Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023


Сергіту сәті: «Тиынды тап»



бет28/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   110
Сергіту сәті: «Тиынды тап» ойыны. Оқушылар шеңбер болып тұрады, алақандарын жауып тиынды салады, сосын тиынды бір-бірінің алақанына салып тұрады, бір оқушы ортаға шығып, тиын кімнің қолында екенін табу қажет. (ЖЖ) Оқушыларға геометриялық пішінді және ерекше салынған суретті ғимараттардың суретін ұсыну.
Оқушыларға осы ғимараттардың геометриялық пішіндерін анықтау бойынша тапсырма беру. Оқушылар ғимараттардың пішінін талдап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Практикалық жұмыс. «Ертегі қамалы» тақырыбында сәулетті ғимаратты құрастыру. Алдын ала дайындап алып келген материалдарды, мысалы, түрлі заттардан босаған қорап, қағаз, қол сүртетін сүлгіден босаған қатырғықағаздан өз қиялындағы ғимараттарды құрастыру. Шығармашылық жұмысты бастамас бұрын материалдар және құралдармен жұмыс істеудің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту. Жұмысты бастамас бұрын қажетті құралдарды дайындап аламыз. Интербелсенді тақтаға қарап, жұмыстың жасалу жолын түсініп алып, бейненұсқаны көріп алуымыз қажет. Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тапсырманы орындап шығамыз.
Сурет салатын альбомыңды көлденеңінен орналастыр.

  1. Мектептің іргетасы үшін қара түсті қағазды алып, енін 2 см, ұзындығын 15 см өлшемде сызып, қайшымен қиып ал.

  2. Мектептің қабырғасын оң және сол жақ бөліктерін сары түсті қатырғықағазды алып, ені 5 см, биіктігі 8 см өлшемде сызып, екі данасын қайшымен қиып ал.

  3. Ортаңғы басты ғимарат қабырғасын биіктігі 10 см, ені 5 см өлшемде қайшымен қиып ал.

  4. Қызыл түсті қағазды алып, есіктің ені 1,5 см, ені 3 см өлшемде қайшымен қиып ал.

  5. Көк түсті қағаздан терезенің ені 1,5 см, биіктігі 2 см өлшемде қайшымен қиып ал.

  6. Қоңыр түсті қағазды алып, шатырдың өлшемін дайында. Ені 6 см, биіктігі 3 см тіктөртбұрыш пішінді қағазды қиып ал. Дайын болған бөлшектерді сурет дәптеріңе ретімен жапсыр, достарыңмен бөліс.

(ҚЕ) Қауіпсіздік техникасы ережелері:

  • Жұмыс орныңды таза ұста.

  • Желімді партаға жақпа.

  • Тек арнайы жұмыс дәптерінде орында.

  • Қайшыны дұрыс қолдан.

  • Жұмыстан кейін қолыңды сүлгімен сүртуді ұмытпа.

Сергіту сәтін жасайды.

Ғимараттардың пішінін анықтайды.


Оқушылар бейнебаянды көріп, тапсырманы мұғалімнің нұсқаулығы бойынша жалғастырып, тапсырманы аяқтайды.
Сурет салатын альбомыңды көлденеңінен дайындап қояды

  1. Мектептің іргетасы үшін қара түсті қағазды алып, ені 2 см ұзындығы 15 см етіп сызғыштың көмегімен сызады. Оны қайшымен қиып алады.

  2. Мектеп қабырғасының оң және сол жақ бөліктерін сары түсті қатырғықағаздан дайындайды. Ені 5 см биіктігі 8 см тіктөртбұрыштың екі данасын сызғыштың көмегімен сызып, қайшымен қиып алады.

  3. Ортаңғы басты ғимарат қабырғасын биіктігі 10 см, ені 5 см етіп сызғыштың көмегімен сызып алып, қайшымен қиып дайындайды.

  4. Қызыл түсті қағаздан есікті жасайды. Ол үшін ені 1,5 см, ұзындығы 3 см тіктөртбұрыш сызып алып, қайшымен қияды.

  5. Көк түсті қағаздан терезенің енін 1,5 см, биіктігін 2 см өлшемде дайындап, қайшымен қиып алады.

  6. Қоңыр түсті қағаздан шатырын дайындайды. Ені 6 см, биіктігі 3 см тіктөртбұрышты сызғыштың көмегімен сызып, қайшымен қиып алады.

Дайын болған бөлшектерді сурет дәптеріне ретімен жапсырады.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.



Практикалық жұмыстың сәнді шығуына назар аудара отырып, бірін-бірі бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет