Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет8/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   110
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ойқозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастарының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.

  • Сызық туралы не білесің? Есіңе түсір.

  • Сызықтың қандай түрлері бар?

«Білгенге маржан». Сызықпен сурет салу – өнердің ең көне түрлерінің бірі. Оның шығу тарихын тас дәуіріндегі жартастардағы суреттерден көруге болады.
Тамғалытас – ашық аспан астындағы тасқа салынған өнер туындысы. Ежелгі адамдар мен жануарлардың бейнесін көргенде, сен олармен тілдескендей боласың.
Qrmedia.kz/9KxUk
(ЖЖ) Практикалық жұмыс. Графика қара және ақ түстерден тұратын өнер түрі. Кейде түрлі түсті фломастердің көмегімен де сурет салуға болады. Ол үшін біз ең алдымен сызықтың түрлеріне жүгінеміз. Сызықтың сенімді көмекшісі – штрих. Штрих дегеніміз – қысқа сызықтар. Ол да сызық тәрізді әртүрлі болады.
Сызық түрлеріне (түзу, қисық, ирек, сынық сызықтар) мұқият назар аудар (тақтада). Әр сызықты белгілі бір бейнені салғанда қолдануға болады. Мысалы, түзу сызықтарды ағашты, жолды т.б. бейнелегенде қолдануға болады. Ирек сызықтарды толқын т.б. бейнелегенде қолданамыз. Қисық сызықтармен шөптерді, ағаш бұтақтарын т.б. бейнелейміз. Сынық сынықтар қысқа сызықтарды бояуға қажет болады.
Бүгін «Күзгі бұтақ» тақырыбында сурет салып, баққа саяхат жасаймыз. Табиғатты мұқият зерттеп, серуендеуге шығамыз. Күз – жылдың тамаша мезгілі. Айнала қандай әдемі! Алтын түс секілді. Айналамызда сан алуан түстер кездеседі. Олар сенің көңіл күйіңе өз әсерін тигізеді. Біз күзгі бақтағы ағаш бұтағының суретін орындаймыз.
Слайдқа назар аудар. Мұнда кезеңдермен көрсетілген күзгі бұтақтың суретіне мұқият қара. Түрлі түсті фломастермен боялған суретті көресің.
Сурет салу дәптерін көлденеңінен дайындап қой.
Жай қарындашты алып, суреттің композициясын ойластыр. Жай қарындашпен ағаш бұтағының суреттерін сал.
Ағаш жапырағын біртіндеп салып шық.
Ағаш жапырағын жасыл, қызғылт сары, сары, қызыл түстермен доғал, қиғаш сызықтармен, тік штрих сызықтарымен жүргізіп боя.
Бұтақты қоңыр түспен бояп, суреті аяқта.
Оқушылар графикалық материалдарды қолдана отырып, кезеңдермен көрсетілген күзгі бұтақтың суретін орындайды. Мұғалім әр оқушыға жекелей көмек көрсетіп, бағыт-бағдар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет