Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ДІЛДЕНБАЕВ ӘБІЛҰЛЫ БЕЙБІТ – КОМПОЗИТОР



бет70/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

ДІЛДЕНБАЕВ ӘБІЛҰЛЫ БЕЙБІТ – КОМПОЗИТОР

Дәлденбаев Бейбіт – /1955 ж. 29. ХІ. / Нарынқол ауданы Нарынқол селосында туған. 1973 ж. Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы Республика арнайы мектебіне түсіп, А.Рудиянскиидің ұстаздықпен композициялық мамандықпен бірге орта мектепті бітірген. Алматы қаласы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда Г.А.Жұбанованың классында 1979 ж жоғары білімді сазгер деген мамандықты алды. Осы жылы Мәскеу қаласындағы П.И.Леманның жетекшілігімен мамандығын жетілдірді. 1980 ж әскери мамандығын өтеген. 1982 ж. Аламты қаласы Құрманғазы атындағы консерваторияда фольклорлық лабораторияда жетекші. 1983 ж. осы консерваторияға ассистентураға “композиция” мамандығы бойынша түсті. 1985 ж. консерваторияға оралып, фольклорлық лабораторияда қызмет етті. Қазақстан Мемлекеттік Мәдениет министрлігінде /1995./ репертуарлық–редакция колегияны Бас редакторы. 1974 жылғы Алматы қаласына арналған республикалық ән байқауы бәйгесінің лауреаты. Бүкіл одақтық үн таспаға жазылған. Мәскеу, Ереван қаласында орындалып, жоғары баға алған.


Дәлденбаевтың “Отты жер” /1979 ж./ симфониясы Өзбекстан, Ресейде орындалып, көпшіліктің көңілінен шыққан. Бүкіл одақтық фестиваль жеңімпазы атанған. “Қаһармандық бояулар” атты фантазиялық поэмасы симфониялық оркестрге жазылды. /1978 ж./ “Фархад- шырын” /1983 ж./, “Керқұла атты Кендебай” /1991 ж./, “Көшеде жүрген пақырды әкім бол деп шақырды” /1990 ж./, “Қоян сабаз” / 1991 ж./ “Сұлтан болсам егер мен” /1994 ж./ “Тақталас” /1995 ж./ т.б.

спектакельдеріне, “Жамбылдың жастығы көркемфильм /1990 ж./ реж. Қ.Қосынбаев. “Ауылым сұлулық мекені” /1970 ж./, “Ата тілегі” /1978 ж./, “Болмасын соғыс” /1979 ж./ т.б. көптеген әндердің авторы.


ҚҰДАБЕРГЕНОВ ҚАНАТ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АРТИСТ

1941 жылы 12 қаңтарда Алматы обылысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе селосында туған.


1959 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, осы жердегі Ленин атындағы колхозда есепші болып екі жыл жұмыс істеп, 1969 жылы Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік медицина институтының дәрігерлік–емдеу факультетін бітірген.
Еңбек жолын Ұйғыр ауданы, Шонжа селосындағы аудандық аурухана дәрігері, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орындасары, 1977-1982 ж. Кеген ауданы ауруханасының бас дәрігері, 1982-1987 жылдар Алматы қалалық денсаулық сақтау мекемелерде бас дәрігер, басқармасы бастығының орынбасары, 1982-1991 жылы Республикадағы денсаулық сақтау министірлігіне қарасты мекемелерде бас дәрігер, Халақтық Медицина орталығын алғаш ұйымдастырушы.
1991-1997 жылы Алматы қалалық №2 клиникалық ауруханада көп жыл қызмет атқарып, 1997 жылы №7 қалалық клиникалық ауруханада бас дәрігері болып жұмыс істеп келеді. Аурухана Республикадағы ең ірі 1000 төсек салалы, сапалы құрал - жабдықтармен жабдықталған, аса білікті дәрігерлер мен мамандар барлық ауруларды емдеп жаза алады. Олардың біліктілігін жетілдіретін кафедралар орналасқан ғылыми-дәрігерлік орталық.
Төлендиев.Т – бірнеше, әдеби – көпшілікке арналған: “Ой еңбегі-зор еңбек”, “Қызым, саған айтам”, “Жерім майса, суым бал”, “Лечебник народной медицины” кітаптарының авторы.
Баспасөз беттерінде, теледидар арқылы да жиі – жиі проблемалық ұтымды ойларын білдіріп тұрады.

Содай-ақ қалт өткенде музыкалық барлық ұлт аспаптарында ойнап, ән салатын әуесқой комозиторлығыда бар.


Оның “Ауыл кеші көңілді” жинаққа М.Мақатаевтың сөзіне жазылған “Ауруларым”, “Аңса жаным” әндері басылған. Адал да, табысты дәрігерлік еңбектері бағаланып, 1974 жылы Ұйғыр ауданында “Еңбек Қызыл Ту” орденімен 1979 жылы Кеген ауданында “Денсаулық ісінің үздігі”, белгісімен мараппаталған. “Ең жоғарғы санатты денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушысы” атағын алған білгір–дәрігері. 2003 жылы президенттің Жарлығымен құрмет орденімен марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет