Химия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата20.02.2017
өлшемі0,55 Mb.
#4575
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
Р.Қ. Сейітова, А.С. Темірханова
«БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ»
 ПӘНІ БОЙЫНША 8-9 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН 
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Оқытушылар мен студенттерге арналған
оқу - әдістемелік құрал
Павлодар, 2011
1

УДК 372.854
ББК 74.265.7
 30
С
         Сейітова Р.К. 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының химия кафедрасының аға оқытушысы. 
Темірханова А.С. 
Павлодар   мемлекеттік   педагогикалық   институтының   информатика   кафедрасының 
магистранты.
«Бейорганикалық   химия»   пәні   бойынша   8-9   сыныптарға   арналған   әдістемелік   құрал, 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты – Павлодар: 2011 ж. – 134 б.
Пікір   жазғандар:   педагогика   ғылымдарының   кандидаты,   профессор   Сакенов   Д.Ж., 
химия ғылымының кандидаты, доцент Жунусова К.З.
Сабақтың   білім   беру,   тәрбиелеу   және   дамыту   мақсаттары   болатыны   белгілі. 
Осылардың ішінен әр сабақтың білім берудегі негізгі мақсаты көрсетілген.Оларды тарату, 
тәрбиелік мәнін ашу және оқушыны дамыту жағына қарай лайықтау міндеттерін мұғалім өз 
қалауы   бойынша   жүргізеді.   Сабақтың   мазмұнын   ашуда   қатаң   бірізділік   сақтау   негізгі 
міндеттерге жатады.
Жалпы білімнің жүйесі – қоғамдық өрлеумен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп 
отырады. Ол әр елдің өзіне тән тарихи, әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктеріне  қарай 
қалыптасып,   үздіксіз   жетіледі,   барған   сайын   күрделене   береді.   Қай   қоғамда   болмасын 
білімнің   міндеті   –   жас   ұрпақтың   дүниетанымын,   жалпы   дамуын   қамтамасыз   ету   және 
оқушыға белгілі бір мамандықты меңгеруіне іргелі негіз болатын жалпы білім беру.
Химиялық білім  жалпы орта білім берудің аса маңызды, әрі үлкен саласы. Өйткені, 
орта мектепте өтілетін химия ғылымы – табиғатты танып білуге және қоғамның материалдық 
игілігін     жасауда   маңызды   роль   атқаратын   жаратылыстану   ғылымдарының   бірі.   Химия 
негізгі   фундаментальды   ғылымның   бірі   ретінде   басқа   ғылым   мен   техникалардың   өсіп, 
өркендеуіне   тікелей   әсер   етеді.   Сондықтан   мектеп   қабырғасында   химия   пәнін   жақсы 
меңгерген оқушы болашақта осы салаларда маман қызметкер болуына кепілдігі мол.
Химия ғылымының негізі 8-9 сыныптарда қолданатындықтан оқушының логикалық 
ойлау   қабілетін   дамытып,   есеп   шығаруға   баулу   қажет.   Сол   себепті   осы   басылым 
оқытушылар мен студенттер үшін көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
ББК   74.265.7
© Р.К Сейітова, А.С Темірханова., 2011
© Павлодар мемелекеттік педагогика институты, 2011
2

Алғы сөз
Бағдарлама   талабына   сай   жазылған   бұл   құралдағы   нұсқаулар   мұғалім 
жұмысында   кездесетін   қиыншылықтарды   ескере   отырып,   сабақты   тиімді 
ұйымдастыруға,   оқушылардың   химиялық   біліктілігін,   олардың   зертханалық 
құралдармен, реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағыт-
бағдар береді.
Тақырыптар бойынша сабақтың тәрбиелік міндеттері, мақсаттары және 
қолданылатын   құрал-жабдықтары   көрсетілген.   Әр   сабақтың   қорытындылау 
бөлімінде оқулықта кездеспейтін күрделілігі әр түрлі есептер мен жаттығулар 
берілді.   Оларды   орындату   барысында   мұғалім   оқушылардың   химиялық 
формулалар   және   теңдеулер   бойынша   есеп   шығару   икемділіктерін 
қалыптастырады. 
Сабақтың   білім   беру,   тәрбиелеу   және   дамыту   мақсаттары   болатыны 
белгілі.   Осылардың   ішінен   әр   сабақтың   білім   берудегі   негізгі   мақсаты 
көрсетілген.Оларды   тарату,   тәрбиелік   мәнін   ашу   және   оқушыны   дамыту 
жағына   қарай   лайықтау   міндеттерін   мұғалім   өз   қалауы   бойынша   жүргізеді. 
Сабақтың мазмұнын ашуда қатаң бірізділік сақтау негізгі міндеттерге жатады. 
Сабақ   –   оқу   үрдісіндегі   шешуші   буын,   оқу   жоспарын   орындаудағы   белгілі 
саты.Оқушылардың   күнделікті   сабақта   алған   білімі   мен   іскерлігін   ұдайы 
тексерудің   мәні   өте   зор.   Бұл   оқу   үрдісінің   қажетті   құрамдас   бөлігі. 
Оқушылардың білімін тексеру - өте күрделі, жауапты кезең. Химия пәнінен әр 
тақырыпты   өткеннен   кейін   және   тарау   бойынша   қорытынды   сабақтарында 
оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында  тест тапсырмалары, бақылау 
жұмыстары, экспериметттік есептер және есептеу есептері пайдаланылады.
Базалық мектепте химиядан барлық оқушылар білуге міндетті білімнің 
минимумы ғана беріледі. Осы минимум стандарт пен бағдарламада қысқа түрде 
негізгі мәселелері бойынша санамалап көрсетіледі. Заңдар мен теориялардың 
мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес үйлесімді түрде беріледі. 
Химия пәнін оқып-үйренудің арқасында күнделікті тұрмыста жиі кездесетін су, 
ас тұзы, әр түрлі металдар, полимерлер, дәрі-дәрмектер, жанармайлар, әтірлер 
т.б. танымал заттардың ішкі құпиясын біліп, пайдалы жақтарына көбірек көңіл 
қояды.  Қазіргі  адамзат  тіршілігін химиядан  бөліп қарау  мүмкін емес. Қадам 
басқан сайын химияның туындыларымен кездесуге болады.
Химиялық   жаттығуларда   оқушылардың   таным   әрекеттерін   қайта 
жаңғырту   ізденушілік,   зерттеушілік   сипаты   ескеріледі.Оқушылардың   білім 
деңгейіне қарай жаттығулар деңгейлерге бөлініп берілді.
3

8-СЫНЫП
1-САБАҚ
Сабақтың   тақырыбы:  Химия   пәні.   Заттар,   олардың   қасиеттері.   Заттарды 
қоспадан бөлу және тазарту.
Сабақтың мақсаты: Химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін білу
зат туралы ұғымды қалыптастыру арқылы оның «дене» ұғымынан 
айырмашылығын қарастырып, таза заттар мен қоспаларды, жай және
күрделі заттарды қысқаша жіктеу.
Реактивтер мен құралдар: ас тұзы, магний, кальций, құм араласқан мыс 
купоросы, гранит, күкірт, су, көмірқышқыл газы, құты, стақан.
Көрнекі көрсету: Таза заттар, қоспалар, әр түрлі агрегаттық күйдегі жай және 
күрделі заттарды көрсету.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу).
ІІ. Мұғалімнің түсіндіруі. 
1. Химия оқулығының мазмұнымен таныстыру.
2. Химияның ғылым ретінде анықтамасын беру(дәптерге жазғызу).
3. Химия өнімдерінің қолданылуы кластерін құрастыру.
4. Көрнекі көрсету. ас тұзы, магний, кальций, құм араласқан мыс купоросы, 
гранит, күкірт, су, көмірқышқыл газы.
5. Заттар анықтамасын дәптерге жазғызу. Зат пен дене ұғымдарын ажырата 
білуге үйрету.
№ 1 тапсырма.  Берілгені: шеге, мыс, алюминий, күкірт, мыс купоросы, әк, 
кварц, тыңайтқыш. әрқайсысының қасиетін салыстыра отырып, олардың 
айырмашылығы мен ұқсастығын ажыратады.Заттарды және денелерді кестеге 
сипаттап жаза білуге үйренеді.
Зат
Шыны
Алюминий 
Ағаш 
Темір 
Дене 
Сынауық
Құты 
Қасық 
Кастрөл
Үстел 
Парта 
Күрек Балға 
Балта 
 6. Заттардың қасиеттерін сипаттап үйрену. Мысалы қант, ас тұзы, су, 
алюминий. Заттың физикалық қасиеттеріне түсі, агрегаттық күйі, балқу және 
қайнау температурасы жататынына назар аудару.
7. Таза заттар және қоспалар, қоспаларды бөлу әдістері (магнитпен әсер ету, 
еріту, тұндыру, сүзу, буландыру, қайта буландыру). Қоспаларды бөлу 
жоспарын ұсыныңдар: 
І қоспа.     құм, темір үгінділері, құмшекер
ІІ қоспа.   бор, ағаш үгінділері, ас тұзы 
ІІІ. Бекіту.1. Қызғылт түсті қатты зат, электр тогын жақсы өткізеді. Жақсы 
майысады одан жіңішке сым жасауға болады. Бұл қай зат?
4

2. «Айқыштар мен нөлдер» ойыны.Ұтымды жолын тап:а) таза заттар; ә) 
қоспалар құрайды.
ІV.Қорытынды.
V. Бағалау. 
VІ. Үйге: §1-3-тағы анықтамаларлы жаттау, 11-13 жаттығулар (жұм.дәптер). 
2-САБАҚ
Сабақтың   тақырыбы:  1   –   практикалық   жұмыс.   Химия   кабинетіндегі 
қауіпсіздік ережесі. Лабораториялық құралдармен танысу.
Сабақтың   мақсаты:  Химия   кабинетінде   жұмыс   істеу   кезінде   қауіпсіздік 
техникасы   ережесімен   таныстыру;   лабораториялық   тұрғыны   құрастыру; 
сынауықты тұрғыға бекіту; химиялық ыдыстар, кәрлен табақша, спиртшамның 
құрылысымен танысу.
Реактивтер   мен   құралдар:  лабораториялық   тұрғы,   сынауық   қоятын   тұрғы, 
сынауық, суы бар стақан, кәрлен ыдыс,  спиртшамы, сіріңке, шыра
Көрнекі   көрсету:  Қауіпсіздік   техникасы   ережелеріне   сәйкес   қыздырғыш 
құралдармен   жұмыс   істеуді   көрсету,   спиртшамды   іске   қосу   және   өшіруді 
үйрету, жалынның құрылысын зерттеп көрсету.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мұғалімнің өмірмен байланыстырылған мысалдар келтіре отырып алғашқы 
химия кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды әңгімелеуі. 
ІІІ.   Көрнекі   көрсету.   Қауіпсіздік   техникасы   ережелеріне   сәйкес   мұғалімнің 
оқушыларға   лабораториялық   құралдармен,   қыздырғыш   құралдармен   жұмыс 
істеуді   көрсетуі,   спиртшамды   іске   қосу   және   өшіруді   үйретуі,   жалынның 
құрылысын зерттеуді көрсетуі.
ІV.   1   –   практикалық   жұмыс.   Жұмысты   оқулықтағы   және   мұғалім   таратқан 
нұсқаулар бойынша орындау.
V. Мұғалімнің оқушыларды практикалық жұмыс дәптерін толтыру үлгісімен 
таныстыруы.
Тәжірибе 
аты, реті
Реакция 
теңдеуі
Тәжірибенің 
орындалуы
Байқалған 
құбылыс
Қорытынды 
VІ.   Мұғалімнің   басшылығымен   істелген   практикалық   жұмысты   дәптерге 
толтыруды үйрену.
VІІ. Нұсқауда берілген тапсырмаларды орындау. Қорытынды жасау.
VІІІ. Жұмыс орнын жинақтау.
күкірт
қант
кофе
алтын
поливитаминдер темір
спирт
құм
сүт
5

ІХ. Бекіту сұрақтары:
1. Көрсетілген зат мөлшерінен артық алуға неге болмайды?
2. Неге   пайдаланылған   затты   сол   ыдысқа   қайта   салуға   немесе   құюға 
болмайды?
3. Не себепті тәжірибе жасағанда тек таза ыдысты пайдаланады?
4. Қыздырғанда химиялық стақанды қалай ұстау керек?
5. Спиртшамды қалай сөндіреді?
6. Спиртшаммен   және   лаборатоиялық   ыдыстармен   жұмыс   барысында 
қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?
Х. Қорытындылау.
ХІ. Бағалау.ХІІ. Үйге: Қауіпсіздік ережелерін оқу, құралдардың аттарын жатқа 
білу, §1-3 қайталау. 
3-САБАҚ
Сабақтың   тақырыбы:  2-   практикалық   жұмыс.Ластанған   тотияйынды   қайта 
кристалдау әдісімен қоспалардан тазарту.
Сабақтың мақсаты: тотияйынды СuSО
4
.5Н
2
О аздаған құм, ағаш үгінділері бар 
басқа да ерімтал тұздар араласқан қоспадан бөліп алу;қоспаны бөліп алудың 
қандай тәсілдерін қолданатынын жоспарлау;
Құрал- жабдықтар: ластанған тотияйын, су, шыны таяқша, сүзгі қағаз, құйғы, 
лабораториялық тұрғы, сақина, 4 стақан, кәрлен табақша, спиртшам;
Қауіпсіздік техникасы
1. Лабораториялық   ыдыстармен   жұмыс   барысында   жарақаттанып   қалудан, 
спиртшаммен жұмыс істегенде күйіп қалудан сақ бол;
2. Ерітіндіні   қыздырғанда   алдымен   сынауықты   толық   қыздыру,   сонан   соң 
ерітінді бар жерін қыздыру;
3. Ерітіндіні әбден құрғағанша қыздыруға болмайды, себебі құрғақ тұз жан-
жаққа шашырап жарақаттауы мүмкін;
4. Спиртшамды үрлеп өшіруге болмайды.
Жұмысты орындауға нұсқау
1.
Қоспаны суда еріту. Ластанған тотияйын қоспасына 20 мл су құю. Қоспаны 
шыны   таяқшамен   араластыру.Егер   тотияйын   түйіршіктері   түгел   ерімесе, 
стақанға тағы да аздап су құйып, толықтай еріту.
2. Ерітіндіні   сүзу.   Алдымен   сүзгі   қағазды   даярлап   алу.   Ол   үшін   құйғының 
енінен   үлкендеу   етіп   алынған   сүзгі   қағазды   ортасынан   екі   бүктеу.   Оны 
құйғының ішкі бетіне салып өлшеп, шетінен 0,5 см төменіректеу тұратын 
дай етіп доға бойынша кесу.Сүзгі қағазды құйғының бетіне толықтай жана 
сып   тұратындай   етіп   орналастырып,   су   тамызып   ылғалдау.   Құйғыны   тұр 
ғының сақинасына салып, ұшын сүзінді жиналатын стақанның ішкі бетіне 
тиіп   тұратындай   етіп   орналастыру.   Дайындалған   тотияйын   ерітіндісінің 
қоспасын   шыны   таяқша   арқылы   құйғыдағы   сүзгіге   баяу   құйып   отырып 
түгелдей тазарту.
3. Ерітіндіні   буландыру.   Стақандағы   ерітіндіні   кәрлен   табақшаға   құю,   оны 
тұрғының сақинасына бекіту. Спиртшамның жалынына баяу қыздыру.
6

Ерітінді   булана   бастайды.   Ерітіндінің   шетінде   кристалдар   пайда   бола 
бастағанда   қыздыруды   тоқтату.   Салқындаған   ерітіндіден   мыс   купоросы 
кристалл түрінде бөлінеді.
4. Қайта буландыру. Егер тотияйынның мыс купоросын бөліп алғаннан кейін 
ертінді тым көгілдір болып тұрса, онда буландыруды жалғастыру керек.Одан 
тағы да тотияйын кристалдары бөлініп шығады, ағарады.
Тапсырма:1 Ластанған тотияйынды бөліп алу үшін қанша су керек?
2. Қоспадан ағаш ұнтақтарын қалай бөліп алуға болады?
3. Ерітіндіні неліктен буландырады?
4. Тотияйынды неліктен қайта буландырады?
5. Кесте толтыр:
6.Тотияйынды тазарту қалай жүзеге асырылды? Қорытынды жаз.
Үйге: §3, 206 бет, № 1- 22
4-САБАҚ
Сабақтың   тақырыбы:  Химиялық   реакциялардың   белгілері.   Физикалық, 
химиялық құбылыстар.
Сабақтың мақсаты: Табиғатта кездесетін денелер мен заттардың өзгерістерге 
қалай ұшырайтынын еске түсіре отырып, осы құбылыстардың айырмашылығы 
мен ұқсастығын  ажырата білу.Осы негізде  дененің және заттардың  өзгерісін 
сипаттай білу.
Реактивтер   мен   құралдар:  Магний   түйірі,   қатты   мыс   купоросы,   су,   қант, 
парафин,   цинк,   аммоний   хлориді,   натрий   гидроксиді,   кәрлен   табақша, 
спиртшамы, ұстағыш, натрий карбонаты, тұз қышқылы, барий хлориді. 
Көрнекі   көрсету:  қантты   жағу,   магнийді   жағу,   тұнба   және   газ   түзілетін 
тәжірибелер көрсету
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мұғалім заттар, олардың қасиеттері, қоспаларды бөлу сияқты ұғымдарды 
қайталап, білімді одан әрі бекітеді. Пысықтау сұрақтары:
1. Зат деген не?
2. Заттың қасиеттері деген не?
3. Қоспаның қандай түрін білесіңдер?
4. Қандай қоспалар оңай бөлінеді?
5. Қоспаны бөлу үшін не қажет?
6. Біртекті, әртекті қоспаларға мысалдар келтіріңдер.
Химиялық формуласы, 
атауы
Агрегаттық 
күйі
Түсі
Иісі
7

ІІІ.   Мұғалімнің   әңгімелеуі.   Физикалық,   химиялық   құбылыстарға   мысалдар 
келтіріп, анықтамасын айтып, дәптерге жазғызады.
ІV.   Тәжірибелерді   көрнекі   көрсету.   1.   Парафиннің   балқуы,   мырыш   пен   тұз 
қышқылының   әрекеттесуі,   фенолфталеин   тамызылған   сілті   ерітіндісінің 
қышқылмен бейтараптануы, магнийді жағу, иістің пайда болуы, т.б. Тәжірибе 
барысында заттардың агрегаттық күйінің, түрінің, түсінің өзгеруі, иісі, т.б. жаңа 
заттарға тән белгілердің пайда болғанына көз жеткізу. Химиялық реакцияның 
басталуы   мен   жүру   белгілеріне   назар   аудару.   Реакция   жүру   үшін   қажет 
жағдайларды анықтау.
V. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындау№14, 15, 16, 17,. 
VІ. Тапсырма: 
тапсырма
жауап
химиялық реакция
белгілері
жүру жағдайлары
1. Жапырақтың шіруі
2. магнийдің жануы 
3. крахмалға йодты 
тамызу
VІІ. Оқулықпен жұмыс №6,7 есептер, 16-бет; №5 – жаттығу, 18 - бет
VІІІ. Қорытынды жасау.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге: §4,5 жаттау, №8, 16 –бет; 1-23,-31есептер жинағынан
5-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы:  Атомдар. Молекулалар. Жай және күрделі заттар. 1- 
лабораториялық тәжірибе. Жай және күрделі заттардың үлгілерімен танысу.
Сабақтың   мақсаты:  Оқушылардың   өткен   сыныптарда   атом   туралы   алған 
білімдерін нақтылау, дамыту; Молекулалы, беймолекулалы құрылысты заттар 
туралы түсінік беру; жай және күрделі заттардың үлгілерімен танысып, оларды 
ажырата білуге дағдыландыру.
Реактивтер   мен   құралдар:  Темір   шеге,магний,   мыс   сым,   цинк,   аммоний 
хлориді, натрий гидроксиді, натрий карбонаты, тұз қышқылы, барий хлориді, 
алюминий   табақша,   күкірт,  көмір,  тотияйын,   мүсәтір,   әктас,   кварц,   малахит, 
химиялық   талшық,   пластмассалар   мен   полимерлер,ас   тұзы, 
ашудастар,тыңайтқыштар, кір жуғыш ұнтақтар 
Көрнекі көрсету: жай және күрделі заттарды көрнекі көрсету
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа білім қабылдауға дайындық кезеңі. 
1. Физикалық құбылыс деген не? Мысалдар келтір.
2. Химиялық құбылыс деген не? Мысалдар келтір.
3. Химиялық реакция жүру үшін затқа немесе заттар қоспасына қалай әсер 
ету керек?
4. №6, 7, 8 – тапсырмаларды қалай орындағанын тексеру.
8

