Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет27/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   110
Жаңа сабаққакіріспе

10 минут

(ҰЖ) Талқылайық!
«Сәулет» ұғымымен танысу.
Бейнелеу өнерінің бірі – сәулет өнері. Сәулет – құрылыс өнері, жобалау және құрылыс салу өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни
«құрылысшы» деген мағынаны білдіреді. Олар: әртүрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.
Қазақстан сәулет өнерінің көпғасырлық тарихы бар. Еліміздің сәулет өнері орта ғасырлардан қазіргі кезеңге дейін дамып келеді. Қазақ даласында мекен еткен халықтар киіз үй жағдайында өмір сүріп келгені де бізге тарихтан белгілі. Киіз үй – әлемдегі өте ертеден бері пайда болған үйлердің бірі. Киіз үйдің ішкі кеңістігі кең әрі дөңгелек болады. Тұрғындардың талғамына сай безендіріліп, жайлы ірі дала тіршілігіне ыңғайлы болып келеді.
«Модельдеу» ұғымымен танысу.
Модель – кез келген нысанның қарапайым кейпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модель сәулет өнерінде материалдық немесе ақпараттық түрде жүзеге асырылады. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы, ғимаратта бірнеше бөлшектердің моделі әртүрлі болып келеді. Терезе, есік, шатыр, сыртқы ұсақ бөлшектердің модельдері әртүрлі материалдардан жасауы мүмкін.

Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.
Сәулет өнері туралы ақпарат алады, түрлерімен танысады.

Сәулет өнері дегеніміз не? Сәулет стильдерінің түрлерін білесің бе?


Модель дегеніміз не? Модельдің қандай түрлері бар? Қандай мысалдар келтіруге болады?

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.
Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Дескриптор:

  • Сәулет ұғымын біледі.

  • Сәулет стильдерін есінде сақтайды.

  • Модель ұғымын біледі, түрлерін дұрыс айта алады.

Интербелсенді тақта. Презентация.







Сабақтың ортасы.
Мағынаны ашу.
20 минут




https://qrmedia.kz/ ozByz



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет