Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ШОҚАЕВ ЕРБОЛАТ ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ – ГЕНЕРАЛ МАЙОР



бет65/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

ШОҚАЕВ ЕРБОЛАТ ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ – ГЕНЕРАЛ МАЙОР

1945 жылы 19 желтоқсанда Норынқол селосында туылған. 1963 -1965 жылдары Алматы кооператив техникумын бітіріп, Нарынқол тұтыну қоғамында есепші болды. 1965 жылы КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің Ф.Э.Дзержинский атындағы жоғарғы командалық шекарашылар училищесіне түсіп, 1966 жылы КГБ-ның “Моссовет” атындағы Қызыл туы Мәскеу жоғары командалық училищесіне ауыстырылды. 1969 жылы аталған әскери оқу орнын жоғары білімді жалпы командалық құрылымның офицері дәрежесінде лейтенант әскери атағымен аяқталды. 1977 жылы Қытай, Ауғанстан шекаралық аймақтарының тыныштығын күзететін Мұрғаб шекаралық отрядының (Мұрғаб, Төжікстанның, Таулы Бадахшан автономды обылысы) бастығының орынбасары. 1980 жылы Қызыл Тулы Шығыс шекара округінің Мүргаб шекара отряды десантын басқараып, Ауғанстанның Памир аймағының Базайын Гумбаз бөлігінде Пакистаннан өтетін бандылар жолдарын жапты.


1981 жылы қараша айында Қызыл Тулы Шығыс Шекара округінің жедел әскери бөлімінің бастығының орынбасарлығына (Фрунзе қаласы, Қырғыз ССР-і) тағайындалып, 1989 жылға дейін

Ауғанстанның оңтүстік-шығыс провинциясы бөліктеріндегі әскерлердің іс-қимылдарын үйлестіруге ат салысты. 1992 жылы қыркүйекте әскери міндетін одан әрі жалғастыру үшін Алматы қаласына ауысты. Алдымен Шығыс Шекара округі оперативті басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін осы жылдың қараша айынан шекара әскерлері қолбасшысының оперативті істері жөніндегі орынбасары, ал 1993 жылы желтоқсанда Республика Президентінің Өкімімен Республика Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1997 жылы мамыр айында аталған мемлекеттік комитеттің басқару құрылымының өзгеруіне байланысты әскери қарсы барлау басқармасының бастығы, ал 1998 жылдың шілде айында Республика Қауіпсіздік Комитетінің оперативті-техникалық Департаментінің бастығы болып тағайындалды.


ЫСТЫБАЙҰЛЫ НӨКЕ – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ

Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында туып – 1916 жылы Қарқара жәрмеңкесінде Ақпатшаға қарсы көтеріліске Ұзақ, Жәрменкемен бірге қатысып Қарақол қаласындағы түрмеден қашқан сәтінде орыс солдатының оғынан /1916 ж./ қаза болған. М.Әуезовтың


“Қилы заман” романның бас кейіпкері. Ел сыйлаған ер азамат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет