыңызға жете беріңіз... Сіздің сұраған көме- гіңізге жауап ретінде 200 қазақ жасақшыларын жіберіп отыр- мын, Жайық қалашығын алуға көмектеседі. Сізге әр уақытта қызмет етуге дайынмын...». Досалы сұлтанның мөрі басылған. Хаттың мазмұнын аударған Сағит Халвориннің қолы қойылған. Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі 1775 жылы жеңіліс тапқанынан кейін қазақтар күрестерін тоқтатпады. Е. Пугачев туралы халық арасында аңыз кең тарап, халықтың есінде сақтал- ды. 1775 жылы қыркүйек айында Кіші жүз қазақтарының арасын- да «Белгісіз» немесе «Невидимка» деп аталған адам аңызы кең тарап кетті. «Белгісіз» адамды қолға түсіру үшін Орынбор әкім- шілігі бірнеше рет отрядтар жібереді. Бірақ оны қолға түсіре ал- майды. Көзге көрінбейтін аңыз адам әйел болған. Әр жерде жү- ріп, әділет үшін күрес жүргізген, оның әскерлерінің саны екі мың адам болған. Табын, тама руларының жерінде орыс-казак бекініс- теріне тосыннан шабуыл жасап, жоқ болып кетіп отырған. Бел- гісіз (Невидимка) адамды қолға түсіру үшін Досалы сұлтан да бірнеше рет ізіне түседі. 1775-1776 ж. Е. Пугачев көтерілісі жеңіл- геннен кейін де «Белгісіз» әйел ер жүрек, қолбасшы ретінде күресін жалғастырды. 1776 жылдың соңында Ойыл өзенінің бойында бо- лып содан жоқ болады.
Е. Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қал- мақтар, т.б. қатысқан еді. Бұл көтерілістерден кейін, патша өкі- меті 1775 жылы жергілікті басқару ісіне қайта ұйымдастыру жүр- гізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және Орта жүз аумағының бір бөлігін Симбирск және Уфа генерал-губернатор- лықтарының құрамына берді. Орынбордың обер-комендантына
132
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

Кіші жүздегі патша әкімшілігінің жергілікті мекемелерінің іс- шараларын тікелей жүргізу тапсырылып, ол үшін Шегара істері комиссиясы құрылды. Патшалық үкімет орындары қазақ сұлтан- дарын өзінің сенімді тірегіне айналдырып, олардың көмегімен қазақтардың толқуларын болғызбауға ұмтылды. Өз тарапынан Нұралы хан мен сұлтандар патша үкіметіне адалдығын дәлел- деуге бар күшін салды. Патшалық үкімет орындары сыйлықтар үлестіру, айлық тағайындау, шен беру жолымен дала аристокра- тиясымен одақты нығайтуға ұмтылды.


1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтан өтуіне хан шегаралық үкімет органдарынан рұқсат алғаннан кейін ғана жол берілді. Сол кезде хан мен оның жақындастары тұтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат жинады. Бұл қаражат Орал әскерінің старшиналарымен бөлісілді. Сөйтіп,
«тұтқын іздеу» қаржысы ханның, шегаралық әкімшілік пен казак- тардың үстем топтарының тұрақты табыс көзіне айналды.
Бұл көтеріліс Ресей империясының әкімшілік-басқару жүйе- сінің әлсіздігін көрсетті. Ресей патшайымы ІІ Екатерина бір орта- лыққа бағынған мемлекеттік басқару жүйесін енгізу үшін «Бүкіл Ресейлік губерниялық басқару» реформасын жүргізді. Ресей им- периясы 40 губернияға бөлінді. Кіші жүз қазақтары Орынбор генерал-губернаторына бағындырылды. Сонымен қатар ІІ Екате- рина өзінің жарлығымен Жайық атын тарихтан өшіру үшін Орал деп Жайық қалашығын Орал және Жайық казак әскерлерін, Орал-казак әскерлері деп өзгертті. Е. Пугачев бастаған шаруа- лар көтерілісі туралы орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин «Ка- питанская дочь» деген кітабын жазды. Кіші жүз қазақтарының жері Ресей отарлық саясатының бастауы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет