Әлембетұлы Жаңғабыл – шешен
1853 жылы Райымбек ауданы, Қарасаз елді мекенінде туып, 1924 жылы дүниеден қайтқан. Зираты Сарыжазда. Әйгілі халық ақыны Көдек:
“Жаңғабыл бір тұқымы даңғыл шешен, Жүйріктің біреуі еді көріп өткен Алдында жан салмаған ақ тұйғыным
Жүрседе жалғыз атпен жалы кеткен.” -деп толғаған.
Жаңғабыл шешендігімен, ел ішіне ұйытқы болған көсемдігімен танылған ардақты тұлға. Атамыз өткір мақал мәтелсіз сөйлемеген. Сол асыл мұра халық аузында әлі сақтаулы. Қалай қайтыс болғаны жайлы 1907 жылы туылған Нүсіпәлі Қисықов қария былай әңгімелейді:
Бәрі көз алдымда өтті. Мен сол жылы 17-жаста едім. Жайлауымыз Лабасының етегі. Інілері Мса, Мұса, Майемерлермен төбеде отырғанбыз. Жәкең Жапалық атасының старшыны Мырзақасымды қайта - қайта сұрады. Бәріміз сол кісінің ауызын бағамыз. Реті келгенде неге сұрағаның анықтадық. Ол кісі тамағын кенеп алып:
- Отырған қонысымыз сары жұрт болып кетті. Жылжып төменрек қоныңдар, мен кешікпей жол жүремін, - деді. Келесі күні ақ ауыл қамдана бастады. Келесі жұмаға Жәкем дүниеден қайтты. Қария бір сәт үндемей отырды да, - Ой, шіркін жарық дүние ай, - деп ауыр күрсінді. Бастысы Түрген төменгі Шапырашты, Ысты көршілес Найман аталарына Жалайыр, Қаңлы, Суаңға, бауырлас Бұғы (Қырғыздың бір атасы) Қарақолға хабар салды. Жәкеңнің қазасына жиналған ел қара құрым болды. Қарқараның жазығына мыңға тарта ақ боз үй тігілді. Аттандырып салғанына жыл өткенді, Жоғарыдағы ағайындарға хабар айтылды. Асы Қарқараның жазығында өтті. Қырғыз Бұғы атасының биі Қыдырәлі ерекше сыйсияпатпен келді. Асқа ат шаптырылды. Алдына түйе бастаған үш тоғыз байлап, тоғыз атқа бәйге берілді. Сәйгүлік ат баптап атағы Жетісуға жайылған Айт, Қалыбектегі, Көтбай-Көкбесті, Соқыржирен, Көкжал деген үш атыда олжа алды. Екінші орынды Қырғыз Қыдырәлінің қосқан аты алды.
Бүкіл елдің осыншама зор құрмет көрсетуі оның абыройының асқандығы деп бағаланады.
ӘЛДИБЕКҰЛЫ ШӘЙМЕРГЕН – АҚЫН
1939 ж. 11.10. – Нарынқол ауданы, /қазіргі Райымбек/ ауданындағы Қайнар ауылында туған. Қайнар қазақ орта мектебін бітірген. 1961 жылы Талғар ауыл шаруашылығы техникумында оқып, зоотехник мамандығын алған. Осы кезден бастап оның алғашқы жырлары
баспасөз беттеріне жариялана бастады. 1963 жылы /бұрынғы С.М.Киров атындағы/ Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униветситтетінің филология факультетінің журналистика бөліміне түсіп, 1968 жылы жоғары бөлімді журналист маманын алған. 1968 жылы “Қайнар” баспасында редактор, аға редактор, 1979 жылы “Жазушы” баспасында, 1982-84 ж. Баспа полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1984-
96 ж Алматы қаласы мен облысына радиохабарларын тарату Бас редакциясында аға редактор болып қызмет істеді.
Қазақстан Журналистер одағы және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
“Жаскеруен” 1989 ж. (Жас ақындар жырлары.) “Жазушы” баспасы, “Шопан апа” 1970 ж. (очерк кітабы), “Қайнар” баспасы, “Нөсерден соң” 1974ж. (балаларға арналған өлеңдер кітабы.), “Жазушы” баспасы “Қайнар” 1982 ж. “Жазушы” баспасы “Бақыт жұлдызы” 1984 ж. (Өлеңдер мен поэма), “Жазушы” баспасы “Көгілдір таулары” 1990 ж, /өлеңдер мен поэмалар/ “Жазушы” баспасы, “Болашақ чемпиондар” 1994 ж /балаларға арналған/ “Балауса” баспасы, “Хаңтәңірі” 1997 ж, /өлеңдермен поэмалар жинағы/ “Жазушы” баспасынан шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: |