5. Химиялық реакциялардың қандай белгілерін білесің?
6. №3, №4, №5 тапсырмалардың орындалуын талдау.
ІІІ.   Мұғалімнің   әңгімелеуі.   Атомдар,   молекулалар,   жай   заттар   мен   күрделі 
заттарға мысалдар келтіріп, анықтамасын айтып, дәптерге жазғызады.
ІV. 1 – лабораториялық тәжірибелерді орындау(204 бет)
9

V. Дәптерге зерттегендері бойынша кесте толтыру:
Жай заттар
Күрделі заттар
Атомдардың бірдей түрінен 
құралады
Атомдардың әр түрінен құралады
Химиялық жолмен бөлінбейді
Химиялық жолмен бөлінеді
Сутек
Оттек
Магний
Күкірт
Темір
Мыс 
Су
Ас тұзы
Қант
Марганцовка
Магнийдің оттекпен қосылысы
Темірдің күкіртпен қосылысы
VІ. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындау№19, 20, 21 
VІІ. Оқулықпен жұмыс 1) 21 – беттегі №1 – 8 сұрақтарға ауызша жауап беру. 
2) 21 – беттегі № 9, 10 – сұрақтарды жазбаша орындау.
VІІІ. Қорытынды жасау. 1) Атом деген не? [Заттың химиялық жолмен 
бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі]
2)Молекула деген не?[Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі]
3) Жай және күрделі заттар деген не? Мысалдар келтір.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге: §6 жаттау, №11-12, 21–бет; 1-40,-56 есептер жинағынан
6-САБАҚ
Сабақтың   тақырыбы:  Химиялық   элементтер,   таңбалары,   салыстырмалы 
атомдық массалары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атом түріндегі хим.элемент туралы алғашқы 
ұғым   қалыптастыру,   хим.элементтердің   таңбасын   жазуды,   салыстырмалы 
атомдық массаларын есептеуді және салыстыруды үйрету
Реактивтер мен құралдар:  Темір, магний, мыс, цинк, күкірт, ас тұзы, заттар 
молекуласының   үлгілері,   металдар   жинақтамасы,   химиялық   элементтердің 
таралу диаграммасы
Көрнекі көрсету: жай және күрделі заттарды үлгілері
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа білім қабылдауға дайындық кезеңі.1) Атом, молекула деген не?
2) Жай, күрделі зат деген не? 3) Берілген заттардан жай, күрделі заттарды бөліп 
жаз:   алюминий,   мыс   оксиді,   су,   көмір   қышқыл   газы,   оттегі,   темір,   темір 
сульфиді, сынап оксиді, азот.4) Жай және күрделі заттарды бөлек қой.
5) Неге химиялық реакция жүреді? Атомның жеке бір түрі нені білдіреді?
ІІІ. Жаңа сабақ «Х.элемент, таңбалары, салыстырмалы атомдық массалары»
1, Химиялық символиканың қысқаша тарихы. Алхимиктерге 7 аспан планетасы 
белгілі   болса,   сонымен   қатар   7   металл:   алтын,   күміс,   мыс,   темір,   қалайы, 
қорғасын, сынап белгілі еді. Мысалы, алтынды Күнмен, күмісті Аймен, мысты 
Шолпанмен біріктірсе, ал сынап металының кейінгі аты гидраргирум «сұйық 
күміс» деген. «Хим.элемент»ұғымын химияға алғаш енгізген ағылшын ғалымы 
10

