Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет10/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110
«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

  • Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

  • Сабақта не ұнады?

  • Графика дегеніміз не?

  • Штрихтың қандай түрлері бар?

  • Күзгі бұтақтың суретін салу сендерге ұнады ма?

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Көрме ұйымдастыру.
Оқушыларға арналған тапсырма.


Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. «Бір ауыз» сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады: ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын т.б.
Оқушылар көрме ұйымдастырады.



Дескрипторлар:

  • Оқушылар сұраққа жауап бере алады.

  • Өз ойларын дұрыс жеткізе біледі.

  • Штрих түрлерін біледі.

Оқушылар сыныптастарының суреттерін тамашалап, өздерінің
«жұлдызшаларын» ұнатқан суретінің үстіне жапсыруды ұсыну.








Қысқамерзімді жоспар. №3 сабаққа арналған ұсыныстар


Блок

Бейнелеу сауаттылығы негіздері

Бөлім:

Кескіндеме

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Алтын күз» – сулы бояумен (акварельмен) сурет салу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

2.1.3.1 әртүрлі тәсілдер мен техниканы қолдана отырып, кескіндеме материалдары мен құралдарын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
«Түстану» ұғымымен танысу. Негізгі және қосымша түстердің жіктелуі. Қосымша түстер. Композициялық ортада түстерді қолдану.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту
7 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) «Гүлмен тілек» әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Сәлемдеседі. Тыңдайды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.

Оқушылардың бояған суреттерін таныстыру кезінде ауызша мадақтау.
«Жарайсың!», «Дұрыс айтасың!»,
«Керемет сурет!», «Өте ұқыпты боялған!»,
«Сенің қолыңнан бәрі келеді!» сияқты тіркестерді пайдалану.

Сурет дәптері, қылқалам, су құятын ыдыс, қарындаш, өшіргіш, ұштағыш т.б. құралдар,
бейнематериал

Жаңа сабаққа кіріспе

10 минут


(ҰЖ) Талқылайық! Әр заттың түсі белгілі бір себептерге байланысты өзгеріп тұрады.

  • Ол қандай себептер болуы мүмкін?

  • Қыста қандай түстер жиі қолданылады?

  • Көктемде қандай түстер жиі қолданылады?

  • Жазда қандай түстер жиі қолданылады?

  • Күзде қандай түстер жиі қолданылады?

Түс табиғаттың әсем әрі көрікті көрінуіне себеп болады. Өзара сәйкес келетін түстер түс үйлесімі немесе түс гаммасы деп аталады. Реңктер де бояу түстер секілді жылы және суық болып бөлінеді. Егер кез келген суретте сары түске жақын түстер басым болса, олар жылы реңктер болады. Ал көк түске жақын түстер басым болса, онда ол реңктер суыққа жатады. Реңк – бұл бір түстің түрленуі.
Жаңа реңкті түс шығару үшін бір түске басқа түсті қосу керек. Сонда екі түстен үшінші түсті алуға болатынын білесің. Қосымша түстер: қызғылт, сары, жасыл және күлгін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет