ОРАЗАЛИН НҰРЛАН МЫРҚАСЫМҰЛЫ – АҚЫН, ДРАМАТУРГ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1947-жылы 13-маусымда Алматы обылысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен дихан /қазіргі Көкбастау/ ауылында дүниеге келді. Ол мектепті 1965- жылы күміс медальмен бітіріп, сол жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік Университетінің /қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің/ филология факультетіне оқуға түсті.
Нұрлан Оразалиннің алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдардың орта тұсында обылыстық республикалық газет-журнал беттерінде жариялана бастады. Студент ақынның жырлары 1969-жылы “Жас керуен” топтама жинағына енді.
Ол еңбек жолын 1970-жылы “Қазақстан пионері” /қазіргі “Ұлан”/ газетінде әдеби қызметкер болып бастады. 1972-1984-жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор. Бас редактор қызметтерін атқарды. 1984-1986-жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды. 1986-жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының Бірінші съезінде Одақ басқармасының бірінші секретары болып сайланды. 1986 жылы Москва қаласында өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының съезінде Басқарма құрамына енді. 1990 жылы баламалы негізінде өткен Республика Жоғарғы Кеңесі сайлауында ел сеніміне ие болып, 1990-1994 жылдар аралығында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі ХІІ- шақырылуының депутаты болды. Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1991-1992 жылдарды КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет комитеті Төрағасының орынбасары, 1993-1996 жылдар аралығында “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 1996 жылы Қазақстан Жазушылырының ХІ-съезінде Одақ Басқармасының Төрағасы
/бірінші секретары/ болып сайланды.
Отыз жылдан астам уақыт ішінде Нұрлан Оразалин қаламынан ондаған көркем дүниелер туды. Әр жылдарда “Беймаза көңіл”, “Көктем көші”, “Жетінші құрлық”, “Адамзатқа аманат”, “Құралайдың салқыны”, “Ғасырмен қоштасу”, “Сырнайлы шақ” атты жыр жинақтары мен “Азаттық айдыны” көркем публицистикалық- эссе толғаулар кітабы жарық көрді. “Шырақ жанған түн”, “Таскиіктер”, “Аққұс туралы аңыз”, /“Бойтұмар”/, “Қарымта”, “Қилызаман”, /М.Әуезовтың аттас шығармасының ізімен жазылған/, “Бастықтың бір күні”, “Қарақазан ғасыр”, “Көктемнің соңғы” кеші тәрізді драмалық шығармалары көп жылдар бойы Қазақстан театрларында табыспен жүріп, теле-радио спектакльдерінің арқауына айналды. “Аққұс туралы аңыз”, - спектаклі Россия, Корей, Үнді жерлерінде өткен Халықаралық театр байқауларының жүлдегері атанды. “Қилы заман” пьесасы М.Әуезовтың 100 жылдығына орай өткен театр фестиваліне “Ең үздік инсценировка” жүлдесіне ие болды.
Нұрлан Оразалин көркем сын мен көркем аударма салаларында да жемісті еңбек етіп келеді. Ол әр жылдарда әдебиет пен өнер мәселелеріне арнап, талдау мен танымдық сиппатағы көлемді мақалалар, порттреттер, эссо-толғаулар жазды. Орыс жазушысы Г.Свиридовтың “Жанкешті сапар” романын, үнді классигі Р.Тагордың “Пошта” қалмақ драматургы А.Балақаевтың “Ана жүрегі” әзірбайжан драматургы Р.Гейдардың “Бір ендіктің тынысы” неміс драматургы Х.Каллаудың “Зәйтүн толы құмыра” беларус драматургы А.Петрашкевичтің “Дабыл” пъесаларын қазақшаға аударды.
Ақынның “Шырақ жанған түн”, “Аққу туралы аңыз” пъесалары орыс, украин, қырғыз, тілдеріне аударылып, өлеңдері орыс, украин, болгар, түрік, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды.
Нұрлан Оразалин-еліміздің саяси, мәдени, өміріне қоян-қолтық араласып, рухани кеңістігіміз бен ұлттық ойнау жүйеміздің тұтастығын сақтауда көп қайраткерлік қарым танытып жүрген тұлға. Ол Москва, Вашингтон, Париж, Пекин, Стамбул, Баку, Ташкент, Бишкек, т.б қалаларда өткен көптеген халық аралық форумдарда сөз сөйлеп, баяндамалар жасады. Стамбул қаласындағы Еуразия Қорының тұрақты мүшесі, Қор қасынан шығатын “ДА” (“Диалог Еуразия”) журналының алқа мүшесі. Ол сондай-ақ, Москва қаласындағы Жазушылар Ұйымдарының Халақаралық Қауымдастығы Төрағасының орынбасары, Халақаралық Әдеби Қор Төрасғасының Орталық Азия аймағы бойынша орынбасары, Орта Азия халықтары Мәәдени Ассамблеясының Вице-Президенті.
Нұрлан Оразалин – Қазақстан Президенті қасындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі, Алматы қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Қазір Республика Жазушылар Ұйымын басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |