Абылай ханның Қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі. Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-әңгіме- лер, өлең-жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз және бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін, сұлтандарын бағын- дыра алғанын және де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, да- рынды мәлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн.
Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостан- дығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов: «Қазақ жерін- де Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады», – деп жазған еді. Абылайдың шын аты – Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі Көркем Уәли Түркістан- ға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ хал- қы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Жоңғар, Қытай, Ресей сияқты үш алып мемлекеттің ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ же-
124
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
ріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22 жасында батыр, қолбасшы ретінде танылады.
XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншы- лығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ әскері жоң- ғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Абылай қазақ әскерлерін ұйым- дастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халық- тың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай «верным добрым и послушным … и подданным быть…» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мәжбүр болды. Тарихшы – ғалым Н. Мұ- хаметқанұлы «XVІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жазады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін күтіп алған кезде оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін білдірді:
«Ұлы мәртебелі патшаның орталық ойпатты билеп отырғанын бұрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне, бүгін патшаның құдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мәртебелі патшаға қараймын». Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым-қатынаста- рын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мәжбүр ете отырып, іс
жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды.
125
■ Қазақстан тарихы
Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бір- неше түрік халықтарының және де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қорша- уында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орта- лықтанған билікке бағынуында және халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан және де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйе- сіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңғалдырған. Қалдан Церен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мәр- тебелі сый-сыяпат көрсеткен және «ол (Абылай) заманынан жүз жыл бұрын ерте туды, бүкіл әлемді билеу қолынан келеді» деп тегіннен-тегін айтпаған болар.
ХVІІІ ғасырдың 50-жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағда- рысқа ұшырап, әлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елі- нің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлде жойылуы неге алып келетінін Абылай жақсы түсінген. Сондық- тан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт- азаттық күресін қолдады. Бірақ қалмақтар ауыз бірліктен айы- рылды, соның нәтижесінде 1756-1757 жылдары Цин империясы Жоңғар мемлекетін жойып, халқын қырып тынды. Абылай хан- дық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын және бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қо- ныс пен жайылым, дау-дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым-қатынас мәселелері қарастырылып отырды.
Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қа- лалары азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қара- ғаннан кейін Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түр- кістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді.
Ал сауда-саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді
126
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
1760 жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қа- рай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда-саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіндік тудырды және Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым-қатынасын орнатуға жол ашты.
1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай импера- торы да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы ІІ Ека- терина Абылайды хандыққа бекіту, оған әлдебір нұсқаулар беру үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыр- тады, алайда Абылай хан ол шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куәлік алудың қажеті жоқ», – деп жауап берген. Шын мәнінде де Абы- лай ханның тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саяса- тын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бәрінен де жоғары санады.
Сондықтан Цин империясы Жоңғар мемлекетін қырып- жойып, шауып тастағаннан бастап Абылай бірнеше елшілер жі- беріп, Қытай мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға тырыс- ты. Қытай империясы бірнеше қайтара шапқыншылық жасап, қазақ жерін жаулап алмақшы болды. Қытай мемлекетін жеңу оңай емес екенін түсінген Абылай хан онымен бейбіт келісімге келіп, сауда-саттықа жол ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған. Қытаймен бейбіт қарым-қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси және экономикалық қа- тынасты үзбеген. Ресей империясы қазақ жерінің шегарасына бекіністер, қамал-қалалар салып, оларды орыс казактарымен то- лық жайғастырып жатқанда және Жайықтың, Ертістің тағы басқа өзендердің жағасына қазақтар малын жаюға тыйым салу жөнін- дегі жарлықтарын шығарғанда, Ресеймен жағдайды шиеленістір- мей, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ресей патшалығының отаршыл, басып алу саясатының құрбаны болу қаупі тұрғанын сезді.
127
■ Қазақстан тарихы
XVІІІ ғасырдың 70-жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап әкетіп оты- рады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып, қорғау- ды талап етеді. 1779 жылы Абылай әскерлері қырғыздарды тал- қандап, басшысы Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келі- сімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сонан соң Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны алым-салық төлеп тұруға міндетті етеді.
Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін-еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елі мемлекетінің тұрақ- ты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздігінен айырыла бастады.
Абылай хан күйші де болған. Оның күйлерінің тақырыбы нақтылы өмір құбылыстарына арналған және ел қамы мен халық тағдыры жөнінде толғанған ойларын сипаттайды. Абылай хан- ның күйлері туралы Ш. Уәлиханов, А. Затаевич сияқты ғалым- зерттеушілер кезінде жазған. Олар: «Ақ толқын», «Бұлаң жігіт»,
«Дүние қалды», «Қайран елім», «Қоржын қақпай», «Жетім то- ры», «Қара жорға», т.б. «Бұл күйлердің бәрі күні осы уақытқа дейін Абылай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елес- тетеді», – дейді Ш. Уәлиханов.
Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ хал- қының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшек- теніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тәуел- сіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл-айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапы- рашты Наурызбай, т.б. батырларды, Бұқар жырау, Ақтамберді
128
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
жырау, Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды топтастыра білді. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең дамуы үшін жан аямай арпалысқан хан.
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі хандық билікті сақтай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уәли хан (1781-1819 ж.) болып бекітілді. Ресей әкімшілігі сұл- тандар мен ру басшыларының өздерінің хандарына, оның ішінде Уәли ханға қатысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарас- тыруға тырысты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, сот және рухани өміріне байланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мы- салы, ханның жанынан ақсақалдар кеңесін құру; билер соты; қазақ балалары үшін мектеп ашу; шегара жанындағы қазақтарды тікелей басқаруды ұйымдастыру; қазақ жеріне әскери-ғылыми- барлау экспедицияларын жіберу, т.б. Ал 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде жаңадан хан сайланбады.
Достарыңызбен бөлісу: |