Р.Бойль(заттың   құрам   бөлігі   деген   мағынада).   Д.Дальтон   хим.элементті 
атомдардың   белгілі   бір   түрі   деп   санайды.Бірдей   элементтердің   атомдары   да 
бірдей,   ал   әр   түрлі   элементтің   атомдары   бір   бірінен   өзгеше   болады   деп 
болжайды. Табиғатта 89, барлығы 110 х.э. бар.
2. Элементтердің таңбасын жазып көрсету. Швед химигі И.Берцелиус ұсынуы 
бойынша х.э. таңбасы элементтің латынша атауының 1-ші және одан кейінгі 
әріптерінің біреуін қоса алғанда шығады. Хим.таңба(символ)берілген элементті 
және оның бір атомын бейнелейді.Х.э.жай заттарды құрайды, сонымен бірге 
күрделі заттың құрамына да енеді.
ІҮ. Жаттығу жұмыстары.1. Төмендегі сөйлемдердің қайсысында темір жай зат 
ретінде, ал қайсысында темір элемент ретіндекүрделі зат құрамында айтылады: 
а) темір сульфиді – бұл темір мен күкірттен құралған хим.қосылыс; ә) таттың 
құрамында   темір   болады;   б)   сым   темірден   жасалады;   в)   темір   ылғал   ауада 
таттанады.
V.  Салыстырмалы   атомдық   масса.m
a  
(Н)
=
1,66
×
10
-24
г   m
a  
(О)  
=
2,66
×
10
-23
г 
Ыңғайсыз,   сондықтан   массаның   атом   бірлігі(м.а.б)қолданылады.   Ол 
көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. m

(С) 
=
1,99
×
10
-26
кг
1м.а.б
=
1,99
×
10
-26
кг/12
=
1,66
×
10
-27
кг
=
1,66
×
10
-24
г
VІ.Коэффициент, индекс – 2Н
2
 түсіндіру.
VІІ. Оқулықпен жұмыс: 1) 24 – беттегі №10, 11, 12 – тапсырмаларды орындау. 
2) 26 – беттегі 7-8 жаттығуларға жауап беру.
ҮІІІ. Қорытынды жасау. 1) Атом масса деген не? 2)Хим.элемент деген не?
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге: §7,8 жаттау, 25–бет, №14-15, 1-32,-33, -39 есептер жинағынан
7-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Заттардың ерігіштіктеріне байланысты есептеулер
Сабақтың   мақсаты:  Заттардың   ерігіштіктеріне   байланысты   есептеулер 
жүргізе   білу   дағдыларын   қалыптастыру;   заттардың   ерігіштіктерін   кестеден 
дұрыс анықтауға үйрету; ерігіштік туралы білімдерін дамыту
Құрал - жабдықтар: есептер мен жаттығулар жинағы
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
1. Бейтараптану реакциясы деген не?
2. Мына заттардың қайсысы NaOH - мен әрекеттеседі: НСl, CaО, H
2
SO
4
, СО
2

КСl, СuО? Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Берілген: а) кальций оксидінің тұз қышқылымен; ә) алюминий гидроксидінің 
тұз   қышқылымен;   б)   темір   (ІІІ)   гидроксидінің   күкірт   қышқылымен 
әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар. 
ІІІ. Жаңа сабақ: Заттардың ерігіштіктеріне байланысты есептеулер
1. Оқулықтан заттардың ерігіштіктеріне байланысты есептеулер туралы оқу.
Ерігіштік (S) 1000 мл суда заттың қанша грамы ерігендігін көрсетеді. 
2. Есептер шығару.  № 43 (есептер жинағынан)
11

200   г   суды   80
0
С   –   қа   дейін   қыздырғанда   КСl   –   нің   қандай   массасын 
ерітуге болатынын анықта. 
Ол үшін ерігіштік қисық сызықтарынан 80
0
С – та 100 г суда қанша грамм 
тұз еритінін табайық(2-кесте). 
80
0
С
S=50 г/ 100 г суда.
Сонда 100 г суда 50 г тұз ерісе, 200 г суда       х г тұз ериді. х =100 г КСl 
№ 44
100 г суды 80
0
С – қа дейін қыздырғанда түзілген КСl – нің ерітіндісін 
20
0
С – қа дейін суытқанда қанша грамм тұз қайта кристалданады. 
80
0
С – та 100 г суда 50 г ерісе, 20
0
С – та 100 г суда 35 г ериді. Сонда 


(КСl) = 50 – 35 = 15 грамм тұнбаға түседі.
№ 45
КСl   –   нің   20
0
С   –   та   қанық   ерітіндісіндегі   тұздың   массалық   үлесін 
есептеңдер. 
Ерігіштік   қисықтарынан   20
0
С   –   та   100   г   суда   35   г   КСl   еритінін 
анықтаймыз.
m (ерітінді) = 100+35 = 135 г
ω
( КСl) = 
135
35
 = 0,25 = 25 %
ІҮ. Бекіту. Есептер мен жаттығулар жинағынан есептер шығару.
№ 3-53
а)
 20
0
С
S (ВаСl
2
) = 35 г / 100 г суда     1) 100 г суда / 35 г тұз
   
50
0
С
S (ВаСl
2
) =  44 г / 100 г суда         300 г   /   х
1
 г          х
1
 = 105 г
   m (H
2
O) = 300 г                               2) 100 г / 44 г 
                                                                 300 г   /   х
2
 г          х

= 132 г
m (ВаСl
2
) 20
0
С – қа суытқанда -?     3) 

х = х
2
 - х

= 132 – 105 = 27 г ВаСl
2
№ 3-54
25
0
С
S(МgSO
4
) = 37 г          
ω
( МgSO
4
) = 37/ 137 = 0,27 = 27%
ω
( МgSO
4
) = ?    
№ 3-57
Мыс (ІІ) сульфатының 30
0
С – та қаныққан 60 г ерітіндісін суалтқанда 
массасы   15,625   г   СuSO
4  
·5H
2
O   алынды.   Осы   температурадағы   СuSO
4
  –   ның 
ерігіштігін есептеп табыңдар.
М(СuSO

·5H
2
O) = 250 г/моль
М(СuSO
4
) = 160 г/моль
250 г кристаллогидратта 160 г СuSO
4
15,625 г кристаллогидратта х г СuSO
4
х = 10 г
m (H
2
O) = 60-10 = 50 г
50 г суда 10 г СuSO
4
100 г суда у г СuSO
4
у = 20 г
30
0
С
S(СuSO
4
) = 20 г/ 100 г
12

№ 3-58
2 – кестені пайдаланып: а) 45
0
С – та 3,5 г Pb(NO
3
)
2
                                           ә) 25
0
С – та 4 г ВаСl

ерітуге қажетті судың ең аз 
көлемін табыңдар. 2 – кесте бойынша: а) 100 г суда 80,05 г Pb(NO
3
)
2
                                                                        х г    суда  3,5 г  Pb(NO
3
)
2
                                                                         х = 4,372 г = 4,372 мл
                                                                    ә) 100 г суда 34,188 г ВаСl
2
                                                                                                                 
у г     суда    4 г  ВаСl
2
                                                                         у = 11,7 мл 
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге: § 36 – 43 қайталау, № 3-59, -60
№ 3-59
50
0
С – та: а) 25 г суда қанша NаСl ас тұзы; ә) 10 г суда қанша КNO
3
 ериді.
№ 3- 60
Бауырды тазалаудың бір жолы – сәске кезінде «магнезия» немесе «ащы 
тұз» деп аталатын магний сульфаты гептагидратының МgSO
4
·7H
2
O ерітіндісін 
ішу. Ол үшін бөлме температурасында 1 ас қасық (25 г) ащы тұзды 25 мл суда 
ерітіп,   оның   қаныққан   ерітіндісін   дайындайды.   Бөлме   температурасында   ғы 
МgSO
4
  ерігіштігін   және   осы   ерітіндідегі   МgSO
4
  –   ның   массалық   үлесін 
табыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет